АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ АРАҚАТЫНАСЫ


ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
БИЗНЕС, ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ЖАЛПЫҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пән: «Мемлекет және құқық теориясы»
Тақырыбы: « Мемлекет және азаматтық қоғам »
Орындады:
Ю-20-1К
Айтқұл Әлихан
Ғылыми жетекші:
Абиев Е. С
ҚАРАҒАНДЫ 2020
Мазмұны
Кіріспе . . . 2
1 АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚНЕГІЗДЕРІ . . . 4
1. 1 Азаматтық қоғам мәні, қалыптасу белгілері, құрылымы және
қағидалары . . . 4
1. 2 Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның қалыптасуы мен
дамуы . . . 8
2 ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ: ТҮСІНІГІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ . . . 12
2. 1 Қүқықтық мемлекет шығу тегі, мазмұны және мемлекет қызметінің
орындалу әдістері . . . 12
2. 2 Құқықтық мемлекет негіздері, белгілері . . . 14
2. 3 Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет болып дамуы және
қалыптасуы . . . 18
3 АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ
АРАҚАТЫНАСЫ . . . 21
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 26
КІРІСПЕ
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың: "Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің
мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп кұрғымыз келсе, онда халық
руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн» - деуінің мәні ерекше [1] .
Адами әлеуетті, азаматтардың іскерлігін дамыту, азаматтық
қоғамды одан әрі қалыптастырып дамыту негізінде ғана Қазақстанды өмір сүру сапасының стандарттары жоғары, қазіргі заманғы, серпінді мемлекет ретінде дамытуға болады.
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011
жылдарға арналған тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Президентінің
2006 жылғы 1 наурыздағы қазақ халқына жолдауында жазылған Демократиялық реформалардың жалпы ұлттық бағдарламасына және Қазақстанның жер шарындағы елдермен бәсекеге барынша қабілетті отыз елдің қатарына кіру стратегиясына сәйкес әзірленді. Аталған тұжырымдамада қазіргі кезенде Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытудың жалпы үрдістері айтылады, сондай-ақ азаматтық қоғамды дамытудың алдағы жылдарға арнайы жолдары мен нақты белгілері баяндалған. Тұжырымдама азаматтық қоғам институттарын дамытудың негізгі бағыты мен азаматтық бастамаларын іске асыру мүмкіндіктерін айқындайды. Ол азаматтық институттардың жұмыс атқаруы үшін ыңғайлы жағдай жасауға арналған мақсатты бағдарламалар, заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық актілер әзірлеу үшін негіз болады.
Азаматтық қоғам - мемлекеттік ортадан тыс қалыптасатын әлеуметтік экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Оған қатынасушылардың табиғи және азаматтың құқықтарын, бостандығы мен міндетін автономиялық дамуын қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғамда үзіліс жоқ, уақыты шектелмейді, өлкеге-аймаққа ажырамайды, мемлекеттің барлық жерін, барлық халқын біріктіріп қосады.
Азаматтық қоғам - мемлекетке тәуелді емес, дербес, аңық, жариялы қоғам. Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасу ерекшеліктері: кеңестік мемлекеттендірілген күйден шығу, қоғам мен мемлекеттің арасын тәуелсіз - дербестікте қалыптастыру [2] .
Республика Конституциясы Қазақстандағы азаматтық қоғамның барлық
қалыптасу сатыларын мемлекетке бағындырмастан әлеуметтік багдарлы нарық экономикасы мен жеке адамның автономиясын тұрақты қалыптастыру үшін оған керек құқықтық жағдайлардың негізін қалайды. Оған: тең дәрежеде алатын және қорғалатын мемлекеттік меншік пен дара меншікті (6-бап-тың l-тармағы) ; адам мен азамат құқықтарының кең ауқымды және біртұтас кешенің (П-бөлім) ; отбасын, ана мен әке және баланы мемлекеттің қорғауын (27-бап) ; идеологиялық және саяси әр алуандылықты (5-бап) және тағы басқа жаңа Конституцияда бекітілген қазақстандық-азаматтық қоғамды тәуелсіз дамытудың шарттарын жатқызуға болады.
Курстық жұмыстың мақсаты - мемлекет және азаматтық қоғам және
құқықтық мемлекет туралы және оны қалыптасуы бойынша мәліметтер жинақтап, тақырыптың мәнін айқындау. Қазақстан тәуелсіздікке ие болған күннен бастап, әлемде дамыған елдермен бірге тұру үшін құқықтық идеясын қабылдады. ҚР - ның тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң оны "құқықтық мемлекет" деп жариялап айтты. Содан кейін мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тірек болатын құқықты және оның негізін қайта құру қажеттігі туды және адамның құқығын қорғау мемлекеттің басты міндетіне айналды. Құқықтық мемлекет тек шыңдықтың белгісі ғана емес, сонымен қатар теңдігін қорғап, адамның бүкіл омір сүру барысында бостандық демократияны қалыптастыратын күш. Құқықтың қоғамға құқықтық мемлекет қаншалықты қажет екенін ұлы Абайдың: "Егер менің қолымда заң билігі бар адам болсам, адам мінезін құқықпен реттеу мүмкін емес деген кісінің тілін кесер едім" - деген сөзінен - ақ ұғамыз.
1 АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Азаматтық қоғам мәні, қалыптасу белгілері, құрылымы және
қағидалары
Азаматтык қоғамның пайда болуы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі
көзқарас бар. Біреулері оны буржуазиялык қоғамның жемісі дей келіп,
әлемдік қатынастармен байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада қашан болмасын болған дейді. Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған. Аристотель еңбектерінің өзінде біз азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлерін кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адамгершіліктің де иесі болады деп жазды. Кейінірек бұл мәселеге елеулі үлес қосқандар: Т. Гоббс, Ш. Монтескье, Ж. Ж. Руссо, Т. Пейн және т. б. Дегенмен, азаматтык қоғам тұғырнамасын жасауда ерекше еңбек еткен немістің атақты фәлсафашысы - Гегель. Оның ойынша, азаматтық қоғам мемлекеттен тәуелсіз нарықтық экономиканы, әлеуметтік топтарды, таптарды, корпорацияларды, институттарды қамтиды. Олардың максаты коғамның өміршендігін және азаматтық құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуде. Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады. Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына өте-өте шек койылады. Ал олардың атқаратын міндеттерін азаматтар өз еркімен оларға берген және орындалуын оздері тексереді [3] .
Қоғамдық мүдде-мақсат, қоғамдық тілек уақытша емес, түпкілікті, нақты,
объективтік мағынада қалыптасуы керек. Сонда ғана қоғамның жақсы дамуға, нығаюға мүмкіншілігі болады. Себебі қоғам саналы адамдардың ерікті түрде қалыптасқан одағы. Егер бұл одақ, бұл бірлік еріксіз, озбырлық түрде ұйымдастырылса, ондай қоғам нәтикесіз тез тарқап кетер еді. Адам қоғамның бірінші - клеткасы. Қоғам адамдардың күрделі әлеуметтік бірлестігі. Бұл бірлестік, бұл қоғам дұрыс, жақсы қалыптасу үшін оның ішіндегі қарым- қатынастарды реттеп, басқару керек болды. Оны қоғамның объективтік даму процесінің заңдарына сүйене отырып, адамдар өздері әлеуметтік нормалар арқылы реттеп, басқарып отырады. Сондықтан мемлекет пен құқықпайда болды. "Адамдар өз тарихын өздері жасайды, - деп жазды Маркс, - бірақ олар оны өз қалауынша жасай алмайды, қолындағы барды, бұрынғыдан қалған мұраны қолдануға мәжбүр болады".
Азаматтық қоғамның тарихи объективтік қалыптасқан негізгі белгілері:
- саналы адамдардың тәуелсіз түрде бірлесіп одақ құруы;
- қоғамдық түпкілікті, нақты, объективтік мүдде мақсаттың
- адамдардың өзара ынтымақтастығы мен бірлігінің қалыптасуы;
- қоғамдық мүдде - мақсат, тілек арқылы қарым - қатынастарды реттеп -
басқару;
- қоғамды басқаратын, қоғамдық тәртіпті қорғайтын аппараттың, мемлекеттік
биліктің өмірге келуі.
Қоғам - саналы адамдардың бір мүддені, бір мақсатты орындау үшін саналы түрде өзара бірігуі. Мұнда міндетті түрде екі шартты элемент бар:
мүдде-мақсаттың қалыптасуы және саналы адамдардың саналы түрде бірігуі.
Адамның объективтік тарихи даму процесіне және күнделікті қарым-
қатынасында қоғамның бірнеше түрлері болады: өндірістік қоғам, шаруашылық қоғам, әлеуметтік қоғам, азаматтық қоғам т. б. Осылардың ішіндегі ең күрделісі, ең түпкіліктісі адаммен бірге дамып келе жатқан азаматтық қоғам. Қоғамның басқа түрлері жылдам пайда болып, тез тарап жатады. Олардың өмірі, іс-әрекетінің шеңбері, кеңістігі коп өлкеге таралмайды, уақыты көпке созылмайды [4] .
Азаматтық қоғам - мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік
- экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы.
Оған қатынасушылардың табиғи және азаматтык құқықтарын, бостандығы мен міндетін автономиялық даму жолы қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғамда үзіліс болмайды, уақыты шектелмейді, олкеге-аймаққа бөлінбейді, мемлекеттің барлық жерін, барлық халқын біріктіреді.
Азаматтық қоғам - мемлекетке тәуелді емес, дербес, ашық, жариялы қоғам. Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасу ерекшеліктері: кеңестік мейлінше мемлекеттендірілген күйден шығу, қоғам мен мемлекеттің арақатынасын тәуелсіз - дербестікте дамыту.
Республика Конституциясы Қазақстандағы азаматтық қоғамның барлық
даму сатыларын мемлекетке бағындырмастан (оның айғағы - онда "Азаматтық қоғам" бөлімінің әдейі болмауы) әлеуметтік бағдарлы нарық экономикасы мен жеке адамның автономиясын тұрақты қалыптастыру үшін оған қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалайды. Оған: тең дәрежеде танылатын және қорғалатын мемлекеттік меншік пен жеке меншікті (6-бап-тың 1-тармағы) ; адам және азамат құқықтарының кең ауқымды және біртұтас кешенің (2-бөлім) ; отбасын, ана мен әке және баланы мемлекеттің қорғауын (27-бап) ; идеологиялық және саяси әр алуандылықты (5-бап) және тағы басқа жаңа Конституцияда бекітілген қазақстандық-азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында елімізде азаматтық
қоғамды қалыптастырып, демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік
мемлекет құру бағыттары көрсетілген. Бұл бағыт мемлекетіміздің ең күрделі, ең жауапты мүдде-мақсаты.
Азаматтық қоғамның құрылымы - Қоғамды өзінің табиғи мүдде мақсаттарына сәйкес құрушы, реттеп, басқарушы - адам. Адам қоғам құрылымының негізгі элементі - діңгегі. Адамдардың бірлестіктері, үйымдары, одақтары, еңбек ұжымдары, саяси партиялары, мемлекет, олардың арақатынастары - азаматтық қоғамның элементтері.
Қазіргі Қазақсанның азаматтық қоғамының бес жүйесі
әлеуметтік
экономикалық
рухани- мәдени
саяси
ақпараттық жүйелер
Сызбанұсқа 1 - ҚР-дағы азаматтық қоғам жүйелері
Әлеуметтік жүйе - объективтік тұрғыдан қалыптасқан адамдардың
бірлестіктері, ұйымдары, одақтары т. б., . Бұл жүйе заматтық қоғамның ең негізгі ұйымдастырушы жүйе, озі үш топқа бөлінеді: бірінші тобы - қоғамның үзіліссіз омір сүру негізін жасаушы, дамытушы топ: отбасы, бала тәрбиелеу, табиғи өмірді жалғастыру; екінші тобы - адамдардың өзара, бір-бірімен қатынасы; үшінші тобы-қоғамдық ұйымдардың, топтардың, ұлттардың арақатынастары.
Экономикалық жүйе - қоғамдағы меншіктің түрлері, өндіруші күш пен
ондірістік қатынастар, материалдық кірісті әділ болуді қалыптастыру. Бұл
жүйенің құрылым элементтері: жеке, мунициналдық, акционерлік, кооперативтік, мемлекеттік, фермерлік меншіктер мен шаруашылықтар және
қоғамдық кірісті, байлықты әділ болу [5] .
Саяси жүйе - мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер
және жеке адамдар, депутаттар, т. б., олардың ара қатынастары. Оның ішінде ең күрделісі мемлекеттік билікті іске асырудағы қатынастар. Қатынастардың даму процесінде субъектілерге бостандық берілуге тиіс. Күштеу тек заңдылықты, тәртіпті бұзса ғана қолданылу қажет.
Рухани - мәдени жүйесі - осы бағыттағы мемлекеттік, қоғамдық, органдар
мен ұйымдар, олардың арақатынастары. Бұл жүйенің негізгі бағыттары: білім, ғылым, мәдениет, рухани сана-сезім, дін, адамдардың денсаулығы.
Ақпараттық жүйе - осы ақпараттық бағыттағы барлық ұйымдар, бірлестіктер, мемлекеттік органдар, саяси партиялар, олардың жұмыстары мен арақатынастары. Бұл бағытта іс әрекеттерге толық бостандық берілуі қажет. Осы көрсетілген азаматтық қоғам жүйелерінің жақсы, сапалы дамуына зор маңызды үлес қосатын мемлекет пен құқық, қоғамдық ұйымдар мен партиялар және қоғамдағы демократияның жоғары дәрежеде болуы [6] .
Азаматтық қоғамның белгі - нысандары:
- адамдардың экономикалық, әлеуметтік, саяси бостандығы мен
құқықтарының қамтамасыз етілуі;
- қоғамда бостандықтың, жариялылықтың болуы, ақпараттың жұмысына азаматтардың қатысуы, ішкі-сыртқы байланыстарға қатысуға, жүріп-тұруға толық құқықтарының болуы;
- азаматтардың қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер құрып, оз мүдде-
мақсаттарын орындауға, іске асыруға және шет елдердің сондай үйымдарымен байланыс жасауға құқықтарының болуы;
Азаматтық қоғамның негізгі қағидалары
Азаматтық қоғамды одан әрі дамыту мынадай принциптерге негізделеді:
- адам мен азаматтың іргелі құқықтары мен бастандықтарын сақтау;
- эволюциялылық және кезенділік;
- қоғамдық омір салаларында, ең алдымен экономикалық салада, әлемдік
дамудың жаһандық үрдістерін ескере отырып қайта құрулармен бірге бағдарланушылық;
- заңның үстемділігі, барлығының боле жармастан заң алдында теңдігі;
- мемлекеттің істерін басқаруға және басқа да қоғамдық пайдалы
міндеттерді шешуге Қазақстан Республикасының азаматтары мен олардың
өкілетті өкілдерінің қатысуы;
- елдегі демократиялық процестерге азаматтардың қатысуы үшін тең
мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;
- азаматтарды демократиялық мәдениет мінез-құлқына тарту:
- билік пен қоғамның үндесу мен ынтымақтастық мәдениетіне бейіндігі.
Азаматтардың бірлестіктері мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің
ешқайсы да көпшілік билікпен өзара қатынастарда азаматтық бастаманың бүкіл секторының мүддесін қорғай алмайды.
1. 2 Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы
Қазақстанда алғашқылардың бірі болып экономиканың мемлекеттік емес
секторы қызметкерлерінің мүлделерін білдірген тәуелсіз кәсіподақтар пайда
бола бастады. Бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық және діни бірлестіктер, саяси партиялар белсенді түрде институцияланды. «Невада - Семей" қоғамдық қозғалысы азаматтық сана-сезімнің анағұрлым жарқын көрінісі болды, ол өз алдына ядролық полигондарды жабу міндетін қойды.
Елдегі азаматтық қоғам мен оның институттарын белгілі бір дәрежеде
дамытуға мемлекеттің осы процесс үшін тиісті саяси, құқықтық және өзге де
жағдайлар жасау жөніндегі қызметі жәрдем етеді.
1991 жылғы 27 маусымда «Қазақ ССР-індегі қоғамдық бірлестіктер
туралы» Қазақ ССР-інің Заңы қабылданды.
Нәтижесінде елде «Қазақстанның халық конгресі», «Алаш» партиялары,
Қазақстанның социал-демократиялық партиясы (ҚСДП), Қазақстанның
социалистік партиясы, Қазақстанның республикалық партиясы, «Лад»
республикалық славян қозғалысы және «Азат» Қазақстанның азаматтық
қозғалысы, «Мемориал» қоғамдық-ағарту қоғамының филиалы, Алматы-
Хельсин тобы, «Бірлік» қозғалысы, «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы,
«Поколение» зейнеткерлер қозғалысы және басқалары пайда болды.
1990 жылдардың басында Әлеуметтік қорғау коалициясы құрылды, оның
аясына қоғамдық өткір проблемаларды талқылау, оларды шоғырланған негіздешешудің тетіктерін іздестіру жолымен еңсеру жөнінде бірлескен жұмыс үшін 28 түрлі ұйымдар, партиялар, қозғалыстар бірікті.
1994 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті
әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік
серіктестік жөнінде республикалық үшжақты комиссия құру туралы қаулыға
қол қойды, бұл сындарлы үшжақты қатынастарды дамытуға және әлеуметтік
серіктестік жүйесін құрудың бастауы болды.
Партиялар мен қозғалыстардың құрылуы мен жұмыс істеуі және, тиісінше, елдің партиялық жүйесінің одан әрі дамуы үшін құқықтық өріс
құруға 1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы мен 1996
жылы Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» және
«Саяси партиялар туралы» заңдарының қабылдануы ықпал етті. Бұдан басқа,
Қазақстан халықтары Ассамблеясына біріккен ұлттық мәдени орталықтар
белсенді дами бастады. Этносаралық келісім елде реформалар жүргізуді
қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін іргетасқа айналды.
1990 жылдың аяғы азаматтық институттар қызметінің кәсібиленуімен
ерекшеленді, мұның өзі олардың қоғамдық проблемалардың, қажеттіліктер мен мұқтаждықтардың түрлі ауқымын шешу жоніндегі жұмысының тиімділігін көтеруге мүмкіндік берді.
Бұқаралық ақпарат құралдарының баспа кәсіпорындарының мемлекет
иелігінен шығу, сондай ақ БАҚ-тың мемлекеттік қаржыландыру мен дотациялау жүйесінен мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге арналған
мемлекеттік тапсырысқа көшу процесіне байланысты масс-медиа нарығында
сапалық өзгерістер болды.
1998 жылғы 7 қазанда ел Парламентінің Қазақстан Республикасының
Конституциясына елдің сайлау жүйесіне партиялық тізімдер бойынша сайлау
енгізуді көздейтін озгерістер мен толықтырулар енгізуі партиялық құрылыс
процестерін жеделдетті. Сөйтіп, 1998 жылғы желтоқсаннан бастап 1999 жылғы тамызды қоса алғанда, Қазақстанның азаматтық партиясы (ҚАП),
Қазақстанның Республикалық халықтық партиясы (ҚРХП), «Азамат»
демократиялық партиясы, Қазақстанның аграрлық партиясы (ҚАП), «Отан»
республикалық саяси партиясы, Қазақстан әйелдерінің демократиялық
партиясы, «Руханият» партиясы, "Алаш" Қазақстанның ұлттық партиясы
құрылды. Парламентте партиялық фракциялар пайда болды.
1999 жылы іс жүзінде барлық өңірлерде "YEY ақпарат орталықтары»
ашылды, олардың басты міндеті өңірлік үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-
қимыл жасау, оларга консультативтік комек, ақпараттық және әдістемелік
қолдау көрсету болды.
2000 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің «Еркін де
еңселі әрі қауіпсіз қоғамға» атты Қазақстан халқына Жолдауында халықтың
түрлі топтарының мүдделерін іске асырудағы ролі күннен-күнге артып келе
жатқан үкіметтік емес ұйымдарды дамыту үшін жағдайлар жасау жөнінде
Үкіметке алғашқы тапсырмалар берілді.
2000 жылы мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-қимыл тетіктерін
жасау үшін YEY күш-жігерін шоғырландыратын Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының конфедерациясы құрылды.
2000 жылғы желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы
әлеуметтік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы атқарушы
билік органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің
бірлестіктері арасындағы мүдделердің келісілуін қамтамасыз етуді мемлекеттік саясат дәрежесіне котерді.
2002 жылғы шілдеде қабылданған және күшіне енген «Саяси партиялар
туралы» Қазақстан Республикасының Заңы елдің партиялық жүйесіндегі одан арғы сапалық құрылымдық озгерістерге алып келді.
2001 жылы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2002 жылы - Үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау тұжырымдамасы қабылданды. 2003 жылы ел Үкіметі үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекітті, соған сәйкес облыстық (қалалық) бағдарламалар әзірленді.
Сол жылдың өзінде ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бірінші
съезі өткізілді, оған көптеген корнекті дійраткерлері, әртүрлі
конфессиялардың окілдері қатысты, "Бейбітшілік пен келісімге» декларациясы қабылданып, Бейбітшілік пен тұрақтылық форумы құрылды.
2003 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың
қатысуымен бірінші Азаматтық форум откізілді. Ол үкіметтік емес
сектордың саяси танылуын белгіледі және азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының жүйелі тетіктері қалыптасуының бастауы болды. 2005, жылы екінші Азаматтық форум откізілді, ол елдің қоғамдық оміріне қатысуға бизнес-қауымдастықтардың тартылуына ықпал етті.
Орталық және жергілікті деңгейлерде "билік - қоғам» серіктестігінің ұзақ
мерзімді тұрақты тетіктерін және түрлі үндесу алаңқайларын құру жөніндегі
жұмыс белсенді жүргізіле бастады. Қорытындысында, 2005 жылғы сәуірде
«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, ол билік органдары мен YEY-ның озара қатынастарының
принциптік жаңа жүйесінің құрылуына мүмкіндік берді.
2003 - 2005 жылдары бірін бірі алмастыра отырып, азаматтық қоғамды
одан әрі демократияландыру және дамыту жөнінде ұсыныстар тұжырымдау
жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін кеңес пен Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы Демократия мен азаматтық қоғам мәселелері
жөніндегі ұлттық комиссия жұмыс істеді.
2006 жылғы наурызда Қазақстан Республикасында демократиялық
реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік
комиссия құрылды, оның жүмысына саяси партиялар мен қоғамдық
бірлестіктердің окілдері қатысады.
Сөйтіп, откен жылдары елде азаматтық қоғам институттары - саяси
партиялар, коммерциядық емес (үкіметтік емес) ұйымдар, кәсіподақтар,
ұлттық-мәдени бірлестіктер, мемлекеттік емес БАҚ және тұтастай алғанда
мемлекеттік емес секторды білдіретін басқа да институттар қалыптасып, қазіргі уақытта мейілінше тез дами бастады. Бүгінгі күні Қазақстанда 12 саяси партия, түрлі бағыттағы 5820 YEY, 3340 қоғамдық қор, 1072 заңды тұлғалар қауымдастығы, 471 ұлттық-мәдени бірлестік, 40-тан астам конфессиялар мен деноминацияларды білдіретін 3340 діни бірлестік, түрлі меншік нысанындағы 6646 БАК ресми тіркеліп, жұмыс істеуде. Осы және басқа да азаматтық қоғам институттары елді одан әрі демократияландырудың маңызды ресурсына айналды [7] .
Сонымен бірге, қоғамда азаматтық қоғамның одан әрі осуіне ғана емес,
елді әлемдік жаһандану процесіне барған сайын тартып бара жатқан қыр
көрсетулерге де байланысты бірқатар проблемалық мәселелер корініс бере
бастады. Олар тұтастай алғанда елдегі азаматтық қоғамды одан әрі үйлесімді
дамытуды тежейді, оның әр бөлігі үшін сипаттамалық ерекшеліктері бар және өз шешімін талап етеді.
Азаматтық қоғам мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Осы катынасқа қатысушылардың табиғи және азаматтық
құқықтарын, бостандығы мен міндеттерін автономиялы даму жолы қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғамда үзіліссіз болмайды, уақыты шектелмейді, аумақтық - аймаққа болінбейді, мемлекеттің барлық аумағын, халқын біріктіреді.
Республика Конституциясы Қазақстандағы азаматтық қоғамның даму
сатыларын мемлекетке бағындырмастан әлеуметтік бағдарлы нарық экономикасы мен жеке адамның автономиясын түрақты қалыптастыру үшін
қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалайтын нормативтік-құқықтық акт
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz