Монофункционалды ғимараттар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

"Сәулет, Құрылыс және Көлік" факультеті

"Сәулет" кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Монофункционалды ғимараттар. Кафе

Орындаған: Шүкурбекова Айсұлу
Тобы: См-18-5к3
Қабылдаған: аға оқытушы Мейрманов М.

Шымкент-2020
Аннотация

Мен См-18-5к3 тобының студенті Шүкурбекова Айсұлу курстық жұмысты орындап, оны жоспарлау барысында Сәулеттік жобалау V пәні бойынша Монофункцияналды қоғамдық ғимараттар жайында негізгі ақпараттарды алып, көптеген жұмыстармен таныстым. Жобаны жасау барысында негізгі нормалар және ережелермен танысып, жобаны барынша нормаға сай жасауға тырыстым.
Ғимарат құрылысы кезінде экологиялық қауіпсіз және қаржылай тиімді етілуін қарастырдым. Тұрғын үйдің беріктігі мен тұрғындар үшін ыңғайлы болуы ең басты міндеттердің бірі. Мен жобамда көлемді-кеңістікті шешімнің тиімділігі мен барлық заңдылықтардың сақталуына мән бердім. Курстық жұмыстың графикалық сызбасы А3 форматында орындалды. Графикалық сызбаларға М 1: 100; М 1: 200 масштабтары қолданылды.

Мазмұны
Аннотация
Мөлшерлі сілтемелер
Анықтаулар
Белгілер мен қысқартулар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Сәулеттік бөлім
1.1 Аналитикалы шолу
1.2 Көлемді-кеңістікті шешімдер
1.2.1 Шығармашылық ізденіс кезеңі
1.2.2 Шығармашылық жұмыс кезеңі
1.3 Бас жоспарды орындау
2.Құрылымдық бөлім
2.1 Ғимаратқа қолданылған құрылымдық шешімдер
2.2 Қолданылған құрылыс материалдары тізбесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Мөлшерлік сілтемелер:

Курстық жұмысты жасау барысында келесідей мөлшерлі құжаттарға сілтеме жасалынды:
ҚР ҚНжЕ 5.01-01-2002 Негізгі ғимараттар және имараттар.
ҚР ЕЖ 3.02-108-2013 Әкімшілік және тұрмыстық ғимараттар
ҚР ЕЖ 3.01-101-2013 Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және құрылысын салу
ҚР ЕЖ 3.06-101-2012 Ғимараттар мен имараттарды халықтың қимылы шектеулі топтары үшін қолжетімділіктін есебімен жобалау.
ҚР ЕЖ 5.01-102-2013 Ғимараттар мен имараттардың іргелері.
ҚМ және Е 12-01-2004 Құрылысты ұйымдастыру
ҚМ және Е 11-03-2001 Типтік жобалау құжаттары

Анықтаулар:

Жасылынған курстық жобада келесідей анықтамалар мен терминдер қолданылды:
Монофункционалды ғимараттар - бұл адамдардың әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандырып және көптеген қызметтерді атқара алатын қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар.
Гидрогеология -- жер астындағы сулардың тегін, ағысын, физика-химиялық қасиеттерін және олардың жер бетіне шығуын зерттейтін геология ғылымының бір саласы. Гидрогеология геологияның бір саласы болып табылатындықтан, жер асты суларын тау жыныстарымен, жер қыртысының даму тарихымен тығыз байланыста зерттейді.
Тротуар - көшелердің шеттерінде жүруге арналған арнайы жол. Тротуар үстінде қандай да болмасын ойын ойнауға немесе жүгіруге болмайды. Бұл жаяу жүргіншіге бөгет жасаумен атар, аса қауіпті болып табылады.

Белгілер мен қысқартулар

1... - бөлмелер атауы.
М - масштаб.
См. - сантиметр.
ГП - бас жоспар.
МЕМСТ - Мемлекеттік стандарт.
РК СТ - Қазақстан республикасының стандарты.
М. - метр.
М² - ауданы.

Кіріспе

Монофункционалды ғимараттар немесе кешендер - бұл қазіргі заманғы қала құрылысындағы ең перспективалы және сонымен бір мезгілде ең күрделі формат.
Монофункционалды ғимараттар мен кешендер үй-жайлардан, олардың топтарынан, әртүрлі әлеуметтік және тұрғын үй мақсатындағы ғимараттар мен құрылыстардан қалыптасады, олардың үйлесімі пайдалану қажеттіліктеріне, экономикалық орындылығына және қала құрылысының талаптарына байланысты. Қоғамдық ғимараттарды, көп функционалды кешендер мен кеңістіктерді жобалау кезінде орталықтар жүйесі көп жағдайда нөлден емес, өте дамыған көп қабатты әлеуметтік-морфологиялық Инфрақұрылым жағдайында қалыптасатынын ескеру қажет, онда негізгі ішкі жүйелер белгілі бір дәрежеде объективті-тарихи дамыған. Сондықтан орталықтар жүйелері мен әр элементті модельдеуден бұрын қала құрылысы тәжірибесінде жоқ ерекше қызмет түрі - жүйелік объектіні жүйелік талдау болуы керек. Бір сәулет шешімімен біріктірілген екі немесе одан да монофункционалды жоспарлау компоненттерінен тұратын ғимараттар монфункциялы болып саналады.
Монофункционалды ғимараттардың құрамына үй-жайлардың мынадай топтары енгізілуі мүмкін:
Тұрақты және уақытша тұратын тұрғын үйлер-пәтерлер, апартаменттер, пентхаустар, қонақ үйлердің нөмірлері мен апартаменттері;
Әкімшілік-іскерлік-қоғамдық ұйымдар мен басқару мекемелері, офистік үй-жайлар, банктер, жобалау және ғылыми-зерттеу институттары;
Оқу-тәрбиелік мақсаттағы-жоғары оқу және мектептен тыс мекемелер;
Денсаулық сақтау-дәріханалар мен сүт қоспаларының асханалары;
Сервистік-сауда, тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары, пошта және көлік бөлімшелері;
Мәдени және демалыс қызметі - спорт және дене шынықтыру объектілері( көрермендерге арналған трибунасыз), оқу залдары бар кітапханалар, концерттік, театр және кинозалдар, клубтар.
Монофункционалды ғимараттың құрылысына бөлінген учаскеде:
Монофункционалды ғимаратта тұратындарға тиесілі жеңіл автокөлікке арналған тұрақ алаңдары, 100 тұрғынға 45 автомобиль есебінен;
Монофункциялы ғимаратқа кіретін объектілерде жұмыс істейтін және келушілерге арналған тұрақ алаңдары, 100 адамға 40 бірлік автокөлік есебінен;
Қажет болған жағдайда - ғимаратқа қызмет көрсететін автобустар мен жүк автомобильдерін қоюға арналған орындар;
Ғимаратта жұмыс істейтін және тұратын адамдарға сервистік қызмет көрсетуге арналған объектілер;
Аумақты көгалдандыру, бір тұрғынға есептегенде 5 шаршы метр. Қабаттарда және пайдаланылатын шатырда орналасқан Қысқы бақтар түріндегі рекреациялық аймақтарды ескере отырып.
Жоспарлау шешімімен қала тұрғындарының учаскеде орналасқан сервистік қызмет көрсету объектілеріне еркін қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.
Барлық функционалды жоспарлау компоненттері баспалдақтар мен өткелдермен біріктіріледі, бірақ олардың әрқайсысында жеке эвакуациялық баспалдақтар мен шығу жолдары, вестибюльдер мен залдар болуы керек.
Едендер мен үй-жайлардың биіктігіне келетін болсақ, олар ҚНжЕ-де белгіленген нормаларға сәйкес қабылданады. Техникалық қабаттарда өту жолдарының биіктігі кемінде 1,8 м, ал инженерлік желілер орналасқан техникалық жерасты қабатында кемінде 2,1 м қабылданады.
Монофункциялы ғимараттардың шатырлары ішкі суағардың (биіктігі 6 және одан да көп қабаттарда) құрылысын ескере отырып және биіктігі 1,2 м дейін қоршаумен жобаланады.
Пәтерлердің, апартаменттердің және жатақханалардың тұрғын бөлмелерінде жарықтандыру табиғи болуы тиіс. Жуынатын бөлмелер пәтер түріне қарамастан біріктірілуі мүмкін. Іргелес нөмірлерді біріктіруге және нөмірлермен кеңсе бөлмелерін ұйымдастыруға рұқсат етіледі. Екі деңгейдегі пәтерлерді, сондай-ақ қызметшілерге арналған үй-жайларды жобалауға рұқсат етіледі. Басқа үй-жайлардың құрамы жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес анықталады. Ғимараттың құрылымы мен негізін есептеу кезінде мамандар құрылыс салушының жабдықты орналастыруға, ауыр элементтерді қабырға мен төбелік құрылымдарға бекітуге қатысты қосымша талаптарын ескереді.
Егер ғимарат 2 қабаттан төмен тереңдетілсе, жобалау кезінде топырақты бағалау жөніндегі инженерлік-геологиялық деректер ғана емес, сондай-ақ ғимараттың жер асты бөлігінің учаскенің гидрогеологиясына әсер ету болжамы, көліктен, оның ішінде метрополитеннен болуы мүмкін діріл әсерлері де ескеріледі.

Негізгі бөлім
1.Сәулеттік бөлім

Сәулеттік жобалау V пәнінен біз монофункцияналды ғимараттармен танысып, олардың қызыметтері мен түрлерін талдадық. Сабақ барысында аллағы қолға алайын деп жатқан ғимараттарды қарастырдық. Ең басында клаузурамен жұмыс жасадық. Мен бірнеше тақырыпты қарадым. Оларға негізінен кафе, киім дүкені, дәріханалар кірді. Клаузураға негізінен бас қасбет, бүйір қасбет, қабаттар жоспары, тілік, перспектива және бас жоспар кіреді. Мен таңдаған үш тақырыбымды клаузура арқылы көрсеттім.
Ең бірінші клаузурада киім дүкенін көрсеттім. Бұл жобам екі қабаттан тұратын дүкен. Бірінші қабатта балалар киімі мен басқада керекті заттар болса, екінші қабатта әйелдер және ерлер киімі болады деп жоспарладым. Кейінгі жоба екі қабаттан тұратын кафе мен бір қабатты дәріхана болды.
Сабақ барысында қарастыра келе курстық жұмыс үшін кафені тандадым. Енді жобамның тақырыбы кафеге келетін болсақ. Мен адамдарға жақсы тамақтанып, өздерін жақсы әрі ыңғайлы сезіне алатын демалыс орынын ұсынғым келеді.

Аналитикалы шолу

Кафе - бұл кішігірім мейрамханаға ұқсас тамақтану және демалыс орындары, бірақ мейрамханаға қарағанда шектеулі өнімдер ассортименті және қарапайым интерьері болады. Кафе негізінен мынандай түрлерге бөлінуі мүмкін:
Кофеханалар;
Кафе-наубайханалар;
Кафе-кондитерлік;
Интернет-кафе
Сондай-ақ, кафелер контингент бойынша бөлісе алады: жастарға, отбасылық, балаларға және де арт-кафелер болып.
Тағыда анти-кафелердің танымал форматы бар, онда адамдар алған тағамдары үшін емес, сол жерде өткізген уақыт үшін төлейді.
Осындай көптеген түрлерге бөлінуінің арқасында әр адам өз қалауына және талғамына сай келетін кафелерде бос уақытын өткізе алады. Мысалы, кофеханаларда негізгы акцент кофеде, егер сізге кофе ұнаса онда сіздің таңдауыңыз осыған түседі. Алайда кафенің бұл түрі әсіресе біздің қаламызда аса танымал емес. Кафенің наубайханалар мен кондитерлік түрлерінде аты айтып тұрғандай нан өнімдері, әр түрлі бәліштер, шоколад пен кәмпит өнімдері пісіріліп, сатылады. Интернет-кафелерде адамдар тамақтан бөлек достарымен компьютерден видео ойындар ойнап, фильмдер көруге келеді.

1.2 Көлемді-кеңістікті шешімдер

Менің жобам достарымен де, отбасыларымен де бас қоса алатын, екі қабатты кафе. Жобаны жазғы кафе ретінде қарастыруға болады, себебі бұнда терраса мен балкон қарастырылған.
Бірінші қабаттың жоспарын қарайтын болсақ, кафенің ені 10,6 метр, ал ұзындығы 22,8 метр. Ең алдымен кафеге кіргенде қонақтарды күтуге арналған холл орналасқан. Онда келген қонақтарды қызыметкерлер тіркеп немесе өз орандарына жайғастырады. Осы холлдың жанында гардероб және тазалық түйіні орналасқан. Ендігіде үлкен залға кіреміз, бұл 30-40 адамға арналған. Бұл бөлмеде барный стойка бар. Орындықтар 6 орынды, 4 немесе 3 орынға қарастырылған. Яғни, әр адам өзіне және өзімен келген компаниясына ыңғайлысын таңдауына болады. Бірінші қабатта ас әзірлейтін асханада орналасқан. Асханада кең болғандықтан бірнеше адам бір мезгілде кедергісіз жұмыстей алады. Асхана арқылы қоймаға кіре аламыз, онда азық-түлік пен керекті заттарды сақтауға болады. Бірінші қабаттан екінші қабатқа көтерілуге екі баспалдақ қарастырылған. Біреуі келушілерге арналған, негізгі залда орналасқан болса. Екіншісі қызметкерлерге арналған шағын баспалдақ.
Екінші қабаттың жоспарын қарастырар болсақ, ең алдымен бұл зал. Залда келушілерге арналған 20-30 орынды үстелдер орналасқан. Зал арқылы ішке кірсек адамдардын демалуына арналған холл және екі тазалық түйіні бар. Холл арқылы балконға шығуға болады. Залда террасаға шығуға мүмкіндік беретін екі есік бар. Террасада 20 адамға қызымет көрсетуге болады. Терраса ашық болғандықтан оны жазғы зона ретінде жобаладым. Яғни, ол тек мезгілдің тек жылы уақытында жұмыс жасайтын болады. Екінші қабатта тағы үш бөлме орналасқан. Оның біреуі әкімшілік, екіншісі қызметкерлерге арналған бөлме және де қойма. Қоймаға тазалыққа керекті және басқа да қажетті заттар сақтауға болады.
Тілік деп ғимараттың, құрылыстың немесе белгілі бір заттың қиылған кескінін айтамыз. Ғимаратты кесу кезінде қиманың қиялдағы тік жазықтығының қалпы, әдетте, кескінге терезелер, сыртқы қақпалар мен есіктердің ойықтары түсетіндей есеппен қабылданады. Мен тілікті ғимараттың ені бойынан жасадым. Тілікте көрсетілгендей бірінші қабаттан екінші қабатқа көтерілуге арналған баспалдақ көрінеді. Бірінші қабатта холлдан залға кіретін есік пен терезе көрсетілген. Екінші қабатта залдан террасаға шығатын есік пен терезе бар. Тілікте бірінші қабаттан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаланың функционалдық-экономикалық құрлымы туралы ұғым
Әлеуметтанудың институттары мен процестері
Әлеуметтік институт
Қаланың экономикалық құрылымы
Қоғамдық жүйе ретінде әлеуметтік талдау
Оттегі қадағасы
Құрғақ сүт өндіруге арналған шикізаттың сипаттамасы
Балалардың жалпы дамуында табиғат бұрышын құруды талдау
Полимерлеу реакциялары арқылы алынатын полимерлер
Ауру малды емдеудің қағидаттары
Пәндер