Сот ісін жүргізу тілі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ- ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ . . . 4
1. 1 Азаматтық іс жүргізудегі принциптерінің ұғымы мен түрлері . . . 4
1. 2 Азаматтық іс жүргізу қағидаларын топтастыру негіздері . . . 10
2 АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ - ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ПРИНЦИПТЕРДІҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ . . . 13
2. 1 Ұйымдастырушылық-функционалдық пинциптерінің ерекшеліктері . . . 13
2. 2 Азаматтық іс жүргізу принциптерін қолдану мәселесі . . . 18
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 28
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Курстық жұмыста қарастыратын тақырып Азаматтық іс жүргізу құқығының ұйымдастыру мен функционалдық принциптері.
Тақырыптың өзектілігі. Азаматтық іс жүргізу құқығы - азаматтық істерді сотта қараудың және шешудің тәртібін, соттардың және басқа да кейбір органдардың қаулыларын орындау тәртібін реттейтін құқық саласы. Сот нормалары мен процестің барлық қатысушысының қызметін жүзеге асырады. Құқылары мен міндеттерін анықтай отырып, сот мәжілісін жүргізудің тәртібін белгілейді. Азаматтық іс жүргізу заңдарымен бірге, бұл ұғымының өзімен аттас ғылымды мен оқу пәнін де қамтиды. Іс жүргізу құқығының өзі - бұл азаматтық істер мен дауларды қарау, қылмыстарды тергеу, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау кезінде пайда болатын қатынастарды реттейтін құқық жүйесіндегі нормалардың бір бөлігі. Іс жүргізу құқығы материалдық құқықпен тығыз байланысты, өйткені оны жүзеге асыру мен қорғау қажетті іс жүргізу нысандарын бекітеді. Іс жүргізу құқығы екі түрлі болады - азаматтық іс жургізу құқығы және қылмыстық іс жүргізу құқығы. Азаматтық іс жүргізу құқығының ерекшеліктерін қарастырайык. Азаматтық іс жүргізу құқығының қағидаларына - заңдарда бекітілген жалпы, маңызды жетекшілікке алатын негізгі ережелер мен сот қызметі негізделген. Бұл қағидалар мықты нормалар түрінде тұжырымдалған олар құқық нормаларының жалпы ережелерінде бейнеленеді.
Азаматтық іс жүргізу құқығы қағидалары бір-бірімен келісілген, ажырамастай бір-бірімен байланысты ортақ бірыңғай құрылымды құрайды, яғни жүйені білдіреді. Құқықтық құбылыстардың бірыңғай ортақ жиынтығы ретінде бұл жүйе азаматтық сот ісін жүргізу мен азаматтық іс жүргізу құқығының маңызды белгілерін сипаттайды. Заң шығарушы азаматтық процесс қағидаларының ақылға қонымды комбинацияланып жүзеге асуына ұмтылуы керек. Азаматтық іс жүргізу құқығында бір қағиданың болуы осы салада басқа бір қағиданың бекіту қажеттігін тудырады. Мысалы жарыспалылық қағидасы тараптардың процессуалдық тең құқылығы қағидасының объективті бекіту қажеттігін тудырады. Ал судьялардың тәуелсіздігі қағидасы судьялардың ауыстырылмайтындығы жүзеге асуын қамтамасыз етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты. Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері. Курстық жұмыстың міндеттері:
- Азаматтық іс жүргізу құқығының ұйымдастыру- функционалдық принциптері;
- Азаматтық іс жүргізудегі принциптерінің түсінігі мен түрлері;
- Азаматтық іс жүргізу қағидаларын топтастыру негіздері;
- Азаматтық іс жүргізу құқығының ұйымдастырушылық - функционалдық принциптердің жүзеге асырылуы;
- Ұйымдастырушылық-функционалдық пинциптерінің ерекшеліктері;
- Азаматтық іс жүргізу принциптерін қолдану мәселесі.
Курстық жұмыстың құрылымы. Бұл курстық жұмыс кіріспе бөлімінен және екі бөлімнен тұрады. Қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ- ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ
1. 1. Азаматтық іс жүргізудегі принциптерінің түсінігі мен түрлері
ҚР жоғары заң күші бар және бүкіл аумақта тікелей қолданылатын Конституция әр адамның, ұйымның бұзылған жәнеде даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сот арқылы қорғау мүмкіндігін бекітеді. Осындай қорғанудың негізгі нысаны - азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен істерді қарап шешу болып табылады.
Азаматтық істерді сотта қарап шешуге көптеген құқық субъектілері қатысады. Олардың барлығы сот ісін жүргізуде оның принциптерін сақтап ұстануға міндетті. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері сотта талаптар арасындағы құқықтық дауды демократиялық жолымен дұрыс және тез шешуге үлкен үлес болады. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің түсінігін беру үшін ең алдымен оны жалпы құқық принциптерінен бастаған дұрыс болады. Принцип латын сөзінде (prin негіз, бастапқы) деген мағынаны білдіреті. Объективтік немесе қандай болмасын ғылымның, теорияның негізгі ережелері мен субъективтік болмысқа қатынасын белгілейтін адамның ішкі қасиеті - сендіру болады.
Әрбір құқық саласының ерекшелігі оның принциптерінде өз көрінісін болып табылады. Құқық теориясында принциптерді көрсетілген нормативті бастаулар, бастапқы идеялар, негіздер дең қарастырған. Атақты ресейлік заңгері ғалым С. С. Алексеев айтуынша, принциптер бүл мазмұнын тереңінен ашады. Принциптерде җалпы құқықтың, онын нақты салаларындағы сипаттаушы белгілер. Құқық принциптері нақты нормаларда анық көрінеді. Олар құқықты кеңінен таралған оның барлығы құқықтық нормаларына енгізілген болатын.
Құқық принциптері бұл заңнамаларман бекітілген және экономикалық қатынастар дамуымен сипатталатың бастапқы идеялар, негізгі бастаулар.
Құқық принциптері қоғамдагы құқықтық реттеүді және құқық жүйесін құрайтын объективті негізделген бастапқы идеялар. Оларды зерттеу арқылы әлеуметтік-экономикалық, саяси анық сипаттамасын біле аламыз, жеке құқық салалардың, институттардың және нормалардың мазмұны мен мәнін аша біледі. Сол саланың принциптерінің дамуымен және өсер етуі мен қалыптасады. Салалық принциптерді білген, көсіби заңгер нақты құқық саласының нормаларын да түсіретін болады. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері жайлы білген, жалпы соттағы азаматтық істерді қарап және шешу тәртібін белгілейтін құқықтық іс жүргізу нормаларының құрамы жөнінде хабары болады. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері құқықтық нормаларда бекітіліп, нақты құқық туралы дауды сот отырысында шешуді, сотпен іске қатысушылардың іс жүргізу құқықтарын және іс жүргізу міндеттерін, қатынас тарын белгілейді. Кезінде белгілі процессуалист-ғалым H. А. Чечина былай деп кеткен: "Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері осы құқықтық саланың, субъектілер қызметтерінің сипаты мен мазмұнын айқындайды азаматтық іс жүргізу заңнамасына мен толықтырулар енгізу, оны жетілдіру шарулары әрқашан оның принциптерін ескере жасалады деген болатын.
Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің маңыздылығын соттың құқық қолдану тәжірибесінен байқауға болады. Сотта азаматтық істерді қарайтын және шешетін төрағалық етуші судьялар азаматтық сот ісін жүргізудің тану арқылы азаматтық істер бойынша сот төрелігі дұрыс болса, онда мұндай жағдайда ұқсас қатынастарды рет болмаған жағдайда оны реттеуге принциптерді қолданады. Азаматтықсот ісін жүргізудің жеке өзіне тиесілі принциптерін белгілеуге болады. Принциптер әрқашан құқықтың дамуына байланысты өзгеріп, ал оның жатқан қоғамдық қатынастарды реттеуге қатысады. Зерттеулер айналысқан ғалымдар. Олардың қатарына еңбектерімен көпшілікке белгілі ғалымдар М. Г. Авдюков, 3. Х. Баймолдина, А. Т. Боннер, Р. Е. Гукасян, М. А. Гурвич, П. Ф. Елисейкин, С. З. Зиманов, В. М. Семенов, А. К. Сулейменов және т. б. жатқызуға болады. мазмұны үнемі толыға, жаңара береді. Сол арқылы дамып тейтін құқық нормаларын қолданады, ал мүндай нормалар азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерін ғылыми және уақтылы атқарылады. Егер сот қолданыстағы заң принциптерін басшылыққа алып қолданады. Оларды қолдану нормаларында белгілі қатынастыреттеу қарастырылмаған. Көптеген авторлардың ой пікірі бойынша принциптері - бұл белгілі жинақтау жұмыстарының нәтижесісі, ғалымдардың шығармашылық сана тұжырымдамасы, олардың қалыптасқан қоғамдық өмірдегі болмыстарға болып табылатын ережелер, бастапқы идеялар. Құқық ғылымында идея ұғымы жалпы құқықтық, салалық және сала аралық принциптер мен тығыз байланасты, Сондықтан азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерін азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру туралы бастапқы идеялар деп түсінеміз. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері дегеніміз - азаматтық іс жүргізудің демократиялық және қайырымдылық мәнін ашатын, оны құрайтын іс-жүргізу нормалар, сатылар мен институттарды табатын, азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруда мемлекет қойған мақсат пен міндеттерді орындауға азаматтық іс жүргізу қызметін бағыттайтын, азаматтық ісжүргізу құқығымен бекітілген бастапқы идеялар.
Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің мәні мағынасы туралы дұрыс көрініс алу азаматтық іс жүргізу құқықтық саласының дамуына және азаматтық істер. Азаматтық іс жүргізудің құқықсаласында құқықтық нормалар қолдану қызметінде азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің мәні зор екенін байқау болады. Азаматтық сотісін жүргізу міндеттерін орын даудың бастапқы шарты ретінде азаматтық сот ісін жүргізу принциптерін сақтау және оларға сәйкес іс жүргізу әрекеттерін сот және басқа да іске қатысушылары мен жасау болып табылады.
ҚР АІЖК-де сот пен іске арасындағы қатынасты реттеуге, нақты азаматтық істі шешушуге бағытталған азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері құқықтық нормаларда бекітілген, Олар азамат бойынша сот төрелігін жүзеге асыруына соттардың қызметін жетілдіру үшін қажет.
Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері соттармен құқықтық нормаларды дұрыс түсінуге және қолдануға септігін тигізеді, заң шығару тәжірибесі үшін негіз қалаушы болып табылады, Принциптер азаматтық іс жүргізу құқық саласында мазмүны бойынша жаңа әзірлеп қабылдауға және қолданыстағыларын өзгертіп жаңартуға үлкен үлес қосады.
Қазақстанның қазіргі даму кезеңінде азаматтық сот ісін жүргізу принциптерін бұзбай қолдану жөне олардың кеңінен таралуы оның демократиялық және құқықтық мемлекет болуына кепілдік беретіні даусыз.
Құқық нормаларын қолдану сот қызметінде іс жүргізу нормаларын дұрыс түсінуге және қолдануға азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің мәнін білу қажет. Тек қана азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің мән-мағынасын біліп түсінгенде ғана төрағалық етуші судья және басқа да қатысушылар өздерінің құқықтарын дұрыс пайдаланады және іс жүргізу міндеттерін дұрыс орындай алады. Азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруда сот, іске қатысушылар және тағы басқалары ҚР АІЖК-де белгіленген мынандай нормаларды ескерулері керек:
- істерді шешу кезінде соттың заңды бұзуына болмайды және ол заңсыз сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады. Заңның бұзылуына кінәлі судья заңда белгіленгендей болады (6-баптың 3-бөлігі) ; азаматтық сот ісін жүргізу принциптерін бұзу оның сипаты мен маңыздылығына қарай, шығарылған сот актілерінің күшін жоюға өкеп соғады (23-бап) .
Басында жазылғандай, бірқалыпты және өзгермейтін құқық принциптері болмайды. Сондықтан қолданыстагы заңнамамен бекітілген азаматтық сот ісін жүргізу принциптері жалпы жиынтығы бойынша зерттеуге жатқызылады.
Азаматтық іс-жүргізу құқығының жеке зерттеу құқықтық институтституты болып табылады. Құқық принциптерінің мәнін дұрыс түсіну үшін олардың тек мазмұнын ғана емес, кұрылымын да білу қажет. Бұл құрылым үш компоненттен турады: 1-құқықтық сана жөнінде нақты түсініктен, құқықтық құрылымда судьялардың және басқа да заңгерлердің құқықтық санасынан; 2-тиісті ережелерді қолданыстағы заңнамада бекіту; 3 құқық принциптерінің нақты қоғамдық қатынастарда жүзеге асырылуы (біздің жағдайда, азаматтық істерді қарап шешу барысында сот қызметінде) .
Материалдық құқық - құқықтық нормаларды белгілейтін заңды түсінік, соның көмегімен мемлекет қоғамдық қатынастарға тікелей, тура құқықтық реттеумен ықпал етуді жүзеге асырады. Материалдық құқықтың нормалары меншік нысандарын мүліктер мен адамдардың заңдық жағдайларын бекітеді, мемлекеттік органдардың құрылу тәртібі мен құрылын айқындайды, азаматтардың құқықтық мәртебесін, құқық бұзушылық үшін жауапкершілік негіздері мен шектерін белгілейді. Мүліктік еңбек, отбасы қатынастар - материалдық құқықтың объектілері.
Іс жүргізу құқығының өзі - бұл азаматтық істер мен дауларды қарау, қылмыстарды тергеу, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау кезінде пайда болатын қатынастарды реттейтін құқық жүйесіндегі нормалардың бір бөлігі. Іс жүргізу құқығы материалдық құқықпен тығыз байланысты, өйткені оны жүзеге асыру мен қорғау қажетті іс жүргізу нысандарын бекітеді. Іс жүргізу құқығы екі түрлі болады - азаматтық іс жургізу құқығы және қылмыстық іс жүргізу құқығы. Азаматтық іс жүргізу құқығының ерекшеліктерін қарастырайык. Азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың тәртібін реттейтін құқық нормаларын мәжбүрлеп орындату тәртібі азаматтық іс жүргізу құқығы деп аталады.
Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні азаматтық істерді қарау және шешу барысында, сот шешімдерін орындауға байланысты сот пен процеске қатысушылардың арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды құрайды. Мұндай қатынастарды реттеу тәсілі императивті диспозитивтік деп аталады.
Соттың және судьяның талаптары, тапсырмалары, шақырулары және басқа да өтініштері, сот отырысының төрағалық етушінің өкімдері процеске қатысушылар үшін міндетті болып табылады. Сот төрелік етуді жүзеге асыру мақсатында процеске қатысушыларға мәжбүрлеу шараларымен (мысалы, сот отырысынан тәртіп бұзушыларды шығарып жіберу, мәжбүрлеп алып келуді жүзеге асыру), айыппұл салуға құқылы. Сондықтан азаматтық жүргізу қатынастарын билік және бағыныштылық қатынастары ретінде сипаттайды.
Азаматтық іс жүргізу құқығының қағидаларына - заңдарда бекітілген жалпы, маңызды жетекшілікке алатын негізгі ережелер мен сот қызметі көрсетілген. Бұл қағидалар мықты нормалар түрінде тұжырымдалған олар құқық нормаларының жалпы ережелерінде бейнеленеді.
Сот төрелігін тек соттық жүзеге асыруы. Ол Қазақстанда сот қана мемлекет пен тұтастай коғамның атынан сот төрелігін жүзеге асыра алатындығын білдіреді. Соттың биліктік өкілдіктерін басқа біреудің иемденіп алуына тыйым салынады және құқықтық жауапкершілікке әкеліп соғады.
Судьялардың ауыстырылмайтындығы және сайланбайтындылығы. Соттар тұрақты судьялардан тұрады. Судьялардың өкілеттігі тек заңда белгіленген негіздер бойынша ғана тоқталуы немесе кідіртілуі мүмкін. Судьялар Конституция мен жоғарыда аталған Конституциялық заңға сәйкес сайланады немесе тағайындалады. Сондай-ақ судьялардың өкілетіктері нақты мерзіммен шектелмеген.
Судьялардың тәуелсіздігі және олардың тек заңға ғана бағынуы. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға бағынады. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді жоне ол заң бойынша жауапкершілікке әкеліп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді. Азаматтар мен ұйымдардың заң мен сот алдындағы теңдігі. Азаматтық сот ісін жүргізу барысында азаматтардың ешқайсысына артықшылық берілмейді және олардың ешқайсысы да қандай да мән-жайлары себепті кемсітілмеуге болды.
Жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу. Азаматтық іс бойынша іс жүргізу кезінде азаматтық процеске қатысушы адамның ар-ожданын қорлайтын немесе қадір-қасиетін кемсітетін шешімдер мен іс-әрекеттерге тыйым салынады.
Сотта істі қараудың жариялылығы. Бұл кағида барлық соттарда істі қарау ашық сот отырысында жүргізілетінін білдіреді. Заңда сот отырысына қатысқысы келетіндердің барлығына рұқсат берілген, соның ішінде БАҚ өкілдеріне де. Сот отырысының залына, егер іске қатысы бар адамдар немесе куә болмаса, он алты жаска толмаған азаматтар жіберілмейді.
Іске қатысушы адамдар мен ашық сот отырысына қатысушы азаматтардың сотты, істі қарау барысын залда отырған орындарынан жазып алуға немесе аудио дыбысын жазуды пайдалануға құқығы бар. Сотта істі қарау барысында киноға және суретке түсіру, бейне-таспаға жазу, тікелей радио және телехабар жүргізу соттың іске қатысушы адамдардың пікірін ескере отырып берген рұқсаты бойынша ғана мүмкін болады. Бұл іс-әрекет сот отырысының қалыпты жүруіне бөгет жасамауға және оның уақытын сот шектеуі мүмкін. Заңда көзделген негіздер бойынша ғана істерді қарау жабық сот отырысында жүзеге асырылады.
Сот ісін жүргізу тілі. ҚР сот ісін жүргізу тек мемлекеттік (қазақ) немесе орыс тілдерінде, тең дәрежеде жүргізілетіндігін білуге болады.
Соттың қызметіндегі заңдылық деген соттың құқық нормаларын дұрыс қолдануын, шығарылатын актілердің және жасалатын барлық іс жүргізу әрекеттерінің қолданыстағы заңдарына сәйкестігін білдіреді.
Диспозитивтік деген азаматтық іс жүргізудің құқықтық қатынастары субъектілерінің өз құқықтары мен міндеттерін еркін билеуін білдіреді.
Азаматтық процесті қозғау іске қатысатын тараптар мен басқа адамдардың еркіне байланысты болады. Мүдделі адам (талапкер, өтініш етуші) өзінің талап-арызының, өтінішінің заты мен негізін, сондай-ақ берген талаптарының көлемін өзі айқындайды. Мұндай мәліметтер сотқа берілген талап-арыздың (өтініштің) мазмұнды бөлімінің мәнін құрайды. Талапкер талап арыздың негізін немесе затын өзгертуге, талап-арыздың мөлшерін азайтуға немесе көбейтуге құқылы. Сот өз бастамашылығымен талап-арыздың затын немесе негіздерін өзгертуге құқығы жоқ.
Бәсекелестік тараптардың заңды мүдделерінің қарама-қайшылығынан келіп шығады, ол азаматтық процестегі айтысу қажеттілігін негіздейді. Тараптың әрқайсысы өзіне оңтайлы сот шешімін қабылдатқысы келеді. Сондықтан бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау барысында өзінің құқықтық ұстанымын сақтауға өз талаптары мен қарсылықтарын дәлелдеуге және негіздеуге міндетті.
Тараптардың іс жүргізудегі тең құқықтылығы материалдық құқықтық қатынастардың (азаматтық, отбасы, еңбек және т. б. ) субъектілерінің теңдігіне сүйенеді (тең құқықтық жағдайы) және іс жүргізу құқықтары мен талаптардың іс жүргізу міндеттерінің теңдігін белгілейді.
Сот талқылауының тікелейлігі. Сот істі карау барысында іс бойынша дәлелдемелер мен өзге де мән-жайларды: Іске қатысушы тараптар мен басқа адамдардың түсініктерін, куәгердің айғақтарын, сарапшылардың қорытындысын, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындыларын тыңдауға, заттай дәлелдемелерді қарауға, дыбыс жазбаларын тыңдауға және бейне жазбаларды, кино, фотоматериалдарды қарауға, жаңартылған өзге де материалдармен танысып шығуға тікелей міндетті.
Сотта істі қараудың ауызшалығы. Сот отырысында мынадай істерді қарау және шешу ауызша нысанда жүзеге асырылады:
төрағалық етуші процеске қатысушыларға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
Кейбір іс жүргізу әрекеттері тек жазбаша түрде жүзеге асырылады не жазбаша рәсімдеуді талап етеді. Мысалы, талап-арыз (өтініш), апелляциялық немесе кассациялық шағым (наразылық), қадағалау шағымы не қадағалау тәртібіндегі наразылық тек жазбаша түрде ғана беріледі, сот актілері жазбаша нысанда шығарылады.
Сонымен, адам мен азаматтың құқықтары ішінде құқықтарды сот арқылы қорғаудың маңызы зор. Азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша сот билігі органдарының қызметі азаматтық іс жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру тәртібін реттейтін құқық нормаларының жиынтығы, сондай-ақ сот қаулыларын мәжбүрлеп орындату тәртібі азаматтық іс жүргізу құқығы деп аталады.
Азаматтық іс жүргізу заңнамасының қағидалары материалдық кұқық салаларына қарағанда екінші кезекте екенін көрсетеді. Қанша дегенмен Цивилистикалық блок заңнамасы салаларының қағидаларымен байланысты. Бірінші кезекте ескере кететін жәйіт Ю. Г. Басин азаматтық құқықтың жаңа қағидаларына мынаны жатқызады:
- азамат құқықтық қатынас субъектілерінің теңдігі;
- жеке меншікке қол сұғылмаушылық;
- азаматтық құқықтық шарт еркіндігі;
- азаматтық құқықтық қатынастардың негізгі субъектісі ретінде кәсіпкерлер мен тұтынушыларды қорғау;
- жеке өмір мен жеке істерге мемлекеттің және үшінші тұлғалардың
- араласпауы;
- азаматтық құқықтардың қорғалуы;
Азаматтық іс жүргізу заңнамасы қағидаларының жиынтығына кіретіндері:
- соттың қоргауы үшін сотқа жүгіну;
- сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы;
- судьялардың тәуелсіздігі және тек қана заңға бағынуы;
- азаматтық істі жеке және алқалы түрде қараудыңда болуы;
- барлық азаматтардың сот және заң алдындағы теңдігі бастамасымен сот әділдігін жүзеге асыру;
- сот істі қараудың жариялылығы;
- сот ісін жүргізуде ұлттық тіл;
- заңдылық;
- тараптардың құқықтары мен міндеттерін, соттың істің шын мәнжайын анықтауы;
- диспозитивтілік;
- жарыспалылық;
- тараптардың процессуалдық тең құқылығы;
- сотта істі қараудың ауызшалығы
- тікелейлік;
- сотта істі караудың үзіліссіздігі;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz