Корей халқы Қазақ жеріне қоныстануы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам

ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

No 1 С Е М Е С Т Р Л І К Ж Ұ М Ы С

Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні

Тақырып: Таяу шығыстағы кәрістерді Қазақстанға күштеп қоныстандыру

Мамандығы:6B06102-<<Ақпараттық жүйелер>>

Тобы: Иск 20-1

Орындаған: Тұрарбек Ерсін

Тексерген оқытушы: Кабдушев Болат Жоламанұлы

<< >> 2020ж

(бағасы) (қолы)

Алмыты 2020

Мазмұны

  1. Кіріспе . . .

2. Негізгі бөлім . . .

3. Қорытынды . . .

4. Пайдалынған әдебиеттер . . .

Кіріспе

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі жылдар ішінде еліміздің кеңестік кезеңдегі тарихы туралы ақиқатты айтуға, оның әлі де толық зерттелмеген көлеңке беттерін ашу мүмкіндігіне қол жеткіздік. Тәуелсіздіктен кейінгі уақыт ағымында үлкен бетбұрыс жасалып, демократиялық құқықтық зайырлы мемлекет құрылды. Бүгінде Қазақстан көпұлтты мемлекет ретінде оны мекендейтін 130-дай халықтар мен ұлттардың өз отанына айналып отыр. Қазақстан тарихының бұрынғы КСРО-ның басқа республикалары мен халықтарының тарихымен байланысты тұстары баршылық. Кеңестік жаппай қуғын-сүргін тарихы көптеген зерттеулерге арқау болды. Бірақ тұтас халықтарды жер аудару тарихын зерттеу әлі де терең ізденістерді талап етеді. Тоталитарлық жүйе миллиондаған азаматтардың тағдырын тәлкек етті. Сол жылдары ұлттық мүддені қорғаған зиялыларды, қарапайым еңбек адамдарын жазықсыз қудаласа, кейіннен бұл саясат шекаралық аймақтағы тұтастай халықтарды туған жерінен айырып, басқа аймаққа күшпен жер аудартты. Оларды қоныстандырған жердің негізгі қатарында Қазақстан да болатын. Қазақ халқының соғыс жылдарындағы демографиялық өзгеріске ұшырауы кеңестік дәуірдің терең саясатының бір көрінісі еді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде гитлерлік әскер мен режимге жәрдемдесті деген сылтаумен Еділ бойындағы немістер, Солтүстік Кавказ, Қырым жағалауын мекендеуші біраз халықтар қудаланып, туған жерінен тыс, алыс жерлерге күшпен жер аударылды.

Мемлекеттің кең көлемде жүргізген осы заңсыз шаралары бүгінгі күнге дейін толық зерттелмей келе жатқан мәселе. Әуелде депортация бұрынғы жүйеге қызмет еткен жеке адамдарға, одан кейін БК(б) П қарсыластарына, онан соң тұтас ұлттарға жайылды. Сөйтіп, қуғын-сүргін жылдары орын алған саясат жер аударылғандарды ұлттық болмысынан, дінінен, мәдениетінен айырып, негізсіз кінә тақты, қатал жазалады. Бұл кеңестік ұлт саясатының заңдылықты сақтамауының айқын көрінісі болды. Бірінен соң бірі жарыққа шығып жатқан сол кездегі заң актілері күшпен жер аударылған халықтардың дамуына, келешегіне түбегейлі кедергі келтірді. Депортация жер аударылған халықтардың тілінің, дінінің дамуына орасан зор зиянын тигізгендігіне бүгінгі күнгі өмір сабақтары нақты дәлел болып отыр. Ендеше жер аударылған халықтардың әдет-ғұрыптық заң қалыптары мен этникалық қағидалары ұзақ дәуірлердің бойында қалыптасса, сонау аласапыран кезеңінде оларды күшпен жер аудару, өсіп келе жатқан кейінгі буынға өз кіндік қаны тамған жерден біткен салт-дәстүрдің тамырына балта шабылды. Тоталитарлық жүйеде жер аударылған халықтарға тән өмірге келген әрбір құжаттар, жеке адамдар мен этностардың өміріне, мәдениетінің құлдырауына әдет-ғұрыптардың жойылуына, отбасылардың зардап шегуіне, еңбек армиясындағы еріксіз еңбекпен жапа шегуіне, лагерлер мен жұмысшы отрядтары және колония лардағы адам шығынына жіберіліп отырған жолдама іспетті. Орналасқан жерлерінде көшірілгендердің саяси құқықтық жағдайы өте ауыр болды. Олардың материалдық мұң-мұқтажына байланысты мәселелер көп уақытқа дейін толық өз шешімін таба алмады. Кешегі әміршіл-әкімшіл кезеңнің жаппай бүкіл халықты күштеп көшіру саясаты халықтар болашағының атүсті болуы халықтардың жеке ел ретінде өркендеуіне кешіктіріп әкелді.

Сондықтан депортация үрдісін зерттеу, оның зардаптары, екінші отанына орналасуы, ортаға бейімделуін ерекше назар аударылуды қажет ететін мәселелердің бірі. Осы уақытқа дейін кеңес үкіметінің тарих ғылымында депортацияланған халықтардың трагедиялық тағдырларында, жер аударудың зардаптары, халықтарға тағылған кінәнің үрдістері және көшірілген топтар туралы нақты еңбектер жоққа шығарылып келді. Күшпен қоныс аударыл

ғандардың тарихи тұрғыдан ғылыми негізде жазу тек 80-жылдардың екінші жартысында ғана қолға алына басталады. Бірақ жаңа заман зерттеу

лерінде депортация екпіні жазылғанмен, онымен тығыз байланыста жатқан зардаптары, қудалауға ұшырауы, жеке-жеке орналасуы, құқықтық жағдайы, экономикаға қосқан үлесін зерттеу төменгі дәрежеде жазылды. Осы зерттеу жұмысында жер аудару кезеңдерінің жоғарыда келтірілген кемшіліктерінің негізгі мәселелері нақтылы дәлелдермен айтылады. Саяси қуғын-сүргін тарихы, халықтарды жазықсыз жер аудару мәселесі кеңестік кезеңде құпия сақталып келді. Бұл проблемалар туралы зерттеу жұмыстарын жүргізу түгілі оларды баспасөз бетінде атауға тыйым салынды. Осынау қуғын-сүргін науқанының жалпы көлемі туралы алғашқы пікірлерді сондықтан да шетелдік әріптестеріміз айтты. Қолдарында нақты архив деректері болмаса да, олардың негізінен, бұл мәселеге әділ тарихи баға бергенін айта кеткен жөн. Тек ХХ ғасырдың 80-жылдарының соңында ғана КСРО көлеміндегі демократиялық процесстердің нәтижесінде бұрын ақиқат тұрғысынан айтуға тыйым салынған тарихтағы «ақтаңдақтар» мәселесі көтеріле бастады. Солардың қатарында КСРО-ның бір аймағынан екінші жеріне күштеп жер аударылған халықтар мен олардың тағдыры туралы зерттеу жұмыстарын жүргізуге жол ашылды. Сөйтіп, осы мәселеге байланысты бұрыннан құпия сақталған мұрағат құжаттары ашылып, араға 50-60 жыл салып барып кеңестік күштеп қоныс аудару саясатының орны толмас зардаптары туралы ғылыми конференцияларда баяндамалар жасалынып, алғашқы материалдар жарық көрді. Кеңестік биліктің халықтарды жер аудару туралы жоспарлары, олардың іске асырылуы, жер аударылған халықтардың қанқұйлы саясаттан күйреген тарихи атамекендері, тұрмыстық және құқықтық жағдайы жөнінде құжаттар легін алғаш рет Ресей ғалымдары Н. Ф. Бугай, В. Н. Земсков, А. М. Некрич жариялады .

Қазақстанға күштеп көшірілген халықтардың бірі корей халқы екені белгілі. Жер аударылғаннан кейінгі корейлердің Қазақстанның халық шаруашылы ғына ат салысуын және мәдени дамуын сипаттауға арналған Г. В. Кан, Г. Кан, Г. Н. Ким, Д. Мен сияқты ғалымдардың еңбектерінде бар.

Негізгі бөлім

Бүгінгі Қазақстандық корейлердің негізгі бөлігі кезінде Қиыр Шығыс өлкесінен жер аударылды. «неліктен деген сауалға КСР Одағы Халық Комиссарлары Кеңесі мен БК (б) П Орталық Комитеті бірігіп шығарған «Корей халқының Қиыр Шығыс өлкесінің шекаралық аудандарынан көшіру туралы» қаулысы (1937 жылдың 21 тамызы ) бір ауыз сөзбен : «Қиыр Шығыс өлкесіне жапон шпионажының еніп кетуіне жол бермеу мақсатында» деп жауап береді».

Мәселенің байыбына баруға, мұндай мәлімет жеткіліксіз. Сондықтан, сол жылдардың қосымша деректеріне жүгінелік. И. Сталиннің өзі редакциялаған, 1938 жылы «БК (б) П Орталық Комитеті ұнатқан «БК (б) П тарихында» мынадай жолдар бар: «1932 жылы Жапония тарапынан соғыс қаупі күшейді. Жапон импералистері Қытайға соғыс жарияламастан және өздері шығарған «жергілікті жанжалдарды» зымияндықпен пайдалана отырып, ұрланып келіп Маньчжурияға әскерлерін кіргізді. Жапонияның ашықтан - ашық көздеген мақсаты -қытайды өзіне бағындыру, сөйтіп ол жерден европалық -америкалық импералистік белді мемлекетті қуып шығару болды».

Бірақ Жапония советтік Қиыр Шығысты басып алу мақстаын да алдын ақойған болатын. Әрине, КСРО мұндай қауіпті еске алмай отыра алмады, сөйтіп, Қиыр Шығыс өлкесіндегі отан қорғау ісін барынша нығайта бастады» .

Егер сталиндік оқулық тұжырымына қарасақ, корейлерді Қиыр Шығыстан жер аудару еліміздің, тіптен корейлердің өздерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалған тәрізді де болып көрінеді. Бірақ жоғарыдағы ресми қаулы бұл науқанның «жапон шпионажының еніп кетуіне» жолбермеу үшін жасалып отырғанын анық атап көрсетіп отыр емес пе. Айта кеткен жөн, Корея мемлектеінің өзі ол кезде жапондар қол астында болғандықтан, жекелеген корейлерді Жапонияның барлау - шпиондық жұмыстарында пайдаланғаны белгілі.

Осы мәселені кеңінен зерттеген қазақстандық тарих ғылымының докторы Г. В. Кан бұл туралы былай деп жазады: «Это был наказание за предательство отдельных людей, от которых не застрахован ни один народ, это было наказание за национальную принадлежность к возможным сторонникам возможного противника».

Тарихшы Г. В. Кан өзінің басқа бір зерттеуінде мәселенің байыбына бару үшін корейлерді жер аудару туралы 1937 жылдың 21 тамызында қабылданған жоғарыдағы қаулыдан басқа, дәл осы күні өмірге келген тағы бір құжатқа - шабуыл жасаспау туралы совет-қытай келісім шартына назар аударуды ұсынады және осыған байланысты өзі төмендегідей қорытынды жасайды: «…Это были две стороны одной медали. Депортацию корейцов под предлогом «пресечения прониковения японского шпионажа» следует рассматривать так один из моментов «большой полтитики», как демонстрацию Советским Союзом».

Осылайша, жоғарыдағы 1937 жылғы 21 тамыздағы қаулыға сәйкес Қиыр Шығыс өлкесінің 23 ауданынан Оңтүстік Қазақстан облысына, Арал теңізі және балқаш көлі аудандарына, сондай-ақ, өзбек КСР -не корейлерді жаппай, шұғыл көшіру басталды. Бұл іс қысқа мерзімде - 1938 жылдың 1 қаңтарына дейін аяқталуы тиіс болды. Қағаз жүзіндегі қаулыда үкімет пен партия көшірлетін корейлерге өздерінше «қамқорлық» жасап бақты. Оларға өздерімен бірге заттарын, тіптен дүние - мүліктерін ала кетуге рұқсат етілді.

Қаулыда 5-ші бабында «Қайта қоныстанатын корейлерге шетелге кетуді қалайтын болса кедергі жасамау, шекарадан өтудің оңайтылған тәртібіне жол беру» қажеттгігі атап көрсетілген. Қаулы сондай-ақ, көшкен кезде корейлер қалдырып кетуге мәжбүр болған дүние -мүліктің және егін алқабының шығынының оларға қайтарылатынын да атап көрсетті.

1938 жылы Қазақстандағы кәрістердің саны - 98454 адамға жетті.

1959 жылы - 74 мың адам. 1999 жылы - 99657. Кәрістерге орыс шенуеніктерінің сенімсіздік көрсетуін алғаш рет 1905 жылы унтербергер білдірді. Ол кәрістерге қарсы сенімсіздіктің тұтастай дәлеледер жинағын келтірді. Олардың бастылары:

1) Кәрістер діни нанымдылық, дәстүр, әдет-ғұрып, экономикалық өмір жағдайындағы дүниеге көзқарасы бойынша орыстардан бөтен; Ресей бодандығына өткен және православие дінін қабылдағанның өзінде де олар орыс халқымен сіңісіп кете алмайды, Жапония немесе Қытаймен соғыс бола қалған жағдайда олардың адалдығына сенуге болмайды, тыңшылық әрекеттің жазылуына олар қолайлы жағдай тудырады.

2) Кәрістерге жерді жалға беру жолы арқылы ауыл шаруашылығын жүргізу жолдары орыс қожайындарын азғындыққа ұшыратады.

3) олар жерге қоныстана отырып орыстарға арналған жерлерді басып алады, бұл тынық мұқиты жағалауындағы олардың жағдайын әлсіретумен тең сияқты.

1937 жылы Қиыр Шығыстағы Кәріс қауымы 200 мың адамды құрады, олардың ішінде қиыр шығыстық кәрістер - 110280 адам; орыс-бодандары 27, 2 мың адам, жапон бодандары 67, 8 мың адам.

1937 жылғы тамыз айында Сталин елдің шығыс аудандарының НКВД жетекшісі генерал Г. С. Люшковпен болған әңгімесінде «кәрістердің көші-қон мәселесін күшейту жөніндегі» ұсынысын айтты. Кеңес мемлекетінің басшысы құжаттарда белгілегендей, «кәрістерге» сенбейтінін айтты. Кәрістер мен бірге жіберлетін жапон тыңшыларының арасында тығыз байланыс болуы мүмкін деп есептеп, олар шекаралық аймақта тұрған кезде кәрістерге сенімсіздік білдірді.

Қиыр Шығыстағы 200 мың кәріс халқының тағдырын анықтаған 1937 жылғы 21 тамыздағы КСРО ХКК мен БКП ОК - тың аса құпия қаулысының толық мазмұнын қарастырайық.

КСРО халық Комиссарлар Кеңесі мен БКП Орталық Комитетінің 1937 жылғы 21 тамыздағы N 1428 -326 қаулысында кәріс халқын қиыршығыстық өлкелердің шекаралы аудандарынан қоныс аударту туралы КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі мен БКП (б) Орталық Комитеті қаулы етеді: Қиыршығыстық өлкелердегі жапондық тыңшылардың өтіп кетуінің жолын кесу мақсатында:

  • БКП (б) Қиыршығыстық өлке комитетіне, өлкелік атқару комитеті мен Қиыр Шығыс өлкелік УНКВД - ға Қиыр шығыс өлкесінде: барлық ПОсьет, Молотов, Гродеков, Ханкай, Хороль, Чернигов, Спасск, Шмаков Постышев, Бикинск Вяземск, Благовещенск, Тамбов, Михайлов, Архаринск, Сталинск халқын шығарып, оларды Оңтүстік - Қазақстан облысының Арал теңізі мен Балхаш аудандарына және Өзбек КСР-ына көшіруді ұсыну. Қоныс аудартуды Посьет ауданы мен Гродеково ауданына тиіп жатқан аймақтардан бастау.
  • Қоныс аудартуға тездетіп кірісу және 1938 жылдың 1 қаңтарына дейін аяқтау.
  • Көшірілуге жататын кәрістерге көшу кезінде өздерімен бірге мүліктерін, шаруашылық заттары мен асыраған құстарын алып кетуге рұқсат беру.
  • Қоныс аударушыларға олар қалдырып кеткен қозғалатын мүліктер мен егістерінің орнын толтыру.
  • Қоныс аударушы кәрістер шекарадан ары асып кетуге тілек білдірсе, кедергі келтірмеу.
  • КСРО Халықтық ішкі істер комитетіне көшуге байланысты кәрістер жағынан тууы мүмкін тәртіпсіздіктер мен эксцестерге қарсы шаралар қабылдау.
  • Қазақ КСР мен Өзбек КСР Халық комитетінің кеңесіне тез арада орналастыру пунктер мен аудандарын анықтап, қоныс аударушылардың жаңа орындағы шаруашылыққа жерсініп кету шараларын қарастыру, оларға қажетті көмек көрсету.
  • НКПС - ты қоныс аударушы кәрістер мен олардың мүліктерін Қиыр Шығыс өлкесінен Қазақ КСР мен Өзбек УСР -сына тасымалдау үшін Шығыс өлкелік атқару комитетіне өз уақытында вагондарға тапсырыс беруді қамтамасыз етуге міндеттеу.
  • БКП (б) Шығыс өлке комитеті мен Шығыс өлкелік атқару комитетіне үш күндік мерзім ішінде қоныс аударуға жататынын адамдар мен шаруашылықтардың санын хабарлауды міндеттеу.
  • Қоныс аудару барысы, қоныс аудару аудандарынан жөнелтілетіндер саны, қоныстану ауданына келгендер саны мен шекараға жіберілгендердің саны жөнінде телеграпен он күндік мәлметтерді жеткізу.
  • Кәрістер көшіріп жатқан аудандарыдағы шекараларды қорғауды нығайту үшін шекара әскерлерінің санын 3 мың адамға көбейту.
  • КСРО ішкі істер халық комитетіне кәрістерден босатылған орындарға шекарашыларды орналастыруды рұқсат ету.

Қазақстанға көшірліген кәрістер нақты түрде қоныс аударудың екі кезеңін бастарынан кешірді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақмола облысы аумағына халықтарды депортациялау
Жер шары бойынша халықтардың қоныстану ерекшеліктерінің негіздері мен халық санының өсу динамикасы
ҚАЗАҚСТАНДА ТҰРАТЫН ӨЗГЕ ҰЛТТАР МЕН ЭТНОСТЫҚ ТОПТАР
Қазақстан Республикасындағы ұлттардың таралу ерекшеліктері
Ресей империясының құрамындағы Қазақстанның этникалық келбетінің қалыптасуы
Қазақстандағы діндер
Қазақстанға халықтардың күштеп жер аударылуы
Қазақстандағы православие тарихы
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕРІНЕ КҮШТЕП ҚОНЫСТАНДЫРЫЛҒАН ХАЛЫҚТАР
Түрік қағанаты – 551-603 жылдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz