Қазақ диаспорасы - Қазақстан Республикасынан шет аймақтарда тұратын қазақтар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

Факультет институт___________________________ _______________________________

Кафедра ___________________________________ _____________________________

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
___________________________________ _________________________________________
___________________________________ ___________________________пәні бойынша

Тақырыбы: Қазақ диаспорасының мәселелері мен Қазақстанның көзқарасы
(1991-2006)

Студент __________________________ Тобы _____________ ________________
Аты-жөні қолы
Жетекшісі__________________________ ________ _________________________

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1 Қазақ диаспорасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Шетелдерде қазақ диаспорасының қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ..
1.3 Қазіргі замандағы қазақ диаспорасының өркениетті ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Қазақ диаспорасы құбылысы соңғы уақытта еліміздіе әлеуметтік, гуманитарлық зерттеулер объектісіне айналуда. Бұл үрдіс көптеген тарихи дүниетанымдық мәселелерді нақты ғылыми тұжырымдауға мүмкіндік береді, этникалық ауқымды бағдарларға теориялық сипат жасауға негіз болады.Кеңес дәуірі кезеңінде ұлт саясаты үлкен бұрмаланумен жүргізілліп келгені белгілі. Көптеген халықтар өзінің ұлттық, ұлыстық дамуында тоталитарлық жүйенің қыспағын көріп келді.
Қазақ халқы Ахмет Жұбанов айтқандай мың өліп, мың тірілген халық. Күлтегін, Білге қаған, Елтеріс ұаған билеген көк түрік заманындағы көк сүңгілі қақтығыстар, әлем әмірші болуға ұмтылған Шыңғыс хан тұсындағы ат сауырынан қан кешкен алтапат шайқастар мен жоңғар шапқынышылығы кезіндегі жойқын соғыстар, қалаберді қандыбалық Ресейге бодан болғаннан кейінгі жолбарыс жүректі Кенесары хан мен арыстан білекті Науырызбайдың, Исатай - Махамбеттің, Сырымның, Жанқожаның, Есеттің ұлы азаттық жолындағы көтерілістері ен даланы еркін жайлаған ержүрек қазақ халқының үнемі қанатын қырып, қатарын селдіретумен болған.
Зерттеу тақырыбымның өзектілігі. Бүгінгі таңда шетелдерде шамамен 5 миллионнан астам қазақ ирриденттері мен диаспора өкілдері тұрады. Біз оларды жинақтап этникалық қазақтар деп атаймыз. Шетелдегі қазақтардың саны біз ойлағаннан кем немесе одан әлдеқайда көп болуы мүмкін. Қалай дегенмен де, Қазақстаннан сырт, алыс-жақын шетелдерде қазақ диаспорасы мен ирриденттерінің қомақты бөлігі өмір сүріп жатқаны белгілі. Қазақ ұлтының шетелдегі бұл өкілдері түрлі тарихи кезеңдерде, әртүрлі тарихи жағдайларға байланысты қалыптасқан. Оған қазақ жерінің отарлануы мен қазақ халқының өз ұлттық мемлекетінің жойылуы, сыртқы күштердің әлімжеттілігі әсер етті. Шекара сызықтарының әділ жүргізілмеуі, отаршылдық езгі, саяси қуғын-сүргін, т.б көптеген факторлар қазақтардың бүгінгі Қазақстан шегінен сырт аймақтарға, алыс шет елдерге қоныстануына әкелді.
Тақырыбымның зерттелу деңгейі. Шетелдегі қазақ диаспорасының тарихи отанына оралуын және қазақ баспасөзіндегі оралмандар мәселесіне байланысты зерттеулер қарастырлады. Олар: Кеңестік және қазіргі кезеңдегі іргелі зерттеулер; және бүгінгі зерттеушілердің әртүрлі мақалалары. Кеңес Одағы кезінде шетелдегі қазақтарды зерттеу ойдағыдай жолға қойылды деуге келмейді. Бұрынғы кездердегі асыра сілтеулерге байланысты билік басындағы әміршіл-әкімшіл жүйе барынша қателігін бүркемелеуге тырысты. Жаппай кеңестік ұлт құруға құлшынып отырған елде жекелеген ұлттардың ұлттық мүддесі мүлде ескерілмеді. Мұндайда шетелдегі қазақтар туралы салиқалы ой қозғау мүмкін болмады. Шетелдегі қандастарды ішке тарту былай тұрсын, оларды көбіне отан сатқындары, коммунизмнің жаулары ретінде көрсетуге тырысты. Елдегі қазақтардың олармен қарым-қатынас жасауына тыйым салынды. Шетелдегі қандастар туралы жазылған ғылыми жұмыстар қатал цензурадан өтті. Кейбіреуі қорғауға жіберілмеді. Мұндай жағдай шетелдегі қандастарымыз туралы жүйелі ғылыми түсініктің қалыптасуына кедергі болды. Соған қарамастан, шетелдегі қазақтардың тарихы туралы біраз ғылыми жұмыстар қорғалды. 1970 жылдары Л.Бадуамов Шыңжаң қазақтарының Ұлы ықпалы мен төнкерісі туралы диссертациясын қорғады . Шетелдегі қазақтар туралы шамалы мәліметтер Қазақ совет энциклопедиясына енгізілді. Шетелдегі отандастармен байланыс жасайтын Біздің Отан (кейінгі Шалқар) газеті тұрақты шығып тұрды. ҚазКСР. ҒА. М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты шетелдегі қазақтардың рухани мұрасы туралы қолжазбалар қорын жасақтап, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді .
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты қазақ диаспорасының тарихи отаны Қазақстанға оралуы тарихын бүгінгі тарих ғылымы талабына сай, жаңа методологиялық көзқарас тұрғысынан талдау. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
-- Қазақстанның озық ойлы зиялыларының, қазақ тілді басылымдардың қашан да алыстағы ағайынды назардан тыс қалдырмағанын, кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйе тұсында да оларға қол ұшын беру, олармен мәдени-рухани қарым-қатынас жасау мәселесінің қазақ зиялылары тарапынан ұдайы өзекті болып келгенін зерделеу;
-Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың, ұлт зиялыларының тың бастамаларының арқасында мемлекеттік қолдау мен шетелдердегі қазақтардың атамекенге, тарихи отанына оралу мүмкіндігіне ие болғанын ашып көрсету;
-- шетелдердегі қазақтарды ата қонысына қайтару саясатындағы қол жеткізген табыстар көлеңкесінде шоғырланған қиыншылықтар мен келеңсіздіктерді зерделеу;
-- тарихи деректер мен ресми құжаттарға, баспасөз материалдарына талдау жасай отырып, оралмандардың қазақ ұлтының өсіміне, басқа ұлттармен салыстырғандағы үлес салмағының артуына тигізетін оң әсерін бағалау;

Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. Зерттеудің хронологиялық шеңбері 1991-2006 жылдар аралығында көшіп келген оралман отбасылардың тарихи отанына оралуы. Зерттеу жұмысында еліміз егемендік алғаннан бастап тәуелсіздік алғаннан кейінгі кездердегі шетелдегі қазақтардың Қазақстанға оралу тарихына да шолу жасалды.

Қазақ диаспорасы - Қазақстан Республикасынан шет аймақтарда тұратын қазақтар. Қазақ диаспорасы сыртқы шекараларды кесіп өтіп, әуелі Қазақстаннан Қытайға, Орталық Азия мемлекеттеріне, Ауғанстан мен Иранға, одан әрі бүкіл дүние жүзіне тараған. Қазақстанмен іргелес шет жұртта қалың шоғыр күйінде қалған және шалғай аймақтарда шашырап жүрген Қазақ диаспорасы-ның жалпы саны 5,4 млн деп есептеледі (1997). Шет елде болса да өз ата мекендерінде тұрып жатқан ирредент Қазақ диаспорасы-ның, яғни Қазақстанмен іргелес, шектес, түрлі тарихи кезеңдерде одан зорлық-зомбылықпен тартып алынған, қилы замандардағы түрлі саяси айла-шарғы, белден басқан қиянат салдарынан Ресейге, Қытайға, Өзбекстанға қосылып кеткен ата мекендерде тұратын қазақтардың ұзын саны 5 млн-ға жуық. Ал бөтен жерлердегі бытыраңқы диаспора 0,5 млн адам. Қазақ диаспорасы шоғырлы диаспораға жатпайды. Батыс Еуропаның реципиент-елдеріндегі және АҚШ-тағы этн. қазақтар топтасып тұрмайды. Бірақ Шығыс елдерін (Түркия, Иран, Ауғанстан) мекендеуші қазақтар анағұрлым шоғырланып мекендеген. Бұған олардың бірлесіп тұру тілегі ғана емес, сонымен бірге реципиент-елдің олар жөнінде жүргізген саясаты да ықпал еткен. Қазақ халқының көшпелі тұрмыс-тіршілігінен қанға сіңген тамаша бейімделгіштік, жерсінгіштік, алғырлық қабілет-қасиеттерінің арқасында Қазақ диаспорасы жартылай этникалық, мультимәдени, мультидіни құрылымды елдерде жергілікті тіршілікке бейімделіп кете алды.
Қазіргі жаһандану заманында ұлттық мәдениеттер арасында өзара ықпалдасу мен байланыс үрдістері қарқынды жүруде. Әрбір этникалық қауымдастық өзінің жекеленген дербес кеңістігін жалпы ғаламдық үдерістермен сәйкестендіре өркендетуге мәжбүр. Әрине, әлемдегі ғылыми-техникалық, өркениеттік прогрестің пәрменділігін жоққа шығаруға болмайды, ол өз жалғасын табады. Дегенмен, тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан-2050 Стратегиясында көрсетіп отырғанындай әлемдегі көптеген сын-қатерлердің арасында азаматтардың құндылықтық бағдарлары мәселесі де маңыздылыққа ие болуда. Мәселен, Стратегияда Тоғызыншы сын-қатер - өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы. Әлем ауыр дүниетанымдық және құндылық дағдарысты бастан кешіріп отыр. Өркениеттер қақтығысы, тарихтың ақыры, мультимәдениеттің күйреуін жариялайтын үндер жиі естіледі. Жылдар бойы сыннан өткен құндылықтарымызды қорғай отырып, біз үшін осынау кертартпа көзқарастан тартынуымыздың принципті маңызы бар. Өз тәжірибемізден білетініміз, біздің осал тұсымыз деп атаған көп этностылығымыз бен конфессиялығымызды өз артықшылығымызға айналдыра алдық деп мәселе кең мағынада атап көрсетіледі.Әлемнің көптеген елдерінде өмір сүріп жатқан қазақ ұлтының өкілдерін бұл құндылықтық дағдарыстың ыстық лебі шарпып өтпеуі де мүмкін емес еді. Сондықтан олардың барлығы қазіргі дәуірде дүниетанымдық және құндылықтық қайта түлеу кезеңінде өмір сүріп жатқанын атап өту керек. Жалпы дүниежүзі халықтарының барлығы өзінің құндылықтар дүниесін сараптан өткізіп, оның кейбір тұстарына жаңаша бағалаулар беріп жатқан кезеңде қазақ ұлтының алыс және жақын шетелдегі өкілдері, Атажұрттағы, яғни тәуелсіз Қазақстан жерінде топтасқан негізгі бөлігінде, түбегейлі халқында құндылықтар саласының құрылымы мен болашағына асқан ұқыптылықпен қарайтын заман да жетті. Себебі, қазіргі заманның уақыт өлшемі мен өзгерістер екпіні бұрынғы тарихи кезеңдермен салыстырғанда басқа, әлдеқайда күрделенген деңгейге көтерілгені байқалады. Ежелден халқымыздың менталитетінде орын алған әдеттер мен ғұрыптардың жақсысы да жаманы да бар. Әрине, этикалық құндылықтарды өзінің ұлттық санасына негізгі түбір еткен қазақтар, оның ішінде қазақ диаспорасының өкілдері өзінің асыл қасиеттерін жоғалтпауы керек. Дегенмен, бұрынғы дәстүрлі қоғамда бойға сіңіп қалған жайбарақаттықтың, бүгін болмаса, ертең болар деген түсініктердің дәуірі өткені де белгілі. Тұтастай алғанда мемлекет тұрғысынан да, этникалық қауымдастық тұрғысынан да, тіпті жеке адамның өзі тарапынан да өркениеттік даму қарқынына ілесе алмай, аутсайдар болып қаупі кімге болса да күшеюде.Қазіргі заманда тек экономикалық немесе технологиялық бәсекелестіктің маңыздылығы белең алып қана отырған жоқ, сонымен қатар мәдениеттер арасында әлеуметтік, рухани өміршеңдік үшін өзара жарыстар мен қақтығыстар жүріп жатқандай әсер қалады. Қазақстан мемлекеті өзінің стратегиялық басымдылығы ретінде индустриалды-инновациялық дамуды таңдағаны белгілі. Ол өзінің азаматтарына нағыз заманауи өркениеттік құндылықтық басымдылықтарды айқындап бергені байқалады. Әрине, халқымыз ғасырлар бойы қордалаған дәстүрлі құндылықтарын, оның ішінде мәдени және рухани құндылықтарын жаңа заманның қисынына сай сақтап, әрі қарай дамытып отыруға мүдделі. Міне, осы мәселеде шетелдегі отандастарымызбен біріге отырып атқаратын қызметтер жеткілікті. Әрине, жаһандану үрдістері ұлттық құндылықтарды ығыстыруға, орнын басқа нұсқаларға алмастыруға ұмтылады. Бұл жағдай қөптеген халықтардың мәдени кеңістігіндегі ахуал десе де болады. Шыныменде қазақ жастары әлемнің қай түкіпірінде жүрсе де өзінің азаматтық және сонымен қатар этникалық Менің жоғалтып алмауы үшін, экономика саласындағы бәсекелестікте сын-қатерлерден сүрінбей өту үшін қазіргі жаңа технологияның пәрменді таралуы заманында өткен дәстүрлі қоғамның құндылықтарының ауқымында қалып қоймай, ақпараттық қоғамның барлық қырларын игеріп алуы шарт. Міне, осы мағынада қазақ диаспорасы өкілдері арасында, әсіресе жастар арасында осы бағыттағы құндылықтық ығысулар мен басымдылықтар көрініс беретініне күмән туғызуға болмайды. Алдымен, бұл үрдісті Еуропа мен Түркиядағы, сонан соң Ресейдегі қазақтар арасынан байқауға болады. Ал енді отандастарымыздың этикалық және эстетикалық құндылықтарының қалыптасуы мен дамуына осы үдерістердің әсері мол екенін атап өту керек. Өзінің 20 жылдығын өткен 2012 жылы атап өткен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы әрі қарайғы қызметтерін негізінен отандастарымыздың құндылықтық әлемін дамытуға көмектесумен, Атамекенмен байланысты нығайта түсумен байланыстырады. Осы бағытта атқарылған істер аз емес. Ал болашақта атқарылатын істер одан да көп. Әсіресе, елімізге көшіп келген және болашақ келетін оралмандардың мәселесі де күн тәртібінен түспейтіні белгілі. Бұл салада көптеген күрделі мәселелер бар екенін де жасыруға болмайды. Репатриант қазақтардың өзекті мәселелері де құндылықтар жүйесіндегі өзгерістерді реттеумен тікелей астасып жатады. Соншама жылдар бойы басқа этноәлеуметтік, этносаяси және этнопсихологиялық ортада өмір сүріп келген отандастарымыз үшін Қазақстан Республикасындағы жағдайға бейімделіп кету де оңай емес
екені белгілі. Оның үстіне еліміздің әртүрлі аймақтарындағы экономикалық, әлеуметтік және лингвистикалық жағдайлардың ерекшеліктері бар екенін ескерген жөн. Жалпы саны бес миллионға жақын исі қазақ ағайындардың тәуелсіздік нығая түскен жиырма жыл ауқымында бір миллиондайының өз тарихи Атамекеніне оралуына, онда толыққанды азамат болып тіркелуіне, көбісінің квота бойынша баспаналы болуына себепкер болған елбасының өзі болатын. Ол дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы ретінде өзінің басты стратегиялық бағдарламасын бірнеше заманауи әмбебап өркениеттік принциптерге сүйеніп негіздегенін байқаймыз .
Жас мемлекет Қазақстан Республикасы Жер бетіндегі барлық қазақтар үшін қайталанбас жалғыз тарихи мекені, заңды Отаны екені және оған оралуға ниет еткен отандастарымызды қабылдауға түбегейлі бетбұрыс жасалып, көптеген жылдар бойы ұлттың ішкі бірлігін нығайта түсу үшін квота бойынша жан-жақты көмек көрсетіліп келді. Жалпы, мемлекеттік жүйеден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ диаспорасы
Қазақтардың Қытайға, Ауғанстанға жаппай қоныс аударуының бірінші толқыны (Құлжа өңірі, Қашқария)
Қазақтардың Қытай жеріне ауа көшуі
Шетелдерде қазақ диаспорасының қалыптасуы
Ресей Федерациясындағы қазақ диаспорасы
ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ
Шетел қазақтары (тарихи-этнологиялық зерттеу)
Қытай Халық Республикасындағы қазақтардың экономикалық-әлеуметтік жағдайлары (1949 ж. аяғы 1962 ж)
ДИАСПОРОЛОГИЯ ЖӘНЕ ДИАСПОРА ҰҒЫМЫ
Эмигрант және эмиграция ұғымы
Пәндер