Басқару жүйесін функционалдауын бақылау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

Аңдатпа

Курстық жұмыстың тақырыбы «FASTWEL контроллері негізінде мыс штейнін алудың автоматтандыру жүйесін және ақпараттық қамтамасыз етуін әзірлеу». Жұмыста есептегіш комплекісті басқаруға шет ел фирмаларының алдыңғы қатардағы контроллерлері, сонымен қатар сезгіш элементтер ретінде осы фирмалардың интеллектуалды өлшеу құралдары және технологиялық параметрлерді көрсету мен тіркеу үшін көрсетуші және тіркеуші өлшеу құралдары қолданылады. Курстық жұмыста қоршаған ортаны қорғау, тіршілік қауіпсіздігі, экономикалық есептеулер келтірілген.

Мазмұны

Парақ
:
: Нормативті сілтемелер . . . ……. …. . . . .
Парақ:
:
: Белгіленулер және қысқартулар . . . … . . . . . .
Парақ:
:
: Кіріспе . . .
Парақ:
: 1
: Технологиялық процестің басқару объектісі ретінде талдау . . .
Парақ:
: 2
: Басқару жүйесінің жүйе - техникалық синтезі . . .
Парақ:
: 2. 1
: Басқару критерийін жасау мақсаты және құрастырылатын автоматтандыру жүйесіне қойылатын талаптар . . .
Парақ:
: 2. 2
: Басқару жүйесінің басқарушы функцияларын таңдау негізі . . .
Парақ:
: 2. 3
: Технологиялық процестерді автоматтандыру жүйесінің ақпараттық функцияларын таңдау және негіздеу . . .
Парақ:
: 2. 4
: Технологиялық процестерді автоматтандыру жүйесінің алгоритмдік және программалық камтамассыздандыру . . .
Парақ:
: 3
: АБЖ - нің ақпараттық және бағдармалық жобалау . . .
Парақ:
: 3. 1
: Басқару обьектісі туралы ағымдағы ақпарат көздерін кодтау . . .
Парақ:
: 3. 2
: Өлшенетін параметрлердің паспортын жасау . . .
Парақ:
: 3. 3
: АБЖ - нің шығыс құжаттарын және видоеграммаларынның формаларын жасау . . .
Парақ:
: 4
: Басқару жүйесінің аппаратура - техникалық синтезі . . .
Парақ:
: 5
: Автоматтандырудың принципиалды схемаларын жасау . . .
Парақ:
: 6
:

Басқару объектісіндегі техникалық құралдар

кешені (ТҚК) жобалау . . .

Парақ:
: 7
: Қоршаған ортаны қорғау . . .
Парақ:
:
: Қорытынды . . .
Парақ:
:
: Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
Парақ:

Нормативті сілтемелер

Дипломдық жобада келесі құжаттарға сілтемелер қолданылған:

СНиП 1. 02. 01-85. Кәсіпорындарды, ғимараттардың құрылыстық жобалық құжаттардың құрамы, дайындау реті, келістіру және бекіту жайлы нұсқаулар.

ВСН 205-84. Технологиялық процестердің автоматтандырылған жүйелерінің электрқондырғыларын жобалау жайлы нұсқаулар.

ГОСТ 2. 701-84. Схемалар. Түрлері және типтері. Орындауға тиісті жалпы талаптар.

ГОСТ 2. 702-75. Электр схемаларын орындау ережелері.

ГОСТ 2. 708-81. Санды және есептеу техникасының электрлік схемаларын орындау ережелері.

ГОСТ 2. 709-72. Электр схемаларының тізбектерінің белгілену жүйесі.

ГОСТ 2. 752-71. Схемалардағы шартты графикалық белгіленулер. Телемеханика құрылғылары.

ГОСТ 2. 755-87. Схемалардағы шартты графикалық белгіленулер. Коммутация құрылғылары және контактілі жалғаулар.

ГОСТ 2. 754-72. Жоспардағы электр жабдықтарының және желілерінің шартты графикалық белгіленулері.

ГОСТ 2. 201-80 ЕСКД. Бұйымдардың және құрлымдық құжаттардың белгіленуі.

ГОСТ 2. 601-95 ЕСКД. Пайдалану құжаттары.

ФС ЮКГУ 4. 6-002-2004 СМК. Оқу құжаттарын өрнектеу ережелері. Графикалық құжаттарға жалпы талаптар.

СНиП 3. 05. 07-85. Автоматтандыру жүйелері.

СНиП III-4-80. Құрылыстағы техника қауіпсіздігі.

ПТЭ. Пайдаланушылардың электрқондырғыларын техникалық пайдалану ережелері.

ПТБ. Пайдаланушылардың электрқондырғыларын пайдалану кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелері.

ВСН-329-78. Автоматтандыру құралдары және бақылау приборларын монтаждау және үйлестіру кезіндегі техникалық қауіпсіздік нұсқаулары.

Белгіленулер және қысқартулар

Дипломдық жобада келесі белгіленулер және қысқартулар қабылданған:

АБЖ - автоматтандырылған басқару жүйесі

АБҚ - ақпаратты бейнелеу құралдары

АПрҚ - автоматтандыру приборлары және құралдары

АРЖ - автоматты реттеу жүйесі

АТҚ - автоматтандыру техникалық құралдары

БАЖ - басқарудың автоматты жүйелері

БЕК - басқарушы есептегіш кешен

БЖ - басқару жүйесі

БҚ - бағдарламалық қамтамасыз ету

БлЖ - байланыс желілері

ЖР - жекеленген реттегіш

ЛТС - локалді технологиялық станция

МБ - мәліметтер базасы

МББЖ - мәліметтер базасының басқару жүйелері

МП - микропроцессор

МПК - микропроцессорлық контроллер

ОБҚ - объектімен байланыс жасау құрылғылары

ОБП - операторлық басқару пунктісі

ОМ - орындаушы механизм

ОСТ - операторлық станция

РО - реттеу органы

СЭ - сезгіш элемент

ТБО - технологиялық басқару объектісі

ТҚК - техникалық құралдар кешені

ТП - технологиялық процесс

ТПАБЖ - технологиялық процестердің автоматтандырылған басқару жүйесі

ТЭК - техника-экономикалық көрсеткіштер

Кіріспе

Технологиялық процесті басқарудың басты мақсаттарының бірі болып, сол объектідегі процестердің технологиялық параметрлерін өлшеу және өлшеу құралдарына, электронды басқару машиналарына жеткізу. Яғни, дер кезінде технологиялық параметрлердің өзгеруі туралы нақтылы деректерді өлшеу құралдарына жеткізу мәселесі қарастырылыған.

Қазіргі кезде есептеу машиналарының дамуы технологиялық процестерді автоматтандыруды, автоматты жүйелерді жобалауды жеделдетуге және де осы жетістіктерін пайдалана отырып, объектілерді басқарудың негізі болатын, олардың метематикалық жазбасын, процестерді реттеу, басқару мәселелерін тез арада шешуге болады.

Нарықтық экономиканың дамуы мен бір уақытта өндірістік құнды төмендете отырып жоғары сапалы өнімді алу үшін өндірісті оптимизациялау қажетілігі туып отыр. Берілген дипломдық жобада өтіп жатқан процестердің басқаруын автоматтандыру көмегімен бұл мәселені шешу жасалынды.

Жүріп тұрған объекттің басқару жүйесі қазіргі заманғы өндірістердің автоматтандыру жүйесіне қойылатын талаптарды қанағаттандырмайды. Сондықтан дипломдық жобаның мақсаты технологиялық регламентпен қарастырылған технологиялық параметрлерді ұстап тұруды камтамассыз ететін автоматтандыру жүйесін құрастыру, басқару критерияларына ұқсас технологиялық басқару объектісіне басқарушы әсерлерді құрастұру мен іске қосу болып табылады.

Басқару критериясы ретінде мыс штейнінің берілген мөлшерін, шектелген ресурстарды бере отырып максималды өндіргіштігімен бірге берілген сапаны алу болып табылады.

Мұндай мәселені бүкіл процесс үшін шешу өте қиын, сондықтан оны бөлімдерге бөлеміз. Олар үшін бүтін басқару жалпы есептеріне бағынатын өздерінің есептемелері мен басқару критериялары құралады.

Автоматтандыру жүйесін құрастырудың негізгі функциялары ретінде технологиялық басқарылатын объектіге басқарушы әсерлерді құрастыру мен іске қосуға бағытталған объектпен басқару функциясы туралы толығырақ ақпарат алу үшін арналған ақпараттық функциялары болып табылады.

Жобада есептегіш комплекісті басқаруға шет ел фирмаларының алдыңғы қатардағы контроллерлері, сонымен қатар сезгіш элементтер ретінде осы фирмалардың интеллектуалды өлшеу құралдары және технологиялық параметрлерді көрсету мен тіркеу үшін көрсетуші және тіркеуші өлшеу құралдары қолданылады.

1 Технологиялық үрдістің басқару объектісі ретінде талдау

Дипломдық жобаның мақсаты мыс штейнін алу процесінің автоматтандыру жүйесін және ақпараттық қамтамассыз етуін жобалау болып табылады.

Құрылып жатқан автоматты жүйенің міндеті мыссыздандыру процесінің басқару технологиясын жаңарту болып табылады.

Шағылу пешінің ішіндегі тұрақты температура, мыссыздану процесінің уақытында және де соңғы өнімге де әсер етеді.

Бұл бөлімшеде автоматты жүйені ендіру, өндірістің мүмкіндігін жоғарылатып келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

  • шығарылған өнім сапасын көтеру;
  • меншікті нормаға сай негізгі шығын және қосымша метериалдар, электроэнергия шығындарын төмендету;
  • диагностика жағдайында қолдану коэффициентінің арқасында технологиялық қондырғылардың өнімділігін жоғарылату.

Процесс тоқтамай айналып бір циклмен жүреді, өнімнің сапасын бақылау және тиімді ұйымдастыру, осының бәрі реагентердің шығынын төмендетеді.

Бұдан басқа автоматты жүйені мынадай көрсеткіштермен сипаталады:

  • өндірістің ұйымдастырылу деңгейін жоғарлату;
  • жұмысшы персоналдың еңбек жағдайын жақсарту;
  • өндірістің мәдениетін жоғарылату.

Мыс штейнын алу процесі күрделі болып табылады, арадағы фазалар, бірнеше шығыс параметрлер әрқайсысы белгілі бір деңгейде ұсталып тұру қажет техникалық процестің дұрыс жүруін қамтамассыз етеді.

Мыс штейнін алу процессінің қысқаша сипаттамасы

Мыссыздандыру бұл - қорғасынды рафинадтау кезендегі күрделі операция болып табылады. Ол пирометаллугиялық және электролиттік рафинадтау әдістері үшін міндетті болып табылады. Қорғасынды мыстан тазалау екі сатыда жүреді.

Бірінші сатысы температураны азайту арқылы қорғасындағы мыстың ерітіндісін төмендетуге негізделген. Қара қорғасынды 700-9000C - тан экветика температурасына дейін салқындатқан кезде Pb - Cu жүйесіндегі мыстың құрамы 0, 06% және одан да төмен басақа қоспалар бар кезде төмендейді. Мыстың пайда болған кристаллдары, оның қосындылары мен қатты ерітінділерінің тығыздығы төмен болады және жоғарғы бетіне қалқып шығады. Мыс шликерін шумовка арқылы алып тасталанады. Шликерлерді алу кезенде 5-20% қорғасын ұсталынып қалады. Олар қара қорғасынның салмағаның 10-30% - ын құрайды.

Рафинациялаудың бұл сатысын екі рет жүргізеді. Неғұрлым температура жоғары болған сайын, соғұрлым шликер құрамындағы қорғасын төмен болады, сондықтан құрғақ шликерлерді құрамында 10-30%Cu, 50-70%Pb, 550-5600C температура кезінде алады.

Құрғақ шликерлерді қорғасыннан алған соң 0, 5-0, 6% Cu қалады. Ары қарай мысыздыадыру үшін ерітіндінің температурасын 360-3700C - қа дейін төмендетеді және қорғасыны жоғары шликерлерді алады. Майлы шликерлерді процестің басына қайтарады. Бұл алынулардың қара қорғасынның массасының 2-3% - ын құрайды.

Екінші стадияның - жіңішкелеп мыссыздандыру негізінде ерітілген мыстың күкіртпен химиялық реакциясы болып табылады. Ваннаның температурасын 340 - 3450С дейін төмендетеді және араластырғыштың көмегімен күкіртті қосады. Операцияны өткізу жағдайында күкітттің мысқа жақындығы қорғасынныңкіне қарағанда жоғары. Пайда болған мыс сульфиді қорғасында ерігіштіг шектелген және тығыздығы төмен болады. Сульфидті шликерлердің массасы қорғасынның 2-5% - ды құрайды. Оның құрамында 1-5%Cu, 3-4% S, қалғаны қорғасын. Бұл шликерлер айналымдағы өнім болып табылады. Қорғасындағы мыстың қалдығы 0, 005% - дан көп болмайды. Екі стадияны да рафинациялау қазандықтарында жүргізеді.

Технологиялық процестің өрт кауіпсіздігі көбінесе физико - химиялық қасиеттерімен анықталады.

Ғимараттар мен бөлмелердің өрт және жарылыс қауіпсіздігі көрсеткіштерін категориялауда қолданылады, ГОСТ талаптарына сай құралады. ГОСТ - тар келесі талаптарды өрттің және жарылыстың алдын алу жүйесін анықтайды, өрттен және жарылыстан қорғау талаптарына ұйымдастыру және технологиялық шаралар қолданылады. Бұдан басқа, олар басты терминдермен анықтамалар, техникалық құжаттарды толтыруда қоладанылады.

Мыш штейнын алу процесінде дірілдеуді қарастырамыз. Дірілдеу бұл қатты бөлшектердің тербелісі, аппараттардың бөлшектері, машиналар, жабдықтардың, адам денесімен қабылданатын құбылыстар шайқалу ретінде дірілдеулер естілетін дауыстармен жүреді.

Орнықты дірілдеулер құралдардың және жабдықтардың тербелісі, дененің әр бөлігіне беріледі.

Жалпы дірілдеуде тербелістер бүкіл денеге жұмыс істеп тұрған механизмдерден жұмыс орнында еден, орындықтар және жұмыс алаңы арқылы берілді.

Ең қауіпті дірілдеудің жалпы жиілігі 6 - 9 Гц диапазонында жатыр, себебі адамның ішкі органдарының тербелісімен сәйкес келуі мүмкін, осының нәтижесінде резонанс орнайды.

Дірілдеуді сипаттайтын басты параметрлер - жиілік f (Гц) ; қозғалу амплитудасы; тербеліс жылдамдығы V(м/с) .

Дауыстар ретінде адаммен қабылдайтын жиіліктері бар, олар: 16, 32, 125, 250, 500, 1000, 2000 Гц.

Дірілдеудің параметрлерінің өзгеру диапазоны тыс мән болса, бұл түрде ол қауіпті емес, бірақ үлкен, сондықтан бұлардың нақты емес мәндерін өлшеу ыңғайлы, нақты мәнмен тыс мәннің логарифмдерінің емес. Бұл шама параметрлердің логарифмдік теңдеуі деп аталады, ал өлшем бірлігі - децибел.

Қондырғыларда мыс құрамдас қорғасынды айдау үшін тасымалдаушы, циркуляциялаушы және құрылғылар болмағандықтан оны қолдану кезінде қарапайым және сенімді етеді.

Көп мөлшердегі шлактардың және магнетитті коркалардың пайда болуын азйту үшін сульфидизатор ретінде 60-65% Pb, 1-2% Fe, 14% S құрамдас сульфидті қорғасын концентратын қолданады. Мыс және сода концентраттарының өзара әсер ету реакциясы есебінен мыссыздандыру кезеінде қорғасын ерітіліп шығады.

Концентраттың шығыны қара қорғасындағы мыстың және штейндегі қорғасынның құрамымен анықталады.

Қара қорғасындағы мыстың бастапқы құрамы %
1, 5
2
2, 5
3
3, 5
4
Қара қорғасындағы мыстың бастапқы құрамы %: Концентраттың шығыны %, қорғасынның массасынан, штейнді алу кезінде %
1, 5:
2:
2, 5:
3:
3, 5:
4:
Қара қорғасындағы мыстың бастапқы құрамы %: 50 Cu, 15 Pb, 16 S
1, 5: 0. 5
2: 1
2, 5: 2. 2
3: 3. 2
3, 5: 4. 2
4: 5. 7
Қара қорғасындағы мыстың бастапқы құрамы %: 48 Cu, 29 Pb, 18 S
1, 5: 1
2: 2
2, 5: 3. 2
3: 4
3, 5: 6
4: 8

Қара қорғасынның құрамында 1, 2% Сu болса, штецйн түзілу үшін күкірт жеткілікті. Натрия сульфиді келесі реакция бойынша, балқу температурасын және штейндағы қорғасынның еруін төмендету штейнге өтеді.

4PS + 8NaOH = 4Pb + 3Na 2 S + Na 2 So 4 + 4H 2 O (1. 1)

4PbS + 4Na 2 CO 3 = 4Pb + 3Na 2 S + Na 2 So 4 + 4CO 2 (1. 2)

Бұл реакциялар ΔG - дің үлкен өзгеруімен жүреді және сульфидтен қорғасынды қалпына келтіру үшін бағытталған

(1. 3)

4PbS + 4Na 2 O = 4Pb + 3Na 2 S + Na 2 SO 4 реакциясындағы ΔG - дің мәні түрлі температураларда төменде келтірілген:

Температура, 0 С
400
500
600
700
Температура,0С: - ΔG 0 Т, кал
400: 111200
500: 110348
600: 109490
700: 108644
Температура,0С: Температура, 0 С
400: 800
500: 900
600: 1000
700: 1100
Температура,0С: - ΔG 0 Т, кал
400: 107792
500: 106940
600: 106088
700: 105236

Шихтаның құрамына біршама мөлшерде кварцты флюсті қосады. Шлактың оптималды құрамы 1000 0 С балқу температурасы кезінде флюстің минималды шығыны келесідей 21-21% FeO, 22-24% SiO2, 7-13% CaO, 4% Na2O және 5-10%ZnO.

Мыссыздандыру пеші бетонды бағаналарда орнатылған, қорғасынды ваннаның тереңдігі 1, 7 м, сыйымдылығы - 400т. Қорғасынды ванна жарты цилиндр түрінде жасалған, хромомагнезитті кірпішпен футерленген. Пеш инжекциялы екі оттықтардың көмегімен табиғи газ арқылы ысытылады. Газдың шығыны 250-300 м 3 /сағ. Шахталы пештерден қорғасынды тельфердің көмегімен сыйымдылығы 2-4 т қазандарда алып келеді және науалар арқылы пешке құяды. Қатты компоненттерді (айналмалы шликерлерді, соданы, құмды) құйғыш машинаның көмегімен терезе арқылы пешке жібереді. Ваннаға түскен қорғасын (жоғарғы қабаттарда) 1000 0 С температураға дейін қыздырылады, ал төменгі қабаттарда 400 - ден 600 0 С - ге дейін мұздатылады және пештің соңынан сифон арқылы котел-миксерге құйылады. Құйю және шығару жайларының орналасуына байланысты қорғасын пештің барлық ұзындығын өтеді, нәтижесінде суып қалу зоналары болмайды.

Штейнды және шлакты пештің қарама - қарсы ұзын бетінде орналасқан жақтаулары реттелетін терезе арқылы шығарылады. Шлак-штейнды қоспаның биіктігі 100-300мм - ге жетеді. Ең алдымен шалкты одан кейін штейнды шығарады. Котел-миксерде қорғасынның ары карай мұздатылуы және мыстың қалдықтарын шликерлер түрінде шығару жүзеге асады. Оларды қазандықтың жоғарғы жағынан кранмен бөліп алады және құйғыш машина арқылы пешке құяды.

Қорғасынды мыссыздандыру пешінің және шаңдылығы 1-3 м 3 /сағ штейннің газдары скрубберде мұздатылады және плавильді шахталы пештердің газдарымен қосылғаннан кейін тазалауға жіберіледі.

2 Басқару жүйесінің жүйе - техникалық синтезі

2. 1 Басқару критерийін жасау мақсаты және құрастырылатын автоматтандыру жүйесіне қойылатын талаптар

Технологиялық объектінің басқару критерий шығыс өнімнің сипаттамасы болады, яғни сапалы өнім алу үшін пештегі газ шығынын және температураны тұрақты ұстап тұру қажет. Барлық параметрлерді тұрақты ұстап тұру үрдістің өту сенімділігін қамтамасыз етуге, шикізат шығынын төмендетуге, шығарылатын өнімнің сапасын жақсартуға, өнімділіктің өсуіне және шығарылытын өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

Жобаланып жатқан автоматтандыру жүйесі мына жағдайларды қамтамасыз ету қажет:

  • Технологиялық регламентке сәйкес дайын өнімнің максималды шығуын;
  • Толық технологиялық үрдістің жүруін тұрақты бақылау;
  • Үрдістің өтуіне әсері бар барлық параметрлерді тұрақтандыру;
  • Негізгі технологиялық аппараттардың қалыпты жұмыс істеуі;
  • Қоршаған ортаны қорғау шараларды ұйымдастыру;
  • Жұмысшылардың жұмыс жағдайының қауіпсіздігі;

Егер жобаланып жатқан жүйе жоғарыда аталған барлық шарттарды қанағаттырса, онда біз бөлімнің тұрақты жұмыс істеуін аламыз.

Мыс штейнын алу үрдісінің автоматтандырылған жұйесін жасау мақсатымыз, берілген негізгі параметрлерді регламент бойынша ұстану және жаңа басқару есептеу комплексін енгізу арқылы максималды экономикалық тиімділікке жету; профилактикалық жұмыстар периодын және ұзақтығын қысқарту, технологиялық қондырғының тоқтау уақытын қысқартуына әкеледі, технолог-операторлар және қызмет көрсету персоналының жұмыс уақытын қысқарту, реттеу сапасын жақсарту, оптималды реттеу есебінен, қоршаған ортаға қалдықтар тасталуын қысқарту.

Технологиялық объектіні басқаруының ТПАБЖ көмегімен жалпы мақсаты басқару критериінің талаптарын орындалу экстрималды мәнін ұстап тұру, басқару әсерінің мүмкін мәндер жиінін анықтайды.

Бұрын жасалған ТПАБЖ-не қарап жобалаумызға байланысты, жаңа ТПАБЖ жасау мақсатымызға келесілер кіреді:

- тез орындалатын және тактілі АРЖ қолдану; мысалы: каскадты;

- ескірген техникалық автоматтандыру жабдықтарын жаңаларына ауыстыру.

Осының барлығы біздің технологиялық үрдісті автоматты басқарудың жалпы мақсаты болып табылады. ТПАБЖ технологиялық басқару объектісінде қабылданған басқару критерийлерін орындауға және өңдеуге арналған.

Жаңа автоматтандыру жұйесі үрдісті реттеудің оптималды сапасын қамтамасыз ету және үрдістің жүру туралы толық көрініс беруі қажет. Үрдіс туралы ақпаратты көрнекті және қолайлы формада беру қажет, оператор техникалық үрдістің жүруін бақылауға, басқаруға және авариялық жағдайларды болдырмауға және үрдістің жүруін керекті технологиялық режимге қайтаруға мүмкіндік беру, қоршаған ортаның лайықсыз жағдайларына тұрақты болуы тиіс, жөндегенде және техникалық қызмет көрсеткенде ыңғайлы болуы тиіс [2] .

Технологиялық басқару обектісінің анализдерінің нәтижесіне қарап, оның ішінде термо-химиялық, химиялық, жылуалмасу үрдістердің болып жатқанын көреміз. Осының нәтижесінде толық жүйені қарапайым бөліктерге бөліп қарастыруға болады.

Технологиялық басқару объектісінің декомпозициялық схемасы келесідей:

Сурет 2. 1 - Мыс штейнын алу қондырғысының декомпозициялық схемасы

1 - Шағылғыш пеш

2 - Котел - миксер

3, 4, 5, 6 - бункерлер

Реламентпен бекітілген, мыс штейнын лу қондырғысында болып жатқан үрдістер алдында қойылған басқару міндеттерін шешкенде технологиялық параметрлердің барлық шектеулерін орындалуына қол жеткізуіміз қажет.

Үрдіске әсер ететін факторлардың көптігінен толық бөлім үшін осы міндетті шешу көп еңбекті қажет етеді. Осыдан келіп айнымалылар саны көп емес және өзіндік басқару міндеттерімен сипаталатын және олар режимді параметрлерді тұрақтандыру арқылы онай шешілетін толық үрдісті типті бөлімдерге бөлеміз.

Мыс штейнын алу қондырғысының негізгі аппараты шағылғыш пеш болып табылады.

Үрдісті басқару регламентпен қойылған жалпы міндеті: технологиялық параметрлердің шектеулерін орындағанда кейбір шектеулерді максималдау деп тұжырымдалады.

Бөлек қондырғыларды басқару міндеттері өлшенген режимді мәндер арқылы оңай анықталатын технологиялық параметрлер немесе критерилерді үйлесімді басқаруға бағытталған.

Қондырғылардың жұмысын реттеу және бақылау, ауаны бөлу қондырғының механизмдері және аппаратуралары технологиялық режимінің тиімділігіне жету, электр энергия және материалдардың меншікті төменгі шығыны арқылы, мыс штейнын алудан шыққан өнімдердің максималды шығысы және бекітілген сапаға жету көзделеген.

Өндіріс құралдары және автоматтандыру жабдықтары көмегімен өлшенетін мыссыздандыру қондырғысының негізгі параметрлері болып: қара қорғасынның температурасы және газдың (ауа, газ) температурасы және қысымы; қара қорғасын мөлшері; табиғи газдың және ауаның шығындары.

Мыс штейнын алу өндірісіндегі автоматтандыру жабдықтар және құралдарға қойылатын талаптар, біріншіден ортаның қасиеттерімен анықталады, олардың параметрлері өзгермелі. Мыссыздандыру қондырғыларымен жанасатын датчиктер торабының материалдарын таңдағанда штейнның температурасын ескеру қажет.

2. 2 Басқару жүйесінің басқарушы функцияларын таңдау негізі

Технологиялық үрдістің негізгі аппараттарын талдаудың негізінде қондырғылардың басқару құрылымын құрамыз. Шағылғыш пеш қондырғысы күрделі үрдіс болғандықтан, оны қарапайым жеке бөліктерге бөліп қарастырғанымыз жөн. Мұнда объектінің басқа жүйелермен байланысын ескермейміз. Жобаланып жатқан объектер тізбекті құрылымды құрайды, яғни бір бөлімнің шығысы келесі бөлімнің кірісі болып табылады.

Негізгі технологиялық параметрлерге: шығын, температура, қысым жатады. Бұл параметрлерді регламентте бекітілген мәндерде ұстап тұру үрдістің қалыпты жағдайда өтуін қамтамасыз етеді.

Шағылғыш пеш

Шағылғыш пеш балқытылған қара қорғасыннан мыс штейнын алуға арналған. Мұнда реттелетін параметрлер болып пештегі қысым, оттықтар алдындағы табиғи газдың және ауаның қысымы, оттықтар алдындағы табиғи газдың және ауаның шығыны. Шлак өңдеу қондырғысында оттықтар саны 2.

Сурет 2. 2 - Шағылғыш пештің принципиалды схемасы.

Үрдістің жақсы өтуі үшін пеште газ-ауа ара қатынасы тұрақты етіп сақтау қажет. Табиғи газ мыссыздандыру үрдісі кезінде отын және қалпына келтіргіш ретінде қолданады, ал түтінді газдар жылу тасымалдағыш болып табылады, бұл дегеніміз ауаның артықша коэффициенті 0, 8-0, 9 кезінде газдың жану үрдісі жүргізіледі. Сонда, жану өнімдерінің жоғарғы температурасы және минималды бос оттегінің құрамына қол жеткізуге болады.

Пештің барлық элементтері сумен суытылады. Технологиялық талаптардан басқа пештің ережелі мәндерге, жарылыс қауіпсіздігі, еңбек қорғау талаптарына және қоршаған ортаны қорғау шарттарына байланысты шектеулер қойылады. Түтінді газдардың атмосфераға шығуын алдын алу үшін пеште сұйытылуды ұстап тұру керек.

Жылулық баланс теңдеуі:

(2. 1)

Пештің көлемі үшін материалдық баланс теңдеуі:

(2. 2)

мұнда: GҚ, GГ, GА, GШК, GШ - сәйкесінше қара қорғасынның, газдың, ауаның, шлак-штейнлы қоспаның, штейнның; θҚ, θА, θШК - қара қорғасынның, газдың, ауаның, шлак-штейнлы қоспаның, штейнның температуралық өзгерулері; Sk - пештің көлемінің көлденен қима ауданы; - ауа және газ шығындар қатынасының коэффициенті, j = 0, 8 ÷ 0, 9;

Шағылығш пешінің функционалды схемасы төмендегі суретте көрсетілген:

Сурет 2. 3 - Шағылғыш пештің функционалды схемасы

1 - шығын реттегіш;

2 - жергілікті жердегі қысымды көрсетуші құрал;

3 - қысымды тіркеуші құрал;

Құбырлардағы шығынды реттеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының саяси мемлекеттік
ӨНЕРКӘСІПТЕГІ АҚПАРАТТЫҚ НАРЫҚТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Мейрамхана кешеніндегі қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасының ақпараттық- технологиялық дамуы
Бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалаудың әдістері.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУ
Барабанды кептіргішті реттеу
Басқару жүйесінің басқару функцияларын орындау
Қорларды толтыру теорисы бизнес-жоспар бойынша есеп шығару
Сақтандырудың нарықтық экономикалық орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz