Ахмет Байтұрсыновтың еңбектері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

1. Кіріспе

1. 1Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен ағартушылық қызметі.

2. Негізгі бөлім

2. 1Ахмет Байтұрсыновтың еңбектері

2. 2Ахмет Байтұрсынов тіл мен әдебиетті зерттеуші ғалым.

3. Қорытынды

Пайданылған әдебиеттер

Кіріспе

1. 1 Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен ағартушылық қызметі.

Ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса,
Сап-сары, аяқтары ұзын маса.
Өзіңе біткен түсі өзгерілмес,
Дегенмен, қара яки қызыл маса.
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса? - дейді Ахмет Байтұрсынов “Маса” өлеңінде.

Ахмет Байтұрсынұлы - лингвист-ғалым, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйектe қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Сарытүбек ауылында дүниеге келген. ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының жанашыры, қазақ әліпбиінің негізін қалаушы, ағартушы, ұстаз, Алаш Орда өкіметінің мүшесі, қоғам қайраткері болып саналады. Бала Ахметтің атасы Шошақ немересі дүниеге келгенде ауыл ақсақалдарының батасын алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі Ерғазы бала Ахметті Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебіне оқуға берген. Кейін оны бітіргеннен соң тоғыз жасында Орынбордағы төрт жылдық мұғалімдер мектебіне оқуға түседі. 1895 жылы педагогикалық кеңестің шешімімен "бастауыш училищенің оқытушысы" деген атақты алып шығады. Сөйтіп 1895 жылы жас Ахметтің оқытушылық қызметі басталады. 1909 жылға дейін ол Ақтөбе, Қостанай мен Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде сабақ беріп, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші мен оқытушы қызметін қоса атқарып жүрді. Омбыда екі жыл бойы Торғай облысы Халықтық училище директорының іс жүргізуші лауазымында жұмыс істейді. 1909 жылы патша үкіметінің саясатына қарсы наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып, 1910 жылы жер аударылады. 1913 жылы Орынборда Қазақ газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың аяғына дейін оның редакторы болып қызмет атқарады. 1913 жылы Ахмет Байтұрсынұлы және Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлымен бірігіп, қалың қазақ зиялыларының қолдауымен Орынборда тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарды. Оның бас редакторлығындағы газет қазақ халқын өнер, білімді игеруге мәселелерін қозғады. 1918 жылдың күзіне дейін шығарылғанның өзінде «Қазақ» газеті ұлттық қоғамдық-саяси және ғылыми-әдеби басылымдардың негізгі газетіне айналды.

1917 жылғы төңкерістен кейін, «Алаш» партиясының мүшесі Ахмет Байтұрсынұлы Қазақ әскери-революциялық комитеті төрағасының орынбасары ретінде сайланды. 1922 жылы Өлкелік халық комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың, 1922-1925 жылы Халық ағарту комиссариаты ғылыми-әдеби комиссиясының, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болып қызмет атқарды.

1921-1925 жылы Орынбордағы, 1926-1928 жылы Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді. 1928 жылы Алматыда Қазақ мемлекеттік педагогика институтының ашылуына байланысты ректордың шақыруымен осы оқу орнына профессор қызметіне ауысты. Оның атымен аталған Байтұрсынұлы әліпбиі қазақ тілінің табиғатына бейімделген араб жазуы негізінде жасалды. Кезінде қазақ халқын сауатсыздықтан арылтқан «Жаңа Емле» төте жазуын бүгінде Қытай, Ауғанстан, Иран елдерінде тұратын қандастарымыз әлі де пайдаланады.

1938 жылы халық жауы ретінде ұсталып, өлім жазасына кесілді. 1988 жылы ел алдында ешқандай кінәсі жоқ екендігі анықталып, толық ақталды.

2. Негізгі бөлім

2. 1 Ахмет Байтұрсыновтың еңбектері

Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылық өмірі өлең жазудан басталған. Онда ол қарапайым еңбекші халықтың ауыр хал жағдайын, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, қазақ халқын оқуға, білім ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады.

1909 жылы ақынның «Қырық мысал» атты аударма алғашқы өлеңдер жинағы Санкт Петербургте жарыққа шықты. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой санасын оятуға бар жігер қайратын, білімін жұмсайды.

А. Байтұрсынов өзінің барлық саналы өмірін қазақ қоғамында білім-ғылымның дамуына, мектеп ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне бағыштады. Ол ауыл мектептерінде, семинарияларда бала оқытты, оқу тәрбие жұмысын жетілдіру саласында көп ізденді.

1911 жылы Ахмет Байтұрсыновтың екінші кітабы «Маса» жарыққа келді. Бұл жинақта енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынайды. Ол қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына көп күш жұмсады. Осы мақсатта «Оқу құралы» 1912жылы, «Тіл құралы» 1914жылы, ересектердің сауатын ашуға арналған Әліпби 1924 жылы, «Жаңа Әліпби» 1926 жылы атты оқулықтар мен ғылыми еңбектер ұсынды.

А. Байтұрсынұлының «Маса» жинағындағы «Cөз иесінен» атты беташар өлеңінде «Маса» деп отырғаны өзі екенін ұқтыра келіп, шығармашылығының басты нысанасын:

…Ызыңдап ұшқан мынау біздің Маса,

Сап-сары, аяқтары ұзын Маса.

Өзіне біткен түсі өзгерілмес,

Дегенмен, қара яки қызыл Маса.

Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,

Қаққы жеп, қанаттары бұзылғанша,

Ұйқысын, аз да болса, бөлмес пе екен,

Қоймастан құлағына ызыңдаса», - деп атап көрсетеді. Бұл жинаққа «Маса», «Сөз иесінен», «Жазушының қанағаты», «Туысыма», «Қазақ қалпы», «Қазақ салты», «Достыма хат», «Жиған-терген», «Анама хат», «Тілек батам», «Жауға түскеннің сөзі», «Адамдық диқаншысы», «Бақ», «Тарту», «Қа . . . қаласына», «Жұртыма», «Жұбату», «Н. Қ. ханымға», «Ақын ініме», «И. Б. жездеме хат», «Жауап хаттан», «Ғылым», «Замандастарыма» сияқты төлтума өлеңдерімен қатар Вольтер, А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, Ю. В. Жадовская, С. М. Надсон сияқты Ресей, Еуропаның ақындарының өлеңдерінен аудармалар мен автордың үш мысалы енген екен.

А. Байтұрсыновтың қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөніндегі тұңғыш көлемді еңбегі «Әдебиет танытқыш» 1926 жылы жарыққа шықты. Мұнда көркем сөз өнерінің табиғаты, қазақ тілінің жан жақтылығы мен өзгешеліктері, араб алфавитінің жайы, терминдер, қазақ тілін оқытудың әдістемесі туралы көптеген мақалалар жазады. Кітаптың бірінші бөлімі сөз өнерінің ғылымы, екінші бөлімі қара сөз бен дарынды сөз жүйесі деп аталады. Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқышымен» қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салды. «Әдебиет танытқышта» ақындық дарын табиғаты, шығарма психологиясы, шабыт стихиясына ғылыми тұжырым берілді. Өлеңге жан-жақты зерттеу жасап, шумақ, тармақ, бунақ, буын, ұйқас, т. б. ұғымдарға анықтама берді. Байтұрсынұлы қазақ әдебиетінің даму кезеңдерін ғылыми негізде топтады. Мысалы, діндар дәуір, сындар дәуір. «Әдебиет танытқыш» - сан-салалы әдебиет табиғатын жан-жақты ашып, талдап-түсіндірген ғылыми зерттеу. Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқышымен» қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салды. Сондай-ақ ол - әдебиет тарихының мұрасын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаған зерттеуші ғалым. Көркемдігі айрықша «Ер Сайын» жыры (1923) мен қазақ тарихының төрт жүз жылын қамтитын «23 жоқтау» жинағын (1926) кітап етіп шығарды. А. Байтұрсынұлының лирикалық кейіпкері шындықты айтады, ол - білімге, жігерлікке ұмтылған намысшыл ел қорғаны. Бұл өлеңдерге дейін елін сынап отыру, оның кейбір кемшіліктерімен күресу, елі үшін күңірену Дулат, Шортанбай, Махамбет, Шернияз өлеңдерінде кездескенімен, еліне қамқоршы бола білу, өзін елі үшін жауапты санау Абайдың ғана өлеңдерінде айқындалған, эстетикалық мұрат еді. А. Байтұрсынұлының 12 ақындығы Абайдан мирас болып қалған классикалық поэзияның осы жағын, осы әуенін дамыта түскен. Лирикалық кейіпкер елін маса болып шағып, оның намысын, жігерін оятуға бет алған. Сондықтан болар азаматтық сарыны басым бұл өлеңдер сол кездегі зиялыларға ерекше әсер еткені белгілі. Халық мұрасына үлкен жанашырлықпен қараған Байтұрсынов «әдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса, оның адасып кететіндігін» айтты. Байтұрсынұлы - қазақ кәсіби журналистикасын қалыптастырған ірі қайраткер. Ол қазақ халқына, зиялы қауымға газеттің қоғамдық қызметін ұғындырып, баспасөздің өркениетті, тәуелсіз елге аса қажет нәрсе екенін жанкешті іс-әрекетімен көрсетті. Байтұрсынұлы ұйымдастырып, бас редактор болған «Қазақ» газеті қоғамдық ойға ірі қозғалыс, рухани санаға сілкініс әкелді. «Қазақ» газеті халықтың рухын сергіткен ірі құбылысқа айналды. Байтұрсынұлы - әлеуметтік мәселелерге, қоғамдық ой-пікірге ықпал жасаған публицист. Оның мақалалары ғылыми байыптауымен, өткір ойларымен сол кезеңнің шындығынан хабар береді. Ахмет Байтұрсынов баспасөз ұйымдастырушы ретіндегі еңбегі ұшан теңіз. Ол - қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа үлгі ұсынған реформатор. Араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы болды. Байтұрсынов қалдырған бай мұраның тағы бір саласы көркем аударма. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударған. И. А. Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен жеке жинақ қылып бастырды. И. И. Хемницердің «Ат пен есек», А. Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Данышпан Аликтің ажалы»шығармаларын, орыстың белгілі лирик ақыны С. Я. Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударды. Мысал келтіре кетсек: А. Пушкиннің «Балықшы мен балық» үзіндісі:

«Что мне делать с проклятою бабой?

Уж не хочет быть она царицей,

Хочет быть владычицей морскою;

Чтобы жить ей в Окияне-море,

Чтобы ты сама ей служила

И была бы у ней на посылках".

Ничего не сказала рыбка,

Лишь хвостом по воде плеснула

И ушла в глубокое море.

Долго у моря ждал он ответа,

Не дождался, к старухе воротился -

Глядь: опять перед ним землянка;

На пороге сидит его старуха,

А пред нею разбитое корыто. »

Ал енді Байтұрсыновтың нұсқасы:

«Балықты шақырып шал, сөзін айтты,
Жұмыстың тығыздығын, тезін айтты.
Кемпірдің сұрағанын естіп балық,
Бір соғып суды бетке, кейін қайтты.
Балықтан жауап күтіп тұрып-тұрып,
Шал қайтты кешке жақын әлі құрып.
Көре алмай салтанатты сарайларды,
Көз салды жан-жағына мойнын бұрып.
Қараса, лашығында кемпірі отыр,
Баяғы жарық астау жырық-жырық.
Түсіріп таз кебіне бір-ақ күнде,
Қойыпты қу қақбасты Құдай ұрып. »

Көріп тұрғанымыздай, Ахмет Байтұрсыновтың аудармасында мін жоқ, мүдірмей, тұтықпай, есіліп-төгіліп тұр. Ахмет Байтұрсынов аудармаларында сюжет сақталғанмен, еркіндік басым, қазақ тұрмысына жаңа идеялар, заман тынысын танытатын жаңа ойлар айтылады. Түп негізі Федрдан алынған Крыловтың он жолдық “Шымшық пен көгершін” мысалы Ахмет Байтұрсынов аудармасында отыз екі жолдан тұратын жаңа шығарма. “Өгіз бен бақа” орысшада - 17, қазақшада - 36 жол, “Қасқыр мен тырна” орысшада - 19, қазақшада - 76 жол, “Арыстан, киік һәм түлкі” орысшада - 35, қазақшада - 56 жол, “Қасқыр мен қозы” орысшада - 37, қазақшада - 68 жол, “Ағаш” орысшада - 31, қазақшада - 56 жол. Бұл фактілер қазақ ақыны дәстүрлі оқиға, қалыпты бейнелерді ала отырып, ойға ой, суретке сурет қосып, жаңа, ұлттық төл туынды жасағанын көрсетеді. Бұрын емеурін, ишара, мегзеу, астар, мысалмен берілген ойлар “Маса” кітабында ашық, анық, дәлді, нақты айтылады. Мұнда Ахметттің өз басынан кешкен қиын-қыстау күндер, ауыр жолдар, қуғын-сүргін, жетімдік-жоқтық, бірталай өлеңдерге арқау болады; ел тағдыры, халық қамы, бостандық арманы - басты сарын.
Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп,
Бітпейтін жүрегімде бар бір жарам.
Алданып жегеніме оны ұмытсам,
Болғандай жегенімнің бәрі қарам, -
деген жолдардың нақты өмірлік материалы әкесі Байтұрсынның 15 жылға Сібірге айдалып, қуғын көруі, бала жүректің тілім-тілім жаралануы. Ал, “Жиған-терген” өлеңіндегі:
Қазағым, елім,
Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қамауда жаның,
Аш көзіңді оянып, - деген сөздерді патша цензурасы кезінде жібермей тастаған. Ақын ашынып-ашуланып сөйлейді, тартыстар, қайшылықтарды көрсетеді. Атап айтқанда, А. Байтұрсынұлы мысалдарында халықаралық сюжеттік жүйенің мазмұны қазақ өміріне бейімделінген, сол кездегі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік сұранысына қажетті ойлармен толықтырылып тұр. Крылов шығармаларындағы 10 тармақты «Шымшық пен көгершін» атты мысалды А. Байтұрсынұлы 32 жолға дейін ұлғайтып, мүлдем басқа туынды деңгейіне көтереді. Ақын қосқан ойлары арқылы бұл мысалды қазақтың төлтума рухани мұрасына айналдырды. Мұндай ерекшелік «Өзен мен қара су» мысалына да тән:

…Меңзеймін қара суды, қазақ, саған,

Талпынбай талап ойлап, қарап жатқан.

Барады қатар жұрттың бәрі озып,

Ілгері жылжымайсың жалғыз аттам.

Оянып, жан-жағыңа сал көзіңді,

Түбіңе жетпей қалмас қамсыз жатқан.

Өткізіп уақытты өкінерсің,

Пәледен, басқа келмей, деймін сақтан.

Қазағым, сал құлағың нақылыма,

Түсініп айтқан достық ақылыма.

Сөз емес еріккенде ермек еткен,

Айтамын жаным ашып жақыныма.

Қозғалмай бұл күйіңмен жата берсең,

Боларсың қара судай ақырында.

ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялылары мен жақсы жайсаңдарының ел қамы үшін белсенді саяси әрекетке баруына түрткі жасау мақсатын «Малшы мен Маса» мысалында былайша нақтылай түседі:

…Мысалы, қазақ - малшы ұйықтап жатқан,

Жыланды пәле делік аңдып баққан.

Пәленің түрін көретін мен - Сарымаса,

Халықты оянсын деп сөзбен шаққан.

Ойлаймын: «Осы сөз де жетеді, - деп,

Ұйқысы ашылмаған жұрт өзімді

Қорқамын Сары масадай етеді деп.

2. 2 Ахмет Байтұрсынов тіл мен әдебиетті зерттеуші ғалым.

Ахмет қазақ әліпбиінің атасы, түркі тілтану ғылымының ағартушысы, публицист-ғалым. Ахметтің мұрағаты жаңа уақыт, жаңа заманға, халқына қызмет етуде. Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ балаларын ел қатарына қосылып, білім алуына 1896 жылдары көңіл бөле бастады. 1905 жылдары «Қазақ» газетін редакторы болып, оның бетінде қазақ балаларын ана тілінде сауаттандырып, әрі ана тілінде оқыту үшін жүргізген күресінен, ең соңғысы сол ана тілінде оқытатын оқулықтар жазуынан, халық ағарту кадрларын дайындап, жас қазақ интелегенциясы өкілдерін баулуынан танылады. Ахммет Байтұрсынұлын үстіміздегі ғасырдың алғашқы он жылдықтарындағы қазақ қауымы көшінің рухани басшысы етіп танытқан - оның қазақ халқын «іргелі жұрт» қатарына қосу үшін жүргізген күресі және сол күресте ұстанған қаруы - ағартушылық идеясы болды.
Оқу-ағарту идеясы - Ахмет Байтұрсынұлының әлеуметтік қызметінің арқауы, азаматтық борышының негізі. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамы жатқан отар ел болатын. Қазақ халқын әлеуметтік теңдікке, азаматтық мәдениетке жеткізетін, амал- әрекеттің бастысы «түгел қазақты» сауатты етіп, қараңғы қазақтың көзін ашу болды. Мұғалімдік қызмет атқарып жүрген кезде ең алдымен қазақ балаларының сауатын қазақша ашатын ұлттық жазу таңбалары ма, екінші жағынан оқыту жүйесі жолға қойылған үкімет тарапынан ашылған мектеп бар ма, үшіншіден балалар қандай оқулықтармен оқиды деген сұрақтар туындады. Байтұрсынов бұлардың бірде біреуі жоқ екенін біле тұра, осыларды дүниеге әкелмейінше ештеме шықпайтынын түсінді. Балаларды оқытумен қатар жоқшылықтарды түгендеуге кірісе бастады. 1929 жылы 1 мамырда өз қолымен орыс тілінде жазған өмірбаянында: «1901 жылдардан бастап, бала оқытқан кездерден бос уақыттарымда, өз бетімен білімімді толықтырдым, әдебиетпен шұғылдандым. Ал Орынборға келгеннен кейін, ең алдымен қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім. Одан кейін қазақ алфавитін, емлесін ретке салып, жеңілдету жолында, қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің әсерінен тазартуға әрекеттендім. Төртіншіден, қазақ прозасын жасанды кітаби сипаттан, арылтып, халықтың сөйлеу тәжірибесіне икемдеу үшін, ғылыми терминдерді жасауға кірістім және стильдік өндеу үлгілерін көрсетумен шұғылдандым. », -деп жазады. Бұл сөздер Ахметтің ғылыми жұмыспен қашан, қалай, қандай мақсатпен шұғылданғанын көрсетеді.

Ғалым сауатсыз халықтың болашағын ойлап, жаны күйзелді. Қазақ халқы тұтынып отырған араб алфавитінің теріс жақтарын, кемшілік тұстарын көріп, өзгеріс енгізуді қажет деп санайды. Ол туралы ойын «Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде» сөйлеген сөзінде айтады. А. Байтұрсыновтың ойынша, жақсы әліпбидің мынадай қасиеттері болу керек: 1. Жақсы әліпби тілге шақ болу керек;

2. Жақсы әліпби жазуға жеңіл болуға тиіс;

3. Әліпбидің әріп суреттері қиын болса, мүшелері көп болса, жазуды ұзақтатып, уақытты көп алады;

4. әліпбидің жақсысы баспа ісіне қолайлы болуы тиіс;

5. Жақсы әліпби үйренуге де қолайлы болуы тиіс.

Ахмет Байтұрсынов ең әуелі қазақ балаларына ана тілінде сауат ашатын әліппе жазды. Ол әліппе «Оқу құралы» деген атпен алғаш рет 1912 жылы Орынборда басылды. Бұл «Оқу құралы» 1912-1925 жылдар арасында жеті рет қайта басылып, ұзақ пайдаланылады.

1926 жылы ол әліппенің жаңа түрін жасады. Бұл осы күнгідей суреттермен жабдықталған оқулықтың үлгісі еді. Кейін мектеп оқушыларына ғана емес, ересектердің сауатын ашуға арналған «Әліпби» де жазады (1924-1926) .

Араб жазуын қазақ тіліне лайықтап өзгерту үшін оған мынадай өзгерістер енгізу керек дейді:

  1. Егер дауысты дыбыстар жуан айтылса, олардың қатарындағы дауыссыз дыбыстар да жуан айтылады, егер дауысты дыбыстар жіңішке айтылса, олардың қатарындағы дауыссыз дыбыстар да жіңішке айтылады, яғни, дыбыстар үндестік заңына бағынсын деген пікірді білдіреді.
  2. Дауысты дыбыстардың жіңішке айтылуы үшін жіңішкелік белгісі «дәйекшені» енгізу, оны сөздің алдына қою, ол қазақ тілін көп әріптіліктен құтқарады.
  3. Әрбір дауысты дыбыстың өз таңбасын белгілеу.

Ахмет Байтұрсынов қазақ тіліне тән дыбыстардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, олардың жазылу ретін, орнын, ерекшеліктері мен айырмашылықтарын көрсетеді. Араб жазуының түркі тілдерінің дыбыстық жүйесіне сай келмейтін тұстарын, басы артық әріптерін алып тастау керектігін тәптіштеп түсіндіреді. Сондай-ақ ол араб жазуын мүлдем алып тастап, басқа алфавитті алуға қарсылығын білдіреді.

Сонымен, 1910 жылдан бастап араб жазуын қазақ тіліне ықшамдап өзгерту жолында еңбек еткен ағартушы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың әр жылдары жазған мақалалары мен оқулықтарын талдаған кезімізде оның араб жазуын қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне сай етіп өзгерткенін, араб жазуында жоқ әріптердің таңбасын өзі ойлап тапқанын көреміз. Мұндағы Ахмет Байтұрсыновтың жетістігі қазақ тіліндегі дыбыстардың жуан, жіңішкелігіне қарай бөлінуін дәл белгілеп, әрбір дауысты дыбысқа арнап арнайы таңба белгілеуінде. Сонымен, оның араб графикасы негізінде жасаған алфавитінде 24 әріп бар. Осы 24 әріптің ішінен 16 таңба дайын күйінде алынған. 8 таңбаны өзі қосқан . Профессор Е. Д. Поливанов өзінің «Основные формы графической революции в турецких письменностях СССР» атты мақаласында А. Байтұрсыновтың араб графикасына енгізген реформасын «ғажап» деп бағалады. Бұл жобада араб алфавитіндегі қазақ дыбыстарын білдірмейтін кейбір таңбаларды алып тастау, қазақ тіліндегі ы, е, и, о, у дыбыстарының әрқайсысына жеке таңбалар алу ұсынылды. Жобадағы тағы бір ерекшелік - түрік тіліне тән сингормонизм заңдылығын мейлінше пайдалану. Сөйтіп, Ахмет Байтұрсынов жөндеген жаңа қазақ алфавитінде бас-аяғы 24 әріп таңбасы болып шығады.

А. Байтұрсынұлының қазақ жазуына икемдеген араб алфавиті мектеп оқытушылары және басқа да қазақтың, татардың зиялы азаматтары тарапынан қолдау тауып, күнделікті өмірде қолданыла бастады. Осы алфавитпен «Қазақ» газеті (1913-1919), көптеген көркем әдебиет шығармалары шығып тұрды. Алайда бұл алфавит ресми түрде тек 1924 жылы Орынбор қаласында өткен қазақ-қырғыз білімпаздарының тұңғыш съезінде ғана қабылданды. Ахмет Байтұрсынұлының ұлылығы оның тек тұңғыш оқу құралын жазғанымен өлшенбесе керек, ең бастысы алғашқы оқулық тілінің терең халықтығында, сапалылығы мен біліктілігінде.

А. Байтұрсынов 1927-28 жылдары «Жаңа мектеп» журналына оқыту әдестемесін сөз ететін бірнеше мақалаларын жариялады. Ол қазақ тілінің табиғатын, құрылымдық жүйе -заңдылықтарын зерттеуде орыс тілі ғылымының тәжірибелерін басшылыққа алды. Қазіргі грамматикаларындағы тілдік терминдерді жасады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахмет Байтұрсыновтың мұраларының ғылыми-педагогикалық негіздері
Ахмет Байтұрсынов
Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық ғұмырбаяны
Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен қызметі
Ахмет Байтұрсыновтың әдебиетте алатын орны
Ахмет Байтұрсынов дүние танымының қалыптасуы
Ахмет байтұрсынов (1872—1937)
Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми - педагогикалық мұралары
Ахмет Байтұрсынов әдебиет әлемінде
А. Байтұрсыновтың өмірі мен қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz