Мектепке дейінгі кезеңнің психологиялық дамуының тарихи қалыптасу кезеңдері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Қорғауға жіберілді
МДжППД кафедрасының меңгерушісі
________________Н.В. Мирза

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Мектепке дейінгі кезеңнің психологиялық даму ерекшеліктері

5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы

Орындаған:
МДОжТ-22топ студенті Н.А.Нурымбетова

Ғылыми жетекшісі:
п.ғ.к., доцент Р.Б. Маженова

Қарағанды 2020

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктері ... ... ... 5
1.1Мектепке дейінгі бала психикасының даму ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2Мектеп жасына дейінгі кезеңде бала психикасы дамуының негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.Мектепке дейінгі балалардың жүйке жүйесінің дамуы және оның қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.1Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамуы ... ... ..18
2.2Мектепке дейінгі жастағы баланың іс-әрекетінің түрлері ... ... ... ... ... ... .20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі.Қазіргі таңда дүние жүзі бойынша көптеген психологтарды балалардың ерте балалық шақтағы мәселелері қызықтыруда.Бұл қызығушылықта бекер емес.Бала өмірінің алғашқы жылдары сол кезеңдер қарқынды даму сатысына жатады.Баланың денесінің дамуы,психологиялық және денсаулық деңгейі негізі қаланады.Осының нәтижесінде мүмкімдіктер ағымы қалыптасады,баланың болашағы айқынболады.Әлі тумаған бала-ол адамның қалыпты тіршілік иесі.Әлі тумаған баланың дамуына ананың қатысы өте маңызды.Жүкті болғаннан кейін ананың балаға қатынасы,махаббаты оның туылуына байланысты.Ананың туылмаған баламен қатынасқа түсуі,жылы сөйлесуі,баланың психикасының дамуына ықпал етеді. 1983 жылдың шілдесінде доктор Верни бес жүз әйелге сұрақнама жүргізді,оның көрсеткіші бойынша әрбір үш әйелдің біреуі көтеріп жүрген баласының психикасы туралы ойланбаған.Осы жағдайда дүниеге келген балада жүйке жүйесінің бұзылғандығы байқалған.Мұндай бала нәресте кезінде басқа балалардан көбірек жылайды.Сондай-ақ олар бейімделу кезінде де қоршаған ортаға үйрене алмай,қиындықтар көрген.Нәресте кезінде балаға өз уақытындағы мүмкіндікті қалыптастыру мен психологиялық сапаны көтеру қажет.Әр кезеңнің өзіндік ерекшелігі,қайталанбас қадірі,өзіне тән даму деңгейі қалыптасады.Осыған орай мектепке дейінгі балалар мекемесіндегі кеңес берушілер бала дамуындағы әртүрлі бұзылулардың деференциялды диагностикасынан хабардар болып,жаңа психология әдістерін жүргізуде маңызды болып табылады. Бұл жаста баланың бүкіл психикалық өмірі және оның айналасындағы әлемге деген көзқарасы қалпына келе бастайды. Бұл мектепке дейінгі жастағы мінез-құлықтың ішкі реттелуі болып табылады. Әр түрлі бала тәрбиелеу ісінде бір мезгілде болып отыратын процестерді жете түсініп олардың ауытқуларын психо-физиологиялық тұрғыдан толықтыру мүмкіндігін тудырып отыруды ұйымдастыру.Мектеп жасына дейінгі мүмкіншіліктері шектелген балаларға психологиялық көмек көрсетужолдарын қарастыру.Мектеп жасына дейінгі мүмкіншілігі шектелген балалардың әлеуметтік ортаға тез икемделіп араласып кетуін ұйымдастырады.
Педогогика,физиология,педиатрия ғылымдарымен қатар балалар психологиясы да баланың психикасының дамуын зертейді.Балалардың жас ерекшелігі үш кезеңге бөлінеді:Бірінші кезең-ерте балалық шақ-туғаннан бастап үш жасқа дейін;Екінші кезең-Балалық шақ-үш жастан бастап он жасқа дейін;Үшінші кезең-ересек шақ.Мектеп жасына дейінгібалалар психологиясы балалар психологиясының құрамдас бөлігі болып табылады.Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы олардың туғаннан бастап жеті жасқа дейінгі дамуының психикалық ерекшеліктерін зерттейді.Балалардың психологиясы бір жас ерекшелігінен екінші жас ерекшелігіне өту кезеңіндегі ерекшеліктер қарастырылады.Сонымен қатар,психикалық процестердің жеке өзін ғана емес,олардың қалыптасуымен пайда болу мәселелерін де зерттейді.Психикалық дамуды психикалық процесс жаңа сапалар мен қызметтердің пайда болуымен,қатар,бар психикалық формалардың түрленіп өзгеруі деп түсінеміз.Психикалық даму әрекеті,тұлға,танымы үшінде өзара байланысты болатын сандық және сапалық өзгерістер.Сонымен,психикалық дамуы-өткенді қайталау ғана емес,сонымен қатар ,күрделі,бірте-бірте сапасын артырып,өзгеріп тұратын процесс.Психикалық даму өсіп қана қоймай,түрлене де алады,бұл жағдайда сапалық өзгерістер сандық өзгерістерге айналады.Жаңадан пайда болған сандықтар өз кезегінде сапалық өзгеріске әкеледі.Психология ғылымында психикалық даму қоғамдық-тарихи тәжірибе тұрғысынан қарастырылады.Баланың психикалық даму үшін адамзаттың бойына жинаған қоғамдық-тарихи тәжірибесі маңызды.Ағзаның жұмыс істеуі мен құрлымы балалардың жеке ерекшеліктеріне байланысты.Психикалық даму толқынды болу үшін ми қыртысы мен жүйке жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі маңызды.Миға зақым келуі немесе дұрыс дамымауы өз кезегінде психикалық дамуды тежейді.Сондықтанда баланы іштен жатқан кезінен бастап барлық жағдайды жасау керек.Баланың психикалық дамуы ортамен де байланысты.Бала өзінің белсенді әрекеті арқылы әлеуметтік тәжірибені де меңгереді.Әлеуметтік тәжірибені меңгеру арқылы бала қабілетке ие болады.Баланың психикалық дамуының негізгі құралы әлеуметтік әрекеттің тарихи қалыптасқан түрлері мен формалары болып табылады.Ал Әлеуметтік тәжірибені мектепке дейінгі білім беру мекемелері арқылы жүзеге асады.Бала туғаннан бастап әлеуметтік ортаға тап болады.Қоғам баланы адамның қолымен жасаған заттары арқылы білім,білік.дағдыны меңгерудің 6процессінен табысты өтуге үйретіп қана қоймай,тұлғаның тәрбиесіне де көңіл бөлінеді.Тәрбилеу, үйрету,дамыту үнемі өзара тығыз байланысты.

Баланы ерте жастан ересек адамнан бөлу арқылы дамудың жаңа әлеуметтік жағдайдың алғышарттарын жасайды. Әр жас кезеңінің басында бала мен оның айналасындағы шындық, ең алдымен әлеуметтік, ерекше,қарым-қатынас қалыптасады. Л.с. Выготский бұл көзқарасты дамудың әлеуметтік жағдайы деп атады.Баланың қарым-қатынас жасау идеалды формасы ересектер әлемі.Идеал форма, л. с. Выготский-бұл объективті шындықтың бөлігі (баланың орналасқан деңгейінен жоғары), ол тікелей өзара әрекеттеседі дейді.Бұл баланың қоғамға үйренісуге талпынатын саласы. Мектепке дейінгі жаста бұл идеалды формалар ересектер әлеміне айналады.Ал Д. Б. Элькониннің айтуынша, мектепке дейінгі жастағы бала өзінің ортасында ересек адам, оның функциялары мен міндеттеріне айналады. Мұнда ересек адам қоғамдық қатынастар жүйесінің қоғамдық функцияларын тасымалдаушысы ретінде жалпылаған түрде әрекет етеді ол (ересек адам-әке, дәрігер, жүргізуші және т.б.). Д.Б. Эльконин бұл арқылы баланы қоғамнан тыс өмір сүре алмайтынын және адамдармен бірге өмір сүруі негізгі қажеттілігі деп санайды. Алайда, қазіргі жағдайда баланың өмірі әлеммен тікелей байланысты емес,көбіне жанама жағдайдалар жүреді.

1 кесте

Мектепке дейінгі кезеңнің психологиялық дамуының тарихи қалыптасу кезеңдері

Тарихи даму кезеңдері
Кезең сипаттамасы
1590-жылы
Психология терминінің бірінші қолдануы 1590 жылы Неміс схоластик пәлсапсышы Рудольф Гөкельге беріледі.Алайда одан алты ғасыр бұрын Хорват гуманисті-Марко Маурулиц бұл терминді өзінің кейінен жоғалған еңбегінің есімі ретінде қолданылған.Бұл әрине терминнің ең алғашқы құжатталған қолданылуы болып есептеледі.
19-ғасырға
Дейін психология пәлсапаның бір тармағы ретінде қарастырылды.

1879-жылы
Психология атасы болып танылған Вильхельм Вундт (1832-1920) Германияның Лейпциг Университетінде психологиялық зерттеу зертханасын ашты.
1890-шы жылдары
Аустрия дәрігері,невролог,тәжірибелік психологияда бейресми білімі бар Зигмунд Фрейд психотерапияның жаңа әдісі-психоанализді дамытты.Фрейдтың ақыл-ой жөніндегі түсініктері интрепретативттік және интроспективттік әдістемелерге кең шамада негізделген,ақыл-ой дерттілігін шешу мен психопатология үстінде жинақталған.
1950-ші жылдары
Гуманистік психология өзінің қайратты дамуын көріп,ақыл-ой зерттеуінің позитивисттік және ғылыми әдістемелеріне кертартпа ретінде жалғасты.Гуманистік әдістеменің тамырлары экзистенциалісттік және де гуманисттік психологтар ғылыми әдістемені мүлдем қабылдамай,адам тәжірибесін өлшемдерге көшіру оны барлық мәні мен маңыздылығынан айырады деп тұжырымдайды.Бұл мектептің негізін қалаған кей теоретиктер-адам мұқтаждығының иерархиясын шығарған Эбрахем Маслоу,клиент айналасында орнаған терапияның жасаушысы Карл Роджерс және Гештальт терапиясын тудыру мен дамытуына ат салысқан Фриц Перлс.

I.Негізгі бөлім
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктері
Қазіргі уақытта баланы мектепке дайындау,белгілі бір дағдыларды игеруге бейімдеу заманымыздың көкейтесті мәселелерінің бірі болып отыр.Мектепке дейінгілердің өз-өзіне қызмет ету дағдыларын менгеру-өнегелі,жігерлі,дербестік,ж әне табандылық сияқты қасиеттерін тәрбиелеудің тиімді жолы.
Балаларды мектептегі оқуға бейімдеп,жетілдіруде психологиялық-педогогикалық диогностикаға қатысты негізгі жағдайларды белгілі бір қисынға келтіруге болады:
-Мектепке жетілдіру мен оқуға бейімдеу барысы деңгейінің өлшемдері,оқу бағдарламасындағы оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарымен байланысты болып табылады;
-Балалард ы мектептегі оқуға және жағдайларға бейімдеуде,педогогтар мен психологтардың психодиогностикалық іс- әрекеттері бала тұлғасын дамытудың құрамды бөлігі болуы тиіс;
-Мектепке жетілдірудегі педогогтар мен психологтардың психодиогносткалық әрекетінің ең бірінші міндеті,балалардың мектептегі оқуға бейімделуі,сынып ұжымы балалар жайлы психологиялық ақпаратты алу болып табылады.[14.150]
Оқуға бейімделу әрекетін талдау психологиялық диогностиканың қолданылу бөлігін анықтайды.
Балаларға психодигностикалық зерттеулер жүргізгенде,мынандай моральді-этикалық сипаттамасы бар талаптар қойылады, олардың ең негізгілері:
1.Психодигностикалық зерттеулердің нәтижелері балаларға зиянын келтірмеуі керек.
2.Балаларға диогностикалық зерттеулер, тек балалардың өздерінің және олардың ата-анасының рұхсатымен жүргізілуі тиіс.
Балалар мектепке баратын кезге дейінгі уақытта ата-аналар балаларынсыз рұқсат беруіне болады.

3.Ата-ана құқұғынан айрылған ата-аналар өз балаларының психологиялық зерттеулерінің нәтижелерінің қортындысын психолог маманнан білуге болады, сонымен бірге психолог,ата-аналарға өз балаларының психологиясына тиісті білгісі келген сұрақтарына дұрыс және нақты жауапты беруі тиіс.
4.Психодиогностикалық зерттеулердің нәтижесінде анықталған басқа фокторлардан баланың тағдырын, яғни мектептегі оқуға бейімделу мен тәрбие мүмкіндігін,ата-аналар мен психилог-педогогтардың пікірінсіз шешілмеуі тиіс.
5.Мектепке дейінгі мекемелер мен мектепте қызмет атқаратын психологтар психодиогностикалық жұмыстарды тәрбиешілер мен мұғалімдермен бірге тығыз байланыста болып ақтаруы қажет[6.67]
.Психодиогностикалық әдістердің көпшілігі мектепке баратын балалардың түсінігіне байланысты психологиясымен физикалық жағынан сау балалардың,зертелініп отырған қасиеттер дамуының орта деңгейін сипаттайды және осындай зерттеулердің нәтижелерінен ауытқуы бар балалардың да қасиеттерінің даму деңгейі де анықталады.Егер оның жеке көрсеткіштері нормадан жоғары боса онда осы бала өзінің даму жағынан құрдастарынан жоғары болады-ал керісінше егер оның жеке мәлеметтері нормадан төмен болса онда құрдастарынан қалып қояды.Психодиогностикада балалардың мектептегі оқуға қабілеттілігіне байланысты жүргізілетін эксперементтердің қиыншылығының ең бірі негізігі себебі,баланың белгілі қабілеттерін психологтар тапсырма беру кезінде,осы тапсырманы орындау оның қабілеттілігіне ғана байланысты болмайды сонымен бірге мотиватцияға-мектептегі оқуға бейімделіп қалыптасуына және дағдыларын байланысты[14.76]
Мектепке баратын балаларды зерттеу үстінде ғылыми зерттеу жұмыстарына барлық әдістерді қолдануға болады.Бірақ кейбіреулері өте күрделі және арнайы құралдарды қажет ететтіндері де кездеседі.Сондықтан практикада салыстырмалы жеңіл тесттерді қоршаған ортаның әсерін ескеру қажет.
Көптеген жеке тесттерде баланың жеке қасиеттерін анықтау үшін қарастырылып зеттелген.Жаңа шаттарға бейімделу тесттің ең қажетті талабы. Белгілі біржасқа арналған тесттер басқа жастағы балаларға қолдануға болмады.Балалары мектептегі жағдайға жетілдіріп оқу бейімделу мәселелеріне байланысты Психологтар мен педогогтардың көп жағдайларда ынтымақтастығы көрінеді әсіресе мектеп практикасында психологиялық міндеттерді шешу маңызды жағдайда болады[15.86]
Мектепке қабвылданар юаланың психологиялық даярлық деңгейін тексеру;диогнос қою дамыту жолдарын белгілеу-қысқа мерзімдімдік диогностикалық шара болып табылады.Осы даярлық диогностика мазмұнын үнемі жаңа ізеністермен жетілдіріп отыру теорияның жемісі.Сондықтанда мектепке психологиялық даярлықты анықтау мазмұны Теориялық ғалым, тәжірбелік іс-әрекет ретінде қарастырады.
-Мектеп жасына дейінгі балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеу.
- мектеп жасына дейінгі балаларда танымдық процестерінің деңгейлерінің диогностикасы.
-баланы мектепке дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдерінің қолданудың психологиялық мүмкіндіктерін айқындау.
Зертеу әдістері-танымдық процестерді зерттеуге арналған стандартты әдістер комплекссі:
-түрлі әңгіме әдістерін қолдану.
-шағые тесттік тапсырмалар.
Мектеп жасына дейінгі баланың есі негізіне ықтиярсыз сипатта болады.Бұл бала көбіне өзінің алдына бірнәрсені есінде қалдыру үшін саналы мақсаттарды қоймайтындығын көрсетеді.Есте сақтау мен еске түсіру баланың еркі мен санасына баланысты өтеді.Бұл екеуі де іс әрекет арқылы жүзеге асады әр іс-әрекеттің сипатына байланысты болады.Бала іс-әрекетте неге зейін қойса,оған не әсер етсе,не қызық болса,соны ғана есінде сақтайды.Заттарды,картиналарды сөздерді ықтиярсыз есте сақтаудың сапасы, баланың осыларға қаншалықты әсерлі іс-әрекет істеуіне іс-әрекет процесінде оларды егжей-тегжейлі қабылдау ойластыру,топтастыру қандай дәрежеде өтетіндігіне байланысты.Әтсе де есте сақтауға бағытталған балалардың ешбір іс-әрекеттері байқамайды.В.С.Мухинаның пікірінше есте сақтау мен еске түсірудің ықтиярлы формалары мектепке дейінгі естияр шақта қалыптаса бастайды және мектепке дейінгі ересектерде жетіледі.Ықтиярлық есте сақтау мен еске түсіруді меңгерудің неғұрлым меңгердің қолайлы шарттары ойын үстінде жасалады,Бала өзіне ролді жақсы орындап шығу есте сақтау шарттары болған кезде жасалады.Есте сақтау міндетті еске түсіру тәжірибесінің нәтижесінде пайда болды. В.С.Мухинаның айтуынша есте сақтаумен еске түсірудің жолдарын бала өз ойынан шығара алмайды ондай жолдарды белгілі түрде баланың есіне үлкендер салады.Мектеп жасын дейінгі балалардың кейбіреулерінде эйдитикалық ес деп аталатын көру есінің ерекше түрі байқалады.Өзінің айқындығы мен дәлдігі жағынан эйдитикалық естің бейнелеріне жуықтайды:бұрын қабылданған бір нәрсені есіне түсірген бала соны көз алдына қайтадан көріп тұрғандай болады. Эйдитикалық ес-жас шағының құбылысы мектепке дейінгі жаста осындай есі бар бала-кейінірек.мектепке оқыту кезіңінде әдетте өзінің бұл қабілеттілігін жоғалтады Мектепке дейінгі жас-естің қарқында даму жасы.Ес бала үшін маңызды оқиғалар мен мәлеметтерді жадында қалдырады және сақтайды.Ерікті естері жаңа ғана қалыптасады.Сондықтан жақсы қабылдап алған заттардың түсін есінде жақсы сақтайды.Көру және есту елестері көрген нәрселердің мамұнымен байланысты болады.Мектепке түсу балалардың логикалық есін дамыту үлкен рол атқарады оқушылардың есін тәрбиелеудеде мұғалім олардың жас және дара ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс жүргізеді.Кіші мектеп жасындағы балаларды оқу тәсілін өз бетімен таңдап ала алмайтындықтан мұғалім үйге тапсырма бергенде материялды қалай оқу керектігін балаларға ұдайы ескерту керек.Бұл жөнінде оқулықтардың бәрінде мәтінді қалай оқу,тапсырманы қалай орындау керектігі айтылған.Бірақ баланың назары кейде бұған жөнді түсе қоймайды.Атақты психолог ғалымдары.Л.С.Выготский,Л.Д.Венгер, Д.Б.Эльконин,Ю.К.Бабанский,И.Я.Лерн ер т.б.зерттеушілердің еңбектерінде мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басының қалыптасуына әсер ететін әртүрлі іс-әрекеттердің ішіндегі ең маңыздысы шығармашылық белсендуіліктің сапалылығына назар аударады.Алайда мектепке бару қарсаңында баланвың психологиялық даму деңгейінде жекелей өзгешеліктер өсе түседі.Бұл өзгешеліктер мынадан көрінеді балалар бір біріннен ақыл-ой,адамгершілік және жекелей дамумен ажыратылады.Олай болатын боса,балаларға психологиялық қолдау жасау білім беру мекемелерінің (Балабақша,мектеп )ең негізгі міндет болып табыады.
1.1Мектепке дейінгі бала психикасының даму
Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінің психикалық дамуының басты қортындысы бпаланың мектеп оқуына психологиялық түрде дайындығы.Соңыда балада мектепке бара сәтте оқушыға тән психологиялық қасиет пайда болады.Бұл қасиеттер өмір жағдайымен іс-әрекеттерінің әсер ету арқылы мектеп оқуында түбегейлі болып қалыптасады.
Мектепке дейінгі кезең( 3-7) жас ерте балақ шақтың онтогенетикалық дамудың тікелей жалғасы болып табылады.Бұл кезең балардың жақын ересек адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы,сонымен қатар құрдастарымен ойын және шынайы қарым-қатынас жасау арқылы әлеуметтік кеңістікті меңгерді жалпы психологиялық проблемалармен байланысты психологтар баланың психикасымен айналысқан олар: Джон. Утасон, В.Штрен, К.Бюлер, А.Валлон, С.Л.Рубенштейн,П.Л.Гальперин және т.б.[19.70]
Алайда-сол бір объектіні зерттей отырып психикалық даму генетикалық және баланың психикасының екі әрі түрлі психикалық ғалымдар болып табылады.Генетикалық психологияның психикалық процестердің пайда болуын және дамуын зерттейді.Генетикалық психологиялық зерттеулерді балаларға және ересектеге жүргізуі мүмкін.Алайда,генетикалық зеттеу объектісі бала болып табылады.
.Генетикалық психологияның негізі стротегиясы-психикалық құбылысты жасау,пайда қылу қалыптастыру болып табылады.Л.С.Выгодский қалаптыстыру жайлы алғаш атқан.(біз қолданатын әдіс эксперименталды генетикалық деп аталыуы мүмкін.Себебі,ол жасынды түрде психикалық дамудың генетикалық тұрғыда жасап шығарды. Әрбір қатып қалған психологиялық форманы ерітіп,оны қозғалғыш ағынға айналдыру қажет.Аналездей келе жоғары форманы зат есебінде емес деп процес себебінде алып.Заттың орнының бөлшектеріне емес.Ол процестер бөлек сәттеріне бару.)
Баланың құрдастарының тобында эмоционалдық өзін-өзі сезінуі.Баланың құрдастарымен қарым-қатынасы оның тұлға ретіндегі дамуыне қатта әсер етеді.Баланың қаншалықты өзін сабырлы, байсалды ұстауы құрдастарының ортасындағы жағдайға қарым-қатынас стильіне баланысты.Құрдастарымен қарым-қартынас әлеуметтік қарым-қатынастың қатаң мектебі.Осы құрдастармен қарым-қартынасты жоғары эмоцияналдық күшті талап етеді.Баланың құрдастарымен өзара іс-әрекетті-бұл тек қоршаған ортаны бірлесіп танудағы мүмкіндік емес,сонымен бірге өзімен қатарлас ұл,қыздармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі.Мектепке дейінгі кезеңдегі балаларда құрдастармен қарым-қатынас жасауға қажеттілік туады.Мектеп алды арнай болса,бала қоғамы пайда болды. Қарым-қатынас және баланың метепке дайындығы.Бала мектепке дейінгі кезеңнің соңында құрдастарымен және ересектермен өнімді қарым-қатынас орнатуға көмектесед.Мектепке дейінгі кезеңнің соңғы кезеңінде балада жауапты қарым-қатынас негізі қалыптасады. Алты жеті жаста бала жауапкершіліктің өнегелі мәселелерін түсіндіруге қабәлетті ойында және қарапайым өмірде таныстарымен құрдастарымен қарым-қатнаста жауапкершілік іс-әрекетте тәжрибе жинақтайды.
Жоспарланған функция.Мектепке дейінгі кезең жақындаған сәтте баланың сөзі алдын ала жоспарланған және оның практикалық мінез құлқына іс-әрекетімен байланысты,өзіне байланысты айтылған және іс-әрекет кезінде пайда болатын байланыс эгоцентракалық байланыс деп аталады.Мектепке дейінгі кезеңде өзгеріп отырады.Онда практикалық іс-әрекетке дейін ой пайда болады.Жоғары мектепке кезеңге келгенде бұл байланыс өте жиі байқалады.Егер бала оы кезеңде ешқандай адаммен араласпаса,онда ол жұмысты ішінен орындайды.Эегцентрикалық байланыс ішкі және сыртқы байланыстың аралық түрі болып табылады.Эксперсивтік функция-жоғары деңгейдегі журналға арналған ең көне генетикалық функция болып табылады.Эмоцияналды функцияның барлығы оның барлық жақтарын қамти отырып эксперсивтік функцияға қызмет атқарады. Эксперсивтік функция автоматты функциядан бастап ,барлық функцияға ұқсас болып келеді.
Сенсорлық даму.Мектепке дейінгі кезең баланың сенсорлық даму кезеңі болып табылады.Қозғалмалы заттарды тани отырып бала заттың формасын, түрін, түсін, салмағын,темперетурасын дұрыс ажырата алады.Ол музиканы тыңдай отырып,дыбыстың жоғарлылығын,әуеді ажыратуды үйренеді.Сенсолық даму екі жақты байланысты қарастырады.[16.150]
1.2Мектеп жасына дейінгі кезеңде бала психикасы дамуының негізгі бағыттары.

3-тен 6 жасқа дейінгі аралықты мектепке дейінгі кезең деп есептейді. Бұл кезде бала алғышқы кезеңмен салыстырғанда тез өсіп, салмағы тез артады. Жоғары жүйке жүйесінің дамуы да жоғарылайды, бойының өсуінде де өзгерістер байқалады. Мысалы, 5 жасында 6-7 см-ге артса, 6 жаста 7-8 см өссе, 7 жасында 10см өседі. Баланың кеуде клеткасының өсуіне байланысты аяғы мен дене пропорциясы өзгереді. Бұлшық еттері дамиды, денесі кішкене кезеңмен салыстырғанда сымбатты бола бастайды. Қимыл қозғалысының дамуы бұлшық етінің дамуына үлкен әсерін тигізеді. Сонымен қатар қанайналым жүйесінің жұмысында да өзгерістер байқалады. Жүрегінің көлемі 4 жас пен 1 жасты салыстырғанда 4-5 есе артады. Сәбилік кезеңмен салыстырғанда қан тамырларының соғуы да жиілейді. 5-6 жаста қан тамырларының соғуы төмендейді, бірақ ересек адаммен салыстырғанда баланың қан тамырының соғуы жиі болады. 7 жасқа келгенде бас миы салмағы артады, яғни 3 жаста 1200 грамм болса, 7 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ СЕНСОРЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ
Адамның психикалық дамуының жалпы бағыты
Даму психологиясының пәнінен дәрістер
Тәрбиенің тұлға дамуындағы рөлі
Психикалық жас ерекшеліктеріне сәйкес жас кезеңдері
Балалардың жас ерекшеліктерінің сипаттамасы
Психологиядағы оқыту, тәрбие және дамытудың сәйкестілік мәселелері жайлы
Жас ерекшеліктік психологияның әдіснамалық негізі
«Даму психология» пәні бойынша студентке арналған оқу-әдістемелік кешен
Көріп қабылдаудың ерекшеліктері
Пәндер