Оқушылардың білімін бағалау әдістері
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
Филология департаменті
Курстық жұмыс
тақырып: Оқыту мен бағалаудың бірлігі. Оқушы білімін бағалаудың түрлері.
Пән Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
мамандығы білім беру бағдарламасы 5В012100 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
Орындаған: Ахмет Н. С., күндізгі оқу нысанының 3 курс студенті
Ғылыми жетекші: Мырзагалиева К.М ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор
Курстық жұмыс қорғауы
болған күні ___ _______20__ ж.
Бағасы_________________
Қостанай, 2020
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І Тарау. Оқушылардың білімін, дағдысын бағалаудың ПЕДАГОГИкАЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
1.1. Білімді есепке алу және бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2.Оқыту процесінде оқушылардың білімін анықтаудағы педагогикалық бағалау түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3. Оқушылардың білімін тексеру мен бағалаудың маңызы ... ... ... ... ... ... ..15
ІІІ Тарау. Оқушылардың білімін тексеру мен бағалаудың маңызы
2.1. Тестілеу арқылы оқушылардың білімін тексеру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2. Оқушылардың білімін бағалау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандықтарға Жолдауында "Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш -- адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі" делінген. Олай болса, алға қойған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі жастардың шығармашылық деңгейін жан-жақты өсіруге ден қою қажеттілігі туындайды. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда кәсіби жетістікке жалпы және арнайы қабілеттілік, білімділік, шығармашылық арқылы ғана жетуге болады.
Қазақстанның орта білім жүйесінің алдына бүкіл адамзаттық құндылықтар, ұлттық рухани мұралар, адамгершілік пен ізгілік, елжандылық тұғырнамасында қалыптасқан, тәні және жаны сұлу, өзіне өзі сенімді, ғылыми - теориялық білімділігі мен тәжірибелік қабілеттері арқылы күрделі әлемдік, өмірлік әрі әлеуметтік кеңістікке ене алатын қасиеттерге ие дарынды тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып отыр.
Әрбір оқушының еркін дамып, оның ішкі даралық және дарындылық мүмкіндіктерінің ашылуын және педагогтарының шығармашылықпен нәтижелі жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін мектепті басқару жүйесінің демократиялық пен ізгілік негізде құрылуының маңызы зор.
Білім беру жүйесінде мектептің оқыту тәрбиелеу тұжырымдамаларын бұрынғыдай адамнын күні адаммен емес, адамның күші адамзатпен және табиғатпен деген анықтамаға лайықтап құрып оны төменедегідей бағыттарын анықтауға болады:
- Оқушыларды бүкіладамзаттық даму үрдісінің, білім мен ғылымның, технологияның даму бағыттарына бағдарлап, соларға лайықтатуына;
- нарықтық экономиканың жағдайында интеллектуалдық, экономикалық және әлеуметтік бәсекеде қажетті іскерлік қабілеттері мен қасиеттерін қалыптастыру, ақпараттық технология, халықаралық экономикалық, құқықтық қатынастар және әртүрлі білім - ғылым салалары бойынша энциклопедиялық білім тәжірибелік қабілеттер қалыптастыруға;
Қазіргі кезеңде көптеген рухани құндылықтар теріске шығарылып, оқушылардың сана - сезімі мен моральдық бейнесіне, жан - дүниесіне қатыгездік пен азғындаушылық көріністерін насихаттаушы ақпараттық қысым көрсетіліп отырған жағдайда оқушылардың санасына, ой - өрісінде жалпы азаматтық, адамзаттық рухани құндылықтар мен жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, оқушы тұлғасының даму барысын психологиялық жан - жақты және үздіксіз зерттеу оның даралық ерекшеліктерін таңдап дұрыс бағытқа дамыту, әртүрлі әлеуметтік және моральдық, психологиялық жағдайларда қолдау көрсету көкейкесті мәселеге айналып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты: Оқушылардың оқыту процесінде білімін анықтау, тексеру, бағалау.
Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі: Оқушылардың білімін бағалау және тексеру әдістері.
Зерттеу әдістері: Жинаған материалдарды жүйелеу, талдау әдістері қолданылады.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1. Білімді есепке алу және бағалау
Оқушылар білімін тексеруге және оны есепке алуға қатысты маңызды мәселелер әлі толық шешімін таппай, жүйелі және жаппай бақылау мен оқушылардың білімін есепке алуды жақсартуға бағытталған шаралар толық пайдаланылмай жүр.
Оқушылардың білімін тексерудің қазіргі кездегі дәстүрлі формалары оқу үрдісінің әбден жетілген ең жақсы жолдарын және оқушылардың бағдарламалық материалды берік әрі терең ұғынуын қамтамасыз ете алмайды, өйткені елеуді кемшіліктері бар.
Қазіргі оқыту тәсілдері бойынша материалды баяу меңгереді, өйткені мұғалім оқу уақытының аздығынан әр бір оқушыдан тақырып бойынша алған білімін жүйелі және толық бақылауды, яғни кері байланысты (ішкі және сыртқы) жете жүргізе алмайды. Бағаның сирек жинақталуы салдарынан мұғалім екі үш (кейде бір ғана) бағамен тоқсанық баға шығаруға мәжбүр болады, бұл әрине оқушылардың шын білімін көрсетпейді.
Оқушылардың білімін есепке алу және бағалаудың қалыптасқан түрлері негізгі кемшіліктерінің бірі оқушылардың бақылау жұмыстары күнделікті тексеру кезінде мұғалім өнімсіз еңбек пен шұғылданады. Білім тексеру мен бағалауда біраз уақытын жеке оқушыға бөліп, не болмаса жазбаша бақылау жұмыстарын кешенді талдау арқылы бағаламақ болып көп уақытын ысырап етеді. Тексеру мен бағалаудың озық технологиялық әдіс амалдарын ойластырып жатпайды. Бұның соңы білім бағалаудағы субъективизмге соғады: баға оқушы мен мұғалімнің өзара қатынасына негізделеді, өзге оқушылардың білім дейгейімен салыстырыла қойылады. Мұғалімдердің арасында бағаны оқушыға қысым көрсетудің қорқытып тәрбиелеудің құралына айналдырушылар да кездеседі. Ондайлар сабақта тыныш отырмаған оқушыларға да екілік қояды. Кейбір ұстаздар бағаны қалтасынан беретіндей тым сараңдық жасайды. Керісінше жақсы атты болуға, оқушы тілін табуға тырысып жомарт ағай, апай атануға ұмтылатын ұстаздар да жоқ емес.
Бұл - жекелеген мұғалімдердің өз мамандығы бойынша теориялық білімі таяз, әдістемелік шеберлігі төмен, педагогика мен психологиядан білім деңгейі әлсіз, дидактикалық озық тәжірибелерді күнделікті жұмысына шығармашылықпен пайдалана алмайды деген сөз.
Оқушы білімін есепке алу мен бағалаудың бір жүйеге түсірілген, ғылыми негізделген критерийлері жасалмағандығын есепке ала отырып, мектепте қазақ тілін оқытуда жинақталған біраз тәжірибелер мен зерттеу - сараптау жұмыстары жайлы ой бөліспекпін.
Бағалаудың бұлжымас төрт ұстанымы бар:
Біріншіден, бағалау және баға - оқу үрдісінің құрамдас бөлігі. Бұл үш дәйектемеден тұрады: бағалау - ынталандыру әдісі меп құралы, оқыту мен оқудың қозғаушы құралы; бағалау емтихан не сынақ алу білім сапасын жетілдірудің, оқушының басқа да қасиеттерін дамытудың, ұштаудың кепілі: бағалау мұғалім мен оқушының жан-жақты ынтымақтастық қарым-қатынасын қалыптастырады, жағымды ықпал етеді.
Екіншіден, бағалау және баға оқушыларды өмірге үйретеді, дайындайды, бейімдейді. Бұл ұстаным да өзара сабақтас үш дәйектемеден тұрады - үлгерімді жоғарылату ісіне ықпал етеді; тәрбиенің маңызды құралы оқушылардың белсенділігі мен ынтасын арттырудың құралы.
Үшіншіден, бағалау мен баға барлық оқушылардың дамуына ықпал етеді.
Төртіншіден, бағалау әрқашан әділетті сипатта болуы керек, сон оның ғылыми-практикалық тұрғыдан нәтижелігі қамтамасыз етіледі. Оқушылардан тиісті жауап алып, олардын білімін тексеруде фронтальды (жаппай) сұрақ және оған жауап алу өтілген материалды пысықтауда өткен тақырыпты еске түсіруде қолданылады. Қазақ тілі сабақтарында 5-6 сыныптарда көрсеткіш карточкалар арқылы фронтальды жауап алып, білімдерін тексеруді жиі жүргізуге болады. Бұны 5-сыныпта фонетиканы оқытуда қолданған жөн.
Оқушыларға 1-ден 7-ге дейінгі цифрлар жазылған, карточкалар таратылады. Белгілі бір сөзді (қоян, сиез, ағалар, т.б.) айтқанында, оқушылар бұл сөздерде қанша дыбыс, қанша әріп бар екенін ойланады. Егер дыбыс туралы сұралса, дыбыс санына сәйкес цифр жазылған ақ карточканы көтереді, әріп туралы сұралса, сәйкес цифр жазылған көк карточканы көтереді. Осы тәсілмен оқушылардың сөз таптарын меңгеру дәрежесін де азғантай уақыттың ішінде тексеруге болады. Бұл білімді тексерудің тиімді әдісі.
Оқушы білімін тексеру мен бағалаудың тағы да бір тиімді әдісі "Оқушы білімін тақырыптық есепке алу" әдісі.
Оқушы білімін тақырыптық есепке алудың мынадай қолайлы жақтары бар:
1. Мұғалім жыл бойы өтілген материал бойынша әр оқушының қай тақырыпты қаншалықты меңгергенін біледі.
2. Өзіндегі есепке алу дәптеріне қарап мұғалім оқушы тап нені сұрау керектігін тез табады.
3. Оқу жылы бойы сұралмаған тақырып қалмайды.
4. Сұралмаған не білмеген тақырыпты мұғалімнің түбінде сұрамай қоймайтынына көзі жеткен оқушы жыл бойы өтілген материалдан бір тақырып қалдырмай оқып, сабаққа мұқият әзірленуге дағдыланады.
5. Уақытша оқытқан не жаңадан келген мұғалім есеп жүргізу дәптеріне қарап, оқушы білімін байқауына болады.
6. Ең негізгісі өткен материалды қайталау арқылы оқушы білімінің олқы жері жан-жақты толығады.
Шығармашылық - бүкіл тіршілік көзі. Мектепте білім беру ісіндегі басты бағдар-оқушылардың тек шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп әзірлеу. Ол үшін ең біріншіден, өз таңдаулары бойынша оқытудың ұстанымын жүзеге асыру, яғни денсаулығын, дамуын, қызығуын ескеріп мүмкіндіктерін ашу. Екіншіден, оқыту үрдісінің сапасын арттырудың басты құрамды бөлігі-жақсы түсінікті тілмен жазылған оқулық. Бұрынғы әдіске арналған оқу үрдісінде мүғалімге басымдылық рөл берілсе, ал қазір оқу үрдісінде оқушы белсенділігі көрсетілуі тиіс. Ол өздігінен оқуы тиіс, ал мұғалімнің негізгі көңіл аударатын жайы - әрбір оқушының жеке қызығуы мен мүмкіндіктерін ашу. Әрбір оқушы басқа оқушымен салыстырылмайды, керісінше, дамуына қарай өзімен-өзі салыстырылады. Мектептерде шығармашылық сабақтарды жиі өткізу оң нәтижеге бастайтыны тәжірибе жүзінде дәлелденіп отыр. Мүғалімнің кез келген сабағы шығармашылық сипатта өткізіліп отырса, оқушы дербестігінің қалыптасуы жоғары деңгейге көтерілері сөзсіз.
Қазақстан республикасының Білім туралы заңының білім беру жүйесінің міндеттері туралы бабында жеке адамның шығармашылық рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілікпен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интелектін байыту деп көрсетілгендей, қазіргі қоғамымыз шығармашылық қабілеті бар, талантты іскер адамдарға мұқтаж болып отыр.
Қазақстан республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарында білім беру үрдісін оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстармен қамтамасыз етуді жетілдіру, білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайту және білім беру жүйесін қаржымен, білікті де білімді кадрлармен қамтамасыз етуді жетілдіру міндеттері қойылған. Осы бағдарламаны іске асырудың нәтижесінде кәсіби міндеттерін дербес әрі шығармашылық тұрғыдан шешу үшін бәсекеге қабілетті маманды даярлауды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді жүйесі құрылатын және білім беру саласындағы ғылыми және инновациялық қызмет жандандырылатын болады деп күтілуде. Соның негізінде жоғары оқу орындарындағы әрбір оқу пәні оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруға әсерін тигізбек.
Шығармашылық белсенділікті біз адамның жете түсінудегі талпынысынан туындайтын белгілі зерттеушілік және қоғамдық қоғамдық пайдалы маңызы бар міндеттерді шешуге жетудегі әрекетшіліктің жоғары сапалы деңгейі деп анықтай аламыз.
Оқушыларды оқу ордасында білім алуға белсендіру жолдарының әрі - жаңа технологиялар жүйесі мен жаңа оқыту әдістерін қолдану. Жаңа оқыту әдістеріне қазіргі кезде көп қолданылып жүрген активті және интерактивті әдістерді айтуға болады.
Активті және интерактивті әдістерге ойын түрінде өткізілетін сабақтар (іскерлік ойындар, рөлдерді ойнау және т.б.), пікірталас, саяхат, психологиялық тренинг, нақты жағдайларды талдау, өзекті мәселелерді шешу жатады.
Интерактивті әдістердің тағы бір түрі - дәрістік, зертханалық, тәжірибелік сабақтарда компьютерлік мультимедияны қолданып жүргізу, яғнм компьютерді немесе жаңа техника мен технологияларды қолданып білім беру әдістерін айтамыз.
Қазіргі кезде тәжірибе көрсетіп отырғандай, жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерін даярлау деңгейі психологиялық-педагогикалық, дидактикалық - әдістемелік тұрғыда әлі де болса төменгі деңгейде қалуда. Сондықтан әрбір оқытушы пәнді қалай оқыту, нені оқыту қажеттігіне көз жіберіп, өздерінің жұмыс бағдарламасы мен өмірлік қолданысының сапасына баса назар аударуы керек. Жоғары оқу орындарындағы тәжірибелік-зертханалық дәрістерді ескі жүйе бойынша емес, қазіргі жаңа ақпараттық технологияны қолданып байланыстыра отырып баянды түсіндіру жолдарын іздестірген жөн. Ал студенттер оқытушының берген білімдерімен шектеліп қана қоймай, оны әрі қарай өз бетінше белсенді, танымдық және шығармашылық іс әрекеттердің арқасында дамытуы қажет.
Оқытудың дамытушылық мақсаты оқушының шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыруға және ақыл-ойын, ойлау қабілетін, ынтасын дамытуға, яғни оны қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға бағытталған. Тәжірибелік мақсаты оқушының қызметке, еңбекке, басқа пәндерді оқыту үрдісінде тәжірибелік есептер шешу және оны ақпараттық қоғамдық өмірге дайындау көзделсе, тәрбиелік мақсаты оқушыны азаматтыққа, адамгершілік қасиетке, жоғары салалылыққа және ақпараттық мәдениеттілікке баулуға негізделген.
Бүгінгі таңда оқушылардың үздіксіз білім алу міндеттерін жетілдіруіне сай оқытушылардан олардың ойлау қабілеттерін дамыту, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, сонымен қатар өзіндік жұмыстарына қатысты іскерліктерімен дағдысын тәрбиелеу талап етіледі. Ол үшін өзіндік жұмыс оқушылардың тек үй жұмысын орындау барысында ғана емес, оқу үрдісінің өн бойында өз орнын табуы тиіс. Оқушылардың әр түрлі өзіндік жұмыстары негізінде сабақтың нәтижесін және таным қабілеттерінің белсенділігін арттыруға болады.
Оқушылардың таным белсенділігі дегеніміз - оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру және оларды өмірде пайдалана білуге, үйренуге деген саналы әрекеті.
Оқыту үрдісінде оқушылардың белсенділігі, негізінен, екі түрлі сипатта болады: сыртқы және ішкі белсенділік. Сыртқы белсенділік дегеніміз - оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл қозғалыстары, тәжирибелік әрекеттері, оқытушыға зейін қойып қарауы, мимикасы, т. б.). Ал ішкі белсенділігіне оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Белсенділік жеке басқа тән маңызды қасиет болып саналады. Ал қасиетсіз адамның жұмысы нәтижелі болуы мумкін емес.
Оқушы белсенділігі қандай болғанда да ой дербестігіне сүйенеді. Оқыту үрдісінде оқушылардың белсенділігін арттыру ұстанымын жүзеге асыруды мақсат еткен оқытушы сабақтың барлық кезеңінде олардың ой дербестігін дамытуға тырысады. Оқушыда белсенділік бір қалыпта болмайды, оның қарапайым (еліктеушілікке, жай қайталауға, біреудің айтқанын бұлжытпай орындауға негізделген белсенділік) түрлері болады.
Шығармашылық белсенділік оқушының жоғары саналығы мен дербестігін керек етеді. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне және психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды: қимыл және сойлеу, ойын және оқу (таным), өзін өзі тәрбиелеу, т.б. белсенділіктер.
Оқушылардың шығармашылық белсенділіктеріне өз бетінше орындалатын баяндама, реферат, шығармалар, пікір жазуы мен көрнекі құралдар, моделдер, конструкциялық, т.б. жұмыс түрлерін жатқызуға болады.
Професор Р.Лембергтің пікірінше, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мына шарттарға болмақ:
oo оқушының істейтін жұмысының мақсатын айқын түсінуі;
oo жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы;
oo жұмысты оқушылардың өз еркімен, қалауымен орындауы.
Өзіндік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар мыналар:
oo оқушылардың жұмысын оқу жұмысының басқа түрлері мен дұрыс ұштастыра білуі;
oo оқушылардың дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;
oo өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;
oo оқушылардың өзіндік жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу.
1.2. Оқыту процесінде оқушылардың білімін анықтаудағы педагогикалық бағалау түрлері
Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты мақсаттарының бірі - жан-жақты, жоғары білімді, шығармашылық қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Білім туралы Заңда (8-бап) білім беру жүйесінің басты міндеті ... ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау делінген, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында оқу бітіруші түлектердің біліміне қойылатын талаптар темендегідей:
- әлеуметтік-гуманитарлық ғылым саласында негізгі оқу мазмұнын білу, әлеуметтік жағынан қажетті білгірліктер мен үрдістерді ғылыми тұрғыдан талдай білу, ғылыми әдістерді кәсіптік және әлеуметтік қызметтің әр алуан саласында қолдана білу;
- адамның адамға, қоршаған ортаға қарым-қатынасын реттейтін этикалық және құқықтық нормаларды білу, оларды экологиялық және әлеуметтік іс жобаларын әзірлеуде ескере білу;
- өзініә алдына кәсіптік міндеттерін жүзеге асыруға байланысты мақсат қойып, оларды шешу үшін өзі оқып-үйренген ғылымның әдіс-тәсілдерін пайдалана білу;
- өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білу, кәсіптік қызметі саласында қажет ақпаратты жинау, сақтау мен сұрыптаудың компьютерлік әдістерін меңгеру;
- өзінің кәсіптік қызметінің түрі мен сипатының өзгеруіне пәнаралық жобалармен жұмыс істеуге әдістік және психологиялық жағынан дайын болу.
Бұл талаптар - маман даярлығына қойылатын жалпы талаптар. Педагогикалық қызмет-қоғамдық құбылыс. Қоғамдық қарым-қатынастарының, өзгеруі, жаңа білімнің жинақталуы, өндірістің жетілдірілуі, әлеуметтік прогресс педагог қызметінің мазмұндық сипатын өзгертуді талап етеді. Себебі ол қоғамның әлеуметтік сұранысын қанағаттандыруы тиіс. Қазіргі кезеңде мектептегі жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы, жалпы болмысы, ең алдымен, мұғалімге байланысты.
Мұғалімнің негізгі әлеуметтік қызметі-жас ұрпаққа қоғам міндеттеп отырған талаптарға жауап беретіндей тәрбие, білім беру. Осы талаптарға сәйкес орта білім беретін мектептер мен жаңа типті мектептердің (лицей, гимназия, колледж, атаулы, арнайы мамандандырылған мектептер) саны да көбейе түсуде.
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында тәрбие процесінің тиімділігін одан әрі жетілдіру ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл, әсіресе бүгінгі ғылыми-техникалық өрлеу кезеңінде айқын басымдылыққа ие. Осы бағытта педагогика ғылымы тұлғаның барлық жағынан жарасымды болып дамуын қамтамасыз етуді өзінің басты мәселесі деп қарастырады. Ол халыққа білім беру мен кәсіптік даярлық жүйесін үздіксіз жетілдіруді, теориялық білімді өнімді еңбекпен, қоғамдық өмірмен үнемі байланыстырып отыруды міндеттейді. Мұндағы мақсат - өскелең жас ұрпақты қоғам жұмысына белсене қатысуға әзірлеу. Ендеше тұлғаның адами қасиеттерін барлық жағына дамыту, онын тек жеке басының қажеттілігін ғана қамтамасыз етуді көздемейді, соны мен бірге өзі өмір сүріп отырған қоғамның мүддесін де қорғайды.
Жеке тұлғаның жан-жақты дамуына қалыптастыру:
- отанына берілгендікті, оның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауға дайындаған, бейбітшілік үшін, халықтардың достығы мен ынтымағы үшін, еңбекшілердің бақыты үшін арнаулы даярлықта тәрбиелеу;
- ғылым, мәдениет, техника сласындағы білімдер жүйесін және өндірісті ұйымдастырудың даму жағдайларын игере білуін тәрбиелеу;
- адамгершілік қасиетттерді барынша құрметтеушілік, адамдарға деген қамқорлық жасау және оларға ілтипатпен қараушылық, жолдастық пен адалдық, шыншылдық, жауапкершілік сезімдерге тәрбиелеу;
- еңбекте адал қарым-қатынасын, қоғам игілігі үшін материалдық өндіріс саласында еңбек етуге даяр болуы, еңбек ету қажеттілігін түсінуге, еңбек адамын құрмет етуге тәрбиелеу;
- әсемдікті барынша сезіне білуді, шын көріктілікті жасандықтан ажырата білуді, музыкаға, өнерге, әдебиетке ынтасын үнемі жетілдіруге талпынысын, құштарлығын, табиғатты сүюге тәрбиешілерді тәрбиелеу;
- денсаулығы мықты және дене құрылысы жақсы дамыған, дене шынықтырумен (спортпен) үнемі шұғылданатын адамды тәрбиелеу;
- табиғатты қорғау, оның байлығын көздің қарашығындай сақтау, адам өмірінің бастауы - жер, су, ауа, аң, өсімдіктерді бағалау, қастерлеу, сақтау рухында тәрбиелеу.
Әрбір мектеп мұғалімінің алдында, міне осындай оқушы тұлғасын тәрбиелеп шығару міндеті тұр. Бұл міндеттерді шешу әсіресе тұлғаның балалық, жастық және жасөспірім шақтарында жүзеге асырудың маңызы ерекше.
Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам құрылысына белсене қатысуға әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге асырылады. Мектепте білім және тәрбие алу барысында жас түлектердің ақыл-ойы дамиды, адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ой еңбегіне төселеді, рухани өмір байлығын меңгереді, эстетикалық сезім, талғамы артады... Соған сәйкес мектеп тәрбие беру ісін бірыңғай мақсатты, жүйелі түрде ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.
Мұғалім еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі мол шығармашылықты сүйеді. Өйткені жеткіншек ұрпақты өмірге, еңбек пен әлеуметтік іс-әрекетіне дайындау мұғалімдерді көп іздендіріп, ойландыратын жұмыстың ең басты түрі. Олай болса, әрбір мұғалім орта немесе жоғарғы дәрежелі педагогтық білім алумен қанағаттанып қоймай, ол тәрбие мен оқытудың тиімді жолдарын үнемі іздестіріп, өз жұмысында пайдаланып отыруы тиіс. Сонда ғана мұғалім жаңашыл, оқушыларға тәрбие және білім берудің теориясы мен практикасын дамытудың қозғаушы күші және асқан шебері бола алады.
Мұғалім еңбегінің ғылымға негізделе отырып, белгілі жүйелілікпен жүзеге асырылатыны айқын. Мысалы, оңайдан қиынға, жеңілден ауырға, нақтылы түсініктен абстрактылы ұғымға біртіндеп ауысу ережелерін және оқушылардың жасы мен дербес ерекшеліктерін еске алмайынша оқу және тәрбие жұмысында белгілі нәтижеге жету қиын. Сондықтан мұғалімнің алдындағы басты міндет - оқушыларды біліммен қаруландыра отырып, ойлауға, сөз шеберлігіне, еңбек ете білуге үйрету және тәрбиелеу.
Ұстаз бүгінге ғана емес, ертеңге, болашаққа қызмет істейді. Ол заман дамуынан артта қалмастан, өзін-өзі жан-жақты дамыту үшін саяси-идеялық дәрежесін, ғылыми-теориялық білімін және педагогтық мамандығын күнбе-күн жетілдіріп отыруға талаптанады.
Мұғалім өз мамандығына байланысты ғылыми-теориялық мәселелерді, жоғары оқу орындарына қойылатын талаптарға сәйкес меңгеруі тиіс. Егер ол өзінің теориялық білімін өмір талабына сай жетілдіріп отырмаса, онда жастарды жан-жақты дамытып, тәрбиелеуге шамасы келмейді. Социологтардың зерттеу мәліметі бойынша институтты бітірген инженерлердің білімі 6-8 жылдардан кейін ескіреді. Ал мұндай жағдайды болдырмау үшін мұғалім үнемі ізденіп жұмыс істейді. Сондықтан оның шығармашылық іс-әрекеттері, мысалы, арнаулы әдебиеттер мен пәндік журналдарда жарияланатын тың мәселелермен таныс болуы, ғылыми семинарлармен конференцияларға белсене қатысып үлес қосуы ой-өрісін кеңітеді.
Педагогикалық ғылым жетістіктері мен озат педагогикалық тәжірибені заман талабына сай меңгеру оқушыларға білім мен тәрбие берудің негізгі көзі.
Қазіргі кезеңде ғылымның соңғы табыстарына негізделіп мектеп өңірінде жүзеге асырыла бастаған және асырылатын ең басты мәселелер: оқытудың ғылыми негіздерінің өмір және еңбекпен байланыстылығы; оқытудың политехникалық принципі; арнаулы факультативтік курстар; бағдарламалап және дифференциялық оқыту; қоғамдық пайдалы және өнімді еңбектің оқу мен тәрбие жүйесінде алатын орны; кәсіптік бағдар беру, техникалық құралдарды, компьютерлерді, оқыту машиналарын кеңінен қолдану болып отыр. Осы мәселелерді іс жүзінде асыру мұғалімнің тікелей психологиялық және педагогикалық білім деңгейіне байланысты. Сондықтан ол оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, физиология, психология және педагогика ғылымдарындағы құбылыстардың негізгі ұйымдарын, заңдылықтарын, принциптері мен ережелерін және олардың табиғи байланыстығын, атақты физиологтар И.М.Сеченов, И. П. Павлов. белгілі психологтар А.А.Смирнов, А.Н.Леонтьев, А.А.Давыдов, дидактиктер Б.П.Есипов, М.А.Данилов, Л.В.Занков, М.Н.Скаткин тағы басқа ғылымдардың еңбектерін қол үзбей оқып терең меңгереді. Сонда ғана мұғалім шығармашылық еңбектің тамаша шебері бола алады.
Қазіргі кезеңде білімнің беделі төмендеп, мәдениеттің, рухани байлықтың мәртебесі құнсызданып отырғанына қарамастан гуманитарлық білім беру мәселесін шешуде негізгі тұлға - мұғалім. Себебі, білім беруді гуманитарландыруда педагог-маманның мәртебесін көтеру елімізді өркениетті мемлекеттер деңгейіне жеткізудің басты шарты деп есептейміз. Мұғалім туралы қазақтың аса көрнекті қайраткері, ақын, аудармашы-ғалым А.Байтұрсыновтың Ең әуелі мектепке керегі білімді, әрі педагогикалық әдістемеден хабардар, оқытып білетін мұғалім - деп баға бергені бұл күнде де өз мәнін жойған жоқ.
Осыған орай педагог маманның мынадай моделін ұсынуға болады:
- педагог - ол шын мәніндегі қоғамдық-әлеуметтік даму процесінің санасындағы күрделі жаңғыру барысына тікелей қатысы бар маман;
- педагогикалық процеске ие бола алатын әрекетті және тұтас толыққанды қасиеті бар, шығармашылық ойлау қабілеті жетілген, өзінің білім алуға өзін-өзі тәрбиелеу дағдысы қалыптасқан, гумандық қоғамдық еңбек қатынасын орната алатын маман;
- педагог қазіргі заманның өркениетті, прогресшіл бағытына сай ең жоғары мәдениетті маман.
Мұғалімнің қызметі ұйымдастырушылық, танымдық, эмоционалдық және т.б. бірнеше бағытта жүргізіледі:
Ұйымдастырушылық бағыт мұғалімнің оқыту тәрбиелеу процесі жоспарлау және ұйымдастыруға құрылады. Бұл оқу материалын іріктеу, оқу және тәрбие жұмыстарының түрлі формаларын, сабақ жүргізу барысын ұйымдастыру, т.б. Бұл үшін мұғалім мынадай заңдылықтарды білуге тиіс:
- мектептегі педагог қызметті ұйымдастырудың негізгі формаларын;
- ұлттық бағдарламаның мазмұнын, оның идеялық-теориялық негізі дидактикалық принциптері мен әдістерін білу;
- оқушылардың жас ерекшеліктерін білу;
- оқыту-тәрбиелеу процесін ұйымдастырудың формалары мен әдістерін сынып деңгейіне байланысты таңдай білу керек.
Танымдық бағыт мұғалімнің оқушылардың ой-қызметін басқаруға байланысты құрылады.
Бұл үшін мұғалім:
- ғылыми теорияның методологиялық және психологиялық-педагогикалық негіздерін білуге;
-білім мен дағдының дидактикалық принциптерінің қалыптасып қадағалауға;
- танымдық процестердің мүмкіншіліктерін және ақыл-ой қызметін бірте-бірте жетілдіру арқылы басқаруға;
- пәнаралық байланысты қолдана отырып жүйелі білім беруге;
- өткен материал мен өтілетін материалды байланыстыра отырып логикалық шешімдер жасауға;
- оқушы бойында білім алуға өз еркімен ұмтылып тәрбиелеуге дайын болу қажет.
Эмоционалдық бағыт - мұғалімнің білімге деген көзқарасын асырып, оның оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, табиғатқа деген сезімін жоғарылату.
Ізденушілік бағыт - мұғалімнің оқу процесін жетілдіруі арқылы және профессионалдық шеберлігін көтеруі арқылы көрінеді. Бұл мұғалімнің психологиялық-педагогикалық қызметін талдаумен және озат педагогтар тәжірибесін, жаңа педагогикалық технологияны әдістерді қызметіне ендіріп, білімін ұштастыруы.
Мұғалім ғылыми зерттеулердің теориялық негізін және зерттеу жұмысын өткізу әдістемесін білуі тиіс. Сонымен қатар педагогикалық кәсіби шеберлігіне мына талаптар қойылады:
- оқу процесін бақылауға және талдауға;
- педагогикалық фактілерді бір жүйеге келтіруге;
- кез келген педагогикалық ситуацияға педагогикалық шеберлігін қолдана білуге;
- пән сабағының құрылымына жаңа формалар, әдістер қолдану жолында үнемі ізденіс үстінде болуға;
- сабақтың тақырыбын ашу мақсатына сәйкес қосымша материалдар қолдануға;
- өз еңбегінің жемісін болжай білуге;
- оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытуға;
- үнемі білімін жетілдіруге, орындаушылық тәжірибесін, оқушылармен сөздік байланыс шеберлігін жетілдіруге міндетті.
1.3. Оқушылардың білімін тексеру мен бағалаудың маңызы
Елімізде бүгінгі жалпы білім беруді бастауы кеңес дәуірінің 30-жылдары басталған. Сол жылдары мектепте берілетін білім мазмұны пәндік ұстанымда жүйеленуі ғылымдар классификациясына сүйеніп, жеке пәндер оқытыла бастады. Нәтижесінде "Нені оқыту?" деген сұрақ аясында жеке пәндер бойынша берілетін білімнің құрамы мен құрылымы анықталып, көлемі белгіленді. Бұл үрдіс тарихи кезеңдерден өтіп, бүгінде дәстүрлі болған оқу пәндер жиынтығы қалыптасты. Әр пән аясындағы білім жылдар бойы толықтырылып, жетілдіріліп бүгінгі таңдағы көлемі айқындалды. Осы білім мазмұнын оқушыға жүйелеп, өңдеп дайын күйінде жеткізетін мұғалім болғандықтан. "Қалай оқытамыз?" деген сұрақ аясында әдістемелік ізденістер болды. Осы бағытта ұйымдастырылған білім беру жүйесінің соңғы нәтижесі жеке пәндер бойынша алынатын ББД болып табылады. Білім беруді ұйымдастырудың бұндай жолын шартты түрде жүйеге "кіруді" реттеу делінеді.
Әлемдік білім беру кешенінде өркениетті елдерде білім беруді ұйымдастыруда екінші жолы орын алған. Оны шартты түрде жүйеден "шығуды" реттеу дейді. Бұл жолдың ерекшелігі неде? Мәселен "Не үшін оқытамыз?" деген сұраққа жауап алудан басталады. Бұл сұраққа жауап ретінде алынатын соңғы нәтижелер нақтыланады. Бұл нәтижелерге жеке пәндер бойынша меңгерген ББД емес, өмірлік дағдылар жатады. Бұдан кейін шешілетін мәселе "оқушыны оқуға қалай үйрету?" деген сұрақпен байланысты. Демек, мұғалім, негізінен, оқушыларға жүйеленіп өңделген оқу материалды дайын күйінде ұсынбайды, баланы өз бетімен ізденуге, өзіне қажет білімді іздестіруге керекті қасиеттермен (білік, тәсіл, т.б.) қаруландыралы. Осындай ұстанымда ұйымдастырған оқу үрдісінің нәтижесінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz