Тарақты иірімжіптің сипаттамасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Тарақты иірімжіптің сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Шикізатты таңдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Қоспа компоненттерінің сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3.1 Табиғи жүн ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3.2 Химиялық талшықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3.2 Тарақты өндірістің қалдықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.4 Қоспаның иіру қабілеттілігінің резервін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.5 Иіру өндірісінің жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.5.1 Иірімжіпті дайындаудың жобаланған жоспарын негіздеу ... ... ... ... ... ... .
1.5.2 Негізгі технологиялық жабдықтарды таңдау және сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2. Математикалық модельді құрастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Біздің елімізде ауылшаруашылығы өте дамыған, оның ішінде малшаруашылығы қазақ халқының ата кәсібі болып саналады. Сондықтан Қазақстанда Жүн өнеркәсібі саласы өте кең дамып, одан алынатын өнімдердің сапалы болуына көп көңіл бөлінуі керек. Бұл халықтардың әлеуметтік жағдайының жақсаруына әсерін тигізеді. Жүнді алғашқы өңдеу технологиясында, химия,физико-химиялық және механикалық процестермен тығыз байланысты, сонымен қатар өңдеу кезінде әртүрлі және өте күрделі химиялық заттарды қолдануды қажет етеді. Сондықтан, тек барлық қолданылатын заттарды және жүргізілетін процестерді аналитикалық түрде мұқият бақылаудың нәтижесінде ғана дүниежүзілік деңгейдегі жүнді алғашқы өңдеу мүмкіндігі туады.
Қой, ешкі, түйе және т. б. жануарлардың түрі, жеңіл өнеркәсіптің құнды шикізаты. Жүн талшықтары жылуды аз өткізеді, ылғал тартқыш және берік болады. Қой, ешкі және түйе жүні құнды шикізат болып есептеледі. Дүние жүзінде қой жүні көп өндіріледі. Қой жүні талшықтарының жуан жіңішкелігіне, құрылымына қарай бөлінеді. Жүн құрамындағы қылшықтардың ара қатынасы қой тұқымына байланысты әр түрлі болады. Сондықтан қой жүні биязы, биязылау, ұяң және қылшық жүн деп бөлінеді. Биязы жүн талшығының жіңішкелігі 14, 2-25 мкм, ұзындығы менирегі біркелкі болады. Түсі ақ, шайыры мол. Бұл жүннен жоғары сапалы мата тоқылады. Биязылау жүн біркелкі ірілеу жүн мен аралық қылшықтан тұрады. Талшығының жіңішкелігі 25, 1-35 мкм. Мұндай жүннен трикотаж, жоғары сапалы шұға тоқылады. Ұяң жүн құрамында жүннен басқа аралық және майда қылшықтар болады. Ұяң жүннен кілем тоқылады. Қылшық жүннің құрамында қылшық, әсіресе, өлі қылшық көп болады. Мұндай жүн киіз, киіз аяқ киім, т. б. жасауға пайдаланылады. Жүннің барлық түрінің сапасы малдың тұқымына, оны дұрыс азықтандыруға. бағып, күтуге байланысты. Ешкі жүні қылшықты, түбіт аралас болады. Ангор, т. б. ешкі тұқымының жүні биязылау келеді. Түйе жүні берік, сапасы жақсы болады. Одан жүн мата, сырт киім, әр түрлі бұйымдар жасалады. Сиыр, жылқы жүндерінен киіз, қоян жүнінен жеңіл киім жасайды. Ит жүні емдік мақсатта қолданылады.
Соңғы уақытта жеңіл өнеркәсібінде көптеген қиыншылықтар туып отыр. Бұл біріншіден шикізаттар мен материалдардың болмауынан өндіріс көлемінің тіптен құлдырап кетуіне әкеліп отыр. Егер тез арада түбегейлі шаралар қолданылмаса, шикізат жетіспеушілігінен елімізде мата шығару мен трикотаж бұйымдарын шығару төмендеп кетті. Осыған байланысты текстиль және жеңіл өнеркәсіпті жаңа импульс бойынша көтеру негізделіп отыр, ол өздігінен болатын оңай жұмыс емес, ол үшін басқару және өндіріс процестерінде көп жұмыс жасау керек.
Жоғары сапалы, халық сұранысын қанағаттандыратын, әсіресе жүн талшығы және одан жасалатын киімдер, көбінесе таза жүн талшығынан көрі, қоспа талшықтармен дайындалған матаны өндіру тиімді.
Жүн- қымбат табиғи шикізат, сонымен қатар оның бағасы талшық құрамы мен құрылысына, жіңішкелігіне, қасиеттеріне қарай тағайындалады. Осыған орай жүнді өңдеудегі негізгі шарт барлық типті шикізаттарды тиімді және үнемді пайдалану болып табылады.
Дайын өнімдерді сату нарығында жүн әр уақытта ерекше орында болған және болады да. Дүниежүзілік жүн өндірісі құрылымында жіңішке және жартылай жіңішке жүн үлесі үштен екі бөлігіне тең, ал жартылай қылшықты және қылшықты жүн үлесіне - үштің бір бөлігі.
Құрамына қарағанда , Қазақстанда өндірілетін жүн көптүрлі:меринос, жіңішке мериносты, жартылай жіңішке, аралас жартылай жіңішке, жартылай қылшықты, аралас қылшықты әртүрлі қылшықты жүнді тұқымдардан.
Ең қымбат шикізат - жіңішке меринос жүнін жабдықтаушылардың ең негізгісі оңтүстік Қазақстан болып табылады. Ол өндірістің жалпы көлемінің 50% жіңішке жүнмен және ондағы меринос жүнінің үлесі - 35%-ке тең, жеке асыл тұқымды зауыттарда 80-90%.
Жүн өңдеу процесі тікелей жүнді алғашқы өңдеу фабрикаларында басталады және шығарылған жүннің сапасы толығымен берілген операцияның дұрыс жүргізілуіне байланысты болады.
Елімізде болған өзгерістер және қой шаруашылығының приватизациялануы өндірістің төмендеуіне және қой санының азаюына әкеліп соқты.
Тоқыма өнеркәсібі - әлемдік көптеген елдердің бюджетін құ - рау - дағы бірден-бір маңызды сала. Экспорт айналымында және жалпы халықты жұмыспен қам - тамасыз етуде оның алар орны ерекше. Республикамызда тоқыма са - ла - сының тұрақты дамуына нақты жағ - - дайлар жасалған. Сондықтан 2006 жылы талшықты мақта-ши - кізат жиынтығы 438 мың оннадан асып түсті.Еліміздің мақтасы орта шитті тал - шық түріне жатады. Өндірілген мақта талшықтарының 80 пайызға жуығы экспортқа бағытталған, ал "Ме - ланж", "Ютекс" сынды кәсіп - орындарда әрі қарай өңделеді. Осы тұ - ста мемлекет басқаратын сапа ме - ханизмінің дамуына жағдай жасауда жеңіл өнеркәсіп өнімдері тен - ден - ция - сының түсу салдарынан туындайтын про - блемалар да жоқ емес екендігін айта кету ләзім.

1. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Тарақты иірімжіптің сипаттамасы

Тарақты иірімжіпті иірудің екі жүйесі, яғни - жіңішкеиіру және дөрекіиіру жүйелері арқылы жасалады.
Жіңішкеиіру иіру жүйесінде иірімжіпті 14-тен 50 текс, ал дөрекіиіруде - 31,2-ден 500 текске дейін дайындап шығарады. Жіңішкеиіру жүйесінде иірімжіп жасалу үшін 64 с және одан жоғары біртекті жүн, және тек 31 текс иірімжіпке 60 с жіңішке жүн қолданылуы мүмкін, ал 41 текс иірімжіпке - жартылай жіңішке 58[с] және 56 с қолданылады. Мұндай жүндерде талшықтардың орташа ұзындығы 55-тен 110 мм аралығында болады.
Тарақты иірімжіп дайындау үшін дөрекіиіру жүйесінде иірудің жартылай жіңішке және жартылай дөрекі (біртекті) орташа талшықтарының ұзындығы 130-150 мм және одан жоғары жүндер қолданылады. Сонымен қатар әртүрлі түрі мен сортына байланысты камвольды иіруде химиялық талшықтарды қолданады. Параметрі дұрыс таңдалған химиялық талшықтар (ұзындығы және сызықтық тығыздығы) жүнмен қоспаның иіру қабілеттілігі жоғарылайды, сонымен қатар көптеген сапалы иірімжіптің көрсеткіштері (беріктігі, тозуға және үйкеліске төзімділігі, және т.б.) жақсарады.
Тарақты иіруге көбінесе ақ және ақ-сұр, әртүрлі түске бояуға болатын жүндер қажет етіледі. Камвольды иірімжіпті дайындау үшін әлсіз жүндер (беріктігі төмендетілген) қолданылмайды.
Тарақты иірімжіпке келесі қасиеттер тән: аз сызықтық тығыздық (14текстен - 50 текске дейін) , тегістік, жоғары беріктік (3,1-ден 7,5сНтекс-ке дейін), жоғары ұзарғыштық (5,5-тен 13 %-ке дейін), теңөлшемділік ( І сорттағы біркелкісіздігі жалғыз жіпте 19-20 %, ширатпада -17 % құрайды), тазалық (қоқым - қоқысты қоспалар, түйіндер иірімжіпте болмауы тиіс), майдың құрамы иірімжіп түріне байланысты аз дегенде 1,7-2,5 % болуы қажет.
Тарақты иірімжіптер әдетте, боялған жүннің таспасынан және химиялық талшық қоспасынан , сонымен қатар боялған камвольды кәсіпорыннан немесе химиялық жіптерден алынған химиялық зауыттарда боялған жгуттардан алынады.
Тарақты иірімжіптің өндіріс процестерінде қалдықтар (кардты түсімдер, тарақтық қалдық, таспаның соңы және созбалар , және т.б. алынады. Қоспадан шыққан тарақты иірімжіп 80-82 % аспайды.
Тарақты өндірісте ұзындығы сақталған және таза талшықтар ғана қолданылады. Мұндай қалдықтарға таспа мен созбаның соңғысы, иіру машинасының бункерінің мычка жатады. Қалған басқа қалдықтар, яғни қысқа талшықтардан тұратын қалдықтар. өзінің одан әрі қолданылуы үшін шұғалы фабрикаға барып түседі.
Тарақты иірімжіптен тарақты маталар, орамалдар, трикотаж бұйымдары алынса, дөрекі тарақты иірімжіптерден - кілемдер мен техникалық маталар өндіріледі.
Тарақты маталар біршама жіңішке және тегіс тарақты біржіпті немесе ширатылған иірімжіптен дайындалып шығарылады. Тарақты мата беті тегіс және өрімдері айқын көрінетін арқау жіне негіз жіптерден тұрады, сондай - ақ, әдемі сырт көрініс береді.
Тарақты маталар көйлектік ( 130 - 250 гм² ), костюмдік (220 - 440 гм²), пальтолық ( 230 - 440 гм² ), шалбарлық ( 230 - 410 гм² ) болып бөлінеді. Жақшадағы сандар матаның беттік тығыздығын көрсетеді. Тарақты маталар арқау және негіз жіптер бойынша үлкен тығыздыққа ие. Иірімжіптің сызықтық тығыздығы мен матаның құрылымына байланысты оның 10 см-дегі жіптердің саны негіз бойынша 200-ден 470-ке дейін болса арқау бойынша - 170-тен 340-қа дейінгі тығыздықты құрайды.
Ең таза жүнді костюмдік маталар жіңішке ширатылған иірімжіптерден 19 текс х 2 дайындалады. Мұндай маталардың беттік тығыздығы 230 - 250 гм² құрайды. Типтік костюмдік маталарға бостондар, шевиоттар және ширатылған иірімжіптер жатады. Бұл маталардың артикульдерінде әртүрлілік көп болады, талшықтық құрамында, иірімжіптің сызықтық тығыздығында, өрім мен түр түсінде.
Бостон - саржалық өрімдердің жіңішке немесе жартылай жіңішке жүннен өндірілетін таза жүнді тегіс серпімді мата. Әдетте бостондар көбінесе көк қара және қоңыр түсті, біртегіс боялған болып келеді. Олар еркісілер костюмдеріне арналған, сонымен қатар балалардың пальтосы мен костюмдеріне де қолданады.
Шевиоттар - әдетте жабық яғни қанық түсті жартылай дөрекі жүннен, беті түкті, саржалық өнімдерден өндірілетін тегіс боялған мата. Жартылай дөрекі жүн мен тығыздықтық мәнді қолданылуының нәтижесінде мата берік, қатаң, және де біршама серпімді болып келеді. Шевиот артикулінің көптеген мөлшері жартылай жүннен өндіріледі.
Коверкот - негіз және біртүсті ширатылған немесе жалғыз арқау жібінен, қанық фонда ашық түсті нүктелер бейнелейтін екі түсті ширатпалы жіптен тұратын мата. Коверкоттар таза жүнді және жартылай жүнді болады. Костюмді коверкоттар көбіне сынық саржадан, ал пальтолы коверкоттар - саржалы өрімдерден жасалынады. МЕСТ 6326-74 стандартқа сай иірімжіптерге талаптар қойылады.

1 кесте. Тарақты жалғыз жіпті иірімжіпке қойылатын техникалық талаптар
Номиналды сызықтық тығыздығы, текс (номер)
Нақты кондиционды сызықтық тығыздықтың номиналдыдан жіберілетін ауытқуы, %
Шикізаттың сипаттамасы
Өңдеу
Қоспаның сорты
Жалғыз жіптің қатысты үзілу салмағы, аз емес
Ұзаруы, %, аз емес
Ширату коэффициенті
Иірімжіпті жүн талшықтарының құрамының ауытқуы
Варияция коэффициенті, %, көп емес
1000 м-дегі жгуттар саны
Нормаға сәйкес (кондиционды) ылғалдылық, %
Майдың үлесі, %, көп емес

гстекс
мНтекс

50 м пасмамен сынау кезіндегі сызықтық тығыздығы бойынша
Жалғыз жіпті сынау кезіндегі үзілу салмағы бойынша
Ширатуы бойынша

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
22текс (45,4)
+- 2,5
Меринос жүні 64с төмен емес І және ІІ ұзындығы 60% полиэфир талшығы-40%
боялған

1 2
10,0
98,0
10,0
28
-3,0
3,5
19
23
20
24
0,2
2,0
11,14
2,3

1.2 Шикізатты таңдау

Тарақты иіру жүйесінде шикізат ретінде алуан түрлі талшықты материал қолданылады, өйткені тарақты созбаны алу кезінде талшықтар кездемесінің жұқаруы оны тар жолақтарға бөлу арқылы жүретіндіктен талшықтың ұзындығы бойынша біртектілігіне қатаң талап қойылмайды. Жүнді тарақты иіру жүйесінде қоспаға кипалардағы талшықтан сапасы жағынан ерекшеленетін, тарақты өндірістің қалдықтары қосылады. Одан бөлек, тарақты қоспалардың негізгі компоненттеріне химиялық талшықтар, өз өндірісінің қалдықтары және де басқалары жатады, яғни қоспаның құрамына қасиеттері жағынан ерекшеленетін компоненттердің үлкен саны кіреді.
Шикізаттың түріне байланысты иірудің жүйелері (жіңішке тарақты немесе дөрекі тарақты иірімжіптердің белгіленуі қоспаны құрғанда тарақты иірімжіп өндірісіне келесі ережелерді сақтауға тиіс:
oo қысқа, ақаулы, жүндерінің беріктігі жағынан әлсіздері пайдалануға жіберілмейді;
oo иірудің жіңішке тарақты жүйесінде қоспалар үшін жіңішке жүн 60 с жоғары қолдану қажет;
oo иірудің дөрекі тарақты жүйесінде қоспалар үшін ұзын біртекті жүн 36 [с] пайдалануы мүмкін және біртексіз жүндердің барлық сорты мамық талшықтарының ұзындығы 70 мм жоғары;
oo тарақты иірімжіптердің қоспасының құрамына нормальды жүн кіреді. Талшықтарының аз сызықтық тығыздығы және ұзындығы жағынан жақсы түзуленген;
oo жоғары иірімжіпті меринос жүніне байланысты саралап араластыруға болады. Поместі жүнмен біраттас сапаны араластыру тек жартылай жүнді иірімжіпті өңдегенде орта және жоғары сызықтық тығыздығы жіберіледі, бар процесте шикізатты араластыру алдын ала өңдеу кардты түту және одан кейін талшығының ұзындығын сақтай отырып аз зақымдануына жету керек.

2 кесте. Жобаланған қоспаның құрамы
Компоненттердің атауы

Үлесі, %
Меринос жүні 64 [с]
60
Полиэфир талшығы
40
Барлығы:
100

1.3 Қоспа компоненттерінің сипаттамасы
1.3.1 Табиғи жүн

Жүн дегеніміз - жануар жамылғысынан алынған талшықты материал және сонымен бірге ол тоқылуға және иіруге т.б. процесстерге қабілетті. әр түрлі шығу тегіне және қасиеттеріне байланысты жүн бірнеше түрлерге бөлінеді. Осы түрлеріне байланысты қолданылуы, бұйымға айналдыру үшін жүргізілетін өңдеу процесстері де әр алуан.
Белгілері бойынша жүнді бес түрге бөледі: табиғи түлеуден түскен, қырқылған, қырқылмаған, зауыттық, өзінен-өзі түсетін жүн. Ал шығу тегіне байланысты: қой, ешкі, түйе, сиыр, жылқы, қоян т.б. Осының ішінде қой жүні 97,7%-н алады. Жүннің құрамы бойынша: негізгі екі топ; біртекті және біртекті емес.
Біртекті жүн тек бір морфологиялық типті талшықтар, ал біртекті емес - әр түрлі морфологиялық типті талшықтары бар жүн. Қойдын жүнін комплексті қасиеттері бойынша: меринос, меринос емес, жіңішке, цигай, кросбред және т.б.
Жүнді жіңішкелігі бойынша сұрыптау кезінде жүннің берілген түріне арналған стандартқа сәйкес сорттарға бөледі.
Ұзындығы бойынша сұрыптау кезінде жүнді тарақты иіруге арналған (ұзындығы 55 мм-ден жоғары) және аппаратты иіруге арналған (ұзындығы 55 мм-ден төмен) деп бөледі.
Біртекті жүннің ұзындығы деп түзуленген күйдегі штапельдің биіктігін алады. Біртексіз жүннің ұзындығы деп бүгілген күйінен түзуленбеген бұрымшаның түбіттік бөлігінің ұзындығын алады.
Күйі бойынша жүнді қалыпты, қоқымды, ошағанды және қоқымды-ошағанды-ақаулы деп бөледі. Ақ түсті жүнге, жоғарыда аталғандардан бөлек сарғаюмен байланысты күйлері қарастырылған - сарғайған, қоқымды-сарғайған және ошағанды-сарғайған.
Қалыпты - құрамында 1 %-дан аспайтын өсімдіктектес қоспалар, соның ішінде 0,005 %-дан аспайтын ошаған-тікені (1 кг жуылмаған жүнде 6 қорапша шамасында) бар жүн. Дөрекі жүнде 0,05 %-ға дейін ошаған-тікені жіберілуі мүмкін, меринос және цигай жүнінде - штапель ұшының 10 мм-ге дейінгі ұзындықта әлсіз сарғаюы, ал кроссбред жүнінде - штапельдің 13 бөлігіндегі ұзындықта сарғаюы.
Сарғайған - бұл жүннің сипаттамасы қалыпты жүндікіндей, бірақ штапель ұзындығының 10 мм-нен асатын сарғаюы бар немесе тұтас сарғайған.
Қоқымды - құрамында 1-ден 3 %-ға дейін өсімдіктектес қоспалар, соның ішінде 0,005-тен 0,01 %-ға дейін ошаған-тікені (дөрекі жүн үшін 0,05-0,1 %-ға дейін) немесе 1 кг жуылған жүнде ошаған-тікеннің 6-12 қорапшасы бар жүн.
Ошағанды - 3 %-дан асатын өсімдіктектес қоспалар, соның ішінде жуылған жүн массасына 0,01 %-дан аспайтын (дөрекі үшін - 0,1 %-дан жоғары) ошаған-тікені бар жүн.
Қоқымды-сарғайған - бұл біруақытта қоқымды және сарғайған жүн.
Ошағанды-сарғайған - бұл біруақытта ошағанды және сарғайған жүн.
Қоқымды-ошағанды-ақаулы - органолептикалық бағалау бойынша штапельдің немесе бұрымшаның бірнеше жерінде ластануы бар және үзілуге беріктігін жоғалтқан жүн.
Сұрыптау кезінде жабағы жүнін 45 өндірістік сортқа бөледі:
Жіңішкелігі бойынша - 80к ; 70к ; 64-70к ; 64к ; 64-60к ; 60[к] .
Ұзындығы бойынша - I; I-II; II; I-II-III; III; IV.
Күйі бойынша - қалыпты, сарғайған, қоқымды, ошағанды, қоқымды-сарғайған, ошағанды-сарғайған, қоқымды-ошағанды-ақаулы.
Сұрыпталған жүн талшықтарының жіңішкелігі 3 кестеде көрсетілген нормаларға сәйкес келуі қажет.
Жіңішкелігі бойынша орташа квадраттық ауытқудан асырып жіберген жағдайда жүнді төмендетілген сапаға жатқызады.
Сұрыпталған жүннің ұзындығы: I ұзындық - 70 мм және одан көп; II ұзындық - 70-тен 55 мм-ге дейін; III ұзындық - 55-тен 40 мм-ге дейін; IV ұзындық - 40-тан 25 мм-ге дейін [2; 92-94].
Жүн түсі бойынша ақ, сұр, қоңыр (ашықтан қоюға дейін) және қара. Сондай-ақ шұбар - ақ түсті жүннің бетінде түрлі-түсті талшықтар немесе қою түсті талшықтары өсіп шыққан жүн де кездеседі. Стандарттарға сәйкес жүнге қой жүнінің үш түсі бекітілген: ақ, ашық-сұр, түрлі-түсті.
Ақ деп таза ақ жүнді айтады, алайда жуылмаған жүн шайырдың түсі мен минералды қоспаларға байланысты әртүрлі реңді болуы мүмкін. Бірақ жуудан кейін жүннің түсі штапельдің немесе бұрымшаның ұзына бойында ақ немесе ақ сары реңді болуы керек. Штапельдің немесе бұрымшаның ұшының әлсіз сарғыштығы жіберіле береді (жүнге арналған нормативті-техникалық құжаттарға сәйкес).
Ашық-сұр деп өсіп шыққан түрлі-түсті талшықтары бар ақ түсті жүнді айтады.
Түрлі-түсті деп табиғи түстерден тұратын жүнді айтады: сұр, қою сұр, қоңырдың барлық реңдері мен қара.
Жүн талшықтарының табиғи бояуы тұрақсыз, күн сәулесінің әсерінен солғын тартып, жүннің түсі қайтады, сондықтан түрлі-түсті жүннен бұйым өндіру кезінде оларды химиялық бояғыштармен бояйды.
Технологиялық көзқараспен қарағанда ең бағалысы - ақ түсті жүн, өйткені оны кез-келген түске бояуға болады [2; 45].
3 кесте. Жүнді талшықтардың артықшылықтары мен кемшіліктері

Артықшылықтары
Кемшіліктері
oo киюге төзімді;
oo жұмсақ;
oo жеңіл;
oo жылу сақтағыш;
oo табиғи материал;
oo созылғыштық қасиеті жоғары;
oo жақсы үтіктеледі;
oo аз ғана мыжылғыш;
oo жоғарғы температураға төзімді;
oo матаның жүнді беті су итергіш және кірден онай тазарады;
oo мохер және кашемир ерекше жұмсақ және жылтырайды;
oo меринос жүні денеге қадалмайды, тегіс, жұқа және жұмсақ, теріні тітіркендірмейді;
oo кашемир өте жеңіл иірімжіп, жылы, жұмсақ, теріге қадалмайды;
oo ангор бұйымға жылулық, жұмсақтық және үлпілдектік қасиет береді.
- отырады және бастапқы қалпын жоғалтады;
- жиырылып қалады;
- пиллингтенеді;
- үйкеледі;
- жай кебеді;
- меринос қой жүні, қарапайым қойдың жүніне қарағанда қымбат;
- кашемир-үйкеліс әсеріне сезімтал.

2.0.2 Химиялық талшықтар

Химиялық талшықтар деп-табиғи және синтетикалық жоғары молекулалық қосылыстарды химиялық өңдеумен алынатын талшықтарды айтады.
Полиэфир талшығы -- бұл мұнай өнімдерінің туындысы болып табылатын қоспалар жиынтығы бар полиэтилентерефталат негізіндегі жоғары молекулалық қосылыс екенін бәрі бірдей біле бермейді. Тоқыма жіптерін алу үшін дайындалған масса әртүрлі температурада экструзиядан өтеді, бұл олардың қалыңдығы мен сипаттамаларын анықтайды.
Оның таза түрінде полиэфир сирек кездеседі. Бұл әртүрлі маталардың құрамына қосымша ретінде қызмет етеді, бұл олардың жұмысын жақсартады. Тоқыма өнеркәсібі жібек, мақта, жүн және басқа да жіптермен аралас кенептер шығаруды игерді.
Полиэфир талшықтары бар маталар көптеген артықшылықтарға ие және төмен бағаға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іш- киімдік өндірісте қолданылатын маталардың негізгі қасиеті мен ассортименті
Мақта - маталарын дайындаудың классикалық тәсілдері
Табиғи талшықтар
Түкті жүн маталарының қасиеттері
Текстиль өнеркәсібі салалары туралы түсінік. Текстиль өнеркәсібі шығаратын бұйымдар
Маталар, тоқыма және бейматалардың ассортименті
«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының материалтануы» пәннің оқу-әдістемелік кешені
Ұлтарақтарға арналған табиғи талшықтардан жасалған беймата материалдарының тұтынушылық қасиеттерін зерттеу
Химиялық тін талшықтарын өлшеу аспапатары
Бұйымның лекал ауданы
Пәндер