Зейнетақымен қамтамасыз ету және халықты әлеуметтік қорғау туралы есеп айырысулар
І. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ШЫҒЫСТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАРЫ ... ... ... ..5.14
1.1 Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары ... ... ... ... ... .5.7
1.2 Қазақстандағы зейнетақымен қамсыздандыру ... ... ... ... ... ... ... ..8.10
1.3 Халықты әлеуметтік қорғау шығыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11.14
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ЕСЕП АЙЫРЫСУЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15.32
2.1 Міндетті жинақтаушы зейнетақы қоры және жинақтық қорлардың жалпы табыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15.19
2.2 Зейнетақымен қамтамасыз ету және халықты әлеуметтік қорғау бойынша есеп айырысулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20.32
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33.35
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37.38

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ақмола қаржы-экономикалық колледжі
Қаржы және банк пәндерінің
пәндік әдістемелік комиссиясы
Қорғауға жіберілсін
Жетекші Бикешева А.Қ.
____ ______________2006ж
Курстық жұмыс
Бюджеттік есеп пәні бойынша
Тақырыбы: Зейнетақымен қамтамасыз ету және халықты әлеуметтік қорғау
туралы есеп айырысулар
3-курс 3-ҚБА-204 тобы
Альжанова Айгерім Оралқызы
Жетекші: Бикешева А.Қ.
Астана қаласы 2006 ж.
ЖОСПАР
ТАҚЫРЫБЫ: БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАР: ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОЛАРДЫҢ РОЛІ
КІРІСПЕ---------------------------- ----------------------------------- ------
--------------3-4
І. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ШЫҒЫСТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТТЕН
ТЫС ҚОРЛАРЫ--------------5-14
1.1 Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары---------------------5-
7
1.2 Қазақстандағы зейнетақымен қамсыздандыру ------------------------------
8-10
1.3 Халықты әлеуметтік қорғау шығыстары ----------------------------------- -
11-14
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ЕСЕП АЙЫРЫСУЛАР -----------------------------------
-----------15-32
2.1 Міндетті жинақтаушы зейнетақы қоры және жинақтық қорлардың жалпы
табыстары ----------------------------------- -------------------------------
------------15-19
2.2 Зейнетақымен қамтамасыз ету және халықты әлеуметтік қорғау бойынша
есеп айырысулар----------------------------------- --------------------------
----------20-32
Қорытынды----------------------------------- --------------------------------
---------33-35
Пайдаланылған әдебиеттер----------------------------------- -----------------
-------36
Қосымша----------------------------------- ----------------------------------
----------37-38
КІРІСПЕ
Әлеуметтік қорғау деп қоғамдық дамуының нақтылы жағдайларына сәйкес
азаматтарға қалыпты тіршілік әрекетінің кепілдікті деңгейін қамтамасыз
етуге арналған басымдықтардың және оларды мемлекеттік және басқадай
институттар арқылы жүзеге асыру механизмдерінің жүйесін айтады. Бұл деңгей
қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының ахуалына, жалпы ішкі өнімнің
мөлшерлеріне, қордаланған ұлттық байлыққа және оларды бөлудің сипатына,
жүйені іске асыру механизмдерінің жұмыс тиімділігіне байланысты болады.
Әлеуметтік қорғаудың қаржылық тұлғалауы арнаулы ақша қорларын
қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты қайта бөлгіштік қатынастарда
көрініп, білінеді, бұл қорлардан халыққа әр түрлі әлеуметтік төлемақылар
жасалынады.
Әлеуметтік сақтандыру көбінесе зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі,
еңбекке уақытша жарамсыздық жөнінде жәрдемақылар төлеу, жұмысынан айырылған
кезде әлеуметтік қолдау арқылы іске асырылады. Әлеуметтік сақтандыру
жүйесінде әр түрлі жәрдемақылар маңызды орын алады. Жәрдемақы – бұл
жұмыстағы уақытша үзіліс кезінде, сондай-ақ белгілі бір жағдайларда пайда
болатын көтеріңкі шығындарды өтеуге арналған кепілдендірілген ақшалай
өтемақы.
Зейнетақы дегеніміз – бұл зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар
азаматтар заңнамада көрсетілген тәртіппен Зейнетақы төлеу жөніндегі
мемлекеттік орталықтан, Жинақтаушы зейнетақы қорларынан, ал әскери
қызметшілер, ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін тиісті қызметтерді
ұстауға көзделген қаражат есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің
жиынтығы.
Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген тәртіппен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқылы.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдар, егер Қазақстан Республикасынының заңдарында және
халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының
азаматтарымен бірдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады.
Республикалық бюджеттен әлеуметтік көмек және әлеуметтік
қамсыздандыруға байланысты шығыстары: бюджет қаражаттары есебінен зейнетақы
заңнамасына сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға
зейнетақы төлемдері, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, экологиялық апат
аумақтарында тұратын адамдарға әлеуметтік көмек, әскери қызметшілерге құқық
қорғау органдары қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне медициналық
қызмет көрсету, құрбандарына және одан зардап шеккендерге төлемдер, көші-
қон іс-шаралары, баланың туылуына байланысты әлеуметтік төлемдер және
басқалары.
2005 жылы әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 2432 теңгені құрады,
оның ішінде еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайы бойынша – 2119 теңге,
асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – 3136 теңге, жұмысынан айырылған
жағдайы бойынша – 3807 теңге.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев республикамыздың
әлемдік рейтинг кестенің жоғарғы бөлігінен орын алатын елдер тобына
үміткерлер қатарынан көріну мақсатында 2006 жылдың 1 наурызындағы Қазақстан
халқына Жолдауында әлеуметтік бағдарланған қоғам құруды анықтап берді.
Біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипаттыққа
бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық топтары
тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын
қамтамасыз ететін қоғам құрудамыз делінген Жолдаудағы басты негіздердің
бірінде.

ТЫС ҚОРЛАРЫ
1.1 Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары.
Бюджет қорымен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар
құрылып, жұмыс істей бастады.
Бюджеттен тыс қорлар – мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны;
мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде
қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы.
Қазақстандағы мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға жататындар:
- Зейнетақы қоры;
- Халықты жұмыспен қамту мемлекеттік қоры;
- Әлеуметтік сақтандыру қоры;
- Міндетті медициналық сақтандыру қоры (ММСҚ).
Оның басты міндеттері:
- зейнетақы мен балаларға жәрдемақы төлеу үшін мақсатты алым және
қаражат жинақтау, оларды қаржыландыруды ұйымдастыру;
- халықты әлеуметтік қолдауға байланысты республикалық және аймақтық
бағдарламаларды қаржыландыруға келісім-шарт негізінде қатысуы;
- өзін-өзі қаржыландыру қағидаларының негізінде қор қаражаттарының
ұдайы өндірісін ұлғайту.
Қаржы институттарының – бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттары
қозғалысын 1998 жылға дейін Қазақстан Республикасында жұмыс істеген кейбір
қорлардың мысалында қарауға болады.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры. Бұл қор сақтық әдісімен
жасалады.
Жасалу көздері:
1. кәсіпорындар мен ұйымдардың сақтық жарналары (немесе арнаулы
салық);
2. мемлекеттік бюджеттің қаражаттары;
3. санаторийлерге, демалыс үйлеріне, курорттарға жолдамаларды сатудан
түскен табыс;
4. басқадай көздер.
Қордың қаражаттары мыналарға жұмсалады:
• жәрдемақылар төлеуге (еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша; жүкті
болғанда және босанғанда берілетін; балаға оның белгілі бір жасқа
толғанға дейін қарауға берілетін; көмектің басқа түрлері).
• санаторлық-курорттық қызмет көрсетуді қаржыландыруға.
• кәсіподақтардың қызметін материалдық қамтамасыз етуге.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры.
Мемлекеттің жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттері:
а) зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеу үшін қаражаттар жинау, сонымен
бірге зейнетақы ісін ұйымдастыру;
ә) аймақтық әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға қатысу.
Зейнетақы қорының қаражаттары мынадай көздерден жасалынады:
1. міндетті зейнетақы жарналары;
2. меншік нысанына қарамастан барлық шаруашылық органдары төлейтін сақтық
жарналары немесе арнаулы салықтар;
3. жеке еңбек қызметімен айналысатын азаматтардың сақтық жарналары;
4. жоғарғы органдардың қаражаттары;
5. ерікті зейнетақы жарналары және т.б
Зейнетақы қорының жұмсалу бағыттары:
1. заңнамаға сәйкес зейнетақыларды төлеу;
2. балаға қарау жөніндегі жәрдемақыларды төлеу;
3. материалдық көмектің бір жолғы төлемақылары;
4. зейнетақыларды индекстеуге байланысты оларды көбейтуге байланысты
болатын шығыстар;
5. қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қағаздарға, ғылыми-техникалық базаны
дамытуға және т.б. резервтерді орналастыру.
Бюджеттен тыс қорларының органдары:
• басқару;
• атқарушы органдар;
• тексеріс комиссиясы;
• қордың аймақтық бөлімшелері.
Қазақстанда бюджеттен тыс қорлардың жүйесі реформалауға жиі ұшырады:
біраз уақыт олар өзін өзі биледі, мемлекеттік бюджеттің құрамында Мақсатты
қаржыландыру қоры бөлімінде бөлек бөліп көрсетілді, 1999 жылдан бастап
түгелдей мемлекеттік бюджетке шоғырландырылды.
Қазақстанда Астана қаласын экономикалық және әлеуметтік дамыту үшін
Жаңа астана қоры сақталынған. Бұл қор:
• кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде жеңілдетілетін қаражаттар;
• Астана қаласында тұрғын үй құрылысына бағытталған және іс жүзінде
мақсатты арналымға пайдаланылған қаражаттар;
• мемлекеттік бюджет қаражаттары;
• қалада құрылыс пен абаттандыруды жүзеге асыратын шетелдік инвестордың
қаражаттары;
• шет елдердің үкіметтерінің, фирмаларының және компанияларының мақсаты
гранттары есебінен жасалынды.
1.2 Қазақстандағы зейнетақымен қамсыздандыру
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдары
Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан
Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңынан, Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Қазақстан
Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заң Қазақстан
Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және
әлеуметтік негіздерін белгілейді, мемлекеттік органдардың, меншік
нысандарына қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың азаматтардың
зейнетақымен қамсыздандырылуға конституциялық құқығын іске асыруға қатысуын
реттейді. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңынан
өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету негізінен Қазақстан
Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы Заңымен жүзеге
асырылады, алайда зейнетақы заңдылығы 2002 жылдың желтоқсан айынан қазіргі
кезге дейін айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Сондықтан Үкімет 2003 жылдың
4 шілдедегі қаулысымен Міндетті зейнетақы салымдарынан құрылған жинақтаушы
зейнетақы қорлары мен ерікті кәсіби зейнетақы салымдарынан зейнетақы
төлеудің ережесін бекітті.
Зейнетақы төлемдері Орталық және жинақтаушы зейнетақы қорлары арқылы
жүзеге асырылады. 1998 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі бойынша кемінде алты ай
еңбек стажы бар жеке адамдарға заңдарда белгіленген тәртіппен еңбек стажына
бара-бар түрде жүзеге асырылатын ақша қаражаттары Орталықтан төленеді.
Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен жыл сайын жүргізіледі.
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан алушыларға Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын жинақталған зейнетақы
қаражаттарын төлеу жүзеге асады.
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға
сәйкес Орталықтан зейнетақы төлемдері еркектер 63 жасқа толғанда, әйелдер
58 жасқа толғанда және еркектерге кемінде 25 жыл еңбек өтілі болғанда,
әйелдерге – 20 жыл еңбек өтілі болғанда тағайындалады.
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 3 маусымда шыққан №4-1
"Мемлекеттік емес ерікті зейнетақы қорлары туралы" заңына сәйкес Қазақстан
Республикасының азаматттары шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар
ерікті қосымша зейнетақымен қамтамасыз етілуге құқығы бар. Мемлекеттік емес
ерікті зейнетақы қоры - бұл банктік емес қаржылық мекеме болып табылатын
және жабық акционерлік қоғам түрінде құрылып, заңды және жеке тұлғалардан
ерікті зейнетақы жарналарын жинау (тарту) және жиналған (тартылған)
қаражаттарды инвестициялап, қосымша зейнетақы төлеу бойынша іс-әрекет
жүргізетін заңды тұлға болып табылады. Әрбір жеке тұлға өзінің
еңбекақысынан ұсталынып аударылатын зейнетақы жарнасын өзі қалаған қорға
салуына құқы бар. Жинақталған зейнетақы қорын банктегі шоттарда орналастыру
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк мекемесі белгілеген тәртіпке сәйкес
жүргізіледі.
Мемлекет 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнеткерлікке шыққан азаматтарды
зейнетақы төлемдерінің белгіленген мөлшерін сақтай отырып, 1999 жылдың 1
сәуіріне дейін зейнетақымен қамсыздандыруға кепілдік береді.
1998 жылғы 1 қаңтардан кейін қалған мерзімнің кемінде төрттен үшіне
тең кезең ішінде жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы
жарналарын төлеген азаматтарға, егер зейнетақы мөлшері Қазақстан
Республикасының заң актілерімен белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен
төмен болса, тиісті қосымша төлемдер түрінде мемлекеттік әлеуметтік
жәрдемақы беріледі.
Мемлекет еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы алуға құқығы бар
және осы құқығын зейнетақы тағайындайтын және оны төлеуді жүзеге асыратын
органдарда 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркеген азаматтарды зейнетақымен
қамсыздандыруға кепілдік береді, бұл жағдайда оларға қызметтен кеткеннен
кейін төлене бастайтын зейнетақы белгіленеді. Әскери қызметшілерге, ішкі
істер органдарының, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының (мекемелерінің),
қаржы полициясы және өртке қарсы қызмет органдарының арнайы атақтар
берілген және ішкі істер органдарының еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы
төлемдерін алуға құқығы бар қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіп қолданылатын қызметкерлеріне төленеді.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі Орталықтан және (немесе)
жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемінің сондай-ақ мүгедектігі
бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуына қарамастан жүзеге
асырылады.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгі күнкөріс
денгейіне кезең-кезеңімен жақындатыла отырып, тиісті қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы заңмен жылы сайын белгіленеді.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін төлеу халықты әлеуметтік қорғау
саласындағы орталық аткарушы орган айқындайтын тәртіппен бюджет қаражаты
есебінен жүзеге асырылады.
1.3 Халықты әлеуметтік қорғау шығыстары
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға байланысты
Республикалық бюджеттің шығыстары: бюджет қаражаттары есебінен зейнетақы

аумақтарында тұратын адамдарға әлеуметтік көмек, әскери қызметшілерге,
құқық қорғау органдары қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне
медициналық қызмет көрсету, құрбандарына және одан зардап шеккендерге
төлемдер, көші-қон іс-шаралары, баланың туылуына байланысты әлеуметтік
төлемдер және басқалары.
Әлеуметтік сақтандырудың шеңберінде төленетін жәрдемақылар:
• сырқаттық бетшелер бойынша төлемақылар
• баланы қарау жөніндегі жәрдемақы
• жүктілік және босануға байланысты жәрдемақылар
• жерлеуге берілетін жәрдемақы
• санаторийларға жолдама алу бойынша шығыстар
Бұл бағыт бойынша қаржыландыру шаруашылық субъектілерінің, яғни жұмыс
берушілер, жергілікті бюджеттің ақша қаражаттары көмегімен жүзеге асады.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде мыналар бөлініп көрсетіледі:
1. Әлеуметтік көмек, ол бойынша төлемақылар:
а) балалары бар отбасына жәрдемақы, ол отбасының жиынтық табысын
ескере отырып тағайындалады (18 жасқа дейінгі балаларға);
ә) балалары бар мерзімдік қызметтің әскери қызметшілерінің
отбасыларына жәрдемақы;
б) мүгедек балалары бар отбасына жәрдемақы;
в) ВИЧ-инфекциясын жұқтырған балаларға немесе ересектерге жәрдемақы;
г) әкелері алименттер төлеуден жалтарынған балаларға уақытша
жәрдемақы;
д) 7 жасқа дейінгі 4 және одан да көп балалары бар жұмыссыз аналарға
жәрдемақы.
2. Тұрғын үй жәрдемақысы, отбасының жиынтық табыстары ескеріле отырылып
тағайындалады.
3. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді, отынды, көлікті, соғыс және еңбек
ардагерлеріне, табысы аз зейнеткерлерге және басқаларға медициналық
қызмет көрсету жеңілдіктерінің жүйесі.
4. Жұмыссыздарға материалдық көмек.
5. Этникалық отанына оралған қазақтарға жәрдемақы және тағы басқа
жәрдемақылар.
Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақылар жалпы
ауруларға байланысты (жарақат алуға, жүктілікті жасанды жолмен бұзуға,
карантинге байланысты, туберкулез немесе кәсіби ауру себебінен уақытша
басқа жұмысқа ауыстырылған кезде) еңбекке уақытша жарамсыздық жағдайларында
және заңдарда белгіленген басқа да жағдайларда тағайындалады.
1999 жылдың 5 сәуіріндегі Қазақстан Республикасының Қазақстан
Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңында арнайы
мемлекеттік жәрдемақыны алуға құқылы азаматтарды мемлекеттік әлеуметтік
қамтамасыз ету сферасына өзгеріс енгізілілді. Арнайы мемлекеттік жәрдемақы
- әлеуметтік қорғауды қажет ететіндерге төленетін ақшалай төлем және ол
басқа жәрдемақылардан бөлек төленеді. Бұл жәрдемақыны алушылар қатарына
мыналар жатады:
• Ұлы Отан соғысының мүгедектері;
• 1, 2, 3 группа мүгедектері;
• еш хабарсыз жоғалып кеткен, қайтыс болған және қаза тапқан
әскери қызметшілер мен ішкі істер органдарының қызметшілерінің
отбасы, соғыс мүгедектерінің әйелдері (күйеулері) және соларға
теңестендірілгендер;
• 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
• 4 және одан да көп балалары бар көп балалы аналар.
Мүгедектігі бойынша жәрдемақылар мүгедектікке душар болған жағдайда
жәрдемақыға өтініш жасалған уақытта жұмыстың тоқтатылғанына немесе
жалғасуына, қашан болғанына (жұмыс немесе қызмет кезінде, жұмысқа
кіріскенге дейін, жұмысты тоқтатқаннан кейін) қарамастан тағайындалады.
2002 жылы бірінші топтағы мүгедектерге, бала жасынан бірінші, екінші және
үшінші топтағы мүгедектік алған 16 жасқа дейінгі балаларға бір айлық
есептік көрсеткіште, ал екінші топтағы мүгедектерге 0,5 айлық есептік
көрсеткішке ұлғайтылылды.
Жасына байланысты жәрдемақы азаматтарға зейнетақы төлемдеріне құқығы
болмаған жағдайда Заңда белгіленген жасқа жеткен кезде, не зейнетақы
төлемін ең төмен мөлшерінен аз мөлшерлерде алған жағдайда Орталықтан,
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан тағайындалады. Жәрдемақы 3 айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.
Асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты жәрдемақы алуға асыраушысы
қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз, оның асырауында болған
мүшелерінің құқығы бар, оларға ортақ бір жәрдемақы тағайындалады және бұл
жәрдемақы 10 айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс.
Табысы екі айлық есептік көрсеткіштен артық емес жұмыссыздарға
материалдық көмек белгіленген. Жұмыссыздықтан мемлекеттік әлеуметтік қорғау
мына шараларды кіріктіреді:
- жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
- біліктілікті жоғарлатуды кәсіптік даярлау, жұмыссыздарды қайта
даярлау және олар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру;
- қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу ;
- табысы аз азаматтардан шыққан жұмыссыздарға мемлекеттік атаулы
көмек көрсету.
2001 жылдың шілдесінде қабылданған Мемлекеттік атаулы әлеуметтік
көмек туралы Заңға сәйкес жан басына шаққанда аймақтарда белгіленген
кедейлік деңгейінен төмен орташа табыс алатын халықтың бәрі атаулы көмекпен
қамтылады.
2003 жылдан бастап бала тууға байланысты 15 айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде біржолғы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ЕСЕП АЙЫРЫСУЛАР

табыстары
Жинақтаушы зейнетақы қорының меншік капиталы құрылтайшылар мен
акционерлердің жарғылық капиталға салымдарының есебінен және тек қана ақша,
комиссиялық сыйақы түрінде қалыптасады; сондай-ақ Қазақстан Республикасының
заңдарында қарастырылған басқа да табыс көздерінен құралады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі тарапынан төленген жарғылық
капиталдың барынша аз көлеміне едәуір жоғарылатылған жаңа талаптар -
жинақтаушы зейнетақы ашық қоры үшін - кем дегенде 250 млн. теңге,
жинақтаушы зейнетақы корпоративтік қоры үшін - кем дегенде 100 млн. теңге
мөлшерінде белгіленді. Әрекеттегі жинақтаушы зейнетақы қорлары жарғылық
капиталдың ең аз көлемі жөніндегі бөлігіне сәйкес 2004 жылдың 1-ші
қаңтарына дейін осы қаулының орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Зейнетақылық
активтерді инвестициялық басқару бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия
алу үшін жинақтаушы зейнетақы ашық қоры үшін - 500 млн. теңгеден кем
болмауы тиіс; жинақтаушы зейнетақы корпоративтік қоры үшін - 300 млн.
теңгеден кем болмауы тиіс. Бұл ретте, жинақтаушы зейнетақы қорының
акцияларын төлеу үшін заңдық тұлға ретіндегі құрылтайшы (акционер) теқ қана
өзінің меншік капиталының көлемінде оның акцияларға орналастырылған
активтерін және басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарындағы қатысу
үлесін ұстап қалудан кейін ақша салуы мүмкін, ал жеке тұлға ретіндегі
құрылтайшы (акционер) - табыстары жөніндегі декларициямен расталған меншік
ақшасын ғана сала алады.
Жинақтық қорлардың жалпы табыстары 4 млрд. теңгеден астам, ал жалпы
шығындары 3 млрд. теңгеден астам деңгейде құралды. Төменде келтірілген
кестеден зейнетақылық қорлардың көпшілігінің шығындары табыстарынан асып
кеткенін көруге болады.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры (МЖЗҚ) ең тиімді жұмыс істейтін
жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылады және ол құрылтайшылар үшін
тартымды. Бұның себебі мұнада: табыстардың жеткілікті көлеміне жеткендігі -
сапалы қаржылық менеджменттінің, қаржыларды кәсіптік деңгейде басқара
алатындығын, қаржылық рыноктағы өзгерістерді есепке алып, алдын ала біліп,
ауыспалы жағдайларға дер кезінде бейімделе алатынын білдіреді; қордың
қатарында кәсіптік деңгейде жұмыс істей алатын қаржылық менеджерлер бар;
қордың шығындары негізделген; қор өзінің құрылтайшылары, бұл жағдайда -
мемлекет үшін уақытылы, тұрақты, жоғары көлемдегі дивидендтердің төленуін
қамтамасыз етеді.
Зейнетақы қорының қаражаттары меншік формаларына және қызметіне
байланыссыз жұмыс беретін кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, сондай-
ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысатын адамдардың сақтандыру жарналарының
аударымдары есебінен құралады. Зейнетақы қорлары мен Әлеуметтік
сақтандыру қорына аударылатын жарналар еңбекақы төлеу қорының 30%-ын
құрайды. Жинақталатын жарналардың 85% қаражаты - Зейнетақы қорына, ал 15% -
Әлеуметтік сақтандыру қоры мен Міндетті медициналық сақтандыру қорына
тиесілі.
Қор бюджетінің жобасын Әлеуметтік қорғау министрлігі жасайды және оны
қордың басшыларына береді, оның кұрамына: Қаржы министрлігінен Қазақстан
Республикасы Ұлттық банкінен, Үкімет және Президент әкімшілігінен өкілдер
кіреді.
Әлеуметтік сақтандыру қоры - аумақтық және салалық деңгейде бөлінетін,
мемлекеттік маңыздылығы бар ресурстардың орталық қоры болып табылады. Әр
түрлі меншік формасындағы кәсіпорындардың, ұйымдардың және кәсіпкерлік
қызметпен айналысатын тұлғалардың қаражаттарының міндетті тұрде қатысуымен
сақтандыру әдісі арқылы құрылады. Әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты
еңбекақы төлеу қорынан - мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруға аударымдар
жасау есебінен қалыптасады. 1993-1995 жж. бұл қорға барлық аударымдардың
15%-зы түскен. 1996 ж. 1 қаңтарынан бастап бұл көрсеткіш 5%-ға азайған.
Әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаттары әр түрлі жәрдемақылар төлеуге
(уақытша жұмысқа жарамсыздарға, бала туына және бала туған кезде бір
мезеттік жәрдемақы түрінде және т.б.), емдеу-демалыс орындарын
қаржыландыруға жұмсалынады. Бұл қордың шығындарының басым бөлігін жәрдемақы
тө-леуге жұмсалатын қаражаттар алады.
Кәсіпкерлікпен айналысатын жеке нотариустар, адвокаттар, жеке
кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, сондай-ақ басқа да қызметпен айналысатын,
занды тұлға болып саналмайтындар міндетті зейнеткерлік жарнасын жинақ
зейнетақы қорларына төлеуші ретінде тіркелгендер, өзінің тұрған жеріндегі
салық қызметінің органдарына аударады.
Егер занды тұлға, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер, адвокаттар және жеке
нотариустар, жалданушы еңбеккерлердің еңбегін пайдаланса ай сайын олардың
жалақысынан есептеп және ұстап, сосын оларды жинақ зейнетақы қорына аударып
отыруы керек.
Әскери және ішкі істер органдарының кызметкерлері үшін 1998 жылдың
қаңтарынан бастап республикалық және жергілікті бюджеттің есебінен аталған
қызметкерлердің міндетті зейнеткерлік жарнасын аударып отырады.
Зейнеткерлік жарнасы келесі мөлшерлеме бойынша есептелініп және ұсталып
отырады:
- егер заңды тұлға, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер, адвокаттар және
нотариустер, жалданушы енбеккерлердің еңбегін пайдаланса, онда сол
еңбеккерлердің табысынан 10% деңгейінде ай сайын міндетті зейнеткерлік
жарнасына аударады;
- жеке кәсіпкерлер өздері үшін салық салынатын табысынан 10%
деңгейінде аударады;
- адвокаттар да, жеке нотариустер өздері үшін Салық
Кодексіне сәйкес анықталған табысынан 10% деңгейінде аударады.
Міндетті зейнеткерлік жарнасы келесі төлемдерден ұсталмайды:
- еңбеккерлердің денсаулығының бұзылуына әкелген зардаптар үшін
төленетін төлемдерден;
- егер де тұрақты жұмыс орны жолда немесе жүріп-түру
сипатында болса, онда оларға төленген төлемдерден;
- ядролық сынақ немесе экологиялық апаттардан зиян шеккендерге
берілетін әлеуметтік жәрдем ақыдан;
- медициналық қызметке төлеу үшін біржолғы төлемдерден, бала
тапқан кезде төленетін төлемдерден;
- пайдаланбаған еңбек демалыстарына жұмыс берушілер төлеген
компенсациясынан;
- сақтандыру сыйақысынан;
- берілген арнайы киімдер құнынан;
- және т.б.
Одан басқа зейнеткерлік жасқа жеткендер міндетті зейнеткерлік төлемдер
төлеуден босатылады.
Міндетті зейнеткерлік жарналар ақшалай да, ақшасыз да төленеді. Жинақ
зейнеткерлік қорға аударылған ақшаға банк заңды тұлғаға үш данада, жеке
тұлғаға екі данада төлем тапсырмаларын ұсынады. Оның бірінші данасы банкте,
қалған екеуі төлеушіде қалады.
Егер де заңды тұлға-төлеуші ретінде жойылса, ондағы зейнеткерлік жарна
туралы құжаттар міндетті түрде Мемлекеттік архивке беріледі.
Жарналар пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақыға, жұмыстан шыққан
кездегі берілетін жәрдемақыға, материалдық көмек ретінде берілетін
Жәрдемақыларға және зейнетақы қорына, сақтық жарналарын өндіріп алу мен
есепке алу және зейнетақы қоры қаражаттарын жұмсау тәртібі туралы нұсқауда,
белгіленген басқа да жағдайларда есептелінбейді.
.Зейнетақы қорына төленетін жарналар жұмысшы қызметкердің еңбекақысынан
салықтарды ұстап қалғанға дейін олардың табыстарының барлық түрлерінен 10%
мөлшерінде ұсталады. Барлық жарна төлеушілер жарналарды ай сайын еңбекақы
төлеу мерзімі ішінде аударулары тиіс, бірақ келесі 10-ынан кеш қалмауы
керек.

есеп айырысулар шоты
Зейнетақымен қамтамасыз ету және халықты әлеуметтік қорғау бойынша
есеп айырысулар 19-шотпен жүргізіледі. Бұл шотта жинақтаушы зейнетақы
қорларына төленетін міндетті зейнетақы жарналары бойынша, зейнетақыларды
төлеу, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік
жәрдемақылар және жерлеуге арналған жәрдемақылар бойынша, міндетті
әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған трансферттер бойынша және жеке
тұлғаларға берілетін трансферттер бойынша есеп айырысулар ескеріледі. 19
"Зейнетақымен қамтамасыз ету және халықты әлеуметтiк қорғау бойынша есеп
айырысулар" шоты мынадай қосалқы шоттарға бөлiнедi:
191 "Зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу жөнiндегi есеп
айырысулар";
192 "Міндетті әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған трансферттер
бойынша есеп айырысулар";
193 "Жеке тұлғалардың трансферттері бойынша есеп айырысулар";
194 "Облыстық бюджеттерге, республикалық мәні бар қала, астана
бюджеттеріне мақсатты трансферттер бойынша есеп айырысулар;
198 "Жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы
жарналары бойынша есеп айырысулар";
199 "Сыртқы несиелендiру бойынша есеп айырысулар".
"Зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу жөніндегі есеп айырысулар" 191
қосалқы шотында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрлiгiне зейнетақылар мен мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды
төлеуге республикалық бюджеттен бөлiнген қаражаттардың қозғалысы есепке
алынады. Зейнетақыларды төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа аударылған
қаражаттарды Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау
министрлiгi "Зейнетақылар мен мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды төлеу
жөніндегі есеп айырысулар" 191 қосалқы шотының дебетi және "Ведомстволық
бағыныстағы ұйымдарға аудару үшiн және басқа шараларға ұйымдардың
шығыстарына арналған ашық лимиттер" 090 қосалқы шотының кредитi бойынша
есепке алынады.
Зейнетақылар мен мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды төлеу
жөнiндегi iс жүзінде жүргiзiлген шығыстар Зейнетақыларды төлеу жөнiндегi
мемлекеттiк орталық ұсынған iс жүзінде төленген зейнетақылар мен
мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы есептiң негiзiнде "Ұйымдарды
ұстауға және басқа шараларға арналған бюджет бойынша шығыстар" 200 қосалқы
шотының дебетi және 191 қосалқы шотының кредитi бойынша есепке алынады.
191 қосалқы шот бойынша талдама есеп 283-н. көп бағанды
карточкаларда жүргiзiледi.

бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотында облыстық, Астана, Алматы қалалық
департаменттерінің (басқармаларының), аудандық (қалалық) еңбек, халықты
жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдерінің жұмыс берушілердің жұмыс
істейтін азаматтарға 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1999 жылдың 17 сәуірін
қоса алғандағы кезең үшін есептелген, республикалық бюджет қаражаты
есебінен міндетті әлеуметтік қамсыздандыру бойынша төлеуге арналған
шығыстарын өтеуді қаржыландыру бойынша есеп айырысу көрсетіледі.
Жұмыс берушілердің жұмыс істейтін азаматтарға міндетті
әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жәрдемақыларды төлеуге арналған шығыстарын
өтеу үшін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігін 46 "Міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету кепілдіктері бойынша
борышты өтеу" бағдарламасы бойынша 311 "Міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету
үшін жеке тұлғаларға берілетін трансферттер ерекшелігі бойынша бюджет
шығыстарының экономикалық сыныптамасын қаржыландыру көзделген. Қаржыландыру
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілеген тәртіпте жүзеге
асырылады. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігіне түскен жағдайда 090 "Мемлекеттік мекеменің ведомстволық
бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге міндеттемелер қабылдауға және рұқсаттар
беруге арналған рұқсаттары" қосалқы шотының дебеті және 230 "Мемлекеттік
мекемелердің шығыстарын және басқа да шараларды бюджеттен қаржыландыру"
қосалқы шотының кредиті бойынша жазу жазылады. Облыстық, Астана, Алматы
қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
департаменттері (басқармалары) бойынша лимиттер бөлініп, Қазақстан
Республикасының Еңбек және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz