Азаматтық құқықтарды қорғаудың ұғымы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ҚAЗAҚCТAН PECПУБЛИКACЫ БIЛIМ ЖӘНE ҒЫЛЫМ МИНИCТIPЛIГI
Ш. ECEНОВ AТЫНДAҒЫ КACПИЙ ТEХНОЛОГИЯЛAP ЖӘНE ИНЖИНИPИНГ УНИВEPCИТEТI коммерциялық емес акционерлік қоғамы

КУPCТЫҚ ЖҰМЫC
Пәнi: Азаматтық процестік құқығы
Тaқыpыбы: Құқықтарды қорғаудың балама тәсілдері

Оpындaғaн: ЮП-18-9 тобының cтудентi
Ермекова Гаухар
Peцeнзeнт: доцент. Садуақасова Л.О.

Aқтaу 2020
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1Азаматтық құқықтарды қорғаудың ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 5
1.2Азаматтық құқықтарды қорғаудың жалпы ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..6
2.АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ ... ... ...12
2.1Азаматтық құқықтарды қорғаудың балама тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... .12
2.2Залалдарды өтеу азаматтық құқықтарды қорғаудың тәсілі ... ... ... ... ... ... .17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..25

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Курстық жұмыста қарастырылып отырған Азаматтық құқықтарды қорғаудың балама тәсілдері бойынша жазылған.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Азаматтық айналымның тиісті деңгейде қалыптасуы тек субьектілердің азаматтық құқықтарын мойындаумен ғана байланысуы емес, сонымен қатар бұл құқықтарды құқықтық қорғауды қамтамасы аумен байланысты. Ғалымда қалыптасқан дәстүрлі түсінік азаматтық құқықтарды қорғау ұғымы құқықтарды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін шаралардың жиынтығын қамтиды. Бұған тек құқықтық шаралар ғана емес, сонымен қатар экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық сипаттағы субъективтік құқықтарды жүзеге асыру үшін қажетті жағдайларды қалыптастыруға бағытталған басқа да шаралар жатады. Азаматтық құқықтарды қорғау - бұл азаматтық және азаматтық іс жүргізу құқығы теориясындағы маңызды категориялардың бірі болып табылады. Бұл категорияның мәнін ұғынбау азаматтық, құқықтық санкциялардың сипаты мен ерекшеліктерін, оларды жүзеге асыру механизмі мен азаматтық, құқықтық бұзылуымен байланысты туындайтын өзге де мәселелерді түсінуге қиындық туғызады. Азаматтық айналым субьектілердің нақты азаматтық құқықтарын ғанна танып қоймайды, сонымен қатар олардың қабықтық қорғалуын қамтамасыз етеді. Заттық құқықтар мен меншік құқығы ішінара шектеу болып табылмайды. Меншік құқығын қорғау институтына римдік жеке құқық аппараттық түсініктің негізін қалыптастырды. Бұл зерттеудің маңыздылығы мынадай көрініс табады, яғни меншіктің экономикалық қатынастарды бекітетін, реттейтін және қорғайтын нормалардың жүйесі ретінде пайда болады және сақталады.
Қазақстан жағдайында меншік айрықша мағынаға ие, себебі, ол саяси және экономикалық өзгерістің түбегейлі базисі, демократиялық қайнар көзі, сонымен қатар құқықтық мемлекетті құрудың негізгі шарты болып табылады. Сол себепті меншік қатынастарын қорғау барлық құқықтық жүйенің маңызды мақсаты болып табылады. Қазақстан республикасында жеке меншік құқығының әрекет етуінің фундаментальді кепілі Конституцияның 6 - бабында бекітілген, яғни Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік таңылады және бірдей қорғалады. Бұл норма жоғарғы адамзат құндылығының құқықтары мен бостандықтарын жариялаумен тығыз байланысты, ал оларды тану, сақтау және қорғау мемлекеттің міндеті, және экономикалық жүйеде жеке меншік үшін тиімді жеке қызығушылықты сақтауға тырысады және оған көңіл бөледі.

Курстық жұмыстың пәні. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу құқығы.
Курстық жұмыстың құрылымы. Жазылған курстық жұмыстық көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Азаматтық құқықтықтарды қорғаудың ұғымын, азаматтық құқықтарды қорғаудың нысандарын, меншік құқығын қорғау, азаматтық құқықтарды қорғаудың нақты тәсілдері, оның ішінде субьективтік құқықтарды мойындау, құқықтар бұзылғанға дейінгі жағдайды қалпына келтіру құқықтарды бұзатын немесе бұзу қаупін туғызатын әрекеттердің алдын алу, мәмілені жарамсыз деп тану, мемлекеттік органның немесе жергілікті басқару органының актісін жарамсыз деп тану, заңға қайшы келетін мемлекеттік органның актісін соттың қолданбауы, міндеттерді нақты орындату, залалдарды, өтеу және айыппұл төлету тәсілдерінің мазмұнын ашып, толық қарастыру болып табылады. Алдымызға қойылған мақсатқа сүйене отырып біз өзімізге мынандай міндеттерді қоямыз:
* Азаматтық құқықтарды қорғау ұғымына тоқталып, оның мағыздылығын ашып көрсету
* Азаматтық құқықтарды қорғау нысандарын талдау
* Азматтық құқықтарды қореғаудығ нақты тәсілдерін зерттеп, мәнін ашып көрсету
* Азаматтық, құқықтарды қорғаудың ерекше тәсілі ретігнде залалдарды өтеудің ерекшелігіне тоқталу.

1. Азаматтық құқықтарды қорғаудың түсінігі және жалпы ережелері
1.1 Азаматтық құқықтарды қорғаудың ұғымы
Ерте кезде бұзылған құқықты қорғау тәсілі өзін қорғау болды. Яғни үшінші тұлғалардың кедергілерін өзінің қорғау құралдары арқылы қорғау. Сөздің кең мағынасында алғанда құқықты қорғау деп құқықтың бұзылуына жол бермейтіндей жағдай жасайтын қоғамдық қатынастар тәртәбән мемлекеттің қолдауын айтамыз. Қорғау құқығы бұзылған азаматтық құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету принципі, оларды сот арқылы қорғау азаматтық заңның негізгі бастауы ретінде айтылады.
Қатысушылардың қарауындағы субьективі азаматтық құқықтар тек қана нақты жүзеге асырылуға тиіс емес, сонымен бірге олар субьективтік құқықтың бұзылуымен құқықтарды түзетуге мүмкіндіктер береді. Бұл тұрғыдан профессор В.П. Грибановтың мынадай пікірі көңілге қонады: Құқық қорғау сипатының мүмкіндігі оның құқық өкілеттілігі ретінде субъективтік материалдық талаптар мазмұнының өзімен белгіленеді.
Демек кез келген субъективті азаматтық құқық қорғауға жатады, сонымен бірге осы құқықтың жүзеге асырушысы заңда қаралған құралдардың көмегімен оны қарауға тиісті құқықты еншілейді. Қазақстан Республикасының бір тұтас құқық жүйесі бірнеше салаға бөлінетіндігі бәрімізге мәлім. Сол салалардың бірі болып табылатын - азаматтық құқық. Азаматтық заңдармен реттелген мүліктік қатынастар жиынтығын анықтай келе, бұл қатынастардың субъектілерін де атап көрсетуге болады. Оларға жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, заңды тұлғалар, мемлекет және әкімшілік - аумақтық бөлініс жатады. Өзін өзі қорғау, не мүлікті не қаржыға қатысты төлемді ұстап қалу, сондай - ақ өз бетімен кепілдік құқығы жүзеге асыруы түрінде көрінеді. [1]
Өзін өзі көре алмау ұғымы қылмыстық құқықтың аясына жатады, бірақ өзін өзі қорғау жазалауға тұрмаса онда онысы заңда әрекет болып табылады. Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғалуына құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң тегін көрсетіледі. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне белгіленген азаматтық құқықтарды, соның ішінде өздерін қорғау құқығын өз қалауынша пайдаланады. Азаматтар мен заңды тұлғалардың өздеріне берілген құқықтарды жүзеге асырудан бас тартуы, заң құжаттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бұл құқықтардың тоқталуына әкеліп соқтырмайды. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру басқа құқық субъектілерінің құқықтарын және заңдармен қорғалатын мүдделерін бұзбауға, айналадағы ортаға зиян келтірмеуі тиіс. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген құқықта оны зүзеге асырған кезде адал, парасатты және әділ әрекет жасап, заңдардағы талаптарды, қоғамның адамгершілік қағидаттарын, ал кәсіпкерлер бұған қоса әскерлік әдеттілік ережелерін сақтауға тиіс. Бұл міндетті шарт арқылы алып тастауға немесе шектеуге болмайды. Азаматтық құқық қатынастарына қатысушылардың адал, парасатты және әділ әрекет жасауы көзделді.

1.2 Азаматтық құқықтарды қорғаудың жалпы ережелері
Азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік құқығы, оның ішінде меншікқұқығы барлық салалармен тығыз байланысты.
Жалпы дәстүр бойынша қорғаудың құқығы күші кез келген субъективтік азаматтық құқық құрамына кіреді, ал, егер оны қорғауды осылайша қамтамасыз етпесе, онда құқық өзінің бар болуы шартты түрде айтылады.
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі үшін сот жүйесінің бөлінуіне дәлдік қажет. Бүгінгі таңда, 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, сот органдардының қылмыстық, азаматтық істер бойынша нысандары Жоғарғы сот пен облыстық соттардың шаруашылық дауы бойынша алқалары бар бірыңғай жүйесі қызмет жасайды. Әйтсе де, азаматтық іс жүргізуде азаматтық немесе әкімшілік заңға жататындығы айқын ажыратылмаған. Ал, материалдық құқық нормалары (азаматтық, қылмыстық, әкімшілік және басқа салалар) меншік иелері мен өзге де заттық құқық иелеріне өздеріне тиесілі құқықтарын қорғаудың азаматтық заңнамада қарастырған әдістеріне ғана тоқталайық.
Азаматтардың меншік құқықтарын қорғау ісінде азаматтық құқық нормалары бірдей рөл атқармайды. Себебі, олардың бірі материалдық игілікті қайсыбір құқық субъектісіне белгілейді немесе тиянақтайды деп айтуға болады. Бұған бірінші кезекте азаматтардың меншік құқығына және өзге де заттық құқықтарға ие болады және игілікті тоқтату туралы ережелер жатады. Олар егер шартта немесе заңда өзгеше көзделмесе, жаңа затқа меншік құқығы оны дайындаған немесе жасаған тұлғаға тиесілі.
Азаматтардың бар мүлікке меншік құқығына басқа адам сатып алу - сату, айырбастау, сыйға тарту немесе мүлікті иеліктен айыру туралы өзге мәміленің негізінде ие болуы мүмкін. Егер азамат қайтыс болған ретте оған тиесілі мүлікке меншік құқығы өсиетке немесе заңға сәйкес мұрагерлік бойынша басқа адамдарға көшеді. заңды тұлға қайта ұйымдастырылған ретте оған тиесілі мүлікке меншік құқығы қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары мирасқорларына заңды тұлғаларыа көшеді.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі мүлікті мемлекеттік меншікке айналдыру туралы Қазақстан Республкасының Заң қабылданған ретте ұлт меншігіне алу АК - тің 226 - бабында белгіленген тәртіп бойынша оларға шығындар өтеледі.
Ережелердің енді біреулері меншік иесі өзіне тиесілі құқықты, мысалы, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу қажеттігін иеліктен мүмкіндігін жүзеге асыру үшін жағдайды қамтамасыз етеді. Үшінщілері, меншік құқығын затты барлық үшінші тұлғалардың ықпалынан тікелей қадағалайды және қорғайды. Осыған меншік иелеріне келтірілген материалдық шығындарға жауапкершілікті тағайындайтын нормаларды жатқызуға болады. Оған қоса, азаматтық құқықта меншік құқығын тікелей қорғау туралы арнайы нормалар да бар. Осыған байланысты О.И.Иоффе азаматтық құқықта қалыпты экономикалық қатынастардың дамуын кең мағынада қамтамасыз ететін азаматтық құқықтардың барлық нормаларының жәрдемімен меншік құқықтарын сақтау мен құқық қатынасына қарсы құқық бұзуға байланысты пайдаланылатын азаматтық - құқықтық тетіктердің жиынтығы - меншік құқығын қорғауды ажыратуды ұсынады.
Қорғау мен сақтау түсіністіктерін ажырату қажет. Меншік құқығын сақтау осы құқықтың бұзылуы фактісіне дейін жүзеге асып, алдын ала сақтандыру ескерту сипатында болады. Меншік азаматтардың құқығын қорғау азаматтық құқықтық қорғаудың нақты әдістері мен тәсілдерін пайдалану қажет болғанда және бір нәрсе меншік құқығының бұзылуы немесе сондай бұзылу айқын төніп тұрғанда қолданылады. Сол себепті азаматтардың меншік құқығын қорғау және сақтау түсіністіктерін теңбе - тең деуге болмайды. [2]
Азаматтық құқықтың тар мағынасында алсақ, азаматтардың меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды қорғау дегеніміз - азаматтық заңнамада бекімін тапқан меншік құқықтары мен өзге де заттық құқықтарды қорғаудың нақты ерекше шаралары дейміз. Жалпы профессор Скрябиннің көз қарасы бойынша қолданыстағы азаматтық заңнама негізінде меншік құқығын қорғаудың азаматтық - құқықтық төрт әдісін бөліп қарастырған. Олар:
1) заттың - құқықтық талап.
2) міндеттемелік - құқықтық талап.
3) меншік құқығын қорғаудың өзге әдістері.
4) меншік құқығын бұзатын мемлекеттік органдарға талап болып табылады. Меншік құқығын қорғау түсінігі осыған дейін заттық - құқықтық және міндеттемелік - құқықтық әдістерін қамтып келді. Қорғаудың осы әдістерін басқа теорияда меншік құқығын қорғаудың өзге азаматтық - құқықтық әдістері де қарастырады. Оған, атап айтқанда, хабар - ошарсыз кеткен немесе өлді деп жариялаған адамдардың тірі оралуын тауындайтын жағдайлар туралы нормалар жатады. Қазақ КСР - сінде меншік туралы заңның, одан кейін КСР Одағы мен республикалардың 1991 жылғы Азаматтық заңнамалары негізінің қабылдауына байланысты меншік құқығын қорғаудың нақты азаматтық - құқықтық әдістері саласындағы актілерде мемлекеттік органдарға, олардың меншік құқығын бұзатын шешімдерін даулау үшін талап қою мүмкіндігі қарастырылады. Азаматтардың меншік құқығын қорғаудың жоғарғыда келтірген әдістердің бірде - біреуіне жатпайтын, меншік құқығын қорғаудың жаңа әдісі пайда болды.
Жалпы қорғаудың заттық - құқықтық тәсілдерінің ерекшелігі мынада: бұл тәсілдер азаматтардың меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды абсолюттік құқық ретінде қорғауға бағытталған, яғни олар нақты шарттың немесе шарттан тыс міндеттемелермен байланысты емес және бұзылған құқықтарды мына жолдармен қалпына келтіруді мақсат тұтады.
1) заңсыз тартып алған заттарды қайтару
2) бүлінген заттарды жөндеу
3) затты пайдалануға кедергіні жою
Бұлардың барлығына меншік иесінің немесе өзгедей заттық құқық иесінің белгілі бір затқа иелену, пайдалану және билік ету құқығын қалпына келтіргенде, яғни абсолюттік құқықты қалпына келтірген қол жеткізуге болады.
Азаматтардың құқығын немесе өзге де заттық құқықтарды қорғаудың міндеттемелік әдістерінің ерекшелігі сонда, мүлкі заңсыз алынған немесе бүлінген меншік иесіне немесе өзгедей заттық құқық иесіне мүліктік құны төленеді немесе бүгінгіні өтеледі, яғни келген зиян - шарттан тыс міндеттемелерден туындаған шығын төленеді.
Сонымен қорғаудың заттық - құқықтық тәсілдерінде мүлік зат түрінде қалпына келтіріледі, ал міндеттемелікте - ақшалай өтеледі.
Заттық - құқықтық тәсілдерді қолданудың ерекшелігі сонда - мүлік зат түрінде болады, ал бүгіннен мүлік қалпына келтіріледі, олай болмаған жағдайда меншік құқығын немесе өзге де заттық құқықтарды қорғаудың міндеттемелік - құықтық тәсілдері қолданылады.
Азаматтардың құқығын немесе өзгедей заттық құқықтардың қорғаудың міндеттемелік - құқықтық тәсілдеріне мыналар жатады:
1) Мемлекеттік басқару органының, жергілікті өкілдік органының меншік иесінің немесе өзгедей заттық құқық иесінің құқықтарын бұзатын, заңнамаға сәйкес емес нормативтік - құқықтың немесе жеке актісінің нәтижесінде меншік иесіне немесе өзгедей заттық құқық иесіне келген шығындардың орнын толтыру.
2) Мемлекеттік басқару органның, жергілікті басқару немесе өкілдік органның, не лауазымды адамның актісін заңсыз деп тану, сондай - ақ заңнамаға қайшы құқықтың актіні қолданбау туралы талап қою.
3) Заң актілерінде көзделген негіздер бойынша меншік құқығы тоқтағанда оны қорғау.
Азаматтық - құқықтық қорғаудың кең көлемі қоғамның экономикалық қатынастарының кедергісіз дамуын және жақсы қамтамасыз етілуіне бағытталған азаматтық құқықтық нормамен көзделген барлық әдіс - тәсілдердің жиынтығы болып табылады.
Азаматтық - құқықтық қорғаудың тар көлемі деп бұзылған заңды мүдделерді қорғау және де меншік құқығын тану немесе қалпына келтіруге бағытталған әдіс - тәсілдер мен заңда көрсетілген шаралардың жиынтығын айтамыз.
Бұрын еселе Қазақстанның цивилистік доктринасында мүлдем шешілмеген. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Азаматтық кодексі Титулдық иеленуді адамның өз иелігін меншік иесінен де қорғауға құқығы бар. Ал, іс жүзінде иемденуді азаматтық кодекстің 240 - бабының 2 тармағында, мүлікке меншік құқығын алғанға дейін оларды өз мүмкіндік иеленуші азамат немесе заңды тұлға өз иелігін мүліктің меншік иелері болып табымайтын, сондай - ақ заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге де негіздерге сәйкес оларды иеленуге құқығы жоқ үшінші жақтардан қорғауға құқылы деп көрсетілген.
Бұнда қорғау туралы еске салғаны болмаса, иемденуді қорғау мәселесін тиянақтайды.
Бұл адамның өз иелігін меншік иесінен де қорғауға құқығы бар - деп тиянақталып, онда меншік иесі болмағанымен, заңда немесе шартта көзделгендей мүлікті иемденетін, өз иелігін меншіктенушіден де қорғауға құқығы болатын тұлғалардың мүліктік құқығын қорғауға құқық беріледі.
Заңды, ең дұрысы титулдық иемденушілердің құқықтарын қорғау туралы талаптардың болу қажеттілігін былайша негіздеу керек. Алдымен, титілдық иемденушіге анықтама береміз. Ол заттық құқықты иеленуші болады да, өзінің субъективтік құқығын мүлікті меншік иесімен заңнамалық актілерде не шартта қарастырылған негізде жүзеге асырады. Кейбір жағдайда затты меншік иесі оны шаруашылық пайдалануды тікелей жүзеге асырады. Әйтсе де, азаматтық реттеу ісі субъективтік меншік құқығын жүзеге асырудың басқа, тіпті неғұрлым тиімді әдістерінің болатындығын көрсетіп отыр. Олардың схемасы оңай түрде былай болады. Мүлікке меншікті иесі заң немесе шарт негізінде меншік иесі затты шаруашылық пайдалану құқығын береді. Мүліктік құқықты осылай берудің мақсаты меншік иесінің өзі затты дәл солай пайдаланғандағыдан гөрі көп табыс алуға кеп тіреледі. Осы жағдайда меншік иесінде, оның басқа тұлғаның иелігіндегі мүлкі меншік иесінің өзінде болатын иесінің өзінде болатын секілді, заңмен сенімді қорғалайтындай белгілі бір құқықтық кепілі болуы тиіс. Қарастырылып отырған ахуалда титулдық иемденуші ең алдымен затқа өз құқығын қорғайтыны белгілі жай. Бірақ бұл жоғарыда айтылғанға қайшы келмейді, керісінше, оны үйлесімді толықтырады. Азаматтың өз өкілеттігінің бөлігін басқа шаруашылық субъектісіне беру тұжырымдамасы ірі, мемлекет сияқты меншік иелері үшін өте - өте өзекті, өйткені, оның өз меншік құқығын дербес жүзеге асыруына ешбір мүмкіндігі болмайды.
Титулдық иемденуді қорғау әдістері меншік құқығын қорғау әдістеріне көп жағынан ұқсас болып келеді. Әйтсе де, олардың ерекшелігін атап өткен жөн. Біріншіден, титулдық иемденуші бұзылған құқығын қорғау үшін, дербес анықталған затқа өз иемденуін дәлелдеуі немесе құқықтық негізін көрсетуі тиіс. Әдетте, дәлел ретінде, тиісті мүлікті меншік иесімен жасалған шарт танылады. Екіншіден, жоғарыда атап өткендей, титулды иемденуші өз иелігін тіпті оның меншік иесінен де қорғауға құқығы болады. Мұндай жағдай меншік иесінің әрекеті титулдық иемденушімен шартқа негізделмеген болса, немесе қолданыстағы заңнама тараптарына сай келмегенде орын алады. Басқаша айтқанда, титулдық иемденушіге мешік иесінің құқыққа қайшы әрекеттерінен қорғануға мүмкіндік беріледі. Мұндай қорғау иемденушіге, меншік иесінің әрекетінің дұрыс еместігі дәлелденгеннен кейін ғана, иемдену мерзімі ішінде беріледі. Егер меншік иесінің араласуын сот заңсыз деп тапса, онда оның қорғау құқығы болмайды. Үшіншіден өз иелігін, қорғай отырып, иемденуші басқа тұлғаның да меншік құқығын қорғайды. Бұл жерде заңды иемденушілердің талабы кем егімен меншік құқығын жанама, аралық қорғауы туралы айтуға болады. [3]
Арнайы заң құжаттарында көзделген жағдайда нақты және заңды әрекеттермен тікелей құқығы бұзылған адамдардың құқығын қорғауға заң жол береді. Қорғаудың юрисдикциялық түрі субъективті құқықтар бұзылғанда немесе дауға түскенде өкілетті мемлекеттік органдардың оны қорғауға араласуы болып табылады. Заңдық мүддесі бұзылған тұлға мемлекеттік немесе басқа да құзіретті органдарға шағымданады, әлгі аталған органдар өз кезегінде бұзылған құқықты қалпына келтіру және құқық бұзушылықты жою үшін өкілеттелігіне сай қажетті шараларды қолданылады. Қорғаудың юрисдикциялық нысаны бұзылған құқықтарды қорғаудың жалпы және арнайы тәртібін белгілейді. Жалпы тәртіпке сәйкес заңмен қорғалатын азаматтық құқықтардың мүддесін қорғау сот төрелік немесе аралық сот жүзеге асады. Кейбір заңдарда аралас, яғни меншік құқығы мен басқада заттық құқық қорғаудың әкімшілік сот тәртібін қолданады. Мұндай жағдайда мүліктің меншік иесі иеленушісі сотқа шағымбас бұрын мемлекеттің басқару органына шағымданады. Қорғаудың юрисдикциялық емес нысаны заттың меншік иесі мен оны иеленушісінің мемлекеттік және басқа кұзіретті органдарға бармай - ақ өз бетімен қорғануын білдіреді. Азаматтық кодекстің тұжырымдарында аталған әрекеттер Азаматтық құқықтардың өзін өзі қорғауы ұғымымен байланысты және Азаматтардың құқықтары мен басқа да заттық құқықтарды қорғаудың бір әдісі ретінде қаралады. Азаматтық құқықтың өзін өзі қорғауы өзінің заңдық табиғатында құқық қорғау әдісі болып табылмайтын өзіндік нысанын еншілейді деген пікірде бар. Мәселен, проф. А.П.Сергеев қорғанудың дербес түрі ретінде өзін өзі қорғау құқығы сот және әкімшілік нысандарымен бірдей қаралуы керек дейді. Біздің пікірімізше өзін өзі қорғау құқығы сот және әкімшілік нысандарымен бірдей қаралуы керек дейді. Біздің пікірімізше өзін өзі қорғау құқығына ешкімнің тиіспейтіндігін қамтамасыз етуге, бұзылған құқықты қалпына келтіріп, оның салдарын жоюға бағытталған өкілетті тұлғаның заң немесе шарт негізінде әрекет етуге жол берілген азаматтық құқықты қорғаудың дербес нысаны болып табылады. Жоғарыда айтылған құқықтық қорғаудың кең мағынасын, меншік құқығын қорғаудың арнайы құрал жүйесінен айыра білу керек.
Мұндай арнайы қорғану құқық бұзушылық сипатына байланысты келеді. Құқық бұзушы мен өкілетті тұлға арасында міндеттемелік қатынас болған ретте (мысалы, жалға алушы шартта көрсетілген мерзімде затты меншік иесіне қайтаруға тиіс болса) міндеттемелік құқықтың қорғау құралдары қолданылады. Міндеттемелік - құқық құралы талап қоюға тән нәрсе, ол бірден меншік құқығынан көріне бермейді, азаматтық құқықтың құқығына тікелей емес соңында, яғни ақыр аяғында қорғайды.
Ал меншік құқығын қорғаудың заттық - құқықтық құрал меншік құқығын және қандай да бір нақты қорғауға тікелей бағытталуымен сипатталады міндеттемемен байланыста болмайды. ҚР заңдарында жәбірленушінің құқық бұзушыға қарсы талап қою түрін таңдау мүмкіндігін бермейді.

2. Азаматтық құқықтарды қорғаудың тәсілдері
2.1 Азаматтық құқықтарды қорғаудың балама тәсілдері
Азаматтық - құқықтың қорғаудың көздейтін мақсаты меншік иесінің заңсыз айырылған нәрсесін өзіне қайтару немесе өзінің затын пайдаланудағы кедергілерді жою болып табылады. Затын қайтару туралы азаматтық талапты виндикациялық талап, ал затын пайдаланудағы кедергілер жою талабын негаторлы талап деп атайды.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік құқығы, оның ішінде меншік құқығы мен өзгедей заттық құқықтары әртүрлі құқықтық салаларды қорғайды. Мүліктік құқықтарды қорғау жүйесінде азаматтық құқық маңызды рөл атқарады, себебі мүліктік құқық құқықтың бұл саласының тікелей обьектісі болып табылады. Сонымен қатар азаматтық құқықтың өзі меншік құқығы мен өзгедей заттық құқықтарды әртүрлі тәсілдермен қорғайды.
Азаматтардың құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғау тәсілдері, өздерінің құқықты қорғау сипатына қарай, заттық құқықтық және міндеттемелік болып топтасады.
Қорғаудың заттық әдістері жайлы шетел ғалымы У. Маттей дәл байқағандай, меншік құқығының абстрактілі және абсолют құқықтық категория ретінде тікелей туындайды. Ол былай деп көрсетеді: абсолют сипот тиісті құқықтың бар екенін дәлелдей отырып қорғаудың өзін қамтиды өз кезенінде қорғау дәстүрлі түрде бір - бірінен бөлек талаптар төңірегінде құрылады. Ол талаптар: меншік иесі өзінің мүліктік құқығын жүзеге асыруды, кім бөгет жасайды, кез келгеніне қарсы тұратын негаторлық және меншік иесінің оның мүлкін иемденген кез келген меншік иесі емеске қарсы тұрып, өз мүлкін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін виндикациялық болып келеді.
Меншік құқығын қорғаудың заттық - құқықтық әдістерін затқа меншік құқығын кез келген қол сұғушылықтан абсолют қорғау деп те атайды. Қазір осы қорғау бізде осындай қолсұғушы субъектіге тәуелсіз жүзеге асырылады, ал ертеректе азаматтық заңнамада меншіктің кейбір түрлеріне артықшылық қарастырылған болатын.
Азаматтық құқық қорғаудың әдістерін дегеніміз:
а) зат иесінің ол затты біреудің заңсыз иеленуінен өзіне зат күйінде қайтарылуын талап ету, ал иемдену еркінен айырмай - ақ заңды пайдалануға жасалып отырған кедергіні жоюды талап ету;
б) затты жойып жіберген немесе бүлдірген жағдайда зиянның (шығынның) орнын толтыру (ақшалай құнын өтеу);
в) басқа бір адам негізсіз ие болған немесе сақтап қалған, виндикация жолымен немесе зиянның орнын толтыру арқылы қайтарып алуға болмайтын заттың құнын зат иесіне ақшалай төлеу.
Меншік құқығын қорғаудың алғашқы екі әдісі меншік иесіне затты сол қалпында иемдену, пайдалану және оған билік жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған. Талап ету яғни бұзылған меншік құқығын қалпына келтіру туралы - затты иесіне қайтару немесе пайдалануға тигізіп отырған кедергіні жою туралы сотқа қойылған талап заттық құқықтық талап деп аталады. Аталған әдістердің соңғы екеуі міндеттемелік құқығына жатады - мұндай жағдайда меншік иесіне заттың ақшалай ақысы төленеді, ал тиісті талаптар міндеттемелік талаптар деп аталады. Қорғау құқығы проблемасы бұл тек материалдық құқықтың ғана проблемасы емес, ол сонымен бірге азаматтық іс жүргізу құқығының да проблемасы болып табылады. Сонымен бірге азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымында қорғау құқығы, әдетте талап қою құқығы туралы мәселеге келіп тіреледі. Бұл орайда талап қоюға құқық туралы мәселені шешуде айтарлықтай алшақтық туындайды. Авторлардың бір тобы талап қоюға берілетін құқық ұғымынан келіп талап қою құқықты сотпен қарау құралы ғана болып табылады деген пікірге тоғысады. Мұндай көзқарастар континентальді құқықтың талап қою теориясы үшін де сипаты жағынан сай келеді. Франция ғалымы Леон Столие Морандьер осыған байланысты былай дейді: талап арыз тұлғаның нақты құқықтық жағдайын немесе жаңа заңдық жағдайдын құру үшін сотқа сот әділдігін жүзеге асыруға жәрдемдесетін ерікті заңдық әрекет болып табылады, талап қою дегеніміз оны беру құқығын еншілейтін иеленушінің өзіне тиесілі сотқа жүгіну құқығынан басқа ештеңе де емес.
Лео Розенберг (ФРГ) болса, талап қою - сот шешімі арқылы құқықты қорғау үшін сотқа жүгіну деп анықтама береді. Осы анықтамалардың қай қайсысы да талап қоюды белгілі бір тұлғаның тиісті мүддесіне қатысты сот шешімімен болатынын айқындап берген Рим құқығының анықтамасына сәйкес келеді. Авторлардың енді бір тобы талап қоюға құқылық материалдық мағынада және талап қоюға құқықты іс жүргізу мағынасында бөліп қарау керектігін ұсынады. Бұл орайда талап қою құқығына қатысты проблемаларды зерттеген авторлардың талап қоюды материалдық - құқықтық және іс жүргізу нысандарын бірлікте қарауы көңілге қонады. Сондықтанда В.П. Грибанов құқықты қорғау проблемасы тек талап қою қорғау түрлерінің бар екендігін көлденең тартады. Меншік құқығын қорғаудың тиімді құралын іздестіруде заңдық рәсімдерді жеңілдетуге деген ынта күшейе түсті. Қазақстанда талап қоюға байланысты жалпы іс жүргізу тәртібі өте - өте ауқымды болғанын айта кеткен жөн. Азаматтық құқықтарды сот арқылы қорғау принципі, соттың қорғауын қамтамасыз ету принципі, бұл конституциялық принцип еркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар (конституцияның 13 бабының 2 - тармағы). Бұдан азғана уақыт бұрын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқықтарды қорғаудың балама тәсілдері
Азаматтық құқықтарды қорғаудың түсінігі және жалпы ережелері
Меншік және меншік құқығы
Азаматтардың меншік құқығы
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ
ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУ
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру шектері
Азаматтық құқықтағы мерзімдердің түрлері
Азаматтық құқықтарды қорғаудың түсінігі
Азаматтық құқықтарды қорғау жолдары
Пәндер