Мектепке дейінгі кезеңдегі баланың сенсорлық дамуы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Қорғауға жіберілді
МДжППД кафедрасының меңгерушісі
__________________Н.В. Мирза

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Мектепке дейінгі кезеңдегі баланың сенсорлық дамуы

5В010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы

Орындаған:
МДОжТ-22 топ студенті Д.Е.Раимова


Ғылыми жетекшісі:
п.ғ.к., доцент Р.Б. Маженова

Қарағанды 2020

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
1 Мектепке дейінгі кезеңдегі баланың сенсорлық дамуы
1.1 Сенсорлық эталондар және оларды мектеп жасына дейінгі баланың игеруі

5

5
1.2 Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай сенсорлық даму ерекшелігі

15
2 Мектеп жасын дейінгі баланың жеке басын дамыту
2.1 Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ой мен сенсорлық дамуын зерттеу

20

20
2.2 Баланың бойында сенсорлық эталондарды дамыта зерттеу жолдары
22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
25
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
27

Кіріспе
Бүгінгі таңда егеменді еліміз өзінің қоғамдағы саяси, әлеуметтік экономикалық, мәдени-білім парадигмасы жүйесін әлемдік өркениет үлгісінде дамытуда. Білім беру жүйесіндегі болып жатқан реформа жаңа ұлттық 59 модельдегі білімді құрумен және оқу-тәрбие процесінің педагогикалық теориясы мен практикасында елеулі өзгерістермен ерекшеленеді. Қазақстан Республикасының Білім туралыЗаңындабілім беру жүйесінің басты міндеті - делінген.
2012 жылы Қазақстан Республикасының Мектепке дейінгі білім беру стандартының осы кезеңге дейінгі қалыптасқан отандық және халықаралық тәжірибені сәйкестендіре отырып, мектепке дейінгі балалардың тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін жобасы талқылануда. Стандарттың негізгі мақсаттардың бірі - бала дамуындағы күтілетін нәтижелер, яғни өмір дағдылары және балалар құзыреттілігінің жиынтығы алынады. 8.7.3...баланың психологиялық қорғанысын, қоршаған ортаға деген сенімін, өмір сүруге қуануын, бастапқы тұлғасының қалыптасуын қамтамасыз ететін тұлғаға бағдарлану сипатын қамтиды деп тұлғаға бағдарлану тұғырын тірек еткен.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында ағымдағы жағдай және білім беруді дамытуды тежейтін факторларды талдай келе, бір жастан бес жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың ұйымдастырылған бағдарламаларымен нашар қамтылғанын көрсетеді. Аталған кемшіліктерге сай мектепке дейінгі баланың өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, оның толыққанды қалыптасуы үшін дамыту ортасын құратын үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейінде әрекеттің өзіндік түрлерін, баланың даму бағытын, оның кейінгі мектеп жағдайына бейімделуін қамтамасыз етуі тиіс екендігі көрсетілген. Бұл аталған күрделі міндеттер сәби шақтағы балалардың сенсорлық тәрбиенің қалыптасу деңгейіне тікелей байланысты. Бүгінгі таңда педагогика ғылымында оқушылардың танымдық әрекетін қалыптастыру мәселесіне арналған зерттеулердің маңызды қоры жинақталды.
Қазақстанда мектепке дейінгі педагогика ғылымында Н.Қ.Құлжанова, А.К.Меңжанова, Б.Баймұратова, М.С.Сәтімбекова, Қ.А.Аймағамбетова, Г.Меңлібекова, С.Н.Жиенбаева, Ә.С.Әмірова, Ф.Н.Жұмабекова, Г.З.Таубаева, Г.М.Метербаева, А.И.Искакова және т.б. мектепке дейінгі тәрбие салаларының түрлі бағыттарын зерттеген. Мәдениет сөзі латын тілінен аударғанда арнайы жасау, өңдеу деген мағына береді. Оның жанды немесе рухты тәрбиелеу деген екінші мағынасы болған. Мәдениет сөзін теориялық термин ретінде римдік философ және шешен Марк Туллий Цицерон тускуландық пікірталас (б.з.д. 45ж) деген еңбегінде бірінші рет қолданды. Ол кезде агротехникалық термин болатын, соған сай жерді өңдеу, топырақты баптау дегенді білдіретін. Цицерон оны бірінші рет ауыспалы мағынасында, адамның санасына әсер ету деген мәнде қолданды. Цивилизация Өркениет сөзі де латын тілінен шыққан. Азаматтық, қоғамдық дегенді білдіреді. Оның мағынасы үлкен өзгеріске ұшырады. Уақыт өте келе өркениет түсінігінің мағынасы өзгерді. Қазіргі кезде ол ең аз дегенде:
1) мәдениеттің көрінісі;
2) қоғамдық даму дәрежесі, материалдық және рухани мәдениет сатысы;
3) жабайылықтан кейінгі қоғамдық дамусатысы деген ұғымдарды береді.
Мектепке дейінгі жастағы балалар өздерінің сенсорлық қабілеттерін келесідей іс-әрекет түрлерінде дамытады: сурет салу, жапсыру, аппликация, құрастыру. Мектепке дейінгі балалардың сенсорлық даму мазмұнының негізіне мыналарды жатқызуға болады:
1) Сенсорлық эталондарды меңгеруі. Сенсорлық эталондар дегеніміз не? Л.А.Венгер, В.С.Мухина атап көрсеткеніндей, заттардың сыртқы қасиеттерінің негізгі үлгілері туралы көрнекі түсініктер болып табылады. Түстік сенсорлық эталондары - спектр түстері және олардың шағылысуы, пішіндер - геометриялық фигуралар және олардың әртүрлілігі, өлшемдер - сызықтық өлшемдердің метрикалық жүйесінің бірлігі және т.б.
2) Қабылдау тәсілдері. Қабылдау тәсілдері 2-ге бөлінеді: - сыртқы, яғни затқа үлгіні жапсыру, үлгінің контурын және затты саусақпен жүргізу. Бұл тәсіл мектепке дейінгі жастағы балалар үшін тән қасиет. Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін келесідей тәсілдер (көрнекілік-ісәрекеттік ойлау), көрнекі салыстыру, балалар затты көзбен қабылдағанда, басқа сыртқы әсерлердің көмегінсіз салыстыра, оны басқа заттармен сәйкестендіре алады. Мектепке дейінгі жастағы балалардың ересек тобына тән қасиет болып табылады.
3) бала алдымен жетекші іс-әрекет үдерісінде затты зерттейді, оның түсін, пішінін, өлшемін, бөліктерін ерекшелейді, содан соң мектепке дейінгі жастағы ересек тобында сөзбен нақты заттың әртүрлі қасиеттерін сипаттайды. Мектепке дейінгі жастағы балалардың қабылдауының даму мазмұны осындай. Тек қана жүйелік және мақсатқа бағытталған оқытуда мектепке дейінгі жастағы балалардың сенсорлық дамуының жоғарғы деңгейіне қол жеткізуге болады. Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады. Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағытталуы шарт. Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал ету қажет. Сондай-ақ, отбасының сұранысы мен талаптілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте маңызды. Үшіншіден, балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес қосып отырса. Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы.Сенсорлық даму, бала заттардың түсін, пішінін, мөлшерін және олардың кеңістіктегі орналасуын айырып қана қоймай, оларды мөлшеріне қарай сәйкестендіріп (үлкен, кіші, аз, көп) анықтай алады.Білімнің бұл жүйесін тану иерархиялық басқыштар бойынша жүзеге асады, олардың әрқайсысы мазмұны бойынша 62 нақты белгілі объект сәйкес келеді. Заттар туралы білімнің шағын жүйесінің негізінде ұғымды маңызды белгілер анықталған. Бұл білімдер мен заттардың ерекшеліктерін даралау шеберліктері балаларға байланыстарды саналауға мүмкіндік береді: ой мен материалды таңдау, материал мен қажетті әрекеттерді орындауға арналған құралдар, ой мен еңбек процесінің нәтижесі арасында.

1 Мектепке дейінгі кезеңдегі баланың сенсорлық дамуы
1.1 Сенсорлық эталондар және оларды мектеп жасына дейінгі баланың игеруі
Мектепке дейінгі балалық шақ баланың сенсорлық дамуының қарқынды кезеңі болып табылады. Бұл кезде баланың заттар мен құбылыстардың сыртқы қасиеттері мен байланыстарын, кеңістік пен уақыт бағдарлауы жетіледі.
Заттармен іс - әрекетте бала барған сайын оның түсін, түрін, шамасын, салмагын, температурасын дәл бағалай бастайды. Музыканы қабылдауында бала оның әуенін қадағалауды, дыбыстардың қатынасын жоғарылағанына қарап бөлуді, ырғақтылықтың түрлерін аңғаруды үйренеді. Сөзді кабылдауында ұқсас дыбыстардың айтылуындағы aca нәзік айырмашылықтарын есте алады.
Мектеп жасына дейінгі баланың, сенсорлық дамуының бір - бірімен байланысты екі жағы бар. Біріншісі, заттар мен құбылыстардың әр түрлі касиеттері мен байланыстары жөніндегі түсініктерді меңгеру. Екіншісі, қоршаған ортаны толықтай және жекелей қабылдауға мүмкіндік беретін кабылдаудың жаңа әрекеттерін игеру.
Сенсорлық эталондар және оларды мектеп жасына дейінгі балалардың игеруі. Сәбилік шақтың өзінде балада заттар әр түрлі касиеттер жөніндегі түсініктердің белгілі қоры жинақталады, бұл түсініктердің бірқатар үлгінің орнына жүреді, қабылдау процесіндегі заттардың жаңа касиеттерін бала осы үлгімен салыстырады .
Мектепке дейінгі балалык шакта бала өзінің сенсорлык тәжірибесін жинақтау нәтижесі болып табылатын заттық, үлглері қолданудан көпшілік қабылдаған сенсорлык эталонға ауысады. Сенсорлық эталондар дегеніміз - касиеттер мен қарым - қатынастардың әр түрінің негізгі жеке түрлері жөнінде адамзатта қалыптасқан түсініктер. Бұлар адамзаттың тарихи дамуының барысында пайда болған,адамдар оны үлгі,өлшем ретінде пайдаланады. Адамзат бұларды әдеттегі жеке түрлерге келтіріп реттей біледі, бұл айналадағы дүниені қоғамдық тәжірибе айналасынан көргендей қабылдауға мүмкіндік береді.
Сондай - ак кез келген затты пішінін белгілі геометриялық фигураға ұқсастыруға немесе кеңістіктегі белгілі тәртіппен орналаскан осындай бірнеше фигураның үйлесімі ретінде қабылдауға болады. Мұнда әңгіме сөз түрінде бейнелеуде болып отырған жоқ, біз заттардың қасиеттерін өзімізге таныс үлгілердің жеке түрлері мен үйлесімі ретінде қабылдаймыз. Эталонның әр түрі жеке үлгілердің жай гана жиыны емес, берілген қасиеттің жеке түрлері белгілі бір тәріппен топталған, айқын белгілері бойынша дәлме-дәл ажыратылатын жүйе болып табылады.
Бала заттардың түсін, пішінін, мөлшерін және олардың кеңістіктегі орналасқанын айырып қана қоймай, оған ұсынылған заттардың да түрін,пішінін дұрыс айта алады, заттарды мөлшеріне қарай сәйкестендіріп (үлкен, кіші, аз, көп ) аныктай алады. Және ол карапайым пішіндерді бейнелеп , оларды берілген түске бояй алады. Бұл жастағы балалар заттардың белгілі бір эталондарға сәйкестігін көрсете алады. ( эталондар - бұл адамзаттың ойлап шығарған заттардың негізгі қасиеттер мен сапаларының үлгісі ).
Әсерленушілік пен білуге құмарлық қаншалыкты басым болғанмен,бұл жаста кабылдау әлі ұйымдаспаған. Әлі де мақсатты түрде карау және көру, тыңдау және есту,т.б. қажетті біліктіліктері қалыптаспаған .

1.2 Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай сенсорлық даму ерекшелігі
Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлык эталонды игеруі балалар бақшасының бағдарламасына сәйкес геометриялық фигуралармен, түстермен танысудан басталады. Мұндай танысу негізінен тиімді іс-әрекеттердің көптеген түрлерін меңгеру процесінде өтеді. Егер тіпті баланы қасиеттердің жеке түрлерін көпшілік қабылдаған үлгілерге сәйкес ажырата алуды үйретпегеннің өзінде бала сурет салу, құрастыру мозаика мен жапстырманы салғандағы материал қолдануында қажетті үлгілер болады.
Көпшілік кабылдаған эталондарды меңгеруге қажетті жағдайлар алғашқы рет әрекеттің тиімді түрінде жасалады. Бұл баланы материалды бірнеше рет тексеруге мәжбүр етеді, түр-түсін, кубик формаларын есте сақтауына тура келеді. Түрлі заттардың бейнелерін жасағанда балалар әр жолы да сол бір түсті кубиктерді, мозаика элементтерін пайдаланады, олардың қасиеттері көптеген заттардың касиеттерімен айқындалады да біртіндеп үлгілерді, эталондардың мәніне ие бола бастайды.
Арнайы ұйымдастырылған сенсорлық тәрбиесіз-ак әдетте балалар тек кейбір, мысалы дөнгелек пен квадрат формалары, кызыл, сары және жасыл түсті эталондарын игереді. Мектеп жасына дейінгі балалар үшбұрыш , сопақша сиякты форманы, қызғылт-сары, күлгін түс туралы түсініктерді едәуір кеш меңгереді.
Кейбір эталондар ғана ишерілгенде бала заттардың осы эталондармен сәйкес келетін қасиеттерін өте анық және дәл қабылдайды, ал эталоны әлі игеріліп болмаған өзге жеке түріер касиеттерін тиянақсыз және кебіне қате кабылдайды. Белгісіздеу қасиеттер меңгерілген жуықтағандау, соларга теңелгендей болады. Дәл сондай-ақ сары және қызыл түстер жөнінде түсінігі жок балалар қызғылт сары заттарды сары және қызыл түстер түрінде қабылдауға бейім тұрады. Меңгерілген эталондар олардың жай тек аталуларын ғана емес, ең алдымен қасиеттерді қабылдаудың өзіне ықпал ететін балаларға үлгіге сай дәл сол түсті заттарды үнсіз таңдау ұсынылғанда тәжірибеде байқалады. Мектепке дейінгі үш жастағылар көптеген жағдайларда сары түсті үлгі бойынша тек сары заттарды, ал қызғылт сары түсті үлгі бойынша кызгылт сары түсті де, сары түсті де таңдайды, көк түсті үлгі бойынша тек қана көк түсті көгілдір түсі де , көк түсті де таңдайды. Бұл әсіресе, алдымен балаларға үлгіні көрсетіп, кейін оны жасырып қойып таңдауды ойша жүргізген жағдайда айқын көрінеді. Бұл фактілерді балалардың сары мен қызғылт сары көк пен көгілдір түс арасын ажырата білмейіді деп көрсетуге болмайды. Таныс түс үлгісі бойынша таңдау дұрыс жүргізіледі, ал аз таныс үлгі бойынша қателіктері болады . Мұның себебі-балалар сары үлгіні алғанда оны өзіндегі эталонмен арқатынасын ажыратады да, сары түс деп таниды. Мұнан кейін олар сары заттарды тандап ала бастайды, қалғандарын түсін жете тексеріп жатпай-ақ ондай емес деп жай шетке ысырады. Қызғылт сары түс баланы қиын жағдайға қалдырады. Қызғылт сары түс жөнінде оның түсінігі болмағандықтан бала оның орнына өзінде қалыптаскан эталондарға бәрінен жуығырак келетін сары түсті пайдаланады. Сондықтан бала үлгіге сәйкес қызғылт сары түсті де және үлгіге сәйкеспейтін бірақ таныс эталонға сәйкесетін заттарды да таңдайды .
Әрекеттің тиімді түрлерін күрделендіру нәтижесінде бала бірпіндеп форма мен түстің жаңа эталондарын игереді және шамамен төрт-бес жасқа жеткенде олардың біршама толық жиынын меңгеріп алады.
Заттардың шамасы жөніндегі түсініктерді бала үлкен қиындықпен меңгереді. Форма мен түсің эталондарына қарағанда, шаманың көпшілік қабылдаған эталондары шартты сипатта келеді. Бұған адамдардың саналы қолданатын өлшемдері (сантиметр, метр) жатады. Өлшемдер жүйесі және оларды пайдаланудың жолдары, әдетте, мектепке дейнге балалық шақта меңгерілмейді. Мектеп жасына дейінгі баланың шаманы қабылдауы басқа негізде дамиды. Олар заттардың шама жағынан қатынастары жайлы түсініктерді меңгереді. Бұл қатынастар баска заттар қасына қандай орын (үлкет, кіші, ең үлкен, т.б) алатындығын көрсететін сөздермен белгіленеді. Әдетте мектепке дейінгі жастың бас кезінде балаларда бір мезгілде қабылданатын қос зат арасындағы шама қатынасы туралы ғана түсінік болады (үлкен - кіші). Оқшауланған заттың шамасын бала анықтай алмайды өйткені оның өзге заттар арасындағы орнын ойда келтіруі қажет. Мектепке дейінгі кіші және естияр жастағы балаларды үш зат арасындағы шама катынасы туралы түсініктер (үлкен, кішті, ең кіші) калыптаса бастайды.
Балалар кейбір өздеріне таныс заттардың үлкенділігі мен кішілігін олардың өзге заттармен салыстыруға байланыссыз-ак анықтай бастайды. (піл-үлкен , шыбын-кіші).
Бес жасар бала түс пет форманың жеке эталондарын меңгеру арқылы олардың арасындағы байланыстар мен қатынастарды, заттардың қасиеттерінің өзгеруіне әсер ететін белгілері туралы түсініктерді игеруге көшеді. Үлкендердің жәрдемімен арнаулы ұйымдастырылған әрекетте бір ғана форманың өзі бұрыштарының шамасы, осьтері мен қабырғаларының арақатынасы жағынан түрлене алатынын, түзу сылықтарды қисық сызықтардан бөле отырып формаларды топтастыруға болатындығын балалар меңгеріп алады. Мұнда форманың сенсорлық эталондарының жүйесі геометриялық фигуралардың математикада берілетін ғылыми бөлінуінен басқаша болады.
Ал, егерде геометрия да дөңгелек-сопақшаның жеке бір түрі, квадрат төртбұрыштың жеке бір түрі ретінде көрінетін болса, сенсорлық эталондар ретінде бұл фигуралардың бәрі тен праволы , өйткені олардың бәрі де тең дәрежеде белгілі бір заттар тобының формасы туралы түсінік береді.
Түстер туралы түсініктерді жетілдіру спектрдің түстік (тон реңктерін) менгеруге жеткізеді. Бала әр түс мөлдірлігі жағынан өзгертетіндігін, түстер көзге ұнамдылығы және ұнамсыздығы жөнінен топталатынын біліп алады, жұмсақ, көзді тартарлық түстердің баттиған, қарама-қарсы түстерге ұштасуымен танысады.
Баланың затты түрлі шамадағы өзге заттармен салыстыруынан шама жөніндегі түсінік байиды. Балаларда шаманың жалпы эталондарының басқа олардың ұзындығы, ені, биіктігі сияқты жеке өлшемдері жөнінде түсініктер қалыптасады.
Барлық осы түсініктерді балалар нақты іс - әрекет процесінде төңірекке күнделікті бағдар тұтудың нәтижесінде меңгереді және әрдайым сөз арқылы бейнелене ұғыныла бермейді. Сенсорлық эталондарды меңгеру заттардың түсі мен формасына ғана қатысты емес, заттар мен құбылыстардың өзге қасиеттеріне де қатысты болады. Мысалы, мектепке дейінгі жастағы балалар тіл арқылы қарым-қатынаста ана тілінің дыбыс жүйесіне сәйкес келетін үлгілерді, музыкалық іс-әрекет процесінде дыбыстың биіктігі мен ырғақтылығы қатынастарының үлгілерін т.б. үйретеді.
Балаларды сенсорлық эталондардың көптеген түрлерімен және оларды жүйелеумен тетелес таныстыру-мектеп жасына дейінгі балаларды сенсорлық тәрбиелеудің басты міндеттерінің бірі. Мұндай таныстырудың негізінде әрбір қасиеттің негізгі жеке түрлерін тексері мен есіне сактау балалардың іс-әрекеттерін тымдастыру жатыр. Осы жеке түрлер эталондар мәніне ие болуы тиіс. Қасиеттердің жеке эталондары жөніндегі түсініктердің қалыптасуы балалардың сурет салуға, жабыстыру ісіне, құрастыруға, музыка сабақтарын үйрету, яғни, бала қабылдануға барған сайын күрделірек міндеттерді қоятын және сенсорлық эталондарды меңгеруге бейімдейтін жағдайлар туғызатын іс-әрекет түрімен тығыз байланысты.
Балаларды сепсорттық эталондармен таныстыру заттардың, қсиеттерінің негізгі жеке түрлерін білдіретін сөздерді баланың есінде сақтауын ұйымдастыру болып табылады. Атау сөз сенсорлық эталонды белгілейді, оны баланың есінде бекітеді және ұғынарлықтай әрі дәл қолдануға болатындай мүмкіндік береді. Бірақ бұл эталон атаулары баланың тиісті тексеру және қолдануда өзіндік іс-әрекет негізінде кабылданғанда ғана болады. Балаларға геометриялық формалардың, түстердін, шамалар қатынастарының жеке түрлерін тек қана көрсетіп, олардың аттарын есте сақтауғажеткен жағдайларда, тіпті дұрыс қолданылатын сөздің өзі мектеп жасына дейінгі баланың ұғымдары мен қабылдауларын жетілдіруге себепші бола алмайды.
Мектепке дейінгі жас ішінде балаларды сенсорлық эталондармен таныстыру біртіндеп тереңдей түседі. Біріншіден, балаларды барған сайын эталон қасиеттерінің ең нәзігірек жеке түрлерімен таныстырады. Спектр түстерімен танысудан олардың ректерімен танысуға, негізгі геометриялық фигуралармен танысудан, олардың осьтерінің, жақтарының, бұрыш шамаларының ара қатынасына байланысты түрленулерге және тағы да басқа заттардың жалпы шамаларының өзара қатынасымен танысуға көшу осылай басталады. Екіншіден, балаларды үлгілердің арасындағы байланыстар және қатынастармен атап айтқанда спектрдегі түстердің орналасу ретімен, ашықтығы бойынша реңктер өзгерісінің жүйелілігімен, түс тондарын ұнамдыларға және ұнамсыздарға топтаумен, түстердің көруге жайлысының және баттиған қарама-қарсыларының ұштасуымен; фигураларды дөңгелектерге және түзу сызықтарға бөлумен бір фигураларды екінші фигураларға түрлендіру мүмкіндігімен, олардың пропорциялық өзгерістері жүйелілігімен заттардың жалпы шамалары мен жеке ұзындық бағыттарының кемуі немесе өсуі бойынша біріктіру тағы басқаларымен таныстырады.
Қабылдау іс-әрекеттерінің дамуы. Сенсорлық эталондарды меңгеру заттардың қасиеттеріне баланың бағдарлануы дамуының тек бір ғана жағы. Біріншіден тығыз байланысты екінші жағы-қабылдау іс-әрекетін жетілдіру.
Бала мектепке дейінгі шақта сәбилік шақта қалыптасқан қабылдау іс-әрекетін меңгере отырып өседі. Бірақ бұл іс-әрекеттер әлі тым жетілмеген күйде болады. Бұл әрекеттер бала іс-әрекетінің жаңа түрлерін бағыттап және реттеп алдымен заттардың, шама жағынан катынастарының, формаларының, түстерінің жеке ерекшеліктерін көз алдына елестету қажет болатын табысты тапсырмаларды орындауға, заттарды күрделі қасиеттерін жекелей қабылдауға, олардың айқын да дәл бейнелерін жасауға мүмкіндіктер бере алмайды. Заттық іс-әрекеттердегі заттардың қасиеттерін есепке алу үшін жеткілікті болатын қабылдаудың сол бір дәлдігі мен даралары табысты іс-әрекеттер үшін мүлде жеткіліксіз болып шығады.
Мектепке дейінгі кішкентайларға жалпы нұсқасы мен ішкі бөлшектері бар күрделі емес фигураға қарап сурет салу ұсынылды . Ол жалпы нұсқасын немесе бөлшектерін жақсылы жаманды етіп сала алады, бірақ та ол екеуін де, бейнелеуге онша тырыспайды. Үлгі бойынша текшелерді құрастыру процесінде белгілі форма мен өлшемдегі текше жетпей қалады. Егер таяу орында ретсіз үйіліп жатқан текшелерді көре қалса, бала керекті текшені біршама онай тауып алады, әйтсе де қажеті текше басқа құрастыруда тұрса (балаға оны бұзуға рұқсат етілсе де), бала ол текшені көрмейді, сөйтіп бөлшекті бүтіннен ажырата алмайтын болып шығады. Бұл екі мысалдан заттық іс-әрекетпен байланысты балада қалыптасқан қабылдау әрекеттері тым жалпы үлгілерді жасай білуге келтіргенімен затты жүйелеуге және толықтай тексеруге, оның бөлшектері мен белгілерін бөле білу мүмкіндіктерінің бола бермейтінін көрсетеді.
Мектепке дейінгі бала ішінде қабылдау әрекеттерінің өзгерту туралы әр түрлі жастағы балалар тобының өздері үшін жата заттарымен танысуын байкап отырып корытынды шығаруға болады. Мектепке дейінгі үш жастағы балалардың қолдарына жаңа затты беріп, оның кандай екенін және не қызмет атқара алатындығын анықтауды сұрағанда, олар бірден затпен әрекет жасай бастайды. Олардың затты қарау және ұстап көруге әрекеттенулері байқалмайды: заттың қандай екендігі жөніндегі сұрақтарға балалар жауап бермейді. Төрт жастағы балалар затты қарай бастайды, бірақ мұны тиянақсы, жүйесіз істейді, көбіне қол әрекеттерін жасауға көшеді. Заттарды ауызша сипаттағанда бір-бірімен өзара байланыстырмай олар тек жекелеген бөліктер мен белгілерді атайды.
Бес, алты жасар балаларда заттарды неғұрлым жоспарлы да тұрақты тексеру мен сипаттау пайда болады. Қолдарына алған затты олар олай-бұлай аударып төңкеріп қарайды, оның бірсыпыра ерекшеліктеріне назар аударып сипап көреді.
Қабылдау іс-әрекеттерін оқыту да сенсорлық эталондармен таныстыру сияқты балаларды іс-әрекеттің жемісті түрлеріне үйретумен байланысты өткізіледі. Мұндай үйрету іс-әрекеттердің түрлерін байыта түседі. Сонымен бірге заттардың қасиеттері және оларды тексеру тәсілдерімен балаларды жүйелі таныстыру үшін арнаулы сабақтар да енгізеді, біртіндеп күрделендіре түсетін дидактикалық ойындар мен жаттығулардың жүйесін пайдаланады.

2 Мектеп жасын дейінгі баланың жеке басын дамыту
2.1 Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ой мен сенсорлық дамуын зерттеу.
Жаңа ұғымдарды бекіту бөлімінде рефлекция жүргіземін. Бұл арқылы бала сабақтың өзіне қалай ұнағанын, берілген ұғымдарды қалай меңгергенін өз көңіл күйлерін түстер алқылы белгілетемін. Ол үшін балаларға ақ және сары түсті дөңгелекті таратып беремін де, бүгінгі сабақ сендерге ұнаса ақ түсті, ұнамаса сары түсті көрсетіңдер деген кезде балалар өз көңіл-күйлеріне байланысты көрсетеді.Әрине, I кіші топ балаларының рефлекцияны бірден қабылдауы қиынға соғады, дегенмен әр сабақ сайын тәрбиеші берілген ұғымдарды жүйелі түрде бекітіп отырса, нәтижесі болатынына көз жеткіздім.
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы нормативтік құжаттырды-Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 ж.ж мемлекеттік анықтау міндетін қояды. Сондықтан да қазіргі таңда балаға деген көзқарас пен қарым-қатынас та баланы объект деп қарамай, оны дамушы тұлға ретінде қабылдап, олармен оқу тәрбие жұмысының жаңаша түрлерін қолдануды талап етеді. Сондықтан да оқыту үрдісінде балалардың сенсорлық қабілетін дамытуда ойын әдістерін пайдалану бала өмірінде тәрбиенің шешуші шарты балып табылады. Өйткені баланың таным-түсінігі ойыннан бастау алады да, болашақ өмірінде жалғасын табады. Ойындағы жетістіктер баланың сабақтарда жүйелі білім алу мүмкіндігіне маңызды әсер етеді, құрбы-құрдастары мен ересектердің ортасында оның шынайы адамгершілік, эстетикалық бағыттарының жетілуіне мүмкінік туғызады.
Оқытудың ойын формасын пайдаланудың тиімділігі:
Бала тілінің дамуына зор ықпал етеді. Ойын жағдайы оған араласқан әрбір баладан тіл қарым- қатынасы дамуының белгілі бір денгейін талап етеді.
Психикалық қасиеттері мен жеке басның ерекшеліктері неғұрлым тез қалыптасады.
Ойын баланы қызықтыра отырып, білімді берік меңгерту құралы болып табылады.
Оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану бағдарламадан анықталған білім, білік және дағдыларды қалыптастыру құралы.
Сенсорлық даму, бала заттардың түсін, пішінін, мөлшерін және олардың кеңістіктегі орналасуын айырып қана қоймай, оларды мөлшеріне қарай сәйкестендіріп (үлкен, кіші, аз, көп) анықтай алады.
Зейін тікелей қызығушылықпен байланысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі жастағы балалар
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеудегі - сенсорлық тәрбиесі туралы мәлімет
Сенсорлық эталондарды меңгеруі
Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы
3 жас кезеңіндегі балалардың сөйлеуін дамыту
Балалар психологиясы пәнінен дәрістер
Нәрестенің психологиялық даму ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Мектепке дейінгі кезеңде тілді қатынас құралы ретінде пайдалана білуі. Мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың сенсорлық дамуы
Ақыл-ой тәрбиесі туралы жалпы түсінік
Пәндер