Экономика және бизнес факультеті


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім жӘне ғылым министрлігі

М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Экономика және бизнес факультеті

Есеп және аудит кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Қаржылық есеп 2 пәні бойынша

Тақырыбы: Шағын және орта бизнес: қазіргі жағдайы және даму проблемалары

Білімгер Сағымбеков Орынбасар Тобы___ Есеп және аудит

/аты-жөні/ /қолы/

Жетекші Есенова Мира Жасаганбергеновна

/қызметі/ /аты-жөні/

Қорғауға жіберілді «»20ж.

Жұмыс қорғалды «»20__ж. бағасы

/жазбаша/

Комиссия мүшелері:

/аты-жөні/ /қолы/

/аты-жөні/ /қолы/

Тараз 20___

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

кафедрасы

тобының білімгеріне курстық жоба (жұмыс)

/аты-жөні/

ТАПСЫРМА

_ Қаржылық есеп 2 пән бойынша

1. Тақырыбы Шағын және орта бизнес: қазіргі жағдайы және даму проблемалары

2. Тапсырманың арнайы нұсқауы

3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары): 3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары)
Орындау кестесі: Орындау кестесі
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары): Көлемі, %
Орындау кестесі: Орындау уақыты
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары): ҚР-дағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы және рөлі
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары): Шағын және орта бизнестің экономикадағы маңыздылығы
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары): Шағын және орта бизнестің түрлері
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары): ҚР-да кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін факторлар
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары): Шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытудың маңыздылығы
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары): ҚР-да шағын және орта бизнеске қазіргі төтенше жағдайдың әсері және одан шығу мүмкіндіктері
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары): ҚР-да кәсіпкерлікті салықтық ынталандыру бойынша шаралар
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары): 4. Графикалық материалдарының тізімі (сызулардың масштабы келтіріледі)
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары): 5. Жобаның (жұмысты) жинақтау мерзімі
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары): 6. Қорғау
Орындау кестесі:

Кафедра мәжілісінде бекітілген «»20___ ж. хаттама №

Жетекшісі:

/қызметі/ /қолы/ /аты-жөні/

Тапсырманы орындауға қабылдадым «»20___ж.

Тақырыбы:

Шағын және орта бизнес: қазіргі жағдайы және даму проблемалары

Мазмұны

Кіріспе

:

1.

1. 1

Тақырыбы:Шағын және орта бизнес: қазіргі жағдайы және даму проблемаларыМазмұныКіріспе:

ҚР-дағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы және рөлі

Шағын және орта бизнестің экономикадағы маңыздылығы

:
: 1. 2
Тақырыбы:Шағын және орта бизнес: қазіргі жағдайы және даму проблемаларыМазмұныКіріспе: Шағын және орта бизнестің түрлері
:
:

2.

2. 1

2. 2

Тақырыбы:Шағын және орта бизнес: қазіргі жағдайы және даму проблемаларыМазмұныКіріспе:

ҚР-да кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін факторлар

Шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытудың маңыздылығы

ҚР-да шағын және орта бизнеске қазіргі төтенше жағдайдың әсері және одан шығу мүмкіндіктері

:
: 2. 3
Тақырыбы:Шағын және орта бизнес: қазіргі жағдайы және даму проблемаларыМазмұныКіріспе:

ҚР-да кәсіпкерлікті салықтық ынталандыру бойынша шаралар

Қорытынды

:
:
Тақырыбы:Шағын және орта бизнес: қазіргі жағдайы және даму проблемаларыМазмұныКіріспе: Әдебиеттер
:

Кіріспе

Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының өз алдына қойып отырған міндеттерінің бірі- шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. Шағын және орта бизнесті дамыту экономикалық өрлеудің және әлеуметтік-саяси жаңғыртудың басты құралы ретінде көрініс табуда. Әсіресе, жеке меншіктің нақты өмірге жүзеге асуы және орта таптың қалыптасуының материалдық негізі ретінде үлкен рөл атқарады. Демек, шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі мемлекетімізде артқан сайын еліміз көркейіп, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы да жақсаратындығы мәлім. Мемлекет басшысы шағын және орта бизнестің кез келген елдің экономикалық жағынан өсуі мен өркендеуінің негізі екенін өте жақсы біледі. Ал бұл тектес кәсіпорындар өз ретінде орасан зор ақша айналымы мен жұмыс орындарын жасап қана қоймайды, сонымен қатар нарыққа қажетті тауарларды жеткізуде, жеке өндірушілердің монополиясын шектеуде және өндіріске жаңа технологияны бірінші енгізіп, бизнесті жүргізудің соңғы тәсілдеріне батыл қол создырып экономиканы тұрақтандырудын шешуші факторы болып табылады. Қазіргі кездегі әлемдік экономиканың одан әрі даму жағдайында, ірі компаиялардың айбынының артуы ғылыми техникалық революцияның болуымен, шағын және орта фирмалардың сақталуымен және дамуымен қоса жүреді. Жаңа өнімдердің көптеген түрлерінің өндірісі атап айтқанда, шағын және орта компаниялардың кәсіпорындарында басталады, себебі олар «күн» астындағы орын үшін, тұтыныстың өзгеруіне икемді сезімтал болуға, өндіріспен әлі қанағаттандырылмаған жаңа қажеттіліктерді іздеуге мәжбүр. Дамыған индустриалды мемлекеттерде шағын бизнестің өзі ғана жалпы ішкі өнімнің 50% - дан астамын алады. Біздің елімізде болса, шағын бизнесті және оған орта бизнесті қосқанның өзінде олардың ЖІӨ - гі сыбағалы үлесі 30% - дан аспайды. Мәселен, 2002 жылдың нәтижелері бойынша еліміздегі шағын және орта бизнес субъектілерінің жалпы іші өнімдегі үлесі 17% болды, ал 2003 жылы бұл пайыздық қатынас 20% шамасында болды. Бұл статистикалық мәліметтер осы сектордың ұлттық экономикасындағы елеулі еместігін көрсетеді. Бірақ шағын бизнес субъектілерінің елеулігі бөлшек сауда саласында байқалады. Осы саладағы олардың үлесі 90% - ға жетеді. Мұндай жағдайдың қалыптасуын ең алдымен осы сектордың бәсекелестік еместік қабілетімен байланысты. Шағын және орта кәсіпкерлік секторындағы қалыптасып отырған жағдайдың қандай екенін көру үшін енді статистикалық мәліметтерді келтірейік. Қазақстандық экономиканың соңғы бес жылдағы қарқынды өсуі өзінің бастауын әлемдік рыноктардағы шикізат ресурстарына бағалардың шарықтауынан және үкіметтің сауатты нарық реформаларды жүргізуінен алады. Олардың нәтижесінде Қазақстандық экономикаға ақша массасының (мұнай долларының түсімінен) қысымы артып барады. Сол себепті қазіргі кезде біздің елімізде инвестициялау объектілерінің тапшылығы байқалуда. Сондықтан көптеген тұлғалар өз істерін ашуға тырысуда. Шағын кәсіпорын барлық халық шаруашылық салаларында жұмыс істейді. Ол қызметтер бір немесе бірнеше түрде болуы мүмкін. Бірақ ескеретін жағдай, кейбір тауарларды шығру, қызмет атқару тек мемлекеттік кәсіпорындарға жүктеледі, ал кейбір тауарларды өндіру үшін арнайы ұрықсат керек етеді. Шағын кәсіпорын өзінң шаруашылық іс-әрекетін басты жағдай- жоспарлау. Шағын кәсіпорн өзінің жеке пайдасын арттыру мақсатында, және кәсіпорынның өндірістік мүмкіндігіне қарай сұраныс бар тауарлар шығару мен қызметтер атқару үшін, өзінің әлеуметтік даму негізінде жұмыстарын алдын ала жоспарлау керек. Кәсіпорынның финанс ресурстар, пайдадан амартизациаға шығарылған сомадан, бағалы қағаздарды сатқаннан түскен ақшадан, еңбек ұжымының мүшелерінің жарнамаларынан, пайдадан түскен, несиеден т. б заңға қарсы емес түсімдерден тұрады. Ақша қаражаттары сақтау және есеп айырысу, кассалық операцияларды жүргізу үшін банкте есеп - айырысу және басқа түрі щ есеп - айырысу және басқа түрі шоттар ала алады. Жалпы негізде, шағын кәсіпорын шет елдік серіктестермен шарт жасап және шетел валюталық шотта ала алады. Белгіленген ережеге сәйкес шағын кәсіпорын өзбетімен дербес нарыққа шығып валюта табуына, оны сатып алуына оның ішінде аукциондарға да қатынасуға правалы. Шағын кәсіпорын жұмысшыларына еңбек ақы төлеу мөлшері, оның жүйесі, түрі дербес шешіледі. Шағын кәсіпорын заң бойынша кеілді еңбек ақы төлеуді қамтамасыз етеді, еңбек жағдайын, қызметкерлердің әлеуметік қорғау салаларын орындайды. Өзінің қызметкерлеріне қосымша демалыс, қысқартылған жұмыс күнің, тағы басқа жеңілдіктер қолдана алады. Заң бойынша шағын кәсіпорын қызметкерлеріне қауыпсіз еңбек етуіне және олардың денсаулығына, еңбек қабілетіне зиянды толықтыруға жауапты. Шағын бизнесті қолдаудың аймақтың қорлары мен орталықтары барлық аймақтарға құрылған . Шағын кәсіпкерлік Федералдық және жергілікті бюжеттерден қаржылық көмек алады, жергіліті салықтар бойынша әр түрлі жеңілдіктерге ие. Шағын кәсіпорындар, шаруашылық ассоцялары, ұжымдық, біріккен кәсіпорындар, мемлекеттік органдар құрады. Республикамызда шағын бизнестің экономикалық мәнің тереңнен түсінуге « Қазақ КСР -індегі шаруашылық қызметінің еркіндігі мен кәсіпкерлердің дамуы» туралы заңның қадылдануы жол ашты. Бұл заң азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық, әлеуметтік шаралар мен кепілдіктерді анықтап береді. Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы щеберінде кешенді шаралар белгіленген. Бағдарламада шағын кәсіпкерлікті тұрақты дамытуда қамтамасыз ету, экономикада оның үлесің ұлғайту, жаңа жұмыс орның саның арттыру, айқын бәсекелестік ортаны құру, қоғамның орташа табы ретінде меншік иелерінің бұқаралық тобын қалыптастыру көзделген. Бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлік экономиканың ерекше бөлігі ретінде нақты жұмыс істеп, даму үсітінде. Қазақстанды дағдарыстан алып шығатын локомативтің нақ өзі.

1. ҚР-дағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы және рөлі

1. 1. Шағын және орта бизнестің экономикадағы маңыздылығы

Нарықтық қатынастардың дамуының қазіргі жағдайында кәсіпкерлік қызмет еркіндігін сақтай отырып, шағын кәсіпкерлікті дамыту ерекше мәнге ие болады. Өйткені шағын кәсіпкерліктің өзіндік ерекшеліктері мен артықшылықтары экономиканы жаңарту жағдайында әртараптандыру мәселесін шешуге, инновациялық мүмкіндіктерді пайдаланумен іске асыруға, еліміздің экономикалық даму стратегиясын жүзеге асыруға айтарлықтай ықпал етеді. Қазіргі кезде шағын кәсіпкерлікті қалыптастыру, дамыту және қызмет тиімділігін арттыру маңызды орынға ие болады. Себебі шағын кәсіпкерлік жалпы ұлттық өнімнің және жалпы ішкі өнімнің көлемін, халықты жұмыспен қамту жағдайын, экономиканың өсу қарқынын анықтауға белгілі бір деңгейде әсер етіп қана қоймай, икемді аралас экономиканы қалыптастыруға, түрлі меншік нысандарының ұтымды үйлесуі мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға да мүмкіндік береді.

Әлемдік және отандық тәжірибе көрсетіп отырғандай, әр түрлі ұйымдастыру-құқықтық нысандардағы кәсіпорындардың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызылуының негізгі белгісі жұмысшылардың саны, жарғылық капиталының мөлшері, активтерінің шамасы, айналым көлемі және т. б. болып табылады.

Құрамына дамыған елдер кіретін экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының анықтауы бойынша кәсіпорындағы персоналдар саны 19 адамға дейін «өте шағын», 100 адамға дейін «шағын», 100-499 адамға дейін «орта» және персоналдар саны 500-ден жоғары болса «ірі» кәсіпорындар ретінде анықталған.

Біздің елімізде кәсіпорындағы жұмыскерлер саны мен активтерінің мөлшері бойынша оны шағын, орта немесе ірі бизнеске жататындығын анықтай аламыз. Яғни, басты критерий жұмыскерлер саны және активтердің мөлшері болып табылады.

Нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі шағын кәсіпкерліктің ұлттық экономикада аса маңызды функциялар атқарады: сұраныс пен ұсынысты теңестіру арқылы нарықтық қатынастарды үдетудің ерекше механизмін қамтамасыз етеді, жалпы ұлттық өнімнің тең жартысынан астамын өндіреді, жаңа жұмыс орындарының 70 %-ға жуыған ашатынын, адам ресурстарының жандандырылуына және инновациялық әлеуетке (потенциал) елеулі ықпал жасайды.

Ел экономикасын дамытуда шағын кәсіпкерліктің маңыздылығы өте жоғары. Ал, осы шағын кәсіпкерлік қандай да бір іс бастау үшін ірі көлемде инвестицияларды талап етпейді және ресурстар айналымының жоғары жылдамдығына мүмкіндік береді. Осыған байланысты экономиканы қайта құрылымдау проблемаларын ұтымды шешуді, нарықты тұтыну тауарларымен толықтыруды қамтамасыз етіп қана қоймай, бәсекелік ортаны күшейту арқылы өндірілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер сапасын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын құра отырып, жұмыссыздық мәселесін шешуге қол жеткізуге болады.

Аймақтық деңгейде шағын және орта кәсіпкерлік жөніндегі саясат аймақтың әлеуметтік-экономикалық саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыру кезеңдерінің жалпы жүйесімен ұштасуы тиіс. Бұл жерде:

- аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының тұжырымдамасы мен бағдарламасын әзірлеу (оларда шағын және орта кәсіпкерлік орны мен рөлі белгіленеді және шағын кәсіпкерлікке өзіндік аймақтық тапсырыс қалыптастырады) ;

- аймақта шағын және орта кәсіпкерлікті басқару мен реттеудің ұйымдық құрылымының жүйесін жасау;

- шағын және орта кәсіпкерліктің өзін-өзі ұйымдастыру жүйесін жасау;

- жергілікті әкімшіліктің шағын және орта кәсіпкерлікке басқарушы ықпалының нысандары мен әдістерінің жүйесін қолдану;

Аймақта кәсіпкерлікті басқарудың негізгі принциптеріне мыналар жатады:

- кәсіпкерліктің түрлеріне қарамастан оны дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау;

- шаруашылық жүргізуші субъектілердің маңыздылығын айқындау;

- олардың қызметін ең алдымен экономикалық және қаржы ынталандырмасын пайдалана үйлестіру;

- жергілікті органдардың шаруашылық жүргізу субъектілерімен өзара тиімді шартты және экономикалық қатынастарын орнату;

- қала тіршілігінің ерекше маңызды міндеттерінің шешілуін қамтамасыз ету үшін шектеулі мөлшерде әкімшілік шараларын қолдану;

- қалалық қызмет көрсететін бірқатар кәсіпорындардың негізгі функциялық мақсатын белгілеу;

- кәсіпкерлік саласында азаматтар құқықтарының бұзылуына, табиғи ресурстардың қарақшылықпен пайдаланылуына жол бермеу;

- кәсіпкерлік қызмет түрлерінің дамуын құрылымдық реттеу;

- аумақтық шағын бизнес кәсіпорындарын тіркеу тәртібін жеңілдету.

Ірі аймақтағы шағын кәсіпкерлік жөнінде аумақтық саясаты нақтылай жүзеге асыру үшін арнаулы ұйымдық құрылым жасау қажет. Мұның өзі жаңа бюрократтық аппарат құрылуын білдірмейді. Ең алдымен қала басқармасында бар құрылымдардың қызметін және шағын кәсіпорындар мен қарым-қатынастарын ретке келтіруді көздейді. Кейбір жағдайларда шағын кәсіпкерлікке неғұрлым пәрменді ықпал жасау үшін жұмыс істеп тұрған органдар негізінде жаңа арнайы орган да құрылуы мүмкін.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түсінуіміз қажет. Біз кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек, деген сияқты батыл үндеулер Елбасының Халыққа Жолдауында айтылған болатын. Сонымен қатар, Жолдауда шағын және орта кәсіпкерлікке байланысты Даму банкімен Инвестициялық қорға барлық кәсіпкерлердің қолы жете бермейтіндігін айтты. Сондықтан “шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры” өзіндік бір үлкен қаржылық нарыққа айналуға тиіс. Бұл қорға биылғы жылы республикалық бюджеттен қосымша 10 миллиард теңге бөлінген. Сонда шағын бизнес субьектілерін несиелеу мүмкіндігі 25 миллиард теңгеге дейін өсті. Шағын кәсіпкерлікті аймақтық дамыту, ең алдымен, өндірістік саланы көтеруге, шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымын дамытуға, жаңа жұмыс орындарының неғұрлым көп санын құруға, жергілікті атқарушы органдардың кәсіпкерлік ортамен неғұрлым жоғары деңгейде өзара іс-қимыл жасауына бағытталған болады. Бағдарламаның іс-шараларының негізінен аймақтық деңгейде жүзеге асырылатын болады. Аймақтық бағдарламалар мәслихаттардың сессияларында бекітіледі және жұмыстың шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымының элементтерін облыстық және аудандық деңгейлерде құру жөніндегі шаралар:

- халықтың, әсіресе, жұмыспен қамтылған неғұрлым қалың жіктерін кәсіпкерлік қызмет саласына тарату жөніндегі іс-шаралар;

- аяқталмаған құрылыс пен пайдаланылмай отырған объектілерді шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беру мәселелері;

- мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шаралар сияқты негізгі бағыттарын қамтуға тиіс.

Орта бизнес және шағын бизнес дамыту үшін бизнесті тек түрлі қырынан қарау аздық етеді. Онда инновациялық жаһандық әдістер, озық технологиялар қолданылуы керек. Жаңа өнімдерді өндіріп оны жаппай халық ішінде қолданысқа түсірген кезде өзгеріс болады.

Баламасы жоқ өнімді ойлап табуға өндірістік күш немесе саланы толыққанды игере алмаудың кесірі әсер еткен жағдайда Қытай секілді мемлекеттерден үлгі алуға болады. Яғни, кез келген өнімді ішкі нарықта өндіру арқылы, оның көшірмесін жасау арқылы да халықты жаппай қажетті өнімдермен қамтамасыз ету.

Шағын кәсіпкерліктің тиімділігінің басты факторы - олардың өнім өндіру облысында, сондай-ақ қолданылатын еңбек құралдары бойынша бір жақты мамандануы. Шағын кәсіпкерлік шектеулі номенклатурада (1-2 түрінен 5-7 түрге дейін) өнімдер өндіреді және бір мезгілде жоғары өнімділікпен ерекшеленетін бір жақты мамандандырылған құрал-жабдықтарды қолданады. Ол қысқа мерзімде өндіріс технологиясын және өндірістік үрдісті сапаландыруға ғана емес, сондай-ақ негізгі құралдардың ұдайы өндіріс процессін өзгертуге мүмкіндік береді. Шағын және орта кәсіпкерлік инфрақұрылымдық бөлімшелер құруға көп шығын жұмсауды қажет етпейді, яғни көлік шаруашылығын, арнайы коммуникациялар, жөндеу шаруашылығын және үлкен қоймалар ұстаудың қажеттілігі жоқ. Өндіріс көлемінің шағын болуы материалдық-техникалық жабдықтауды, сондай-ақ өнімнің дайындығына байланысты өткізуді жүзеге асыруды жылдамдатуға мүмкіндік береді. Ол еңбек ресурстарын тиімді пайдалануда да ерекше мәнге ие болады. Әсіресе, қосымша жұмыс орындарын құруға, адамдарға маман ретінде өздерінің шығармашылық қабілеттіліктерін жүзеге асыруға жағдай туғызады. Шағын және орта кәсіпкерліктің ел экономикасында маңызды орынға ие болуын және тиімді қызмет етуін оның келесі артықшылықтарымен түсіндіруге болады:

1) шағын кәсіпкерліктің икемділігі, өндірілетін өнімдердің тұтынушылардың талғамына сай тез бейімделу мүмкіндігі;

2) жергілікті ресурстарды пайдалану мен жергілікті нарықта қызмет етуі;

3) кәсіпорынды басқарудың қарапайымдылығы, ірі бюрократиялық құрылымның болмауы;

4) жұмыскерлердің және кәсіпорын басшысының жоғары нәтижеге жетуге деген ортақ мүдденің болуы, мотивацияның жоғарылығы;

5) ірі өндіріспен тиімді өзара әрекетте болу мүмкіндігі, яғни ірі кәсіпорындар арқылы қосалқы бұйымдар мен бөлшектерді өндірушілер және жеткізушілер ретінде әріптестік қатынаста болу;

6) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қажетті бастапқы капиталдың және жұмсалатын шығындардың салыстырмалы түрде аз болуы;

7) өндірісті жаңарту, жаңашылдықты енгізу, жаңа идеяларды жүзеге асыруға икемділігі.

Әлемдік тәжірибе шағын және орта рөлі бағалауға клмейтіндей жоғары екнің көрсетіп отыр. Ал мемлекет өмірінің барлық салаларына әсерін тигізеді: жұмысшылар саны бойынша, өндірілетін тауарларының көлемі бойынша, орындайтын жұмыстары мен көрсететін қызметтері бойынша жекелеген елдерде шағын және орта бизнес субъектілері маңызды рөль ойнайды. Экономика үшін шағын кәсіпорындардың толықтай қызметі оның икемділігінартырытын маңызды сұрақтар болып табылады. Тіпті, шағын және орта бизнестіңдаму деңгейіне байланысты, мамандар елдердің өзгермелі экономикалық жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін жталдайды. Қазақстан үшін шағын бизнестің қалыптасуы жоғары дамыған қоғамға, жоғары дамыған экономикаға өтетің көпір болуы қажет. Қиыншылықтар мен сәтсіздіктерге қарамастан шағын және орта бизнес даму үстінде, экономиклық, әлеуметтік, ғылыми-технологиялық мәселелерді щеще отырып қарқын алуда. Шағын және орта бизнесті дамыту келесі мәселелерді шешеді:

  • қоғамның және халықтың қажеттіліктерін жақсы қанағаттандыруға мүмкіндік береті, өркениетті бәсекелестік нарықтық қатынастардың қалыптасуы;
  • ассортименттің кеңеюі мен тауарлар мен қызметтердің сапасының артуы.

Тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылу арқылы, шағын бизнес қызмет көрсету мен өнім сапасының артуына мүмкіндік туғызады;

  • тауарлар мен қызметтердің нақты бір тұтынушыларға жақындауы;
  • экономиканың құрылымдық өзгеруіне әсер ету. Шағын кәсіпкерлік экономикаға өтімділік, икемділік береді;
  • өндірісті дамытуға халықтың өз ақшаларын тартуы. Шағын кәсіпорын иегерлері өз істеріне өз ақшаларын үлкен қызығушылықпен салады;
  • қосымша жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы;
  • адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, дарындарының ашылуына, әр түрлі қолөнердің дамуына ықпал етеді;
  • еңбек қызметіне ірі кәсіпорындар белгілі - бір шектеу қоятын халықтың жекелеген топтарын (үй жұмысымен айналысушылар, зейнеткерлер, мүгедектер, оқып жатқан адамдар) тарту;
  • меншік иелері, кәсіпкерлер, басқарушылардың әлеуметтік қатарларының қалыптасуы; ғылыми-техникалық дамуды жандандыру; жергілікті шикізат қайнары ірі кәсіпорындар қалдықтары қолдану және игеру;
  • ірі кәсіпорындарға комплетелетін бұйымдарды дайындау және жеткізу жолымен, көмекші және қызмет көрсету өндірісін құру арқылы әсер ету;
  • арендаға алу немесе сатып алу арқылы төмен рентабельді және тоқыраудағы кәсіпорындардан мемлекетті босату;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
5в050700 «Менеджмент» мамандығы 1-курс студенттері үшін іс-тәжірибеден өту туралы есебі
Педагогикалық практика бойынша есеп
Жұмыстың құндылығы
:Кәсіпкерлік пен бизнестің айырмашылығы
Ежелгі орыс мемлекетінің тууы және дамуы
Туристік кадрларды даярлаудың алғышарттары
Университеттің ғылыми кітапханасы
Педагогикалық тәжірибе бойынша есеп
Кәсіпкерлікті зерттеу мектептері
Нархоз. ҚазМБА. ҚазЭУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz