Қылмыс құрамының ұғымы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті комерциялық емес акционерлік қоғамы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: САЯСИ Қылмыстық ҚАЙРАТКЕР құқық
Тақырыбы: МАЗМҰНЫ Қылмыс құрамының ұғымы, элементтері және түрлері
Орындаған: Юп-19-9 тобының студенті
Картжанов А.С.
туралы Рецензент :з.ғ.д.,доц.,аға оқыт.Бұғыбай Д.Б.
Ақтау 2020
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ҰҒЫМЫ, ЭЛЕМЕНТТЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Қылмыс құрамының ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Қылмыс құрамының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.3 Қылмыс құрымының элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2 ҚЫЛМЫС ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.1 Қылмыс объектісінің түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2 Қылмыс объектісінің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.3 Қылмыстың заты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...27
КІРІСПЕ
Өзектілігі. Адам кез келген іс - әрекеттің оның қоғамдық құқық бұзушылық болып табылады. Құқық бұзушылықтың міндеттері мен элементтері куқық бұзушылықтың обьектісі, обьективтік жағы, субьект субьективті жағы. Обьективті жағынан факультативтік белгілерінің қылмыс жасау тәсілі. Орны, уақыты, жағдайы болып табылады. Обьективті жағы бұл болған обьектіге жағының сыртқы көрінісі болып табылады. Субьектісі қасақана немесе абайсыз жасалынады. Қылмыстық субьектік жағы адам істеген ойы ниеті жасағанын шығарылады.
Құқықтық нормаларда бекітілген ережелердің бұзылуы кез келген қоғамда жаппай сипатқа ие болып оған айта қаларлықтай материалдық және моралдык зыян келтіреді. Құқыққа қарсы жасалатын іс-әрекеттердің себептерінің, жағдайларының, субъектілерінің және сипаттарының әртүрлілігіне қарамастан олардың барлығы оларды бір әлеуметтік құбылыс - құқық бұзушылыққа жатқызуға мүмкіндік беретін ортақ белгілерге ие болады.
Адамның кез-келген іс-әрекеті оның қоғамдық қауіптілігі барысында құқық бұзушылық ретінде бағаланады.
Құқық бұзушылық құрамы туралы түсінік ұғымы жалпықұқықтық, жалпытеоретикалық маңызға ие болғанымен ол барынша тиянақты және толық қылмыстық құқық ғылымында қылмыс құрамына қатысты түрде зерттелген.
Құқық бұзушылық және құқық бұзушылық құрамы ұғымдары өзара тығыз байланысты болғанымен бір ұғым болып табылмайды. Әртүрлі Зиянды іс-әрекеттермен ұшыраса отырып адамдар алғашында өздерінің санасында, кейіннен заңда олардың тікелей белгілерін бекітті: іс-әрекеттің субъектісінің белгілерін, іс-әрекеттің өзін, субъектінің іс-әрекетке қатынасын көзқарасын, қол сұғушылықтың затын және жасалған қоғамға қарсы жүрістұрыстың салдарын. Осындай жолмен адамның әлеуметтік маңызы бар кезкелген жүріс-тұрыстың мазмұнын құрайтын элементтер біртіндеп ажыратыла бастады. Осындай эмпирикалық белгілерді қорыту жалпы теоретикалық категория грқық бұзушылық құрамының пайда болуына алып келді.
Құқық бұзушылықтың жекелеген түрлерінің барынша жалпы, типтік және маңызды белгілерінің жүйесін көрсететін ғылыми абстракцияны құқық бұзушылық құрамы дейміз. Белгілердің бұл жүйесі құқық бұзушыны заңи жауаптыырыкка тарту үшін қажетті және жеткілікті болып табылады. Аталған белгілердің біреуінің болмауы тұлғаны жауаптылыққа тартуға мүмкіндік бермейді.
Кез-келген құқық бұзушылықтың міндетті элементтеріне кұқық бұзушылық объектісі; құқық бұзушылықтың объективтік жағы, құқық бұзушылықтың субъективтік жағы жатқызылады. Қарастырылған белгілердің ортақтығына қарамастан құқық бұзушылық әртүрлі болады. Құқық бұзушылықты олардың әлеуметтік қауіптілік деңгейіне тәуелділікте сыныптау барынша кең таралған және әлеуметтік маңызды болып табылады. Осыған байланысты барлық құқық бұзушылықтар қылмысқа және теріс Қылы ққа белінеді.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыс құрамы категориясы үлкен маңызға ие болады. Себебі адамның іс-әрекетінде қылмыс құрамы белгілерінің толық болуы оны қылмыстық жауаптылыққа тартудың бірденбір заңды негізі болып табылады. Сонымен бірге қылмыс құрамы қылмысты саралау барысында да үлкен маңызға ие болады.
Қылмыс құрамы туралы ұғым қылмыстық заңды дұрыс қолдану үшін өте маңызды және әмбебап ұғым болып табылады.
Аталған ілім тек заң ғылымдарының жетістігі негізінде ғана пайда болған жоқ. Онда философияның ұғымдары (объекті, себепті байланыс мәселелері) медицина ұғымдары (есі дұрыс еместік ұғымын анықтаумен байланысты мәселелер) психологиялық ұғымдар (қылмыстық жауаптылық басталатын ең төменгі жас мөлшерін анықтау кінә, пиғыл ұғымдары) пайдаланылады. Аталған ілімнің әмбебаптағы бұл ілімді әртүрлі сипаттағы қылмыстық заңдарға қолдануға болады. Ер
Жалпы алғанда қылмыс құрамы туралы ілімсіз қылмыстық заңды дұрыс қолдану негізінен мүмкін болмайды.
Қылмыс құрамының теориялық мәселелері атты тақырыпқа жазылған курстық жұмыстың мақсаты: қылмыс құрамы туралы ілімнің Қылмыстық-күқық теориясында алатын орны және қылмыстық заңнаманы жүзеге асырудағы маңызын терең ашып, оған теориялық талдау жасау жолымен зерттеу жүргізу болып табылады.
Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін автор алдына төмендегідей мақсат қояды:
1. Қылмыс құрамы ұғымының ғылыми негіздері мен заңи негіздеріне талдау жасау;
2. Қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы және қылмыстық заңнаманы жүзеге асырудағы практикалық қолданбалы маңызын ашып көрсету.
3. Қылмыс құрамының жекелеген элементтеріне талдау жасау жолымен қылмыс құрамы ұғымының жалпы теориялық базасын тұжырымдау.
Курстық жұмыстың теориялық негізін отандық және шетелдік негізінен алғанда бұрынғы кеңестік ғалым-заңгерлердің еңбектері құрайды. Атап айтқанда Е.И. Кайыржановтың, Орымбаевтың; В.Н. Кудрявцевтің; А.В. Наумовтың еңбектері құрайды.
Сонымен бірге курстық жұмыстың жекелеген тарауларында А. Ағыбаевтың; Н.И. Ветров пен Ю.И. Ляпуновтың; Н.Н. Смирнованың; Н.А. Беляев пен М.И. Ковалевтың оқулықтары пайдаланылды.
Курстық жұмыстың эмпириялық базасы болып Қазақстан Республикасының қазіргі қолданыстағы қылмыстық заңы яғни 1998 жылдың 1-қаңтарынан күшіне енген Қылмыстық Кодекс табылады.
Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу үшін автор өзінің диплом жұмысын төрт тарауға бөліп, олардың мазмұнын тиісті бөлімдерге жіктеуді дұрыс деп есептейді.
Тақырыптың сипаты мен ерекшеліктеріне байланысты және аталған тақырыптың зерттелу деңгейіне сәйкес курстық жұмыстың кіріспе, тиісті бөлімдерге бөлінген төрт тарау, қортынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұратын құрылымы жасақталған.
1ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ҰҒЫМЫ, ЭЛЕМЕНТТЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
1.1 Қылмыс құрамының ұғымы
Қоғамдық қауіпті іс-әрекетті қылмыс ретінде бағалауға мүмкіндік беретін Қылмыстық заңмен бекітілген белгілерінің жиынтығын қылмыс құрамы деп атау қалыптасқан.
Әрбір қылмыс қоғамға қауіпті және құқыққа қайшы. Қылмыстық құқыққа қайшылық қылмыстық-құқықтық норма талаптарының бұзылғандығын білдіреді. Қылмысты заңда сипаттап жазу арқылы заңшығарушы тыйым салынған іс-әрекеттердің шеңберін белгілейді. Қылмыс құрамы осындай негізде, заңшығарушының белгілі-бір іс-әрекеттерінің қоғамдық қауіптілігі және қылмыстың құқыққа қайшылығы туралы пікірін білдіреді,
Қылмыс құрамының маңызы мынада, тек тұлғаның іс-әрекетінде Қылмыс құрамының барлық белгілері болғанда ғана оның қылмыс жасағандығын айтуға болады және жауапкершіліктің сипаты мен көлемін анықтау мүмкіндігі пайда болады. Тек қылмыстық заң ғана қылмыстық жеке қылмыстық емес іс-әрекеттердің арасына шек қояды; заң талабы барлық лауазымдық тұлғалар және азаматтар үшін міндетті болып табылады. Ендеше, қылмыс құрамына сәйкес іс-әрекет ғана қылмыс болып табылады деген ережеде, қылмыстық істер бойынша әдiлсоттылықты жүзеге асырудағы заңдылық қағидасы басшылыққа алынған.
Қылмыстың әрбір нақты құрамы қылмыстың объектісінің, объективтік жағын, субъектісін, субъективтік жағын сипаттайтын объективтік және субъективтік белгілердің жиынтығынан тұрады. Қылмыс құрамының барлық белгілері өзара байланысты: әрбір белгі органикалық бірліктің бөлшегі, тұлғаның іс-әрекетінде олардың біреуінің болсада болмауы, тұтас алғанда қылмыс құрамының жоқ екенін білдіреді.
Кез-келген қылмыстың құрамының белгілері тек заңмен бекітіледі. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің баптарының әрбір диспозициясында Қылмыстар сипатталып жазылған. Мысалы, ҚК-тің 144-бабы, пациенттің сырқаты немесе медициналық қызметкердің жария етуі - дәрігерлік құпияны жария еткені үшін қылмыстық жауаптылықты қарастырған. Алайда бірде-бір диспозиция қылмыс құрамының барлық белгілерін сипаттап жазбайды.
Диспозицияда заң шығарушы тек берілген кылмыс түрі үшін сипатты болып табылатын, оны дербестендіру үшін қажетті - қылмыстық іс-әрекетті анықтауға және оны басқа қылмыстардан ажыратуға мүмкіндік беретін белгілерді ғана сипаттап жазады. Барлық қылмыстыр үшін ортақ болып табылатын басқа белгілер заңшығарушымен Қылмыстық кодекстің жалпы бөлімінде көрсетіледі. Егер нақты қылмыстық-құқықтық норманы Қылмыстық құқықтық басқа нормалары және институттарымен байланыссыз оқшау қарастыратын болсақ оның мазмұнын толық түсіну мүмкін болмайды. Қылмыстың нақты құрамының белгілерін анықтау үшін Жалпы бөлім нормаларында есепке алу және қарастырылатын қылмыстық-құқылық норманың қылмыстық заңның Ерекше бөлімі жүйесіндегі орнын дұрыс анықтау қажет болады.
Мысалы ҚК-тің 175 бабы ұрлық құрамының белгілерін сипаттайды: - ұрлык, яғни бөтен мүлікті жасырып ұрлау, яғни бұл жерде іс-әрекеттің сипаты және қолсұғушылықтың заты (объективтік белгілер) жазылады, бірақ бұл қылмыстың субъектісі туралы және басқа да қажетті белгілер туралы еш нәрсе айтылмаған. Оларды анықтау үшін Жалпы бөлімге жүгінуге тура келеді. Қылмыстық кодекстің 15-бабы 2-бөлімі бойынша ұрлықтың субъектісі 14 жасқа толған адам екенін, ал 14-баптың 1-бөлімі бойынша ол адамның есі дұрыс, жеке адам болуға тиісті екенін анықтаймыз. Қылмыстық кодекстің 20-бабы мен 175-бабына салыстырмалы түрде талдау жасау арқылы ұрлықтың тек тікелей қасақаналықпен жасалатындығын анықтаймыз. 175-баның Ерекше бөлім жүйесіндегі орналасқан орны бойынша (6-тарау; Меншікке қарсы қылмыстар) ұрлықтың топтық объектісі болып қылмыстық қол сұғушылықтан қорғалатын меншік қатынастары екендігін байқаймыз, яғни тұлғалардың материалдық құндылықтарды иелену, пайдалану, және билік жүргізу құқықтарының заңмен танылуы және қорғалуы. ҚК-тің 175 және 260 баптарын салыстыру арқылы ұрлықтың затын және оның объектісін анықтай аламыз және меншікке қарсы қылмыстар қатарына жатқызлатын ұрлықтың және Ерекше бөлімінің 10-тарауындағы Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар қатарындағы 260-баптың (Есірткі заттарды немесе жүйеге әсер ететін заттарды ұрлау не қорқытып алу) арасын ажыратамыз. Қылмыс құрамының барлық белгілерін анықтау, қылмыстың субъектісін, оның объектісін, объективтік және субъективтік жақтарынанықтау қылмыс құрамын анықтау болып табылады, қарастырылған мысалда - ұрлықтың құрамы.[2]
Ерекше бөлімнің әрбір қылмыстық-құқылық нормасында әдетте Қылмысты орындаушымен тікелей жүзеге асырылған аяқталған қылмыс белгілері сипатталып жазылады. Алайда қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғу алдын-ала қылмыстың әрекеттер барысында (қылмысқа оқталу және қылмысқа дайындалу) және тек орындаушымен емес басқа да қатысушылармен жүзеге асырылуы мүмкін (ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесуші). Алдын-ала қылмыстық іс-әрекет барысында, немесе көмектесушінің іс-әрекеттерінде плға жасағысы келген немесе жасалуына қатысқан қылмыс құрамының барлық белгілері болмайды. Алайда бұл қарастырылған әрбір жағдайда қылмыс құрамы мүлдем жоқ дегенді білдірмейді. Көрсетілген іс-әрекеттер қылмыс ұғымына (ҚК-тің 9бабы) толық сәйкес келеді ал олардың негізгі белгілері заңшығарушымен Жалпы бөлімнің 24 бабында (дайындалу және оқталу) және 28 бабында (ұйымдастырушылық, айдап салушылық, көмектесушілік) сипатталып жазылған. Осылайша, ҚК-тің Жалпы бөлімінде қылмыстық іс-әрекеттің бірқатар жалпы белгілерін анықтау қылмыс құрамдарының құрлымын анықтаудың ерекше тәсілі болып табылады. Алайда заңда тікелей көрсетілген қылмыс белгілерінің жиынтығын анықтау әдетте қылмыс құрамын толық жасақтау үшін жеткіліксіз болады. Қылмыс құрамының барлық белгілерін дәл анықтау түпкі нәтижесінде ғылыми білімге негізделген, қылмыстық заңды түсіндіру жолымен жүзеге асырылады. Қылмыстық заңдарды және оларды қолданудың практикасын зерттей отырып қылмыстық құқық ғылымы қылмыстың әрбір құрамының барлыұ белгілерін түпкілікті ашып көрсетуге тырысады. Әрине, бұның барысында қылмыс құрамының белгілерін қарапайым түрде анықтау туралы әңгіме болмауы тиіс: жетіспейтін белгілер тек заңға негізделген ой қорытулар жолымен толықтырылады. Нақты қылмыс және оның құрамы бір-бірімен құбылыс және ол туралы ұғым ретінде ара қатынаста болады. Қылмыс - белгілі бір қоғамға қауіпті құбылыс, яғни көптеген дербестік ерекшеліктерімен сипатталатын, оны барлық басқа қылмыстардан айырып көрсететін, белгілі бір уақыт және орын жағдайында жасалған белгілі бір тұлғаның нақты ісәрекеті болып табылады. Қылмыс құрамы - белгілі бір түрдегі қылмыстар туралы құқықтық ұғым яғни, қылмыстың, оның құқықтық және әлеуметтіксаяси мәнісін, қоғамға қауіпті іс-әрекет ретінде және оның қауіптілігінің деңгейін сипаттайтын белгілерінің гана жиынтығы. Белгілі бір қылмыс түрінің көптеген белгілерінің ішінен заңшығарушы барынша маңыздыларын іріктеп алады және осындай жолмен қылмыс құрамдарын жасақтайды.
Мысалы белгілі бір тұлғамен жасалған ұрлық екінші бір тұлғамен жасалған ұрлықтан әрдайым белгілі бір жағдайда өзгешеліктерге ие болады, алайда олардың жасаған қылмыстарының құрамы ұқсас егер олардың әрқайсысы жасырын түрде техникалық құралдарды пайдалану аркылы бөтен мүлікті иеленіп алса. Көрсетілген белгілердің анықталуы, тонау емес ұрлық жасалған деп пайымдауға жеткілікті болады. Қылмыс құрамдарын анықтай отырып заңшығарушы әрқашан қылмыстың нақты маңызды емес белгілерін деректендірмейді: мысалы ұрлық құрамы үшін А-ның демалыс бөлмесінің есігін сындырыі магнитофон ұрлағаны, ал Б-ның автокранның көмегімен автокөлікке тиеп құрлыс материалдарын ұрлағаны маңызға ие болмайды, ұрлықтың біреуі күндіз, ал екіншісі түнде жасалғаны, бір жағдайда ұрланған заттың сатылғаны, екінші жағдайда үй салу үшін пайдаланғаны т.б. ешқандай маңызға ие болмайды.
Ендеше қылмыс және қылмыс құрамының белгілерінің көлемі әртүрлі. Қылмыс құрамы әрқашан қылмыстың типтік белгілерінің жиынтығынан тұрады. Сонымен бірге қылмыс құрамы нақты бір ғана қылмысты суреттеп ғана қоймайды, белгілі бір түрдегі барлық қылмыстарды қамтығандықтан ол әрбір нақты қылмыстан кеңірек болады.
Қылмыстың жалпы түсінігі (ҚК-тің 9 бабы) және қылмыстың нақты құрамы бірімен бірі жалпы мен жекенің қатыстылығындай болады. Қылмыс ұғымы барлық қылмыстардың барынша жалпы әлеуметтік-құқықтық белгілеріне ие болады - олардың қоғамдық қауіптілігі мен құқыққа қайшылығы көрсетіледі. Қылмыстың нақты құрамдарында қылмыс ұғымының жалпы белгілері нақтыланады және белгілі бір мазмұнмен толықтырылады, себебі қылмыс құрамдарында қоғамға қауіпті және құқыққа қайшы іс-әрекеттің белгілі бір түрі кісі өлтіру, бұзақылық, ұрлық және т.б. сипатталып жазылады. Бұның барысында қылмыс құрамы оның қоғамдық қауіптілігін сипаттайтын белгілердің жиынтығын өзіне біріктіреді. Қоғамдық қауіптілік қылмыс құрамының басқа белгілерімен бірге болатын дербес белгісі болып табылмайды, заңшығарушымен оны сипаттап жазу барысында көрсетілетін қылмыстың жалпы ерекшелігі болып табылады.
Қылмыстың жалпы ұғымынан және қылмыстың нақты құрамдарынан басқа қылмыстық құқық теориясы қылмыс құрамының жалпы түсінігі ұғымын да пайдаланады. Қылмыс құрамының жалпы ұғымы заңи емес теоретикалық түсінік болып табылады. Ол қылмыстың барлық нақты құрамдарына тиісті белгілерді теоретикалық жағынан қорыту нәтижесінде пайда болады. Егер нақты құрам белгілі бір қылмыс түрі туралы заңи ұғым болып табылса, құрамның жалпы түсінігі қылмыстың барлық нақты құрамдарының құрылымы және белгілері туралы ұғым болып табылады. Құрамның жалпы ұғымында қылмыстық заңнамада қарастырылған барлық Қылмыс құрамдарының объектісін, объективтік жағын, субъектісін және субъективтік жағын сипаттайтын барлық белгілер қортындылады. Аталған жалпы белгілер қылмыстық құқықтың жалпы бөлімінде, ал нақты қылмыс құрамдары Ерекше бөлімде зерттеледі.
Қылмыс құрамының жалпы ұғымы қылмыс түсінігіне негізделгенімен онымен бірдси ұғымды білдірмейді. Қылмыс түсінігі аталған құбылыстың қоғамдық қауіпті, құқыққа қайшы іс-әрекет ретіндегі мәнісін түсіндіріп, қылмысты, қылмыс еместен айыратын негізгі жігін көрсетеді, қылмыс құрамының жалпы ұғымы қылмыс құрамдарын құрастыру барысында пайдаланылатын барлық белгілердің жиынтығын және оларды құрастырудың жалпы заңдылықтарын көрсетеді.[5]
Құрамның жалпы түсінігі мен қылмыстың нақты құрамдары әртүрлі тағайынға ие болады. Қылмыстың нақты құрамы бұл - қылмыстың белгілі бір түрінің заңда сипатталып жазылуы. Сондықтан да тұлғаның ісәрекеттерінде қылмыс құрамының барлық белгілерінің анықталуы қылмыстың жасалғандығын, яғни қылмыстық жауаптылықтың негіздемесін білдіреді. Қылмыс құрамының жалпы ұғымы - ғылыми абстракция ол Қылмыстық жауаптылыққа негіз бола алмайды.
Қылмыс құрамының жалпы ұғымы нақты құрамдары танудың құралы болып табылады. Ол қылмыстың нақты күрамына байланыссыз жалпылама түрде қылмыс құрамдарынын белгілеріне, оларды құрастыру әдістеріне ғылыми талдау жасауға құрамдарды және олардың белгілерін саралауға мүмкіндік береді.
Әрбір қылмыс - іс әрекетті, онымен келтірілген зиянды салдарды және қылмыс жасаған тұлғаны - қылмыскерді сипаттайтын оның барлық объективтік және субъективтік белгілерінің бірлігі болып табылады.
Теоретикалық талдау қылмыстың құрамдық элементтері объекті, объективтік және субъективтік жақтарын және субъектісін ажыратуға және бөлектеп қарастыруға мүмкіндік береді,
Накты құрамдарды сипаттау барысында, заң шығарушымен пайдаланылатын барлық белгілер олардың әртүрлі болуына қарамастан әрқашанда қылмыс құрамының тиісті элементтеріне қатысты болады. Әрбір қылмыс құрамы белгілерінің анықтылығы, оның элементтеріне анықтылық береді. Ендеше, қылмыс құрамдарының барлық белгілері. Кылмыстың объектісіне, оның объективтік жақтарына, қылмыстың субъектісіне, және оның субъективтік жағына қатысты болады.
Объект - бұл қылмыс қол сұғатын, яғни қылмыстық заңмен қорғалатын нәрсе. Қоғамдық қатынастар қылмыстың объектісі болып табылады. Әдетте Ереше бөлімнің қылмыстық-құқылық нормаларының диспозицияларында объектінің белгілері аталып көрстеілмейді. Сондықтан олар, заңды түсіндіру, заңнаманың жалпы жүйесіндегі қылмыстық-құқылық норманың орнын анықтау, оны басқа нормаларамен салыстыру жолдарымен анықталады.
Қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесі көп жағдайда қылмыс объектісінің маңыздылығына тәуелді. Қылмыс объектісін дұрыс анықтау қылмысты дұрыс саралау үшін үлкен маңызға ие болады.
Объективтік жағы қылмыстың сыртқы жағын сипаттайтын белгілерден құралады. Атап айтқанда қылмыстың объективтік жағына: іс-әрекеттің сыртқы жағы (әрекет немесе әрекетсіздік), іс-әрекеттің салдары, қоғамға қауіпті іс-әрекет пен салдардың арасындағы себепті байланыс, қылмыстың жасалған уақыты, тәсілі және жағдайы жатқызылады.
Қылмыс құрамының объективтік жағы әдетте қылмыстық-құқылық норманың диспозициясында барынша толық жазылады.
Қылмыс субъектісі қылмысты жасау кезінде қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жасқа толған, есі дұрыс яғни өзінің іс-әрекеттеріне баға беріп, оларды басқара алатын жеке тұлға болып табылады.
Қылмыстың барлық субъектілеріне тиісті жалпы белгілер заң шығарушымен жалпы бөлімде көрсетіледі. Ерекше бөлімнің қылмыстыққұқылық қылмыс нормаларының диспозицияларында қылмыс субъектісінің арнайы белгілері көрсетіледі. Олар жөнінде біз жұмысымыздың келесі тарауларында толығырақ тоқталамыз.
Субъективтік жағы қылмыстың ішкі (психикалық) жағын сипаттайды. Қылмыстың субъективтік жағын; қылмыс субъектісінің онымен жасалған қоғамдық қауіпті іс-әрекетке және оның қоғамдық қауіпті салдарына психикалық қатынасын сипаттайтын, қасақаналық немесе абайсыздық нысанындағы кінә; қылмысты жасау барысында тұлға басшылыққа алған ішкі пиғыл, және қылмысты жасау барысында ол алдына қойған мақсатты жатқызамыз.
Кейбір нормалардың диспозицияларында заң шығарушы кінәнің нысанын тікелей көрсетеді мысалы, ҚК-тің 314-бабында; қызметтік жалғандық жасау ресми құжаттарға көрнеу жалған мәліметтер енгізу, сол сияқты аталған құжаттарға олардың шын мазмұнын бұрмалайтын түзетулер енгізуі, не әдейі жалған немесе қолдан жасалған құжаттар біреуі, егер бұл әрекеттер пайдакүнемділікпен немесе өзге де жеке мүддесіне жасалған болса -- деп көрсетілген. Басқа жағдайларда заң шығарушының тиісті қылмыс құрамында кінәнің қандай нысанын көрсеткендігін анықтау қажет болады.
Қылмыс құрамының жалпы ұғымы шеңберінде құрам элементтерін сипаттайтын барлық белгілерді негізгі және факультативті қылып бөлу қалыптасқан.
Негізгі (қажетті) белгілер дегеніміз - бұл барлық құрамдарға тиісті белгілер болып табылады. Әрбір қылмыста мына аталғандар анықталуы тиіс. Нақты объект, іс-әрекет әрекет немесе) әрекетсіздік, кінә, қылмыс субъектісінің заңда көрсетілген жасқа толуы және оның есінің дұрыстығы. Аталған белгілердің кез-келгенінің болмауы, ешқандай қылмыстың жоқ екендігін білдіреді.
Факультативтік белгілер дегеніміз барлық қылмыстар құрамына тән болып табылмайтын, тек жекелеген қылмыстар болып табылатын белгілер болып табылады. Оларға арнайы субъект, пиғыл, максат (субъективтік белгілер), қылмыстың салдары, іс-әрекет пен салдар арасындағы себепті байланыс, сонымен бірге қылмыстың жасалу уақытын, орнын және тәсілін сипаттайтын мән-жайлар (объективтік белгілер) жатады.
Құрамдардың белгілерін негiгi және факультативті қылып бөлу қылмыс құрамының жалпы ұғымын талдау барысында ғана мүмкін болады. Қылмыстың нақты құрамында негізгі және факультативті белгілер жоқ - бұл жерде барлық белгілер қажетті болады. Мысалы, құрамның жалпы ұғымында пайдыкүнемдік мақсат - бұл факультативтік белгі, себебі ол көп деген
құрамдарда болмайды, бірақ ұрлықтың құрамында ол міндетті болып табылады, себебі оның болмауы ұрлықтың жоқ екендігін білдіреді.
Қылмыс құрамының жалпы ұғымына қатысты факультативтік белгі, белгілі бір-қылмыс үшін қажетті болып табылуы мүмкін, (тұлғаның лауазымдық жағдайы мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстарда, адам өлтірудегі жәбірленушінің қаза табуы және іс-әрекет пен жәбірленушінің қаза табуы арасындағы себепті байланыс және т.б.) немесе қылмыстың белгілі бір түрлерін оның қоғамдық қауіптілігін күшейту немесе төмендетумен сипаттауы мүмкін. Заң шығарушы осындай белгілерді ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлары бар қылмыс құрамдарын жасақтау барысында қолданады. Мысалы адам өлтіру кез-келген тәсілмен жасалуы мүмкін бірақ егер ол аса қатыгaздікпен жасалса немесе көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалса онда ол адам өлтірудің ерекше, сараланған курамын ұрайды. Қылмыстық кодекстің 134 бабында қарастырылған баланы ауыстыру әртүрлі мақсатпен жасалуы мүмкін бірақ баланы ауыстыру пайдакүнемдік немесе өзге жамандық ниетпен жасалса онда бұл әрекеттер баланы ауыстырудың сараланған құрамын құрайды.[5]
1.2 Қылмыс құрамының элементтері және белгілері
Әр қылмыс - объективті және субъективті диалектикалық - іс-әрекет жасаушылық және іс-әрекеттік.
Қылмыс құрамының элементтері - "қылмыс құрамы" жүйесінің компоненттері. Олардың құрамына байланысты олар құрамның 4 жүйесіне кіреді: объект, объективті жағы субъект, субъективті жағы.
Қылмыс құрамының белгілері - қылмыстың әр элементтерін мінездейтін айырмашылық ерекшеліктері. Олар қылмыс құрамының ерекшелігін айырып шығаруға, олардың іс-әрекетінің қоғамдық қауіптілік деңгейі мен мінезіне байланысты айырмашылығын және де қылмысты қылмыс емес, құқық бұзушылықтан айыруға жол ашады.
Қылмыстың объектісі - бұл қылмыстық құқықпен қорғалатын және қылмыс арқылы зиян келтірілетін қоғамдық қатынастар болып саналады.
Объективтік жағы - тұлғаның іс-әрекетінің сыртқы жағын сипаттайды. Субъект - заңда белгіленген жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға. Субъективтік жақ - іс-әрекеттің ішкі (психикалық) мәні.
Кінә - қасақана мен абайсыздықтың тектік түсінігі қылмыстың субъектісінің жасаған қоғамды қауіпті әрекетіне және өзінің қоғамға қауіпті ісәрекетінің нәтижесіне деген психикалық қатынасы. Ниет - субъектінің қылмыс жасау барысында басшылыққа алатын қажеттіліктер мен мүдделері және қылмыс жасау барысында нәтижеге жетуге тырысу - мақсат осылар қылмыстың субъективтік жағын құрайды [1.91 б.].
Әр қылмыстың құрамы субъективтік және объективтік белгілерінің жиынтығы ғана емес, әр қылмыс адамның іс-қимылыретінде бір бүтін тұтастық. Қылмыстың құрамының элементтерінің бірлігшi қылмыстық құқық теориясының ережесі, яғни 4 элементінің біреуінің болмауы тұлғаның ісәрекетінде қылмыстық құрамының жоқтығын айтады.
Егер қылмыс құрамының элементтері - оның бір құрылымның қажетті бөлігі болса және бірнеше белгілері болса, ал құрамның белгілерінің өзі құрамы элементтерін сипаттайды және құрамның элементтерін жекелейді.
Жалпы қылмыс құрамы туралы оқу барысында барлық құрамның белгілерін негізгі және факултативті болып бөледі. Негізгі белгілері - бұл барлық қылмыс гарға тән белгілері және бұл белгілерсіз ешқандай құрам бола алмайды. Осыған байланысты әр құрамда нақты объектісі, әрекет, кінә,субъектінің есі дұрыстығы және заңда көрсетілген жасқа жетуі анықталуы тиіс. Осы белгілердің біреуі болмауы қылмыс құрамының жоқтығын білдіреді.
Факултативтік белгілер болса басқаша болып келеді. Факултативтік белгілер бұл бір құрамдар үшін міндетті, ал басқа құрамдар үшін міндетті емес белгілер болып келеді. Мысалы: адам өлтіру үшін ниет міндетті түрде қажет, ал ұрып соғуда ниет міндетті түрде қажет емес. Факултативтік белгілер заңшығарункимен кейбір қылмысты немесе бір топ қылмыстарды суреттеу үшін қолданылады. Әрине құрамның белгілерін осылайша саралау тек қылмыс құрамының жалпы түсінігі үшін ғана жасалады. Нақты қылмыс құрамында негізгі және факултативті белгілер жоқ - бұл жерде барлық белгілер қажет болып келеді.[3]
1.3 Қылмыс құрамының түрлері
Қылмыстың барлық нақты құрамдары қылмыстық құқық теориясында жалпы белгілерімен біріктірлетін топтарға бөлінеді. Құрамдарды сыныптаудың міндеті оларды құрастырудың жалпы заңдылықтарын анықтау болып табылады. Оларды сыныптау барысында төмендегідей негіздер басшылыққа алынады: іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілік дәрежесі, құрам белгілерін сипаттап жазу тәсілдері, құрам белгілерін сипаттап жазу тәсілдері, олардың құрлысының ерекшеліктері.
Олардың қоғамдық қауіптілік дәрежесі бойынша сыныптау қылмыстың негізгі құрамын айырып көрсетуге мүмкіндік береді, яғни белгілі бір қылмыстың табиғатын сипаттайтын және оның әрбір жасалуы барысында орын алатын белгілердің жиынтығы, сол қылмыстың үлкенді немесе кішілі қауіптілігіне куәлік беретін сипаттаушы қосымша белгілерден айырып көрсетеді. Е р
Мысалы ҚК-тің 96-бабы 1-бөлімі адам өлтірудің жеңілдетуші немесе ауырлатушы мән-жайларсыз жасалған негізгі құрамын сипаттайды.
ҚК-тің 98-бабы қосымша бөлігі яғни жан күйзелісі жағдайында болған кісі өлтіру сипатталған бұл жерде жәбірленушінің күш қолдануынан, қорлауынан немесе ауыр балағаттауынан не өзге де заңға қарсы немесе моральға жақ іс-әрекетінен (әрекетсіздігінен) болған кенет пайда болған жан күйзелісі жағдайында адам өлтіру туралы болып отыр. Сонымен бірге ҚК-тің 96 бабының 11-бөлімінде адам өлтірудің ауырлатылған мән-жайда жасалатын түрлерінің құрамдары көрсетілген.
Қылмыстардың барлығы бірдей құрамның үш әрбір түріне ие бола бермейді. Кейбір қылмыстар тек ғана бір құрамда қарастырылған, мысалы, 112-бап. Қорқыту; 124-бап. Жас балаларды азғындату: Кейбір қылмыстар екі құрамда негізгі және ауырлататын мән-жайда жасалған. Мысалы ҚК-тің 130бабында қорлау сипатталып жазылған яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіту, аталған баптың екінші бөлімінде көпшілік алдында сөз сөйлегенде не көпшілікке таратылатын шығармаларда, не бұқаралық ақпарат құралдарында жасалған нақ сөл әрекеттер қорлаудың сараланған құрамы болып табылады. Кей жағдайда заңшығарушы құрамдарды басқаша тәсілмен қарастырады: жай құрам - ауырлатылған мəністегі құрам - ерекше ауырлатылған мəністегі құрам. ҚК-тің 120 бабындағы зорлау; 129 баптағы жала жабу қурамдары осындай тәсілмен бөлінеді.[2]
Қылмыс құрамын сипаттаудың заңшығарушымен таңдап алынған тәсіліне байланысты кылмыс құрамдары жәй және күрделі болып бөлінеді.
жәй құрам әдетте бір объектіге қол сұғатын бір іс-әрекетті сипаттап жазудан тұрады. Күрделі қылмыс құрамы дегеніміз екі іс-әрекетті немесе кінәнің екі нысанын, немесе қол сұғудың екі объектісін сипаттайтын қылмыс құрамы болып табылады.
Екі іс-әрекетпен жасалған құрамдарда қылмыстың объективтік жағы күрделендірілген. Бұл жерде кінәлі адам екі дербес әрекетті жасаған кезде ғана аяқталған қылмыс орын алады.
Кінәнің екі нысаны қарастырылған құрамда қылмыстың субъективтік жағы күрделендірілген. Мысалы абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бұл жерде қылмыс субъектісінің денсаулыққа ауыр зиян келтіруге психикалық қатынасын (қасақаналық) және оның салдарынан жәбірленушінің қаза табуын (абайсыздық) ажырату қажет болады.
Екі объектілі құрамдар барысында қылмыстық іс-әрекет бір мезгілде екі объектіге қол сұғады. Мысалы ҚК-тің 179-бабында қарастырылған қарақшылық меншікке қолеұғылмаушылықты білдіретін қоғамдық қатынастарға қол сұғады және жеке адамның өмірі мен денсаулығы да аталған қылмыстың объектісі болып табылады.
Құрлысының ерекшеліктері бойынша қылмыс құрамдары материалдық, формалдық және келте құрам болып бөлінеді.
Адамның кез-келген әрекеті соның ішінде қоғамдық қауіпті іс-әрекеті де белгілі бір кезекті кезеңдерден тұрады: іс-әрекетке дайындалу; іс-әрекетті нақты жүзеге асыру; белгілі бір нәтижеге қол жеткізу. Заң шығарушы аталған кезеңдердің кез-келгенімен қылмыстың аяқталу сәтін байланыстыруы мүмкін. Қылмыс құрамдарын материалдық, формалдық, және келте құрам реттерінде бөлудің өзі осыған негізделген.
Егер заң шығарушы қылмыс құрамын оны сипаттайтын белгілер құрамына тек іс-әрекетті ғана емес сонымен бірге олар арқылы келтірілетін қоғамдық қауіпті салдарды кірістіре отырып құрастырытын болса онда мұндай құрам материалдық сипатқа ие болады. Адам өлтірудің ұрлықтың және көптеген басқа қылмыстардың құрамы осылай құрылған. Қоғамға қауіпті салдар материалдық құрамдардың қажетті белгісі болып табылады. Егер қарастырылған жағдайда қоғамдық қауіпті салдар келтіруге бағытталған іс-әрекет олардың болуына алып келмесе онда аяқталған қылмыс құрамы болмайды және кінәлі адам тиiстi қылмысты жасауға оқталғаны үшін жауапкершілікке тартылады.
Егер заң шығарушы іс-әрекеттің белгілерін сипаттаумен шектелсе және сол арқылы қоғамға қауіпті салдарды қылмыс құрамы шеңберінен тысқары қалдырса онда қылмыс құрамы формалдық сипатқа ие болады. Бұл жағдайда аяқталған қылмыс болуы үшін құрамда көрсетілген іс-әрекетті толық жасаудың өзі жеткілікті.
Қылмыстық іс-әрекеттің жүзеге асырылуы мүмкін кезеңдерінің, тек оларға дайындалу әрекеттерін қамтитын немесе қоғамдық қауіпті салдарды туындатуға бағытталған белгілі бір іс-әрекетті орындау процессінің өзі қамтылған құрам келте құрам болып табылады, бұл жағдайда аяқталған Қылмыс болуы үшін қоғамдық қауіпті салдардың болуы, іс-әрекеттерді аяғына дейін жеткізу, кей жағдайда көрсетілген әрекеттің өзін жасауда талап етілмейді. Мысалы қарақшылық бөтен мүлікті иемдену мақсатында шабуыл
жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау. Қарақшылықтың құрамы үшін шабуыл жасаушының мүлікке ие болғаны немесе ие болмағаны маңызға ие болмайды, себебі шабуыл жасаудың өзі аяқталған қылмыс құрамын құрайды. Қылмыстық кодекстің 237-бабында қарастырылған бандитизм бойынша азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында тұрақты қарулы топ құру, сол сияқты осындай топты (банданы) басқару яғни шабуыл жасағанға дейінгі ісәрекеттер аяқталған қылмыс құрамын құрайды.[5]
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz