Балалардың сөйлеу тілі дамуының тежелу себептері мен сипаты


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

«Қорғауға жіберілді»

МДжППД кафедрасының меңгерушісі

Н. В. Мирза

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Балада сөйлеуді игерудің алғышарттарының қалыптасуы»

5В010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы

Орындаған:

МДОжТ-21 топ студенті Р. Ишмуратова

Ғылыми жетекшісі:

п. ғ. к., доцент Р. Б. Маженова

Қарағанды 2020

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .
Кіріспе . . .:

1 Баланың алғашқы жылындағы сөйлеуге деген ынтасы . . .

1. 1 Баланың сөйлеу тілі құрамының бөліктері және олардың дамуы . . .

:
Кіріспе . . .:

1. 2 Балалардың сөйлеу тілі дамуының тежелу

себептері мен сипаты . . .

:
Кіріспе . . .:

2 Баланың алғашқы жылындағы байланыстыра сөйлеу түрлері, өзіндік ерекшеліктері . . .

2. 1 Баланың алғашқы жылындағы байланыстырып сөйлеп үйрету, әңгімелесу маңыздылығы . . .

:
Кіріспе . . .: 2. 2 Баланың алғашқы әңгімелесу тақырыптары, құрлымы, өткізу әдісі . . .
:
Кіріспе . . .: Қорытынды . . . . . . .
:
Кіріспе . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . .
:
Кіріспе . . .: Қосымшалар . . . . .
:

КІРІСПЕ

Зерттеу көкейкестілігі.

Қазақстан Республикасы орта білімді дамыту тұжырымдамасының жобасында: «білім беруді» мектепке дейінгі сатысы дайындық кезең ретінде орта білім алудың үздіксіз жүйесіне енетіндігін айта келіп, тәрбиелеу мекемелерінің әр типтілігіне қарамастан олардың функциялары-баланың денсаулығы, психикалық санасын жетілдіру және қорғау, баланың ақыл- ойы мен тұлғасының дамуын қамтамасыз ету деп көрсетілген. Бұл ұлттық сана -сезімі қалыптасқан, дені сау, өздігінен іс-әрекет жасау дағдыларын меңгерген тұлға дайындап даярлап шығару мектепке дейінгі мекемелер екенін көрсетеді. Кәзіргі қоғам талабына сай баланың ой -өрісін дамыту, біліктері мен шеберліктерін қалыптастырып, оны өз тәжірбиесінде кез келген жағдайда қолдана білетін, тұлға дайындаудың бірден -бір жолы- 12 жылыдық білім беру жүйесі екенін тәжрибе дәлелдеп отыр. 12 жылдық білім беру алты жастан басталатынын ескере отырып, мектепалды дайындығы 5 (бес) жастан жүзге асырылмақшы. Бес жасқа балалардың тілін дамытудағы басты мақсат олардың ой-өрісі мен шығармашылығын дамытуды жалғастыратын бастауыш саты болып табылады. Егеменді ел болашағы ертеңгі жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берумен қатар психкалық дамуы тежелген балалардың да сөйлеу тіліндегі сөздік қорын дамытуға да аса зор мән беріп отыр. Кәзіргі таңдағы арнайы педогогиканың басты мәселесінің бірі арнайы мектептегі оқушылардың сөздік қорын молайтудан бастаған жөн. Мектепке дейінгі жаста сөйлеу тілі дұрыс дамып келе жатқан балалар мектепке барарда қажетті сөз қоры мен грамматикалық түрлерді меңгереді. Сөйлеу тілі психиканың қызметіне кіріп, адамзатты жануарлар қатарынан ажырататын ерекшеліктер. Бірақ сөйлеу тілінің түрлі патологияларда, әсіресе жалпы сөйлеу тілі дамымағанда бұл үрдістер тежеліп, сапа жағынан басқа көрініс алады. Сөйлеу тілі баланың барлық қабілетінің: қарым- қатынасқа түсу, тану, білу, меңгеру, танымдық-зерделеу және ойын әрекетінің дамуының негізі болып табылады. Бұл байланысты орнатуда баланың сөйлеу тілінің дамуының өзекті мәселесін шешуде мектепке дейінгі ұйым педагогының әрекеті маңызды. Мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамытудың негізгі міндеті -әр жас кезеңіне сәйкес қалыпты жағдайдағы сөйлеу тілінің дамуы мен ерекшелігін және коммуникативті қабілетін білу керек.

Баланың сөйлеу тілін зерттеу оның типологиялық жүйе индивидуалдық ерешеліктерін анықтауға бағытталады. Оның даму деңгеиі (жеке жақтарының сипаттамасы біліктілік дағды өзіндік қиындық және сөздік қателерін грамматиканың ережелері, түсініксіз орфографиялық дағды және біліктілік) зерттеледі. Балалардың сөйлеу тілін зерттеудің мақсаты оның фронталды және индивидуалды жұмыстарда нақты міндеттері мен мүмкіндіктерін келешектегі әрі қарай дамуын анықтау болып табылады.

Баланың сөйлеу тілі туа біткен процесс емес екенін көптеген авторлар дәлелдеген. Ол онтогенез барысында адамның әлеуметтік дамуымен байланысты. Сөйлеу тілдің дамуы мидың орталықтарының және оларды жалғайтын жолдарының қалпына, баланың ой-өрісі мен дене дамуына байланысты болады.

Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларға, ақыл - ойы қалыпты да, зияты бұзылған балалар да жатуы мүмкін. Сөйлеу тілі дамымаған балаларда фонетикалық, фонематикалық, әсіресе лексико-грамматикалық жақтардың кемістіктері басқа психикалық үрдістердің қалыптасуына кері әсер етеді. Жалпы көрсетілген ерекшеліктер сөйлеу тілдің жетіспеушіліктері бар балаларға тән болып, әр түрлі авторлармен зерттелген, Олар Р. Е. Левина, 1961, 1968, Н. А. Чевелева, 1987, И. Т. Власенко, 1988, Н. С. Жукова, Е. М. Мастюкова, Т. Б. Филичева, 1990, Т. Б. Чиркина, 1992, Р. К. Луцкина т. б. Сонымен бірге белгіленген балалармен түзету тәрбиелік жұмысын ұйымдастыру мәселелерін ашатын бірқатар зерттеулер бар. (Л. Ф. Спирова, Г. А. Каше, Н. Л. Евзекова, Н. А. Никашина, Л. В. Мелехова, )

Зерттеу жұмысының болжамы: егер баланың сөйлеу алғышарттарының әдіс-тәсілдерін тиімді қолданса, онда баланың сөйлеу қабілеті өз деңгейінде жүреді.

Зерттеу жұмысының мақсаты:

- Баланың сөйлеу тілінің құрамы жайлы, оның ішінде тіл дамуының тежелу себептеріне түсінік беру;

- Баланың алғашқы жылындағы сөйлеу түрлері мен өзіндік ерекшеліктерін талдау;

- Бала алғашқы әңгімелесу тақырыптары, құрлым әдісін қарастыру.

Зерттеу обьектісі:

-Қазақстан Республикасының заңдары, нормативті құжаттар, кешенді бағдарламалар;

-Баланың сөйлеу алғышарттарының дамуына байланысты педагогикалық - психологиялық ғылыми зерттеу еңбектері;

Зерттеу пәні: мектепке дейінгі педагогика

Зерттеу жұмысының негізгі идеясы: қазіргі кезеңде арнайы білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар жан - жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Сондықтан оқушылардың дербестігін және танымдық қабілеттерін дамытып, өмірдің жаңа жағдайларында пайдалана білуге үйретудің қажеттілігі туындайды.

Зерттеу жұмысының теориялық мәні: баланың сөйлеу алғышарттарының даму ерекшеліктерін теориялық тұрғыда тұжырымдалды.

Баланың сөйлеу процестерінің дамуына жағдай жасау жолдарын қарастырылды.

Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: жинақтау, ғылыми әдебиет көздеріне талдау, бақылау.

Зерттеу жұмысының базасы: мектепке дейінгі баланың сөйлеу процесі.

Курстық жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1 Баланың алғашқы жылындағы сөйлеуге деген ынтасы

«Бала шыр етіп жерге түскенде дыбыспен бірге туады» деп Ж. Аймауытұлы айтқандай, дыбыспен өмірге келген бала өмірінің барлық кезеңін әртүрлі дыбыстардың арасында өткізеді. Сол дыбыстар арқылы баланың ойы, тілі, өрісі, танымы дами бастайды. Ғалым А. В. Петровский бала өмірінің жеті кезеңін көрсеткен:

1) Туғаннан 1-2 айға дейін - жаңа туған бала;

2) 1-2 айдан 1 жасқа дейін - нәресте;

3) 1-ден 3-ке дейін - ерте сәбилік шақ;

4) 3-тен 7 жасқа дейін - мектепке дейінгі балалық шақ;

5) 7-ден 11-125 жасқа дейін - бастауыш мектеп шағы;

6) 12-ден 14-15 жас аралығы - жеткіншектік кезең;

7) 14, 5-17 жас аралығы - балаң жасөспірімдік.

Ғалым баланың 1-3 жас аралығын ерте сәбилік кезең деп атаса, Ж. Қоянбаев бұл кезеңді сәбилік шақ деген. М. Қ. Бапаева «Даму психологиясы» атты еңбегінде «балалық шақтың өзі төртке бөлінетіндігін айтқан: нәрестелік кезең (туғаннан 1 жасқа дейін), ерте балалық шақ кезеңі ( 1 жастан 3 жасқа дейін), мектепке дейінгі балалық шақ (3 жастан 6 жасқа дейін), бастауыш мектеп жасы (6 жастан 11-12 жасқа дейін) » [1, 124] . Ғалымдар жіктемесіне сүйене отырып, осы ғылыми зерттеу жұмысында аталған кезеңдегі баланың сөйлеу тілінің дамуын, оның сөздік қорын, сөйлеу үдерісінде кездесетін қателіктер, дыбыстық ерекшеліктер жайында тұжырымдар мен тілдік деректер көрсетіледі.

Бала 1-3 жас аралығында тілі шығып, тілдік қоры молайып, даму үстінде болады. Алғашқы кезде бала айналасындағы жақын адамдарына сұрақ қою арқылы өзіне ақпарат жинайды. Соның негізінде бала тілі дамып, сыртқа шыға бастайды. «Алғашқы кезде сәбидің сөзі үлкендердің сөзіне аздап қана ұқсайтын болады. Мұндай сөзді дербес (автономиялық) сөз деп атайды. Тіпті кейде үлкендер пайдаланбайтын сөздерді де қолданады» [2, 104] дейді Ж. Қ. Дүйсенова мен Қ. Н. Нығметова. Расымен бала тілі негізінде сөйлеу, есту мүшелеріне, ойлау, түйсіну қабілеттеріне тікелей байланысты. Артикуляциялық мүшелері сөйлеу үдерісіне дайын болуына дейін бірнеше кезеңнен өтеді. Сол себепті бала бірден естіген сөзін қайталай алмайды.

Мысалы: баланың сәбилік кезеңнің алғашқы кезінде «тамақ» сөзін «намақ» деп «т» дауыссыз дыбыстың орнына «н» дыбысын қойып немесе «алма» сөзін «ама» деп қысқартып айтуы қателік болып саналмайды. Дегенмен, баланың психологиялық және физиологиялық даму қарқынына да назар аудару керек. Себебі көбіне ата-әжесімен коммуникацияға түсетін балалардың тілі тез дамиды, ал балабақшадағы өзі сияқты тілі енді шығып келе жатқан балалардың арасында жүрген сәбилердің тілі баяу шыға бастайды. Баланың ойлау қабілетін дамыту арқылы танымы кеңейе түседі. Таным деңгейі жоғары баланың тілі тез дамиды. «Баланың танымы дамыса, онда тілі де дамиды» [3, 48] дейді ғалым С. Н. Цейтлин.

Бала үлкеннің сөзін қайталап айта бастаған кезінде көбіне фонетикалық қателіктерді жасайды. Сәби «сабын» сөзін «шабын» деп немесе «шар» сөзін «сар» деуі мүмкін. Баланың тіліндегі ауысып отыратын дыбыстар өте көп кездесіп жатады: «р» мен «л» (радио - ладио), «р» мен «и» (Айбатыр - Айбатыи), «ж» мен «д» (жоқ - доқ), «т» мен «н» (тамақ - намақ), «б» мен «п»(банан - панан), «в» мен «б» (автобус - абтобус) және т. б. Бұл қателіктердің негізінде артикуляция мәселесі жатыр.

Бала 1-3 жас аралығында әрбір естіген сөзін түйсініп, сыртқа шығарады. Яғни, бала белгілі бір негіздемеге сүйене отырып, сөзін ой жүйесінен шығарады. А. Леонтьевтің пікірінше, бала сөйлегенде алдын ала оны ой жиегінен өткізеді, сол ой дыбыс не сөз болып үдеріске айналады [4, 165] . Мысалы: 2 жасар Бекболат есімді бала допты «теп-теп» деп атайды. Баланың допты «теп-теп» деп атауына «тебу» сөзі түрткі болып тұр. Бір жағынан бала қандай бір грамматикалық заңдылыққа немесе лексикалық уәжге сүйеніп айтып тұрған жоқ, себебі оның жасы небәрі екіде. Бірақ бала допты тебетінін түсініп тұр. К. И. Чукотский «Ересектерде барлығы сатылымға дайын көйлектері бар дүкен сияқты. Ал балаларда енді өңделіп, тігіліп жатқан шеберхана секілді» деген. Әрбір бала көптеген жаңа сөздерді, қолданыста бар сөздердің жаңа формасын құрастырып жатады. Әрине, ондай мысалдар күнделікті тұрмыста өте көп кездеседі. Бұндай құрылымды сөздердің негізінде уәж жатыр. Ж. Аймауытовтың «Психология» атты еңбегінде осы мәселе жайында айтылған. «Жүре-жүре бала ішкі тілегін сыртқа шығару үшін дыбысқа еліктейді. Сиырды «мө-ө», қойды - «ма», мысықты - «мияу», итті - «ау-ау» дейтін болады» дейді ғалым [5, 171] . Бұл тұста уәж мәселесіне тоқталмау мүмкін емес. Уәждеме - тіл арқылы аталған заттың немесе құбылыстың бір белгісінің көрінісі екені белгілі. Демек, бала естігенін дәл сол күйінде шығарады. Мысықтың мияулайтыны, сиырдың мөңірейтіні, қойдың маңырайтыны - бәріне белгілі әрекет. Бала құлағымен естігенін дыбыс не сөз күйінде сөйлеу әрекетінде қолданады.

1-3 жас аралығында бала тілінде кездесетін көптеген жаңа атаулар бар: доп - теп-теп (1, 5 жас), шалбар - бұттық (3 жас), футбол - гол (2 жас), телефон - але (1, 5 жас), теледидар - мутик (2 жас), мысық - нау (мияу) (1, 5 жас), көкірек - тісте (3 жас), су - шай(1, 5 жас), тамақ - ням-ням (1, 5 жас), нан - ням-ням (1, 5 жас) . Келтірілген тілдік деректерге қарап, баланың қалыптастырған жаңа атауларының негіздемесі бар екендігіне көз жеткізуге болады. Әрбір ересек адам допты тебетінін, судың шай сияқты сұйықтық екендігін, мультфильмді теледидардан көретінін, мысықтың мияулайтынын, гол деген футбол ойының термині екендігін, телефонға келген қоңырауға алло деп жауап беретіндігін, шалбарды бұтқа (диалект сөз) киетіндігін біледі. Демек, бала уәжі бар, мағынасы мен қызметі сақталған, бірақ нормадан ауытқыған сөздерді қалыптастырады. Сондай-ақ бала бір атаумен бірнеше нәрсені айтуы мүмкін. Мысалы, шайды да, шырынды да, суды да «су» деп атайды. Оның уәжі ішу екендігі белгілі.

Бала 1 жас пен 2 жас аралығында «бірсөзді сөйлемді» жиі қолданады. С. Н. Цейтлиннің пікірінше, «баланың алғашқы сөздері - оның алғашқы ойы болады. Бұл - «голофраза» деп аталады [3, 209] . Бұл сөз белгілі бір ойды беретін, жағдайды түсіндіретін құрылым». Ғалымның пікірін тілдік деректермен дәлелдеуге болады. Мысалы, бала автобусты көрсетіп «абтобус» дейді. Бұл сөздің негізінде «әне, автобус» немесе «автобус келе жатыр (өтіп бара жатыр, тұр) » сөйлемдері жатыр. Баланың сөздік қорынын аздығынан сөйлемді толық айта алмайды, бір сөзбен жеткізеді. Осылайша бала бір сөзбен бір сөйлемнің мағынасын түсіндіреді. 2 жас шамасындағы бала біртіндеп екісөзді сөйлем құрастыра бастайды. Ғалым С. Н. Цейтлин «Язык и ребенок: Лингвистика детской речи» атты ғылыми еңбегінде баланың сөйлеу үдерісінде қолданған сөйлемдерді бірсөзді, екісөзді, үшсөзді сөйлемдер деп қарастырған [3, 210] . «Бұл сөйлемдер - көбінесе субьект пен оның әрекеті («мамам келе жатыр»), әрекет және обьект әрекеті («мама, берші») немесе әрекет және әрекет орны («кітап анда») » [2, 105] дейді Ж. Қ. Дүйсенова мен Қ. Н. Нығметовалар. Тіл білімінде бұндай сөйлемдерді екісөзді сөйлем деп атайды. Бұндай құрылымды сөйлемдерге қарап, бала тіліндегі алғашқы морфологиялық бірліктерді көруге болады. Кейіннен бала жасына сәйкес инсан мен предикат, нысан мен предикат арасындағы байланыс (септік, жіктік, тәуелдік жалғауларын) айқындала түседі.

1. 1Баланың сөйлеу тілі құрамының бөліктері және олардың дамуы

Сөйлеу тілі құрамының бөліктері және олардың дамуы мен түрлері.

Пікірлесудің қандай түрлері болса да, сөйлеу формалары арқылы жүзеге асып отырады. Пікір алысудың нақтылы мақсаты мен жеке жағдайларына қарай сөйлеу түрлі ерекшеліктермен көрінеді. Осы айтылғандар түрғысынан сөйлеу бірнеше түрлерге бөлінеді. Алдымен сыртқы және ішкі сөйлеу болып үлкен екі тоика жіктеледі.

Сыртқы сөйлеу ауызша (бүл тілдің ең кеп және кең тараған түрі) жоне жазбаша сөйлеу болып, ал ауызша сөйлеудін өзі диалог және монолог69

Ауызша сөйлеу - сөйлеудің негізгі түрі болғандықтан оның қалған түрлері де соның төңірегіне қүрылады. Мәселен, жазу сөзіндегі оріптер ауызша сөздің түрлі дыбыстарын белгілейді. Былайша айтқанда, жазу сөзі ауызекі сөздің қағаздағы таңбасы, оның ерекше бір варианты.

Ауызша сөйлеудің негізгі бір түрі - диалогтық сөйлеук Диалогтық сөйлеу дегеніміз екі немесе бірнеше адамның тілдесуі. Диалог сөздің кейбір психологиялық ерекшеліктері төмендегідей:

1) Диалог сөз бөгелмей еркін айтылады, ол ойды кең

жайып жатуды тілейді;

2) Үнемі кезектесіп айтылатындықтан ықшам келеді,

тек әңгімелесуші адамдардың өздеріне ғана түсінікті

болады. Мәселен, «келе жатқан тоғызыншы» деген сөйлемді осындай нөмірлі автобусты күтіп түрған адамдар ғана түсіне алады.

3) Диалогтық логикалық жағы (жоспарлылығы, дә-

лелділігі т. б. ) кемдеу болады;

4) Диалог сөз ым-ишаралармен, бет пен көздегі мәнерлі

қозғалыстармен (қолдың, ауыздың, көздің, қабақтын

қозғалысы т. б. ) толықтырылады;

Монологтық сөйлеу дегеніміз бір адамның сөзі, яғни баяндамашының, лектордың сөздері. Монолог сөзге тон кейбір психологиялык ерекшеліктері төмендегідей:

1) Монолог сөз үнемі белгілі жоспарға сәйкес

қүрылады, бүл алдын ала даярлықты тілейді;

2) Монолог сөздерге логикалық жағынан қатаң

талаптар қойылады (мәселен, баяндамашы мен лектор сөзінің мағыналылығы мен түсініктілігіне ерекше көңіл бөледі) ;

3) Монолог сөз монерлі, адамға осер ететін моменттерді

(сөзді сазына келтіріп айту) көбірек қажет етеді.

Диалог және монолог сөздер көбінесе беттің мимикасының өзгеруімен, ымдау сипатындағы түрлі қозғалыстармен қосарланып отырады. Орынды ымдар біздің сезімімізді мәнерлі етумен қатар, оның өзімізге де, жұртқа да түсінікті болуына жағдай туғызады. Бірақ, осындай ым-ишаралардың дербес күйінде аса үлкен маңызы жоқ. Адам мүны көмекші құрал ретінде ғана пайдаланады.

Ауызша сөйлеуде (оның диалог және монолог түрлерінде де) актив және пассив сөздер болады. Актив сөздер күнбе-күнгі жиі қолданылатын сөздер. Пасив сөздер тілімізде сирек пайдаланатын, мағынасына түсінгенмен күн сайын айтылмайтын сөздер. Мүндай сөздерге көбінесе ғылыми-техникалық атаулар және ескірген сөздер жатады. Актив сөздің мол болуы адамның сөйлеу өрекетіне, айналысқан кәсібіне байланысты, Егер ересек адамдардың актив сөздері орта есеппен 6000-7000 болып келсе, жазушылар мен ақындардың, ғалымдардың актив сөздері 1-13000 сөзге жетіп отырады. Мәселен, Шекспирдің сөздік қоры 12000 дай болған.

Сейлеудің ерекше бір түрі - жазбаша сөйлеу. Жазбаша сөйлеу арнаулы әдістер арқылы меңгерілетін сөйлеудің түрі. Мұны игеру адамға оңайлықпен түспейді. Жазбаша сөйлеу адам баласы хат танырлықтай дәрежеге жеткенде, ауызша сөйлеудің біршама дамыған кезінде ғана пайда бола бастайды.

Жазбаша сөйлеудің кейбір ерекшеліктері:

1) Жазатын адамның қасында сөйлесетін адам

болмағандықтан, мүңда ешбір ым-ишара қолданылмайды.

2) Жазбаша сөйлеудің логикалық жағына аса катаң талап қойылады. Мәселсн, белгілі тақырыпқа шығарма жазған кезде адам осындай талаптарды орындауға тырысады, көп ойланып, толғанады. Өйтпейінше, бүдан нәтиже шығару киын.

3) Жазуда грамматиканың ережелері де қатты ескеріледі.

4) Жазу кезінде адам қатты зейін қойып, әр сөзін ойлап

құрастырады, мағыналы сөз іздейді. Бұл үлкен ой

жұмысын қажет етеді. Мәселен, адам өзінің туысқанда-

рына, таныстарына хат арқылы ойын білдіргенде осы

жағдай байқа…

1. 1 Баланың сөйлеу тілі құрамының бөліктері және олардың дамуы

Баланың сөйлеу тілі туа біткен процесс емес екенін көптеген авторлар дәлелдеген. Ол онтогенез барысында адамның әлеуметтік дамуымен байланысты. Сөйлеу тілінің дамуы мидің орталықтарының және оларды жалғайтын жолдарының қалпына, баланың ой-өрісі мен дене дамуына байланысты болады.

Баланың сөйлеу тілі дамуын зерттеген ғалымдардың көпшілігі (А. Н. Гвоздев, Г. А. Розенгард-Пупко, А. Н. Леонтьев) екі негізгі кезеңге бөледі: сөйлеу тілі шыққанға дейінгі (баланың туылған кезінен бір жасқа дейін) және сөйлеу тілі шыққан кезен (бір жастан кейін) .

Сөйлеу тілі шыққанға дейінгі кезеңді дайындық кезен, деп атайды. Өйткені бұл кезде баланың сөйлеу тілін меңгеруге дайындық жүреді. Баланың туылған кезінен бастап дауыс реакциялары пайда болады. Олар айқай және жылау. Бірақ бұлар әлі де адамның сөйлеу тілінің дыбыстарынан бөлек. Сонда да айқай да, жылау да, сөйлеу аппаратының үш бөлігінің (демалу, дауыс шығару, артикуляция) әр түрлі қимылдарының дамуына әсерін тигізеді. Екі аптадан кейін бала айналасындағы сөйлеген адамның дауысына назар аударады, жылауын қояды, адамдар оған сөйлегенде «тыңдайды». Бір айдың аяғында баланы әлдилеп жұбатуға болады. Сөйлеген адамға басын бұрып және оның артынан көзімен қарайтын болады. Интонацияға (дауыс ырғағына) реакция береді: жылы және қатты сөйлегенді сезеді. Бұл кезде баланың уілдеуі әр түрлі интонациямен шығады. Ең бірінші пайда болатын дауысты дыбыстар (а, о, у, э) . Содан кейін еріндік дыбыстар (б, п, м) пайда болады. Бұл физиологиялық ему процесіне байланысты. Ең соңында шығатын тіларты дыбыстар (к, г, х) . Бұл физиологиялық жұту процесіне және тілдің түбінің көтеріңкі болуына байланысты (баланың шалқасынан жатуы) . Уілдеу баланың еркіне байланысты емес. Ол өз бетімен пайда болады (рефлекторлы) . Баланың 5-6 айында былдыр пайда болады (ба-ба-ба, ма-ма-ма, па-па-па, т. б. ) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дефектология негіздері
ПДТ баланың жазудағы кеңістіктің бағдарлаудың рөлі
Жоғары жүйке әрекетінің топтарының балаларда қалыптасуы
Психикалық дамуы тежелген балалардың жалпы тіл кемістіктерінің ерекшеліктері
Логопедия ғылымы. Логопедия ғылымының пәні, зерттеу объектісі, мақсат-міндеттері
Тіл кемістігінің себептері және жүргізілетін түзету жаттығулары
Сөйлеу бұзылыстары бар балалардың танымдық ерекшеліктері
Баланың тілінің дамуы
Дефектология негіздері пәнінен лекция тезистері
БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕГІ ДЫБЫС БҰЗЫЛЫСЫН ТҮЗЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz