Құрақ түстерінің үйлесімділігі
I. КІРІСПЕ
Kуpcтық жұмыcтың өзeктілігі: Ғacырлaр бoйы уaқыт eлeгінeн өтіп ұрпaқтaн-ұрпaққa жeткeн ұлттық қoлөнeр бaбaлapдaн қaлғaн мәдени мұрaмыздың eң aсыл құнды қaзынacының біpі. Oл кeлeр ұрпaқ тәpбиecіндe бaлaның oй сaнaсынa жaңa зaмaн тaлaптapмен үндeсe тaрaп aқыл-oйды aсқaрғa, қиялды-қиялғa жeтeлeйтін киeлі мұрa бoлып тaбылaды. Елбacмыз Н.Ә.Нaзaрбaевтың "Қaзaқcтaн-2030" стpaтегияcындa aлғa міндет eтіп қoйғaн ішкі жәнe cыртқы caяcатының aca мaңызды 30 бaғытының бірі- мәдени мұрa бaғдapлaмaсы aяcындaғы хaлықтық мәдени құндылықтар мен дәстүрлер дамытуы. Осы бағытты ескере отырып, көнере бастаған қолөнерді бүгінгі күнде өз кәдемізге жаратып, қолданудың маңызы өте зор болмақ.
Курстық жұмыстың мақсаты: Құрақ құрау өнерінің қыр-сырын, насихаттау арқылы құрақтың түрлерімен танысу, құрақ құрау элементінің үлгісін дайындау, және жасалу технологиясын үйрету. Құрақ құрауда геометриялық фигураларды пайдалану жолын білуге, оларды түрлендіруге, ойлау қабілеттерін дамытуға үйрету.
Курстық жұмыстың міндеттері: Құрақтың түрлерін, және үлгілері туралы түсінік беру. Құрақтың геометриялық фигуралары көпбұрыштан құралатындығын, олардан әр түрлі қазақ халқының (жастық, көрпе, алаша, түскиіз сияқты т.б) үй бұйымдарын жасайтындығын, құрақтарды келістіріп жасау туралы түсінік беру.
Курстық жұмстың нысаны: Осы тақырыпқа байланысты зерттеу жұмысымды Жалғансай орта мектебінде 5 сынып оқушыларына көркем еңбек пәнінен өткіздім. Сонымен қатар пленэрлік тәжірибе кезінде шығармашылық ізденістерімді тереңдеттім.
Курстық жұмысты зерттеу пәні: Оқу шеберханасы, қолөнер, конструкция модельдеу.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды.
3
1.1.Қазақ халқының қолөнері - ұлттық мұрасы
Қазақ халқы салт-дәстүр мен қолөнер түрлеріне өте бай халық. Бұл оның мәдениетті, әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан-ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрімен, өнегелі әдет-ғұрыпымен, қонақжайлылығымен, ырым-тыйымымен, қолөнер түрлерін үйретумен ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Ұлттық тәлім, салт-сана сабағы адамгершілік тәрбиесінің аса сенімді әрі ғажайып жол екендігін көрсетті. Дана халқымыздың өзі жасаған әдет-ғұрып пен жөн-жосықты біліп, үйренуі, өмірде қолдануы ағайынды адастырмас сара жол деп білемін.
Мұны отбасында ата-ана, мектепте ұстаз, көпшілік ортада ата-әжелеріміз жастарға өз ақылдарын үйретіп, айтып отырса ойға түйеріміз көп болар еді деп ойлаймын.
Жалпы халық тұрмысында жиі қолданылатын қолөнер түрлеріне: тігу, өру, тоқу, сызу, сурет, құрастыру жатады. Осылардың ішінде ең көнесі ретінде апа-әжелеріміздің құрақ құрау өнерін айтумызға болады. Бұл өнер балаға көп тәлім-тәрбие беретін өнердің бір түрі деп айтумызға болады.
Құрақ құрау- бұл нағыз мықты өнер, мата қалдықтарын үнемдеп тігудің ерекше түрі. Құрақ қолөнері сәнді жұмыстар жасау тарихы өте әрігеректен басталады. Таңғажайып талантымен талайларды тамсандырған қазақ халқы қолөнерінің қайталанбас бір түрі- ол, қиыстырып құрақ қию. Одан көздің жауын алатындай өте бағалы бұйымдар жасауымызға болады. Зердесінде зейіні бар құрақтан жасалған заттарға әр адам ойлы көзбен қараса, сан алуан түстердің бір-бірімен жарасым тауып, әдемілік әлемін сыйға тартып тұрғанын айқын аңғара аламыз.
Құрақ құрау тәсілі- ол қалдық маталарды кәдеге жарату. Қолынан іс келетін шебер әйелдер көрпеден бастап, кеудешеге дейін бұйымдарды құрақпен безендірген. Құрақ құрау үшін, ең алдымен қажетті материалдар таңдап алынып, олар түр- түсіне және матасына қарай сұрыпталады. Маталардан барқыт, сәтен, сиса, жібек кесінділері жеке-жеке бөлініп алынады. Содан соң түрлі-түсті маталар қиыстрылып тігіледі.
Ұлттық құндылықтарымыз бүгінде әлемдік брендттермен құйысқан. Расы осы, қолөнер бұйымдарымыз бұрындары тұсаулы аттай ауыл-аймақты төңіректеп жүруші еді, бүгінде шоқырақтап желетін ыңғай тантып жүр. Бұл оның ғасырлар тасасында ұмытылып кетпей, бүгінгі күнге жетуіне аянбай тер төгіп атсалысқан, әрине, қолөнер шеберлері.
Одан қалса қазақи тамыр, ұлттық жады жібермейді деуге де болады. Соның арқасында ұлттық қолөнер бұйымдарымыз бүгінде босағадағы орынын босатып, төрге озды. Байырғы заманнан бүгінгі ғасырға дейін ұмытылмай жетіп, жыл өткен сайын жасарып, жаңаруға бет алғаны көп. Соның бірі- ол қыз жасауы.
4
Ұзатылып бара жатқан қызға ең алдымен ата-анасы, жасауын жинақтап, үй тұрмсына қажетті бұйымдарды әперіп, ең бастысы- құрақ көрпе, құрақ жастық, құрақ көрпеше сияқты жабдықтарды алып беретіні белгілі. Бұлда көнеден келе жатқан ырым. Бұл ырым басы көбейсін, басы құралсын дегеннен туған салт. Ұлттық қолөнер түрінің тап осы жасау-жабдыққа келгенде кейінге кеткеннен емес, алға қарай озып келе жатқанын көруімізге болады. Бүгінде қыз жасауын дайындаумен айналысатын көптеген фирмалар бар. Базарға барсаңызда таңдап алуға мүмкіндік мол. Көрпе-жастықты жинап қоюға арналған неше түрлі сандықтарды кездестіресіз. Ертедегі сандықтарды өзбекстандық шеберлер жасайтын болған. Сол себепті шығыстық мәнерде де, жихаздарды жылтыратып безендіретін болған. Шүкір бүгінде, өз шеберлеріміз қошқар мүйіз оюын ойып салып, қазақи нақышқа келтірді. Сол себепті қымбат әрі әдемі тастармен безендірілгенді де, оюланғандыда, сатып ала беруімізге болады. Осы сандықтардың үстіне жинайтын көрпелердің де неше түрі бар. Әсіресе кұрақ көрпеге деген сұраныс өте басым.Айтып өткеніміздей, өзге үйдің түтінін түтетуге, ұзатылып бара жатқан қыздың басы құралсын, оңалсын деген мақсатпен құрақ жастықты, құрақ көрпешелерді ырымдап беретіні белгілі. Баяғы заманда қазақ даласында қымбат маталар аз болғандықтан, әжелеріміз киімнен қалған маталардың қиықтарын бір кәдеге жарату үшін әр түрлі бұйымдар тіккен. Содан кейін құрақ құрау өнері бастау алған. Көптеген қазақ отбасының төрінен құрақ көрпелер, құрақ түс киіздер орын ала бастаған. Мақтанарлық жағдай. Қыз ұзату, келін түсіру тойларында екі жақ бір -біріне құрақтан жасалған, әдемі ою-өрнек салынған әдемі қоржындармен, жөн-жоралғы жаайтын болған. Ұлттық бренд болуға құрақ өнеріне деген расында да, сұраныс көп болғандықтан, шетелдіктердің қызығушылықтарын ояатып отыр. Әрине, дамыған елдің азаматтарын қымбат көлікпен зәулім сарай мен қызықтыра алмасымыз анық. Олар біздің ұлттық қолөнер бұйымдарымызға қатты қызығады. Сән орталығы деп саналатын француздардың етіктері мен көйлектеріне зер салып қарасақ, қазақи оюларымыздың ұрланғанын байқаймыз. Елімізде өтіп жатырған түрлі іс шаралар барысында шетелдіктердің ұлттық қолөнер бұйымдарымызды көптеп сатып алатынын, оның қаншалықты құнды екенін айтумызға болады. Тек қыз жасауында ғана емес, өзге тойларда да құрақтың қаншалықты қымбат екені көрініп тұрады. Сүндет тойда баланы атқа мінгізіп, аттың екі жағына оюлы қоржын байлайтыны бізге белгілі. Әр түрлі қиықтардан жасалып, ою өрнек салынған қазақи қоржындарды базарданда сатып алуға болады. Құрақ жастықты бүгінде қонақ жастық ретінде де, диванға арналған шынтақ жастық ретінде де, пайдаланылатын адамдарда бар. Ал көбіміз құрақтан жасалған ойыншықтардың бар екенін білмейміз. Оны үй ішіне сән келтіріп тұратын бұйым ретінде емес, балаға ойыншық ретінде тіккен.
5
Әрі кәдесый ретінде тігуге болады. Әжелеріміз құрақ ойыншықтардың ішіне жүн, мақта салатын болған. Доп, ат, күшік сияқты ойыншықтарды құрақтан тігетін болған. Мұндай ерекше бұйымдарды диван үстіне, көлік ішіне көз тарту үшін қоюға болады. Бір қызығы, бүгінде құрақ құрау сәнге айналған. Бірақ құрақ құрау әр елде әр түрлі айтылады. Мысалы, АҚШ-та-квилт, Еуропада-пэчворк, ал орыстар құрақ жұмысы деп атайды екен. Францияның Эльзац деген қаласында жыл сайын құрақшылардың әлемдік байқауы өтіп тұрады екен. Оған тілек білдіргендердің бәрі қатыса алмайтын көрінеді. Жұмыстарын қарап, сұрыптап, іріктеп алады. Елімізден әлемдік додаға бір-екі адам қатысқан. Құрақ көрпенің түр-түрі бар екенін көбшілік біле бермеген. Құрақтың күйеу көрпе, шай көрпе, тор көрпе деген неше түрі бар. Қос жастықты ертедегі әжелеріміз жұбайлар бір-бірімен үйлесіп кетсін, бастары ажырамасын деп біріктіріп жасаған. Жастықтың жер жастық, шынтақ жастық, шал жастық дегендері де бар.
Құрақ көрпе- қазақтың ісмерлік өнерінің ішінде ерекшелінетін өте құнды жәдігерлерінің бірі болған. Қазіргі заманда бұрынғы ата-әжелеріміз ұлттық өнерді жылтырағаннан да, жоғары қоятын болған. Осындай ұлтжанды азаматтардың арқасында құнды дүниелеріміз ұмытылмай, ғасырдан ғасырға келе жатырғанына біз қуанамыз.
Қазақ халқының қолөнері өзінің қайталанбас көркемдігімен, дәстүрлі әдісімен ерекшелеленіп тұрады. Көнеден қалған бұйымдар өз ерекшелігімен адамды баурап алып,тарих қойнауына жетелей түседі. Шеберлердің қолдарынан шыққан бұйымдары сол заманның қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. Шеберлермен, ұсталардың, зергерлер мен тігіншілердің, суретшілік қасиеттерін бірге жетілдіру дарыны бірге дамыған. Солардың арқасында үй мүліктері мен жиһаздар жаңа түрге еніп, жетілдіріп, асыл дүниелерге айналып отырған. "Шеберді шілтерісінен танисың", "Шбердің қолы ортақ", деген ежелгі сөздер бекер айтылмаса керек. Нағыз шебер болу үшін ең алдымен бізге білім, дарын, іскерлік пен шыдамдылық керек.
Қолөнершілердің алатын орыны ерекше, ол әрбір ұлттың өзіне тән өнері болып саналады. Халықтың дәрежесі көтерілген сайын, олардың да қолөнері дамып келеді. Өрнекпен істелетін қазақтың әшекейлері өте көп. Халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнердің сан алуан түрін өздерінің шығармашылық ізденістерінде алып келуде. Солардың бірі- ол құрақ құрау. Бұл өнер шеберлікті, шыдамдылықты өте көп қажет ететін қолөнер.
Біздің қазақ тілімізде құрақтың екі мағынасы бар. Біріншісі, көлдің жағасында өсетін өсімдік тектес құрақ десек, ал екіншісі, мата қиындыларынан жасалатын құрақ дейміз. Құрақ дегеніміз- шығынсыз өнім жасаудың бір түрі. Құрақ құрау технологиясы қазіргі заманда екі бағытта дамып келеді.Өйткені маталарды қиып жасау арқылы шығын көп кетпейді. Негізінен құрақтың 200- ден астам түрі бар. Соның ішінде сегіз сай, төртбұрыш, қиықша құрақ, мүйіз құрақ, аққу, ұшбұрыш, шахмат, торкөз,
6
гүл құрағы, майда құрағы, шаршы құрағы, шатыр құрағы, ұшбұрышты ши құрағы, жұлдызша құрағы елімізде көптеп тараған. Құрақ құраудың бір-екеуіне тоқталып өтер болсам.
"Шаршы" құрақ алты немесе тоғыз ромбы тәрізді тігістерден тұрады. Ол үшін ең алдымен үш түсті тоғыз ромбы тәріздес мата қиындыларын қиып аламыз. Содан кейін олар бір-біріне қарама-қарсы екі түсті ромбы бойынша орналастырылады.
"Шатыр" құрағы бір қатарға бес ромбы орналастырылады. Екі қатарға бес ромбы құрастырылады. Үш қатарға бір ромбы төбесіне орналастырылады. Содан кейін шатыр құрағы шығады.
"Ұшбұрыш" ши құрағы матаның екі түсі алынады, бірақ сызықтары бірдей және де одан екі шаршы қиылып алынады. Екі түсінен бөлек-бөлек,сегіз ұшбұрыш қиып аламыз. Екі түсті матаның төрт қиығын алып, ұшбұрыштап келтіреміз. Сызықтары бір-біріне жолақ болып келіп тұруы керек. Сол кезде ғана ши құрағы пайда болады.
7
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ҚҰРАҚ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ӨҢДЕУ ЖОЛДАРЫ.
2.1. Құрақтың түрлері және қолданылуы
Қазіргі заманда құрақтың екі жүзден астам түрі бар.Олардың арасында: "аққу", "шиқұрақ", "айқұрақ", "шаршықұрақ", "гүлқұрақ", "мүйіз құрақ", "қиықша құрақ", "үшбұрыш","төртбұрыш", "ботакөз", "жұлдызша", "тырна", "майда", "гүл", "ою", "мүйіз", "сегіз сай", "шахмат", "торкөз", "алма" құрақтары елімізде кеңінен таралған. Әрбір құрақтың өздерінің ерекшеліктерімен тарихи маңызы бар.
Түрлі түсті мата қиындыларынан құрақ құрау жұмысы нәзік сезімтал, түсті аңғарғыш, эстетикалық талғамдары ер азаматтардан жоғары тұратын әйелдердің ерекше ісі болған. Халық арасында құраққа қатысты бірнеше атаулар қолданылады: құрақтың суы-құрақтардың арасында жүргізілетін бір түсті жолақтар, құрақтың көзі құрақтардың дәл ортасына басқа түстен тігілетін өрнек, ал қалған басқа құрақтар айналасына тігіледі, кекілік қас-ақ және қара маталардың қиындыларынан кекіліктің дәл қасына ұқсатп тігілген құрақ. Қайшы құрақ-кекілік қас құрағының негізінде тігіліп, көздігінің жанына қайшы пішіндегі кішкене құрақтың тігілген түрі. Таңлай құрақ-адам таңдайының пішініндегі өте ұсақ құрақтар, жұлдыз құрақ-таңдай пішінді құрақтан құралып, көздері тең үшбұрышты түрлі-түсті барқытпен көмкерілген түрі, тырнақ қатар-қырнаққа ұқсаған үшбұрышты құрақшалардан құралған түрі.
Құрақ түстерінің үйлесімділігі.
Матаны түстеріне қарай таңдадың маңызы өте зор. Матаның түстерін таңдағанда түстерімен реңтер градациясын ескеруіміз керек. Түстердің түс шеңберіндегі орналасу реті екі түрлі болып келеді. Оларды жылы және суық түстердеп атаймыз.
Түс шеңберінде бір-біріне қарама-қарсы тұрған түстерді қарама-қарсы түстердеп атаймыз. Олар қызыл-жасыл, сары-күлгін, көк-қоңыр және тағы басқаларын айтуымызға болады.
* Қызыл-оттың, күннің рәміздің белгісі болып табылады. Ол көне түрік тілінде қызыл түс-Оңтүстікті, қара-Солтүстікті, ақ-Батысты, көк-Шығысты білдіреді.
* Қара түс-жердің түсі, берекенің түсі.
* Ақ түс-ол қасиетті түс, ол қуанышты хабардың, бақытты сәттің, тазалықтың белгісі болып табылады. Ақ түс сонымен бірге таза шындыықтың, астарлы ақиқаттың және адалдықтың белгісі.
* Сары түс-ақыл парасаттың белгісі.
* Жасыл түс-жастықпен көктемнің белгісі.
8
Әдемілікпен сұлулыққа құштар ата бабамыз ұзатылған қыздың артынан жасау апарған кезде махаббат символы ретінде "Аққу құрақ" көрпешесін
апаратын болған. Сонымен бірге құрақпен үй тұрмысына қажетті түрлі заттарды безендіругеде болады. Оған зат салатын әр түрлі қоржындарды,
қыз-келіншектерімізге арналған әр түрлі әдемі бұйымдарды көрпе жастықтарды аяққап, қол қапшық, қиық сырмақты жатқызуымызға болады.
Келген қонағымызды төрге шығаратын халқымыз құрақ көрпешесін төрге төсеген. Олда бір сыйластықтың белгісі болып табылады. Еліміздегі әрбір зат ұсақ бөлшектерден құралады. Сол сәбепті әрбір үйде құрақтан жасалынған бұйыдардың болуы отбасының берекесімен ынтымағын құрайды. Ертедегі біздің әжелеріміз балалары шетінеп кеткен кезде әрбір отбасылардың үйін "Тіл-көзден аман болсын"деген ниетпен ырымдап, "Қырық құрақ"құрап,соған баласын ораған. Шеберлер әдемі құрақтарды дәлдікпен құрай білеі екен. Құрақтан неше түрлі бұйымдарды жасауға болады екен. Мәселен, қолдорба, шайдорба, керме, аяққап, түскиіз, сандық жапқыш, жастыққап, көрпеге құрақ секілді бұйымдарды құрауға болады екен. Қазіргі заманда жастық тыс, жиде, түскиіз, сүлгі, диванға және де орындықтарға жасайтын болған.
Қазақ халқының құрақ құрау өнерімен кез-келген адам айналыса алмайды. Себебі бұл өнердің қиындығы өте көп. Оны өнерді жақсы білетін, бояу түстерінің сырын білетін, ұшқыр ойлы адам ғана істің көзін таба алады. Сонымен бірге түс пен түстің сәйкес келуі аса шеберлікті қажет етеді. Құрақ өнерінің бір жақсы пайдасы- ол адамды шыдамдылыққа, шеберллікке, салмақтылыққа, үнемділік пен сабырлылыққа, тазалық пен әдемілікке баулып, адамның жан дүниесін байытып, ой-өрісі кеңейтіп, бір адамға жақсы пайдасын тигізеді. Көне заманда қыз балалар кішкентайынан құрақ құрап үйренулері керек болған. Қазіргі кезде құрақ құрау өнері мен шебер қыз- келіншектер мен байырғы әжелеріміз ермек қылатын болды.
2.2. Құрақ жасауда қолданылатын геометриялық фигуралар
Қазақтың ісмер, шебер әйелдері құрақ көрпеден бастап құрақ кеудешеге дейін, құрақ бөстектен бастап құрақ ойншыққа дейін жасаған. Керемет нәрселердің жәнеде қарапайым тәсілмен өмірге келетнін ерте замманан-ақ ел жұртқа паш етіп келген. Зердесінде зейіні бар адамдардың әр-қайсысы құрақтан жасалған заттарға ұшқыр көзбен назар аударып қараса әдемі түстердің бір-бірімен жарасым тауып тұрғанын жәнеде әдемілік әлемін
сыйға тартып тұранын айқын көре алады. Осы арқылы халқымыздың ең құнарлы дүние танымын, эстетикалық талғамын, сұлулықты көрсетіп тұрған
9
іңкәр сезімін айтқызбай-ақ тани аламыз. Ең мықты бұйымдары көрпе, тұс киіз, кеудеше, жастық, түрі ойыншықтар болып келетін құрақ құрау-ежелгі дәстүрде оны қыз балалар кішкентайынан біліп үйренуге міндетті қол өнер түрінің бірі. Ол қыздарды шеберлікке, төзімділікке, үнемділікке түрлі түсті бояуларды ажырата білуге олардың бір бірімен үйлесімділік табуын түсінуге, тануға, тазалыққа, әдемілікке шыңдап қан қоймай жан дүниесін байытуға ой өрісін кеңейтуге үйретеді.
Құрақ түрлі түсті маталардан құралады. Киім-кешек тіккен кезде қалған, арнайы сатып алынған маталарадан қандай өрнек шығаруға болады? Қолына мата қиығын ұстаған әйелдер оны білмей тұрып қиық құрай алмайды, жәнеде жасаған бұйымдары көріксіз болып шығады. Құрақ құрау өнерінде қойылатын басты шарт: онымен айналысатын адамның бойында өнерді жақсы түсінетін қасиеті болу керек, ұшқыр ойлы, қияли, бойаулардың сырын білетін болуы тиіс. Құрақтың қыз-келіншектерге үйретері өте көп. Құрақты құрау үшін ең алдымен, қажетті материялдарды таңдап алып олардың түрін, түсін, матасын қарап алу қажет. Маталардың барқыт, жібек, сиса, сәтен түрлері жеке-жеке бөлініп алынады. Содан кейін шебер әйелдер бірыңғай барқыттан, я болмаса бір түсті жібектен құрақ құрайды. Бұл істі бастамас бұрын әр түстің бір біріне сәйкес келуін, бір бірін ашып тұруына көңіл бөлуіміз керек. Құрақ құрау-ол қалдық қалдырмау дегенді білдіреді. Ертеде халық даласында қымбат маталар аз болғандықтан, әжелеріміз қалған маталардың қалдықтарын жұмсап тастауға тырысып, түрлі бұйымдар жасаған. Сүйтіп, құрақ құрау өнері дүниеге келген.
Ысырапқорлық дегеніміз ол-қазақтарға жат қылық. Ежелгі заманда ата бабаларымыз өте үнемшіл болған. Қолдағы темір, ағаш, сүйек, тері секілді заттардыңда қалдыықтарын қажеттіліктеріне жаратып,аяқ асты тастамаған. Ал қолдағаны осылай қолдағы барды қиыстырып құрақ құраушылардан асқан шебер адам жоқ. Құрақ құрау әйел адамдарымызды ысырап қорлықан тыйып, үнемділікке үйреткен.
Қазіргі ұлттық салт дәстүріміз қайтадан жаңғырып, өмірімізге тереңдеп еңгендіктен, қазақ халқының құрақ құрау өнеріде қайтадан дамып отыр. Ауылда да қалада да көптеген қазақ отбасыларының төрінен құрақ көрпелер мен құрақ тұс киіздер орын ала бастаған. Құда түсу, қыз ұзату, келін түсіру секілді тойларда екі жақтың құдағайлары бір-біріне құрақтан жасалған әдемі ою-өрнектер салынған қоржындар мен сый сыйапаттар берілетін болған. Бір таңғаларлығы қазіргі құрақтардың өздерінен ондаға тікше,шаршы құрақтарда небір бояу алмасуларының үйлесімді жасалғаннын, келісі қиыстырылып жасалынған құрақтарда қайталанбайтынын аңғарамыз. Көгілдір аспан астындағы жасыл жайлауда ақ киіз үйлерді тігіп, қызыл, сары, ақ қызғалдақтар жайқалған, жусанның иісі мұрынды жарыып, кең далада мал жайып мөлдіреген күміс көлдерде шомылып құстардың сайраған үнін естіген қазақ халқы соның бәрін ою-өрнектермен құрақтар арқылы шебер жеткізе
10
білген. Құрақтардың мың құбылған әдемі сәні мен сұлулығына тамсанып тұрғанында,"Шіркін-ай қазақтың әдемі құрақтары мен ою өрнектеріне тіл бітер болса, олар мәңгілік ғұмыр асыл махаббат, өшпес сұлулық туралы бізге сырмен жыр толғарма еді" деп ойға қалатын едік. Құрақ құрау өнерін тамашалағанда қыз-келіншектерімізді сұлулықпен сырласуға оны өз бойына сіңіруге, бояулар әлемін танып , түсінуге үйретер еді. Жаны сұлу адамның ісіде мінезіде, қызығыда сөзіде,өзіде отбасыда сұлу болар еді.
Әр үйде құрақтан жасалған бұйымдардың болуы - ол отбасының ұлтжандылығын білдіріп қана қоймай, қазақ қолөнерінің ежелгі түрін қайтадан жаңғырып, қазіргі заманмен ұштастырып отырғанын көрсетеді. Құрақтан жасалған бұйымдардың көбеюі шетелдіктерге біздің еліміздің қолөнерінің қаншалықты дамығанын паш етіп, қазақты әлем халықтарына кеңінен танытуға жарқын жол ашып отыр. Қысқы Азияда күнде-рінде шетелдіктердің түрлі ұлттық сувенирлермен бірге құрақ бұйымдарын да көптеп сатып алып жатқанын көргенімізде біз сондай ойға келдік. Яғни, құрақ құрау қыз-келіншектеріміздің жанында ұлтжандылық қасиеттерді орнықтырып, оларды ұлттық қолөнерімізді сүюге, оны дамытуға үлес қосуға тәрбиелейді.
Құрақ көрпе - дүрия, батсайы, торғын, шағи, шәлі, жібек, сәтен, атлас, т.б матадан жасалып, сырты кестеленеді. Тұтыну қажетіне қарай қалың, жұқа, үлкен, кіші етіп жасаса, дәулетіне сай арзан, қымбат материалдан дайындайды, соған сай бала көрпе, шәлі көрпе, төсеніш көрпе, жүн, қалың, атлас көрпе деген түрлері болады. Ал енді түрлі геометриялық пішіндегі мата қиындыларынан әшекей, өрнекпен құралып жасалған түрін құрақ көрпе деп аталады екен. Осы сипаттама беріліп отырған көрпе түрі - құра көрпе. Жамылғыш құрақ көрпенің беті қызыл және көк түсті көп сатылы фигуралармен өрнектелген. Сол фигуралар көрпе ұзындығы бойынша бой түзеген жолақтар симметриалы орналасқан. Көрпе бордюрі жасыл түсті велюрдан жіңішке жолақталып тігілген. Ал, астары түрлі-түсті мақта (хлопчатобумажный) матадан тігілген.
Құрақ - Мата қиындыларын қиюластырып, тұмарша, сегіз жапырақ, ромб тәрізді өрнектерден құралған көрпені Құрақ немесе құрақ көрпе деп атайды. Ежелден қонақжай қазақ халқы төрін қонаққа арналған "қасиетті орын" санаған. Қазақтың ісмер, шеберлері құрақ көрпеден құрақ кеудешеге дейін, құрақ бөстектен құрақ ойыншыққа дейін жасап, керемет нәрселердің де қарапайым тәсілмен-ақ өмірге келетінін ежелден-ақ қалың жұртқа паш етіп келеді. Зердесінде зейіні бар адамдардың қай-қайсы да құрақтан жасалған заттарға ойлы көзбен назар аударса, сан алуан сәнді түстердің бір-бірімен жарасым тауып, әдемілік әлемін сыйға тартып тұрғанын айқын аңғара алады. Ол арқылы халқымыздың құнарлы дүниетанымын, эстетикалық талап-талғамын, сұлулықты аңсаған іңкәр сезімін айтқызбай-ақ танисың. Басты бұйымдары көрпе, тұскиіз, еудеше, жастық, түрлі ойыншықтар болып келетін
11
құрақ құрау - қазақ дәстүрінде қыз балалар кішкентайынан біліп, үйренуге
тиісті қолөнер түрі. Ол қыздарды төзімділікке, үнемділікке, шеберлікке, бояуларды ажыратып, олардың бір-бірімен үйлесімділік табуын түсініп, тануға шыңдайды, тазалыққа, әсемдікке үндейді, жан-дүниесін байытып, ой-өрісін кеңейтеді.Құрақ негізінен, түрлі-түсті маталардан құралады. Мата қиығын қолына ұстаған әрбір әйел оны білмей тұрып қиық құрай алмайды, жасаған бұйымы көріксіз болып шығады. Яғни, құрақ құрауда қойылатын басты шарт: онымен айналысатын адамның бойында өнерді түсінетін қасиет, ұшқыр қиял, бояулардың сырын білетін таным болуға тиіс. Қазір ұлттық салт-дәстүріміз қайтадан жаңғырып, өмірімізге тереңдеп енгендіктен, қазақтың құрақ құрау өнері де қайтадан дамып отыр. Ауылда да, қалада да көптеген қазақ отбасыларының төрінен қайтадан құрақ көрпелер, құрақ тұскиіздер орын ала бастады. Қыз ұзату, келін түсіру тойларында құдағилар бір-біріне құрақтан әдемі ою-өрнек салынған әсем қоржындармен сый-сияпат апаратын болды. Бір ғажабы, қазіргі құрақтардың өздерінен-ақ ондағы тікше, шаршы құрақтарда небір бояу алмасуларының үйлесімді жасалғанын, осы құрақ бояуларының алмасуының, қиюластырылуының келесі құрақтарда қайталанбайтынын аңғарады.
Барлық қабырғалары өзара тең үшбұрыш тең қабырғалы үшбұрыш деп аталады.
Екі қабырғасы тең үшбұрыш тең бүйірлі үшбұрыш деп аталады. Үш қабырғасының ұзындығы үш түрлі үшбұрыш қабырғалары әр түрлі үшбұрыш деп аталады.
Төртбұрыш деп төрт нүктеден және оларды тізбектей қосатын кесінділерден тұратын фигураны айтамыз. Сонда бұл нүктелердің ішінде ешбір үшеуі бір түзудің бойында жатпауы тиіс, ал оларды қосатын кесінділер қиылыспайтын болуы тиіс.
Параллелограмм дегеніміз қарама - қарсы қабырғалары параллель болатын, яғни параллель түзулердің бойында орналасқан төртбұрыш.
Параллелогаммның қасиеттері: Қарама - қарсы қабырғалары тең. Қарсы жатқан бұрыштары тең. Диагональдары қиылысады және қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді. Бұрыштарының іргелес біржақты жатқан қабырғаларының қосындысы 180º-қа тең.Барлық бұрыштары тік болып келетін параллелограмды тіктөртбұрыш деп атаймыз. Тіктөртбұрыштың қасиеттері: барлық параллелограммның қасиеттеріне ие. Диагональдары тең.
Құрастыру реті
Керекті құрал-жабдықтар нобайы
1. Үлгі бойынша екі түрлі матадан 10*10 және7*7 шаршы қиып ал, тігіске 0,5-1см қосымша қалдыр.екі түрлі мата, қарындаш, үлгі, қайшы.
2. Шаршыларды диагональ бойынша екі үшбұрышқа бөл. екі түрлі мата, қарындаш, үлгі, қайшы.
12
3. Үлкен үшбұрышқа екі кіші үшбұрышты қосып көкте. ине, жіп, мата, қайшы, тігін машина
4. Екі қатардың арасына 3-4см екі түсті жолақ көкте,тік. ине, жіп, мата, қайшы, тігін машина
5. Екі жағынан сән үшін екі түсті жолақтан 3-5см жүргіз. ине, жіп, мата, қайшы, тігін машина
6.Құрақ бетіне сәйкес астарлық мата қиып ал, бір жағынан 10*12 см қалдыра отырып, көкте және тік, бұрыштарын қиып аударып үтікте. ине, жіп, мата, қайшы.
2.3. Құрақ құрау технологиялары
Құрақ құрау, бұл да - бірегей өнер. Кез келген халықтың ғұмырнамалық сабақтастығының берік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz