Геосаясаттың даму тарихы
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І.Геосаясаттың даму тарихы.
1.1 Геосаясат түсінігі, пәні, обьектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2.Геосаясаттың негізін қалаушылар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.3. ХХ ғасырдағы геосаясаттың дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 4
ІІ.Ағылшын-американдық геосаяси мектептері
2.1.Ағылшын геосаяси мектебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.2.Англо-американдық мектебінің классикалық концепциялары ... ... ... ...21
2.3. Қазіргі заманғы Батыстың геосаяси теориялары мен мектептері ... ... ... ... 21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Кіріспе
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Геосаясат - бұл саяси ғылымдар теориясының іргелі ұғымдарының бірі, ол мемлекеттердің немeсe мeмлeкeттeр блоктарының аумақтық - кеңістікте орналасу ерекшелікті жағдайының негізінде локальдық, аймақтық, құрылықтық және жаһандық халықаралық үрдістерге нақты тарихи ықпал етудің формасы мен орнын сипаттайды. Геосаясаттың тарихи қалыптасуы оның пәні мен анықтамасын зерттеулерге байланысты. Осымен байланысты геосаясаттың аса маңызды проблемаларының бірі посткеңестік кеңістіктегі геосаясат екенін атап көрсетуіміз керек.
Дәстүрлі түсінікке сәйкес геосаясат белгілі бір мемлекеттің немесе мемлекеттер тобының сыртқы саясатының географиялық немесе кеңістіктік-терриоториялық аспектісіне, яғни мемлекет саясатының географиялық факторларға (мемлекет территориясының көлемі мен масштабы, оның орналасуы, топографиясы, теңіздер мен әлемдік мұхитқа шығу мүмкіндігі, климаттық жағдайы, ландшафты, табиғи ресурстардың көлемі т.с.с.) тәуелділігін көрсететін ғылым ретінде қарастырылады.
Ағылшын-американ геосаяси мектебінің қазіргі батыс дипломатиясының негізгі қозғаушы күші екендігінде.
Соңғы жылдары әлемде қауіпсіздік пен тұрақтылықты орнатуда Ресей Федерациясы мен еуропалық және американдық серіктестер арасында бір-біріне қайшы қатынастар пайда болды. Батыс саясаткерлері Ресей азаматтарына жеке және ұжымдық санкциялар салады, бұл халықаралық ынтымақтастық пен ынтымақтастық принциптеріне қайшы келеді.Бұл санкциялар ағылшын-американдық авторлардың негізгі геосаяси еңбектерінде қамтылған тұжырымдамалар мен идеялардың тікелей жалғасы болып табылады.
Қазіргі британдық геосаяси стратегияның әкесі Хелфорд Маккиндер өзінің маңызды еңбектерін 20 ғасырдың басында бастыра бастады. Бүгінгі күнге дейін Еуратлантика теориясының трансформациясы жүріп жатыр және оны зерттеу статикада емес, динамикада қарастырылуы керек.
Жаһандық контекстті мемлекеттің сыртқы саясатын жүзеге асырудың негізі ретінде теориялық тұрғыдан түсіну, сонымен қатар геосаяси мектептің қалыптасуы мен даму тарихы, оның сыртқы саясатқа әсері.
Курстық жұмыстың мақсаты:
oo Геосаясаттың шығу тарихын, ағылшын-американ геосаяси мектебін зерттеу;
oo геосаясаттың негізін қалаушы ғалымдардың ойларын тұжырымдау;
oo геосаясат классиктерінің негізгі идеялары мен принциптерімен танысу;
Курстық жұмысты орындау кезіндегі негізгі міндеттер:
oo геосаясат түсінігін, даму тарихын зерттеу;
oo ағылшын-американ геосаяси ойының даму тарихын қарастыру;
oo беделді британдық саясаттанушылардың теориялық еңбектерін зерттеу;
oo теориялық тұжырымдамаларды практикаға енгізу жолын қарастыру;
oo ХХ ғасырдың басындағы американдық сыртқы саясатты зерттеп, оның мақсаттарын түсіну.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспе, үш бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. ГЕОСАЯСАТТЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1.1 Геосаясат түсінігі, пәні, обьектілері
Геосаясат гректің: geо - жер, pоlitiсоs - мемлекеттің немесе үкіметтің формасы, ұйымдастырылуы және қызметі, оның азаматтармен және өзге мемлекеттермен қарым-қатынасы деген мағынаны білдіреді. Ғылыми пән ретінде геосаясат ХХ ғасырдың басында саяси географиядан бөліну арқылы қалыптасып шықты. Геосаясатты алғаш рет ғылыми айналымға швед ғалымы Р. Челлен өзінің Мемлекет өмір формасы ретінде еңбегінде енгізді.
Геосаясат терминін енгізген швед ғалымы Рудольф Челлен (1864-1922), оны мемлекетті географиялық организм немесе кеңістіктік феномен ретінде қарастыратын доктрина деді.
Геосаясат түсінігі екі мағынада қолданылады: тар (ғылым ретінде) және кең (саяси практика ретінде). Тар мағынада геосаясат өзіне тән әдістерге ие және мемлекет саясатының географиялық факторларға тәуелділік деңгейін зерттейтін ғылыми пән ретінде қарастырылса, кең мағынада ол мемлекет саясатының географиялық және территориялық факторлармен байланысы ретінде қарастырылды.
Дәстүрлі түсінікке сәйкес геосаясат белгілі бір мемлекеттің немесе мемлекеттер тобының сыртқы саясатының географиялық немесе кеңістіктік-терриоториялық аспектісінің, яғни мемлекет саясатының географиялық факторларға (мемлекет территориясының көлемі мен масштабы, оның орналасуы, топографиясы, теңіздер мен әлемдік мұхитқа шығу мүмкіндігі, климаттық жағдайы, лфндшафты, табиғи ресурстардың көлемі т.с.с.) тәуелділігін көрсететін ғылым ретінде қарастырылады.
ХХ ғасырдың ортасы мен соңындағы халықаралық қатынастардың жаңа жүйесінің қалыптасуы геосаясаттың дәстүрлі түсінігінен бас тартуға алып келді. Бұдан былай ғалымдар геосаясатты географиялық және кеңістіктік факторлардан бөлек, тарих, экономика, иедологиялық, мәдени, өркениеттік секілді жекелей мемлекеттердің, одақтар мен блоктардың саясатын, сондай-ақ бүкіл әлемдік саясаттың даму бағытын айқындайтын факторлармен байланыстыру дәстүрін қалыптастырды.
Геосаясат мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатын стратегиясын географиялық факторлармен түсіндірді. Дәстүрлі тәсілге қатысты геосаясиатты мемлекеттің саяси мүдделері мен мақсаттарына ықпалын зерттейтін ғылым ретінде қарастыруға болады. Алайда уақыт өте келе геосаяси өріс мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, әскери және мәдени қатынастар орын алған орта ретінде қарастырыла бастады.
Ал неміс теоритигі Фридрих Ратцель (1844 - 1904) геосаясат жайында Геосаясат мемлекетті қатып қалған , өзгермейтін түсінік ретінде емес, үнемі қозғалыста болатын тірі организм ретінде қарастырады деді. Яғни Ратцелдің айтуы бойынша геосаясат кеңістікпен қарым - қатынfтағы саяси құбылыстарды зерттейді.
Қысқасы геосаясат мемлекеттің территориялық мәселесіне, шекарасына, табиғи және адам ресурстарын тиімді пайдалануына қатыстылардың барлығын зерттейді. Геосаясаттың обьектілері ғаламдық кеңістік пен әлемдік қауымдастықтағы геосаяси процестер мен құбылыстар болып есептеледі. Жалпы геосаясат әлемдегі оқиғаларды өзгертудің, оған әсер етудің құралы ғана емес , сондай - ақ , көптеген елдердің сачсатына болжай алатын да құралы. Ал геосаясат пәні деп әлемдік және аймақтық мәселелерді шешу кезіндегі геосаясат субъектілерінің өзара қарым - қатынасын айтамыз.
XIX-XX ғасырларда геосаясатта географиялық, климаттық , кеңістік және экономикалық факторлар үлкен рөл ойнап кетсе , қазіргі кезеңде жағдай біршама өзгерді. 21 ғасырда геосаясатта ақпараттық фактор алдыңғы орынға шықты. Сонымен қатар ғылым мен технологияның қарыштап дамуы да геосаяси ойларға өзгерістер әкелді.
Геосаясат - империалистік буржуазияның отарлық экономикалық экспансияның, агрессияшыл соғыстарды жақтайтын саяси доктринасы болып табылады Геосаясаттың негізгі мақсаты - географиялық ортаны құдіретке балау, империалистік мемлекеттер саясатының түпкі мәнін гоеграфиялық факторлар негізінде анықтау болып табылады. Геосаясат идеялары тұңғыш рет I-ші дүниежүзілік соғыс қарсаңында шыққан неміс географы Ф.Ратцельдің еңбектерінде көптеп кездеседі. Ол мемлекетті өмірлік кеңістік үшін күрес жүргізетін әлеуметтік организм деп түсіндіреді. Геосаясат журналының төңірегіне топталған неміс социологтары мен экономистері және географтары бұл доктринаны саналы түрде герман фашизміне бағынышты етті. Герман империалистері агрессиялық саясатында геосаясатты неміс халқының өмірлік кеңістікті иемдену жолындағы заңды күресі деп қабылдады.
Геосаяси идеялар фашизмнің ұлттық шовинистік, нәсілшілдік теориясымен үйлеседі. Америка Құрама Штаттарындағы және басқа жерлердегі империалистік топтар Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін геосаясатты қайта жандандырды. Қазіргі кезде геосаясат жоғары дамыған империалистік мемлекеттердің экономикалық және әскери-саяси экспансиясының идеологиялық негізі болып табылады. Геосаясатшылар географиялық факторлардың ұқсастығына байланысты өркениеттер типтерінің бірлігіне негізделген мемлекетаралық экономикалық бірлестіктердің қажеттілігін дәлелдеуге, сонымен бірге әлемдік социалистік жүйе мен жаңадан дамыған елдерді капиталистік елдерге қарсы қоюға тырысуда. Американдық геосаясатшылар өздерінің экономикалық және әскери күштеріне сүйене отырып, саяси географияға геосаяси тұрғыдан қарау қағидасын ұсынады, ол бүгінде империалистерді агрессивті соғыстар мен басқа халықтардың өміріне араласуды қолдайды. Геосаясат - бұл белгілі бір мақсатқа жету үшін адамдардың қуатты қалай құрып, ұстап тұрғанын сипаттайтын әдіс. Мемлекеттік деңгейде бұл әдіс мемлекеттің мүдделері мен функцияларына жету үшін саяси, экономикалық және әскери қуатты қалай қолданатынын көрсетеді.
Бұл пікірлер алғашында аймақтың жалпы географиялық және тарихи жағдайын қарастырады, және сонымен қатар бес мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуын жеке-жеке қарастырады.Евразия континентінің төрінде орналасқан Орталық Азия көне Жібек жолындағы ең маңызды жерге ие болып, бірнеше ғасырлар бойы стратегиялық маңыздылыққа ие болды. Орталық Азия аймағының үш тарапында мықты мемлекеттер орналасқан:
oo солтүстікте - Ресей,
oo шығыста - Қытай
oo батыста - Еуропа.
Орталық Азия бұл мемлекеттер арасындағы қатынас жолы және сонымен қатар бұларды бір-бірінен қорғайтын аймақ ретінде пайдаланылды. Атақты Британ ғалымы сэр Хэлфорд Маккиндер (1861-1947), геосаясаттың маманы келесідей пікір ұсынған болатын. Кімде кім Орталық Азияға билік орнатса, Евразия континентіне билік етеді, ал кім Евразия континентіне билік орнатса, онда ол әлемді билеуге мүмкіндік алады. Бұл Орталық азияның ғаламдық геосаяси қатынастардағы маңыздылығын көрсетеді. 1991 жылы Кеңес үкіметінің ыдырауы нәтижесінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан мемлекеттері тәуелсіздікке қауышты. Дегенмен, бұлардың халықаралық саяси және экономикалық қатынастардағы орны қырғи-қабақ соғысының аяқталғанына қарамастан әлсіз болатын. Олардың бай мәдениеті мен түрлі-түсті дәстүрлері басқа мықты мәдениеттер тарапынан қабылданбады.
Алайда, жағдай Америкадағы 11 қыркүйек лаңкестік шабуылдарынан соң өзгерді. Бұл шабуылдан соң АҚШ Ауғанстанға әскер енгізді, нәтижеде Орталық Азия аймағы анти-террористік шаралардың базасына айналып, халықаралық қауымдастықтың назарын өздеріне аударды. Саяси айналаны (геосаясатты) дәйектеуде кәзіргі саяси қалыптың біраз ықпалы бар. Шынын айту керек, Қазақстанның ішкі кейпі күрделі болғандықтан, оның геосаясаты да қарапайым бола қоймайды. Сондықтан бұл жайт Қазақстан жағдайында ежіктеліп барып, сомдалатын болар. Жалпы, Қазақстанның болашақ ірі мемлекеттер қатарынан табылатын қайнарын ескере отырып, оның саяси айналасын былайша кейіптеген жөн:
- экономика жағынан евроазиялық бөрі, бұған мол байлық пен халықтың аса икемділігі, жастығы кепіл;
- географиялық жағынан Дүниежүзілік саяси кіндік, оған батыс-шығыс, оңтұс-солтұс көпірлер торабы болу мүмкіндігі мен географиялық орны куә; - этнодемографиялық жағынан - түркілік қарашаңырақ, оған тарих та, объективтік жағдай да, барлық түркілердің Қазақстанды айнала орналасуы да итермелейді;
- діни сенімі жағынан - дүниежүзілік дін тартысының ешбіріне аса жақтаспайтын зайырлы мемлекет.
Осы аталған геосаяси жағдайы Қазақ мемлекетінің қазырдан бастап сыртқы ниетінің қалыптасуына негіз етілгені жөн. Қазір саясат әлемінде геосаясат деген ұғымның пайда болғаны белгілі. Бұл саясаттанушылар мен тарихшылар және басқа да ғалымдар үңіле зерттеп, ден қойып отырған ғылыми сала десек те болады. Тақырыптың өзегі өмір-шең және ауқымды. Әлемде болып жатқан түрлі құбылыстар мен оқиғалар өзінің шынайы себеп-салдарының, оның орын алуының мәнісімен жан-жақты зерттеуді және әлем өңірлеріндегі өзіне тән, одан тыс ерекшеліктерді мұқият зерделеп, салыстыра қарап, ой топшылауға жетелеп отыр.
Әрине, геосаяси доктриналар әртүрлі бағытта , соның ішінде экспансионистік бағытта да болуы мүмкін. Алайда, геосаясат мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатына жағымды қызмет ете алады және қызмет етуге тиісті. ХХ ғасырдың 80 жылдарында ғылыми ойдың осы бағытын қайта бағалау жүрді. Геосаясат қазіргі Қазақстанның сыртқы саясат басымдықтарын анықтауда, ішкі саясаттың міндеттерін қалыптастыруда бірден- бір құрастырушыға айналған. Осылайша, геосаясат Қазақстан мемлекетінің практикалық саясатының бірден - бір маңызды факторына айналды.
Геосаясат нақты мазмұнмен барынша толығады және байытылады. Қазіргі әлемнің өзгеруіне мейлінше белсенді ықпал етеді. Ол әлемдік және аймақтық жағдайды өлшейтін шынайы құрал болумен қатар, жетекші елдер мен әскери - саяси блоктардың саясатын болжамдаудың кілті қызметін көбірек атқаруда. ХХІ ғасырда геосаясаттың жетекші қоғамтану ғылымдарының бірден - бір позициясын иеленетін ғылым болатынын айтуымыз керек.
Геосаясаттың пәні - планетааралық кеңістікте ( немесе оның белгілі бір бөлігінде) әлемдік, аймақтық және мемлекеттік мәселелерді шешу барысындағы геосаясат субъектілерінің арасындағы өзара қарым - қатынас. Басқаша сөзбен айтқанда геосаясаттың пәні бұл планетааралық кеңістікке бақылау орнатуды зерттеу.
Кеңістік категориясы геосаясатта басты категория болып саналады, өйткені бірде - бір мемлекеттік түзілім кеңістік өлшемінен тыс өмір сүре алмайды. Әдетте кеңістіктің бірнеше өлшемін бөліп көрсетеді. Мысалы, кеңістіктің территориялық - географиялық өлшемі, кеңістіктің әуе - ғарыштық өлшемі (әуе шекаралары және оларды мемлекеттің игеру, пайдалану және бақылау қабілеті); кеңістіктің саяси өлшемі (саяси - әкімшілік шекаралары, мемлекеттің аумақты және халықты бақылау қабілеті); кеңістіктің экономикалық өлшемі (мемлекеттің аумақты экономикалық игеруі, шетелдер аумағына экономикалық ықпал жасау, соның ішінде ұлттық валюта және инвестиция, жылжымайтын мүлік сатып алу арқылы ықпал ету қабілеті); кеңістіктің ақпараттық - мәдени өлшемі (ұлттық мәдениет пен тілдің ықпал жасай алу қабілеті, соның ішінде шетелдерге, басқа халықтар мен мәдениетке әсер ету қабілеті, әлемдік ақпараттық кеңістікке қатысуы, соның іщінде жаһандық коммуникативтік желілерде (ғаламтор) болуы).
Геосаясаттың дәстүрлі элементтеріне, мемлекеттің кеңістік - аумақтық сипаттамасына: географиялық жағдайы; ұзындығы; үйлесімдігі; жерқойнауы (табиғи ресурстар); ландшафт; климат; демографиялық сипаттама (халықтың көлемі және құрылымы, оның сапасы) және т.б. жатады.
Геосаясаттың дәстүрлі емес элементтеріне (соңғы жарты ғасырда қосылған және мемлекеттің күші туралы бұрынғы түсінікті өзгерткен және халықаралық саясатқа ықпал ететін көп түрлі факторлардың әсер ету басымдығы) мыналарды жатқызуға болады: жаппай қырып - жою қаруының пайда болуын және таралуын, бұл орайда ең алдымен зымыран - ядролық (сонымен қатар биологиялық) қарулардың таралуы, бұлар қолында бар мемлекеттер бір - бірінен қашықтығына, жағдайына, климатына және халқының санына қарамастан, бір - бірімен күшін теңестіреді; шекара дегенді білмейтін, адамдардың жаппай орын ауыстыруын арттырып отыру тән, миграциялық үрдістер; бүкіл планетааралық кеңістікті қамтыған және мәдени - ақпараттық кеңістіктегі дәстүрлі шекараны қиратуға соқтыратын жаһандық коммуникацияның кеңейтуімен, ақпарат және байланыс құралдарының дамуымен байланысқан геоақпараттық үрдістер (әсіресе, ғаламтордың жаһандық желісі, ғарыштық және мобильді байланыс).
Геосаясат объективті шындықты , әртүрлі байланыстарды, өзара байланыстар мен мемлекеттік және мемлекетаралық қатынастардың тенденцияларын, қарым - қатынастарды және үрдістерді зерттейді.Осылайша, ол маңызды функцияларды орындайды, олардың соңғысы танымдық (гносеологиялық), болжамдық, басқарушылық (менеджерге әсер ету міндеті), сонымен қатар идеологиялық функциялар болуы мүмкін. Геосаясаттың танымдық (гносеологиялық) функциясы ең алдымен мемлекеттердің, халықтардың, өркениеттердің геосаяси даму құбылыстарын, үрдістердін, бағыт - бағдарларын зерттеумен байланысты. Бұл функция жалпы әлемдегі және оның жекелеген бөліктерінде жүріп жатқан негізгі бағыт - бағдарларды бағыттарды, түсіну үшін қажетті геосаяси білімдердің маңызды қайнар көздік міндеттерін атқарады.
Геосаясттың болжамдау функциясы. Ол танымдық функциядан келіп шығады, бұл табиғи нәрсе, өйткені барлық геосаяси зерттеулер (теориялық және эмпирикалық) әлемдегі, аймақтардағы, мемлекеттегі, бұларға мемлекетаралық өзара әрекеттерді (ынтымақтастық пен қарсыластық), өркениетаралық өзара әрекеттерді, алуан түрлі қақтығыстарды, соның ішінде этносаралық, дінаралық және т.б. қосқанда, геосаяси жағдай дамуының сценарийлері мен нұсқаларына дұрыс болжам жасауға бағытталған. Болжамдау функциясының мақсаты - геосаяси жағдайдың, геосаяси құрылымның, жекелеген мемлекеттердің, күштер ара салмағының даму болашағын ( таяудағы, орта мерзімдегі, алыстағы) анықтау. Осыған орай кең көлемде талдау жұмыстары, мониторингтер, моделдеу және т.б. жүргізіледі.
Геосаясаттың басқарушылық функциясының мәні (басқаруға ықпал ету функциясы) басқару шешімдерін қабылдау үшін, практикалық ұсыныстар мен нақты қорытындылар дайындау үшін қажетті нақты эмпирикалық ақпараттарды жинауға, қорытындылауға және талдауға саяды.
Кез келген қызмет түрі басқаруда және басқарушылық шешімдер қабылдауда, әсіресе мемлекеттік деңгейде, біріншіден, үлкен мөлшерде ақпарат (пәндік және жан - жақты) жинау мен оны өңдеу талап етіледі; екіншіден, әртүрлі факторлардың (геосаясатта - саяси, георграфиялық - кеңістіктік, стратегиялық, демографиялық, ресурсты - экономикалық, климаттық және т.б.) әрекетін есепке алу; үшіншіден, жағдайға парасатты баға беру; төртіншіден, алда тұрған әрекеттердің түпкі ойын, ниетін; бесіншіден, жағдайға сәйкес шешім қабылдау талап етіледі.
Талдаушылар мен геосаясаткерлердің қызметінің нәтижесінде қоғамдық қатынастарды басқаруды жетілдіру мақсатында, геосаяси үрдістер мен оқиғаларды басқару үшін, әрекет етудің геостратегиясын дайындау үшін нақты қорытындылар мен ұсыныстар қалыптасады.
Геосаясаттың идеологиялық функциясы билеуші элитаның мүдделерін білдіруден, өз мемлекетінің сыртқы саяси бағытын және практикалық әрекеттерін, өз өркениетін негіздеуден көрінеді. Ол мемлекеттің халықаралық имиджін, қоғамдық пікірді қалыптастыруға, адамдардың санасын айналдыруға, оларда қабылдау мен мінез - құлықтың белгілі бір стереотиптерін жасауға бағытталған. Мысалы, екі стандартты саясатқа әкелетін, күш көрсету әрекеттерін негіздеген, ешбір кінәсі жоқ адамдардың өлімін ақтаған ( Югославия, Ирак) АҚШ геосаясатының апологеттік, адвокаттық сипатын айтуға болады. Бұл көбінесе американың геосаясатының идеологиялық функциясынан туындайды.
Осылайша, геосаясат қоғамда және мемлекетті басқару жүйесінде маңызды ғылыми - практикалық функция атқарады, оның білімі әлемде, аймақтарда және мемлекеттерде жүріп жатқан өтпелі өзгерістер мен үрдістерге дұрыс бағыт - бағдар ұстауға, соған сәйкес практикалық әрекет етуге, қолайлы басқару шешімін қабылдауға мүмкіндік береді.
1.2.Геосаясаттың негізін қалаушылар
Халықаралық қатынастар теорияларының дамуына белгілі бір географиялық кеңістікті бақылауға мүмкіндік беретін, мемлекеттің сыртқы саясаты тәуелді болатын факторларды айқындайтын көптеген идеяларды ұсынған авторлар eлeулі үлeс қосты.
Саяси ойлар тарихында географиялық ортаның қоғамға әсері туралы пікірлер Гипократ,Аристотель Платон eңбeктeрінде көрініс тапқан болатын. Француз ойшылдары Ж.Бодeн (XVI.ғ) Ж. Монтeскьe (XVIII ғ. )
Мистикалық-нәсiлшiл идеология рeтiндe дүниeгe кeлгeн нацизм айтылмыш кeзeңде сыртқы саяси мәселeлeрде әлeмдiк тарихта тұңғыш рeт гeосаясат ұғымын қолданды Геосаясаттың түп атасы -- немiс географы Ратцель. Оның ұлт тарихы лебенераумға -- өмiр сүру кеңiстiгiне қарай қалыптасады дейтiн идеясын кейiн доктор Карл Хаусхофер дамытып, осы нeгiздe Мюнхeн унивeрситeтi жанынан Гeосаясат институтын құрған (институт Тулe ложасының жариядағы рeсми бүркeмeсi, ал Хаусхофeр ложаның көрнeктi мүшeсi eдi). Доктор гeрман жастарын бағзыда арий нәсiлi мeкeндeгeн Азияға баруға үндeдi. Хаусхофeр тeвтондық Дранг нах Остeн (Шығысты, славян жeрiн басып алу) ұранын көтeрдi дeгeн сөз, тeгiндe, кeйiнгi антифашистiк насихаттың жанынан шығарып жүргeнi. Байқағанға, Тулe мүшeлeрi ағашқыда немiстер Шығысқа,Азия жерiне ағылшындармен күш бiрiктiрiп баруы керек деп есептеген. Сол себептi нацистер басында Англияны әлемдiк держава ретiндегi қуатынан айырмауды ұсынды. Егер Англия немiстiң Орталық Еуропадағы ықпалының күшеюiне кедергi келтiрмесе, немiстер ағылшындардың Үндiстан бағытындағы қимылына бөгет жасамауға мақұл едi. Кейiнiрек Хаусхофердiң бел шәкiртi Рудольф Гесс жасаған жоспар бойынша Германия Польша мен Обь аралығына, ағылшындар Обь -- Лена аралығына, американдар Лена мен Охот теңiзi аралығына иелiк етуi тиiс едi.
Бұл жоспарда Орта Азия аймағы жоқ. Ол заман ағылшындар Үндiстан пен Ауғанстанды тұтымында ұстағаны мәлiм, демек кейiн сөз жүзiнде өзiн өзi дербес басқарады делiнген Тұтас Тұранды (Гросстүркiстан) геосаясат тiлiнде Орталық Азия деп аталған зор аумаққа ағылшын ықпалымен кiргiзу жоспарланғанын көремiз. Ұлыбритания Германияға соғыс жарияламай тұрып, 1939 жылы Герман Геринг фюрерге Англияға қонақ болып ұшып барғысы келетiнiн бiлдiредi. Гитлер негiзiнде қарсы болмаған. Бiрақ кейiн Герингтiң орнына Гесс ұшты. Хаусхофер жоспары сонда ғана белгiлi болды. Бiрақ бұл кезде нацистер Англияға басып кiру үшiн жасалған Теңiз арыстаны жоспарынан айнып, КСРО-ға шабуыл жасаудың Барбаросса жоспарына кiрiсiп кеткен едi.
Қайсыбір тәуелсіз мемлекет өзінің дүниеге келуімен бірге саяси дүниеден өзінің орнын ала отырып, айналасымен қарым-қатынастық ауан дәйектейтіні бар. Саяси айналаны (геосаясатты) дәйектеуде кәзіргі саяси қалыптың біраз ықпалы бар. Шынын айту керек, Қазақстанның ішкі кейпі күрделі болғандықтан, оның геосаясаты да қарапайым бола қоймайды. Сондықтан бұл жайт Қазақстан жағдайында ежіктеліп барып, сомдалатын болар. Жалпы, Қазақстанның болашақ ірі мемлекеттер қатарынан табылатын қайнарын ескере отырып, оның саяси айналасын былайша кейіптеген жөн: - экономика жағынан еброазиялық бөрі, бұған мол байлық пен халықтың аса икемділігі, жастығы кепіл;географиялық жағынан Дүниежүзілік саяси кіндік, оған батыс-шығыс, оңтүстік-солтүстік көпірлер торабы болу мүмкіндігі мен географиялық орны куә;этнодемографиялық жағынан - түркілік қарашаңырақ, оған тарих та, объективтік жағдай да, барлық түркілердің Қазақстанды айнала орналасуы да итермелейді; діни сенімі жағынан - дүниежүзілік дін тартысының ешбіріне аса жақтаспайтын зайырлы мемлекет. Осы аталған геосаяси жағдайы Қазақ мемлекетінің қазірден бастап сыртқы ниетінің қалыптасуына негіз етілгені жөн.
Қазір саясат әлемінде геосаясат деген ұғым белең алуда.. Бұл саясаттанушылар мен тарихшылардың, басқа да ғалымдар үңіле зерттеп, ден қойып отырған ғылыми саланың бір түрі. Тақырыптың өзегі өмір - шең және ауқымды. Әлемде болып жатқан түрлі құбылыстар мен оқиғалар өзінің шынайы себеп-салдарының, оның орын алуының мәнісімен жан-жақты зерттеуді және әлем өңірлеріндегі өзіне тән, одан тыс ерекшеліктерді мұқият зерделеп, салыстыра қарап, ой топ - шылауға жетелеп отыр. Қазақ - стан - дық саясаткерлер мен ғалым - дардың да назарын аударған мәселеде соны ізденістер бар. Қазақстандық саясаткерлер мен ғалымдардың да назарын аударған мәселеде соны ізденістер бар. Қазақстан стратегиялық зерт-теу-лер институтының директоры Б.Сұлтанов осы орайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Секретариатының жауап-ты қызметкері, тарих ғылымдары-ның докторы, профессор Марат Шайхутдиновтің "Геосаясат, жа-һан-данушылық және ұлттық қауіп-сіздіктің теориясы: әдіснамалық және қолданбалы аспектілері", "Қазақстан және Ресей жаңа геосаясат түйістерінде", "Геосаясат: тарих, теория, тәжірибе. І-том, Батыстың геосаясаты" деп аталатын үш бірдей кітабымен - ғылыми-зерттеу туындысымен және аталмыш институттың бас ғылыми қызметкері, саяси ғылымдар докторы Мұрат Лаумулиннің "Орталық Азия шетелдік саясаттану мен әлемдік геосаясатта.
Челлен ол кітабында Мемлекет адам тәрізді өсіп отырады , ол тіршілік иесі сияқты деп жазды. Челленнің түсінігі бойынша жер бедері мен мемлекет тұтас дүние. Ол Ратцельдің шәкірті әрі оның идеясын жалғастырушылардың бірі. Оның түсіндіруінше, мемлекет табиғи сұрыпталу жолымен дамып, үлкен мемлекеттер кеңістік үшін кішкентай мемлекеттерді басып алып отырады.
Геосаясат ғылымының дамуына үлес қосқандардың бірі ағылшын Хэлфорд Джордж Макиндер (1861 - 1947). Маккиндердің айтуынша , мемелекет үшін географиялық жағынан ең ыңғайлы аймақ құрылықтың орталық бөлігі болып саналады. Ол құрылықтың орталық бөлігіне қарағанда дүние жүзін бақылап отырған ыңғайлы деп түсіндірді. Тарихта сондай мүмкіндікке ие болған халықтардың қатарына ғалым ғұндарды , аландарды, монғолдарды жатқызды.
Оның айтуынша, Азияның осындай жауынгер тайпаларының жиі - жиі жасап отырған шабуылдарының арқасында ғана Европа орталықтанған мемлекеттер құрып, өз өркениетін дамыта алған. Осыған байланысты ол өз идеясын былай тұжырымдады. Егер кімде кім Евразияны билесе, онда ол дүние жүзін де билейді. Ал Евразиядағы ең ыңғайлы территория Макиндердің пікірінше , Евразияның орталығы - әлемнің кіндігі немесе Хартленд болды.
Жалпы, Макиндер жердің геосаяси картасын үшке бөлген:
oo Орталық зонаға - Солтүстік мұзды мұхитынын бассейндері мен Каспий және Арал теңіздері жатады.
oo Сыртқы жартылайға АҚШ, Англия, Жапония елдері кіреді.
oo Ішкі жартыайға Қытай , Оңтүстік - Шығыс Азия, Үндістан және т.б (Римленд)
Ал геосаясаттағы Теңіз күші теориясының, авторы американдық адмирал Альфред Мэхен (1840 - 1914) болып есептелінді. Ол 19 ғасыр аяғы мен 20 ғасыр басында таласократия идеологтары мен саясаткерлердің іс - қимыл бағдарламасын жасағандардың бірі. Ол өзінің 1890 жылы шыққан Теңіз күшінің тарихқа әсері деген кітабында теңіздегі иелік етіп, оны бақылауда ұстау тарихтағы ұлы факторлардың бірі болған және болады деген тұжырым жасайды.
Ал француз геосаяси мектебінің негізін қалаушы Видаль де ла Бланш (1845 - 1915 ) иоссибилизм концепциясынын авторы болып табылады.
Егер саяси география терминінің авторы Ф. Ратцельдің концепциясы кеңістік, мемлекеттің географиялық орналасуы түсініктеріне құрылса, Видаль де ла Бланштың концепциясыеың ортасында адам тұрды. Ол негізін салған адам географиясы мектебінің мақсаты географиялық факторларының бірі ретінде қарастыра келіп адам жер бетіндегі процестерге белсенді әсер етуші және оларды бағыттап отырушылардың бірі деді. Өзіне дейінгі неміс геосаясаттанушыларын қатты сыеға алған ол саясатта географиялық ортадан гөрі адамның рөлі үлкен деген тұжырым жасады.
1.3. ХХ ғасырдағы геосаясаттың дамуы
Геосаясат ғылымдарының бірі американдық ғалым Николас Спайкмен Т.Мэхеннің теориясын жалғастырушылардың бірі болды. Ол геосаясатқа ғылым ретінде емес, тиімді халықаралық саясат жасап беретіндей аналитикалық тәсіл ретінде қарады. Ол мемлекеттің геосаяси күш - қуатын көрсететін он критерий болады деді. Олар: жер бедері, табиғи шекаралар, халық көлемі , жазба байлықтары, экономикалық және технологиялық даму, қаржылық жағдайы этникалық біртектілік, әлеуметтік интеграцияның деңгейі, саяси тұрақтылық, ұлттық рух.
Егер аталғандардың көбісі мемлекеттен табылмаса, онда ол мемлекет өз тәуелсіздігінің бір бөлігін құрбандыққа шалып отырады дейді Спайкмэн. Спайкмэн өз геосаяси концепциясында әлемді екіге Хартлэнд және Римлэндке бөліп, тарихтағы Римлэндтің рөлін жоғары бағалады. Ол әлемдік үстемдікке жетудің кілті Римлэндте дей келіп, Макиндердің формуласын өзінде былай өзгертеді. Егер кімде - кім Римлэндті билесе , онда ол Евразияны да билейді, ал Евразияны билеген дүние жүзінің тағдырын өз қолына алды.
Ал Ратцель мен Челеннің көзқарастарын жалғастырушылардың бірі Карл Хоусхофер (1869 - 1946) тарихта Үшінші рейх идеологиясын жасаушылардың бірі болып есептелінеді Хоусхофер өз еңбектерін негізінен Германияның геосаяси дамуы жөнінде жазып, онда Германияның реваншистік, агрессиялық саясатына негіз салады. Өз идеяларын жүзеге асыру мақсатында ол Герман фашистерімен байланыс орнатып, кейіннен Үшінші Рейхтің басты идеологтарының біріне айналды. Сонымен, Хоусхофердің басты идеясы Германияның көршілес, кіші мемлекеттерге үстемдік орнатуын дәлелдеуге негізделді. Сондай - ақ, ол құрылықтық мемлекеттердің теңіз елдерінен артықшылықтарын көріп, теңіз елдерінің үстемдігіне қарсы тұру үшін Германия, Ресей және Жапонияның құрылықтық блокқа біріккені дұрыс деген пікір айтты.
Геосаясаттық негізгі қағидаттарын ағылшын географы - саясаттанушысы Х.Маккиндер қалыптастырды. Оның зерттеулері одан кейінгі әлем тарихының геосаяси моделдерінің негізіне алынды. ХХ ғасырда Германияда, Англияда және АҚШ - та геосаяси ойдың әлемдік орталықтары қалыптасты. Геосаяси ой - пікірлердің дамуына және Германияның геосаяси тұжырымдамасын негіздеуде айтарлықтай үлес қосқан генерал К. Хаусхофер болды. Ағылшын - америка геосаяси мектебінде, Х. Маккиндермен қатар, А.Т. Мэхэн және Н.Спикмен белсенді еңбек етті. Орыс геосаясаткерлерінің арасынан Еуразия теориясын жақтаушыларды айтуға болады, солардың ірісі- П.А.Савицкий, сонымен қатар көрнекті ғалым Л.Н. Гумилев.
Геосаясат ілім ретінде географиялық факторлардың дүние жүзі тарихындағы мемлекеттің роліне ықпал ету заңдылықтарын, әртүрлі халықтар мен елдерде саяси тенденциялардың және ұлттық - мемлекеттік мүдделердің қалыптасу заңдылықтарын зерттейді. Мемлекеттік дамудың орнықты стратегиясын дайындауда қысқа мерзімді және өзгермелі саяси немесе идеологиялық әуестік емес, керісінше, елдің кеңістік пен географиялық жағдайын анықтайтын тұрақты өлшемдер аса маңызды болуы тиіс деген бекітуі бұл ғылымның маңызды постулаты болып саналады.
Геосаяси талдау географиялық факторлардың әрекеттерімен байланысқан тұрақты және өзгермелі өлшемді зерттеу қағидатына сүйенеді. Геосаясат үшін тұрақтылық тәртібі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz