Атқарушылық әрекеттер жүргізудің тәртібін талдау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ш.Есенов атындағы каспий технологиялар және инжиниринг университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Қазақстан Республикасының Азаматтық-процестік құқығы
Тақырыбы: Атқару өндірісінің қазіргі мәселелері

Орындаған: ЮП 18-9 тобының студенті
Ибайдулла Ж.Д.
Рецензент: з.ғ.к., доцент
Садуақасова Л.О.

Ақтау 2020
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 АТҚАРУШЫЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ӨНДІРІСІНІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
0.1 Атқару өндірісінің негізгі түсінігі, мақсаты мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... 5
0.2 Атқару өндірісіне ғылыми көзқарастар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2 АТҚАРУ ӨНДІРІСІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.1 Атқару өндірісінің қатысушылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.2 Қазіргі таңдағы атқару өндірісінің құқықтық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... 19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Еліміздің Ата заңында аталғандай Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, кұқықтық, әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырғаны белгілі. Ал құқықтық мемлекеттің басты сипаты болып табылатын заңдардың биліктілігін, үстемділігін қамтамасыз ету өз кезегінде тиісінше жан-жақтылық пен табандылықты, ерекше жігерлікті талап етеді. Осыған сәйкес Қазақстанда сот құқықтық реформа сот және судьяның тәуелсіздігін, судьяның әділдігі мен алалықсыздығын қамтамасыз етуге, судьяның қабылданған заңдардың қоғамда әрекет етуінің кепілі ретінде болуына бағытталған. Сонымен бірге, мүдделі тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іс жүзінде қорғауды қамтамасыз ету мақсатында сот актілерін орындау бойынша тиімді іске асатын жүйе құруға бағытталған атқарушылық іс жүргізу органдарын қайта құру жүргізілуде.
Қазіргі кезде құқықтың - олардың кепілі, қорғау, іс жүзінде іске асуы, орындалу проблемасы көп мәнге ие болуда. Бүгінгі күнде сот төрелігі жүйесінде ең нашары сот актілерін атқару болып табылады. Сот органдарының бұл ортада жұмысы халықтың ашу кернеуін туғызу бекер емес. Сотқа өзінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін шағымданған адамдарға сот процесі емес, олардың бұзылған заңды құқықтары мен мүдделерін іс жүзінде қалпына келуі маңызды. Шешімдер, егер олар ешкіммен орындалмайтын болса кімге керек?
Жұмыстың өзектілігі. Құқықты іс жүзінде жүзеге асыруды қамтамасыз етудің жалпы мақсаттарының ішінде азаматтық істер бойынша сот төрелігін атқару барысында азаматтық іс жүргізу тәртібімен сотпен шығарылған шешімді орындаумен байланысты мәселелер көңіл бөлуді керек етеді. Көп жағдайда құқықты қорғау шешім шығарумен аяқталмайды. Сотқа шағымданған тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделері толық қорғалу үшін, әдетте, сот шешімінің негізінде белгілі бір әрекеттер жасалуы тиіс. Тек қана зиянды өтеу алимент өндіру және т.с.с. туралы шешім шығару емес, сонымен қатар іс жүзінде залалдың өтелуі, алимент өндірілуі керек.
Азаматтық процесс азаматтардың, заңды тұлғалардың және азаматтық құқықтық қатынастардың басқа да субьектілерінің бұзылған құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғаудың, заң және сот алдында теңдігі сақталған жағдайда, тиімді құралы болып табылады.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы атқару өндірісі туралы басты сипаттамасын қарастыра отырып, қазіргі кездегі оның белгілеріне тоқталу болып табылады.
Осыған сәйкес курстық жұмыстың міндеті:
Атқару өндірісінің негізгі түсінігі, мақсаты мен міндеттерін қарастыру;
Қазақстандағы атқару өндірісінің қатысушылары, белгілері мен түрлеріне сипаттама беру;
Қазақстандағы атқарудың негіздері және атқару құжаттарын қарау
Атқарушылық әрекеттер жүргізудің тәртібін талдау.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Заңдылықты, қоғамдық тәртiптi қорғауды, азаматтар мен ұйымдардың саяси, еңбек, тұрғын және басқа да құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды, қатал сақтауды қамтамасыз етуде маңызды рольдi соттар атқарады. Азаматтық процестегi соттың мiндетi азаматтық iстердi дұрыс және тез қарау, шешу және iс бойынша заңды, негiздi шешiм шығару. Соттың қызметiн ұйымдастыру, iстердi қараудың тәртiбi, судьялардың жұмысының жоғарғы мәдени деңгейi заңның барлық талаптарын қатал сақтауға негiзделген жағдайда ғана сот төрелiгiнiң басты мақсаттарына қол жеткiзуге болады.
Курстық жұмыстың объектісі - Зерттеу барысында осы жұмыста атқарушылық іс жүргізуге қатысты азаматтық іс жүргізу заңнамасындағы және осы құқықтық саладағы қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдардағы кемшіліктерге көңіл бөлінеді.
Курстық жұмыстың пәні - Сот және басқа органдардың актілерін орындау барысында пайда болған қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормалары және де атқарушылық іс жүргізу құқығына тән теориялық көзқарастар осы курстық жұмыста зерттеудің пәні болып келеді.
Курстық жұмыстың құрылымы. Қазақстандағы атқару өндірісі туралы заңнамалар тақырыбына жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 АТҚАРУШЫЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ӨНДІРІСІНІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
1.1 Атқару өндірісінің негізгі түсінігі, мақсаты мен міндеттері

Атқарушылық іс жүргізу міндеттері азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот шешімдері, ұйғарымдары мен қаулылары, мүлікті өндіріп алу бөлігінде қылмыстық істер жөніндегі үкімдер мен қаулылар негізінде атқару құжаттарын міндетті түрде және уақтылы орындау, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда өзге де органдардың шешімдері мен қаулыларын орындау болып табылады.
Атқарушылық іс жүргізудің келесідей 8 негізгі қағидаларын атап кетуге болады:
1) заңдылық;
2) атқарушылық іс-әрекеттерді жүргізу және мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану уақытылы және айқын болуы;
3) адамның ары мен намысын құрметтеу;
4) борышкер мен оның отбасы мүшелерінің өмір сүруіне қажет мүліктің минимуміне қол тимеушілік;
5) өндіріп алушы талабының көлемі мен мәжбүрлеп орындату шараларының сайма-сайлығы;
6) өндіріп алушылар арасында өндірілетін сомаларды бөлудің пропорционалдылығы;
7) атқарушылық құжатты мәжбүрлеп орындау бойынша шығындарды борышкер есебінен орнын толтыру;
8) сот орындаушының әрекеттері мен қаулыларына сотқа шағымдануға еркіндік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Атқарушылық іс жүргізу атқарушылық әрекеттерді жасау кезінде қолданылып жүрген нормаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Бюджетке төленетін салық төлемдері мен өзге де міндетті төлемдердің берешегін, айыппұлдар төлеуді кешіктіргені үшін өсімдерді және бюджетке төленетін салық және өзге де міндетті төлемдер туралы заңнаманы бұзғаны үшін өзге де санкцияларды өндіріп алу жөніндегі атқарушылық іс жүргізу осы Заңда белгіленген тәртіппен және салық пен кеден заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін белгіленген тәртіппен жауапты деп танылған, таратылатын заңды тұлғаның мүлкі жоқ немесе жеткіліксіз болған жағдайда, осы зиянды өтеу жөніндегі тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру сомасын мемлекеттен өндіріп алу жөніндегі атқарушылық іс жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Шетелдіктерге, азаматтық жоқ тұлғалар мен шетелдік ұйымдарға қатысты соты мен өзге де органдардың актілерінің орындау осы Заңға сәйкес жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттердің атқарушылық құжаттарына қатысты атқарушылық іс жүргізу, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардан өзгеше туындамаса, қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Азаматтық сот ісін жүргізудің мақсаттары Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексінің (әрі қарай мәтін бойынша ҚР АІЖК) 5 бабында бекітілген.
Азаматтық сот ісін жүргізу заңдылықты нығайтуға, құқық бұзушылықтың алдын алуға, азаматтардың заңдарды бұлжытпай орындауға тәрбиелеуге және жалпы тұрмыстық ережелерді сыйлауға ықпал жасауы керек. Осы мақсаттар сотпен шешіледі. Сот әділетті шешім шығарып және азаматтық құқық туралы дауды шеше отырып даулы субьективті құқықты қорғайды және бұзылған құқықты орнына келтіреді. Соттың шешішімін атқару сатысында азаматтық дауларды қарау мен шешу бойынша оның қызметі аяқталады. Азаматтық істі мәні бойынша қарау мен шешудің нәтижесінің негізінде сот өз пікірін ерекше процессуалдық актіде - сот шешімінде көрсетеді. Сот шешімі нақты азаматтық құқықтық дауды шешу барысында атқарған көлемді және ауыр еңбектің нәтижесі. Сот шешімінде тек қана соттың ғана емес, сонымен қатар тараптардың, үшінші тұлғалардың, сот өкілдерінің және прокурордың процессуалды қызметтері көрініс табады.
Көптеген сот шешімдері соттың беделіне байланысты тараптардың өз еріктерімен орындалады. Тарап сот шешімімен белгілі қызметтерді жүзеге асыруға немесе белгілі қызметтерден бас тартуға міндеттелгенде соттың шешімін орындаудан бұлтару жағдайлары жиі кездеседі. Егер, жауапкер сот шешімін ерікті түрде орындамаса, ол атқарушылық іс жүргізу тәртібімен мәжбүрлі түрде атқарылады. Кез-келген соттың шешімін әртүрлі себептермен атқаруға мүмкін болмағанда (өндіріп алушының өндіруден бас тартқан және бітімгершілік келісімге келген жағдайлардан басқа) соттың және азаматтық іс жүргізудің басқа да субьектілерінің атқарған еңбегінің пайдасыз болып қалатынын айтпағанда, сот төрелігі актісінің мәнін төмендетеді және соттың беделін түсіреді. Сот шешімі атқарылғанда, әрі атқарылуы заңға сәйкес және шешімнің мазмұны қатаң сақталумен жүзеге асырылғанда ғана азаматтық іс жүргізудің мақсаты орындалады. Тек қана осы жағдайда тараптардың субьективті құқықтары іс жүзінде орнына келтіріліп азаматтық іс жүргізудің соңғы сатысы атқарушылық іс жүргізу сатысында іс жүргізу аяқталады.[1] Азаматтық іс жүргізуде сот шешімін атқару - соттың, атқару органдарының, прокурордың, тараптардың және іс бойынша басқада қатысушы түлғалардың соттың шешімімен сәйкес тараптар арасындағы фактілік қатынастарды өзгертуге бағытталған, азаматтық іс жүргізуде сот төрелігін жүзеге асыратын соттың қызметі және осы қызметтен шығатын іс жүргізушілік қатынастар болып табылады. Осымен қатар, ғалымдарда басқа да пікірлер қалыптасқан.
Атқарушылық іс жүргізу азаматтық іс жүргізу құқығының аяқтаушы сатысы. Атқарушылық іс жүргізу құқығының нормалары азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларының бір бөлігі және оның бір құқықтық институты.[2]
Атқарушылық іс жүргізу дербес іс жүргізу болып табылады және оны реттейтін нормалар дербес кешенді құқықтық саласын құрайды. Біртұтас атқарушылық заңнамада, орындауға жататын шешімнің сипатына және түріне тәуелсіз, барлық атқарушылық іс жүргізудің нормаларын біріктіруге мүмкін болады.[3]
Атқарушылық іс жүргізу алдыңғы сатылардан шығады және органикалық байланысып азаматтық іс жүргізудің аяқтаушы сатысы болып келеді. Іс жүргізудің басқа сатыларымен салыстырғанда атқарушылық іс жүргізудің ерекшеліктері бар. Ол сотта азаматтық істі қараумен байланысты емес атқарушылық іс жүргізуді қозғау мүмкіндігінен көрінеді, мысалы, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды тұлғалардың) шығаратын қаулылары. Осы актілердің негізінде атқарушылық іс жүргізу азаматтық іс жүргізудің алдынғы сатыларынсыз қозғалады.[4] Егер атқарушылық іс жүргізуді іс жүргізуден тыс саты деп санап және оны соттың процессуалдық бақылауынан алып тастасақ, керекті іс жүргізушілік кепілдермен қамтамасыз етпесек, онда мұндай мәселелер құру азаматтық іс бойынша сот төрелігін жүзеге асыратын мақсаттар мен міндеттерге сай болмайды. Керісінше, бұл мақсаттарға қарама-қайшы келеді, өйткені сот шешімдерін атқару сатысында тараптар құқықтарының іс жүргізушілік кепілдерінің жоқ болуы бұзылған субьективті құқықтарын орнына келтіру және керекті қорғаныс жасауға кедергі болады.
Сот және атқару органдары іс жүргізушілік әдістерді қолданып сот шешімдерінің атқарылуын мәжбүрлеп бағыттауы заңды күшіне енген шешімнің міндеттілігін және азаматтық, енбектік, отбасылық-некелік құқықтық қатынастарды тұрақтылығын және анықтылығын қамтамасыз етеді, яғни сот төрелігін жүзеге асыруда өз мақсаттарын орындайды. Сот шешімдерін атқару атқарушылық іс жүргізу тәртібімен, АІЖК-нің ережесімен жасалатын әрекеттер ғана емес, сонымен қатар басқа да сот шешімін жүзеге асырумен байланысты әрекеттер деп жиі айтылады. Көптеген сот шешімдерінің негізінде әртүрлі мемлекеттік органдарда тіркеулер жүргізіледі - тұрғын үйге меншік құқығын тіркеу; АХАЖ фактісін тіркеу; қамқоршы мен қорғаушы тағайындау. Осылардың барлығы шешімді атқару бойынша кең мағынадағы әрекеттер, өйткені шешім негізінде және оларды жүзеге асыру үшін жасалады. Бірақ, бұл әрекеттерді азаматтық іс жүргізу сатысы деп атқарумен ауыстыруға болмайды, себебі іс жүргізудің шегінен шығып кеткен және АІЖК- нің ережесімен жасалмайды.
Сонымен атқару сатысы азаматтық іс жүргізудің соңғы, қорытынды және міндетті сатысы. Біріншіден, азаматтық істі қараудың және шешудің нәтижесі болып табылады; екіншіден, бұл сатыда азаматтық субьективті құқықтарды және заңды мүдделерді қорғау нақты өзінің көрінісін табады; үшіншіден, бұл саты басқа азаматтық сот өндірісінің сатыларына өтпейді. Қорыта келе, атқарушылық іс жүргізу дегеніміз бұзылған құқықты қорғау және қалпына келтіру бойынша азаматтық іс жүргізу заңнамасымен бекітілген тәртіппен юрисдикциялы актілерді мәжбүрлеп жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (әрі қарай - ҚІЖК) 131, 449-баптарына, Қазақстан Республикасының
Азаматтық іс жүргізу кодексінің (әрі қарай - АІЖК) 21-бабына сәйкес, соттар мен судьялардың заңды күшіне енген үкімдері, шешімдері, қаулылары, ұйғарымдары, бұйрықтары, сондай-ақ заңды өкімдері, талаптары, тапсырмалары, шақырулары мен сот актілерін орындауға байланысты басқа да өтініштері барлық мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық бірлестіктер, басқа да заңды тұлғалар мен азаматтар үшін міндетті болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мүлтіксіз орындауға жатады. Соттың үкімін, шешімін, қаулысын және өзге де сот актілерін әдейі орындамау, сондай-ақ олардың орындалуына кедергі жасау қылмыстық жауапқа тартуға әкеп соғады. Борышкердің сот актісін оның белгілі бір бөлігінде орындауға мүмкіндігінің болмауы не толық көлемінде орындай алмауы әдейі орындамау деп қарастырылмайды. Қылмыстық процесті жүргізуші органдар азаматтық талапты қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауды көздейтін ҚІЖК-нің 170, 305- баптарының және АІЖК-нің 158, 159-баптарының талаптарын мүлтіксіз орындаулары қажет.
Соттар көрсетілген шараларды басты сот талқылауына әзірлік жүргізу барысында, сондай-ақ сот талқылауы, үкім шығару, азаматтық талапты қанағаттандыру жөнінде шешім немесе өзге де сот актісін шығару кезінде қолдануы мүмкін. Соттар жауапкерлерден ақшалай немесе өзгедей өндіру туралы сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін заңмен көзделген жағдайларда атқару парақтарын уақытында жазып, талапты қанағаттандыру үшін тыйым салынған мүліктің тізімдемесін қоса тіркеп, өндіріп алушылар мен борышкерлерді көрсетіп, мөрмен куәландырылған сот актісінің көшірмесін не оның үзіндісін борышкерлер мен олардың мүліктері тұрған жерлер бойынша сот әкімшілерінің облыстардағы аумақтық органдарына жіберуге тиіс. Сот орындаушылары атқару құжаттарын алғаннан кейін сот актілерінің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған заңмен көзделген шараларды уақытында қабылдаулары қажет. Банк шоттарын, олардағы ақша қаражатының, кредит және сақтандыру сомаларының, бағалы қағаздардың бар-жоғын тексеру, сондай-ақ борышкердің банкте тұрған осы және басқа мүлкіне тыйым салу қажет болған жағдайларда жоғарыда көрсетілген әрекеттерді санкциялау туралы дереу мәселе қою қажет.
Борышкердің тұратын жері белгісіз болған жағдайда сот орындаушысы оған іздеу жариялау туралы мәселені шешу үшін сотқа ұсыным жасап, жүгінуге міндетті. Осы орайда сот орындаушылары атқару құжатының көшірмесін, атқарушылық іс қозғау туралы қаулының көшірмесін, борышкердің атқару құжатында көрсетілген мекен-жайда тұрмайтындығы туралы актіні, мекен-жай бюросының анықтамасын сотқа ұсынуға тиіс. Соттар борышкерді іздеу туралы "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18- бабының 2-тармағына сәйкес қаулы шығарған кезде іздестіру жөніндегі шығындарды борышкерден жергілікті бюджеттің есебіне өндіріп алу жөнінде міндетті түрде көрсетулері қажет. Өндірілетін сомалардың мөлшерін шығарғанда іздеуді жүзеге асыратын органдар анықтаған шығыстарды негізге алу керек. Борышкер сот актісінің уақытында орындалуына кедергі келтіретін әрекеттер (сот орындаушысына келуден жалтару, жұмыс орны мен тұратын жерінің өзгергені туралы хабарламау, сот орындаушысының талаптарын орындамау, сот орындаушысының заңды қызметіне кедергі келтіру және т.б.) жасаған жағдайда атқарушылық іс жүргізу органдары кінәлі адамдарды әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі мәселені талқылауға тиіс. Борышкер сот актілерін орындаудан бас тартқан жағдайда, өндіріп алушы тиісті органдардың алдына кінәлі адамдарды әкімшілік және қылмыстық жауапқа тарту жөнінде мәселе қоюға құқылы.
Кінәлі адамдарды қылмыстық жауапқа тарту туралы хабарламада сот орындаушысы борышкердің немесе өзге де адамдардың сот актісін әдейі орындамай, сот орындаушысының талаптарына қандай қарсы шаралар қолданғандары туралы көрсетуге тиіс. Хабарламаға: - атқару парағының көшірмесі; - атқарушылық іс қозғалғаны туралы қаулы; - сот актісін әдейі орындамауды не орындауға кедергі жасауды растайтын құжаттар қоса тіркелуі қажет. Қылмыстық ізге түсу органы қылмыстық-іс жүргізу заңына сәйкес басқа да қажетті құжаттарды сұрата алады. Қылмыстық істер бойынша барлық іс жүргізу әрекеттерін процестің сотқа дейінгі кезеңінде ҚІЖК-нің талаптарына сәйкес қылмыстық қудалау органы, ал жеке айыптау істері бойынша - соттар жалпы негіздерде жүргізеді. Сот орындаушысының хабарламасын қарамай қайтарып жіберуге, сот орындаушысына, сот әкімшісіне, олардың құрылымдық бөлімшелеріне іс қозғау және айыптауды дәлелдеу туралы мәселені шешу үшін қажетті дәлелдемелерді жинау жөнінде оларға тән емес функцияларды жүктеуге жол беруге болмайды. Қылмыстық ізге түсу органы ҚІЖК-нің 183-185-баптарына сәйкес, сот орындаушысының хабарламасын немесе өндіріп алушының арызын қарап, қылмыстық іс қозғау немесе қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылдауға немесе хабарламаны (арызды) тиісті органға беруге міндетті. Өздерінің қызметтік мүдделеріне қайшы келіп, борышкердің заңды күшіне енген сот актісін орындаудан жалтаруына көмектескен сот орындаушылары заңмен белгіленген тәртіппен жауапқа тартылуы мүмкін. Сот орындаушылары қылмыстық жауапқа тарту туралы өздеріне белгілі болған фактілер туралы, олардың уақытында қаралмағаны және олар жіберген материалдар бойынша қылмыстық ізге түсу органдары жол берген басқа да заң бұзушылықтар туралы тиісті прокурорлардың назарына дер кезінде жеткізіп отырулары қажет. Сот актілерін әдейі орындамағаны үшін қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімінің басын заңды күшіне енген сот үкімін, шешімін немесе өзге де сот актісін әдейі орындалмағанын, сондай-ақ олардың орындалуына кедергі келтірілгенін айғақтайтын іс-әрекеттердің нақтылы жасалған сәтінен бастап есептеген жөн. Осы орайда сот актісінің шығарылған және күшіне енген уақыты есепке алынбайды.
Егер өндіріп алушы атқару құжатын орындауға ұсыну үшін заңмен белгіленген мерзімді өткізіп алса және осы мерзім ұзартылмаса, тұлға сот актісінің әдейі орындалмағаны үшін жауапқа тартылуға тиіс емес. Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер ғана емес, сонымен бірге құқыққа қарсы әрекет жасаған өзге де тұлғалар сот актілерінің орындалмауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтар субъектісі бола алады. Үкімге, шешімге немесе өзге де сот актісіне байланысты атқарушылық іс жүргізу барысында белгілі бір әрекеттерді жасауға міндетті тұлғалар ғана сот актісін әдейі орындамағаны, сондай-ақ олардың орындалуына кедергі келтіргені үшін қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін. Сот актісінің орындалуына кедергі келтіретін әрекеттер жасаған өзге тұлғаларға қатысты сот орындаушысының өміріне қол сұғылғаны, денсаулығына қауіп төндіргені, жала жапқаны, өлтіремін деп қорқытқаны, зиян келтіргені және басқа да әрекеттер жасағаны үшін жауаптылық көздейтін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (әрі қарай - ҚК) тиісті баптары бойынша қылмыстық қудалау жүзеге асырылуы мүмкін. Заңды күшіне енген сот актілерін әдейі орындамау, сондай-ақ олардың орындалуына кедергі жасау анықталған жағдайда ғана ҚК-нің 362-бабы бойынша жауаптылықтың туындайтынына назар аударылсын.
Сот актісін әдейі орындамау әрекет жасау немесе әрекетсіздік түрінде байқалуы мүмкін. Борышкердің сот актісін орындау жөнінде шара қолданбауын, өндіріліп алынуы мүмкін жалақысы мен басқа да мүлкін жасырып қалуын, жұмыс орны туралы, заңды тұлғаны құрмай, кәсіпкерлік қызметпен айналысатыны жөнінде ақпарат бермеуін, міндеттемелерді орындаудан жалтару мақсатында мүлікті иеліктен шығару жөнінде мәмілелер жасауын, сондай-ақ ақша қаражаттары мен мүлікті басқа мақсатқа пайдалануға байланысты өзге де әрекеттерін сот актісін әдейі орындамау деп есептеген жөн. Борышкердің міндеттемесін толығымен орындауға мүмкіндігі бола тұра, сот актісін орындаудан жалтару мақсатында шамалы соманы қасақана енгізуін әдейі орындамау деп қарастыру керек. Сот орындаушыларының заңды талаптарын орындамау мақсатында қасақана жасалған әрекетті (әрекетсіздікті) сот актісінің орындалуына кедергі жасау деп түсіну қажет. Сот орындаушысының борышкердің мүлкі тұрған тұрғын үйлер мен басқа да үй-жайларға, қоймаларға кіруін шектеу және сот орындаушысының өзінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі жасайтын басқа да белсенді әрекеттер жасау кедергі келтіру болып есептеледі. Егер кінәлі адамға жасаған әрекеті үшін бір мезгілде қылмыстық, сондай-ақ әкімшілік заң қолданылса, онда ол ҚІЖК-нің 19-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапқа тартылады. "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 78-бабына сәйкес қылмыстық жауапқа тарту борышкерді атқару құжатында көрсетілген әрекеттерді орындау міндетінен босатпайды. ҚК-нің 136, 140-баптары бойынша қозғалған қылмыстық істер тараптардың татуласуына байланысты қысқартылған жағдайда борыштың өтелген, сондай-ақ қалған сомасын көрсету қажет. Соттар сот актілерін әдейі орындамағаны үшін үкім шығарған кезде сот актілерін әдейі орындамаудың салдарынан пайда болған мерзімді төлемдер бойынша борыштарды анықтап, ҚІЖК-нің 162-бабына сәйкес мәлімделген азаматтық талаптарды қылмыстық іспен бірге қараулары қажет.
Азаматтық талапкерлердің кінәлі адам сот актісін орындаудан жалтару мақсатында мүлікті иеліктен шығару жөнінде жасаған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы арыздары қылмыстық істі қарау кезінде азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралады. Заңды күшіне енген сот актілерін әдейі орындамау, сондай-ақ олардың орындалуына кедергі жасау туралы істерді қарау кезінде соттар сот орындаушыларының, сондай-ақ қылмыстық ізге түсу органдарының жұмысындағы кемшіліктер мен олқылықтарға назар аударуға міндетті негіз болған жағдайда жеке қаулылар шығарады. Кез-келген құқық саласының ерекшелігі оның қағидаларынан айқын көрінеді. Азаматтық іс бойынша сот төрелігінің мақсаттарын қамтамасыз етуде іс жүргізушілік қағидалары маңызды орын алады.
Азаматтық іс жүргізудің қағидалары осы құқық саласының ерекшелігін және мазмұнын көрсететін негізгі ережелер. Оларды бұлжытпай орындау заңдылықты бекітуге мүмкіншілік береді. Сондықтан іс жүргізудің негізгі қағидалары біздің мемлекетіміздің Ата Заңында - Қазақстан Республикасы Конституциясында (әрі қарай мәтін бойынша Конституция) бекітілуі кездейсоқ емес және АІЖК-де көрініс тапқан. Біз азаматтық іс жүргізу қағидаларын айтқанда олар толығымен іс жүргізуде көрінетіндігін түсінеміз. Барық қағидалар азаматтық іс жүргізудің бөлек сатыларында өз көрінісін табу міндетті емес, себебі, іс жүргізудің сатысы - бұл іс жүргізудің бір ғана бөлімі болып келеді. Атқарушылық іс жүргізу азаматтық іс жүргізудің органикалық сатысы болып табылатындықтан, азаматтық іс жүргізудің негізінде жатқан қағидалардан құралған. Жоғарыда айтылып кеткендей, бұл жағдай азаматтық іс жүргізуге белгілі барлық қағидалар атқарушылық іс жүргізу сатысында көрініс табуы керек деп түсінбейміз. Бұл мүмкін емес өйткені, атқарушылық іс жүргізу сатысы - азаматтық іс жүргізудің бөлімі. Азаматтық іс жүргізудің барлық қағидалары көрініс тапқан жалғыз бөлім - сотта істі қарау сатысы, яғни бірінші инстанциядағы сотта қарау. Атқарушылық іс жүргізу сатысының жағдайы бөлек, себебі ол азаматтық іс жүргізуді аяқтайды. Қандай қағидалар азаматтық іс жүргізуде және олардың атқарушылық іс жүргізу сатысындағы шектері қандай сынды мәселелерді зерттеу атқарушылық іс жүргізу субьектілерінің жағдайы, олардың іс жүргізушілік құқықтары мен бостандықтары туралы дұрыс пікір айтуға, сонымен бірге атқаруға байланысты басқа да мәселелер шешуге мүмкіндік береді. Соттар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға бағынады деген Конституцияның 77 бабында бекітілген заң қағидасы атқарушылық іс жүргізуде де көрініс табады. Атқарушылық іс жүргізуде заңдылық қағидасының мазмұны қандай? Азаматтық іс жүргізудің басты субьектісі атқарушылық іс жүргізуде - сот. Соттың іс жүргізушілік әрекеттері атқарушылық іс жүргізуге қатысушы барлық тұлғалар үшін міндетті. Атқарушылық іс жүргізудің субектісі судья емес, сот органы. Сот шешімдерін атқаруда керекті қаулыларды қабылдағанда сот тек қана заңды басшылыққа алуы тиіс. Сот орындаушысы сотқа бағынады және сот шешімін атқаруда оның еркін орындайды. Тек қана сот, заңды басшылыққа ала отырып атқару органына (сот орындаушысына) сот шешімін атқарудың тәртібі мен тәсілі туралы нұсқаулар беруге құқылы.
Заңдылық қағидасының көрініс табатын бір жағдайы ретінде прокурордың сот орындаушыға кез келген нұсқаулар беруге құқылы еместігін айтуға болады. Егер прокурор атқару органының әрекетімен келіспеген жағдайда, ол сот алдында сол әрекеттерге шағым беруге құқылы. Атқарушылық іс жүргізу сатысында іс жүргізудің жариялығы қағидасы әрекет етеді. Сот қызметінің әрекеттілігі және тәрбиелік мәні сот атқаруында жариялық қағидасын жүзеге асырудан тәуелді. Өндіріп алушы мен борышкер атқару әрекеттерінде жеке өздері немесе өкілдері арқылы қатысуға, атқарушылық іс жүргізудің барлық материалдарымен танысуға, атқару бойынша соттың және сот орындаушысының барлық әрекеттері бойынша түсініктеме алу құқығына иелігі жариялық қағидасының көрінісі болып табылады. Атқарушылық іс жүргізуде айғақ адамдардың, бұқаралық ақпарат құралдар органдарының қатысу құқығы жариялық қағидасының тағы бір көрінісі.
Атқарушылық іс жүргізу сатысында Конституциясының 7 бабында іс жүргізудің тіл қағидасы орын алған, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл қазақ тілі болып табылады. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін- өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. Іс жүргізушілік тіл қағидасы барлық сот төрелігіне -қылмыстық істер бойынша да, азаматтық істер бойынша да толығымен тән. Әрине, аудармашының қатысуы тек сот отырысында ғана емес, сонымен қатар сот шешімін атқару сатысында да қамтамасыз етілуі тиіс. Конституциясының 14 бабына негізделген іс жүргізудегі тараптардың теңдігі қағидасы атқарушылық іс жүргізуде толық көлемде көрінеді.
Азаматтық іс жүргізудің атқарушылық іс жүргізу сатысында тараптардың құқықтық теңдігі қағидасы іс жүргізудегі тараптардың бірдей мүмкіншіліктері бар екенін және өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін бірдей процессуалық кепілдіктер берілгендігін білдіреді. Бір тарапқа нақты процессуалық құқықтар берілгенде, заң басқа тарапқа да дәл сондай құқықтармен қамтамасыз етеді. Яғни, бір тарап басқа тарап алдында қандай да бір артықшылықпен қолданылмайды. Азаматтық іс жүргізуде бәсекелестік қағидасы - бұл тараптардың өз көзқарасын ұстануға және өз позициясының дұрыстығын дәлелдеуге құқығы. Атқарушылық іс жүргізу сатысында бәсекелестік қағидасы өзін айқын көрсетеді. Сот шешімін атқару сәтіне дейін бәсекелестік қағидасы іс бойынша обьективті ақиқатты анықтауға қызмет етеді.
Ал атқарушылық іс жүргізу сатысында бәсекелестік қағидасы алдына басқа мақсат қояды. Себебі, обьективті ақиқат анықталды, сот шешімі шығарылды және заңды күшіне енді. Енді сот алдына шешімді дәл соның мазмұнымен және заңмен сәйкестендіріп атқару мақсаты тұр, ал жарыспалық қағидасы осы функцияны орындауды бастайды. Сот шешімін атқару барысында оны орындауды тежейтін әртүрлі жағдайлар пайда болады. Шешімді атқару сатысында тараптар атқару органымен олардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылды деп санауы мүмкін. Осы мақсатта заңда сот орындаушысының атқару әрекетіне шағымдану құқығы көрсетілген. Әрине, бұл жағдайда тараптар сотқа дәлелдеме ұсынуға мәжбүр болады және өз позициясы дұрыстығын дәлелдеу үшін, соттан тараптар өз талаптарының құқыққа негізделгені туралы ұйғарым шығаруға қол жеткізу мақсатында берген дәлелдемелері бойынша өздерінің пікірлерін хабарлайды және бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін сот шешімін атқару сатысына соттан қорғаныс алу құқығын жүзеге асырады.
Сонымен, бәсекелестік қағидасы азаматтық іс жүргізудің соңғы сатысы атқарушылық іс жүргізу сатысында өз мағынасын толық мәнде сақтап қалады, бірақ жоғарыда аталған жағдайларда көрініс табуы мүмкін. Сот шешімін атқаруда атқарушылық іс жүргізуге жылдамдық қағидасы тән деген пайымдау айтылған.[5]
Шыныменде, өндіріп алушыға сот шешімі қашан және қандай уақыт аралығында атқаруға жіберілуі бәрібір емес. Сот шешімінің атқарылуының кідіруінен өндіріп алушыға, кейбір жағдайларда орны толтырылмайтын зиян кетірілуі мүмкін. Келесі қағида ретінде сот шешімін ерікті түрде орындау қағидасын айтуға болады. Атқарушылық іс жүргізу заңына сәйкес борышкерге әр уақытта шешімді ерікті орындауға құқық беріледі. Талаптарды толық және әділетті қанағаттандыру қағидасы атқарушылық іс жүргізу қағидаларының қатарына жатқызуға болады. Юрисдикциялы органның кез- келген шешімі орындалуға жатады. Бұл жағдайда осы ережеден ауытқу болуы мүмкін, егер атқарушылық іс жүргізу тараптар өзара бітімгершілік келісімге келсе. Мінеки, атқарушылық іс жүргізуге осы негізгі қағидалар тән. Сонымен, азаматтық іс жүргізу қағидаларын атқарушылық іс жүргізуде мұқият сақтауы азаматтық істі дұрыс шешудің және орындаудың кепілі болып табылады.

1.2 Атқару өндірісіне ғылыми көзқарастар

Атқарушылық іс жүргізудің барлық қатысушыларын олардың қызметінің мақсаттылығына және атқару құжаттарын орындау кезіндегі роліне байланысты келесі топтарға бөлуге болады: сот орындаушысы, тараптар және олардың өкілдері, сот, прокурор және атқарушылық іс жүргізудегі өзге де органдар. Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы (бұдан әрі қарай заң) 30 маусым 1998 жылғы заңының 81 бабы 1 бөліміне сәйкес, сот орындаушысы - мемлекеттік қызметте тұратын және соттар мен басқа да органдарының қаулыларын орындау бойынша өзіне заңмен жүктелген міндеттерді орындайтын лауазымды адам. Соттар мен басқа да органдардың қаулыларын атқару жөніндегі сот орындаушысының қоятын талаптары меншік нысанына қарамастан барлық органдарға, ұйымдарға, лауазымды тұлғаларға және азаматтарға міндетті (Заңның 81 бабының 2 бөлімі).
Жиырма жасқа толған, сотталмаған, әдетте жоғары немесе арнаулы орта заң білімі бар, сотталмаған, сондай-ақ өз іскерлік және жеке қасиеттерімен өзіне жүктелген міндеттерді орындай алатын ҚР азаматы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық нормалары мен құқықтық қатынастардың түрлерін анықтау
Азаматтық істер бойынша сот актілерінің орындалу мәселелері
Атқарушылық іс жүргізу азаматтық іс жүргізудің сатысы ретінде. атқарушылық іс жүргізудегі тарапта
Соттардың үкімдерді орындау кезінде мәселелерді қарауы
Борышкерлердің арнайы құқықтарын шектеу
Қазақстанның құқықтық саясатының тұжырымдамасы негізіндегі атқару ісін дамытудың құқықтық
Сот актілерін орындау өндірісі
Сот шешімдерін орындау сатысындағы адам құқықтары
Судья кітабы
Азаматтық іс жүргізудің сот шешімін шығармай аяқталуы
Пәндер