Қазақ тілі сабағының түрлері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

Туризм және тілдер факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қазақ тілі сабағының түрлері мен құрылымы

Пәні: Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Мамандығы: 5В011700 - Қазақ тілі және әдебиеті

Орындаған: Сабитова Мәдина 3 курс студенті
Оқу формасы: күндізгі

Жетекші: Каримсакова Б.А.,доцент

Курстық жұмысты
қорғау уақыты _ _ 2020ж.

Бағасы ______
Ақтау,2020
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

Туризм және тілдер факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы

Пәні: Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Мамандығы: 5В011700 - Қазақ тілі және әдебиеті

ТАПСЫРМА
Курстық жұмысты орындауға арналған
Студент: Сабитова Мәдина
Тақырыбы: Қазақ тілі сабағының түрлері мен құрылымы
Тапсырманы орындауға (зерттеуге) қатысты негізгі сұрақтар:
1) Қазақ тілі сабағы;
2) Сабақтың түрлері;
3) Сабақтың құрылымы.

Негізгі әдебиеттер:
1. Ш.Х.Құрманалина, Б.Ж.Мұқанова, Ә.У.Галимова,
Р.К.Ильясова. Педагогика. - Алматы, 2002.
2. Ж.Адамбаева. Қазақ тілі және әдістемелік нұсқау-
лары. - Алматы, 2000.
3. А.Сатыбаева, Г.Сатыбаева.Қазақ тілін оқыту әдістемесі. - Астана,2008.
Курстық жұмыстың көлемі: 26 бет.
Курстық жұмыстың тапсыру мерзімі _ _ 2021ж.дейін
Курстық жұмыс жетекшісі _____ Каримсакова Б.А.
_ _2020ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5

1. Қазақ тілін оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
7
0.1 Сабақтың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
10
1.2 Сабаққа дайындалу жөне оны ұйымдастыруға қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

16

2. Сабақтың жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
17
1.1 Сабақтың ұйымдастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
17
1.2 Сабақ құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Оқытудағы сөздік әдістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
19

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
25

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
26

КІРІСПЕ

Мемлекеттік тілде оқымайтын мектептерде қазақ тілі пәнін оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар: қазақ тілі сабағы екі бағытқа негізделеді. Оның бірі - әдебиеттік оқу немесе лексикалық тақырып (мәтін оқу, сұрақтарға жауап беру, өлең, жұмбақ жаттау, суретпен, сөздікпен жұмыс істеу), екіншісі - грамматикалық тақырып, оған грамматикалық ережелер, әр түрлі жаттығу және тапсырмалар жатады. Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілін оқыту мақсаты: оқушыларды қазақша сөйлей алатын деңгейге жеткізу, яғни мектеп бітірген оқушылар қазақша ауызекі сөзге түсінік беріп,өздері қазақ тілінде көрген-білгенін, ойын айтып, оқып,жаза алатын болуы көзделеді. Мемлекеттік тілдің өз қызметін толық атқару үшін Қазақстанды мекендейтін халықтардың ол тілді білуі парыз . Еліміз көп ұлтты мемлекет болғандықтан, басқа ұлттардың да қазақ тілін меңгеруі үшін арнайы мамандар қазақ тілін шебер үйретуі қажет. Ондай мамандар даярлау - педагогикалық колледждердің міндеті. Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құрал - осы істің бастамасы. Бұл құрал мемлекеттік тілде оқымайтын мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесінің бағдарламасы бойынша жазылды. Оқу құралын жазуға Ә.Жүнісбек, Ж. Адамбаева, К. Сариева, Н.Оралбаева, С. Жақсылықова, т.б. ғалымдардың еңбектері, эксперименттері негіз болды. Оқу - әдістемелік құрал мемлекеттік тілде оқымайтын мектептердің "қазақ тілі" пәні мұғалімдеріне, педагогикалық колледж оқытушыларына, студенттеріне арналады.
Қазақ тілін ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз етуге айрықша көңіл бөлінген. Атап айтқанда, жаңа оқулықтар мазмұнды болып шығу үшін оны әдістемелік нұсқаулар, дидактикалық материалдар, екі тілдегі түрлі сөздіктер, мазмұндама сынақхат жинақтары, әдістемелік оқу құралдары, грамматикалық кестелер, альбомдар, сюжетті суреттер, электрондық оқулықтар, т.б. әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету белгіленген.
Осылай білім берудің мазмүнын жаңартып жетістіру үшін ұлттық сипаты жаңа оқулықтар жазылып, мектептерде тәжірибеден өтуде. Өзге тілді, нақтылай айтқанда, қазақ тілін игеру, меңгеру аса күрделі процесс.
Өйткені орыс тілі құрылысы жағынан флегтивті (қопармалы) тілге жататын болса, қазақ тілі жалғамалы (агглютинативті) тілі қатарына жатады. Орыс тілді балаларға қазақ тілін оқытудағы басты мақсат - сөйлей білуге, өз ойын айта білуге, жаза білуге үйрету дейтін болсақ, коммуникативтік қарым-қатынас бірінші орында тұрады, ал грамматика екінші орында тұрады. Осыған байланысты қазақ тілін орыс мектебінде оқыту әдісі мен қазақ тілін қазақ мектебінде оқыту әдісі бірыңғай болып келмейді. Олардың арасында елеулі ерекшеліктер бар.

1. ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ

Сабақ - оқу процесінің кезеңі, буыны. Сабақтың типтері: аралас сабақ, жаңа материалды оқу, жаңа іскерлікті қалыптастыру, білім, іскерліктерді бекіту, жинақтау және жүйелеу, білім, іскерліктерді практикада қолдану,білім, іскерліктерді бақылау және түзету. Сабақ - оқу ісін ұйымдастырудың негізгі түрі. Қазақ тілі екінші тіл ретінде оқытылатын болғандыңтан, сабақта қазақша қарым - қатынас жасауға бағытталады. Оқушыларды
қазақша сөйлеуге үйрету тілдік білім берумен жүзеге асады. Сабақтағы негізгі тұлғалар - мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы. Сабақтың сапасы, нәтижесі мұғалімнің іс - әрекетімен байланысты. Мұғалімнің білімі, тәжірибесі, сабақты ұйымдастыру шеберлігі, сабақ материалын сұрыптап ала білуі, оны оқушыға түсіндіруі, жеткізе білуі сабақтың
сапасына, нәтижесіне әсер етеді. Бірақ сабақ көп адамның іс - әрекетімен байланысты. Қазақ тілі сабағына қатысушылар тілді үйретуші мен үйренушілер арасындағы қатынас сабақ нәтижесіне әсерін тигізетінін бай-
қайды. Сабақта мұғалім қажетті тіл ортасын жасауы керек.
Сондықтан мұғалім мен оқушының бір-біріне сенуі, сый-құрметі, бір-бірін жақсы көруі сыныпта, сабақта қолайлы жағдай қалыптастыруға ықпал етеді.
Сабаққа қойылатын талаптар. Сабақты ұйымдастыру үшін мұғалім оның мақсатын анықтайды. Сабақтың мақсаты орындалуы үшін, қажетті құралдарды қолдану жүйесі күні бұрын ойластырылады: дидактикалық материалдар, құрал-жабдықтар, т.б. Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілін оқыту процесінде қазақ халқының тарихын, әдебиетін, әдет-ғұрпын, салтын, географиясын,
ғылымын, музыкасын, кескін өнерін, ғалымдарын, акын-жазушыларын, еңбек озаттарын таныту көзделеді. Бастауыш мектепте қазақ тілін өзге ұлттарға оқытудағы негізгі мақсат - қазақша сөйлеу туралы қарапайым ұғым беру, отбасында, тұрмыста, оқу процесінде мүғалімнің,
жолдастарының, екінші бір адамның сөзін түсініп, түрлі - типтік жағдаяттарда "Танысу", "Дүкенде", "Дәрігерде", "Кітапханада", т.б. сөйлеумен бірге қазақша дұрыс мәнерлеп оқу, сауатты жазу техникасын меңгеру, сондай-ақ, ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасау-
да қажетті сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Диалогтік және монологтік сөйлеу дағдыларын, сөйлеу мәдениетін жетілдіру;
Сабақтың құрылымына қойылатын талаптар:
- сабақтың тақырыбы бойынша оның білімдік, дидактикалық , тәрбиелік мақсаттарын анықтау;
- түрін анықтау, жаңа материалды өткен материалмен байланыстыру;
- оқушының білімін бекіту, қайталау, бақылау жүйесін ойластыру;
- үй тапсырмасының көлемін, түсініктілігін, баланың мүмкіндіктерін кадағалау.

1.1. Қазақ тілі сабағының түрлері
Теоретиктер мен практиктердің арасында дидактикалык мақсатқа жеткізетін сабақтар кең қолдау табуда.
Олар: 1) аралас сабақ, 2) жаңа материалдарды оқу, 3) жаңа іскерлікті қалыптастыру, 4) білім, іскерліктерді бекіту, 5) жинақтау және жүйелеу,
6) білім, іскерліктерді практикада қолдану, 7) білім, іскерліктерді бақылау және түзету.
Аралас сабақ. Бұл сабақ қазіргі мектептерде кең тараған, көптеген сабақ түрлерінің алдында тұрған міндеттерге сүйенеді, бірнеше сабақтардан құралады. Аралас сабақтың құрылымы әр түрлі болады. Жаңа материалды оқытуда оны бірнеше рет бекіту, қолдану жиі ұйымдастырылады: материалды бекітумен қатар бұрын өтілген тақырыптарды тексерген жөн, сонымен қатар бұл білімдерді әр жағдайда қолданып дағдыландырған дұрыс. Аралас сабақ мұғалімге қатаң талап қояды.
Орыс мектептерінде жүргізілетін қазақ тілі сабағы мазмұнына қарай:
1 ) бір мәселелі сабақ; 2) кешенді сабақ болып бөлінеді. Бір мәселелі сабақта негізінен қазақ тілі грамматикасынан белгілі бір тақырып алынады да, сабақтың басқа бөлімдері оны жан-жақты толықтыруға арналады.
Грамматикалық, тілдік нұсқаларды сөйлеуде, жазуда дұрыс қолдану дағдысын қалыптастыру жұмысының түрлері барлық сабақтан орын алды. Мұндай жұмыстың түрлерінсіз ешбір сабақ болуы мүмкін емес. Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту сабағы мазмүнында бұл негізгі
мәселе. Әр сабақ оқушыны жаңа сөздермен таныстырып,сөздік қорын байытуды көздеу керек. Барлық сабақта оқушының сөздік қорымен жұмыс үздіксіз жүргізіліп отыруы міндет. Ол негізінен жаңа сөзбен жұмыс жүргізу және бұрын өтілген сөздерді қолдану дағдысын қалыптастыру, ұмыттырмау мақсатын көздеуі қажет. Жаңа материалды
оқу сабағы. Мақсаты - оқушыларға жаңа білім беру. Мұғалім оқушыларға жаңа материалды береді, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырады.
Олардың өз білімдерін практикада қолдануға үйретеді. Жаңа материалды оқу түрлі әдістер арқылы жүзеге асады. Оқушылардың оқу жұмысынан қызығушылығын ояту үшін енжар іс-әрекет түрлерін (мұғалімнің
әңгімесін, сыныптасының жауабын тыңдау) және белсенді жұмыс
түрлері орындалады. Жаңа материалды окып үйрену кезінде бұрынғы меңгерілген білімдер ретке келтіріледі және бекітіледі. Жаңа сабақты өту, оны оқушыға түсіндіру - оқушыға сабақ арқылы білім берудің ең
бір маңызды мәселесі. Сондықтан да оны оқушы шаршамай тұрған
кезде, сабақтың алғашқы кезеңінде өтеді. Жаңа сабақты түсіндірудің алдында оқушының өткен сабақтан алған білімін тексерумен, оны сабаққа жұмылдыру, оқушы назарын сабаққа тарту ісі де жүзеге асады. Сонымен бірге, жаңа сабақты түсіндіру сабақтың алғашқы бөлімінде өтілгенде сабақтың қалған бөлімінде жаңа сабақ материалын бекіту, тілдік материалды қолдануға жаттықтыруға мүмкіндік туады. Жаңа сабақтың барлық материалын, үйренген жаңа сөздерді, оларды
қолданудың жолдарын оқушы сабақта меңгеріп үлгеруі қажет.Ол үшін жасалатын жаттығу жұмыстарын оқушы сабақта толық жасауы қажет. Қазіргі кездегі талап бойынша оқушы жаңа сабақ материалын сабақта меңгеріп, үйде оны қайталап есіне жаңғыртып берік бекітуі керек. Қазақ тілі екінші тіл ретінде ұлттық мектептерде оқытылғанда, мұғалім сабақта оқушыға таныстыруға тиісті тілдік материалды түсіндірудің ең ұтымды жолын іздестіруге тиісті. Күрделі сөйлемдерден тұратын шұбыртпалы сөйлегенді оқушы түсінбейді. Оқушы қазақша сөйлеуге, тыңдағанын түсінуге негізінен сабақта жаттығады. Өйткені оның қазақша сөйлеу ортасы, мүмкіндігі жоқтың қасы. Бұл қазақ тілі сабағын ңазақша сөйлеу, тыңдау, оны түсініп, қазақша қарым-қатынас жасау ортасына айналдыру қажеттілігін туғызады. Мүғалімнің бұл жағдайды ескермеуі мүмкін емес. Әр сабақта жаңа материалды өткенде, оқушының бұрынғы сабақтарындағы алған біліміне сүйену, оны оқущының ұмытпау жағдаиын қадағалап отыру өте қажет.
Қайталау сабағы. Бұл сабақтардың мақсаты - оқушылардың білімдерін
еске түсіру және кеңейту. Қолданылатын әдістері: түсіндіру, әңгіме, теңестіру, салыстыру, дәлелдеу, бағалау. Тәсілдері: бақылау жұмыстарын
жаздыру, корыту. Қайталау сабағы тілдік бір мәселені аяқтаған соң бекіту ретінде жүргізіледі. Қайталау сабағында жазба жұмыстарын да өткізуге болады. Қайталау сабағында жүргізілетін жазба жұмыстарын диктант,
мазмұндама, шығарма, бақылау жұмыстары ретінде өткізуге болады.
Сол сияқты қазақ тілінің ерекшелігіне қатысты дыбыстарды оқығаннан соң олардың дұрыс айтылуын қалыптастыру үшін қайталау сабағын өткізуге болады. Қайталау сабағында ауызша әңгімелесу, өлендерді оқу, мазмұнын әңгімелеу, магнитофонға жазылған өлеңдерді тыңдап қайталау, өлең жаттау, мақал- мәтелдерді жаттау сияқты жұмыс түрлерін өткізуге болады. Қайталау сабағын бір топ материалдарды өтіп болған соң да өткізуге болады. Мысалы: фонетика, лексика, жалғаулар материалдарынан соң олардың әрқайсысына қайталау сабағын жүргізуте болады. Ондай қайталау сабағында ереже қайталау орын алмайды. Қайталау сабағын белгілі бір тілдік материалға негіздемей, тек сөйлеу, әңгімелесуге де арнауға болады. Мұндай сабақты тақырыпқа да құру қолайлы. Ол тақырыптар бұрын өтілген тақырып болуы да мүмкін, бірақ ол қайталау сабағында бұрынғыдан күрделі түрде қойылуға тиіс. Егер тақырып аз болса, оны ашуға тиісті сөздер бұрын оқушы білетін сөздер төңірегінде болуы керек. Қайталау сабағы мұндайда оқушы білетін сөздерді, сөйлем үлгілерін қолдануда қажет ететін болғаны жөн. Сонда оқушы өзі білетін сөздерді, сөйлем үлгілерін өзінше пайдалану, қолдану дағдысын қалыптастырады. Мұндай тек сөйлеуге, сөйлесуге арналған қайталау сабағы мезгіл-мезгіл өтіп тұрған пайдалы. Мысалы: түс атауларын оқушылардың сөздік қорына енгізу, сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін I сыныпта өтілетін сабақ үлгісі. Тақырыбы:
бояу түстері. Мақсаты: оқушылардың сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, өзара ынтымақтыққа тәрбиелеу.
Әрбір оқушыда әр түсті қарындаштар (бояулар) бар.
Мұғалім ойынның шартымен таныстырады: Балалар сендер байқаған боларсыңдар, жаңбырдан соң күн бұлттан шыққанда әр түсті кемпірқосақ көрінеді. Біз де сондай кемпірқосақты салайық. Бірақ бір шарт бар: Сендер
Кемпірқосақтың түстерін менің қазақ тілінде айтқаным бойынша саласындар. Астындағысынан бастаймыз:
Қызыл Сары
Сары ала Жасыл
Ақшыл көк (көгілдір) Көк.
Сия көк
Қандай түсті екенін табыңдар!
Тақтада әр түсті жалауша тұр. Бір оқушы тақтаға шығады. Екінші оқушы артымен тақтаға қарай тұрады.Бірінші оқушы түсті таңдап болған соң, екінші оқушы қарап түсті айтады;
1-оқушы: Мынау жасыл ма? 2-оқушы: Жоқ.
1-оқушы: Қызыл ма? 2-оқушы: Иә, қызыл.
Тоғайдағы әр түстер
Тапсырма: Жазғы немесе күзгі тоғайды салу.
- Ағаштардың түстері қандай? Сары, қызыл, көк
-- Аспанның түсі қандай? Көгілдір
Оқылатын материалды бекіту сабағы. Жекелеген тақырыптарды,
бөлімдерді өткен соң материалды терең түсіну және меңгеру мақсатында өткізіледі. Бекіту сабағында оқушылардан жеке және жаппай сабақ сұрауды ауызша, жазбаша практикалық жұмыстармен, өздік жұмыстарды ұйымдастырумен ұштастырған жөн. Тіл сабақтарында бұл кезеңде диктанттың алуан түрлері, шығарманың қысқаша мазмұны жазылады. Оларды мұғалім тексереді және бағалайды. Мұндай сабақты өткізу
әдісі - ауызша - жазбаша жаттығу, білім тексеру, бағалау. Қолданылатын тәсілдер перфокарта, карточкалармен жұмыс, кесте жасау, т.б.
Білімді машықта қолдану. Бұл сабақ кезеңдері: ұйымдастыру, мақсат қою, үй тапсырмасын тексеру, білімді еске түсіру, білім, іскерлік, дағдыларды практикалық міндеттерді шешу үшін қолдану, оқушылардың аяқтаған жұмыстары жөнінде есеп жазуы, үй тапсырмасын беруі. Бақылау сабақтары оқушылардың теориялық материалдарды, оқылып отырған негізгі ұғымдарды меңгергендігін, оқу танымдық іс-әрекет тәжірибесінің қалыптасқандығын анықтап, оқушылардың білімдеріне
сәйкес оқу процесіне түзету енгізу мақсатында өткізеді.
Қалыпсыз сабақ. Қазіргі уақытта бұрыннан қалыптасқан, жоғарыда аталған сабақ түрлерінен басқа, жаңа үлгідегі қалыпсыз сабақ түрлері де төжірибеде кеңінен қолданылып жүр. Бұл сабақтардың (КВН сабағы, Аукцион сабағы, Панорама сабағы, т.б.) оқушылардың қазақша, ауызша және жазбаша тілін дамытуда, қазақ халқының салт-дәстүр, рәсімдерін, мәдениеті мен өнерін қастерлеп, сыйлауға тәрбиелеуде маңызы ерекше. Сабақтың бұл түрлерін мүғалім қашан, қай жағдайда қолдануды
жақсы білуі қажет. Сабақтың бәрін орынсыз қалыпсыз сабаққа айналдыруға болмайды. Керісінше, қалыпсыз сабақты сирек колдану керек. Қазақ тілін оқытуда қалыпты, дағдылы сабақ негізгі орын алады. Оны ұмытпау керек. Қазакстандағы облыс, аудан аттарын дұрыс айтуға,
оны қолдануға дағдыны қалыптастыру үшін саяхат сабақтарын ұйымдастыруға болады. Жалпы қалыпсыз сабақ өткенді қайталау, сөйлеу дағдысын қалыптастыру мақсатында жүргізілгенде, жақсы нәтиже береді. Сондықтан саяхат сабағы оған қатысты сөздер бұрын өтілген жағдай-
да оны бекіту үшін ұйымдастырылғаны жөн. Мұғалім саяхат сабағының толық жоспарын жасап, барлық оқушыны қалай қатыстыратынын да анық көрсетуі қажет.

1.2.Сабаққа дайындалу және оған қойылатын талаптар

Сабақтың аталған түрлерін ұйымдастыру нәтижесінде мұғалімнің педагогикалық, әдістемелік және теориялық білімі сараланады. Атап айтқанда, кез келген мүғалім өз сабағын үлкен ізденіспен, әдістемелік шеберлікпен түрлендіріп қызықты өткізуі керек. Осы мүмкіндіктерді
жүзеге асыру үшін келесі талаптарды ескерген жөн:
а) берілетін оқу мазмұнының ғылымилығы. Қазақ тілі сабағында тілдік материал берілетіні белгілі. Ол фонетика, лексика, грамматикамен байланысты. Оқу материалын таңдауда психология және педагогика ғылымдарына да сүйену керек. Оқу материалын ғылыми негіздерге сүйене отырып белгілеу оны ғылыми жағын қамтамасыз етеді.
ә) сабақтың өмірмен, қоршаған ортамен байланысы. Сабақта оқылатын мәтін, әңгімелесу тақырыбы, өлең,жұмбақ, жаттығулардың мазмұны, т.б. материалдар оқушыны қызықтыратын болуы керек. Оқушыға әсері
жоқ, оқушы өмірінен тыс, оқушыны өзіне тартпайтын материал тілді үйретуге көмектеспейді, пайдасы аз.
б) сабақтың тәрбиелік мәні. Оқу мен тәрбие мектепте бірлікте жүргізіледі. Сондықтан қазақ тілі сабағында да бұл принцип сақталады. Қазақ тілін оқыту барысында қолданылатын барлық материалдың тәрбиелік мәні зор болуы тиіс. Әсіресе, ұлттың дәстүрге байланысты материалдарда қазақ халқының үлкенді сыйлау, ата-әжеге,ата-анаға, үлкенге көмектесу, сый-құрмет көрсету, туыстың қарым-қатынасты сақтау, үзбеу сияқты адам тәрбиелеуде үлгі болатын тұстарын оқушыга білгізуге тырысу қажет.
Сабақтың дұрыс ұйымдастырылуының мәні, сабақтың әдістемелік тұрғыдан ойдағыдай өтуі, біріншіден,мұғалім мен оқушының бір-бірімен қарым-қатынасына байланысты. Екіншіден, мұғалімнің өз сабағында оқыту әдістерін шеберлікпен қолданып, сабақты дұрыс ұйымдастырып, дидактикалық принциптерді басшылыққа алып отыруына байланысты. Сабақ оқушының есту, көру, ойлау, сезу, есте сақтау қабілеттерінің бәрін іске қосатындай дәрежеде ұйымдастырылуы қажет. Ол үшін көрнекіліктің барлық түрлері, техникалық құралдар, оқушыны ойландыру тәсілдері, оқушының барлық сезімін қатыстыратын жұмыстың түрлері сабақта қол-
данылуы қажет.
Мысалы, саяхат сабағының үлгісі:
Тақырыбы: Қазақстанға саяхат.
Мақсаты: қазақша сөйлемдерді дұрыс құрастыруға үйрету, қазақ тілі сабағына қызығушылығын арттыру,Қазақстан қалаларымен таныстыру, ауызша тілін дамыту.
Сабақтың түрі: саяхат.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, сұхбат.
Қолданылатын көрнекілік: сан есімді қайталау. Сөздік кесте, Қазақстан Республикасының картасы, компьютерде жазылған мәтін.
Жүргізуші (ол мұғалім немесе оқушы болуы мүмкін):
Біз жерден 11 мың метр биіктікте ұшып келеміз. Ұшып бара жатқан уақытымыз 8 сағат 45 минут. Сіздерден орындарыңызға отырып, белдіктеріңізді тағуларыңыз сұралады. Жолдарыңызға сәт-сапар тілеймін.
Жүргізуші: Сендер Қазақстанның ел ордасы - Астана қаласын көріп тұрсыңдар. Тағы да қандай Қазақстанның қалаларын білесіңдер?
1 -оқушы: Алматы
2-оқушы: Қарағанды
3-оқушы: Ақтөбе
4-оқушы: Атырау
- Қазақстан халқының саны қанша?
1-оқушы: 17 млн-ға жуық.
Жүргізуші: Жақсы, өте дұрыс. Балалар, біз әлі ұзақ уақыт ұшамыз. Әдетте ұшақта жолаушылар кітап оқып немесе сөйлесіп уақыттарын өткізеді. Ал біздер әсем ән орындаймыз.
Ән: "Менің Қазақстаным". Сөзін жазған Ж.Нәжімеденов, әнін жазған Ш. Қалдаяқов.
Жүргізуші: Ханымдар мен мырзалар! Біз әлі де ұшуымызды жалғастырамыз. Менің тамақтанғым келіп тұр, ал сендердің ше?
Оқушы: Иә, біздің де тамақтанғымыз келді. (Тақтада "Эйр Астана" әуе компаниясының тағамдар тізімі жазылған. Әрбір оқушының алдында тағамдар тізімінің көшірмесі).
Жүргізуші: Ендеше бәріміз тақтаға қараймыз. Қалаған тамақтарыңды таңдаңдар (Тақтаның ортасында жазылған "Мен . ,. жегім келіп тұр" деген грамматикалық құрылымды көрсетеді)
Мен Жегіміз келіп тұр. 1. Тауық еті қосылған сорпа
Сен Жегісі келіп тұр. 2. Ет қосылган картоп
Сіз Ішкісі келіп тұр. 3. Бауырсақ
Ол Жегім келіп тұр. 4. Картоп қосылган самса
Біз Жегіңіз келеді. 5. Кәмпит
Сендер Жегің келіп тұр. 6. Шоколад
Сіздер Ішкіңіз келіп тұр. 7. Қуырдақ
Олар 8. Жеміс шырыны
Жүргізуші: Сонымен, тамақ алдық. Ac өте дәмді болды. Енді бәріміз компьютерде ойын ойнаймыз (Оқушылар компьютерді іске қосып, ойын ойнайды).
Сендер, Қазақстан қалаларына қону үшін сол елдің салт-дәстүрлерін, тарихын, тілін білу керексіңдер. Ол үшін мына тест сұрақтарына жауап беріңдер:
1. Бесіктегі сәбиге айтылатын ән:
а)Тұсаукесу;
ә)сыңсу ,
б) Бесік жыры.
2. "Қаз, қаз балам, қаз балам, қадам бассаң мәз болам", --
деген өлең шумағы қай кезде айтылады?
а)Бесікжыры;
ә) Тұсаукесу;
б)Арнау.
3. Келін түскенде айтылатын ән:
а) Сыңсу;
ә) Жоқтау;
б) Беташар.
4. Қыз елімен қоштасарда қай жырды айтады?
а) Сыңсу;
ә)Беташар;
б) Жар-жар.
5. Ұлы жүздің биі кім?
а) Төле;
ә) Әйтеке;
б) Қазыбек.
6. Қазыбек қай жүздің биі?
а) Орта;
ә) Ұлы;
б) Кіші.
7. "Ақтабан шұбырынды" оқиғасы қай жылы болды?
а) 1932 ж.;
ә) 1812 ж.;
б) 1723 ж.
8. "Жеті жарғы" заңдар жинағын кім шығарды?
а) Хақназар;
ө) Тәуке;
б) Қасымхан.
9. Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан алды?
а) 1991 ж. 16 желтоқсан;
ә) 1991 ж. 25 қазан;
б) 1990 ж. 30 тамыз.
10. Әнұранның сөзін жазғандар:
а) Қ.Мырзалиев, Ж.Дәрібаева, Т.Молдағалиев, М.Әлімбаев;
ә)В. Брусиловский, Л.Хамиди, М.Төлебаев;
б)Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев.
Жүргізуші: Қазақ халқында ақын - жазушылар, есімдері әлемге әйгілі тұлғалар өте көп. Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер оның жауабын айтуға дайындалыңдар
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан, - деген өлең кімдікі? (Абай).
- Қазір Абай туралы қысқаша әңгіме оқимыз (Компьютер арқылы мәтін оқу). Семей қаласында оқып жүрген кезінде Абай шығыс ақындары Низами, Сағди, Хафиз, Науаи шығармаларымен, ертегі, дастан, хисса сияқты
әдеби мұралармен танысады. Медреседегі діни уағыздармен шектеліп қана қоймай, араб, парсы, түрік тілдерін оқып үйренуге жетуі - Абайдың үлкен жетістігі.
Тапсырма: Түсінгендерін өз сөзімен айту.
Қорытынды: Біздің сапарымыз аяқталды. Біз бұл сапарда қазақ елінің тарихымен, салт-дәстүрімен таныстың, көп нәрселерді білдік. Бүгінгі алған білімдерінді ұмытпай, естеріңе сақтап жүріңдер.
Мінеки, Астанаға да келіп жеттік. Белдіктеріңді шешіп, үйге берілген тапсырманы қобдишаларыңа салып, түсе берулеріңе болады. Сау болыңдар!
Сабаққа дайындалу және оны ұйымдастыруға қойылатын талаптар:
- сабақты жоспарлау;
I оқушының денсаулығына зиян келтірмейтіндей көлемде белгілеу. .
Сабақтың мазмұнына қойылатын талаптар:
- сабақтың тәрбиелік мәні;
- сабақ мазмұнының оқушы өмірімен тікелей байланысы;
- оқушының шығармашылық ізденісі болу керек.
Өткізу әдісіне қойылатын талаптар:
- оқушы сабақта білімнің керек екенін сезінуі керек;
- сабақ көңілді, тартымды өтуі керек;
- сабақтың ырғағы мен қарқыны тиісті дәрежеде болуы керек;
- мұғалім мен оқушылар арасында түсінушілік, педагогикалық такт сақталу керек;
-оқушылар арасында өзара түсінушілік жағдай туғызу керек;
- Мұғалімнің тілі анық, ашық, нақты болуы керек.
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы
Жоспарлау. Сабаққа әзірленудің соңғы кезеңі. Оның нәтижесі - сабақ жоспары. Жас мұғалім сабақ жоспарын, конспекциясын толық жазу керек.
Жоспарда болуы тиіс мәліметтер:
- сабақтың өтетін уақыты, тақырыптың жоспардағы нөмірі;
- сабақтың тақырыбы, сабақ өтетін сынып;
- оқушыларды оқыту, тәрбиелеу дамыту міндеттері;
- сабақтың құрылымы, оның кезеңдері және әр кезеңге кететін уақыты;
- оқу материалының мазмұны;
- әрбір сабақтың бөлігіндегі жұмыстың әдістері және тәсілдері;
- сабақ өткізуге керекті оқу жабдықтары;
- үйге тапсырма.
Сонымен сабаққа әзірленгенде мұғалім оқу бағдарламасын тағы да қарап, оқу материалын оқиды, қосымша әдебиеттермен жұмыс істейді, оқушыларға тапсырма береді. Оқыту құралдарын (кесте, сызба, модель, үлестірілетін материалды) іріктейді және қарайды, әдіс-тәсілдерін таңдап, сабақтың типін және құрылымын анықтап, осының барлығын оқу жоспарына жазады. Сабаққа дайындықтың белгісі жылдық, тоқсандық, күнделік жоспарын жасау. Сабақтың жылдық жоспары бағдарлама бойынша жасалады. Жылдың жоспарда сабақтың тақырыбы, сағаты, оқылатын тілдік және грамматикалық материал, оқушылардың сөз қорына енгізетін жаңа сөздер, олармен жұмыс түрлері, үй тапсырмасының көлемі, қолданылатын көрнекілік белгіленеді. Мысалы:
V-IX сыныптардың жылдың жоспары мынадай болуы мүмкін:

5-сынып. Қазақ тілі
Оқулық авторлары: Т.М.Артықова,Ж.Н.Қыстаубаева, Л.З.Бисенова, Н.Ж.Сагирова.
Алматы: Атамұра, 2005
№ Грамматикалық тақырып Лексикалық тақырып Сағат саны
I Қазақ тіліне тән дыбыстар I модуль Танысу 1
2 Буын. Екпін Әдепті балалар 1
3 Буын түрлері Өзім туралы 2
4 Ашық, тұйық буындар Ертегілер елінде 1
5 Бітеу буын Аялдама 1
6 Нәтиже сабақ Танысу 1
7 Сөздік диктант II модуль. Менің отбасым 1
8 Қатемен жұмыс. Буын үндестігі Отбасы мүшелері 1
9 Үндестік заңы Отбасы. Отбасындағы дәстүрлер 1
10 Кіріспе білім деңгейін
тексеру диктанты Қазақ тілі сабағында 1
11 Қатемен жұмыс.
Дыбыс үндестігі Біздің үй 1
12 Нәтиже сабақ Менің отбасым 1
13 Сөз мағыналары III модуль. Менің мектебім 1
14 Синоним сөздер Мектеп кабинеттері 1
15 Антоним сөздер Біздің мектеп 1
16 Терме диктанты Жаңа оқу жылы 1
17 Омоним сөздер Біздің мұғалім 1
18 Нәтиже сабақ Менің мектебім 1
19 Сөз құрамы IV модуль. Жыл мезгілі. Күз 1
20 Жұрнақ Көкөністер мен жемістер 1
2 1 Қосымша Бұл қай кезде болады? 1
22 Сөз құрамы Жыл мезгілдері 1
23 Тіл дамыту Абай Құнанбайұлы 1
24 Сөз құрамы Ауа райы 1
25 Түбір.Қосымша Табиғаттағы өзгерістер 1
26 Нәтиже сабақ К ү з 1
27 Көптік жалғау V модуль Мен және менің досым 2
28 Көптік жалғау Менің досым 1
29 Кім? Кім г ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы
Бейнелеу өнері әдістемесі пәнінен арналған бақылау жұмысының әдістемесі
Әдебиет сабағында тіл дамыту жұмыстары
Жаңартылған бағдарламаларда оқыту мақсаттарын жүйелеу
Әдебиет сабағында қазақ тілін дамыту ерекшеліктері
Сауат ашу кезеңіндегі оқыту типтері
Қазақ тілі сабағы
Мәнерлеп оқуда зор рөл атқаратын интонация
Пәндер