Қазіргі мезгіл үстеулер


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Минстрлігі

Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Қазақ филофиясы кафедрасы

«Қазіргі қазақ лексикологиясы мен лексикографиясы» пәні бойынша

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романындағы туынды үстеулердің сипаты

Мамандық шифры Оқу бөлімі

5В011700 күндізгі

Дайындаған: Балтабай Нурила

Жетекші: Жукенова Сұлушаш Какенқызы

Бағасы:

2020 ж. Көкшетау

Мазмұны

Кіріспе

  1. Үстеулердің зерттелу тарихы, үстеудің мағыналары, сөйлемдегі қызметі.

Негізгі бөлім

1) Туынды үстеулер жасалуы

2) Абай жолындағы туынды үстеулер сипаты.

Қорытынды

1) Қолданылған әдебиеттер.

Сөз таптарының бірі-үстеу. Қазақ тілінде көрнекті ғалым Ахмет Байтұрсынов үстеу сөздерді алғашқы да демеу, жалғаулық, одағай сөздерінің қатарында қосып, « сөздердің мағынасын толықтыру үшін қолданылатын сөздер-үстеу дейміз». Бес мағыналық топқа бөледі. Олар: 1) нықтаулық, 2) сынаулық, 3) өлшеулік, 4) мезгілдік, 5) мекендік.

  1. Нықтаулықбасқа сөздердің мағынасын сығылыстыру үшін нығыздап үшін айтылатын сөздердіжатқызады. Олар:ең, бек, әбден, тым, өте, тіпті, тап(өзі), нақ(сол), нағыз, дәл(тиді), дөп(келді), қасақана, әдейі, жәдә(шаршады), тікелей(қоя берді), әсіресе; Ең жақсы, өте тығыз; Үстеулер қазіргі қазақ тілінде күшейткіш үстеу деп аталады. Қасақана, әдейі қазіргі қазақ тілінде мақсат үстеу болып тұр.
  2. Сынаулық үстеулержақсыоқиды, жаманжазады мысал да қарамен жазылған сөздер қалай? деп сұрағаны жауап болып тұр. Үстеу орнына жүретін сын есімдер болады. Шалқасынантүсті, етбетіненқұлады үстеу орнына жүретін зат есімдер дейді. Екі-екіденбөлді, үш-үштеналды деген тіркестердің бағыныңқы сыңарлары үстеу орнына жүретін сан есімдер деп атайды.
  3. Өлшеулік үстеулерөзі айтып тұрған мөлшерін, өлшеуін білдіреді. Мысалы:түске дейінұйықтады, азберді, көпалды. Үстеудің бұл түрі қазіргі мөлшер үстеумен сәйкес келеді.
  4. Мезгіл үстеуқимылдың, іс-әрекетті мезгілін яғни мезгілдерді айтып отыр, мекенін жоғары, төмен осылай жасалатын мекенін білдіреді. . Мысалы: Бүгін, кеше, ертең, қазір, таңертең, ертесіне, кешке, ертемен, бүрсігүні, жаздыгүні, анда-санда. Бүгінмен киноға бармын. Қазіргі мезгіл үстеулер.
  5. Мекен үстеуқимылдың, іс-әрекеттің болу орнын, бағытын білдіреді. Мысалы: Жоғары, төмен, алға, әрі, бері, артқа, ішке, ілгері, мұнда, алды-артынан.

Профессор С. Аманжолов та зерттеген көп енбек сіңірді. «Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер» атты еңбегі бар. « Үстеу дегеніміз яғни іс-әрекетті және мезгілін, мекенін деген тұжырым береді». Оларды қызметіне қарай екі топқа бөледі: « етістікпен тіркесетін етістік үстеулер және есімдермен тіркесетін есім үстеулер» С. Аманжолов екіге бөліп оларды мысалдар келтіреді. Етістік үстеулерге қолма-қол, дәл, кеше, бүгін үстеулерді жатқызса, ал есім үстеулерге орасан, тым, тіпті сөздерді жатқызады.

Үстеудің жалпы сипаттамасы

Үстеулер -қимылдың, іс-әрекеттің мекенін, мезгілін, жай-күйін, мақсатын, сын-бейнесін, себебін білдіріп, грамматикалық жағынан түрленбейтін сөздер.

Мысалы:Кеше ғана шуақ өріп жамырап,

Тірлік біткен қалып еді жадырап.

(М. Мақатаев)

Қарағым-ай, бұл өмір осылай өтеді екен,

Сүймесе дүние бекер екен (Ш. Сариев)

Кеше, осылай сөздері үстеу болып тұр. Осы сөйлемдердегі кеше сөзі қимылдың мезгілін білдіріп, осылай сөзі қимылдың сын бейнесін білдіріп. Үстеулердің кейде үстеу, кейде септеулік шылау болып қолданылатын сөздер. Бұл сөздерге мынандай сөздер жатады:бері, кейін т. б сөздер болады. Бұлар әрекеттің мезгілін, мекенін білдірсе ғана үстеу болады. Есім сөздер мен етістік формалары көсемше қимылдың белгілері пысықтауыш ретінде қолданылады. Пысықтауыш болатын есімдер мен етістік формалары өздерінің қасиеттерін жоғалтпайды. Бірақ пысықтауыш болған сөздер барлығы үстеу болуы мүмкін емес. Үстеу сөздер етістіктермен негізінен тіркеседі, қимылдың мезгілін, сын-бейнесін, қимылдың мекенін, мезгілін болатындықтан тіркеседі. Есім сөздермен де тіркеседі, тілімізде жиі кездеседі. Мысалы:Ол осы үйде тұрады және Мен мынау колхоздан пана таптым, енді орным осында (М. Әуезов) деген сөйлемдерді алсақ, бірінші сөйлемдегі пысықтауыш үйде деген сөз болса, екінші сөйлемдегі пысықтауыш- осында деген сөз. Мағынасы жағынан бұл екі пысықтауыштың арасында айырмашылық бар:үйде деген жатыс септігінде қолданылып пысықтауыш болып тұр, зат есім мекенін білдіреді, осында деген пысықтауыштың мекенін білдіріп тұр. Бұлар көнелену арқылы жасалып тұр. Осында деген сөзде осы деген есімдік болып тұр, -нда қосымшасы тұрақталып көнеленіп тұр. Тек пысықтауыш қызметінде жұмсалады. Сол сияқты, бірге бірді қосса, екі болады; Бірге жасасып келгенмен, жақынға жақсының қасиеті бірден танылмайды. (М. Әуезов) . Осы сөйлемде бірге сөзі бірдей болғанмен, мағынасы сөйлемдегі қызметі басқа. Бастапқы сөйлемде бірге тура мағынада қолданылып тұр, толықтауыш болады. Кейінгі сөйлемде бірге сөзі бұл жерде қимылдың жасалуын көрсетіп тұр. Бірінші сөйлмдегі бірге деген сөз барыс септікте тұрған сан есім болады және екінші сөйлемде бірге сөз үстеу болып тұр. Зат есімнен, сын есімнен, сан есімнен, сан есімнен бөлініп шығатын, лексикалық мазмұны жағынан қимылдың күй-жайларын білдіретін сөздер үстеу болады. Тілімізде бірге, бірде, бірден, етпетінен, абайсызда, лажсыздан, сонда, кенеттен, кейде, шалқасынан, жүрісінен, зорға, жатқа, босқа, текке, қапыда, абайсызда, жөнімен, ертемен, алға, артқа, алда, артта, мұнда барлығы көнелену жолымен жасалған үстеулер.

Көнелену тәсілі арқылы үстеуге айналған немесе бір жағынан үстеу болса, екіншіден өздерінің қызметінде қалған сөздер. Бұл сөздер жатыс, шығыс, шығыс, барыс, көмектес септіктерде көп кездеседі.

Етістік түрлерінен де көнелену бар. Олар көсемшелер арқылы жасалады. Бірақ көсемше болып тұрса барлығы бірдей үстеу бола алмайды. Мыс: Ол өзінен-өзі сөйлей кірді (С. Мұқанов) . Бұл сөйлемде Сөйлей деген үстеу болып тұрған жоқ, бұл көсемше болып жасалып тұр. Көсемшелер жалпы етістікке тән басқа қасиеттер болады. Көсемшелер үстеу емес, етістіктің көсемше формасы болады. Көсемше сөздерде екі рет сөздердің қайталануы, мағыналас көсемшелерінің қосарлануы үстеу болады. Мыс: Адам көре-көре көсем болады; сөйлей-сөйлей шешен болады; Айтып-айтып өтті қарт . . . Көнбеді жұрт, не лаж?( Абай) . Осы көсемше қосарлану жасалған үстеу сөздерге кие-жара, жата-жастана, сүріне-жығыла, таласа-тармаса, ішпей-жемей, ұрмай-соқпай, жатпай-тұрмай, көрмей-білмей, арып-шашып, асығып-сасып, ойнап-күліп, тиіп-қашып, шаршап-шалдығып, билеп-төстеп, сасып-пысып сөздер жатады. Тұлғасы жағынан ерекшелігі болса да, үстеу сөздерге жүр-жүрлеп, айт-айттап, тез-тездеп, кес-кестеп сияқты көсемше тұлғасындағы қос сөздер болады. Мыс:Әубәкір оны жүр-жүрлеп сүйрей бастады. (Ғ. Мұстафин) .

Үстеулердің морфологиялық белгілері, түрлері және жасалу жолдары

Үстеу сөздерді тұлғасына қарай негізгі, туынды үстеу болып бөлінеді. Олар:

  1. Негізгі үстеулер
  2. Туынды үстеу

Негізгі үстеулер деп қазіргі кезде бөлшектеуге келмейтін, тек белгілі бір формада қалыптасқан сөздерді айтамыз. Негізгі үстеулерге мынадай сөздер жатады: әрең, азар(әзер), әдейі, жорта, қасақана, ұдайы, үнемі, дереу, шапшаң, бағана, қазір, енді, ілгері, жоғарға, төмен, әрі, бері, т. б сөздер. Қазіргі кезде бөлуге келмейтін сөздер іштей екі топқа бөлінеді. . Олардың бір тобына әстілі, әуелі, қазір, дәйім, һаман, мүлде, орасан, сен(ерен), кілең сияқты түбір сөздер жатады. Екінші тобына ғылыми ойлау керек екенін қалай шыққаннын баяндау, басқа сөзден шыққандығын дәлелдеу. Мыс: ішкері, сыртқары, үшқары, тысары деген үстеулер іш, сырт, үш, тыс деген түбірлерден және - қары, -кері деген қосымшалардан құралған. Әрмен, бермен үстеулерінің арт, бері сөздерінен және тамам (әрі таман-әрмен, арман; бері таман, бер-мен) шылауынан ықшамдала бірігуінен пайда болған. Ал төтенше, керегінше, керісінше, мейлінше осы үстеулердің төркіні төте, керке, кері, мейлі дегендер болған. Негізгі үстеулердің көпшілігі тарихи жағынан ерте кездерде әр түрлі формаларда көнеленіп қалыптасқан сөздер болған. Негізгі үстеулер әр қилы болып көнеленіп келген. Ол туралы асты жағында айтылған. Негізгі үстеулердің мынадай үш түрлі ерекшеліктері бар:

  1. Негізгі үстеулердің көпшілігінен шырай категориясы жасалады. Демек оларға-рақ, -рек, -лау, -леужұрнақтары жалғанады, алдынан шырай туғызаөте, аса, тіпті, мейлінше, қабағатсияқты күшейткіш үстеулер қолданылады. Мыс:

Бүрьін бүрыныраң бұрындау тым бұрын

Кейін кейінірек кейіндеу өте кейін

Ьілгері ілгерірек ілгерілеу аса ілгері

Әрі әрірек әрілеу тым әрі

Әрмен әрменірек әрмендеу тіпті әрмен

Былай былайырақ былайлау тым былай

Бұл көнелену арқылы жасалған сөздер. Шырай бұл жерде басты нәрсе болып отыр, жұрнақтары арқылы шырай тудыра күшейткіш арқылы пайда болды.

  1. Негізгі үстеулердің кейбіреулері қосарланып та қолданылады. Мыс:құр босқа, жай босқа, текке босқа, бос бекерге, құр бекер, бекерден-бекер, бостан-босқа, тектен-тек, бостан-бос, құрдан-құр т. б.
  2. Негізгі үстеулер қосымшалар арқылы да, қосарлану арқылы да, басқа сөздермен тіркесіп те, туынды үстеулер жасала береді. Мысалы:әрең-әрең, озар-озар, азар-азар, әдейілеп, ұдайылап, әрі-бері, бұрынды-соңды, ілгері-кейін, жоғарылы-төменді, енді-енді, кейінде, кейіненнен, ендігәрі т. б.

Үстеулердің мағыналары

Үстеу сөздер, сөйлемде қолдану ерекшелігіне қарай көп мағынаны білдіреді. Мыс: Ол сәл ғана әнін тоқтатып, көпке қарады. (М. Әуезов) ; Сен сонда барып қон да, ертең осында қайтып кел(С. Мұқанов) . Осы мысалда сөйлемдердің екеуінде де сонда деген сөз бір мағыналы сөз болып тұр. Бірақ осы үстеу алғашқы сөйлемде мезгілдік мағынаны білдірсе, екінші сөйлемде мекендік мағынаны білдіріп тұр.

Сол сияқты Ол өлең былай шығарылды(С. Мұқанов), Сен ана ағашты былай лақтырып таста(Ғ. Мұстафин) . Бұл сөйлемде былай деген сөз екі түрлі мағынада болып тұр. Бірінші сөйлемдегі былай қимылдың сынын білдірсе, екінші сөйлемде қимылдың бағытын білдіріп тұр.

Үстеу мағынасына қарай 7 топқа бөлінеді.

1) мезгіл үстеу 2) мекен үстеу 3) мөлшер үстеу 4) сын-бейне үстеу 5) күшейткіш үстеу 6) мақсат үстеу 7) себеп-салдар үстеу 8) топтау үстеу;

  1. Мезгіл үстеулеріқимылдың, амал мен әрекеттің мезгілін білдіреді жәнеқашан?қашаннан?сияқты сұрақтарға жауап береді. Мезгіл үстеулері аса көп. Мезгіл үстеулерге мыналар жатады:Бүгін, былтыр, ертең, таңертең, кешке, қазір, енді, ендігәрі, бұрын, әуел баста, күндіз, бүрсігүні, әсте, күнімен, ертеден, күні бүгін, ала жаздай, кей-кейде, ерте, жаздыгүні, т. б. Мысалы:

-Бүгін шелпек нан пісіртіп, ағаңа тие берсін қылдыртып едім(Б. Майлин)

Ділдә кетуге ыңғайланып тұрып:-Ертең біздікіне келесіз бе?-деді.

Мезгіл үстеулер құрамы жағынан негізгі, туынды түбір және күрделі түбір болып бөлінеді.

Негізгі үстеулерге бұрын, ерте, қазір, кеш, кеше сияқты бөлшектеуге келмейтін сөздер жатады.

Туынды түбір туынды үстеулерге басқа сөз таптарынан сөзжасамдық жұрнақтар жалғану арқылы жасалады:

-ша, -ше жұрнақтары арқылы: бүгінше, әзірше, биылша. Көлемдік септіктердің көнеленуі арқылы жасалған мезгіл үстеулер:жазда, қыста, күнде, түнде, бағанадан, бүгіннен, әуелден, таңертеңнен, ертемен т. б.

Күрделі үстеулерге бүгін, биыл, әуел баста, бүгін-ертең, бұрын-соңды, ала жаздай, таң сәріде, жаз бойы сияқты бірігу, қосарлану, тіркесу арқылы жасалған сөздер жатады.

  1. Мекен үстеулеріқимыл әрекеттің орнын, мекенін білдіріп, қайда?қайдан?деген сұрақтарға жауап береді. Мекен үстеулері мыналар:алға, артқа, жоғары, төмен, әрі, бері, кері, ілгері, әрмен, тысқары, осында, мұнда, әрі-бері, жол-жөнекей, жолшыбай т. бсөздер.

Мекен үстеулер де құрамын қарай негізгі, туынды, күрделі түбір үстеулер болып бөлінеді.

Негізгі мекен үстеулеріне жоғары, төмен, әрі, бері, сияқты бөлшектенбейтін сөздер жатады.

Туынды мекен үстеулер сөз тудыратын жұрнақтар мен көлемдік септіктердің көнеленуі арқылы жасалады.

Туынды мекен үстеулерінің жасалу жолдары:

-қары, -кері, -ғары, -гері жұрнақтары арқылы:ілгері, ішкері, тысқары, сыртқары т. б.

Күрделі түбір мекен үстеулері негізінен сөздердің қосарлануы арқылы жасалады. Мыс:жол-жөнекей, әрі-бері т. б.

3) Мөлшер үстеулері амал-әрекетті шама шарқынша, мөлшері тұрғысынан сипаттайды. Қанша?қаншама?қаншалықты? деген сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеулерге мына сөздер жатады: онша, сонша, оншалық, соншалық, мұншама, едәуір, бірқыдыру, анағұрлым т. б.

Тоқты желініп, үйдің жатқанына едәуір уақыт болған(Б. Майлин) .

Мөлшер үстеулері -ша, -ше, -шама, -шалық, -дайлық жұрнақтары арқылы жасалады. Мыс:онша, мұнша, мұншама. соншама, осыншама, мұншалық, соншалық, осыншалық, мұндайлық, ондайлық, сондайлық т. б.

Күрделі түбір мөлшер үстеулері сөздердің бірігуі, қосарлануы арқылы жасалады. Мыс:анағұрлым, недәуір, неғұрлым, бірталай, бірен-саран, азды-көпті т. б.

4) Сын-қимыл үстеулері қимылдың, амал-әрекеттің жасалу тәсілін білдіреді. Қалай?қалайша? деген сұрақтарға жауап береді. Сын-қимыл үстеулеріне мына сөздер жатады:бірден, тез, жылдам, бірте-бірте, лезде, әрең, үнемі, қолма-қол, менше, құсша, емін-еркін, ақырын, шалқасынан, оқыс, дереу, зорға, қапыда, өзінше, ереше, ретімен, жүрісінен, жасырын, бірден, бір жола, шала-пұла, бетпе-бет, жападан-жалғыз т. б.

Құрамына қарай негізгі түбір, туынды түбір, күрделі түбір қимыл-сын үстеулері болып бөлінеді.

Негізгі түбір үстеулерге тез, әзер, дереу, оқыс, үнемі сияқты морфемдік жағынан бөлшектенбейтін сөздер жатады.

Туынды түбір сын-қимыл үстеулерінің жасалу жолдары мынадай: -ша, -ше жұрнақтары арқылы:қазақша, орысша, жазбаша, орысша;

-шаң, -шең жұрнақтары арқылы:көйлекшең, етікшең;

-лай, -лей, -дай, -дей жұрнақтары арқылы:жартылай, шикілей, тікелей, осылай;

Көлемдік септіктердің көнеленуі арқылы:бірге, зорға, оқыста, лезде, шалқасынан, кенеттен, жайымен, ретімен, кезекпен, шынымен;

Күрделі түбір сын-қимыл үстеулері сөздердің бірігуі, қосарлануы арқылы жасалады:

Сөздердің бірігуі арқылы жасалған сын-қимыл үстеулер:ауызекі, бір жола;

Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған сын-қимыл үстеулер:қолма-қол, бетпе-бет, бостан-боосқа, жападан-жалғыз;

5) Күшейткіш үстеулер қимыл әрекетті күшейтіп, кемітіп көрсетуі. . Күшейткіш үстеулер қашан?қандай? деген сұрақтарға жауап береді. Күшейткіш үстеулерге ылғи, кілең, тіпті, нақ, нағыз, нық, әбден, мүлде, өңкей, дәл, керемет, орасан, қабағат т. б. сөздер жатады.

6) Мақсат үстеулері қимылдың жасалу мақсатын білдіреді. Мақсат үстеулерге жататын сөздер жағынан көп емес. Олар:әдейі, жорта, қасақана. Мыс:-Әдейі істедің провалды, тұра тұр, саған көрсетермін провалды!-деп айқай салды. (Ш. Жиенқұлов) .

7) Себеп-салдар үстеулері қимылдың себебін, нәтижесін білдіреді. Себеп-салдар үстеулері не себепті?неге? деген сұрақтарға жауап береді.

Себеп-салдар үстеулер құрамы жағынан туынды түбір болып келеді. Олар көлемдік септік жалғауларының көнеленуі арқылы жасалаады. Мыс:Бекерге, босұа, теккеғ, амалсыздан, шарасыздан, лажсыздан.

8) Топтау үстеулері қимылдың жасалуының топтық сипатын білдіреді. Топтау үстеулерін нешеден?қаншадан? деген сұрақтарға жауап береді. Топтау үстеулеріне жататын сөздер:біреулеп, екеулеп, көптеп, қос-қостап, топ-тобымен т. б.

Топтау үстеулері морфологиялық құрамына қарай туынды түбір және күрделі туынды түбір болып келеді. Топтау үстеулерінің жасалу жолдары мынадай:

Топтау үстеулерінің жасалу жолдары :-лап, -леп, -дап, -деп, -тап, -теп жұрнақтары арқылы жасалады:екееулеп, көптеп, аздап, қостап т. б.

Қосарлану арқылы жасалуы:он-оннан, топ-тобымен, бір-бірлеп, қос-қостап т. б.

Үстеудің морфологиялық ерекшеліктері

Үстеу-морфологиялық жа5ы аз түрленеді және аз сөз табы. Морфологиялық ерекшелік үстеулер қандай сөзге тіркесіп, ешқашан өз тұлғасын жоғалтпаған.

Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулердің сөйлемдегі қызметіне қарай көптік, септік, тәуелдік жалғауларын қабылдайды және жіктік жалғауын қабылдайды. Үстеулер өзінің мағынасын сақтайды, олар белгілі бір сөйлемде ғана мағына береді. Мәселен ғалымдар көпшілігі үстеулердің көпшілігін түрленбейді дейді. Оның пікірінше үстеулер түрленбейді және көнелену арқылы жасалған септіктер арқылы жасалған сөздер дейдң. Мыс:бірге, босқа, текке, абайсыздан, лажсыздан, түнде, қырынан, кенеттен, т. б

Мәселен «Морфологиялық жағынан еш түрленбейді үстеу сөздер қазіргі қазақ тілі мен түркі тілдерінде коммуникативті мен мағынасына қарай түрлі формаларға ие болып қолданылып жүр. Мәселен, кейбір үстеулердің сөйлемдегі қызметіне қарай көптік, тәуелдік, септік жалғауларын қабылдап предикаттық қызмет атқаруы көркем әдебиет пен баспасөз беттеріндегі тілдік сөз қолданыстарда жиі кездесетін процесс болып отыр»-деп жазады.

Үстеудің синтаксистік қызметі

Үстеудің пысықтауыш қызметінде жұмсалуы. Үстеудің ең негізгі -сөйлемде пысықтауыш болу. Сөйлемде үстеулер қашанда пысықтауыш арқылы тұрады. Үстеулердің ішіннен орын талғамайтындары да бар. Орын талғамайтын үстеулердің бірі-мезгіл үстеулері. Мезгіл үстеулері баяндауыштан басқа мүшелерді пысықтаса, онда пысықтайтын мүшенің алдынан келеді. Баяндауышты пысықтаса одан алшақ тұра береді.

Үстеу әрекеттің, қимылдың әр алуан сын бейнесін, беелгісін білдіреді. Мекен, мезгіл, сын-қимыл, мақсат, себеп пысықтауыш бола береді. Яғни, үстеу мен үстеу, үстеу мен зат есім тіркесе келіп күрделі пысықтауыш болады. Мыс:құр кимелеудің зардабын тартқан жұрт енді еппен өтіп жатыр(Ғ. Мүсірепов) . Таң қараңғысында еркек атаулы жұмысқа кетеді(С. Мұқанов) . Жоғары-төмен үйрек, қаз ұшып тұрса сымпылдап(Абай) . Алынған сөйлемдерде еппен сын-қимыл пысықтауыш болып тұрса, таң қараңғысында мезгіл пысықтауыш болып, жоғары-төмен мекен пысықтауыш ретінде жұмсалып тұр.

Үстеудің бастауыш қызметінде жұмсалуы. Үстеулер бастауыш қызметінде де жұмсала береді. Нөлдік тұлғада көптік жалғаулары арқылы бастауыш болады. Кейде көмекші сөздермен тіркесіп бастауыш қызмет атқарады. Еріншектің ертеңі бітпес (мақал) . Бүгін деген қорқыныш пен үміттің екі ұдай аралығы (Ә. Кекілбаев) .

Үстеудің баяндауыш қызметінде жұмсалуы. Үстеулер сөйлем соңында жіктеле келе баяндауыштың қызметін атқарады. Мыс: киім формасы өзгешелеу екен өзінің (К. Тоқаев) . Мен сенімен біргемін (Ғ. Сланов) .

Үстеудің толықтауыш қызметінде жұмсалуы. Үстеулер заттану арқылы толықтауыш та, жанама толықтауыш та бола алады. Тура толықтауыш қызметінде жай септік арқылы бірге тәуелдеудік септік формасында да жұмсала береді. Мыс:Азын-аулақ қазақшаны да далбарлайтын болған(М. Әуезов) . Жанама толықтауыш болып барыс, шығыс және көмектес септіктерінде келе береді. Мыс: Соншаны көріп, біліп келіп, ішке тығып тастағандай едіңіз(М. Әуезов) .

Үстеудің анықтауыш қызметінде жұмсалуы. Зат есіммен, сын есіммен тіркесіп, анықтауыш та болады. Мыс:Осынша орысшаны қайдан үйреніп жүрсіз(Т. Ахтанов) .

Үстеулер негізінен алғанда сөйлемде пысықтауыш мүше болып қызмет мүше болып қызмет атқарады. Мыс:Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым (Абай) ; Әлібек амалсыздан тоқтады (Ғ. Мұстафин) Бұл сөйлемде сөйлемдердегі амалсыздан үстеулері етістікпен болған баяндауыштарды пысықтап тұр.

Үстеулер етістікпен болған басқа мүшелерді де пысықтайды. Мыс:Оның еміс-еміс білетіндері-қызыл балыңтар ғана (Ғ. Сланов) Осы сөйлемдегі сөйлемдегі еміс-еміс үстеуі білетіндері деген етістік формасынан болған бастауышты пысықтап тұр.

Үстеулер есімнен болған баяндауышты да пысықтайды. Мыс:Бозбаламын мен де енді (Жамбыл) ; Бүгінгі колхозшылар шетінен сауатты (Ғ. Мұстафин) Осы сөйлемдерде енді үстеуі бозбаламан деген баяндауышты, шетінен үстеуі сауатты деген баяндауышты пысықтап тұр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мезгіл устеулері
Мөлшер үстеулері
Сөз табы ретінде үстеулерді оқытудың мақсаты мен міндеттерін анықтау
Септік жалғауымен көнеленген үстеулердің тарихи даму жолы
Үстеулердің үстеулер тіркесі
Үстеудің қалыптасу тарихы, үстеу түрлері
Қазақ тіліндегі үстеу сөздер жайлы
Үстеу жайында
Үстеу
Үстеу бар сөйлемдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz