Шетелдердің қылмыстық заңнамасы бойынша қылмыс құрамының құқықтық сипаттамасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағы «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» екенін, 2 -тармағы «Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу» деп көрсеткен.

Көршіліес Ресей Федерациясы Конституциясының 2-бабы «адам, оның құқықтары мен бостандықтары ең жоғарғы құндылық» деп жариялайды.

Демек, мемлекеттің басты міндеттерінің бірі - адамның құқықтары мен бостандықтарын, әсіресе адамның өмір сүру құқығын қорғау болса, қылмысқа қарсы, әсіресе жеке адамға қарсы қылмысқа қарсы табанды күрес болмаса, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын ойдағыдай жүзеге асыру, қазіргі кезде мемлекеттің алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық және басқа да мәселелерді шешу мүмкін емес екен.

Көрші елдердің барлық Қылмыстық кодексінде адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар адам өлтіруден басталады. Қазақстанмен ынтымақтас мемлекеттер Өзбекстан, Грузия, Ресей, Қырғызстан, Украина, Беларуссияда адам өлтірумен байланысты қылмыстар Қылмыстық кодекстерінің 1-ші тарауынан орын алған.

Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 97-бабында берілген. Грузия Қылмыстық кодексінің 108-бабында кісі өлтіру ұғымының заңнамалық анықтамасы жоқ, дегенмен д, Қылмыстық кодекстің баптарында тек қасақана кісі өлтіру туралы айтылған. Қалған ТМД елдерінің Қылмыстық кодексінде кісі өлтіру ұғымына заңнамалық тұрғыдан анықтама берілген, ол басқа адамның өмірін қасақана заңсыз айыруды білдіреді.

Мысалы, Беларусь Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99 - бабы, Украина Қылмыстық кодексінің 12-бабы, Әзірбайжан Республикасының Қылмыстық кодексінің 120-бабында « . . . кісі өлтіру - адамның өмірін қасақана айыру» деп қаралған.

Адам өмірі Қазақстанда да, шетелдердің қылмыстық кодексінде бірінші тараудан басталады яғни бұл адам өмірінің мемлекет үшін құндылық екенін көрсетеді. Сол жағынан қарағанда, менің «Шетелдердің қылмыстық заңнамасындағы адам өлтіру ұғымы және түрлері» атты диплом жұмысым өзекті тақырыптардың бірі. Басты өзектілігі - шетел мемлекеттерінің қылмыстық заңдары бойынша адам өлтірудің себептерін ашу арқылы алдын-алу жақтарын қарастырумен байланыстырамын.

Зерттеудің объектісі - ауырлататын және ауырлататын мән-жайларсыз кісі өлтіруді жасауға байланысты туындайтын қылмыстық-құқықтық қатынастар, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен соттардың осындай қылмыс түрлеріне қарсы іс-қимылға байланысты қызметі.

Зерттеудің тақырыбы кісі өлтіру үшін жауапкершілік туралы қолданыстағы және жарамсыз ішкі қылмыстық заңнамасы болып табылады.

Яғни жақын және алыс шетелдердің қылмыстық заңнамасы қарау арқылы ауырлатпайтын және ауырлататын мән-жайларсыз кісі өлтірудің құрамдарын қарастырап ашып көрсету, сондай-ақ, адам өлтіруге қарсы мәселелер бойынша ғылыми теориялар мен әдебиеттер, адам өлтіру істері бойынша сот практикасы мәселелері бойынша шетел соттарының тәжірибесін қарау жүзеге асырылады.

Диплом жұмысын жазуда қойылатын зерттеудің мақсаты - шет елдердің қылмыстық заңнамасы бойынша жәбірленушінің жеке басына байланысты ауырлататын жағдайлардағы кісі өлтіру үшін қылмыстық жауаптылық проблемасын зерттеу, осындай кісі өлтіруге қарсы іс-әрекетті құқықтық реттеудің ең сәтті шешімдерін табу мүддесінде және өнер тұжырымдамасын жетілдіру.

Осы мақсаттарды ескере отырып, диплом жұмысында бірнеше міндеттер шешіледі:

-шетел қылмыстық заңнамасы бойынша «кісі өлтіру» ұғымының доктриналық түсінігін нақтылау;

- шетел қылмыстық заңнамасы бойынша кісі өлтіру құрамының объективті және субъективті белгілерін зерттеу;

- шетел қылмыстық заңнамасы негізінде жәбірленушінің жеке басын сипаттайтын кісі өлтіру мән-жайларының ғылыми талдауы;

-ауырлатқан жағдайда, оның ішінде жәбірленушінің жеке басына байланысты кісі өлтіргені үшін жауапкершілік туралы отандық қылмыстық заңның тарихын зерделеу;

-жақын және алыс шет елдердің жәбірленушінің жеке басына байланысты ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіргені үшін жауапкершілік туралы қылмыстық заңнамасын салыстырмалы құқықтық зерттеу;

-кісі өлтіру құрбаны мен ауырлатқан өлтірушінің жеке басын криминологиялық зерттеу;

- шетел қылмыстық заңнамасы бойынша жәбірленушінің жеке басына қатысты талдау жасау;

-жәбірленушінің жеке басына байланысты ауырлататын жағдайлармен жасалған Ресей Федерациясының, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің Қылмыстық кодексі бойынша кісі өлтірудің жазалылығын зерттеу;

- зерттелген ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікті құқықтық реттеуді жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды әзірлеу және ғылыми негіздеу.

Зерттеу әдістемесі мен техникасы. Диплом жұмысының әдіснамалық негізі танымның жалпы ғылыми әдісі ретінде материалистік диалектика болды. Ішінара - ғылыми әдістер ресми логикалық, социологиялық, салыстырмалы құқықтық және статистикалық зерттеу әдістерінде ұсынылған. Диплом жұмысын жазу барысында жәбірленушінің жеке басына байланысты ауырлататын мән-жайлармен жасалған кісі өлтіру туралы қылмыстық істер материалдарын құжаттық зерттеу әдісі кеңінен қолданылды.

Жалпы адам өлтіру қылмысын жасаудың және жасырудың тәсілдерінің әртүрлілігі, олардың себептері және мақсаттары, қылмыскердің пайдаланылатын қарулары және амалдардың ерекшеліктері, қылмыстарды жасаудың орны және уақытының ерекшеліктері оларды тергеудің жалпы әдістемесінде кісі өлтірудің әртүрлі түрлерін тергеудің ерекшелігін көрсететін бірқатар жеке әдістеменің бар болуымен байланыстырылған. Соңғыларына қылмыстың типтік ситуациясына байланысты: атыс-қаруларын, жарылғыш заттарды, кесіп-жаншитын заттарды пайдаланып жасалған кісі өлтірулер, мәйітті бөлшектеумен, бүркемеленген (инсценировка) кісі өлтірулер; пайдақорлық, бұзақылық ниетпен және т. б. көлікте, төбелесте жасалған кісі өлтірулер жатқызылуы мүмкін.

Қылмыстық істі қозғау кезіндегі тергеушінің қолындағы алғашқы мәліметтердің сипаты мен көлеміне байланысты қылмыстарды шартты түрде мынандай үлкен екі топқа бөлуге болады:

1) кісі өлтіру анық жағдайда жасалған;

2) кісі өлтіру анық емес (белгісіз) жағдайда жасалған.

Бірінші топқа, тергеудің басында-ақ адам өлтіруші тұлға белгілі болған айқын деректерді жатқызамыз.

Мұндай қылмыстар әдетте «тұрмыс-тіршіліктік» қатарына жатады, олар көбіне, күнделікті тұрмыс-тіршіліктегі болатын отбасындағы, сондай-ақ көршілердің, болмаса туысқандардың тағы басқа да жақын танитын адамдардың бір-бірімен ұрыс-керістері, өзара келісе алмаушылықтарынан туындаған жанжалдар мен жеке бастық араздар. Бұл қылмыстарды жасау кезінде қылмыскерлер қылмысты жасауға байланысты алдын ала аила әдістерді таңдап, оның ізін жасыруға алдын ала дайындалмайды. Керісінше күтпеген жерден туындаған жанжалдың нәтижесшде қолына түскен тұрмыс-тіршілікте қолданылатын заттарды, атыс қаруын т. б. қылмыс құралы ретінде пайдаланады. Белгісіз жағдайларда жасалған адам өлтіру қылмыстарын - күш қолдану белгілері бар мәйіттің табылуына байланысты немесе хабар-ошарсыз кеткен адамдардың өлгендігін куәландыратын мәліметтер бойынша қылмыстық іс қозғауға байланысты тергеу әрекеттері жүргізілетін қылмыстарды жатқызамыз. Мұндай жағдайларда қылмыстық іс козғау кезінде тергеушіде адам өлтіру қылмысының жасалу жағдайы (қылмыскердің, көбіне жәбірленушінің жеке басы туралы; қылмысты жасау ниеті мен мақсаты) туралы ешқандай мәліметтер болмайды. Бұл жерде қылмыс көп жағдайларда алдын ала ойластырылып, әрекет ету бағыты мен кезектілігі мұқият қарастырыла отырып жоспарланып, қылмыстың ізін жасыру мақсатында қолайлы әдіс-тәсілдерді таңдап алып, арнайы адам өлтіру немесе ол қылмысты жасауға қатысу ниеті мен мақсатында жасалады.

Адам өлтіруге байланысты қылмыс жасау тәсілдері әртүрлі болып келеді және ол жәбірленушінің жеке өміріне қол сұғып тікелей өмірінен айырылуға бағытталатын келесідей белсенді әрекеттерден тұрады: дене жарақатын салу, жылжып келе жатқан поездың астына қарай итеріп жіберу т. б. Кейбір жекеленген жағдайларда әрекетсіздік жолымен де мұндай қылмыстар (жаңа туған нәрестелер мен өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдарды тамақтандырмай қою арқылы) жасалуы мүмкін.

Қылмыскердің адам өлтіру үшін нақты бір тәсілді тандап алуына мынандай факторлар әсер етеді: жәбірленуші мен айыпкердің жасы, жылы, физикалық дамуы, қылмыстың жасалу уақыты мен жері, оның ниеті мен мақсаты, қылмыскер мен оның құрбанының өзара байланысының болуы, оның сипаты, сондай-ақ басқа да жағдайлар.

Адам өлтіру қылмыстарын жасауда қолданылатын тәсілдердің кеңінен тараған түрлеріне келесілерді жатқызуға болады:

-әртүрлі құралдарды, заттарды қолдану арқылы жәбірленушіге дене жарақатын саду;

-жәбірленушіні дәрменсіз күйде қалдыру, болмаса осы жағдайды пайдалана отырып оған дене жарақатын салу, оны қылғындыру, т. б. Сондай-ақ өміріне қауіп төндіретіндей (қыс мезгілінде ашық елсіз жерлерде оны жалаңаш. киімсіз тастап кету) жағдайларға душар ету.

-жәбірленушіні өте биік жерден лақтырып жіберу;

-жәбірленушіні жылжып келе жатқан көлік құралдарынан (поезд, автокөлік, теплоход) лақтырып жіберу;

-жәбірленушінің организміне улы заттарды жіберу және т. б. Қылмыскер жекеленген жағдайларда өзінің кінэсіздігін нақтылайтындай жалған дәлелдемелер құру үшін, жасалған әрекет пен жәбірленушінің өлуінің арасындағы белгілі бір уақыт өтуін есепке ала отырып қылмысты жасау тәсілін таңдап алады. Қылмыстарды жасаудың мұндай тәсілін - баяу әсер ететін жарылғыш, болмаса улы заттарды қолдану арқылы тергеу барысында кездестіруге болады.

Алдын ала ойластырылып және жоспарланып жасалған адам өлтіру қылмыстары белгілі бір дайындықтар жасаудан тұрады: адам өлтіру үшін қылмыс құралын, қаруын алдын ала іздейді, көздеген мақсатын жүзеге асыруға байланысты кездесетін кедергілердің алдын алу жағдайлары жасалады, сонымен қатар қылмыстың ізін немесе оған өзінің қатысқандығын жасыруды қамтамасыз ету әрекеттері жасалады. Егер қылмыскердің қылмыс жасауға таңдап алған тәсілдері қандай да бір ерекше құрылғыларды, жарылғыш, улы заттарды дайындап жасаумен немесе басқа да арнайы таным білімдерімен байланысты жағдайларда, қылмыскерлер - техникалық, медицинальің, химиялық, физикалық және басқа да арнайы әдебиеттерді зерттеп оқиды.

Қылмыскерлер адам өлтіру қылмыстарын жасау кезінде қылмыс құралы ретінде тұрмыс-тіршілікте пайдаланатын (асханалық және жиналмалы пышақ, балға, балта, т. б. ) заттарды, қылмыскердің қылмыс жасау үстінде қолына түскен оқиға болған жердегі кездейсоқ заттарды (тас, құбыр, темір кесінділері, бөтелке, т. б. ) және басқа да қолдан жасалған әртүрлі суық қаруларды қолданады. Адам өлтіру кезінде қылмыскер атыс қаруларын қылмыс құралы ретінде - тік оқпанды, қолдан жасалған және жартылай қолдан жасалған (шиті мылтық, шолақ мылтық) қаруларды пайдаланады.

Ал улы заттарды қылмыс кұралы ретінде пайдалану кезінде олар көбінде жеке өндіріске қолданатын адам жүйкесіне күшті әсер ететін дәрі-дәрмек пен уландыратын қоспаларды таңдап алады. Адам елтіру кылмыстарын жасау кезінде, тергеліп отырған оқиға жөнінде күш қолдану әрекеттерін және басқа да жекеленген мән-жайларды куәландыратын, атап айтқанда: қылмыстың механизмін, құралын, оған қолданған тәсілдерді және қылмыскердің жеке басының ерекшеліктері мен әрекет-мақсаттарын, қылмыстың ізін жасыру әдістерін сипаттайтын әртүрлі іздер пайда болады.

Мұндай іздерге қылмыскердің: қол саусақ іздері, тісінің, тырнағының, аяқ киімінің іздері; көлік және бұзу құралдарының іздері; қылмыс болған жердегі, айналадағы заттарда қалған іздер, арпалыс іздері, мәйіттегі дене жарақат іздері, табиғи биологиялық іздер (қан, ағза, сілікей және т. б. ) ; адам өлтірудегі қылмыс құралын қоса алғанда, қылмыскердің ұмытып кеткен, болмаса ляқтырып тастап кеткен заттары жатады. Негізгі іздер, кебінде мәйітке, оның киімдерімен оған тығыз жақын жатқан обьектілерге шоғырланады. Жекеленген іздер мен заттай дәлелдемелер қылмыскер қылмыс жасап болған соң, кеткен багыттарындағы жерлерде қалады. Сезіктіні ұстау кезінде оның денесінен, киімдерінен, одан алынған қылмыс құралдарынан қылмыстың іздері табылуы мүмкін.

Қылмыскерлер адам өлтіру қылмысын жасыру тәсілдерін тандап алуына қылмыс жасалатын жер (орын) және қылмыскер мен жәбірленушінің өзара арақатынас сипаты әсер етеді. Бұл жасалған әрекеттің сипаты мен кезектілігі қылмыскердің жеке басы туралы мәліметтер мен қылмыс жасау жағдайларына байланысты анықталады.

Жәбірленуші мен қылмыскер өзара таныс болмаған, болмаса олар кездейсоқ танысқан жағдайларда, қылмыс болған жер айыпкерге еш қатысы жоқ болған жағдайларда, адам өлтіру қылмысын жасап болған соң, олар оқиға болған жерден тезірек қашып кетуге тырысады. Олар қылмыс болған жерден тезірек кетуге мүмкіндіктер бермейтін кедергілерді алдын алу үшін өлтірген адамды, яғни мәйітті уақытша жақын маңға тығу әрекеттерін жасайды. Егер, мысалы: мәйіт түрғын үйде болса, оны сол үйдің жуынатын белмесіне болмаса дәретханасына, төсектің астына тығып жасырады, олардың үстіне көптеген киімдерді, төсеніштерді тастайды, кей жағдайларда оларды ертейді. Ал ашык жерлерде, алаңдарда - мәйітті ағаштың жапырақтарымен, шөпмен, құрылыс-қоқыстарымен және басқа да жақын жерде жатқан кездейсоқ заттармен жауып жасырып, канализация, подвал, op, шұңқыр сияқты бірден байқалмайтын жерлерге тастайды.

Сонымен қатар қылмыскерлер өздеріндегі қылмыстың ізін жою шараларын жүзеге асырады. Олар: жуынады, киімдерін ауыстырады, жыртылған жерін тігеді, қан және басқа да дақ іздерін жуып тазалайды, жәбірленушімен арпалысқан сэттерде денелеріне түскен жарақаттарды жуып, дәрі жағып, таңып, болмаса үлпалап қылмыстың ізін жою шараларын жасайды. Қылмыскерлер кейбір жағдайларда қылмыс құралы мен оның ізін жою кезінде жалған алиби құруға тырысады. Мұндай кездерде, олар қылмыс жасалған күні немесе сол уақытта мен туысқанымның, досымның, танысымның үйінде, саяжайда т. б. жерлерде болдым немесе осы уақыттарды солармен бірге өткіздім деп жалған алиби құрып, туыстарын, достарын, т. б. жалған көрсетпелер беруге итермелейді.

Егер қылмыскер мен оның құрбанының арасында - туыстык, достық, жыныстық (ашыналық) немесе басқа да тұрақты қатынастар, болмаса адам өлтірген жер айыпкердің жеке басына қатысты (тұрғын-үй, сая-жай, жеке гараж, жұмыс орны т. б. ) болған жағдайларда жәбірленушінің өлімі туралы факт, яғни нақты бір жерден оның мәйітін табу жағдайлары нақты бір тұлғаға сезік келтіруге әкеп соқтырады.

Мұндай жағдайларда айыпкердің адам өлтіру қылмысы іздерін жасыруы; өлім фактісін және қылмыс жасалған жерді жасыруға багытталған кешенді әрекеттерді жүзеге асырудан тұрады. Осындай мақсатпен мәйіттің көзі жойылады, мысалы: оны пешке өртеу немесе жасыру үшін басқа да тәсілдер қолданылады (оларды көміп тастайды, суға ағызып жібереді және т. б. оқиға болған жерлерден тыс немесе алые жерлерге, мәйітті сыйғызу үшін оны бөлшектейді, елсіз мекендерге апарып тастайды) . Сонымен қатар, қылмыскерлер қылмыс жасалған жердегі іздерін жою шараларын жүзеге асырады. Олар пэтерлерін әктап, сырлап, обойларын, едендерін толығымен немесе жартылай ауыстырады, жиьаздарын, төсеніштерін және т. б. жуып, сүртіп, тазалап жөндеу жұмыстарын жасайды.

Адам өлтіру тәсілі мен мәйіттің денесіндегі жарақаттардың сипатына байланысты жәбірленушінің өлу фактісін жасыру мүмкін емес жағдайларда қылмыскерлер адам өлтіру қылмысын жасырудың басқа да әртүрлі тәсілдерін жүзеге асыру әрекеттерін ойластырады. Табылған мәйіттің денесіндегі жарақат басқа тұлғалардың күш қолдануы арқылы салынғандығын куәландыратындай жағдайларда жасалған адам өлтіру қылмысы - шабуыл жасау, болмаса қатты жан-күйзеліс үстінде, сондай-ақ қажетті қорғаныс немесе абайсызда жасалған қылмыс сияқты инсценировка жасалады. Ал мәйітте мұлдай дене жарақаты болмаған жағдайларда қылмыскерлер әдетте жәбірленушінің өзін-өзі өлтірген, болмаса бақытсыз жағдайға душар болған сияқты күйге келтіріп инсценировка жасау жолымен қылмыстың ізін жасырады. Сонымен қатар, жәбірленушіні басқа адам өлтірді немесе ауру салдарынан, кәріліктен өлді деп инсценировкалау жағдайлары да өте жиі кездеседі.

Қылмыс жасауға себеп болатын жағдайларға - айыпкер мен оның құрбанының арасындағы жеке бас араздығы, бұзақылық, кек алу, көре алмаушылық, қызғаншақтық, пайдақорлық ниет, сонымен қатар басқа қылмыстың ізін жасыру немесе оны жасау жолдарын жеңілдету жатады.

Нақты қылмысты, адам өлтіру қылмысын жасау ізін жасыру үшін қылмыскер алдын ала, күні бұрын арнайы дайындалып, өзінің және жәбірленушінің әрекетінің кезектілігін анықтап жоспарлап алады.

Көршілес Ресей Федерациясында кісі өлтіру және кісі өлтіруге оқталу санының динамикасы келесі көрсеткіштермен сипатталады: 2009 жылы 23, 0 мың кісі өлтіру және кісі өлтіруге оқталу тіркелген; 2010 жылы - 31, 7 мың; 2011 жылы - 31, 8 мың; 2012 жылы - 33, 6; 2013 жылы - 32, 3; 2014 жылы - 31, 6; 2015-31. 6; 2016-30. 8; 2017 жылы - 29, 8 мың осындай қылмыс жаслған.

Ресейде кісі өлтіруді тіркеу олардың құрбандары бойынша емес, фактілер бойынша жүзеге асырылатындығын есте ұстаған жөн, өйткені екі немесе одан да көп адамды өлтіру бір қылмыстық әрекет ретінде тіркеледі. Б

іздің елде хабар-ошарсыз кеткендердің, идентификацияланған мәйіттердің, сондай-ақ жәбірленушінің өлімімен аяқталатын денсаулыққа ауыр зиян келтірудің едәуір саны жыл сайын біздің елде тіркелмейтіндігін ескере отырып. кісі өлтіру болып саналса, онда ресми түрде статистикалық есептілікте көрсетілгенге қарағанда, зорлықпен өлтіру фактілері көп болады.

БҰҰ мәліметтері бойынша әлемде жыл сайын 100 мың тұрғынға шаққанда 9, 8 кісі өлтіру жасалады, Араб мемлекеттерінде - 2, 4; Батыс Еуропада - 3, 5; Оңтүстік Азияда - 7, 2; Солтүстік Америкада - 9; Африкада - 15; Латын Америкасында - 21. Ресейде кісі өлтіру деңгейі ресми статистикаға сәйкес, әлемдік орташа деңгейден әлдеқайда жоғары. Осылайша, 2007 жылы кісі өлтіру деңгейі біздің елде 19, 9 құрады; 2008 - 20. 1; 2009 - 21, 1; 2010 - 21, 8, ал 2012 жылы бұл көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 22, 4 кісі өлтіруге жетті. Біздің есептеулеріміз бойынша 2016 жылы кісі өлтіру мен кісі өлтіруге оқталу деңгейі 19 құрады; 2017 - 21, 9; 2018 - 21, 5 осындай шабуыл жасалған.

Қазастан мемлекетінде адам өлтіру дерегі көбейген. Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ресми мәліметтеріне сүйенсек, жеке тұлғаларға қатысты қылмыстың осы бір ауыр түрінің саны 18, 3%-ға артқан. 2018 жылдың 6 айында 529 қазақстандық әлдекімнің қолынан қаза тапқан. Ал былтыр осы уақыт аралығында 477 адам мерт болыпты. Адам өміріне қастандық жасау дерегі де 61, 7%-ға артқан. Егер 2017 жылдың 6 айында 42 адамды өлтіруге әрекет жасалса, биыл бұл көрсеткіш 68-ге жетіп отыр. Өзге өңірлермен салыстырғанда, қылмыстың барлық түрі бойынша сотқа дейінгі тексеру амалдары Алматы, Астана қалаларында және Түркістан, Алматы облыстарында жиі жүргізілген екен.

Адамның жеке басына қарсы жасалатын қылмыстың ішінде ең ауыры адам өлтіру қылмысы болып табылады. Бұл қылмысты ашуда кездесетін қиыншылықтар айтарлықтай үлкен жұмыс көлемін талап етеді, сондықтан адам өлтіру жөніндегі істі жоғары санаттағы күрделі қылмыс қатарына жатқызады.

Жәбірленуші. Адам өлтіру қылмысын криминалистикалық сипаттауда жәбірленушінің өзінің жүріс-тұрысын виктимологиялық аспекті тұрғысынан қарастыруға болады. Яғни, ол дегеніміз қылмыстың жасалуына, қылмыс құрбанының өзі себеп болады. Олар алкоголь ішімдіктерін кездейсоқ адамдармен бірге ішіп, мае болып кездейсоқ адамдардың немесе айналасындағы адамдарды балағаттап өздері тиісіп, соның негізінде ұрыс, жанжал, төбелес шығып, қылмыстың жасалуына бірден-бір себеп болады. Көбінде мұндай жағдайларда адам өлтіру бойынша жасалған қылмыстың жәбірленушісі ер адамдар болады. Ал әйел адамдары қылмыстың құрбаны болуына - жыныстық қатынас жасау, пайдақұнемдік ниет, сондай-ақ қызғаныштың пайда болуы себеп болады.

Қылмыскер мен жәбірленушінің жүріс-түрысында белгілі бір байланыс болады. Жәбірленушінің жеке басы мен оның өлер алдындағы мінез-құлқын жақсылап тексеру қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік несиені заңсыз алу
Мамандықтың пәндер каталогы
Сот әділдігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және жүйесі
АЗАПТАУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Казақстан Республикасының Конституциялық заңнамаларының сипаттамасы
Несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдаланудың құрамы сабақтас қылмыстардан айырмашылығы
Адамды кепілге алу үшін қылмыстық жауапкершілік
Оған қылмыстық сот өндірісінің негізгі бастамалары
Қылмыстық заңның уақыттағы және кеңістіктегі күші
Компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz