Заттар - азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ш.Есенов атындағы каспий технологиялар және инжиниринг университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Қазақстан Республикасының Азаматтық-процестік құқығы
Тақырыбы: Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау

Орындаған: ЮП 18-9 тобы студенті
Нұрасыл Е.А.
Рецензент: з.ғ.к., доцент
Садуақасова Л.О.

Ақтау 2020
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЗАҢДЫ ФАКТІЛЕРДІҢ МАЗМҰНЫ МЕН ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
0.1 Заңды фактілер түсінігі мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
0.2 Заңды фактілердің белгілері мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2 ЗАҢДЫ МАҢЫЗЫ БАР ФАКТІЛЕРДІ АНЫҚТАУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.1 Азаматтық құқықтағы заңды фактілерді анықтау жолдары ... ... ... ... ... ... ...1 2
2.2 Оқиғалар мен әрекеттер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазіргі уақытта құқық туралы көптеген ғылыми көзқарастар бар. Осы ғылыми көзқарастар ерте заманнан қазіргі уақытқа дейінгі негізгі ойды қалыптастырады. Құқық нормасы туралы бірнеше ой-пікірлер бар. Соның барлығы бірнеше монография, оқулық, ғылыми статьяларда орын алуда. Тақырыбымның басты мақсаты: тақырыптың жалпы мазмұны мен түсінігін жеткізе білу болып табылады. Ендігі кезекте ең алдымен осы пәннің атына тоқтала кетуді дұрыс деп санаймын. Яғни, мемлекет және құқық теориясы пәні деп арнайы қоғамдық өндірістік қатынастар мен тарихи дәстүрлерге байланысты қалыптасқан мемлекет және құқықтың негізгі категорияларының пайда болып, заңдылықпен дамып, заң ғылымының іргетасы болып танылатын білім жүйесінің жиынтығын айтамыз. Бұл пәннің атын атаған кезде, біз бірден екі термин сөздерді байқаймыз, яғни олар мемлекет және құқық. Енді, Мемлекет және Құқық деген терминге біраз анықтама беріп өтейін. Мемлекет - басқару-қамтамасыз етушілік, қорғаушылық функцияларды жүзеге асыру мақсатында арнайы ақпаратты иеленетін және елдің бүкіл халқы үшін өз еріктерін міндетті етуге қабілетті, жария биліктің саяси-аумақтық егеменді ұйымы. Ал, құқық дегеніміз заңдарда, мемлекетпен танылатын өзге де қайнар көздерде көрініс тапқан құқылы - рұқсатты (сондай - ақ тыйым салынған) жүріс - тұрыстың жалпыға міндетті нормалар жүйесі. Ал, Норма дегеніміз анықталмаған тұлғалар шеңберіне және жағдайлардың шексіз санына қатысты мерзімі жағынан үздіксіз әрекет ететін жалпыға ортақ жүріс - тұрыс ережесі. Қоғамымызда құқықтық нормалардың ролі қазіргі кезде айрықша деп айтуға болады. Себебі, бұл күнде құқықтық нормалар қоғамдық қатынастарды реттеудің ең тиімді де әділ жолдарының бірі болып табылады. Жалпы құқықтық нормалар адамзат қоғамы үшін айрықша орны мен мәні бар, ең бір жарқын құбылыс деп ойлаймын.
Жұмыстың өзектілігі. Адам қоғамында сан алуан құқықтық қатынастар, яғни байланыстар туындайды. Осы құқықтық қатынастарды реттеу, тәртіптеу ережелер, қағидалар, нормалар негізінде болады. Құқықтық норма - заңға сәйкес келетін мінез, жүріс-тұрыстың айырымдылық белгісін білдіреді. Оның өзі заңмен көзделген істің шешімін табуға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде құқықтық нормаларсыз қоғамды немесе мемлекетті көз алдымызға елестету мүлдем мүмкін емес, себебі осы күнгі өркениетті қоғам үшін құқықтық нормалар қоғамдық қатынастарды реттеудің бірден бір басты құралына айналған деп айтар едім. Сол себепті, мен өзімнің осы курстық жұмысымда құқықтық нормаларды және оны түсіндірудің ұғымы туралы, соған қатысты мағлұматтардың барлығын қарастырып, жан-жақты мәліметтердің барлығын теориялық тұрғыдан жазып, жеткізуді өзіме басты мақсат ретінде алғалы отырмын. Осыған орай алынған тақырыптың өзектілігі орынды деп атауға болады.
Зерттеу нысаны - заңды фактілер.

Берілген курстық жұмыстың мақсаты - мемлекет пен құқық теориясындағы заңды маңызды бар фактілердің ерекшеліктерін зерттеу.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер анықталды:
- заңды фактілер ұғымының ерекшеліктерін зерттеу;
- заңды фактілерді жүзеге асырудың ерекшеліктерін талдаңыз, т. заңды фактілерді бекіту, куәландыру және дәлелдеу;
- заңды фактілердің әр түрлі жіктелімдерін зерттеу және талдау;
Жұмыстың тақырыбын ашқан кезде ғылыми білімнің мынадай әдістері қолданылды: салыстырмалы құқықтық, формальды құқықтық әдістер.
Жұмыстың теориялық маңызы оның заңды фактілерді жан-жақты зерттегендігінде. Курстық жұмыста зерттелген заңды фактілер тұжырымдамасының сұрақтары, жіктемелерді талдау қазіргі заманның өзекті мәселелері құрылымында теориялық тұрғыдан маңызды аспектіні анықтайды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы жалпы құқықтық мәдениеттің қажетті элементі болып табылатын фактілермен жұмыс жасай білуінде.
Курстық жұмыстың құрылымы. Аталған тақырыпқа жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЗАҢДЫ ФАКТІЛЕРДІҢ МАЗМҰНЫ МЕН ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
0.1 Заңды фактілер түсінігі мен мазмұны

Құқық қатынастарын сөз еткенде, оны талдағанда, біз алдымен құрамдас элементтерін айқындап алуымыз керек. Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субъектілері деп аталатын қатысушылары болады. Азаматтық құқықтық қатынастарының субъектілері: жеке тұлға, заңды тұлғалар, Әкімшілік-аумақтық бөліністер, сондай-ақ мемлекет болып табылады. Құқықтық қатынастарына қатысушылардың арасында белгілі бір байланыс орнайды, сол себепті бұлардың арасында қатынастарының мазмұның құрайтың белгілі бір құқықтар мен міндеттер болады. Сол қатынаста құқықтар мен міндеттер не нәрсеге ( мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер) бағытталған болса, сол нәрсе оның объектісі деп аталады.
Сөйтіп, құқық қатынастарына төмендегідей элементтер тән болады:
1 субъектілер (қатысушылар)
2 мазмұны (құқықтармен міндеттер)
3 объектілер (құқықтар мен міндеттерге қатысы бар мүліктік және мүліктік емес игіліктер).
Азаматтық құқық нормалары өздігінен азаматтық құқықтық қатынастар тудырмайды. Қандай да болсын нақтылы азаматтық құқықтық қатынастыр белгілі бір жағдай болғанда ғана пайда болады. Мұның мазмұнының өзгеруі немесе оның қысқартылуы да белгілі бір жағдайға байланысты. Осындай құқықтық қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне немесе оның қысқартылуына себепкер болатын жағдай зандылық фактілер деп аталады.
Заңдылық оқиғалар кейбір заңдылық фактілер осы фактілер нәтижесінде туатын құқықтық қатынастарына қатысушы тұлғаларға өздерінің қалауы және ниетінен тыс пайда болады. Мұндай заңдық фактілерді оқиға деп атайды.
Заңдылық әрекеттер деп, заңдық салдар, яғни белгілі бір құқықтық қатынастарын тудыратын тұлғалардың әрекеттері де заңдық факті болып табылады.
Заңмен тыйым салынбаған әрекеттер заңды әрекеттер болып табылады. Кейбір әрекеттердің құқықтық тәртібіде тыйым салғандықтан ғана, яғни заңсыз болғандықтан құқықтық қатынастарын тудырады.
Заттар- азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері. Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері деп заттарды (мүліктік және мүліктік емес) жұмыспен қызметті, ақпаратты, материалдық деп есептелмейтін игіліктер мен интелектуалдық меншікті айтамыз.
Заттар азаматтық айналымдағы қатысына орай шектеулі айналым қабілетіне байланысты азаматтық айналымнан шығарылмаған және азаматтық айналымнан шығарылған деп бөлінеді.
Азаматтық айналымнан шығарылмаған заттарды олардың иелері өзгеге еркін түрде бере алады. Сөйтіп, ол ешқандай шектеусіз қолдан қолға өте береді. Айналым қабілеттігі шектелген заттарға: у, қару-жарақ, оқ-дәрі,қымбат бағалы металдар мен тастар, мәдени және тарихи ескерткіштер т.б. жатады. Осы объектілер шеңбері заңмен айқындалады.
Заттарды бөлінетін және бөлінбейтін деп жіктейді. Бөлінетін заттар бөлінген күннің өзінде тұтынушылық қасиетінен, бастапқы сапасынан айрылмайды. Бөлінбейтін заттар бөлсең, пайдаға аспай қалады. Заттар қозғалмалы және қозғалмайтын болып бөлінеді. Қозғалмайтын мүлікке берілетін құқық мемлекеттік тіркеуден міндетті түрде өтуі тиіс. Дәл сол сияқты мемлекеттік тіркеуге, қозғалмайтын мүлікке жасалған келісім де жатады.
Дербес пайдалануға келмейтін (тек басқа затпен ғана пайдалануға болатын) заттар қосалқы заттар деп аталады. Мысалы: құлып пен кілт.
Затқа ақша, валюталық құндылықтар, сондай-ақ құнды қағаздар да жатады.Валюта құндылығына қымбат бағалы тастар, шетелдік банктік кірістер, акциялар, шетелдік аблигациялар жатады.
Құнды қағаздар да зат делінеді. Құнды қағаздар жоғалса онымен жасалған мүліктік құқық та қоса жойылады. Құнды қағаздардың негізгі түрлері: аблигация, акция, жинақ және диспозитивті сертификат. Құнды қағаздар үш түрге бөлінеді: атаулы, ордерлік, ұсынбалы.
Атаулыққа: жинақ және диспозитивтік сертификаттар жатады. Ордерлік түрі де белгілі бір тұлғаға беріледі, бірақ ол бұл қағазды біреуге бергенде, бергені туралы оған жазады. Ал ол өз кезегінде бұл қағазды үшінші біреуге бере алады. Ұсынбалы түрі оны көрсетушіге беріледі, яғни оны көрсеткен адам ондағы құқыққа ие болады. Оған аблигация және акция жатады.

0.2 Заңды фактілердің белгілері мен түрлері

Азаматтық заңдылықтағы құқықтық нормалар өздігінен азаматтық құқықтық қатынастарды туғызбайды, өзгертпейді және тоқтатпайды. Ол үшін құқықтық нормаларда қарастырылған жағдайлар тууы қажет, олар азаматтық заңды фактілер деп аталады. Сондықтан заңды фактілер құқықтық норма мен азаматтық құқықтық қатынас арасындағы байланыстырушы звено ретінде қызмет атқарады. Заңды фактілерсіз бір де бір азаматтық құқықтық қатынас орнатылмайды, өзгертілмейді және тоқтатылмайды.
Осылайша, азаматтық заңды фактілер дегенде түсінетініміз - қандай да бір жағдай, онымен нормативтік актілер заңды салдарларды байланыстырады: азаматтық құқықтық қатынастардың тууы, өзгеруі немесе тоқтатылуы.
Заңды фактілер азаматтық құқықтық қатынастың негізінде жатқандықтан және оны орнатып, өзгертіп немесе тоқтата алатындықтан, оларды азаматтық құқықтық қорғаудың негіздемесі деп атайды.
Азаматтық заңдылықта сан алуан түрлі заңды фактілер азаматтық құқықтық қатынастардың негіздемесі ретінде қарастырылған. Бұл заңды фактілердің жалпы тізімдемесі ҚР АК 7-бабында көрсетілген.
Заңды фактілер ағымы сипатына байланысты азаматтық құқықта оқиға және әрекет деп бөлінеді. Оқиғаға жататын әрекеттер, адамның еркінен тыс болатын әрекеттер. Мысалы, дүлей апат, адамның тууы мен өлуі, қандай да бір уақыттың өтуі және т.б. Ал әрекет адамның еркіне байланысты болады. Мысалы, келісімшартқа отыру, міндеттеменің орындалуы, шығарма жазу, мұрагерлікті қабылдау және т.б.
Барлық әрекеттер мен оқиғалар азаматтық-құқықтық салдарларды
тудырмайды, тек қана азаматтық құқықтың нормаларын бұл салдарлармен байланыстыратындары ғана тудыра алады.
Азаматтық құқық адамдардың қоғамдық қатынасын реттейді, олардың осы әрекетінен осы қатынастар қалыптасады, яғни заңды фактілердің негізгі массасын азаматтық құқықта адамдардың әрекеттері құрайды.
Әрекет, өз кезегінде, заңды әрекет және заңсыз әрекет болып бөлінеді. Заңсыз әрекеттер заңның талаптарына немесе басқа да нормативтік актілерге қайшы болып келеді. Сондықтан заңсыз әрекет жасау құқық бұзушыға азаматтық заңнамада қарастырылған санкцияларды қолдануға әкеліп соғады.
Ал заңды әрекеттер азаматтық заңнаманың талаптарына сәйкес келеді. Азаматтық құқық экономикалық айналымның дұрыс дамуын жанамалау ететіндіктен, заңды фактілердің көпшілігі азаматтық құқықта заңды әрекеттер құрайды. Бірақ заңды әрекеттің азаматтық құқықтағы заңды мағынасы, маңызы біркелкі емес.
Өзінің заңды мәніне қарай барлық заңды әрекеттер заңды істер және заңды актілер болып бөлінеді. Заңды істер дегеніміз - азаматтық -құқықтық салдарды тәуелсіз тудыратын нақты бір заңды әрекеттер.
Заңды актілер бұл - сәйкес заңды салдарды арнайы шақыру ниетімен жасалынатын жағдайда ғана тудыратын заңды әрекеттер. Заңды актілердің қатарына әкімшілік актілер мен келісімдер де жатқызылады.
Әкімшілік актілер әрқашанда сәйкес әкімшілік-құқықтық салдарды шақыру ниетімен жасалады. Сондықтан әкімшілік актілердің көпшілігі әкімшілік құқықтық қатынастың негізі болып табылады және азаматық-құқықтық заңды фактілердің қатарына жатпайды. Сонымен қатар кейбір әкімшілік актілер тек әкімшілік қана емес, сонымен қатар азаматтық-құқықтық салдар шақыру пиғылымен де жасалынады. Осылайша, жергілікті әкімшіліктің азаматқа тұрғын үйге ордер беруі жергілікті әкімшілік пен тұрғын үй ұйымдарының арасындағы әкімшілік құқықтық қатынасты ғана тудырмайды, сонымен қатар азамат пен тұрғын үй ұйымдарының арасындағы тұрғын үй жалдау келісімін жасау бойынша азаматтық-құқықтық қатынастарды да тудырады.
Әкімшілік актілерден ерекшелігі келісімдер тек қана азаматтық-құқықтық салдарды шақыру мақсатында жасалады. ҚР АК 147 бабына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқық пен міндеттемелерді бекіту, өзгерту мен тоқтатуға бағытталған әрекеті келісім болып саналады.
Осылайша, келісімдер қатарына мыналар жатады: әртүрлі келісімдер (сату-сатып алу, сыйға тарту, мердігерлік, мүлікті жалға алу, басқа жалға алу, қарыз және т.б.), конкурс жариялау, өсиетхат және басқа да заңды әрекеттер, бұлардың барлығы да нақты бір азаматтық-құқықтық салдарды шақыру мақсатымен азаматтық құқық субъектілерімен жасалады.
Осылайша, азаматтық құқықта заңды фактілер мынадай жіктеліске ұшырауы мүмкін:
а) оқиға мен әрекет;
б) заңды және заңсыз әрекеттер;
в) заңды әрекеттер және заңды актілер;
г) әкімшілік актілер мен келісімдер.
Тараптарда субъективтік құқық пен міндеттерінің болуы құқықтық қатынастарды әлі тудырмайды, себебі бұл құқықтар мен міндеттер әзірше қағазда қалады. Оларды жандандыру үшін белгілі арнайыланған әрбір нақтылы құқықтық қатынастар үшін құқық нормаларымен алдын ала белгіленген жағдайы болуы қажет. Ондай жағдайларға не факторларға заңды фактілер жатады.
Заңды фактілер - нақтылы өмірлік жағдайлардағы құқық нормаларымен байланысты құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі не күшін жоюы.
Заңды факторларға қарапайым тұрмыстық не экстроординарлық (кәдімгідей емес) кездер жатпайды, тек сол өмірлік кездер жатады, егер оған тікелей заңды нормалар көрсетсе (мысалы, Н-нің жоғары оқу орнына түсуге құқығы бар, белгілі деңгейдегі құқықтық қабілеттілігі бар, бірақ ол мүмкіндікті іс жүзіне асыру үшін бір ғана жағдай жетіспейді, сонымен қатар түсуге лайықты тапсырылған емтиханның жоқтығы).
Заңды факторлардың көрінуі көптүрлі, бірақ оларды жіктеуді жалпылама белгілеріне қарай жасауға болады. Құқықтық қатынастардың қатысушыларының еркіне байланысты заңды фактілер бөлінеді: әрекет және оқиға.
Әрекет - бұл құқықтық қатынастардың қатынасушыла-рының еркіне байланысты фактілер. Әрекет құқыққа сай не құқыққа сай емес (құқықты бұзушы) болуы мүмкін.
Құқыққа сай әрекет - құқық субъектілерінің істейтін қимылы, әрекеттегі нормалардың қалпында жасалса. Заңды бағыттарының белгілеріне байланысты құқыққа сай әрекеттер мынандай түрлерге бөлінеді: заңды актілер құқыққа сай әрекет ретінде, қандай болмасын белгілі заңды, маңызы бар нәтижеге жету мақсатында жасау, яғни заңды салдар маңызын туғызушылар (келісім, азаматтардың өтінішін сотпен шешу, сатып алу-сату, орындалған жұмыс); әкімшілік актілер билік органдарының жарлығы, белгілі заңды салдар (өмір сүретін жерді алу үшін ордер беру, әскери қызметке шақыру); заңды қылық заңды салдарды туғызбау мақсатында жасалады, бірақ сол әрекеттің күшімен сондайды туғызады (мысалы, автор болуға заңды құқықтың пайда болуы не қойманы жабу, құқықтық қатынастардан туындайтын қатынастары).
Құқыққа сай емес әрекет - бұл құқық субъектілерінің әрекеті, яғни ол құқықтық ұйғарымның талаптарымен сай келмейді, тікелей оған қарсы келеді. Бұл құқықбұзушылық (қылмыс немесе теріс қылық), олардың құрамы, жалпы ережемен түгелдей белгілі заңдарда тіркелген.
Оқиға - оның пайда болуы құқықтық қатынастарға қатынасушылардың еркіне байланысты емес.
Есте сақтайтын нәрсе сол, оқиға адамдардың қатысуымен болады, бірақ олардың еркімен емес, яғни адамдар не ондай нәтиженің болатынын тілемеген не олардың болу мүмкіндігіне немқұрайды қараған; салыстырмалы оқиға (оқиғаға адамның қатынасы жанама) және абсолютті оқиға (оқиғаға адам әрекеттерінің тіпті қатынасы жоқ найзағай, өрт, су тасқыны, жер сілкінуі, т.б.).
Осы жағдайлардан басқа, заңды актілерге сонымен бірге уақыт та жатқызылады, заңды презумциялар, функциялар жағдайы.
Заңды уақыт - бұл заңды фактілердің бір түрі, құқық нормаларының пайда болуын байланыстыратын белгілі уақыт ортасында өзгеруді не құқықтық қатынастарды тоқтатуды және соған сай заңды салдарды көрсетеді.
Көбірек маңызды заңды уақыттың ішінен мынаны айтуға болады: құқықты өзгертуші уақыт (басталуы не олардың уақытының бітуі, құқықтық қатынастарға қатысушылардың субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін өзгертуге әкеліп соғады); құқықты құраушы (құқықтық қатынастар қатысушыларының субъектілерінің құқықтары мен заңды міндеттерін белгілейді); құқықты тоқтатушы (соған сай субъективтік құқық пен заңды міндеттерді тоқтатады (белгілемейді); талапты (өкілетті адамның тікелей міндетті адамға, өз азаматтық құқығын қорғау туралы жүргізген кезеңі); шегеруші (жасалған келісімнің құқықтық салдарының болатын кезі); табиғи уақыт (бұл уақыт өткенше кредитор міндетті адамнан өз міндеттемесін орындауды талап ете алмайды); заңды уақыттар (заңмен белгіленген және сондықтан жәй ғана өзгерту мүмкін емес); келісілген уақыт (азаматтық-құқықтық қатынастарының жоқтығы белгілеген); абсолютті-белгіленген уақыт (жоқтардың субъективтік құқық-тары мен заңды міндеттерінің нақты уақытының пайда болуы мен тоқтатылуын көрсетеді); салыстырмалы-белгіліктегі уақыт (нақтылы құқықтық қатынастардың арнайыланған күшіне қарай белгіленетін нормально-необходимые, разумные, соразумные, своевременные т.с.с.).
Заңды презумция - бұл заңдарда бекітілген, алдын-ала белгілі заңды фактінің болғанына не жоқтығына сай, құқық нормаларының заңды нәтиженің болуын байланыстырады.
Презумцияның бірнеше түрі бар: фактіге байланысты (презумция өмірлік тәжірибеге сүйенген, сондықтан қандай болмасын формалды бекітуді қажет етпейді). Легальді не заңды, яғни тікелей заңда бекітілгендер (кінәлі емес презумциясы, заңды білу презумциясы, азаматтық тәртіптілігі, жоғары деңгейдегі қауіптіліктің қайнар көзінің иесінің, сол қайнар көзбен келтірген зияны үшін кінәсі; жалпылама құқықтық презумция өз әрекетін барлық құқықтық аяға жаяды; салалық, бір не бірнеше құқық салаларында әрекет етуші; салааралық (әкелік презумция, мүлікті бөлу кезіндегі жұбайлардың бөліктерінің теңдігі); қайтарылмайтын (қылмыстық құқық бойынша кінәлі еместігі не азаматтық құқық бойынша кінәлілігі) және қайтарылмайтын презумциялар (заңдарды білу).
Заңды функция - заң шығарушымен мойындалған шындыққа жататын жағдайлар, адамның, құқықтың жағдайына формальді белгілілік кіргізеді сонымен, өзі қатынасуымен қоғамдық қатынастарды реттеуге ықпал етеді.
Функиялар көп таралған және құқықтық реттеу аясында көптеген көмекші функцияларды атқарады: өлді деп хабарлаған азаматтың өлген күні деп, соттың шешім шығарған күні есептеледі; соғыс жағдайына байланысты хабарсыз кеткендер сотпен өлді деп егер соғыс біткеннен кейін екі жыл өтсе ғана; егер адам хабарсыз бір жаққа ауысып кетсе және ол туралы хабарлама шақыру қағазы (повестка) ақырғы өмір сүрген жеріне апарылады, яғни басқа адамдардың қолына тапсырылса да адресі бойынша тапсырылады деп есептеледі.
Заңды жағдайлар - бұл созылмалы өмірлік жағдай, заңды нәтижесінің болуының негізі ретінде қызмет етіледі. Бұл заңды факторладың күрделі түрлерінің бірі, салыстырмалы тұрақтылықпен және ұзақ кезеңде өмір сүрумен сипатталады, сол уақытта олар (басқа факторлармен байланысып) құқықтық салдардың тез болуына бірнеше рет жағдай жасалуы мүмкін (жынысы, жасы, денсаулығы, отбасылық жағдайы, еңбек келісімдегі жағдайы, түрмеде болу, азаматтық, туыстық, мамандық, жұмыс істеген уақыты, әлеуметтік рөлі, т.б.).
Түсетін салдарына байланысты заңды фактілер төмендегіше бөлінеді:
:: құқықты құрушы фактілер - бұл заңды фактілердің түрі, тікелей құқықтың қатынастарын туғызады (азаматтық-құқықтық келісімдер, отбасы құқығына сай некеге тұру, қылмыстық әрекеттер істеуіне байланысты қылмыстық-құқықтық қатынастарды туғызуы, еңбек келісім шартын жасауы, лауазымды орынға сайлау, т.б.).
:: құқықты өзгертуші заңды факторлар - бұл заңды факілердің түрі, олар құқықтық қатынастарды өзгертушілер (басқа жұмысқа ауыстыру, жақтардың арасындағы еңбек туралы құқықтық қатынастардың мазмұнын өзгертеді, бірақ тұтасымен құқықтық қатынастар сақталады, адамның міндеттілігін өзгерту, тиісті әскери атақты әскерлерге арнайы қызметкерлерге, ғылыми қызметкерлерге беру.
:: құқықты тоқтатушы заңды фактілер - бұл заңды фактілердің бір түрі адамның өзі субъективтік құқығын іске асыруда не заңды міндетін не басқадай заңдармен белгіленген кездерді іске асырудағы әрекетін тоқтатуды қамтамасыз етуші, келісім шартын тоқтату, есептелген қауіпсіздік ақшасын төлеу).
Кейбір кездерде, барлық осы үш түрдегі фактілер бір актімен туындауы мүмкін. Мысалы, адамның қайтыс болуы, мұрагерлік қатынастың пайда болуына, қарыз бойынша міндеттілікті өзгертуге, отбасылық, еңбектік және басқа құқықтық қатынастардың тоқталуына әкеліп соғады.
Кейбір құқықтық қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне және жойылуына, тек бірнеше заңды фактілердің негізінде мүмкіндігі бар. Мұнда олардың жиынтығы, заңды (фактілер негізінде) көрінуі мүмкін. Мысалы. зейнеткерлік құқықтық қатынастар мынандай жағдайлардың жиынтығын талап етеді: соған сай жасы, еңбек өтілі, әлеуметтік қамсыздандыру органының шешімі; жоғары оқу орнына түсу үшін жалпы орта білімді, емтихандыжақсы тапсыруды, бірінші курсқа қабылданғаны туралы ректордың бұйрығын талап етеді.
Сонымен, шын мәніндегі (фактический) заңды құрылым - бұл құқық нормаларымен белгіленген, құқықтық нәтиженің болуына қажетті заңды фактілердің жиынтығы.
Заңды құрылымды, заңды фактілердің жүйесі ретінде қарауға болады, яғни ашық түрдегі фактілік жүйе деп айтуға болады (заңды фактілердің комплексінде, әрекеттегі заңдармен белгіленбеген элементтердің пайда болуына рұқсат етеді, мысалы келісім күшімен, құқықтың мәнінің жалпы бастауын) не фактілер жүйесінің жабылуы туралы (заңды фактілердің комплексінде, элементтік жүйе жеткілікті түрде белгіленген, мысалы құқықты бұзу құрылымы).
Заңды фактілер - бұл белгілі бір құқықтық салдардың туындауына негіз болып табылатын нақты өмірлік жағдайлар. Заңды фактілер құқықтық қатынастардың пайда болуының алғышарттары болып табылады.
Заңды фактілерді әр түрлі негіздер бойынша түрлерге бөлуге болады:
1. Туындайтын салдардың сипаты бойынша:
құқықтудырушы (мысалы, жоғары оқу орнына түсу);
құқықөзгертуші (мысалы, күндізгі оқу бөлімінен сыртқы бөлімге ауысу);
құқықтоқтатушы (мысалы, жоғары оқу орнын аяқтау).
2. Құқықтық қатынастар субъектілерінің еркімен байланысына қарай:
- оқиғалар - бұл субъектілердің еркіне тәуелсіз жағдайлар, мысалы, табиғат апаты, өлім және т.б
- әрекеттер - бұл құқықтық қатынастар субъектілерінің еркімен байланысты жағдайлар. Әрекеттер, өз кезегінде, құқыққа сай және құқыққа қайшы болып бөлінеді.
Көп жағдайда құқықтық қатынастардың пайда болуы үшін бір заңды факт жеткіліксіз болып, олардың жиынтығы - заңды құрам қажет болатын жағдайлар туындайды. Мысалы, кәрілігіне байланысты зейнетақы алу үшін зейнеткерлік жасына жету, белгілі бір еңбек өтілінің болу, зейнетақыны тағайындау туралы шешімінің болуы тиіс. Заңды құрамдардың екі түрі болады: а) оның барлық элементтері көрсетіліп, заңмен нақты анықталған болуы мүмкін (мысалы, зейнетақыны тағайындау мәселесі); ә) ол жалпы белгілермен сипатталуы мүмкін (мысалы, некені бұзудың негіздері).

2 ЗАҢДЫ МАҢЫЗЫ БАР ФАКТІЛЕРДІ АНЫҚТАУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Азаматтық құқықтағы заңды фактілерді анықтау жолдары

Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер басқа тұлғалардың мүдделерін қорғау үшін заң бойынша сотқа жүгінуге құқығы бар азаматтардың, ұйымдардың, сондай-ақ өзге де адамдардың арыздары бойынша қозғалатынына (Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 55, 62-баптарының талаптарына сай) және факт туралы даудың болу ықтималдығымен, бірақ құқық туралы даудың сөзсіз болмайтындығымен сипатталатынына соттардың назары аударылсын. Егер арызданушы заңдық маңызы бар бірнеше фактілерді анықтау туралы арыз берсе, онда соттар осы талаптарды бір өндірісте қарауға құқылы.
Соттар заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы арыздарды егер:
мұндай фактілер заңға сәйкес (АПК-нің 305-бабының бірінші бөлігі) заңдық маңызы бар жағдайларды тудырса (азаматтар мен ұйымдардың жеке немесе мүліктік құқықтарының пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуы);
фактіні куәландыратын тиісті құжаттарды алуға немесе оларды қалпына келтіретін арызданушының басқа мүмкіндігі болмаса (АПК-нің 306-бабы);
қолданыстағы заңнамамен оларды анықтаудың өзге (соттан тыс) мүмкіндігі көзделмесе (АПК-нің 306-бабы);
фактіні анықтау соттың ведомстволығына жататын құқық туралы дауды кейін шешуге байланысты болмаса, қабылдап, ондай істерді ерекше өндіріс тәртібімен қарай алады (АПК-нің 304-бабының екінші бөлігі).
Арызды қабылдау кезінде сот арызданушыдан ол фактіні анықтаудың оның қандай заңдылық мүддесін қорғайтындығын айқындап, арызданушыдан фактіні куәландыратын тиісті құжатты алудың немесе оны қалпына келтірудің мүмкін еместігін растайтын жазбаша дәлелдемелерді талап етуі қажет.
Құжатты алу мүмкіндігінің жоқтығы деп белгілі бір фактіні тіркеу ережелерінің талабын (мысалы, асырауда болуды) не фактіні тіркеу тәртібінің сақталмауын немесе сол сәтте ондай шараға бара алмаушылықты, жүгінуге жағдайы болмауын түсіну қажет (мысалы, өлім фактісі, баланың ата-анасы бала туғаннан кейін некені тіркетпеген, баланың туғаны туралы жазбаға уақытында түзету енгізбеген және әкенің қайтыс болуына байланысты мұны жасау мүмкін болмаған жағдайларда әкелікті тану фактісі). Құжатты алуға мүмкіншілік жоқ деп, сондай-ақ фактіні растайтын құжаттар болғанмен, алайда сол құжатта дәлелдемелік маңызынан айыратын, түзетілуі мүмкін емес (мысалы, қайғылы жағдай туралы акт) қателіктер мен фактіні тура дәлелдейтін негіздемелер болмаса, ол құжаттар дәлел болу маңыздылығын жоғалтып, оны түзетуге жағдайлар болмауын түсіну қажет.
Құжаттың жоғалып немесе жойылып кетуіне байланысты тиісті органның оның көшірмесін беру мүмкіндігінің болмауын жоғалған құжатты қалпына келтіруге мүмкіндік жоқ деп түсіну қажет.
Егер қолданыстағы заңнамамен оларды анықтаудың өзге (соттан тыс) тәртібі көзделсе, онда сот АПК-нің 151-бабының бірінші бөлігі 1) тармақшасына сәйкес арызды қабылдаудан бас тартуға тиіс.
Арыз қателікпен қабылданып, ол бойынша іс қозғалған жағдайда, онда ол АПК-нің 277-бабының 1) тармақшасының негізінде қысқартылуға жатады.
Егер заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы арызды қабылдау немесе сот талқылауына істі дайындау барысында әрекеттер жасау, не мәні бойынша істі қарау барысында судья соттың ведомстволығындағы құқық туралы дау бар екенін анықтаса, АПК-нің 279-бабы 13) тармақшасының негізінде ол арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығаруға және арыз беруші мен басқа да мүдделі тұлғаларға талап қою ісін жүргізу тәртібімен сотқа жүгіну құқығын түсіндіруге міндетті.
Туыстық қатынастар фактісін (АПК-нің 305-бабының екінші бөлігінің 1) тармақшасы) айқындау азамат үшін тікелей заңдылық жағдайларды тудырса, мысалы, ондай фактіні анықтау арызданушыға мұраға құқық туралы куәлікті алуға немесе асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алуға құқысын ресімдеу үшін қажет болған жағдайларда ғана сот тәртібімен анықталады.
Туыстық қатынастар фактісін анықтау туралы іс бойынша шешімде сот арызданушының тиісті адаммен туыстық қатынасы қандай дәрежеде екендігін көрсетуге тиіс.
Арызданушының сотқа жүгінуі азаматтық хал актілеріндегі жазбалардағы қателіктердің болуына байланысты туындаса, туыстық қатынастар фактісі сот арқылы анықталмайды. Мұндай арыздарды сот АПК-нің 44-тарауында белгіленген тәртіппен қарайды.
Соттар бір адамның екінші адамның қамқорында (асырауында) болу (АПК-нің 305-бабы екінші бөлігінің 2) тармақшасы) фактілерін анықтаудың заңдылық екенін, ол азаматтың мұрагерлік құқысын бекіту үшін мұраны (АК-нің 1068-бабы) немесе қамқоршысынан айырылуына байланысты жәрдемақы (АК-нің 940-бабы) алуы үшін және заңда көзделген басқа да жағдайларды анықтау үшін керек екендігі назарда болуы керек.
Аталған жағдайларда, арызданушы жалақы, зейнетақы, стипендия және т.б. кірістері болған болса, қамқоршы тарапынан көмек тұрақты және негізгі күнкөріс көзінің болғанын анықтау қажет.
Тек қайтыс болған адамның асырауында болған еңбекке жарамсыз отбасы мүшелері қамқоршысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алуға құқылы.
Заң бойынша мұраға құқықты ресімдеу мақсатында асырауда болу фактісін анықтау үшін арызданушы мұра беруші қайтыс болған күні еңбекке жарамсыз, қайтыс болған адаммен бірге және кемінде бір жыл оның қамқорында болуы керек (АК-нің 1068-бабының 1-тармағы).
Мұрагерлікке шақырылатын кезектегі мұрагерлермен бірге мүлікті мұралыққа қабылдау мақсатында заң бойынша мұрагерлер қатарына жататын адамдардың асырауда болу фактісін анықтау үшін мүдделі адам еңбекке жарамсыз және мұра беруші қайтыс болғанға дейін кемінде бір жыл оның қамқорында болуы керек (АК-нің 1068-бабының 2-тармағы).
Баланың тууын, ұлды (қызды) асырап алу, некені қиюды, ажырасуды, өлгендікті (АПК-нің 305-бабының екінші бөлігінің 3) тармақшасы) тіркеу фактілерін анықтау туралы істерді қарау кезінде соттар оқиғаның өзін емес, олардың тиісті органдарда тіркелу фактілерін ғана анықтайтынын соттар назарда ұстаулары қажет.
Егер азаматтық хал актілерін тіркеу органдарында және тиісті мұрағаттарда мұндай жазба сақталмаса және оны қалпына келтіруден бас тартылса, онда мұндай істер қаралуға жатады.
Нақтылы некелік қатынаста болу фактісін анықтау туралы істер осы тармаққа сәйкес қаралмайды.
Құқық белгілейтін құжаттардың адамға тиістілігі жөніндегі фактіні анықтау туралы талаптар бойынша құжатта көрсетілген адамның аты, әкесінің аты немесе тегі осы адамның паспортында немесе жеке куәлігінде, немесе туу туралы куәлігінде (АПК-нің 305-бабының екінші бөлігінің 5) тармақшасы) көрсетілген атқа, әкесінің атына немесе тегіне сәйкес келмейтіні анықталса, арызды қабылдау сәтінде, ал ол қабылданған жағдайда істі сот талқылауына дайындау кезінде соттар арызданушыдан құқық белгілейтін құжаттың оған тиесілі екендігін және оны берген ұйымның оған тиісті өзгерістерді енгізуге мүмкіндігі жоқтығын көрсететін дәлелдемелерді ұсынуды талап етуге тиіс.
Әскери құжаттардың, паспорттың, жеке куәліктің және азаматтық хал актілерін жазу органдары берген куәліктердің нақтылы адамға тиісті фактісін анықтауға соттың құқысы жоқ.
Сонымен қатар, ССР Одағының және оның органдарының таратылуына байланысты, ордендер мен медальдардың куәліктерінде көрсетілген адамның аты, әкесінің аты немесе тегі осы адамның паспортында немесе жеке куәлігінде, немесе туу туралы куәлігінде көрсетілген атқа, әкесінің атына немесе тегіне сәйкес келмейтін жағдайда, ол құжаттар белгілі адамдікі екендігін анықтауға сот құқысының бар екендігін назарда ұстау қажет. Осы орайда, осындай фактілерді анықтау туралы шешім осы құжаттардың арызданушыға тиесілі екендігі нанымды дәлелдемелердің қорытындысына сәйкес негізделуге тиіс.
Мүлікті меншік, шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқықтарымен иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету (АПК-нің 305-бабының екінші бөлігінің 6) тармақшасы) фактілері арызданушының қолында мүліктің тиесілігі туралы құқықты белгілейтін құжат болып, бірақ ол жоғалған және көрсетілген фактіні соттан тыс қарау тәртібімен анықталуы мүмкін болмаған жағдайда ғана сот арқылы анықталады. Осы орайда, сот осындай істерді қарау кезінде мүлікке меншік құқығын емес, мүліктің арызданушыға тиесілі екенін растайтын құжаттардың болу фактісін ғана анықтайды.
Өз бетімен тұрғызылған, пайдалануға қабылданбаған құрылыстарды, сондай-ақ басқа адамның атына тіркелген құрылыстарды иелену фактісін сот анықтамайды.
Автокөлікті немесе басқа мүліктерді мәміле бойынша иемденіп, бірақ заңнамаға сәйкес ресімделмеген болмаса, онда оларды иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету фактілерінің анықталуы мүмкін емес. Бұл жағдайда арызданушы меншік құқығын тану немесе мәмілені болған деп тану үшін жалпы тәртіп негізінде талап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқықтық қатынастардың элементтері мен ерекшеліктері
Азаматтық құқық объектілерінің түрлері
ҚР тұрғын үй қатынастарын құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатында пайдалану
Азаматтық құқық нормалырының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады
Мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар
Азаматтық - құқықтық қатынастар объектілері
Азаматтық құқық субъектілерінің түсінігі
Азаматтық құқық қатынастарының элементтері
Азаматтық құқықтық қатынастың объектілері
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҰҒЫМЫ, ПӘНІ
Пәндер