Тұрғылықты халықтың мемлекеттің құқық шығармашылығына қатысуы қай кезеңнің болмасын негізгі мәселесі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

БИЗНЕС, ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ЖАЛПЫҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пән: «Мемлекет және құқық теориясы»

Тақырыбы: « Заңщығармашылық үрдіс түсінігі және сатылары »

Орындады:

Ю-20-1К

Айтқұл Әлихан

Ғылыми жетекші:

Абиев Е. С

ҚАРАҒАНДЫ 2020

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 2

1 ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ:

ТҮСІНІГІ, БЕЛГІЛЕРІ, ҚАҒИДАЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ САТЫЛАРЫ . . . 4

1. 1 Құқық шығармашылық: түсінігі, белгілері, қағидалары . . . 4

1. 2 Құқық шығармашылық түрлерінің маңыздылығы және оны жүзеге асырудың сатылары . . . 16

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 26

КІРІСПЕ

Құқық шығaрмашылық қызмет әр мемлекеттің өз ішіндегі құқық

нормаларын, яғни қандай да бір құжат арқылы басқарып, іске асырып

отыруының негізгі құралы болып саналады. Бұл ең алдымен нормативтік құқықтық актілер арқылы басқарылып, қамтамасыз етіліп отырылaды. Құқық шығармашылықтың мемлекеттегі рөлі аса жоғары деп айтуға толық негіз бар. Себебі, барлық қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық, саяси тағы басқа да қарым - қатынастар белгілі бір құқықтық норма, құқықтық негіз арқылы басқарылып, реттеліп отырады.

1990 жылы қазанның 25 жұлдызында «Қазақстан Республикасының

мемлекеттік егемендігі туралы» Декларациясын қабылдау арқылы, өзінің

егемен мемлекеттігін жариялаған, 1993 жылғы Конституцияда оны бүкіл әлемге паш Еткен жас егемен Қазақстан Республикасының әр кездегі жоғары, басты мақсаты шынайы құқықтық, демократиялық мемлекет құру, дамыған ұлттық нарықтық экономиканы қалыптастыру, түрлі ұлт өкілдерінің теңдігіне, ықпалдастығына негізделген ұлттық саясатты дамыту, Республика

халықтарының рухани-адамгершілік қасиеттерін нығaйту болып табылады. Бұл мақсаттарға тиісінше идеяларға қаныққан реформаларды қарқынды жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болады. Ал түбегейлі республикалық

реформаларды іске асыру берік, жетік заңдылық базасын жасамай мүмкін емес. Реформалардың жүзеге асырылуы зaң шығару процесінің тиімді тетіктерін орнықтырумен, заң шығару қызметін жетілдірумен, республикада зaң шығармашылығының деңгейін ең бір жетік жоғары сaтыға көтерумен

байланысты. Демократиялық, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет орнату бағыты заң жүйесін терең қайта бағдарлауды, бүкіл құқықтық институттарды негізді түрде реформалауды, бұрын басталған реформалардың үрдісін жылдамдатуды талап етеді. Осы орайда, бүгінде Республикада қалыптасқан саяси-қоғамдық, құқықтық жағдайлар мен мемлекет алдында тұрған міндеттер заң шығармашылығының ең бір жетік және қолайлы тетіктерін жасауға, заң шығару процесін жетілдіру мен заңның жоғарылығын қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді өз уақытында зерттеуді, құқықтық, саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды дер кезінде керекті заңмен қамтамасыз етуді қажет етеді.

Заң шығару міндеттілігі ең алдымен негізгі заң шығарушы орган

Қазақстан Республикасының Конституциясының 49-бабының 1-тармагымен

Парламентке жүктелген. Заң шығару процесі мәселесі бүгінде аса өзекті

мәселелердің қатарынан орын алган. 1995 жылғы Конституция бойынша заң

шығармашылығы маңызды, жалпы мемлекеттік маңызы бар қатынастарды

камтиды. Ол қатынастардың дамуы, өзгеріп отыруы немесе тежелуі көбінесе

заң шығару қызметінің табыстылығына байланысты. Заң шығармашылығының тaбыстылығы деп құқықтық реттелуге зәру, объективтік түрде себептелген қоғамдық қатынастардың дер кезінде, халық пен мемлекеттің мүддесіне сай

зaңы реттелуін, заң шығару процесінде кемістіктер мен кемшін тұстардың

болмауын және тиісті қызметтің нәтижесі болып табылатын заңның қоғамның алға қарай қарқынды дамуына, мемлекетіміздің өркениетінің өсуіне қатысты

қозгаушы болшек ретінде тұрақты қызмет етуін ұғынуымызға болады. Өйткені, заң шығармашылық мемлекеттік тәуелсіздік рухында, құқықтық және демократиялық мемлекетті қалыптастыру, экономиканы дамыту мүддесінде заңдарды шығаруға арналған. Өз кезегінде, мұндай заңдар қоғамда, мемлекетте заңдылық пен конституциялық құқықтық тәртіпті қaмтамасыз етуге қол жеткізеді. Демек, қоғамдық дамудың біршама жетістіктері қоғамдық қатынастарды заңи реттеу арқылы мүмкін болады деп есептейміз. Заң шығару процесінің мұндай маңызы әр уақыттағы ғалымдар арасында тиісті мәселеге қатысты зор қызығушылықтар мен орасан талпыныстар тудырып отыр.

Нақтысында, тіршілік әрекетінде көптеп шығарылатын экономикалық

және әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру мүмкін болмайтын құқықпен

реттелмеген мәселелер шеңбері ауқымды екендігі байқалады. Бұл жерде

заңдылықты жақсарту, жаңарту жөнінде емес, жаңа экономикалық жағдайларға жауап бере алатын, құқықтық мемлекет белгілеріне сай келетін, жаңa құқықтық институттардың қалыптасуы туралы сөз болады.

Заң шығармашылық үрдісі аса күрделі жағдайда жүргізіледі. Адамдар

арасында өзара байланыс жасалмайды, ұлтаралық даулар мен қақтығыстар,

қылмыс түрлері көбеюде, шaруашылық байланыстар өз деңгейінде жүзеге

асырылмауда.

Реформалардың жылдам жүргізілуі заң шығарушыны жаңа қоғамдық

қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды қамтуға ұмтылдырады. Бұл

заңның сапасына, құқық жүйесінің тұрақтылығына, азаматтардың құқықтық

қамтамасыз етілу деңгейіне байланыстырылады.

Заң шығармашылық және заңды қамтамасыз етуді жүзеге асыру

механизмінің тақырыбы мемлекеттің алдында оның құқықтық негізін бекіту

міндеті тұрған уақытта аса өзекті саналады. Заң шығарушының құзіретсіздігі,

асығыстығы, заң жобасы жұмыстарының ғылыми негіздерін сақтамау барлық

құқықтық жүйенің негіздеріне қарсы келуі мүмкін.

1 ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ:

ТҮСІНІГІ, БЕЛГІЛЕРІ, ҚАҒИДАЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ САТЫЛАРЫ

1. 1 Құқық шығармашылық: түсінігі, белгілері, қағидалары

Құқық шығармашылығы құқықтық реттеу жүйесінде негізгі бір орталық

орынды алады. Ол қоғам оміріне қажет нормаларды омірге әкеліп, кемшілік-

кемістігі барларын өзгертіп, уaқыты жеткенін жаңарта отырып, барлық

қоғамдық, мемлекеттік институттардың құқықтық негізін жасайды. Мұның өзі ғылым аддында құқық шыгармашылығымен байланысты мәселелерді терең, жан-жақты зерттеу қажеттігін белгілейді. Құқық шығармашылығына

байланысты мәселелерді зерттеуге қай кезеңде болмасын ғалымдар кең, мол

назар аударып отыр. Құқықтың жалпы теориясы саласында құқық

шыгармашылығының мазмұнына және жағдайына терең зерттеулерді Кеңес

заманында С. С. Алексеев, О. А. Гаврилов, А. В. Мицкевич, Р. О. Хaлфина т. б.

коптеген галымдар жүргізсе, бүгінде құқық шығару, оның бір түрі - заң шығару мәселесін кеңінен зерттеп, жетілдіру жолдарын ұсынып отырған ғалымдар да жеткілікті. Олар белгілі ғалым-заңгерлер: С. 3. Зиманов,

B. A. Ким, F. С. Сaпаргалиев, С. К. Амандықовa, С. С. Сартаев, М. Т. Баймаханов, С. А. Тaбанов, М. Құл-Мұхаммед т. б.

Құқықтың жалпы теориясы мамандарының еңбектеріне сүйене отырып құқық шығармашылығын анықтасақ, ол мемлекеттік құқықтың және оның жеке салаларының дамуын және жетілуін қамтамасыз ететін, халықтың еркін көрсететін тәртіп ережесін жасау мен нормативті бекітудің тұрақты процесін білдіреді. Құқық шығармашылығы - қоғамдық қатынастарды жеткілікті құқықтық реттеуді жүзеге асырудың табиғи алғышарты болып табылады. Құқық шығармашылығының түпкі нәтижесі - құқықтық нормалардың мәтінінде көрініс тaпқан жаңа (өзгертілген немесе нақтыланған) ережелер.

Құқық шығармашылығы тікелей мaғынада құқықты жасау ретінде,

нәтижесі қоғамда әрекет етуші құқықты белгілеу болып табылатын қызмет

ретінде анықталады. Бұл тұрғыдaн құқық шығармашылығы ұғымын ашу жалпы "құқық", «қоғамда әрекет етуші құқық" түсініктеріне тоқталу, оларды анықтау міндетін қояды.

Мемлекет және құқық теориясы іліміне сәйкес құқық та мемлекет секілді қосымша онімнің болуы, жеке меншіктің қалыптасуы, адамдардың мүліктік және әлеуметтік теңсіздігі, рулық әдет-ғұрыптардың жалпыға міндетті құқықтық ережелерге айналуы т. б. нәтижесінде пайда болды. Мемлекет рулық әдет-ғұрыптарға күкықгық ереже нысанын берумен қатар, жаңа жүріс-тұрыс ережелерін шығарды. Ол осы ережелердің талаптарының орындалуын, адамдар өз құқықтары мен бостандықтарын пайдалану үстінде заңдарды бүзбауын талап стеді. Демек, құқық - ол мемлекетпен белгіленетін, қорғалатын жалпыға міндетті ережелердің жүйесі. Ол қоғамды реттеп, басқарудың құралы. Теория заң ғылымында "құқық" термині бірнеше мағынада қолданылатындығын

корсетеді. Біздің тоқталып отырған мәселемізге қатысты ашсақ, құқық - ол

бәрінен бұрын құқықтық нормалардың бір жүйеге келтірілген жиынтығы. Ол

реттеушілік касиеті арқылы қоғамдық қатынастарға, адамдардың іс-

әрекеттеріне, қоғамның дамуына әсер етеді. Құқық - ол жеке жүріс-тұрыс

ережелері емес, ол құқық нормаларының біртұтас жиынтығы. Қазақстан

Республикасында әрекет етуші құқықтың мазмұны Конституциямен ашылған. Ягни, Қазақстанның құқығы туралы Конституция былай белгілейді: Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сай келетін заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кенесінің және Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады (4-бап) .

Демек, құқық - бұл нормативтік актілерде көрініс тапқан, қоғамдық

қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жүйесі. Ал, құқық

нормаларының мұндай жүйесін, яғни құқықты пайда болғызатын қызмет - ол

құқық шығармашылығы болып табылады.

Заң ғылымында құқық шығармашылығын билікке ие болатын халықтың

немесе билік етуші таптың еркінің заңға, нақтырақ айтсақ, жалпыға міндетті

ережеге айналуы деп түсінетін пікір бар. Мұндай таптық мазмүнды козқарасты марксизм бағытындағы барлық дерлік ғалымдар қолдайды деп айтуға болады. Кеңес окіметінің орта шеніне қарай құқық шығармашылығын таптық сипатта емес, мемлекеттік қызметтің нысаны ретінде анықтайтын пікірлер етек жайды. Мемлекеттік билік, мемлекет құқық нормаларының пайда болуының тікелей факторы, құқықты жасайтын күш болып танылды. Расында да біртұтас мемлекеттік билік құқықты жасайтын әлеуметтік-саяси күш болып табылады. Мемлекеттік билік мемлекеттің әлеуметтік-саяси қызметінің мазмұны құқықтың қалыптасуының тікелей қайнар көзі. Мемлекеттік билік-бұл мемлекеттің тікелей өзімен немесе өкілеттік беру арқылы тұрғылықты халықпен жүзеге асатын қоғамдық биліктің бір түрі болып табылатындықтан, нақ осы мемлекеттік билік - қызметі құқықты жасайтын күш. Кейбір жағдайларда мемлекет құқық нормасын жасауды тікелей халыққа береді. Алайда, халықтың референдум арқылы құқық нормасын қабылдауы мемлекеттің қатысуынсыз болмайды. Демек, мемлекет өз халқымен бірге құқық шығармашылығының әлеуметтік субъектісі, ал оның қызметі құқық шығарудың тікелей күші болып табылады.

Құқық шыгармашылығын мемлекеттік биліктің мазмұнымен ғана

байланыстыра отырып анықтау жеткіліксіз деп есептейді ғалымдардың келесі

бір тобы. Олардың ойынша құқық шығармaшылығы мемлекеттік қызметтің

мазмұны ғана емес, ашып айтсақ, мемлекеттік биліктің саясаты қандай болса,

оның белгілеген құқықтық нормаларының мазмұны да сондай болады деп қана анықтау емес, сонымен қатар ол мемлекет қызметінің ұйымдық - құқықтық нысаны да. Тиісті көзқарасты ұстанушы ғалымдардың бірі - А. В.

Мицкевич өз шікірін былай негіздейді: "Құқық шығармашылығы тиісті қоғамда құқықтық

нормаларды қандай органдар, қандай тәртіппен жасайтынын белгілеуге

мүмкіндік беретін белгілі ұйымдық нысандарда көрсетілген. Құқық

шығармашылығын мемлекеттік қызметтің ұйымдық-құқықтық нысаны ретінде үғыну оның құқық жасау процесінде алатын орнын анықтау үшін маңызды». Осы топтағы көзқарастардың ішінде құқық шығармашылығын кеңінен толығырақ анықтайтын мына бір пікірге тоқталу жөн болар. Яғни "құқық шығармашылығы - бұл халықтың еркін білдіретін, қоғам дамуының

мақсаттарына жетуте бағытталған, қоғамдық қатынастарды нормативтік

құқықтық реттеуге деген қажеттіктерді анықтау жөніндегі және анықталған

қажеттіліктерге сәйкес жаңа құқық нормаларын шығару, әрекет етудегі

құқықтық нормаларды өзгерту мен жою жөніндегі мемлекеттің ұйымдық

рәсімделген қызметі".

Құқық шығармашылығы - бұл мемлекеттің жалпы заңды реттеу, пісіп-

жетілген қажеттіліктерді құқықтық нормаларға айналдыру арқылы сандық

нормаларды қалыптастыру жөніндегі қажеттіліктерді тануы, мойындауы.

Мүндай қажеттіліктерді тани отырып, мемлекет тиісінше актілердің

қабылдануын анықтайды. Мемлекетпен, оның органдарымен қабылданган

нормалар ғана жалпыға міндетті ереже сипатында болады, мемлекеттің мәжбүр етушілік күшімен қорғалады. Референдум арқылы құқық шығармашылығын қоспағанда құқықты жасау - бұл мемлекет органдарының нормативтік құқықтық актілерінің жобасын жасау, өңдеу, қабылдау, жариялау жөніндегі қызметі. Мұны Конституциядан, Парламент, Үкімет, орталық атқарушы органдар туралы т. б. заң актілерінен көруге болады. Алайда, Кеңестік заңгерлердің ой-пікірлерін зерттеу құқық шығармашылығы - мемлекеттік орган қызметінің бір жағы деген түсінікті жоққа шығаратын көзқарастардың бар екендігін байқатады. Мұндай көзқарасты ұстанушылардың бірі Н. Я. Соколов құқық шығармашылығын мемлекеттен бөлек өздігінен қалыптасып, өрбитін жағдай ретінде, нақты тоқталсақ ол құқық шығармашылығы деп тиісті құзыретті органдардың қызметін емес, қоғамның құқықтық көзқарастарының қалыптасуын және олардың тиісті нормативтік актілерде байқалуы мен бекітілуі процесін қамтитын қоғам өміріндегі өзіндік құбылысты анықтайды. Құқық шығармашылығын бұлай түсіну дұрыс емес. Өйткені, нормативтік актілерде құқықтық көзқарастар емес қоғамдық қатынастар бекітіледі және құқықтық сананың (көзқарастың) қалыптасуы құқық нормасын жасамайды, шыгармайды. Сондай-ақ, аталмыш анықтамада жанама көрсетілгендей, құқық шығармашылығы құқықтық сананың қандай да бір бөлшегі емес және ол өзіндік құбылыс та емес. Құқықтық сана (көзқарас) - бұл қоғамда қалыптасатын әлеуметтік құбылыс, ол заң шығармашылығына әсер етуі мүмкін, бірақ заң шығармашылығы қызметінің нәтижесі болып табылмайды.

Қазіргі Қазақстандық және Ресейлік ғалымдардың бәрі дерлік құқық

шығармашылығын - қоғамның объективтік әлеуметтік қажеттіліктері мен

мүдделерін тануға негізделген, құқық нормаларын жасау, озгерту және жою

жоніндегі мемлекеттік қызметтің ерекше нысаны ретінде анықтайды. Алайда,

Ю . В. Mальцев құқық шығармашылығын тек мемлекет қызметінің нысаны

ретінде анықтау біржақты және толық емес дейді және өзінің мүндай

қорытындыға келуін Л. С. Явичтің пікірі арқылы негіздейді. Ягни, Ю. B. Мальцев "тек қана құқық құру процесі емес, сондай-ақ жеке заңи нормалардың шығу тегі заң шығарушының қызметінің шегінен шығады, себебі әдеттегі көпшілік жүріс- тұрыстың және жаратылысы бойынша құқықтық қатынастардың фактілік үлгілеріп заң шығарушы ақыл-есте қалыптасқан қандай да бір тиянақты императивтен құрастырмайды, ол өмірдің өзінен алады" деп есептейтін Л. С. Явичтің пікірін қолдайды. Ю. В. Мальцев құқық шығармашылығы үғымын анықтауда бұдан өзге мына екі жағдайға да көңіл бөлу керектігін көрсетеді: 1) құқық шығазмашылығының процесі материалдық жагдайлармен айқындалады, қоғамдық қатынастармен байланысты. Олар нормативтік жорамалдардың нағыз қайнар көзі болып табылады. Өмірдің өзі мен заң шығарушы ашатын және түжырымдайтын жүріс-тұрыстың қалыптасқан және байқалған үлгілері заң нормаларының шынайы қайнар козі болуға тиіс деген түсінік құқық шығармашылығының әдістемелік негізі болып табылуы керек. Қандай да бір доктрина немесе қоғамдық дамудың мақсаттары емес, тек өмір мен ақиқат қана құқық шығармашылығы қызметінде шешуші маңызға ие; 2) мемлекеттің құқық

шығармашылығы маңызды, бірақ құқық шығарудың бірден-бір қайнар көзі

емес. Құқықтық жүйеге заңы нормаларды енгізудің маңызды қайнар көздері

болып сондай-ақ үлгі істер, әдет-ғұрып және шарт табылады. Расында да үлгі

істер мен құқықтық әдет-ғұрыптар да құқық шығармашылығы арқылы

нормалық актілер жасау секілді құқықтың қалыптасуының жолдары болып

табылады. Кеңес заманында құқықтық әдет-ғұрып нормаларының құқық

жүйесін қүрушылық ролі жеткілікті дәрежеде кеңінен қоддау таппағанымен,

біздің құқық жүйемізде оның орын алғанын жоққа шығаруға болмайды. Күні

кешегі тарихымыз -мұның дәлелі. Үлгі істер мен құқықтық әдеттер де

құқықтың қалыптасуының жолдары болып табылатындығын корнекті ғалым

Г. С. Сапаргалиев қазақ тарихыменегіздей отырып былай дәлелдейді: "Өз

кезегінде қазақ мемлекеттігінің құқығы осы үш жолмен (нормативтік актілер,

ер, үлгі істер, құқықтық әдеттер) қaлыптасқан . Оган дәлел "Қасым ханның қасқа жолы" (ХҮг. ), "Есім ханның ескі жолы" (XYғ. ), Тәуке ханның "Жеті жарғысы" (ХҮШг. ) . Сонымен қатар қазақ қоғамында билердің үлгі шешімдері де қазақтың ұлттық құқықтық әдеттерін дамытқан. Қиыннан қиыстырып тапқан билердің шешімдері ұқсас істерді қарағанда күші бар құқықтық норма ретінде пайдаланылған. XIX гасырда билер съезінде қaбылданған ережелерде құқықтық нормалар жазылып, нормативтік актілер ретінде пaйдаланылған. Солармен қатар қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан құқықтық әдеттер де қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып отырған". Бүгінде Қазақстанда ұлттық құқық тек қана нормативтік актілер арқылы қалыптасуда. [3]

Құқық шығармашылығы - бұл мемлекеттің құқық нормаларын жасау

жөніндегі қызметі, Жай гана емес, саналы, ерікті, ғылыми негізделген, белсенді

қызметі. Мемлекеттің құқық шығармашылығы қызметі негізінде экономикалық және озге қоғамдық қатынастар заңды нормалар түрінде көрініс табады. Мемлекет осы қатынастарды құқықтық қатынастар ретінде рәсімдейді, дамуына әсер етеді. Құқық шығармашылығының қызметі арқылы

экономикалық және өзге де қоғамдық әлеуметтік қатынастар жалпы құқықтық қатынастарға айнала отырып, қайтадан басқа жаңа әлеуметтік қатынастарға әсер ету үшін құқықтық нормаларда бекітіледі. Қандай да бір әлеуметтік қатынастардың қоғамдық дамудың мұқтаждықтарының анықталуы, оларды құқықтық реттеудің қажеттілігінің пісіп-жетілуі құқық шығармашылығыныңи басталуыпа себеп болады. Құқық шығармашылығы нәтижесінде қолданымдағы құқық жүйесін толықтыратын немесе өзгертетін қажеттіліктер, алғышарттар зани шынайы, құқық ережелеріне aйналады, нормативтік актілерде белгіленеді.

Тұрғылықты халықтың мемлекеттің құқық шығармашылығына қатысуы

қай кезеңнің болмасын негізгі мәселесі. Бүгінде халық құқық

шығармашылығын тікелей референдум арқылы заң шығаруға қатысу, ерік

білдіру арқылы жүзеге асырса, күні кешегі тарихымызда бұқараның

референдумнан озге, қоғамдық ұйымдардың қызметтері арқылы мемлекеттің

қүқық шығармашылығына кеңінен қатысқанын көреміз. Кеңес өкіметі кезінде қоғамдық ұйымдардың, нақты айтсақ, Бүкілодақтық Ленин Комсомол Жaстар Одағының, кәсіподақтар мен ерікті қауымдардың т. б. заң шығармашылығының бастамашысы ретінде болуы, ВЦСПС-тің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау мен оларды бекітуге қатысуы, т. б. қоғамдық ұйымдардың құқық шығармашылығы әрекеттерінің кеңінен қоддау тапқандығы соншалық, қоғамдық ұйымдардың нормативтік актілер шығаруы ғылымда жалпы құқық шыгармашылығының амалдарының бірі ретінде бекініп, ол құқық шығармашылығын анықтауға негіз болды.

Ашып aйтсақ, кеңес заңгері Ц. А. Ямпольская және т. б. кейбір ғалымдар

құқық шығармашылығы деп нормативтік актілерді қабылдау жөніндегі

мемлекеттік органдардың қызметін ғана емес, сондай-ақ мемлекеттің құқық

шығармашылығына бұқараның катысуының әртүрлі нысандарын халықтың

тікелей құқықшығармашылығы мен қоғамдық ұйымдардың жеке нормативтік

актілерді шығаруын) анықтайды. Кеңес өкіметінде қоғамдық, саяси

үйымдардың құқық шығармашылығы олармен дербес және мемлекеттік

органдармен бірге жүзеге асырылған. Қоғамдық саяси ұйымдардың дербес

құқық шығармашылығының мәні мынада: норманың мазмұнын оздері

белгілейді, норманы мемлекеттік органдар тaрапынан бекіту қажет етілмейді.

Мысал ретінде, ВЦСПС Президиумының қаулысыменбекітілген "Положение о техническом инспекторе профсоюзов" (26. 08. 66) актісін келтіруге болады. Бұл актісімен BЦСПС кәсіподақтардың техникалық инспекторларына құқықтар бере отырып, кәсіпорындар, мекеме, ұйым басшыларына жұмысшыла қызметшілердің еңбектерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде қатал міндеттер жүктеді. Бұл акт нормаларының орындалмауы жауапкершілік туындатады. Мемлекеттік органдармен бірлесе құқық шығару кезінде қоғамдық

ұйымдардың мемлекеттік органдармен байланыстығы көрнекі ашық түрде

болады. Бұл байланыс бірлескен құқық шығармашылығының қоғамдық

үйымдар үшін де, мемлекеттік орган үшін де жалпы құқықтық негіздерінде

және порманы омірде жүзеге асыру мен оны бұзушылықтың қорғау барысында байқалады. Ц. Л. Ямпольскаяның құқық шығармашылығын мемлекеттік органның қызметімен қатар, бұқара көпшіліктің, мемлекеттің құқық шығармашылығына қатысуының нысандары ретінде анықтауы сол кезеңдегі құқық шығармашылығының демократиялық нысандарының дамуының, қолданылуының көрінісідеуге болады. Әртүрлі қоғамдық ұйымдар мен референдумда халықтың нормативтік актілер қабылдауы мәні бойынша халықтың мемлекеттік еркін білдіруі болып табылды. Бұқараның мұндай құқық шныгармашылыгы мемлекеттің қатысуынсыз болмайтыны хақ.

Қоғамдық ұйымдардың нормaтивтік құқықтық актісі мемлекеттің оған

берген окілеттіктері негізінде шыгарылды. Бүгінде де халықтың референдум

арқылы құқық шығармашылығы мемлекетпен байланысты жағдайда. Яғни

шешім болғанда гана республикалық референдум

өткізу туралы референдуммен заң шығарылуы мүмкін. Ал, ондай шешімді КР

Конституциясының бабының 10 тармағына сәйкес Республика Президенті

болуы тиіс: озінің, Республика Парлaментінің, Үкіметтің және сан жағынан

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығармашылық құқық
ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
Құқық және мемлекеттік - құқықтық. Құбылыстардың негізгі түсінігі
Конституцияда Парламент екі палатадан
Қазақстан Республикасының Парламенті мен заң шығару қызметінің жүзеге асырылуы
Мемлекет функциясының белгілері
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ТҮСІНІГІ
Нормативтік - құқықтық актілер түсінігі
Қазақстан Республикасындағы адамдардың және азаматтардың жағдайының конституциялық негіздері
Жергілікті өзін өзі басқарудың шетелдік тәжірибесі. Кедейшілік туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz