Құқықтық мінез - құлықтың әлеуметтік құндылығы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Нұр-Cұлтан қаласының Білім басқармасы
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Жобалық жұмыс
«Білім беру саласында құқықтық жүріс тұрыс, құқық бұзушылық және заңдық жауапкершілік. Қазақстан мен шет елдердің заңнамаларын салыстырмалы түрде талдау»
Жұмысты орындаған : Айткужина А. Г. 1 курс суденті
Жұмысты тексерген : Мырзатаев Н. Д доктор, доцент
Нұр - Сұлтан қаласы
05. 12. 2020 жыл
Кіріспе
Автор бұл жобада білім беру саласында құқықтық жүріс тұрыс, құқық бұзушылық және заңдық жауапкершілік жайында ой қозғайды. Құқықтық жүріс тұрыс, құқық бұзушылық және заңдық жауапкершілікке анықтама беріп, олардың ерекше белгілерін атап өтеді. Қазақстан мен шет елдердің заңнамаларын салыстырмалы түрде талдау жүргізеді. Салыстырмаалы ел ретінде Жапонияны алып қарастырады. Ол елдегі білім саласына қатысты қабылданған заңдарға тоқталады және бұл елдегі ұстазаға деген құрмет жайлы сөз қозғайды. Автор Қазақстан Республикасының білім саласындағы құқық бұзушылықтарды екі топқа бөліп қарастырады . Еліміздегі білім саласындағы құқық бұзушылық ішкі және сырқы деп бөледі. Ішкі мәселелерге оқу орындарындағы білім берушілер мен білім алушылардың арасындағы қарым - қатынастарды және білім беретін мекемелерді қажетті құралдармен қамтамасыз етілмеу туралы мәселерді жатқызады . Ал сыртқы мәселелерге автор білім алушылардың ата -аналары мен ұстаздар арасындағы түсініспеушіліктер жайлы және білім берушілерді өз еркінен тыс қоғамдық жұмыстармен айналысу жөнінде ой қозғайды . Осы мәселелерге қатысты мемлекет қабылдаған заңдар мен нормативтік актілердің маңызын ашып көрсетеді.
Ең алғашында автор құққа сай мінез құлық пен сай тәртіп белгілеріне тоқталып өтпек. Құқықтық мінез құлық дегеніміз не? Анықтама беріп өтейік және мәнісін ашуға тырысып көрейік.
Құқықтық мінез-құлық - адамның құқық нормаларына сәйкес мінез-құлқы. Құқықтық мінез - құлық әлеуметтік, экономикалық, саяси идеологиялық қоғамдық қатынастардың жай-күйіне ықпал етіп, дамуына әсер етеді. Құқықтық мінез-құлық негізігде жауакершілікті, мойындағы борышты, қоғамдық қажеттілікті сезінуден, қоғамдық мүддемен сабақтас жеке мүддеден туындайтын ниет жатады және ол адам санасы мен еркінің бақылауында болады . Ал құқыққа қарсы шығатын, жағымсыз мінез- құлыққа байлық құмарлық, пайдакүнемдік, өзімшілдік, зорлықшыл пиғыл сияқты теріс қылықтар жатады. Құқықтық тұрғыдан нақты тәртіпке келтірілген мінез-құлық қана құқықтық мінез құлық болып саналады, ал рұқсат етуші не тыйым салушы құқық нормаларында қарастырылмаған мінез-құлық құқықтық мінез - құлыққа жатпайды . Құқықтық мінез - құлық мемлекет тарапынан қадағаланып отырады. Жағымды, оң мінез - құлыққа құқықтық кепілдік беріледі, егер құқыққа қарсы келсе, жағымсыз, теріс мінез - құлық көрсетсе, онда адамға құқықтық жауапкершілік жүктеледі . Енді құқыққа сай жүріс тұрыс ұғымы дегеніміз не?
Құқықтық мінез - құлық құқыққа сай және құқыққа қайшы деп екі түрге бөлінеді. Олардың арасындағы ортақ белгі ретінде құқық сферасындағы ұқсас субьектілердің мінез- құлқы. Сонымен қатар олар кейбір сипаттары бойынша қарама - қайшы болып келеді . Біріншіден, егер құқыққа сай мінез- құлық қоғамдық қатынастарды нығайтса, ал құқыққа қарсы мінез - құлық әлеуметтік жүйені әлсіретеді, бұзады . Екіншіден, мінез - құлықтың психологиялық белгілері қарама- қайшы. Құқыққа сай мінез- құлық қоғам мүддесіне сай келетін, оған қайшы келмейтін өз міндетін саналы түрде түсіну, қоғамдық қажеттілік, жеке мүдделермен дәлелденеді. Құқыққа қайшы мінез - құлық көп жағдайларда байлық құмарлықпен, пайдакүнемдікпен, агрессивтік және эгоистік ұмтылумен сипаттталады. Үшіншіден, мінез - құлықтың заңды сипаты әр түрлі. Құқыққа сай мінез -құлық әдетте рұқсат етуші немесе міндеттеуші нормалармен қарастырылса, ал құқыққа қайшы мінез - құлыққа қайшы мінез -құлық тиім салушы нормалармен қарастырылған. Құқыққа сай мінез - құқық нормаларды сақтау немесе орындаумен бекітіліп нормативтік болады, ал құқыққа қайшы мінез - құлық тиім салушы немесе міндеттеуші нормаларды бұзып, нормаға қайшы болады. Төртіншіден, мінез -құлыққа мемлекеттің әсерінің әр түрлі болуы. Мемлекет құқыққа сай мінез - құлықты жан - жақты қорғап, кепілдік береді . Мемелекет кінәлі тұлғаның құқыққа қайшы мінез- құлқы мен әрекеті үшін жағымсыз салдар қарастырады . Құқыққа сай мінез - құлық деген не ?
Құқыққа сай мінез - құлық дегеніміз - бұл құқық нормаларында қарастырылған және заңды салдар ала жүретін, субъектілердің сласы мен еркінің бақылауында болатын, жеке немесе ұжымдық субъектілердің әлеуметтік мағынадағы мінез - құлық .
Құқықтық мінез -құлыққа көптеген зерттеушілер әр түрлі анықтамалар береді және сонымен қатар оның белгілерін де атап көрсекен екен . Автор сол берілген анықтамалардың ішінен, зерттеушілердің ерекшелеп көрсеткен келесі белгілерін бөліп қарастырды :
- Құқықтық мінез -құлықтың әлеуметтік құндылығы. Құқықтық мінез - құлықтың негізгі мақтанышы оның шығармашылық бастауы болып табылады, оны жүзеге асыра отырып қоғамның дамуының тұрақтылығы қамтамасыз етіледі .
- Әлеуметтік пайдалылығы . Әлеуметтік құндылыққа қарағанда, бұл белгі қоғам мен мемлекет үшін құқықтық мінез - құлық нәтижесінде пайда болатын салдармен сипатталады .
- Құқықтық- мінез құлықтың қоғамға қажеттілігі . Құқықтық мінез - құлық гере ол тікелей құқық нормаларымен қарастырылса және қоғамның өнегелік мүмкіндігі мен мақсаттылығы туралы қөзқарастарымен қайшы келмесе қажетті сипатқа ие болады . Құқықтық мінез- құлық ұсынылған құқықты пайдалану барысында жеке тұлға басқа тұлғалардың мүдделерін немесе жалпы адамгершілік мақсаттарын есепке алмаса қажетті болмай қалады .
- Мемлекет кепіл беріледі және қамтамасыз етіледі . Құқыққа сай мінез - құлық пайдалы және құнды әдлеуметтік мінез - құлық ретінде мемлекет тарапынан көмек алады. Кепілдену институты қазіргі таңда Қазақстанда құрылу сатысында тұрған конституциялық жауапкершіліктен де көрініс табады. Конституциялық жауапкершілік дегенде әдетте құқық субъектілерінің ( мемлкете, мемлкеттік билік, лауазымды тұлғалар ) конституциялық заңдардың нормаларының талаптарын сақтау міндеттері, ал егер дұрыс орындалмаса немесе конституциялық мідеттеме бұзылса - жағымсыз салдардың туындауы ( санкция ) деп түсіну қалыптасқан .
- Құқық нормаларымен басқада заңи ұстанымдармен байланысы . Құқыққа сай мінез - құлықты қарастыра отырып А. С. Мордовец, ғылыми түсінік ретінде ол құқық нормаларының стимулдық ролінің мәнін едәуір көтереді, өйткені оның мазмұнында заңдылық талаптары көрініс тапты ма, норманың мақсаттары мен міндеттерге сәйкес келе ме деген сұрақтар талдауға мүмкіндік береді деп есептейді.
- Көпшілік сипатта болуы . Құқықтық мінез- құлық, қоғамдыұ құқықтық сана тиісті даму деңгейінде болса, түрлі деформациялар мен ауытқуларға кез болмаса ғана көпшілік сипатқа ие болады . Құқыққа сай мінез- құлық бірінші кезекте тұрғындардың саналы бөлігін, басқаша айтақанда, заңды немесе құқықты сыйлайтындарды қамтиды.
- Өзін - өзі реттеу . Құқықтыұ мінез - құлықтың нақ осы белгісі, оның көпшілік сипатын, күрделі психикалық процесстердің ішкі механизмін жібере отырып қамтамасыз етеді. В. В. Филатов, көпшілік жағдайда адамдар өздерінің мінез - құлқы құқық нормаларына қаншалықты сәйкес келетіні жөнінде көп ойланып жатпастан ақ құқыққа сай іс-әрекет жасай береді . Бұл заң мазмұны мінез - құлықтың қалыптасқан ережелеріне сәйкес келгенде ғана болатын жағдайлар, осыған сәйкес құқықтық нормалар адамдардың санасында орын алып, өзін-өзі реттеу тәртібімен автоматты түрде жұмыс жасайды деген пікір қосады . Өзін - өзі реттеу барлық салада көрініс табады .
- Құқықтық мінез - құлықтың презумцияланғандағы. Құқық саласындағы азаматтар үшін тыйым салынбағанның барлығы рұқсат етілген қағидасы әрекет етеді. Аталған қағида негізінде құқыққа сай мінез-құлықтың құқық презумпциясыц қызмет етеді. Ол өз кезегінде, мінез - құлық басқаша белгіленбесе және дәлелденбесе құқыққа сай юолып есептеледі деп түсіндіпіледі.
- Мотивация. Құқықтық мінез -құлық үшін қажеттілі шамалы, бастысы субъект заң шеңберінде әрекет етіп, әлеуметтік пайдалы нәтижеге жетсе болды деген пікірге жиі кездесіп отырамыз. Мұндай пікірдің жаны бар, алайда біз құқықтық мінез- құлықтың қажетті оң түрлері жөнінде сөйлесек, онда құқықтық мінез - құлықтың нәтижелі жақтарын ғана емес, сондай - ақ мотивациялық жақтарын да басшылыққа аламыз. Және құқыққы сай мінез - құлықтың әлеуметтік құндылығын анықтауға байланысты, қандай да бір қылықты мәні мотивпен анықталады.
- Құқықтық мінез - құлықтың өнегелік құндылығы . Нормативтік мінез - құлықтың құқыққа сай өнегелік, діни түрлері арасындағы тығыз байланыс жөнінде айта кету керек. Құқықтық мінез - құлық тек мемлекеттік билікті сипаттағы ұстанымдарды ғана жүзеге асырып қоймай, сондай-ақ, жеке тұлғалардың өнегелік даму деңгейін, оның құқықтық орнатылымдарды қандай да болсын жағдайда сақтау қабілетін көрсетеді. Сонымен қатра, құқықтық нормалар да өздерінің негізінде өнегелік даму деңгейін, оның құқықтық орнатылымдарды қандай да болсын жағдайда сақтау қабілетін көрсетеді . Сонымен қатар, құқықтық нормалар да өздерінің негізінде өнегелік мазмұнға ие, демек оларды сақтау құқықтық тәртіпті нығайтады . Жеке тұлғалардың алдында өнегелік таңдау қажеттілігі туындап отырады . Құқықты жүзеге асыру, бірінші кезекте адамдардың құқыққа сай әрекеттерін талап етеді, ал бұл жағдайда құқықтық мінез - құлықтың өнегелік құндылығын бағалау қиынға соғады. Енді автор тақырыпта аталып өткен құқық бұзушылық және жауапкершілікке тоқталып өтпек.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz