Тарихты оқытуда модульдық оқыту технологиясын пайдалану


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ « ҰСТАЗ » ИНСТИТУТЫ

Кафедра : Тарых, құқық және кәсіпкерлік кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Тарихты оқытуда модульдық оқыту технологиясын пайдалану.

Тобы: История 18-9

Курс 3

Қабылдаған: Шолпанкулова Карлыгаш Амангелдиевна

Орындаған: Мамедов Велмурат Язмырадович

Тараз 2020

Мазмұны

I. Кіріспе . . . 4

Тарих сабағында модульдік оқыту технологиясын пайдаланудың тиімділігі . . . 6

1. 1 Жаңа педагогикалық технологиялар . . . 13

1. 2Жаңа педагогикалық технологиялардың классификациясы . . . 16

2. Модульдік оқытудың тарихы, турлері . . . 22

2. 1. Модульдік оқытудың құрылымы . . . 29

2. 2 Құзіретті білім беру кеңістігінде жоғары мектептегі оқытудың модульдік технологиясының рөлі мен маңызы . . . 34

Қорытынды . . . 36

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 39

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті

Модульдік окыту біртугас жүйе ретінде окыту процесіндегі мектеп окушылары мен мугалімнің субьект- субъект катынасын іске асыру ушін жағдай жасауды ылыми тұрғыдан негіздеу жэне гылыми-педагогикалык тұрғыдан негіздеу жэне оны тэжірибе арқылы тексеру.

Модульдік оқыту технологиясының теориялық негіздерін айқындау ; - Барап негізгі мектебінде модульдік технологияны қолдану жағдайына талдау жасау. Модульдік оқыту технологиясының мазмұнымен таныстыру;

Курстық жұмыстың өзектілігі.

ХХІ ғасыр ақпараттық технологияның ғасыр кезеңі болғандықтан оқытудың дәстүрлі тәсілдерімен бірге жаңа технологиялық әдістерді де пайдалану міндеті тұр. Қайткенде оқу талабы мен деңгейін көтеру, мәселесімен бүгінгі күнннің өзекті мәселесі. Жаңа технологиялардың түр - түрі әртүрлі тәсілдерді педагог ғаламдар сабақ оқытуда тіиімді пайдалану үстінде.

Қурстық жұмыстың маңызы

1. Оқушылардың пәнді оқу барысы кезінде алған білімін бекіту, тереңдету және жинақтау, алған білімін нақты кәсіби міндеттерді кешенді шешуге қолдануға үйрету.

2 Оқушылардың бойында өзіндік шығармашылық - іздену жұмысының алғашқы белгілерін дамыту сыни ойлау қабілеті қоғамдық мәселелерді талдай білу әлеуметтік жауапты азаматты қалыптастыру.

Курстық жұмыстың хронологиялык шегі.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалану қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр.

Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасальнып, мектеп өміріне енгізілуде. Олар: С. Н. Лысенкова алдына ала оқьггу, Шаталовтың интенсивті оқыту (тірек сигналдарын пайдалану арқылы), Эрдниевтің ірі блоктан оқыту, мәселелік оқытудың белсенді әдісі, т. б.

Ал соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясымен В. М. Монаховтың, Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі сондай-ақ, профессор Ж. Қараевтың окытуды дербестендіру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясын еліміздің көптеген мемлекеттерінде қолданып жүр.

Кіріспе

Жалпы білім беретін мектептер алдына қазіргі қоғам қойып отырған күрделі міндеттерді сәтті шешу мұғалімге, оның мамандық шеберлігіне, білімділігіне, ой шеңбері мен мәдениетіне байланысты. Өйткені жалпы білім беретін мектеп бұл баршаға ортақ әлеуметтік институт. Іс жүзінде мунан білім алмайтын, үлгі-өнегесін көріп Өспейтін өскелең урпақ болған емес. Сондықтан тарих пәні мұғалімдерінің профессионалдық білім деңгейі биік болмаса Ұрпақтың да тарихи танымының өсе қоюы екі талай. Осыған орай дүниежүзілік тарихты оқыту әдістемесі курсының негізгі мақсаты келешек мамандардың тарихи танымын жҥйелі түрде қалыптастыру және оларға орта мектеп оқушыларының тарихи танымын қалай жүйелеп, нендей жолмен өнегелікке баулуды үйрету. Тарихты оқыту әдістемесі педагогикалық-ғылыми пән ретінде сипатталады, сондықтан болашақ мұғалім алдына мынадай міндеттер қойылады:-Теориялық сабақтарда берілген методикалық әдіс-тәсілдерді тиімді игеру, оны педагогикалық сараман кезінде тәжірибе жүзінде пайдалана білуге үйрену; -Оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру дағдылары мен әдістерін үйрену; -Алдын-ала өз оқушыларын тарих ілімі арқылы ізгі ниетке баули алуға бейімделу; -Әдістемелік курсты оқу барысында өзі игерген білімді тиімді пайдалана білу; -өзі жүзеге асырған оқу-тәрбиелік жұмысты өз бетінше талдап, Өздігінше жетілдіре білу т. б. Бұл міндеттерді орындауда мұғалімге әдістемелік жұмыстың барлық қырларын игеруі өте маңызды қажеттілік. Осыған орай Ұсынылып отырған әдістемелік оқу құралында оқыту әдістемесінің көптеген мәселелері тарихты оқыту әдістемесінің даму тарихынан бастап, оқыту әдістерінің қалыптасқан дәстүрлі және дәстҥрлі емес түрлері, инновациялық-интерактивті оқыту әдістері, оқыту құралдары мен оқушылардың танымдық жұмыстарын ұйымдастыру жолдары талданып отыр. Тарих мамандығына арналып отырған бұл «Тарихты оқыту әдістемесі» курсы мамандықтың мемлекеттік стандарт бойынша негізгі пәндерінің бірі және Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің дүниежүзілік тарих кафедрасының кӛп жылдық оқытушылық тәжірибесінің нәтижесі болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағида атап көрсетілген. Бұл білім беру мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануына, педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен құра беруіне мүмкіндік береді. Қазіргі уақыттағы оқу-тәрбие үрдісінің ерекшелігі баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқу технологияларын ұтымды қолданысқа алуы.

Білім алу - адамзат әрекетінің ең маңызды бір түрі. Ол білім мен тәрбиенің негізін қалайды. Білім алуда адамның ішкі мүмкіндігі мен қабілетінің дамуы, қалыптасу үрдісі байқалады. Қабілет, бір жағынан, адамның білім, дағды, іскерлікті қалыптастырудағы саналы әрекетінің нәтижесі болса, екінші жағынан, адамның табиғи-генетикалық ерекшелігімен тікелей байланысты. Осыған орай, қазіргі білім беру парадигмасында білім алушыға тұлғалық-әрекеттік тұрғыдан қарауға үлкен мән беріп отыр. Өйткені, әрекет дегеніміз-саналы мақсатқа тәуелді үрдіс. Демек, мақсатқа жетудің басты жалпы білім беруші мен білім алушының бірлескен іс-әрекеті болып табылады. Осыған орай оқытуды екі жақты әрекетке, субъект-субъектілік, диалогтық қарым-қатынасқа құру мәселесі шешімін табуда.

Қазіргі білім парадигмасы мен философиясының өзгеруі білім беру жүйесі қызметкерлерін оқытудың ақпараттық және компьютерлік технологияларға негізделген сапасымен қарқындылығын қамтамасыз ету қажеттілігін талап етуде. Білім беру ұйымдары іс - әрекетінің негізгі нәтижесі тек білім, іскерлік және дағды жүйесі ғана емес, керісінше зиялы саяси қоғамдық, коммуникациялық, ақпараттық және басқа салаларындағы мемлекет тапсырыс беріп отырған негізгі құзыреттіліктердің жиынтығы.

Әлемдік оқу үрдісінің өзегі - жаңа технологиялар екені мәлім. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады.

Мектептегі білім мен тәрбие беру жүйесінің міндеті - оқушылардың жан-жақты танымдылық белсенділігін көтеруге мүмкіндік жасай алатын әр оқушыны жеке тұлға ретінде дамыту. Әр мектеп білім беруді жоғары деңгейге көтеру мәселесін қолға алып, білім беру үрдісін басқару мәселесін жүзеге асыруда. Білім беру үрдісін басқару жүйесінің құрылымы жеке тұлғаның қайталанбас даралығының дамуына, шығармашылық бастама алуына бағыт беріп, жағымды орта қалыптастырудан тұрады.

Модульдік технология дегеніміз - білім алушының ішкі мүмкіншілігіне, қабілетіне қарай өз бетімен ізденуіне, әрекет етуіне лайықталған дидактикалық құрылым, адамның өзін-өзі дамуының амалы, жолы.

Оқыту технологиясының біз әзірлеген нұсқасының бір ерекшелігі - оның білімді меңгеруге емес, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерін, яғни жадының алуан түрін (есту, көру, қимыл-қозғалыс және т. б. ), ойлау, ынта, қабылдау қабілеттерін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ жеке тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас жасау, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша тілде) дамытуға бағытталуында.

1. Тарих сабағында модульдік оқыту технологиясын пайдаланудың тиімділігі

Қоғамның дамып-өркендеуі, оның әлеуметтік-мәдени этностық ерекшеліктерін толық меңгеріп, өзгерістер, жаңалықтар, ұғымдар туралы болып жатқан барлық мәселелерге мән бере отырып, салауатты өмір салтын құруда, білім беру саласындағы инновацияны меңгеруде, қоғамымызды ізгілендіруде мұғалімдерге, олардың кәсіптік сапаларына, білімділігі, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қабілеттілігі, мәдениеті, парасаттылығы, т. б. қасиеттеріне байланысты екендігін, мұғалімдік мамандықтың жан-жақты білімді, шынайы сезімтал болуды, шәкірттеріне шексіз сүйіспеншілікті беруді талап ететінін, еңбегінің нәтижесі әр күн сайын балаларға қуаныш әкелгенде ғана жемісті болатынын ұғындыру. Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында жатқан ұлттық тәрбиенің озық әрі өнегелі дәстүрлерін, асыл қасиеттерін оқушылардың бойында қалыптастыру, этнопедагогика материалдарын ұтымды пайдалану - аса маңызды міндеттердің бірі. ХХІ ғасыр - қатаң бәсеке ғасыры. Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бүгінгі күні қазақ халқының ұлттық мәдениетінің қайта өркендеу жағдайында жеткіншек ұрпақты ұлттық дәстүрлерде тәрбиелеудің заңды объективті қажеттігі туды. Қай заманда болсын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі болатындығы белгілі. Егеменді Қазақстан Республикасының болашақ ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық психологиясын, оның ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтармен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; … оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне оқыту мен тәрбие берудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық технологияны игерген, психологиялық, педагогикалық жұмыста қалыптасқан, ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жолын салуға икемді, шығармашылық педагогикалық зерттеуші болуды талап етеді. Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Сол себепті оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Жан-жақты ізденістің нәтижесінде білім беру саласында жаңа педагогикалық технологиялардың саны да, сапасы да өсіп келеді. Технология - белгілі бір істегі адамның әдісі, шеберлігі. Осы шеберлік арқылы мұғалімнің өз сабағын оқушыға жоғары сатыда жеткізуіне мүмкіндік береді. Мұғалім үнемі шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасап отырса жаңашылдыққа жақын болғаны. Өзгелердің үлгісін өз ісінде пайдалана білсе, оған өзіндік қолтаңбасын қосып отырса - оқушы тәрбиелеу мен білім берудегі жетістігі сол болмақ. Қазіргі педагогикалық әдебиеттерден 50-ден астам оқыту технологиялары қолданысқа енгізілгені белгілі болып отыр. Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, жаңаша құрылымы бар демократиялық қоғам құруға кіріскеніне біршама уақыт өтті. Еліміздің болашағын жасайтын жастар білімімен қатар шығармашылық қасиеті жоғары, өзіндік көзқарасы бар, елге тұлға болатын азаматтар болуы керек. Ал ол азаматтарды оқытып, тәрбиелеп шығаратын негізгі орта - мектеп. Сондықтан қазіргі мектеп ішінара қайта құруларға жол беріп, көп істерде оң өзгерістерге қол жеткізуде. Тарих пәні мұғалімдерінің міндеті - мәдениетті түрде білімді, іскер, жеке тұлғаны дамыту, ұлтымыздың рухын көтеру, осы мақсатқа жететіндей тиімді жол іздеу.

Интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым - қатынасқа негізделе отырып, “жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.

Интерактивті ағылшын тілінен аударғанда inter - аралық, action - әрекет.

Баланың жеке өздігінен ізденуіне мүмкіндік беру;

Топтасып оқып үйренуге жағдай жасау;

Өздерін - өздеріне бағалату;

Іс - әрекет барысында білім алу;

Оқушы өз ойын еркін айту үшін мұғалім мына тәсілдерді қолдануы тиімді.

Алғыс сезіміңізді білдіріп, үнемі көтермелеп отыру;

Ешқашан “жауабыңыз дұрыс емес” демеңіз, ондай жағдайда тек сыныптан келісесіздер ме деп сұрау;

Зейінсіз енжар оқушыны анықтау, мүмкін оларда ой не ғажайып пікір болуы.

Осыған орай өзім сабақ беретін 8-11 сыныптарда осыған сәйкес өз тобымда ұйымдастырылған іс -әрекетті Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдовтың «Дамыта оқыту технологиясы», В. Ф. Шаталовтың «Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы», Ж. Қараевтың «Деңгейлеп оқыту технологиясы», М. М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» т. б. технологияларының элементтерінің жиынтығы оқытудың интерактивті оқыту технологиясының әдіс - тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруға ықпал жасаймын. Ең алдымен әрбір сабақтың өтуіне мұғалім үшін әдістемелік көмек технологиялық карта жасаймын талабына сай оқыту мен тәрбиенің соңғы түрлерін жедел игеріп, кәсіби шеберлікті ұштап отыру ұстаздың басты парызы.

Оқушылардың тарих сабағында шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жаңа технологияларды ұтымды пайдалану қажет. Оқыту технологияларының құрылымдық элементтеріне мыналар жатады: мақсат, мазмұн, әдістер, формалар, құралдар, оқушы, оқытушысы, нәтиже.

Оқыту технологияларына тән белгілер:

негізділігі (кез келген технологияның өзіндік философиясы, өзіндік тұжыдымдамасы болуы шарт) ;

жүйелілігі (құрылымдық элементтердің бір тұтастығы) ;

басқарылмалығы (оқыту үрдісін жоспарлап, нәтижесін бастан-аяқ тексеруге болатындығы) ;

тиімділігі (қысқы мерзімде аз шығынмен жоғары нәтижеге жеткізу тиімділігі) .

«Оқыту технологиясы» ұғымын нақтылау және оларды іріктеп ала білудің өзектілігі бүкіл оқыту үрдісінің түпкілікті нәтижесінің технологияның дұрыс таңдалып алынуына тәуелдігімен түсіндіріледі.

Барлық технологиялардың мақсаты - пәнді оқытуда оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру болып табылады. Оқушылардың шығармашылық біліктілігін дамыту мақсатында жүргізілетін тарих сабақ түрлерінің сызба 2-де төменде берілген .

Тарих сабағының педагогикалық технологиялардың түрлеріне тоқталатын болсақ белсенді қолданатындар бұл жобалау, пікірсайыс, мәселелік оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту және т. б. Жоба әдісі педагогикалық технология ретінде қарастырылды және оқу барысында оның маңыздылығы ашылды. Жоба әдісіне ізденіс, зерттеу, мәселелік әдістер, шығармашылық жұмыстар жатады. Нәтижеге жету үшін оқушыларды дербес басымен ойлау, мәселелерді тауып оларды шешуге үйрету, бұл үшін әр түрлі салалары бойынша балалардың білімдерін қолдану қабылеттерін, нәтижесін болжау себеп-салдарлық байланысын орнату икемділігін дамыту керек. Жобалау әдісі үнемі оқушылардың дербес іс-әрекетіне бағытталған - жеке дара, жұптық, топтық. Қазіргі ақпараттық заман талап ететін жобалау әдісін қолданудың негізгі талаптары талқыланып, оқытушылар жоба әдісін қолдану барысында жобалардың түрлерін анықтады. Әдістің негізінде студенттердің танымдылық біліктіліктерін, өз білімдерін дербес басымен құрастыру икемділігін және ақпараттық кеңістігінде баулу, сын тұрғысынан ойлау икемділігін дамытуы жататындығы айқындалды. Жобалау ұғымы негізінде - мәселесінің нәтижесіне болжау бағыттылығы жатыр. Нәтиже тәжірибелік және теориялық шешімі арқылы қалыптасады. Нәтижеге жету үшін балаларды дербес басымен ойлау, мәселелерді тауып оларды шешуге үйрету керек, бұл үшін әр түрлі салалары бойынша балалардың білімдерін қолдану қабылетттерін, нәтижесін болжау себеп-салдарлық байланысын орнату икемділігін дамыту керек .

Жобалау әдісін қолданудың негізгі талаптары:

Зерттеу шығармашылық жоспарында мәнді мәселелінің болуы, бұл мәселені шешу үшін зерттеу ізденісі жөнінде оқушылардың біліктілігі.

Ұсынылған нәтижелердің тәжірибелі, теориялық, танымдылық маңыздылығы.

Оқушылардың дербес іс әрекеті (жеке дара, жұптық, топтық) .

Жобаның мазмұнды бөлігін құрастыру (әр кезен бойынша нәтижелерін белгілеу) .

Іс әрекеттің белгілі бірізділігін алдын ала карастырылатын зерттеу әдістерін пайдалану:

(«ми шабуыл», «донгелек стөл» арқылы ) мәселені және оның зерттеу міңдеттерін анықтау;

мәселені шешу жолдары болжау; зерттеу әдістерін талқылау (статистика, эксперимент, бақылау және т. б. ) ;

ақырғы нәтижелерін рәсімдеу әдістерін талқылау (презентации, қорғау, шығармашылық есептер, көріністер және с. с. ) ;

алған мәліметтерді талдау және жүйелеу, жинау;

қортындылау, нәтижелеу және презентациялау,

зерттеудің жаңа мәселелерді шығару.

Жобаның тақырыптарын тандау түрлі жағдайларда әр түрлі болу мүмкін: оқытқан пәні бойынша, мұғалім мен оқушушылардың мамандық қызуғышылары, мүдделері және қабылеттерін ескерту қажет, немесе сабақтан тыс іс әрекетіне байланысты болу мүмкін. Әрине, жобаның тақырыптары мектеп бағдарламасы бойынша оқушылардың білімдерін тереңдету мақсатымен берілу қажет.

Пікірсайыс технология - қарым-қатынасқа негізделеді: мұғалім-оқушы. Қазіргі таңда білім жүйесінде үлкен салмақ оқушының өзіне түседі. Пікір сайыста оқушы оқытушысының түсіндіргенің меңгеріп ғана қоймай, мұғаліммен тікелей пікірталасқа көшеді. Пікірталас технологиясын мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласында қойып отырған талаптарына сай, оқу үрдісіне қажетті әдіс оқушылардың тәртібіне, ынтасына, оқу іс-әрекетіне игі әсер етеді. Пікірсайыс технологиясын сабақ процесінде қолдануы кіріспе бөлімнен тұрады, мұнда студентер қаралатын мәселені айқындап алады, өйткені студенттер талқыланатын мәселе бойынша білімі болмаса, пікірталасты өз мәнінде өткізе алмайды . Осыдан кейін мәселені шешу жолдарын шешу жолдарын шешендіктен дәлелдеп, барлық тындаушылардың алдында қорғауы тиіс. «Пікірсайыс» технологияның жетістіктері: шешендік дағдыны жетілдіреді; өз өміріне, қоршаған ортаға сын көзбен қарауға үйретеді; анық, әсерлі, нақты сөйлесуге баулиды;

достық, жылылық, сыйластық, пікір сыйлау, құрметпен қарап, пікір таластыруға үйретеді; пікірсайыс кезінде оқушы бір мезгілде жазу және ойлау, айту қабілетін жетілдіреді.

Пікірсайысты оқу үрдісінде пайдаланудың пайдасы жоғары, өйткені «пікірсайыс» - философиялық, психологиялық, саяси, лингвистикалық ғылым; «пікірсайыс» - пікірталас, шешендік өнер.

Сонымен жаңа оқу технологияларды және интерактивті әдістерді оқу үрдісінде қолданудың нәтижесінде оқушылар жинақталған тәжірибиесін сыртқа шығарып, оны өмірінде пайдалана алады. Жалпы заман талабына сай білім беру қашан да өзектілі мәселе. Шығармашылық қабілеті мол, жан-жақты дамыған адамзат тәрбиелеуде жаңа педагогикалық технология ауадай қажет.

Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Интереактивті оқытудың тиімді жақтары:

Оқушылар ақпарат алумен қатар өздерінің белгілі бір мәселені шешу жолын қисынды түсіндіріп береді. Оқушылар ойларының тереңдігіне талпынады.

Мұғалімнің жетешілігі арқылы білімдерін әрі қарай дамытады.

Жаңа технологияны білім беру саласында тиімді пайдалану оқушылардың өзіндік жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі. Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ - ұлттың ұлт болып қалуының кепілі.

1. 1. Жаңа педагогикалық технологиялар

Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.

Проблемалы оқыту - мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.

Мақсат пен міндеттердің орындалуы мынадай ұзақ жоспарлар арқылы іске асады:

- ассоциация;

- бірлестік қызмет;

- көзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау. Бұл технология бойынша:

- оқу үрдісінде қызығушылық артады;

- оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік беруі туады;

- оқушының ақпараттық тіл байлығы жетіледі.

Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.

1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;

2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан тарихын оқытуда жаңа педагогикалық, ақапаттық технологияларды қолданудың әдістемелік жолдары
Модульдік оқыту технологиясының оқушыларды дамытуға ықпалы
Білім берудегі жаңа үрдістер
Қазақстандағы білім берудің қазіргі тұжырымдамасы және оны дидактикалық тұрғыдан іске асыру
Жаңа педагогикалық технологияның жоғарғы оқу орнында оқыту
Негізгі педагогикалық технологиялардың сипаттамалары
Педагогикалық үрдісте жаңа технологияларды тиімді пайдалану, білім беру жүйесінде шығармашылық пен ізденістерді іске асыру
Зерттеу жұмысымның мақсат - міндеті
Оқушылардың білімді ұғыну сатылары
Дидактика жайлы жалпы мәлімет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz