Соттық сараптаманы тағайындау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ
Бизнес және құқық факультеті
Құқықтану кафедрасы
Курстық жұмыс
Пәні: Азаматтық процестік құқығы
Тақырыбы: Сарапшының қорытындысы. Соттық және соттық емес сараптаманың айырмашылығы
Орындаған: ЮП 18-1 тобының студенті
Бақтыбаева А.С.
Рецензент: з.ғ.к., доцент Садуакасова Л.О.
Ақтау-2020
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 САРАПШЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
1.1 Сарапшы қорытындысының түсінігі және маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .5
1.2 Сарапшы қорытындысының құрылысы және мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.3 Сарапшының қорытындысы дәлелдеу құралы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2 СОТТЫҚ ЖӘНЕ СОТТЫҚ ЕМЕС САРАПТАМАНЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ
2.1 Соттық сараптаманы тағайындау ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.2 Мемлекеттік (соттық емес) сараптаманың құқықтық мәртебесі ... ... ... ... ... ... 15
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .23
КІРІСПЕ
Сот сараптамасы дегеніміз іс материалдары бойынша нақты мәліметтер мен мән-жайларларды анықтау үшін іс жүргізу заңымен көзделген тәртіппен негізделген сарапшы жүзеге асырылатын зерттеу. Ұсынылған анықтамаға сәйкес егер, ол сот- ұйғарымы бойынша тағайындалса, сараптама соттық, яғни соттық-медициналық, соттық-автотехникалық, соттық-биологиялық және т.б. деп танылады.
Сараптамалық қызмет лицензияланатын қызмет түріне жатады, ал нақты сала бойынша арнайы білімі бар сот сараптамасын жасау үшін сотпен іске тартылған тұлға сарапшы ретінде танылады. Азаматтық істі дұрыс шешу үшін арнайы дайындық деңгейі қажет болғанда сараптама тағайындау басты шарт және негіз болып табылады. Жиі жағдайларда сот мүліктік сипаттағы істерді қарау барысында даулы мүлікті бағалау сараптамалырын тағайыдайды. Мұндай сараптамаларды сот мұраға қалдырған мүлікті бөлу және некеде тұрған кезде сатып алынған мүлікті бөлу кезінде де тағайындалады.
Сонымен қатар өрт, жол көлік оқиғалары, су бөгендерінің ластануы, жердің, топырақтың ластануы, өнімнің бүлінуі бойынша келтірілген мүліктік зиянды бағалау кезінде сарапшының қызметі аса қажет болады.
Денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу, әкелікті анықтау, асыраушының қайтыс болуымен келтірілген зиянды өтеу туралы азаматтық істерді қарау кезінде сот соттық медициналық сараптама жүргізк үшін маман-дәрігерді іске қатыстырады. Сотқа қатысушы тараптар, мысалы жауапкер және талапкер де сарапшы сияқты арнайы білімге ие болулары мүмкін. Бірақ, азаматтық іске қатысушы өзге адамдардың мұндай білімінің болуы сотты тиісті жағдайларда сараптама тағайындау қажеттілігінен босатпайды. Іс бойынша тараптар істің шешілуіне мүдделі тұлғалар болып табылады, істің мәні бойынша қарама-қайшы ұстанымда болғандықтан олар сотқа әрдайым шынайы ақпарат бермеулеріде мүмкін.
Іске қатысушы тұлғалар іске қатысты ревизия, тексеру актілерінің, ведомстволық инспекциялар қорытындыларының сондай-ақ мамандардың жазбаша консультацияларының болуына сілтеме жасап, сараптама тағыйындауға қарсылық білдірулері мүмкін. Ондай түсініктемелерді судья қабылдамауға құқығы бар, себебі істігі бар құжаттар сарапшының қорытындысын ауыстыра алмайды, олардың іс материалдарында болуы срт сараптамасын тағайындауға кедергі келтірмейді.
Сот сараптаманы тараптың өтінімі бойынша және өз бастамасы бойынша тағайындай алады.
Сарапшы ретінде арнайы ғылыми білімі бар адам тағайындалады, оның іске мүдделі емес адам болуы негізгі талаптар біоі болып табылады.
Сот сараптамасын жүргізу
Сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне
Лицензия негізінде сот-сарптама қызметін жүзеге асыратын адамдарға
Заң талаптарына сәйкес бір жолғы тәртіппен өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкін
Сарапшы тағайындау туралы ұйғарымында сот соттың атауын, сараптаманы тағайындау уақытын, орнын, қаралып жатқан іс бойынша тараптардың атауын, сараптама түрін, сараптама тағайындау негіздерін, сарапшының алдына қойылған мәселелерді, сот сараптамасы органының атауын немесе сараптама жүргізу тапсырылған адамның тегін, атын, және әкесінің атын, сараптама жүргізуге жіберілген обьектілерді және істің өзге де материалдарын көрсетеді.
Сараптама органына сот сараптама тағайындау туралы ұйғарымын және оның басшысына қажетті материалдарды жолдайды. Сараптаманы сот ұйғарымында нақты аталған сараптама органының қызметкері жүзеге асырады. Егер ұйғарымда нақты сарапшы атап көрсетілмесе оны сот сараптамасы органының басшысы таңдайды, ол жөнінде сараптама тағайындаған сотқа хабарлама беріледі.
1 САРАПШЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Сарапшы қорытындысының түсінігі және маңызы
Істі занды, негізді және әділ шешу үшін маңызы бар мән-жайлар дәлелдемелерді жинау, зерттеу, бағалау және пайдалану процестерінен тұратын дәлелдеулер арқылы анықталады.
Дәлелдемелердің катарына заң сарапшының қорытындысын да жатқызады (ҚІЖК-нің 120-бабы). Сарапшы қорытындысы деген терминнің екі жақты мағынасы бар: біріншіден, ол сот дәлелдемесінің түрі, екіншіден, ол осы дәлелдеме баяндалған іс жүргізу актісі.
Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес сарапшы қорытындысы - ол осы занда көзделген жазбаша нысанда ұсынылған, қылмыстық процесті жүргізуші орган немесе тараптар сарапшының алдына қойған мәселелер бойынша көрсетілген объектілерді зерттеуде арнаулы ғылыми білімін пайдалана отырып жүргізілген нәтижелерге негізделген қорытындылар.
Заң іс бойынша дәлелдеме ретіңдегі сарапшы қорытындысының мына ерекшеліктеріне аса назар аударады:
- корытындының ҚІЖК-нің 251-бабында белгіленген міндетті жазбаша нысаны болады. Сарапшыдан жауап алу барысындағы оның ауызша жауаптары қорытындыны түсіндіреді, бірақ оны ауыстыра алмайды;
- дәлелдеме ретіндегі сарапшының қорытындысына оның тұжырымдарымен бірге, сараптама жүргізудің негіздерін, тапсырмаларды, зерттеу барысы мен сарапшы тұжырымдарының негіздеуі сипаттамалары да кіреді. Сонымен, сарапшы қорытындысы тек қойылған сүрақтардың жауаптарын тұжырымдаумен ғана бітпейді. Зерттеулерді сипаттаудың болмауы қорытындыны дәледемелік мәнінен айырады;
- қорытынды берілгеннен кейін сарапшыдан жауап алу жүргізу жағдайында, тіптен арнаулы ғылыми білімдерге негізделсе, одан алынған өзге мәліметтер емес, алдында берілген қорытындыны түсіндірулер дәлелдеме болып табылады. Сарапшыдан жауап алу барысында оған қойылған сұрактарға сарапшының жауаптары кррытындының к9рамдас бөлігі болып табылады;
- сарапшының қорытындысы қылмыстық процесті жүргізуші орган үшін міндетті болып табылмайды, сондықтан қорытындыға сыни емес көзқарастан көрінетін мүмкін болатын қателерді болдырмауға назар аударылады
Қорытындыларды тиісінше пайдаланбау әр түрлі нысандар-да көрінуі мүмкін:
- үкімде және баска да іс жүргізу акітлерінде корытындыны дұрыс түсіндірмеу (мысалы, тектік (топтық) қатыстылықту ралы тұжырым жеке тепе-тендік туралы тұжырым ретінде, ыкти-малды нысандағы тұжырып кесімді тұжырым ретінде баяндалады);
-корытындыны толық пайдаланбау - сарапшының бір тұжырымдары ескеріледі де, екіншілері еленбей қалады;
- сарапшының аңықтаған фактілерін дұрыс түсіндірмеу.
Сот сарапшысы (сарапшылар) зерттеулердің нәтижелері бойынша өз атынан жазбаша қорытынды жасайды және оны өз қол қоюымен және жеке мөрімен куәландырады. Сот сараптамасын сот сараптамасының органы жүргiзген жағдайда, сот сарапшысының (сарапшылардың) қолы көрсетілген органның мөрiмен расталады.
Сарапшының қорытындысында: оның ресімделген күні, сот сараптамасын жүргізудің мерзімдері мен орны; сот сараптамасын жүргізудің негіздері; сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) туралы мәліметтер; сот сараптамасын жүргізу тапсырылған сот сараптамасы органы және (немесе) сот сарапшысы (сот сарапшылары) туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты, білімі, сарапшылық мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс стажы, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, атқаратын қызметі); көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы өзінің ескертілгені туралы сот сарапшысының (сарапшылардың) қол қоюымен куәландырылған белгі; сот сарапшысының (сарапшылардың) шешуіне қойылған мәселелер; сот сараптамасын жүргiзу кезінде қатысқан процеске қатысушылар туралы және олар берген түсіндірмелер туралы мәліметтер; зерттеу объектілері; қолданылған әдістемелер көрсетілген зерттеулердің мазмұны мен нәтижелері; жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін бағалау, сот сарапшысының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер бойынша қорытындылардың негіздемесі және тұжырымы көрсетілуге тиіс.
Егер Заңда 32-бабында көрсетілген мән-жайлар сот-сараптамалық зерттеу барысында анықталған болса, қорытындыда сот сарапшысының (сарапшылардың) алдына қойылған барлық сұрақтарға немесе олардың кейбіреуіне жауап қайтару мүмкін еместігінің негіздемесі қамтылуға тиіс. Сарапшы қорытындысының құрылымын және мазмұнын, оның ішінде комиссиялық, кешенді, қосымша және қайталама сот сараптамасын жүргізу нәтижелерін ресімдеу ерекшеліктерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы айқындайды. Заңда көзделген тәртіппен куәландырылған, сарапшының қорытындысын көрнекілейтін материалдар (фотокестелер, схемалар, графиктер, кестелер және басқа да материалдар) қорытындыға қоса беріледі және оның құрамдас бөлігі болып табылады. Қорытындыға зерттеуден кейін қалған объектілер де, оның ішінде үлгілер қоса берілуге тиіс.
Сарапшының қорытындысын берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама. Егер сот сарапшысы (сарапшылар) зерттеу жүргізілгенге дейін оның алдына қойылған мәселелер өзінің арнаулы ғылыми білімінің шегінен тыс екеніне не оған ұсынылған материалдар қорытынды беру үшін жарамсыз немесе жеткіліксіз екеніне және орнын толықтыру мүмкін еместігіне не ғылымның және сараптама практикасының жағдайы қойылған мәселелерге жауап қайтаруға мүмкіндік бермейтініне көз жеткізетін болса, ол қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы дәлелді хабарлама жасайды және оны өз қол қоюымен және жеке мөрімен куәландырады. Сот сараптамасы органы сот сараптамасын жүргізген жағдайда сот сарапшысының (сарапшылардың) қолы көрсетілген органның мөрімен куәландырылады. Қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламада: оның ресімделген күні, сот сараптамасын жүргізудің мерзімдері және орны; сот сараптамасын жүргізудің негіздері; сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) туралы мәліметтер; сот сараптамасын жүргізу тапсырылған сот сараптамасының органы туралы және (немесе) сот сарапшысы (сарапшылар) туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты, білімі, сарапшылық мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс стажы, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, атқаратын қызметі); көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы өзінің ескертілгені жөнінде сот сарапшысының (сарапшылардың) қол қоюымен куәландырылған белгі; сот сарапшысының (сарапшылардың) шешуіне қойылған мәселелер; зерттеу объектілері; сот сарапшысының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелерге жауап қайтарудың мүмкін еместігінің негіздемесі көрсетілуге тиіс. Қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламаның құрылымын және мазмұнын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы айқындайы. Егер сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда, ұйғарымда көрсетілген бір мәселелер бойынша сот сарапшысы қорытынды берсе, ал басқалары бойынша қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама жасау үшін негіздер бар болса, ол бірыңғай құжатты - сот сарапшысының қорытындысын жасайды.
Сарапшы қорытындысының құрылысы және мазмұны
Қазақстан Республикасындағы сот сараптамалық қызмет туралы Қазақстан Республикасы Заңының 1 бабына сәйкес сарапшының қорытындысы-бұл сот-сараптамалық зерттеудiң барысы мен нәтижелерiн көрсететiн, заң талаптарына сәйкес ресiмделген құжат.
Сарапшының қорытындысы сотөндірісінде екі түрлі мағынаға ие, ол сот дәлелдемесінің түрі және осы дәлелдеме баяндалған процессуалдық акт болып табылады. Сарапшының қорытындысын процессуалдық акт ретінде бағалау тұрғысынан алғанда осы құжатты рәсімдеуге қойылатын бірқатар процессуалдық талаптарды ескеру керек. Сараптама жүргізу нәтижелерін рәсімдеу процессуалдық заңдарға, Қазақстан Республикасындағы сот сараптамалық қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңына, 24 қазан 2002 ж. N 158 Қазақстан Республикасы әділет Министрлігімен бекітілген Қазақстан Республикасы әділет Министрлігінің сот сараптамалық Орталығында сот сараптамаларын және арнайы зерттеулерді жүргізу бойынша Нұсқаулыққа (кейінгі өзгерістер және толықтырулармен), сонымен қатар өзгеде нормативтік актілерге сәйкес іске асырылады.
Өзінің мазмұны және формасы бойынша сарапшының қорытындысы жүргізілетін сараптаманың процессуалдық мәртебесін (алғашқы, қосымша, қайталай, комиссиялы, кешенді) көрсетеді, құрылысы жағанан алғанда кіріспе, зерттеуші, талдаушы (синтезирующий) бөлімдерден және қорытындыдан (вывод) тұрады және қажетті мәтіндік қосымшалармен немесе зерттеудің барысын және алынған нәтижелерді көрсететін фотокестелар, ксерокопиялар, сызбалар, графиктер түрлеріндегі көрнекті материалдармен жіберіледі.
Қорытындының кіріспе бөлімі жүргізілетін сараптамалық зерттеудің ұйымдастырушылық-басқару аспектісін көрсетеді. Қорытындының кіріспе бөлімінде мыналар көрсетіледі:
· сараптаманы тағайындаған орган және адам;
· сараптаманы жүргізу үшін негіздер (қаулы немесе анықтама, ол қандай іс бойынша қашан шығарылған;
· зерттеу объектілерінің тізімі (заттай айғақтар, салыстырмалы үлгілер, олардың жағдайы);
· зерттеуге түскен объектілердің жеткізілу тәсілдері;
· сараптаманы жүргізу кезінде қатысқан адамдардар туралы мәліметтер (аты-жөні, процессуалдық жағдайы);
· сарапшының шешуіне қойылған сұрақтар.
Сұрақтар бір нешеу болған жағдайда сарапшы оларды топтастыруға, зерттеуді жүргізудің барынша мақсатқа сай тәртібін қамтамасыз ететін кезектілігімен келтіруге құқылы, бірақ ол сұрақтардың мағыналық мазмұнын өзгертпеуі керек. Егер қаулыдағы немесе анықтамадағы сұрақ әдеттегідей тәртіке сай қойылмаған болса, бірақ оның мағынасы сарапшыға түсінікті болса, онда алғашқы түрдегідей сұрақты келтіргеннен кейін сарапшы бұл сұрақ оның арнайы біліміне сәйкес қалай түсінетіндігіін айтуы керек.
Сарапшы ескертпеде фактіні құқықтық бағалауды талап ететін қойылған сұраққа жауап берудің мүмкін еместігін білдіретін жағдайларды түсіндіреді, сараптаманы тағайындаған органның (адамның) келісімі бойынша және заңның талаптарына сәйкес сараптаманы тағайындау туралы қаулыда (анықтамада) көрсетілген сұрақтардан кейін өз ұсынысымен жауабының нәтижесі іс үшін маңызды жағдайды анықтауға жағдай жасайтын сұрақ қоя алады. Яғни сарапшы өзі сараптама тағайындаған адамның келісімімен сараптама тағайындау құжатындағы сұрақтарды толықтыра алады.
· Ақы төлеуге байланысты азаматтық істер бойынша сараптама жүргізу мерзімін тоқтату;
· арыздың уақытын және жауапты алу уақытын көрсете отырып қосымша материалдарды беру туралы сарапшының ұсынысы;
· сарапшы (сарапшылар) туралы мәліметтер: аты-жөні, білімі, ғылыми дәрежесі мен шені, лауазымы, сараптамалық мамандығы, сарапшылық жұмысының өтілі (стаж);
· көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қалмыстық жауаптылық жөнінде сарапшының ескертілгендігі туралы мәлімет (арнайы зерттеулер жүргізілгенде бұл пункт болмайды).
Қосымша, қайталай, комиссиялы, кешенді сараптамалар жүргізу кезінде сарапшы қорытындысының кіріспе бөлімінде жоғарыда аталған мәліметтермен қатар сараптаманың түрі, алғашқы сараптама туралы мәліметтер: қорытындыны беру уақыты мен номері, сарапшының аты-жөні, сараптамалық мекеменің аты, алғашқы сараптамамен анықталған нақты мәліметтер мен нәтижелер, сонымен қатар жаңа сараптама тағайындаудың негізі айтылуы керек.
Қорытындының зерттеуші бөлімінде зерттеудің бүкіл барысы және оның нәтижелері баяндалады, анықталған фактілерге ғылыми негіздемелер беріледі, мұның ішінде мыналар көрсетіледі:
· қорытынды беру үшін елеулі маңызы бар істің жағдайлары және сарапшының бастапқы мәліметтер ретінде қабылдауы;
· сырттай қарау: сараптамалық зерттеу объектісінің жағдайын сипаттау, упаковка;
· салыстырмалы зерттеулер үшін сараптамалық қарауды, экспериментті және үлгі алуды жүргізудің мақсаты, жағдайы, нәтижесі;
· қолданылған сараптамалық зерттеу әдістерін, оларды қолданудың техникалық жағдайларын, алынған нәтижелерді сипаттап жазу (описание);
· қойылған сұрақтарды шешу барысында сарапшының жетекшілікке алған анықтамалық-нормативтік материалдарына сілтемелер, зерттеу жүргізу кезінде қолданылған арнайы әдебиеттер, сонымен қатар ескертпелерге, иллюстрацияларға сілтемелер және оларға қажетті түсіндірмелер;
· егер маңызы бар болса, онда тергеу әрекеттерінің (жауаптардың, қараудың, эксперименттердің) нәтижелері, жасалған қорытындыны негіздеу кезінде алғашқы мәліметтерді қолдану;
· жекелеген сатылар бойынша сараптамалық бағалаулар және сараптама бойынша тиісті қорытынды беру үшін негіз ретіндегі барлық алынған нәтижелерді қорытып бағалау.
Егер қойылған сұрақтардың кейбіреулеріне зерттеу бөлімінде жауап беру мүмкін болмаса, онда оның себебі көрсетіледі.
Зерттеуші бөлім қосымша түсіндіруді, талдауды талап етпейтіндей, ұғымдармен, терминдермен және сараптамалық білімі жоқ адамдарға да түсінікті тілде жазылады. Қолданылған зерттеу әдістемелер сарапшының ол әдістерді толық қолданғандығын білдіретіндей түрде баяндалуы, ал нәтиженің дұрыстығын тексеру қакжет болғанда, барлық зерттеу барысын қайталауға болатындай болуы керек.
Қорытындының синтезирующий бөліміжүргізілген барлық зертетудің жалпы қорытындысын баяндайды және мынандай жағдайларда жеке тарауға бөлініп жазылады:
· бірнеше объектілерді зерттеуде (исследования значительного количества объектов);
· күрделі объектілерді зерттеуде;
· әдістердің кешенін қолдануда;
· кешенді, комиссиялы және қайталай сараптама жүргізуде.
Сарапшы қорытындысының қорытындылаушы бөлімінде сарапшының алдына қойған сұрақтарға жауаптар келтіріледі. Қорытынды(выводы)әдеби тілде беріліп, оның сөздері әр түрлі мағынада түсінетіндей болмауы керек. Сарапшының қорытындысына процессуалдық акт ретінде сарапшының өзі немесе сараптаманы жүргізген сарапшылар комиссиясы қол қояды. Қойылған қолдар осы мекеменің мөрі арқылы куәландырылады.
Өз кезегінде қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама процессуалдық акт ретінде үш бөлімнен құралады: кіріспе, негіздеуші және қортындылаушы. Кіріспе бөлімде сарапшының қорытындысындағыдай мәліметтер келтіріледі. Негіздеуші бөлімде қорытынды берудің мүмкін еместігін білдіретін мәліметтер толық баяндалады. Қорытындылаушы бөлімде сарапшының алдына қойған әр бір сұраққа жауап берудің мүмкін еместігі айтылады.
Сараптамалық қорытынды сотта жарияланады және қазіргі техникалық құралдарды аудио, видео мәліметтерді қолдану (мысалы кино-,видео жазбалар, фотолар, схемалар, кестелер) түрінде де көрсетіле алады. Қорытынды жарияланғаннан кейін судья және басқа да процесстің қатысушылары қорытындының кей бөліктерін түсіну, нақтылау үшін сарапшыға сұрақтар қоя алады.
Сарапшының қорытындысы дәлелдеу құралы ретінде
Дәлелдемелердің қатарына заң сарапшысының қорытындысын да жатқызады (ҚІЖК-нің 120-бабы).
"Сарапшы қорытындысы" деген терминнің екіжақты мағынасы бар: біріншіден, ол сот дәлелдемесінің түрі, екіншіден, ол, осы дәлелдеме баяндалған іс жүргізу актісі.
Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес сарапшы қорытындысы - ол осы заңда көрсетілген жазбаша нысанда ұсынылған,қылмыстық процесті жүргізуші орган немесе тараптарсарапшының алдына қойған мәселелер бойынша көрсетілген объектілерді зерттеуде арнаулы ғылыми білімін пайдалана отырып жүргізілгеннәтижелерге негізделген қорытындылар. Қорытындыда сарапшы зерттеу кезінде қолданған әдістер, қойылған мәселелерге жауаптардың негіздемесі, сондай-ақ іс үшін маңызы бар және сарапшының өз бастамасы бойыншаанықталған мән жайлар көрсетіледі. Сарапшының ауызша түсініктемесі ол бұрын берген қорытындынытүсіндіруі бөлігінде ғана дәлел болып табылады. Сарапшының қорытындысы қылмыстық процестіжүргізуші орган үшін міндеттіболып табылмайды, алайда оның қорытындымен келіспеушілігі дәлелді болуы тиіс.
Заң іс бойынша дәлелдеме ретіндегі сарапшы қорытындысының мына ерекшеліктеріне аса назар аударады:
қорытындының ҚІЖК-нің 251-бабында белгіленген міндетті жазбаша нысаны болады. Сарапшыдан жауап алу барысындағы оның ауызша жауаптары қорытындыны түсіндіреді, бірақ оны ауыстыра алмайды;
дәлелдеме ретінде сарапшының қорытындысына оның тұжырымдарымен бірге, сараптама жүргізудің негіздерін, тапсырмаларды, зерттеу барысы мен сарапшы тұжырымдарының негіздеуі сипаттамалары да кіреді. Сонымен, сарапшы қорытындысы тек қойылған сұрақтардың жауаптарывнтұжырымдаумен ғана бітпейді. Зерттеулерді сипаттаудың болмауы қорытындыны дәлелдемелік мәнінен айырады;
қорытынды берілгеннен кейін сапаршыдан жауып алу жүргізу жағдайында, тіптен арнаулы ғылыми білімдерге негіздерсе, одан алынған өзге мәліметтер емес, алдында берілген қорытындыны түсіндірулер дәлелдеме болып табылады. Сарапшыдан жауап алу барысында оған қойылған сұрақтарға сарапшының жауаптарықорытындының құрамдас бөлігі болып табылады;
сарапшының қорытындысы қөылмыстық процесті жүргізуші орган үшін міндетті болып табылмайды, сондықтан қорытындыға сыни емес көзқарастан көрінетінмүмкін болатын қателерді болдырмауға назар аударылады. Алайда, ҚІЖК-нің 25-бабы 2-бөлігіне сәйкес ешқандай дәлелдеменің күні бұрын белгіленген күші болмайды дегенге қарамастан, қылмыстық процесті жүргізуші орган тиісті дәлелсіз сарапшының қорытындысын қайтара алады.
Қолданыстағы дәлелдемелердің жіктеушілігі тұрғысынансарапшының қорытындысынталдай отырып, ең алдымен, бұрынғынегіздемелеріне қарағанда, әрдайым жаңа нақты деректер болып тұруы керек. Сарапшының қорытындысы зерттелетінматериалдардың мазмұнын қайталамайды және іс бойынша жаңа длелдеме болып табылады. Бұл жерде, сарапшының қорытындысы туынды дәлелдеме емес, бастапқы дәлелдеме болатындығын айту керек.
Сарапшының қорытындысы айыптау, сонымен бірге дәлелдемесі болып қызметатқара алады, өйткені сарапшы тұжырымдары субъектінің кінәсін растауы да немесе оның қылмысқа қатыстылығын растамауыда мүмкін.
Дәлелдеме тақырыбына қатыстылығына байланысты сарапшы қорытындысыіс бойынша тікелей немесе жанама дәлелдеме болады. Көп жағдайларда қорытындыжанама дәлелдеме болады, алайда бірқатар жағдайларда ол тікелейдің қатарына жатқызылуы мүмкін. Көбінде ол сот-медициналық сараптама саласындағы қорытындыларға қатысты болады.
Істің нақты мән-жайларын анықтау үшін сарапшының қорытындысын пайдаланукезінде тергеу және сот практикасының елеулі кемшліктеріітегі бар қорытындылардыпайдаланбау не оларды тиісінше пайдаланбау болып табылады.
Қорытындыларды тиісінше пайдаланбау әр түрлі нысандардакөріні мүмкін:
үкімде және басқа да іс жүргізу актілерінде қорытындыны дұрыс түсіндірмеу (мысалы, тектік (топтық) қатыстылық тужырым жеке тепе-тендік туралы тұжырым ретінде, ихтималды нысандағы тұжырым кесімді тұжырым ретінде баяндалады);
қорытындыны толық пайдаланбау - сарапшының бір тұжырымдарыда ескеріледі де, екіншілері еленбей қалады;
сарапшының анықтаған фактілерін дұрыс түсіндірмеу.
Сараптамашылық зерттеудің сатылары
Сарапшының қорытындысын анықтаушысы, анықтау органы, тергеуші, прокурор, судья дәлелдемелерді жан-жақты, толық және объективті қарудың жиынтығына негізделген өздерінің ішкі сенімдері бойынша, заң мен ар-ожданды басшылыққа алып, дәлелдемелерді бағалаудың жалпы ережелері бойыншабағалайды (ҚІЖК-нің 25-бабы 1-б.).
Сарапшының қорытындысы іс бойынша басқа дәлелдемелер бағаланатын негіздерде бағаланады. Қылмыстық іс бойынша дәлелдеме ретіндегі сарапшы қорытындысын бағалауғаіс бойынша оның қатыстылық, жол берушілік, сенімділік және дәлелдемелік маңызын анықтау кіреді.
Егер нақты деректер іс бойынша маңызы бар мән-жайлардың өмір сүруі туралы тұжырымдарды растайтын, растамайтын немесе күмән келтіретін болса, дәлелдеме іске қатыстыдеп танылады. Сарапшы қорытындысының қатыстылығы әдетте күмән тудырмайды, өйткені ол ең бастан қылмыстық процесс шеңберінде қалыптастырылады. Бұл жағдайда бағалау, негізінде, сараптама объектілерінің қатыстылығын, сондай-ақ сарапшының өзінің бастамасы бойынша жасаған тұжырымдарын тексеруге бағытталуы тиіс.
Жол берушілік - ол оны нақты деректердің (мәліметтер, ақпараттар) заңдыкөздері тұрғысынан, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу заңына көзделген тәртіпте, осындай көздерде болатын нақты деректерді алудын тәсілдері мен бекіту нысандарын сипаттайтын дәлелдеме қасиеті.
Сонымен, егер дәлелдеме Қазақстан Республикасыныңқылмыстық іс жүргізузаңында белгіленген тәртіптеалынған болса, оған жол беріледі деп танылады.
Дәлелдеме ретіндегі жол берушілікке төрт критерий кіреді:
дәлелдемелерді алуға бағытталған іс жүргізу әрекеттерін жасауға құқықты тиісті субъект;
дәлелдеме мазмұнынан құралған ... нақты деректердің тиісті көзі;
дәлелдемелерді алу үшін пайдаланылатын тиісті іс жүргізу әрекеті;
дәлелдемелерді алу үшін пайдаланған іс жүргізу әрекетінөткізудің тиісті тәртібі.
Сондай-ақ сарапшы қорытындысын бағалау туралы мәселе адам құқығынсақтау тұрғысынан сарапшы пайдаланған арнайы әдістер мен әдстемелерге жол берушілік проблемасымен байланысты. Бұл жерде объекті ретінде адам болатын сараптама түрлері жайында сөз болып отыр.

2.1 Соттық сараптаманы тағайындау
Сот сараптамасы - тергеушінің қаулысы, соттың ұйғаруымен тағайындалады. Сараптама қажеттігі мен оны тағайындау мерзімін тергеуге немесе сот ісіне байланысты туындаған жағдайларды есептей отырып және тактикалық тұжырымдарға сүйеніп, тергеуші немесе сот анықтайды.
Сараптама жұмысына қажетті барлық материалдар жинақталған, сараптамалық объектілерді зерттеуге болатын, ал шешілетін мэселелер сараптама мүмкіндігіне сәйкес келетін жағдайларда ғана тағайындалады. Сараптама дер кезінде жүргізілуі керек. Өйткені оны тағайындау кезіндегі уақыт созу күтпеген жайсыз жағдайларға әкеліп соқтыруы мүмкін, сондай-ақ бұл істегі асығыстық та сараптамаға қажетті төл материалдардың жетіспеуі де бұл бағытта ақиқатты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz