Ауыспалы егіс сызбалары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
С. Сәдуақасов атындағы Аграрлық-экономикалық институты
Өсімдік шаруашылығы және топырақтану кафедрасы

БЕКІТЕМІН
Институт директоры
___________ Искаков А.Ж.
________ 2020 ж.

Курстық жұмысты тексерген:Аленов Жұмабай Нұрсентұлы
Айдарбекова Тойжан Жумагалиевна
Байдалина Салтанат Есетовна

100 нақты қадам ЖШС-де ауыспалы егісті құру және арамшөптермен күресу шаралары, топырақты өңдеу.
Орындаған: Алшынбай Әсем
Топ: АгК-81, 3- курс.
Оқу нысаны: күндізгі

Көкшетау 2020
Мазмұны


Кіріспе
1
Әдебиетке шолу
2
Шаруашылықтың топырақ-климаттық жағдайлары
3
Ауыспалы егіс сызбалары
4
Ауыспалы егіске көшу жоспары және ротациялық кесте
5
Егістіктің ластану картасы
6
Топырақты өңдеу жүйесі
7
Арамшөптермен күрес шаралары
8
Ауыспалы егісті бағалау
9
Қолданылған әдебиеттер тізімі
10
Қосымша

Кіріспе
Топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру және оны ауыл шаруашылығында ұтымды пайдалану мәселерін шешу еліміздегі аграрлық ғылымының басты міндеті. Топырақтың құнарлылығын реттеуде негізгі рөлді ауыспалы егістер атқарады. Бірақ та ауыспалы егістерді ұзақ уақыт бойы пайдалану кезеңдерінде топырақтың құнарлылығын және оны арттырудың әртүрлі әдістерін есепке алмай, тек қана өңделген егістік жерден біркелкі астық өнімділігін арттыруға бағытталған еді. Кезінде негізгі астық өндіріетін өңірлерде топырақты ұзақ уақыт бойы механикалық өңдеу жердің құнарлылығына тигізетін тиімді құралы саналды. Алайда, уақыт өте келе топырақтың механикалық өңдеуі әсерінен әсіресе таза сүрі жер танаптарының жиі қарқынды (жазда 5-6 рет) өңделуі нәтижесінде қарашірінді құрамының мөлшерінің біршама азайып төмендеуіне әкелді және су мен жел эрозиясының пайда болу көрінісі байқалып, нәтижесінде топырақтың құрамының көзге көрінбейтін ұсақ майда бөлікке шаңға бөлінуі сияқты теріс құбылыстар біртіндеп көріне бастады, бұл сөзсіз топырақ құнарлылығының мөлшерінің азайып жоғалуына, яғни біртіндеп тозуына әкелді. Сондықтан, ауыспалы егіс қолданылады.
Ауыспалы егіс - топырақ құнарын сақтау және арттыру, тұрақты мол өнім алу мақсатында дақылдарды және танаптарды алмастырып отыру жүйесі. Ауыспалы егістің б.з.б. қолданылуы туралы мәліметтер Рим шежірелері (Катон, Варрон, Вергилий, т.б.) арқылы жеткен. Қазақстанда қара топырақты, ылғалдылығы жеткілікті аймақтарда 5 танапты және 8 танапты Ауыспалы егістің кеңінен қолданылады. Ауыспалы егістің жүйесі ауыл шаруашылығында өндірілетін өнім түріне қарай егістік, мал азықтық және арнайы болып үш түрге бөлінеді. Егістік ауыспалы егістің жүйесі бойынша ылғалдылығы мол жерлерде егістік дақылдарды (бидай, сұлы, арпа, жүгері, қызылша, күнбағыс, картоп, т.б.) себердің алдында танапқа 2 - 3 жыл жоңышқа егіледі. Ал қуаңшылық аудандарда сірі жер танабын бос қалдырады. Мал азықтық ауыспалы егіс жүйесі бойынша көп жылдық жоңышқа өсіруден кейін оның орнына отамалы дақылдар (бір жылдық, көп жылдық шөптер, сүрлемдік жүгері) өсіріледі. Арнайы ауыспалы егіс жүйесінде көкөністерді, мақтаны, темекіні, күрішті т.б. жыл сайын орын ауыстырып егеді. Сондай-ақ арнайы ауыспалы егіс жүйесін қолдану үшін жер құнарлығы жоғары, ылғал, температура жеткілікті болуы керек. Ауыспалы егіс мол өнімді дақылдар егіп, халықты азық-түлікпен, малды жемшөппен және техниканы жыл бойы жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Дақылдар алмастырылып егілгенде, өнім көрсеткіштері жақсарады, жердің құнарлылығы артады, топырақ эрозиясы төмендейді, егістіктің ластануы, зиянкестер мен ауру қоздырғыштардың көбеюі азаяды

Әдебиетке шолу
Ауыспалы егiс - ауыл шаруашылығы дақылдарының, керек жағдайда сүрi жердiң, танаптарда және уақыт кезеңiндегi, немесе тек уақыт кезеңiндегi ғылыми негiзделiп алмасуын атайды. Дақылдарды алмастыру туралы жазбаша деректер римдiк жазушы - аграрилердiң еңбектерi арқылы бiзге жеттi. Осыдан екi мың жыл бұрын ертедегi агрономдар өсiрiлетiн дақылдарды алмастырудың тиiмдi екенiн атап көрсеткен. Мысалы, Варрон (б.э.д. 116-27 ж.) кейбiр дақылдарды тек жоғары өнімділігі үшiн ғана емес, келесi жылғы алынатын өнім үшiн де өсіруге болады - деген екен. Римдiк басқа бiр агроном Катон (б.э.д. 234-149 ж.) егiншiлерге жердi жыл өткен соң... оның сөлiн аз алатын, жеңiл егiске қалдыру керек - деп кеңес берген. Дақылдарды кезектестiрудiң пайдасы туралы Вергилий (б.э.д. 70-19 ж.) бұдан да нақты жазды: Жемiс алмастыру арқылы танаптар дем алады.
Ауыспалы егiстiң бiр жақсы алғы егiсiнен басталып, екiншi жақсы алғы егiстiң алдында бiтетiн бөлігін буыны деп атайды. Буынның атын ол басталатын негiзгi алғы дақылға байланысты бередi: сүрi танапты, отамалы, шөптi. Бiр буын 2-4 танаптан тұруы мүмкiн. Бiр буынды ауыспалы егiстiң сұлбасының мысалдары.

Шаруашылықтың топырақ-климаттық жағдайлары
Түркістан облысы - республикадағы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының барлық салалары дамыған, еңбек ресурстары жеткілікті аймақ. Облыс кәсіпорындары Қазақстандағы барлық өнеркәсіп өнімдерінің 5,9%-ын өндіреді. Елімізде шығарылатын трансформаторлардың 98,6%-ы, фармацевтикалық препараттардың 70,1%-ы, минералды және газды сулардың 51,5%-ы, мотор майының, бензиннің 38,9%-ы, рафинатты қорғасынның 23,6%-ы, сыраның 23,6%-ы, цементтің 19,7%-ы, экскаватор, мақта талшығы, мақта майының барлығы дерлік Түркістан облысында өндіріледі. Облыс тері шикізаты, жеміс, көкөніс, жүзім, бақша, макарон өнімдерінің ірі өндірушісі болып табылады.
Облыстың ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 10,3 млн га, оның ішінде жыртылатын жер аумағы 0,8 млн га. Ауыл шаруашылығында 63,3 мың шаруа (фермер) қожалығы, 956 ӨК, 6 АҚ, 608 ЖШС жұмыс істейді. Олар жалпы респ. ауыл шаруашылығы өнімінің 12,2%-ын береді. Ауыл шаруашылығының басты саласына стратегиялық маңызы бар мақта өсіру мен өндіру жатады. Оның егіс көлемі 170 мың га-ға (егіс көлемінің 30%-ы) жетті. Шитті мақтаны өңдеумен жылдық қуаты 650 мың тонналық 19 мақта зауыты айналысады. Олар облыстың Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара ауданында және Түркістан қалалық әкімдігі жерінде орналасқан. Облыс әкімшілігі 2003 жылдың соңында мақта иіру фабрикаларының құрылысын бастады. Егіннің орташа жылдық өнімі: бидай - 400 мың т, күріш - 10 мың т, шитті мақта - 360 мың т, көкөніс - 400 мың т, бақша өнімдері - 291 мың т, картоп - 115 мың т. 2004 ж. жетті.

Аудан жері негізінен Сырдария өзенінің сол жағалауын, Қызылқұм құмының оңтүстік-шығысын ала, аллювийлік жазықта (Шардара даласы) орналасқан. Қызылқұм өңіріндегі мыңдаған гектар шөлейт алқаптарды игеріп, суландыру арқылы ел қоныстандыру үшін 1958 жылы Шардара құрылыс басқармасы құрылды. Кеңестер Одағының әр түкпірінен келген мыңдаған комсомол жастар, жоғары білімді мамандар, осы өлкенің жас кадр мамандары бірлесіп жұмыс істеді. 1967 жылы 15 қазанда Мемлекеттік комиссия сыйымдылығы 5 млрд. 700 млн. м[3] Шардара бөгені мен су электр стансасының құрылысының аяқталғаны жөнінде актіге қол қойды. Сол жылы Сырдария өзенін бойлай ұзын 130 км Қызылқұм магистральды каналы іске қосылды.
Ауылдарда негізінен күріш, қосымша мақта, сүтті, етті мал, жылқы, түйе, көкөніс, бақша өсіруге маманданған 14 кеңшар, 1 күріш өсіру тәжірибелік шаруашылығы болған (1988 ж. Қазақстан, Целинный біріктіріліп, Жиделі, Аққала, Байырқұм кеңшарлары Арыс ауданына берілді). Олардың негізінде ауданда 5500 ауылшаруашылық тауар өндірушілері тіркелген. Елді мекендер Қызылқұм каналы мен Сырдария өзенінің бойын жағалай орналасқан. Шардара ауданы бойынша ауыл шаруашылықғының жалпы өнім көлемінің 43,0% мақта шаруашылығына тиесілі. Аудандағы егістік жерлердің 91,0% немесе 23,7 мың гектары мақта егістігі. Аудан шаруашылығының негізін НИМЕКС корпорациясының з-ты, Мырзакент, Достық мақта пункттері, Мырзакент АҚ, т.б. құрайды.
100 нақты қадам ЖШС
Климаты - айқын континенттік. Жерінің басым бөлігі құмды. Қысы біршама жұмсақ, қаңтардың жылдық орташа температурасы - 4 - 6°С. Жаз айлары ыстық, аңызақты, шілденің ортасы температурасы 28 - 29°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150 - 200 мм. Сұр, сортаң топырақты, өзен аңғарлары шалғынды-сазды топырақты. Бұл аумақта солтүстіктен соғатын жел басымырақ. Желдің жылдық орташа жылдамдығы 1,9 дан 2,9 мсек дейін ауытқуы мүмкін. Мұнда жусан, селеу, сексеуіл, жантақ, жыңғыл, баялыш т.б өседі. Қызылқұм құмының оңтүстік-шығысын ала, аллювийлік жазықта орналасқан. Сырдария өзенін бойлай ұзындығы 130 км Қызылқұм магистральды каналы іске қосылды.
Ауданның ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы - 189061 гектар. Оның ішінде егістік жерлер - 57508 гектар, оның ішінде суармалы егістік - 57508 гектар, көп жылдық ағашты өсімдіктер - 488 гектар, шабындық жерлер - 1165 гектар, жайылымдық - 109358 гектар.

Ауыспалы егіс сызбалары
Егiншiлiк аймақтарының топырақ-климат ерекшелiктерiнiң және өсiрiлетiн дақылдардың түрлерiнiң көптiгi ауыспалы егiстiң сұлбасының алуан түрiн бередi. Сондықтан оларды жiктеудiң өзіндiк қиындықтары бар. Сонымен қатар арнайы, танаптық, шөптанаптық деген түсiнiктер де көңілге қона қоймайды. Арнайы (мамандандырылған) ауыспалы егiстер дәндi, мақталы, күрiштi, көкөністi, мал азықтық т.б. болуы мүмкiн. Барлық ауыспалы егiстер танаптарға орналасатын болғандықтан танаптық деген атаудың да берерi шамалы. Профессор Роктанэн Л.С. және Томилов В.П. ауыспалы егiстердiң төмендегi белгiлерi бойынша бұрыннан белгiлi жiктеулердiң жаңа редакциясын ұсынды дақылдардың кұрамы немесе негiзгi дақылы бойынша; буындарының аталуы бойынша; танаптарының санына қарай; қосымша (арнайы) белгiсi бойынша. Дақылдар мен сүрі жердің ауыспалы егістің барлық танаптары арқылы өтуі олардың аумақта кезектесуін білдіреді. Дақылды бір танапта ұзақ уақыт өсіруді ауысымсыз, ал шаруашылықтағы негізгі дақылды дара дақыл деп атайды. Ауыспалы егістерде, кейде бір дақылды бірнеше жыл бойы қатарынан егеді, сосын оны басқа дақылмен ауыстырады. Мұндай егістіктерді қайталама егістік деп атайды. Ауыспалы егістің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыспалы егіс тізбектерінің топырақ құрылымына және құнарлығына қарқындылық әсері
Ішкі шаруашылық жерге орналастыру теориясы
Егістік тәжірибеде орындалатын байқау жұмыстары
Геодезиялық әдіспен шекара қоюдың әдістемелері
Жайылымдардың ішкі шаруашылық жерге орналастырылуы
Ауыспалы егістіктердің территориясын ұйымдастыру
Жерге орналастыру жобасының түсінігі
Ішкішаруашылық жерге орналастырудың теориялық, жалпы әдістемелік негіздері
Геодезия, жер мәселелері (сұрақ пен жауап түрінде)
Жерге орналастыруды жобалау және ауылшаруашылық жерлерін пайдалану саласы бойынша
Пәндер