Семей өңірінің тарихи топонимдері географиясын зерттеудің перспективалары мен маңызы


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 90 бет
Таңдаулыға:   

Диссертация тақырыбы: ХІХ ғасырдың аяғымен ХХ ғасырдың басындағы Семей өңірінің тарихи топонимдері

КІРІСПЕ . . . 3

  1. ХІХ ғасырдың аяғымен ХХ ғасырдың басындағы Шығыс Қазақстанның топографиясы және зерттеу мәселелері . . . 11Шығыс Қазақтанның топографиясы: сипаттамасы, ерекшеліктері мен типологиясы . . . 11

1. 2 Семей өңірінің әкімшілік-аумақтық құрылымы және тарихи топонимдерін зерттеу мәселелері . . . 20

2. Семей өңірі топонимдерінің жалпы сипаттамасы: тарихы мен маңызы . . .

2. 1 ХІХ ғасырдың аяғымен ХХ ғасырдың басындағы Семей өңірі тапонимдерінің тарихи маңызы . . . 33

2. 2 Абайдан Алашқа дейін: рухани жандану мен жаңғырудың сабақтастығы . . . 43

3 Семей өңірінің тарихи топонимдері географиясын зерттеудің перспективалары мен маңызы . . . 56

  1. Аймақтағы туризм мен өлкетану жұмыстарын жандандыру: болашағы мен мүмкіндіктер . . . 56
  2. Өңіріндегі киелі мекендер: аңыз бен тарихтың үндестігі . . . 84

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 101

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 104

ҚОСЫМША . . . 112

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: «Біз - кең-дала алқап жері мен аса бай рухани және мәдени-тарихы бар рухы биік елдің қатарындамыз. Бұл өңірлердегі әр елді мекенмен, аймақтардың бір өзіндік ерекшелікері мен тарихи рөлі бар. Бір қуанатынымыз осындай географиялық рухан белдеуде жатқан халықтың әрқашан бірлігі бұзылмаған. Біз мәдени-тарихымызда осындай әсем, көркем, рухани, қастерлі болып саналатын жерлеріміздің біріңғай желісін бұрын-соңды істелмеген екен.

Яғни, Семей өңірінің топонимиялық жүйесі-осы аумақты мекендеген халықтардың, соның ішінде қазақ халқының заттық және рухани мәдениетінің ғасырлар бойы жинақталып, сақталып қалған көрінісі. Өткен замандардың реалистілік мұралары ретінде тарихи топонимдер аумақтың табиғат жағдайларын, ондағы мемлекеттер мен халықтардың тарихындағы маңызды оқиғаларды «жадында» сақтап, қаз қалпында бүгінгі күнге жеткізіп отыр. Сондықтан топонимдерді диахрондық бағытта зерттеуге топонимист ғалымдар ерекше маңыз берген. Кез келген қоғамның материалдық негізі қоғамдық қатынастардың тарихи дамуы мен қоғамның рухани келбетін анықтаған. Рухани мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылатын географиялық атаулардың қалыптасуында да тарихи астар бар. Е. М. Поспеловтың бейнелі түрде атап көрсеткеніндей, тарихи география «топонимиканың бесігінің жанында тұрды, ал алғашқы топонимистер тарихи географтар болды». Зерттеу аумағының көне тарихы географиялық атауларда, яғни топонимдерде сақталған. Адамзат қоғамының дамуы барысындағы қарқынды шаруашылық әрекеттердің табиғи ортаға ықпал етуінің көрінісін топонимдер арқылы анық байқауға болады.

Жалпы тұңғыш Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жазылған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Әрбір халықтың, әрбір мәдениеттің баршаға ортақ сакральды топографиялық жерлері болады және оны әрбір азамат біліп өседі. Бұл өз кезегінде рухани дәстүрдің алғашқы прициптарының бірі. Әрине біздің елдің шекаралық аймақтарына дейін орналасқан кең-байтақ алқап жерлер мен аса бай рухани ел екенімізді ұмытпауымыз жөн. Бұл өз кезегінде әр қазақтың жүрегіне түймедей түйілуі керек.

Сондықтан бұл өлкедегі бірнеше ғасыр өмір сүрген тарихымызды көрсетіп, осындай ауқымды жобаны жүзеге асыруға тиіспіз, - деп нақтыланды. Бұл өз кезегінде жұмыстың ауқымы өте кең және маңызы зор екендігін айғақтайды. Тұңғыш Елбасының осығай орай жоғарыда аталған мақаласы қазіргі Ұлы Даланың басты рухани құндылықтарының бірі. Осыған орай, берілген елбасымыздың тапсырмалары да бар. Мәселен, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен еліміздің тарихындағы елеулі орын алатын Семей өңіріндегі топонимдерді анықтап, оның тізімін жасау қолға алынды. Басты мақсат, ол осы өңірлердегі топонимдерін көрсете отырып, еліміздің рухани құндылықтарын жаңғырту болатын. Сол үшін бұл жұмысқа барлық музей қызметшілері мен өлкетанушы және университет табалдырығында жүрген ғалымдардың біріге отырып, жасайтын жұмысына айналды. Жергілікті өңірдегі елді мекендерді тәжірибелік зерттеу барысында құрылған өлкетанушы топограф материалдарының нәтижесінде, Шығыс Қазақстанның түрлі аймағындағы тұрғындардан сакральды топографиялық жерлер туралы мәліметтер мен ой-пікірлер жинақталды.

Бұл дисертациялық жұмыс - болашақ зерттеулер мен ізденістердің жолашары. Енді бұл жұмыспен екі жылдай кезеңнен бастап айналысып келе жатқандықтан кейбір тізімге енбеген топонимдер әлі де бар деп ойлаймыз. Болашақта осы жерлердің тізімі толықтырылып, ізденіс жұмыстары одан әрі жалғасады. Яғни, бұл тізімге кірген топонимдер болашақта ғылыми тұрғыдан әрине зерттеуді талап етеді. Алғаш рет қолға алынған бұл зерттеу жұмысы экспедиция материалдары, елді мекендерді зерттейтін, өлкетанушылардың еңбектері пайдаланылады.

Яғни зерттеу тақырыбының өзектілігі өңірдегі елді мекендер ресурстарды, ондағы аңыз әңгімелермен сол жердегі қариялардан сұрау барысында ұмыт қалған жер атауларын табу еді. Сонымен қатар бұл өңірдегі барлық тұлғаларға байланысты рухани және модернизациялық деректердің осы кезеңдегі сабақтастыру болып табылады.

Жұмыстың негізгі ұстанымдары мен тұжырымдары : «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасымен үндес болуымен бірге, Қазақстан - 2050 бағдарламасында анықталған Мәңгілік елдің мақсат мұраттарымен Елбасы Н. Ә. Назарбаев ұсынған интеллектуалды ұлт жобасында, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты» бағдарламалық мақаласында көрсетілген идеялармен сәйкес келеді және аталған бағдарламалардың қолданбалы міндеттерін шешуге өз септігін тигізетіндігі анық.

Жұмысының зерттелу деңгейі: Зерттелу жұмысының бірінші тарауындағы көрсетілген бірінші бөліміне сәйкес Шығыс Қазақстанның көркем және өте қолайлы географиялық топографиясына байланысты, осындай елді мекендерде тұрмыс тіршілігі әртүрлі халықтар өмір сүретіндігі анық. Яғни, Қазақстан жерлеріндегі тайпалардың шаруашылықтары бірдей болғанымен, діни ғұрыптық салт-санасы әртүрлі ежелгі сақ тайпалары бұл өңірде тіршілік еткен. Еліміздегі мәдениет пен тарихтың географиялық ше-шекарасы қазіргі таңдағы еліміздің геосаяси аймақтармен шектелмейді. Мәселен, ерте темір дәуіріндегі еліміздің батысы мен шығысы және солтүстік Шыңжан аймағында антикалық және Қытай жазба деректерінде аталған патшалық тиграхауда сақтары және «алтын қорыған грифтер» елі, үйсін тайпалары мекендеген. Оған дәлел ретінде, осы аталған тайпалардың мәдениеті мен тұтынған тұрмыстағы бұйымдары және қару-жарақтарының ұқсас келуі сол ескерткіштерді қалдырған тұрғындардың этникалық, мәдени және т. б саласынан бізге хабар беретіні анық, - дейді, М. В Пекевич «Строение поверхности в Горный Алтае» деген еңбегінде.

Сондай-ақ осы аталған еңбегінде ғалым табиғаттың ерекшелінгінде сипаттап кетеді. Мәселен, субареалды кезең Еуразия үшін салыстырмалы түрде салқынырақ болған. Яғни, атлантикадан алыс жатқандықтан Алтай мен Батыс Сібір аумағында ауа құрғақ болып келеді. Себебебі, Иткөл көлі терассаларындағы әктәс шөгінділері дәлел бола алады, өйткені ол құрғақ климатты көрсететін бірден-бір индикатор болып табылады деп көрсетті [1] .

Топонимика ғылымының дамуында ерекше орынды белгілі географ Э. Мурзаевтың еңбектері алады. Оның топонимикалық еңбектерінде топонимиканың теориялық мәселелері, аймақтық топонимикалық зерттеулер және жергілікті географиялық терминдердің топоним қалыптастыруна қатысты мәселелеркөрініс тапқан. Э. Мурзаев топонимиканы лингвистика, тарих және географияның зерттеу әдістерін пайдаланатын, осы ғылымдардың теориялық негіздеріне сүйенетін дербес ғылым ретінде көрсетті. Ғалым өз еңбектерінде Орта Азия мен Қазақстандағы географиялық атаулардың қалыптасуына, дамуына да айрықша назар аударған. Э. Мурзаев қазақ топонимисі Ғ. Қ. Қоңқашпаевтың халықтық географиялық терминологияға қатысты зерттеулерін жоғары бағалап, бұл еңбектерге өз зерттеулерінде сілтемелер жасаған. А. Нұрмағанбетұлының «Жер су аты- тарихтың хаты» деп аталатын еңбегінде Қазақстан жеріндегі географиялық атаулардың қысқаша шығу тарихы мен сол нысандарға сипаттама берген [17] .

Сонғы жылдары географиялық терминдер туралы КСРО топонимистерінің біраз зерттеулері жарық көрді. Қазақтың халықтық географиялық терминдері Ғ. Қоңқашпаев, А. Әбдірахманов, В. Н. Попова, Е. Қойшыбаев, О. Сұлтаньяев еңбектерінде лингвистикалық тұрғыдан жан-жақты зерттелді. Солтүстік Қазақстан, Орталық Қазақстан облыстарына тән микротопонимдер мен гидронимдердің құрамында географиялык, термин (ЖГТ) мен апеллятивтердің кеңінен орын алғаны байқалады. Оған төмендегі көрсетілген деректер дәлел [14] .

XIX ғ. Орыс Географиялық қоғамы топонимикалық зерттеулерге назар аудара бастады. Сол кезеңдегі географиялық және этнологиялық еңбектерде географиялык атауларды жинақтау, оларға этимологиялық талдау жасау, жергілікті халықтардың топонимдерінің орыс тіліндегі транскрипциялануына қатысты мәселелер көтерілді. П. П. Семенов Тянь-Шанский, Г. Н. Потанин, В. В. Сапожников және басқа ғалымдар жергілікті географиялық атауларды жинақтап, олардың мағыналарын шығу тегін түсіндіруге тырысты. Қазақ жеріндегі бірқатар топонимдер 1863-1885 жылдары жарық көрген П. П. Семеновтың «Россия империясының географиялық статистикалық сөздігінде» көрініс тапқан. Сөздікте топоним құрамындағы географиялық терминдер сызықша арқылы бөлініп жазылған және терминнің қазақшаға аударғандағы мағынасы жақша ішінде берілген. Бұл сөздіктің қазіргі топонимика ғылымы үшін маңызды атаулардың тізіміп, макынасын беруімен ған емес, обьектінің географиялық ерек қысқаша сипаттауымен де құнды Мұның өзі көптеген қазақ топонимдерінің мәнін түсінуге, мағынасын жан-жақты талдауға мүмкіндік береді. Осы кезеңде Қазақстан аумағын аралаған саяхатшылар, картаға түсірген ғалымдар жергілікті қазақ атауларының транскрипциясын дұрыс бермегендіктен, географиялық әдебиеттер мен карталарда бұрмаланулар орын алды. Бұл бұрмаланулар соңғы 10 15 жыл көлемінде қайта қаралып, өзгертілуде. Ал, Қазақстан аумағынды көне және қазіргі заманғы түркі топонимиясы зерттеуде В. В. Радловтың, А. Н. Кононовтың және т. б. қосқан үлесі зор болды. Академик В. В. Радлов өзінің «Опыт словаря тюркских наречий» (1895-1911) атты кітабында түркі лекциясындағы топонимикалық және терминологиялық ақпараттарды жинап, өңдеген В. В. Радлов көптеген түркі терминдері мен топонимдеріне түсінік берген [41] .

Яғни, сан мыңдаған атаулардың арқайсысының өзіндік ерекшелігі, қасиеті, тарихы бар. Уақыт озған сайын олардың бірі қолданыстан шығып, ұмыт болып жатса, екіншісі жаңадан дүниеге келіп, тілімізге, күнделікті өмірімізге араласып жатады. Жер-су атаулары әр елдің тарихын, дінін, ұлттық жадын, болмыс-бітімін, тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін сипаттайды. Осы географиялық атауларды зерттеп, мағынасын ашу еліміздің әр азаматын толғандыруы тиіс. Қазақ халқының географиялық (тиір), топоним, топография терминдерін зерттеумен көптеген ғалымдар айналысып жүр. Солардың ішінде Э. Мурзаевты, F. Қонқашбаевты, E. Қойшыбаевты, С. әбдірахмановты, кейіннен айналысып жүрген ғалымдардан Ж. Достайлы. К. Қаймулдинованы, А. Аяпбекованы, Қ. Сапаровты және т. б. Ғалымдарды атап көрсетуге болады.

Жалпы, топонимика ономастикамен (барлық жеке атауларды зерттейтін тіл білімінің бөлімі) тығыз байланысты. Бұл В. Подольскаяның еңбегінде көрсетілген. «Ономастиканың екі бөлімі антропонимика және топонимика» осы күнге дейін маңызды номинациялар объектілері: адам және географиялық ортада жылдам дамиды. Бұл объектілердің барынша көп өз жеке атаулары бар (антропономияда), ал географияда жеке атаулармен зерттелгендердің барлығы айтылған [7] .

Қазақ топономиясында сан ғасырлық көшпелі мал шаруашылығының доминантасы өз ізін қалдырды. Зерттеушілер көшпелі мал шаруашылығы өркендеген түркі - монғол халықтарында географиялық термидердің аса бай, жіктелген сипатта жинақталғанын ерекше атап өтеді. Ғ. Қоңғашбаевтың мәліменттеріне сәйкес, қазақ халқының 600 географиялық термині бар және Қазақстандағы жергілікті топонимдердің жартысына жуығы халықтың терминдер негізінде жасалған. Қазақ халқының географиялық терминологиясы аса бай болуымен ерекшеленеді. Бұл жүйенің қалыптасу тарихы халықтың тарихымен. мал шаруашылығын ұйымдастыру сипатымен, табиғат жағдайларымен, қазақ тілінің құрылымымен тығыз байланысты болғандықтан, оны жеке құбылыс ретінде қарастыру мүмкін емес [8] .

«Жеті шатыр» (семь палат) сарайлары патша үкіметінің ресми құжаттарына «Тас мешіт» деген атпен XVI ғасырдың басынан белгілі. Профессор Г. Миллер бұл туралы 1616 жылы жазылған бір ресми хатты Тюмень қаласының мұрағатынан тапқан. Осы дерек бойынша Жеті шатыр 1600 жылдары тұрғызылған болуы керек. I Петердің тапсырмасымен Ертісті өрлеп шыққан әскер басшыларының хабарларында бұл қоныс («Гудские» немісше әсем деген мағынада «каменные палаты») «Семь палат» деп аталған. Өйткені, қалада ерекше көзге түсетін жеті сарай болған [13] .

Мазмұнға сәйкес, рухани жаңғыруға байланысты ұмытылған топоним аттарын іздей келе, біз аңыз әңгімелерге сүйеніп, ескі топонимдарға көз жүгірдік. Мәселен Жарма мұрағатының орталығы 104 қоры, 2 - тізбегіде шыңдыққа бергісіз осы аңыз шамамен ХVII ғасырдың аяғы, ХVIII ғасырдың басында болған деген болжам бар. Себебі осы кезде жоңғарлар қазақ даласына дендей кіріп, көптеген қасиетті қоныстарды иемденіп алған еді. Кейін қазақтар қан төгіс қырғын ұрыстарда ата қонысын қайтарып, жауды қуып тастайды. Осыдан бастап бұл аймақ Абыралы деп атала бастаған сияқты десек, жерлесіміз экономика ғылымдарының кандидаты Болатбек Насенов батыл түрде 1734 жылдан бері Қайнар өлкесі Абыралы деп атала бастады деген тұжырым жасады. Ұзақ уақыт екі жыл архивте отырып «Абыралы Сарыарқаның кіндігі» атты алты кітаптан тұратын 4 томдық жазып шыққан Болатбек Насеновтың бұл дәлелін басшылыққа алғанымыз дұрыс деп ойлаймын [60] .

Келесі бір мұрағаттық деректерге сүйенсек, ол Семей өңіріне қарасты Абай ауданына байланысты топоним мәліметтері Семей қаласы мұрағаты, 1354 қор, 354 қор, 1353 қор, 1339 қор, 1342 қор, 1356 қор, 1511 қорларында сақталған. Бұл жерде біз өлкенің тарихымен қысқаша жер-су аттарының және әкімшілік құрылысы жөнінде таныстық [52; 53; 54; 55; 56; 57; 58] .

Дәл сол сияқты деректермен біз жарма Жарма мұрағаты орталығында 104 қорында мәліметтерге басты назар аудардық. Бұл деректерде жоғарыда аталған мәліметтер сияқты ерекшеленеді [62] .

Сондай-ақ, ғылыми зерттеудің тағы бір мәселесі ол бағалы және жартылай бағалы тастардың кен орындарына бай бұл граниттік массив жұмбақ әуесқойларымен қатар, дәстүрлі ғалымдар - тарихшылардың, археологтардың, өлкетанушылар мен геологтардың назарын өзіне бұрыннан бері аударып келе жатыр. Осы таулардың Делбегетей деп аталуы да жұмбақ болып тұрғаны. Көне моңғол тілінен аударғанда бұл сөз екі мағына береді. Бір аударма бұл тауларды «айдаһар» сөзінен шыққан «айдаһарлар тауы» деп атайды, бұл жерде бұрын шынымен де алып тіршілік иелері - динозаврлардың тіршілік еткені (әрине миллион жыл бұрын емес, тек қана бірнеше мың жыл бұрын) бұл атаудың дәлелі болып табылады. Зайсан шұңқырының кварцты құмдарында біздің ғалымдардың осы бір динозаврлардың сүйектері мен жұмыртқаларының қабыршақтарын тауып алғаны белгілі. Ал екінші аудармасы бұл тауларды осы өңірдің зор табиғи байлығының құрметіне байланысты «берекелі, кең, байлыққа толы» деп атайды. Заманауи зерттеулер көрсеткендей, дәл осы жерде ертедегі кен қазушылар қалайы, зүмәржат, жартылай бағалы жасыл ақық пен мөлдір сутас өндірген. Делбегетей зұмреттерін (измуруд) 50-шы жылдардың аяғында геолог А. Г. Алексеев ашқан болаты. Делбегетей қазба орнын егжей-тегжейлі барлау ісі В. Ф. Кощеевтің есімімен байланысты. [45]

Яғни, Ертіс деген атау Қазақстанда Шығыс Қазақстан, Семей, Павлодар облыстарын басып өтетін өзен аты. Бұл атау Ертіс түрінде VIII ғасырда қойылған Қюль-Тегин мен Тоньюкук ескерткіштерінде кездеседі. Кюль-Тегин ескерткішінде түркілер Алтай тауына көтеріліп, Ертіс арқылы өтіп түргеш тайпасын жеңгендері баяндалады. Ал XI ғасырдағы М. Кашқари еңбегінде бұл атау Эртіш түрінде жазылып, оған мынадай түсінік беріледі. «Эртіш - йэмак (қыпшақтардың, бір аты - А. Ә. ) даласында ағатын бір өзен аты. Бірнеше тармақ өзеншелерден құралған бұл өзен осы жердегі бір көлге құйылады. «ртіш сувы» дейді. Бұл сөз судан өтерде «кім тез өтер» мағынасында қолданылатын эртіш (мак) сөзінен алынған» (1 том, 122 беті) [24] .

Келтірілген екі фактіден бұл өзен ертеде, VII -VIII ғасырларда Ертіс аталғанын және қазіргі қазақ тілінде де осылай аталатынын байқаймыз. Ал М. Қашкари заманында түркі тілінің кейбір дналектілерінде бұл гидроним Эртіш атанған. М. Қашқари эртіш атауының этимологиясын эртишмак (тез өту) етістігінен шығаратынын байқадық. Оның айтқан көлі Зайсан болуы керек. Бірақ сөз этимологиясының дәл еместігіне М. Қашкариды айыптауға болмайды, өйткені ол естігенін жазған.

Атаудың этимологиясы туралы белгілі саяхатшы - географ В. П. Семенов былай деп жазды [25] . А. П. Дульзон бұл атау кет тілінің Ир-сес (өзен) >Ирчис>Ирцис сезінен өзгерген дейді. Ол «Ирцис - монгольское название Иртыш - сенис-кет. Сес сопоставил Рамстедт» деп жазды [26] .

Ғ. Әнуарбекқызы, Р Жантыкеев зерттеген мифологиялық аңыздардың тарихи үндестігі жөнінде қариялардан қалған әаңыздардың ауыздан ауызға тарап, ауызша дерек ретінде есептелетіні бізге мәлім. Ал енді сол аңыздардың бірі Шығыс Қазақстан ежелгі ошағы Алтай жөнінде аңыз болып табылады. Сонымен қатар бұл өңірдегі күршім туралы топонимдық аңыз жер атауына байланысты қойылғаны жөнінде қарастырылады. Бұл аңыздар осы мекенде өмір сүрген көшпелі түркі мемлекеттері мен жоңғар дәуіріндегі болған шайқастар мен талас-тартыстан қалған аңыз ертегілер болып есептеледі. Өйткені ауыздан ауызға тараған бұл аңыз қазірде осы өңірдегі елді мекендердің атауына бір себеп болады [67] .

Келесі зерттеу жұмысының деңгейіне берілген А. А. Кайгородцевтың «Перспективы кластерного развития туризма в Восточном Казахстане» атты ғылыми еңбегінде осы аймақтың туризм жұмыстары бойынша оның болашағы мен мүмкіндіктері жөнінде қарастырған. Онда туризм саласы барысында бәсекеге қабілетті жерлердің бірі деп есептелетін жерлерді атайды және оның қандай келешекте болашағы бар сол жөнінде кесте мен диаграмма арқылы төменде көрсетілді. Шығыс Қазақстанның барлық өңірдегі елді мекендердің ең танымал және үздік жерлеріне барлау жасалған болатын. Ондағы табылған сакральды ескерткіштердің өзі ертең туриссттерді тартуына бір себеп. Бұл өңір үш мемлекеттің шетінде жатыр. Яғни Қытай, Ресей және Моңғолия, осы тарапты егер бақылай алса, онда келешекте бір топ туристтердің осы аймаққа ағылып жататынына сенімдіміз, - дейді. [90, с. 5] .

Аймақтық тарихты зерттеу КСРО кезінде нақты бір шарттарға қатысты ғана қаралып, аймақтық айырмашылыктар, спецификасы мен жергілікті жерлердің ерекшеліктері әдетте шеттетіліп отырды. Тарихи талдаудың объективті көзқарас тұрғысынан қараудың жолы аймақтық тарихтың ерекшеліктерін зерттеу болып табылатындықтан, бұл зерттеу жұмыстарының ерекшелігі өлкетанушылардың деректері тарихи ғылымдар саласының тоғысында қарастырылатындығында. Сол себептен, Семей өңірінің өңірдің тарихын жүйелі түрде зерттеу міндеті туындайды.

Жұмыстың деректік қоры. Алғаш рет қолға алынған бұл зерттеу жұмысы Шығыс Қазақстанда сақталған облысттық мұрағат материалдары мен ғалымдардың, өлкетанушылар мен жазушылардың зерттеулері және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпараттар деректік көз ретінде табылады.

Ең алдымен жұмыстың деректік қорына сол кездерде орын алған ресми құжаттарды қарастырамыз. Мәселен:

Келесі бір мұрағаттық деректерге сүйенсек, ол Семей өңіріне қарасты Абай ауданына байланысты топоним мәліметтері Семей қаласы мұрағаты, 1354 қор, [52] . 354 қор, [53] . 1353 қор, [54] . 1339 қор, [55] . 1342 қор, [56] . 1356 қор, [57] . 1511 қорларында сақталған. Бұл жерде біз өлкенің тарихымен қысқаша жер-су аттарының және әкімшілік құрылысы жөнінде таныстық [58] .

Дәл сол сияқты деректермен біз жарма Жарма мұрағаты орталығында 104 қорында мәліметтерге басты назар аудардық. Бұл деректерде жоғарыда аталған мәліметтер сияқты ерекшеленеді [62] .

Жұмыстың зерттеу нысаны. ХІХ ғасырдың аяғымен ХХ ғасырдың басындағы Семей өңірінің тарихи топонимдері

Жұмысының мерзімдік шеңбері. Диссертация тақырыбына сәйкес, ХІХ ғасырдың аяғымен ХХ ғасырдың басындағы Семей өңірінің тарихи топонимдері

Жұмыстың пәні. Шығыс Қазақстанға арналған материалдардан Ұлы Семей өңірінің тарихи топонимдері топографиялық, географиялық, өлкетану пәннаралық байланыстың мәнісін ашу.

Зерттеу жұмысының мақсаты, обьективті зерттеудің концептуалды қағидаларын қолдау негізінде, Шығыс Қазақстанның Семей өңіріне байланысты жазылған топонимді зерттеу мәселесін анықтау барысында жинақталған материалдарды саралап, және ондағы жан-жақты ғылыми зерттеу маңызды болып табылады.

Зерттеу міндеттері:

- Шығыс Қазақтанның топографиясы: сипаттамасы, ерекшеліктері мен типологиясын анықтау;

- Семей өңірінің әкімшілік-аумақтық құрылымы және тарихи топонимдерін зерттеу мәселелерін талдау;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс Қазақстанның киелі ескерткіштерінің зерттелуі
Ақмола өңірінің географиялық атауларының қалыптасуындағы геоэкологиялық құрастырушылар ( Зеренді және Атбасар аудандарының мысалында )
Қазығұрт өңірі топонимиясының этнолингвистикалық сипаты
Ұлытау өңірінің тарихи географиясы (XV ғ. – XIX ғ. соңы)
Қарағанды қаласының тарихы мен бүгіні
Шығыс Қазақстан облысының топонимдер қалыптасуындағы рөлі
Тарихи атауларды қалпына келтірудің маңызы
Ақтөбе өңірінің тарихи топонимиясы
Орталық Қазақстан Бұқар жырау ауданы топонимдері
Орталық Қазақстан, Қарағанды облысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz