Мемлекет басқару нысаны ретінде
Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті КАҚ
Бизнес және құқық факультеті
Құқықтану кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пән: Мемлекет және құқық теориясы
Тақырыбы: Мемлекет басқару нысаны ретінде
Орындаған: ЮП-20-3 тобы студенті Меңдеш Ә.А.
Рецензент: з.ғ.к., профессор Абилшеева Р.К.
Ақтау 2020
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Мемлекет нысанының түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Мемлекет нысанының элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ НЫСАНЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ... ... ... ... ... .22
2.1 Монархиялық басқарудың нысаны ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.2.Республика басқару нысаны ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 26
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қоғамдық еңбек бөлінісінің,
жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдастық құрылыс
тапқа бөлінуінің туындысы болып мемлекет қалыптасты.Мемлекет - қоғамның саяси-экономикалық,мәдени-әлеуметті к жүйесін бірізділікке түсіретін,қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт болып табылады.Мемлекет жария өкіметтің пайда болуы мен іс-әрекеттің нәтижесі ретінде қалыптасатын,қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны және оның негізгі салаларына басшылық ететін,қажетті жағдайларда өкіметтің күш-қуатына сүйенетін басқару жүйесі.Осы басқаруды іске асыру кезінде мемлекеттің басқару нысанына,құрылымдық нысанына және саяси тәртібіне мән бере отырып назар аудару маңызды істердің бірі.
Міне осы қасиеттердің не екендігін білу үшін,олардың қалай сараланатындығын табу үшін мен курстық жұмысымда мемлекет нысаны және оның ішіндегі мемлекет басқару нысаны жайында жазамын.
Курстық жұмыстың өзектілігі.Курстық жұмыс барысында әр түрлі мемлекеттердің қалыптасу тарихына шолу арқылы мемлекет нысанының қандай белгілі түрлері бар екендігін,әр елде бұл нысандар қалай алмастырылып отырғандығын және олардың территориялық орналастырылуына байланысты нысандардың өзгеруін қарастырдым.Курстық жұмыстың басты өзектілігі - мемлекеттің мазмұнының оның нысанынан бөлінбейтіндігін,олар бір-бірімен тығыз байланыста дамуын көрсету.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті.Курстық жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеті - мемлекеттерді жіктеу процестері олардың тарихи дамуын дұрыс түсіну үшін қажеттігін көрсету,мемлекет нысанының негізгі элементтері арқылы әр елдің саяси биліктік бөлінуіне және мемлекеттік биліктің жоғары органдарының өкілеттіктеріне,ұстанған саясатына байланысты толық сипаттама беру мүмкіндігі.
Курстық жұмыстың пәні.Курстық жұмыстың көтергеннегізгі мәселесі - мемлекет нысанының негізгі үш элементін,оның ішінде басқару нысанын жан-жақты ашу және талдау.
Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы мен нәтижелері.Бұл курстық жұмысымның басқа жұмыстардан ерекшелігі: мемлекет нысаны жөнінде толық мағлұмат алуға болады.Жұмысымда берілген мағлұматтарға сүйене отырып,мемлекет нысанының не екендігін,оның қандай элементтерден тұратындығын және оның әрбір элементіне жан-жақты анықтама тауып,толыққанды түсінуге болады. Бұл көптеген тарихи,ғылыми жұмыстарға бастау бола алады.
Курстық жұмыстың құрылымы. Жалпы бұл курстық жұмысым кіріспе бөлімінен және де негізгі екі бөлімнен тұрады.Қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
1.1 Мемлекет нысанының түсінігі
Мемлекет нысандары - саяси өкіметті ұйымдастыру жолдары,басқару нысанын,мемлекеттік ұйымдастыру нысанын және саяси режимды қосып алады.
Егер мемлекеттің негізі санаты мемлекеттегі басты,заңдылық не нәрсеге байланысты екендігін белгілесе,мемлекет нысаны санаты - қоғамды кім жіне қалай басқарады,қалай ұйымдасқан және ондағы мемлекеттік билік құрылымы қалай қызмет істейді,ол аумақтың тұрғындары қалай біріккен,әр түрлі аумақтық және саяси құрылымдар мемлекетпен қандай қатынаста,қандай әдістердің және қандай жолдардың көмегімен саяси билік жүргізілетіндігін көрсетеді.
Аристотельдің берген мінездемесі бойынша,мемлекеттің нысаны ол жоғарғы өкімет органдарының іске асатын саяси жүйесі. Мемлекетті дұрыс басқарудың үш нысаны бар: Монархиялық басқару (королдік билік), Аристократтық және Полития, ал бұрыс нысанда тирания, олигархия, демократия жатады, ең дұрыс нысанды Аристотель полития деп түсіндірді. Полития көпшіліктің мақсатын көздеп мемлекетті басқарады. Аристотельдің ойлауынша, политая олигархия мен демократияның өзіне жақсы жағын алады. Полития мемлекеттің орташа нысаны. Мемлекет ортанғы азаматтардан тұрса, ол ең жоғарғы дәрежедегі мемлекеттік қатарға жатады.
Басқару нысаны мынандай мәселелерді түсінуге мүмкіндік береді:
- мемлекеттің жоғарғы орғаны қалай құрылады және олардың құрылымы қандай;
- жоғарғы және басқа мемлекеттік органдардың арасындағы қарым-қатынастардың негізінде қандай принциптер жатыр;
- жоғарғы мемлекеттік билікпен тұрғындардың арасындағы қарым-қатынас қалай құрылған;
- жоғарғы мемлекеттік органдардың ұйымдастыру қызметі азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуге қандай деңгейде мүмкіндік береді.
Жоғарыдағы айтқандарымыздың қорытындасы 1995 жылдың 30 тамызында кабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабында көрсетілген: Қазақстан Республикасы -- президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.
Президенттік басқару нысандары әр елде әр түрлі болады. Президенттік басқаруға тән мынандай сипаттарды айтуға болады:
1.Президентті Парламентсіз сайлау және үкіметті құру тәсілі;
2.Үкіметтің Парламенттің алдында емес, Президенттің алдындағы жауаптылығы;
3.Парламенттік республикаға қарағанда, мемлекет басшысының өкілеттігінің көбірек кеңдігі.
Президенттік Республика қазіргі кездегі мемлекеттік басқарудың бір нысаны ретінде Қазақстан Республикасында парламентаризммен қатар, Президенттің қолына мемлекеттің басының және үкіметтің басшысының өкілеттігін жинап береді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабы бойынша:
1. Қазақстан Республикасының Президенті -- мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.
2. Республиканың Президенті -- халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құкықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.
3. Республика Президенті -- мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
Осы заңның негізінде, мемлекеттік билік жүйесін демократияландыру, Қазақстанда адал және әділ сайлау жүйесін құру, сайлау процесіне саяси партиялардың қатынасуына мүмкіндік жасау, Парламентті биліктің дербес тармағы ретінде, өкілеттігін кеңейтіп, еліміздің саяси өміріндегі атқаратын рөлін көтеру бекітілді. Үкіметтің және оның мүшелерінің Парламент алдындағы жауапкершілігін арттырып, Парламент депутаттарының мәртебесін көтеру, соттық құқықтық жүйені, мемлекеттік қызметті одан әрі қарай реформалау көзделді. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясына 19 түзетулер енгізілді. 33-баптың 14-тармағындағы мемлекеттік қызметтегі адамдардың жасына шек қою алынып тасталды. Ендігі жерде, өмірлік тәжірибесі бар, білімді адамдар мемлекеттік қызметте жасына байланысты шектелмей пайдаланылады.
Біздің еліміз Қазақстан Республикасын өз алдына демократиялық мемлекет құруды мақсат етіп қойып отыр. Мұндай мемлекет құруды негізгі шарты -- барлық азаматтарды ұлтына қарамай тең құқықтық негізде біріктіру. Мемлекеттің саяси мекеме ретіндегі табиғаты әсіресе азаматтық қоғамда анық байқалады. Азаматтық қоғам түсінігі мемлекеттік-құқықтық ой классиктері қалдырған негізгі теориялық мұра болып табылады. Отандық заң ғылымында бұл ұғым ұзақ уақыт бойы ұмытылып, өндірістік қатынастар ұғымына сәйкестендірілді. Негізінде азаматтық қоғам - бұл қатынастарға қарағанда өте кең мағынадағы категория болып табылады. Оның құрылымына саяси мемлекеттен тыс қоғамдық қатынастар: экономикалық, әлеуметтік, идеологиялық, діни, мәдени, отбасылық және басқалар кіреді.Мемлекет дегеніміз -- қоғамды басқару құралы болып табылады. Әлемдік тәжірибеде мемлекеттің үш белгісі бар, ол атап айтқанда, басқару органдары мен мемлекеттердің ерекше жүйесінің, қоғамдық қатынастарды реттейтін құқығының және мемлекеттік билік жүргізетін аумағының болуынан көрінеді. Әдетте, мемлекетті басқару керектігі белгілі, оның өзі монархия және республика болып екіге бөлінеді. Монархияда ел билігі бір адамның қолында болады және билік мұрагерлікпен жүзеге асады. Қазақ хандарының тақ мұрагерлігі болды. Сондай-ақ патшалық Ресей кезіндегі Романовтар әулетін де мысалға келтіруге болады.
Ал енді Республикалық басқару жүйесі деген не? Республика деген мемлекетті басқару жоғарыдан төмен қарай белгілі бір мерзімге сайлау арқылы жүзеге асуды білдіреді. Қазіргі кезде Республиканың екі түрі бар: олар Президенттік және Парламенттік. Аттарының өзі айтып тұрғандай, бірінде мемлекеттік басқару билігі президенттің, екіншісінде парламенттің қолында жинақталған. Біздің мемлекетіміз президенттік басқару нысанындағы республика түріне жатады, ол Қазақстан Республикасы деп аталады. КСРО тарағаннан кейін Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, тәуелсіз мемлекет атанды. 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. Бұл Қазақстанның халықаралық деңгейінде беделінің ерекше артқанын көрсетеді. Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жас мемлекетіміздің буыны бекіп, өркендей түсуіне зор еңбек сіңіріп келеді.Әр елдің өз Конституциясы -- негізгі заңы бар.
Қазақстанның қазіргі қолданып жүрген Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. Оның бірінші бабында былай делінген: Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы -- адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері -- Туы, Елтаңбасы және Әнұраны бар. Бізде мемлекеттік тіл -- қазақ тілі, мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарда орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен қолданылады.
Мемлекеттің маңызды сипаттамаларының бірі - оның ерекше құрылымдық мекеме болуы. Оны біз түрлі биліктік өкілеттіліктері бар ерекше разрядтағы адамдардың әлеуметтік аппаратқа бірігуінен байқаймыз және де олар басқарудың белгілі бір маманданған қызметімен айналысады.
Қазақстан Республикасының Президенті мемлекетіміздің үздіксіз қалыптасуы жөнінде былай жазады: Өтпелі кезең стратегиясының мазмұны мен мақсатының жүзеге асуымен байланысты, әлемдік қатынастарға Қазақстанның жаңа орны мен жаңа сапасын ескеруші стратегияны жасау, ойластыру қажеттілігі туады.
Мемлекет мәні ғылыми санат ретінде мемлекеттің ең басты,маңызды белгісі неде екеніне жауап берсе, мемлекет нысаны санаты қоғамды кім және қалай басқаратынын,ондағы мемлекеттік билік құрылымдарының қалай құрылғандығын және әрекет ететінін,сол аумақтағы халықтың қалай біріккенін,халық пен мемлекеттің түрлі аумақтық және саяси құрылымдар арқылы қандай қатынаста болатынын,саяси биліктің қалай және қандай әдіс-тәсілдермен жүзеге асырылатынын білдіреді.
Мемлекеттің аумағы,халқы,билігі оның барлық мемлекеттерге тән мазмұндық сипаттамаларын білдірсе, мемлекет нысаны ұғымынан мемлекеттің ішкі ұйымдастырылуы,құрылымы көрініс табады.
Қоғамдағы саяси өмір де,мемлекеттік институттардың тұрақтылығы да мемлекеттің нысанына белгілі бір дәрежеде тәуелді болады.
Мемлекет нысаны - басқару нысанын,мемлекеттік құрылым нысанын және саяси режимді қамтитын саяси өмірді ұйымдастыру тәсілі.
Мемлекеттің нысанынан оның құрылымы көрініс табады.Мемлекеттің құрылымына әлеуметтік-экономикалық факторлар да,табиғи,климаттық жағдайлар да,ұлттық-тарихи және діни ерекшеліктер де,қоғам дамуының мәдени деңгейі де әсер етеді.Мысалы, Англияда буржуазия мен феодалдардың келісімінің нәтижесінде шектелген (конституциялық) монархия орнады,ал Ресейде халықтың көпұлттық құрамына және үлкен аумақты алып жатуына қарай мемлекеттің федеративтік құрылымы үшін алғышарттар туындады.
Мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық бірлігі байқалады. Мемлекеттің нысаны қоғамның экономикалық, мәдени, рухани мазмұнына байланысты. Демократиялы мемлекеттер туралы айтатын болсақ, олар тек қана республика немесе шектелген монархия түрінде өмір сүреді. Ал шығыс мемлекеттер көбіне монархия болатыны жақсы мәлім. Қытай, Үндістан, Египет (Мысыр), Англия, АКШ мемлекеттерінің философтары Аристотель, Монтескье, Локк, Вашингтон, Де Голль мемлекеттің нысанына көп көңіл бөлген. Мемлекеттің мазмұны оның нысанынан бөлінбейді, олар бір-бірімен тығыз байланыста дамиды.
Тәуелсіз Қазақстанда екі жылдан кейін, 1993 жылғы Конституциясының орнына екінші 1995 жылғы Конституция алынды. Бұл соңғы Конституция мемлекеттің сыртқы нысанын өзгертіп, Қазақстанда президенттік республиканың саяси жүйесі құрылды.
Мемлекеттің тарихи даму процесінде оның нысанына бірнеше жағдайлар әсер етеді. Бірінші жағдайға географиялық, климат, тарихи факторлар жатады. Егер мемлекет континентте қалыптасса немесе оның шекарасы теңізге, мұхитқа шықса, бұл екі жағдайда екі мемлекеттің нысаны екі түрлі болады. Аралда орналасқан мемлекеттердің континенттік мемлекеттермен салыстырғанда демократиялық режимдері күштілеу екені байқалады. Шығыс мемлекеттерде бірінші ірі цивилизациялардың дамуы ұлы өзендермен байланысты болды: Қытайда - Хуанхэ, Египетте - Ніл, Вавилонда - Тигр және Евфрат, Үндістанда - Ганг. Шығыс мемлекеттерде - монархия, Еуропада - шектелген монархия немесе республика құрылған. Ежелгі демократиялық республикалар Жерорта теңізінің жағасында орналасқан мемлекеттерде болғаны жақсы белгілі. Қазақстанның географиялық жағдайы, екі - Ресей және Қытай сияқты ірі мемлекеттермен көршілес болуы, теңізге қашықтығы және ашық жолдың жоқтығы мемлекеттің дамуына едәуір нұқсан келтіріп отыр.
Мемлекеттің құрылысына экономикалық және саяси жағдайлар әсерін тигізеді. Ежелгі - феодалдық немесе шығыс мемлекеттерде рулық қоғамның қалдықтары көп уақытқа дейін сақталып келді (Ману заңдарында, Салистік жинағында - Салическая правда), Орыс мемлекетінің жинағында - Русская правда). Кейін алғашқы қоғамның ыдырау процесінде ол қалдықтар жойылады да мемлекеттің нысаны қатты өзгереді. Мысалы, Үндістанның мемлекет құрылысы туралы қатаң қағида болған: патшаның әділетті болуы, жеке меншікті бұзбайтын, брахмандарды сыйлайтын және олардың айтқан ақылдарын тыңдауы міндетті болған. Бұл туралы Ману заңдарында айтылған. Ресейдің феодалдық мемлекетінде халық жиналысының, соттың, рулық қауымның рөлдері көпке дейін сақталып келді. Саяси жағдай, топтардың арасындағы қарым-қатынастар шиеленіскен жағдайларда демократиялық басқару туралы айту қиын. Дағдарыс кезінде көбіне мемлекетті басқару бір адамның қолында болады: Наполеон, Рузвельт, Гитлер, Пиночет. Ал мемлекеттің экономикасы жақсы дамыған кезде, жағдай тыныш уақытта демократиялық әдістер жақсы қолданатыны мәлім (Греция, Рим, Швейцария, Бельгия).
Мемлекеттің құрылымына қоғамның ұлттық құрамы, тарихи әдет-ғұрыптары немесе ерекше тарихи жағдайлары да әсерін тигізеді. Ресей, Үндістан, Америка, Мексика мемлекеттері көп ұлттық мемлекеттерге жатады, сондықтан олардың мемлекеттік құрылымдары федерация. Ал Жапония, Германия, Польша бір ұлттық мемлекеттер, бірақ біреулері тұтас мемлекет, екіншілері, мысалы, Германия федерация. Бұл жағдайды анықтау үшін Германияның мемлекеттік процесін және тарихын жақсы білу керек. XIX ғасырда Пруссия мен Австрияның гегемония үшін күресі Пруссияның жеңісімен аяқталды. Бірақ феодализм кезеңінен Германияның капитализмге көшкенімен, буржуазиялық мемлекеттің қалыптасуы аяқталған жоқ. Сондықтан қазір де немістер бірнеше тәуелді мемлекеттерде тұрады: ФРГ, Швейцария, Австрия - олар федерацияға жатады.
Қазақстан жерінде көне дәуірден қазақтың арғы атасы - түріктер, бергі атасы - қыпшақтар өмір сүрген. XV ғасырда қазақ хандығы құрылып өзінің тәуелсіз мемлекеті болған. Қазақстан көп ұлттық республикаға айналуы XX ғасырда болды. Сондықтан Қазақстан республикамыздың қазіргі Конституциясы біртұтас, бөлінбейтін мемлекет болып жарияланды.
Мемлекеттің нысанына халықаралық жағдай, мемлекеттердің арасындағы қарым-қатынастар және абыройы күшті адамдардың істері де әсер етеді. Отарлық мемлекеттердің басқару нысанына бұрынғы метрополия мемлекеттерінің нысаны үлгі болатыны мәлім. Дамыған елдердің саяси-мемлекеттік құрылысы, олардың демократиялық іс-әрекеттері дамушы елдерге көп әсер етуі объективтік процесс. Мысалы, Ұлыбритания бүкіл Еуропа континентіне, Жапония жөне Скандинавия мемлекеттеріне өзінің шектелген конституциялық монархиясын үлгі ретінде сыйлағаны белгілі. Ал АҚШ өзінің көрші мемлекеттеріне және посттоталитарлық мемлекеттерге президенттік республикасының әсерін тигізді. Франциядағы Де Голль құрған парламенттік республика да кейбір мемлекеттерге әсерін тигізді.
Республиканың мемлекеттік құрылысына саяси күшті адамдардың қызметі және жүргізген саясаты әсерін тигізеді: Гитлер, Рузвельт, Шыңғыс хан, Абылай, Петр Бірінші, Ататүрік және басқаларын еске алсақ дұрыс болады. Лениннің саясаты бір континенттің мемлекеттеріне 70 жылдан аса уақытқа үлгі болды. Тек қана Еуразия емес, Куба, Вьетнам, Корея, Африканың мемлекеттерінің тарихына ықпал жасағаны мәлім.
Мемлекеттің дамуына діни факторлары да әсерін тигізеді. Мұсылман, католик, христиан, буддистік мемлекеттердің өздеріне тән нышандары бар. Сонымен, мемлекеттің сыртқы формасын анықтау үшін көп фактілерді терең зерттеу керек.
Оқу әдебиетінде мемлекеттің нысаны көбіне үшке бөлінеді - басқару нысаны, мемлекеттің құрылымының нысаны және саяси режим. Ал, негізінде, мемлекеттің нысаны тарихи кезеңмен және әрбір мемлекеттің ерекшеліктерімен байланысты екені мәлім. Сондықтан мемлекеттің әрбір нысанының көп варианттары бар. Мемлекеттердің дамыған кезінде осы үш элементтерінің біреуі бірінші орынға шығады. Қазіргі Ресейде мемлекеттің екінші элементі - Ресей федерациясының негізгі принциптерін сақтау үшін Шешен республикасымен соғыс әдісін қолданғаны белгілі. Бұл Ресей федерациясының мықтылығын көрсету, негізгі принциптерін сақтау үшін істелген саясат. Бұл мемлекеттің құрылым нысанын бірінші орынға қойып отыр. АҚШ 1860-1864 жылдары Солтүстік пен Оңтүстіктің арасындағы соғыс кезінде федерацияны сақтау мақсаты мемлекеттің негізгі нысаны болды. Фашистік режим құрылған кезде мемлекет нысанының саяси режимі бірінші орынға шығады. Бейбітшілік кезде экономикалық дамуы жоғары демократиялық мемлекеттерде басқару нысаны мемлекеттің сыртқы жағдайын белгілейді.
Мемлекеттің басқару нысанына оның жоғары, орталық және жергілікті органдарының құрылуы, олардың қарым-қатынастары қандай принциппен қалыптасты, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға жауап береді. Мемлекет нысандарының арасында басқару формасы маңызды элемент болып саналады. Басқару нысаны монархия және республика екі түрге бөлінеді.
1.2 Мемлекет нысанының элементтері
Мемлекет нысанының элементтері болып мыналар табылады:
1) басқару нысаны мемлекеттік биліктің жоғары органдарының құрылу және ұйымдастырылу тәртібін,олардың өзара және халықпен қарым-қатынасын сипаттайды.Басқару нысанының ерекшеліктеріне қарай мемлекеттер монархия және республика деп бөлінеді;
2) мемлекеттік құрылым нысаны мемлекеттің аумақтық құрылымын,мемлекет пен оның аумақтық бірліктерінің арақатынасын көрсетеді.Мемлекеттік құрылым нысанына қарай мемлекеттер унитарлық,федеративтік және конфедеративтік деп бөлінеді;
3) саяси (мемлекеттік) режим мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістері,тәсілдері және құралдарын білдіреді.Мемлекеттік билікті жүзеге асыру құралдарының қатарына қарай демократиялық және анти-демократиялық саяси (мемлекеттік) режимдер ажыратылады.
Осылайша,мемлекет нысаны - оның құрылымдық,аумақтық және саяси құрылысының мәндік жиынтығы.
Мемлекеттік басқару нысаны - жоғары мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуын,оның органдарын құру тәртібін және органдардың халықпен өзара қарым-қатынасын сипаттайтын мемлекет нысанының элементі.
Жоғары мемлекеттік билікке мемлекет басшысы (монарх немесе президент),заң шығарушы орган,үкімет жатады.
Монархия (грек тілінен monarchia - жалғызілікті билік) - жоғарғы билік бір адамның қолында болады және бұл билік мұрагерлікпен беріледі. Монархияның белгісі: мемлекетті басқаратын адамның билігі оған әкесінің немесе басқа туысқандарының қолынан көшуі, тиюі. Сондықтан оның билігі - мұралық билік.
Монархияның белгілері:
1) билік мұрагерлік бойынша беріледі;
2) билік мерзімсіз жүзеге асырылады;
3) халықтың еркіне тәуелді емес;
Тақтың көшуінің екі әдісі бар: шығыс және кейбір Еуропа мемлекеттерінде тақ тек ер адамдарға беріледі. Ал көпшілік Еуропа мемлекеттерінде еркек адамдарға да, әйел адамдарға да беріле береді (Ресей, Дания, Англия). Монархияның озбырлық жолмен де көшуі мүмкін; Наполеон, Каролингтердің тұқымдары, Чандрагупта, Вильгельм Оранский. Соңғы Англияда мемлекеттік төңкеріс ұқсас даңқты революциясынан кейін заңды патшаның қолынан билікті алғаны белгілі. Монархияның көшуінің үшінші түрі бар, монарх бірнеше ақсүйектердің тұқымдарынан сайланды (Малайзия). Тарихта екі монарх болған мемлекеттік басқару формасы да кездескен (Спарта). Тоталитарлық жүйеде Коммунистік партияның басшысының билігі монархтың билігінен де күшті болды. Сонымен, монархтың билігі көбіне мұрагерлік билікке жатады, ол өзінің қызметіне құдайдан басқа ешкімнің алдында жауапты емес, ол мемлекеттің басшысы, құқықтың қайнар көзі, оның атынан сот, мемлекеттің атқару функциялары жүзеге асырылады, ол әскерді басқарады, мемлекеттің атынан шарт құрады. Монархтың бірнеше жоғары аттары мен титулдары болады, оны асырау, мемлекеттің міндеті. Мысалы, Англияның короліне 1660 жылдан бастап цивилдік қағазбен парламент мұқтажына керек ақшаны беретін болды. Корольдердің сарайлары киімдері, әскерлері мемлекеттің міндетінде болды. Корольді асырау мемлекетке өте ауыр болса да, көп мемлекеттер корольден және монархиядан басын тартқысы келмейді. Қазіргі Англияның королі - Елизаветаның мұра жалғастыратын балаларының абыройы өте күшті болмады, екі баласы және қызы некесін бұзып ажырасып кетті. Бірақ 1997 жылы Англияның азаматтарынан Король Англияға керек пе? деп сұрастырғанда, 66 проценті монархия да, король де сақталсын деп жауап берді.
Монархия екіге бөлінеді: шексіз және шектелген монархиялар. Шексіз монархия - монархтың билігін басқа мемлекеттік орган шектемейді, жоғарыда айтылған биліктің бәрі соның қолында. Бірақ шексіз монархияның да бірнеше түрлері бар. Ең бірінші шексіз монархия - Шығыс деспотиясы (Египет, Вавилон, Қытай, Жапония). Монархтың қолында өте күшті экономикалық функциялары жиналған, ал бұл билік осы айтқан мемлекеттердің географиялық және ерекше экономикалық жағдайларымен байланысты. Мысалы, Египет мемлекетінде номдардың бәрін фараон біріктіріп, Ніл өзенінде суару жұмыстарын басқаратын. Монархтың осындай қиын экономикалық қызметі өте күшті биліктің қажет екенін туғызды. Сондықтан, фараондардың биліктері шексіз болатын: ол Ра құдайдың тұқымы, таққа отырған кезден оған пирамида салады, ол экономикалық, қаржы, заң шығару, діни, сот, әскери қызметтерін басқарған. Тарихта кездескен шексіз монархияның екінші түрлері көне дәуірдегі мемлекеттерде болған. Оған Рим империясы жатады. Бұл шексіз монархия республиканың орнына келді. Императордың да билігі өте күшті, бірақ оны күшейтетін жағдайлар саяси факторлерге байланысты болған. Орта ғасырларда шексіз монархия феодализмнің соңғы кезінде пайда, болды. Ең күшті феодалдық шексіз монархияларға Людовик ХІҮ, Петр Бірінші, Екатерина Екінші, Елизавета Бірінші, Фридрих II, Әдемі Сулейман монархиялары жатады. Людовик ХІҮ мемлекетті 55 жыл басқарды (1661-1715). Оның мемлекет деген-мен - сөзі бүкіл Еуропаға мәлім болған. Версаль сарайын салдырды, қаржыны өзі жұмсады, заңды өзі шығарды, парламентті жинамай мемлекетті, әскерді де, сотты да өзі басқарды. Ол өмір бойы көрші мемлекеттермен соғысып, сыртқы саясатын толық өзі жүргізді. Бірақ феодализмнің шексіз монархияларының мемлекетке істеген жақсылықгары да көп еді. Қазіргі жаңа ғасырларда шексіз монархиялар өте сирек кездеседі (Бруней, Оман).
Монархиялардың көбі шектелген монархияларға жатады. Бұл монархияда монарх билігі басқа бір органмен немесе заңмен шектеледі. Шектелген монархия шығыс мемлекеттерінде кездеседі, мысалы, Үндістан. Үндістанның патшасы екінші кастаға жататын - критерилерге, ол брахмандардың айтқан ақылдарын және олар құрған Кеңесін сыйлауға тиісті. Патша брахмандардың жеке меншігіне тиісуге құқығы жоқ, оларды өлім жазасына кесе алмайды, заң шығару немесе сот функцияларын олардың Кеңесі қатынаспаса атқара алмайды.
Орта ғасырларда Еуропа мемлекеттерінде сословиелік-өкілдік монархиялар пайда болды. Еуропа қоғамында үш сословие қалыптасқан болатын: шіркеу қызметкерлері, дворяндар және қала тұрғындары, басқаша айтқанда - буржуазия. Осы сословиелер өздерінің мүдделерін қорғайтын сословиелік органды құратын, ол Парламент, Кортес, Бас штаттар деп аталатын. Бұл органдар қалыптасқан кезде салық жинауға келісімін беретін, одан кейін қызметін күшейтіп, заң шығару ұсынысты қолына алды, кейін заң шығару билігін өзіне қаратты. Жапония мемлекетінде императордың билігін сегун деген әскери қызметкерлер шектеген болатын, бұл басқару форма сегунат деп аталды.
Жаңа кезеңдерде шектелген монархия конституциялық монархия деп аталады. Оның екі түрі бар: дуалистік және парламенттік монархия. Дуалистік монархияда мемлекетті басқарған екі топтың күші тең, буржуазиялық революциялар өткеннен кейін, оның бірінші кезеңінде бұрынғы корольдер биліктерінің жартысынан айырылды, оған біріншіден заң шығару билігі жатады. Мысалы, Франция мемлекетінде 1791 жылғы Конституция бойынша король заң шығару билігін жоғалтты, ол Ұлттық жиналыстың қолына көшті. Бірақ оның қолында қалған билігі әлі күшті еді: ол әскерді өзі басқарды, осыны пайдаланып өзінің халқына қарсы шықты, сот қызметкерлерін, министрлерді және атқару билікті өзіне бағындырды, шығарған заңдарға тыйым салды және парламентті таратуға құқығы болды. Сонымен, мемлекеттік билік екіге белінді: парламент буржуазияның мүдделерін қорғады, ал король феодалдардың. Бірақ тарихи процесс объективтік түрінде парламентті жеңіске жеткізді де, дуалистік монархия парламенттік монархияга айналды. Парламенттік монархия бірінші Англияда құрылды. Даңқты революциядан кейін Құқық туралы Билль деген (1689ж.) конституциялық заңда осы мемлекеттік басқару нысаны пайда болды. Қазір Еуропа мемлекеттерінің көбі осыған жатады: Бельгия, Норвегия, Швеция, Дания. Бұл мемлекеттерде монарх мемлекеттің басшысы. Ол парламенттің келісімінсіз көп мәселелерді шеше алмайды. Парламенттің төменгі палатасына көп орын алған саяси партия өзінің өкіметін құрады. Сол партияның басшысы Премьер-министр болып тағайындалады. Премьер-министр кабинетін өзі құрастырады, король оған тек келісім береді. Кабинет королдің алдында емес, парламенттің алдында жауапты. 1997 жылы Англияда консервативтік партия сайлауда лейбористерден жеңіліп, 18 жыл Англияны басқарғаннан кейін оппозицияға кетті. Парламент корольдің мұқтажына керек ақшаны бөледі, оның жеке өміріне де қатысады. Бірақ көп мемлекеттер монархтың құқықтарын шектесе де, бұл ескілік немесе керек емес мемлекеттің элементі деп санамайды. Монарх - мемлекеттің көркі, тұрақтылығы, сәні, ертеден келе жаткан әдет ғұрыптары. Сондықтан, кейбір мемлекеттер жойылған монархияларды қайтадан орнына қалыптастырғаны мәлім (Испания 1975, Англия). Қазіргі Ресей, Грузия, Болгария, Румыния мемлекеттерінің патша тұқымдары тірі, халықтың арасында монархияны қалпына келтіру деген пікірді білдірген адамдар және саяси партиялар да бар. Сонымен, монарх топтардың, саяси партиялардың арасындағы арбитрі және тұрақты саяси режимінің кепілдігі болып көрінеді. Монархтың өмірін реттейтін әдет-ғұрыптардың көбін халық жақсы көреді: парламенттің бірінші сессиясын ашу процедурасы, мемлекетке келген қонақтарды қарсы алу, мемлекеттің атынан мерекелерімен құттықтау, монарх сарайларының өмірін реттейтін әдеттер.
Республика. (лат.res publica - мемлекеттік,ортақ іс) Егер мемлекетте жоғарғы және төменгі органдардың бәрі сайлаумен белгілі мерзімге құрылатын болса, осындай мемлекеттік басқару формасы республика деп аталады. Республика мемлекеттік органдар белгілі бір мерзімге сайланып құрылады.
Республиканың белгілері:
1) биліктің сайланатындығы;
2) билік өкілеттіктері мерзімінің шектелуі;
3) сайлаушыларға тәуелділік;
Республика деген сөз көне дәуірдегі мемлекеттерде бірінші рет қолданды. Бұл термин халықпен байланысты. Мемлекетті басқаратын адамдар мен органдарды халық бір белгілі кезеңге сайлайды. Сайланбаған қызметкерлер мен органдар республикада болмайды. Республиканың ең бірінші түрі - Греция, Афин республикасы. Олар халықты өте шектеулі түсінді, бұл республиканың басқару органдарына және сайлауға тек Грецияның азаматтары қатысатын. Ал азаматтары болып 20 жасқа толған ер адамдар, ата-анасы Афинаның азаматтары, жеке меншігі бар, әскерде қызмет еткен, барлық құқықтарын пайдалана алатын адамдар саналатын. Әйел адамдар, метистер, шет елдердің азаматтары және құлдар саяси өмірге қатынасқан жоқ. Грецияның негізгі органы - халық жиналысы, ол барлық қызметкерлерді сайлаған, олардан есеп алатын, мемлекеттің негізгі мәселелерін шешетін заң шығарды. Басқа органдар бесжүздік Кеңес, гелиэй, қызметкерлер, стратегтер, белгілі уақытқа ғана сайланатын және халық жиналысының алдында жауапты болатын.
Антикалық республиканың аристократтық түріне Рим және Спарта республикасы жатады. Бұларда сайлауға және мемлекетті басқаруға азаматтардың бәрі емес, тек ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz