Мұхтар Әуезовтың өмірі туралы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
6В01301-Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
М.Әуезовтың қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесі
Орындаған: Егембердиева А.
Топ: ПМНО-20-1 У.С.
Аға оқытушы: Спаналиева Г.
Тараз 2020 ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ МҰХТАР ӘУЕЗОВ ТУРАЛЫ КӨЗҚАРАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Мұхтар Әуезовтың өмірі туралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 5
Мұхтар Әуезовтың педагогикалық идеясы мен мұралары ... ... ... ... ... ... ... 9
МҰХТАР ӘУЕЗОВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫН ЗЕРТТЕУ, ОНЫ ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДА ҚОЛДАНУ ... ... ... ... ... ... ... ... .13
М. Әуезовтың білім саласына педагогиалық ықпалы және балалар әдебиетіне қосқан үлесі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 8
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..29
КІРІСПЕ
Қай елде болмасын, халық мәдениетінің асқар шыңын, халық санасының шалқар жеңісі мен тұнық тереңін, рухани өмірдің ең жоғарғы күмбезін танытатын ардагер, абзал есімдер болады ғой. Сондай есім өткен ғасырда Абай болса, біздің заманда, көп ұлтты халық тәрбиелеп өсірген маңдай алды шоғырдың арасында Мұхтар Әуезов есімі ерекше көз тартады. Бұл есім бүгінде бүкіл әлем дүниесінің әйгілі де ардақты.
Заманымыздың заңғар жазушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің ХХ ғасырдағы биік шыңы - ұлы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің артында қалған ұланғайыр мұрасын зерделеп, ой елегінен өткізу үшін де әр дәуірдің, әр ұрпақтың өз айтар сөзі, таным-түсінігі болатыны сөзсіз. Егемен ел жағдайында ұлы жазушы мұрасына деген ілтипатымыз да осындай бір ұмтылыстың көрінісі болмақ. Ғасырлар бойы көшпелі тіршілікті бастан кешіріп, ХІХ ғасырдың бел ортасында жол айырығына келген қазақ өмірінің барлық әрі мен нәрін, сыны мен сырын, соры мен бағын теңдессіз тарихи тұлға Абай тағдыры арқылы әрі көркем, әрі түпсіз ой көзімен ашып берген суреткер туралы талай-талай ізденістер жалғаса бермек. Олай болатыны М.Әуезов шығармашылығы ғасырлық өлшемдердің аясына әлдеқашан именбей-ақ енген.
Ұлы жазушы, ғалым, қоғам қайраткері М.Әуезовтің көркем мұрасы біздің төл әдебиетіміздің ғана емес, бүкіл адамзат мәдениетінің де жетістігі. Оның шығармашылық қарымы ауқымды да бай. Романшы, драматург, ғалым, сценаршы, аудармашы - бұл ұлы қаламгер дарынының толық емес тізімі. Оның Абай туралы эпопеясы мен асқан шеберлікпен жазылған шағын әңгімелері, повестері ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің алтын қорына мәңгілік енді.
Қазақ халқының мәдени, әдеби даму тарихында жазушы, драмашы, публицист, зерттеуші, аудармашы әрі аса ірі қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің алатын орны ерекше.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов - қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері.
М.Әуезов - ауыз әдебиеті мен классикалық әдебиеттің, батыс пен шығыс көркем сөз мұрасының озық дәстүрін жете меңгеріп, қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиетінің реалистік сапасын арттыруға, әдеби тілді байытуға ересен зор еңбек сіңірген ХХ ғасырдың ұлы жазушысы. Шығармашылық сапары өткен ғасырдың алғашқы жылдарындағы дауылды дүрбелеңімен, яғни қазан төңкерісімен тұстас келген суреткер 20-жылдардың бас кезінде жазылған Қорғансыздың күнінен Абай жолы роман-эпопеясына, Еңлік-Кебек трагедиясынан Қарақыпшақ Қобыландыға, отызыншы жылдардағы әңгімесі - Білекке білектен - Өскен өркен романына, эпос, әдебиет тарихы туралы мақалаларынан КСРО халықтары әдебиетіндегі дәстүр мен жаңашылдық, ұлттық және интернационалистік сипат мәселелеріне арналған терең теориялық зерттеулеріне дейін ұзақ та жемісті жол кешті. Оның бүкіл қазақ әдебиетінің асқақ тұрған күмбезіндей Абай жолы роман-эпопеясы әлемдік даңққа ие болды. М.Әуезовтің таңдаулы шығармалары осы заман әдебиетінің жер жүзілік көлемде танылған жаңашылдығын зор қуатпен дәлелдеді.
Зерттеу нысаны: М. Әуезов шығармаларының бастауыш сыныптық білім мазмұнынан алатын ролі, тәрбиеләк мәні және тиянақты мазмұны.
Зерттеу мақсаты: Бұл зерттеу жұмысымның нақты мақсаты-жазушының балалар әдебиетіне қосқан мол үлесін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
Мұхтар Әуезовтың педагогикалық көзқарасы туралы түсінік беру.
Мұхтар Әуезовтың білім жүйесіне қосқан үлесі туралы түсінік беру.
Зерттеу әдістері: Ғылыми педагогикалық әдебиеттік әдістемелерді талдау, әңгімелеу, түсіндіру.
Зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздерін: М. Әуезов өмірі мен шығармашылығын зерттеген ғалымдардың еңбектері, сонымен қатар теориялық және жалпы әдістемелік сипаттағы материалдар құрады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, әр бөлімі тармақшалардан және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ КӨЗҚАРАСЫ
Мұхтар Әуезовтің өмірі туралы
Мұхтар Әуезов 1897 жылы 28 қыркүйекте бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс болысындағы Қасқабұлақ деген жерде, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы Шыңғыстау деген жерде дүниеге келген. Мұхтардың атасы Әуез ескіше сауаты бар, араб, парсы, ортаазиялық түркі әдебиетімен таныс кісі болған. Ол бала кезінде атасының үйретуімен арабша хат таниды. Мұхтардың әкесі Омархан да, атасы Әуез де Абай ауылымен іргелес отыратын, сыйлас көңілді, құдандалы, дос-жар адамдар еді. Абай ауылымен қатар болған аралас-қүраластық, ұлы ақынның шәкірттерімен және балаларымен бір ортада өсу жас Мұхтардың рухани жағынан өсіпжетілуіне игі әсерін тигізді. Жас Мұхтар хат танығаннан кейін-ақ атасының ықпалымен ауыз әдебиетінің үлгілерін, Абай өлеңдерін жазып алып, жаттап үйренеді. Классикалық түркі әдебиетінің жекелеген нұсқаларымен таныстығы да осы кезеңде басталған. Бұл жағдай алғыр ойлы, зерек баланың сөз өнеріне деген құмарлығын тым ерте оятады.
1908 жылы Мұхтарды немере ағасы Қасымбек Семейге алып келіп, орыс мектебіне түсіреді, осыдан кейін ол бес жыл қалалық училищеде, төрт жыл мұғалімдік семинарияда оқып, білімін көтереді. Осы тұста М.Әуезов орыс әдебиетінің шығармаларымен кеңінен танысады, өзі де қаламгерлік қадамын бастайды. Оның тұңғыш күрделі шығармасы -- Еңлік -- Кебек драмасы 1917 жылы, семинарияда оқып жүрген кезінде жазылды.
1919 жылы мұғалімдік семинарияны ойдағыдай бітіріп, Семей губерниялық атқару комитетінде ұлттар бөлімінің меңгерушісі, онан соң төрағасы болып қызмет істейді. М.Әуезов 1922 жылы Орынборда, Қазақ Орталық атқару Комитетінде жауапты қызметте болды. Бұдан соң Ташкентке келіп, қызметке орналасады, әрі Орта Азия мемлекеттік университетінде оқиды.
1923 жылы М.Әуезов Ленинград университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Еліміздегі ең атақты жоғары оқу орындарының 6 бірінде сабақ алу, аса көрнекті ғалымдардың дәрістерін тыңдау оның білім өрісін ерекше өсіреді. Семей губерниялық атқару комитетінің шақыруымен Мұхтар Әуезов 1924 жылы еліне оралып, қазақ педагогикалық техникумында сабақ береді. Ол осы жылы орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесіне толық мүше болып өтеді, көп ұзамай бөлімше төрағасының орынбасарлығына сайланады. 1924 жылдың қысында М.Әуезовтің басқаруымен Семейде Абайдың қайтыс болғанына жиырма жыл толуына арналған ғылыми жиналыс өткізіледі. Онық көркем прозадағы бір топ туындысы да осы кезең жемісі (Жетім, Барымта, Ескілік көлеңкесінде, Жуандық т. б.). Драматургия, аударма, сын-зерттеу еңбектері де қатарласа туып жатады. Бұған 1923 жылы жазылған Бәйбіше -- тоқал драмасы мен Қобыланды батыр, Қазақ әдебиетінің тарихы атты зерттеулері, Жердің жаратылысы жайындағы әңгімелер деген аудармасы мысал бола алады. М.Әуезов осы кезде ел арасынан, құйма құлақ қариялардан ауыз әдебиеті нұсқаларын, ең маңыздысы -- данышпан ақын Абайдың өлеңдерін үздіксіз жинап, жазып алып, жариялап отырды.
1925 жылы М.Әуезов Ленинград университетіне қайта келіп, үзілген оқуын жалғайды, оны 1928 жылы бітіріп шығады. Ленинградта оқыған кезінде М.Әуезов білімін жан-жақты кеңейтіп, тереңдетумен бірге жазушылық жұмыстарын да қатар жүргізді. Оның ендігі шығармаларында ескі қазақ ауылындағы таптық кайшылықтар мен күрестер сырын көрсету өткірлене түседі. Қарагөз трагедиясында Мұхтар бұрынғы казақ қоғамындағы әлеуметтік теңсіздікті, жастар басындағы еріксіздікті тамаша суреттеді. Қараш-Қараш оқиғасы (1927), Қилы заман (1928) повестерінде ел өміріндегі күрделі мәселелерді көтерді.
1928 жылы Ленииград университетін бітірген М.Әуезов Ташкентке келіп, орман техникумында әдебиеттен сабақ береді, 1929 жылы Орта Азия мемлекеттік университеті түркология кафедрасына аспирантураға түсіп, онда 1930 жылдың октябріне дейін болады. 7 Отызыншы жылдар -- М.Әуезовтің түрлі жанрда еңбек еткен тұсы. Бұл кезде ол ғылыми-зерттеушілік жұмысын оқытушылықпен берік ұштастырады, орта және жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арнап оқулықтар жазуға, хрестоматиялар құрастыруға қатысты.
Ауыз әдебиетін зерттеуді Мұхтар Әуезов шығармашылық мақсатта да жүргізген. 1934 жылы жазылған Айман -- Шолпан, одан біраз кейінірек туған Қарақыпшақ Қобыланды, Бекет пьесалары -- осындай игілікті ізденістердің нәтижесі. Абайдың әдеби мұрасын ұзақ тексеру Абай пьесасын жазуға әкелді. Мұның өзі жазушының әрқашан ғылыми және көркем творчествоны қатар алып жүргенін, бұл күрделі шығарма жасаудың белгілі бір шартына айналғанын көрсетеді. М.Әуезовтің отызыншы жылдардағы шығармашылығынан қазіргі заман тақырыбына жазылған еңбектері елеулі орын алады. Колхозды ауылдың жағдайын аралап көру, сана мен салттағы өзгерістердің сырына көз жіберу жазушыны жаңа ауыл өмірінен шығармалар жасауға шабыттандырды. Білекке білек, Үш күн (1934), Іздер, Шатқалаң (1935), Бүркітші (1937) атты әнгімелері сондай туындылар. Замана шындығын драмалық шығармаларда көрсетуге де М.Әуезов бұл тұста белсене кірісті. Октябрь үшін (1933), Түнгі сарын, Тартыс (1934), Тастүлек (1935), Алма бағында (1937), Шекарада (1938) тәрізді пьесаларда революциялық дәуір мен социалистік құрылыс жылдарының оқиғалары қамтылды.
М.Әуезовтің ең жақсы аудармалары да соғысқа дейінгі бесжылдықтар кезінде жасалды. Ол аударған Шекспирдің Отеллосы, Гогольдің Ревизоры, Погодиннің Аксүйектері, Треневтің Любовь Яроваясы казақ көркем мәдениетінің төл туындысындай жатық шықты. Кейінірек бұл аудармалар катарына Шекспирдің Асауға тұсауы, Тургеневтің Дворян ұясы қосылды. 40 -- 50-жылдар жазушының таланты жан-жақты кемелденіп, ең үздік шығармаларын берген кезі. М.Әуезовтің бұл мезгілдегі басты табысы -- төрт 8 кітаптан тұратын Абай жолы (1942-1956) роман-эпопеясы. Соныммен қатар суреткер қаламынан осы кезеңде көптеген очерктер, әңгімелер, повестер туды (Асыл нәсілдер, Түркістан солай туған т. б.). Елуінші жылдардың соңғы тұсында М.Әуезов осы заман тақырыбына бірнеше роман жазуды көздеп, үлкен жоспар жасайды. Осы мақсатпен ол қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Алғабас, Созақ, Түркістан, Мақтарал аудандарын аралап, халықтың тұрмыс тіршілігімен, мәдениет жағдайымен танысты, малшылыр, мақташылар өмірінен бірнеше очерктер жариялады. Өкінішке қарай, суреткер өзінің алдына қойған ұлы ниетін толық жүзеге асырып үлгермеді, төрт кітапқа мөлшерленген романның бірінші бөлімін ғана жазып қалдырды, ол шығарма Өскен өркен деген атпен жазушы қайтыс болғаннан кейін ғана басылып шықты.
М.Әуезов 1932 -- 1934 жылдарда Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтында, 1934 жылдан өмірінің соңына дейін С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) қазақ әдебиетінен лекция оқыды. 1951 -- 1953 жылдарда М.Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университеті КСРО халықтары әдебиеті кафедрасының профессоры болды. Жазушыға Абай романы үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығы, ал төрт кітаптан тұратын А6ай жолы роман-эпопеясы үшін Лениндік сыйлық берілді. Ол Қазақ ССР Ғылым академиясының толық мүшесі болды (1946). Ғылымды дамытудағы көп жылдық ұланғайыр қызметі үшін ол Қазақ ССРінің еңбек сіңірген ғылым қайраткері деген кұрметті атақты иеленді. М.Әуезов көптеген қоғамдық қызмет атқарды. Ол екі рет Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты (1955, 1959) болып сайланды. Совет Одағының Бейбітшілік қорғау комитетінің мүшесі ретінде ол халықаралық конфереренцияларға қатысып, өзінің жалынды, шыншыл сөзімен жер жүзінде баянды бейбітшілік орнату, әлемдегі прогресшіл күштердің ынтымағын арттыру үшін қызу ат салысты.
Мұхтар Әуезовтің педагогикалық идеясы мен мұралары
Әуезовтің мұраcының аса қомақты бөлігі - оның ғылыми зерттеулері. Ол қазақ ауыз әдебиетін жинақтап, жүйелеп, қазақ әдебиеті тарихы, Абайдың өмірі мен шығармашылығы, әдебиеттану мен фольклордың теориялықпроблемалық мәселелері жөнінде іргелі еңбектер жазды. Қоғам және мемлекет қайраткері ретінде Әуезов жиырмадан астам шет елдерде болып, адамзат қоғамының дамуы, рухани ынтымақтастық үшін өз көзқарасын білдірді. Әлем халықтары оның Абай жолы роман-эпопеясын айрықша құбылыс ретінде таныды. 1961 жылдың жиырма жетінші маусымында Мәскеу қаласындағы ауруханада қайтыс болды; Алматы қаласында жерленген. Сол жылы Қазақстан ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтына оның есімі берілді, одан кейін жазушы тұрған үйде мұражай-үйі (1963) ашылып, ескерткіштер орнатылды. Қазақ академиялық драма театры, Алматы, Астана, Семей және басқа қалалар мен облыстардағы аудан, ауыл, көше, мектептер Әуезов есімімен аталады. Мұхтар Әуезовтің туғанына 100 жыл толуы ЮНЕСКО-ның шешімімен, дүниежүзілік деңгейде (1997) аталып өтті. Туған жері -- бұрынғы Семей уезінің Шыңғыс болысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы). Әкесі Омархан мен атасы Әуез сауатты кісілер болған. Мұхтар атасының қолында өскен. Атасы Әуез бен әжесі Дінасылдың тәрбиесінде болған бала Мұхтардың алғаш сауатын ашушы да атасы. Соның арқасында ол алты жасынан Абайдың өлеңдерін ауылдастарына жатқа оқып беретіндей дәрежеге жетеді.
1908 жылы хазірет медресесінде оқып, одан орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы бес кластық орыс училищесіне түседі. Осы жерде оқып жүріп Дауыл атты алғашқы шығармасын жазады. 1915 жылы Семей қалалық мұғалімдер семинариясына қабылданады. Оқып жүргенде Шәкәрім Құдайбердіұлының Жолсыз жаза дастаны негізінде ЕңлікКебек пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде тіркестіріп тіккен киіз үй сахнасына шығарады. 10 1918 жылы М.Әуез Семей қаласының өкілі ретінде Омбы қаласында өткен жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Құрылтайда Алашорда үкіметі мен Алаш қозғалысының бағытын ұстанған Жас азамат атты Бүкілқазақстандық жастар ұйымы құрылады. Ұйымның белсенді мүшесі бола жүріп, Абай ғылыми-көпшілік журналын шығаруға (Ж. Аймауытовпен бірге) атсалысады.
1919 жылы -- Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің қызметкері, 1920жылдың ақпанынан бөлім меңгерушісі. Қазақ тілі газетінің ресми шығарушысы болып тағайындалады. 1921 жылы Семей облревкомының төралқа мүшесі, атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарады. 1921 жылғы қараша айында Қазақ АКСР-і ОАК-нің төралқа мүшелігіне сайланып, онда саяси хатшы міндетін атқарып, кадр мәселесімен айналысады. Мұхаңның Еңбекші қазақ газетіне басшылық жасайтын тұсы да осы кезеңмен дәлме-дәл келеді. Бір қыс Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінде, төрт жыл Ленинград университетінде оқып, филология факультетін бітіреді. Сол жылы Орта Азия университетінің Шығыс факультетінің жанындағы аспирантурада оқиды. Ұлттық теңсіздік пен сауатсыздықты, аштықты жою жөніндегі ашық пікірі мен шығармалары үшін ұлтшыл, алашордашыл атанып, саяси сахнадан шеттету басталған тұста Мұхаң бірыңғай шығармашылық жұмыспен айналысуға көшеді. Ғылыми жұмыстарды да қолға алады.
1930 жылы идеялық көзқарасы үшін тұтқынға алынады. Тергеу ұзаққа созылып, 1932 жылғы сәуір айында үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылады. Осы жылғы 10 маусым күнгі Социалистік Қазақстан және Казахстанская правда газеттерінде М. Әуезовтің Ашық хаты жарияланады. Онда Мұхаң өзінің қазақ әдебиетінің тарихы және Абай туралы зерттеулерінен, Қарагөз, Еңлік-Кебек, Хан Кене, Қилы заман сияқты шығармаларынан бас тартатынын мәлімдеуге 11 мәжбүр болды. Сонан кейін ғана ол түрмеден босатылып, оқытушылық жұмыспен айналысуға рұқсат алды.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1934-61 жылдар аралығында университетте ұстаздық қызмет атқарды. Қазақ әдебиеті кафедрасының негізін қалады. Осы жылдары студенттерге арнап Қазақ халқының ауыз әдебиеті, Қазақ әдебиетінің тарихы, Қазақ халқының суырыпсалма айтыс енері, Туысқан халықтар әдебиеті, Абайтану секілді жалпы және арнаулы курстардан дәріс оқыды, бұл курстардын оқу бағдарламалары мен оқу құралдарын, оқулықтарын жазды. Жазушы Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы бұл еңбегінің ҚазМУ-да бірнеше жыл бойы оқыған абайтану атты курстан құралып келген көлемді монография екендігін 1954 жылы 27 тамызда бұрынғы Семей облыстық Екпінді газетінің редакциясы қойған сұраққа жауап ретінде арнайы айтты. Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясының жазылу тарихында да оның университеттегі қызметінің алатын орны зор. Сөйтіп ол абайтану атты жаңа ғылымды ұлттық университетте осылайша қалыптастырды.
Қаламгер Қазақ университетінде қызмет ете жүріп, студент жастардың шығармашылық тұрғыдан өсіп-жетілуіне ерекше мән берді. Әсіресе әдеби бірлестік жұмысын жандандыру, онда талантымен көзге түскен жастарға қамқорлық көрсету, ақыл-кеңес беру арқылы студент жастардың шығармашылық белсенділігін өлшеусіз арттырды. Мұнын жарқын бір мысалы - Әуезовтің 1960 ж. 26 желтоқсанда ҚазМУ-да әдеби бірлестіктің ұйымдастыруымен өткен жастар поэзиясының кешінде сөйлеген сөзі (Жыл келгендей жаңалык. сеземіз). Кезінде жазушының өзі басшылық жасаған әдеби бірлестік 1961 жылдан бастап Әуезов атындағы әдеби бірлестік деп аталып, оның өмірін, шығармашылық қызметін, ұстаздық ұлағатын тану мен танытудың үлкен мектебіне айналды. Әр жылы желтоқсанның соңғы онкүндігі мен қыркүйектің соңғы он күндігі Әуезов күндері ретінде әдеби шығармашылық мейрамына айналған.
Филология факультетінде қызмет жасайтын Әуезов аудиториясы да ірі шығармашылық ұяға айналды. Онда өтетін түрлі ғылыми мәжілістер мен мәслихаттар, көрнекті ғалымдардың лекциялары - өзінің ғылымипрактикалық маңызының жоғарылығымен бағалы. Жазушының 100 жылдығы тұсында университеттің ғылыми кеңесінің мәжіліс залының төріне ілінген гобеленнен тоқылған үлкен бейнесі, филология факультетінің фойесіне қойылған үлкен қола мүсіні мен фойе қабырғасына орнатылған мемориалдық тақта М. Әуезов есімін университетте мәңгі қалдыру мақсатында жасалған іс-шаралар еді. Әуезовтің өмірі мен шығармашылық мұрасын оқып үйрену, таныптаныту ісінде университет студенттеріне оқытылатын жалпы және арнаулы курстардың атқаратын қызметі өте жоғары. Қазақ әдебиетінің тарихы, Әдебиеттану ғылымына кіріспе, Әдебиет теориясы, Мұхтартану, М. Әуезовтің шығармашылық шеберханасы секілді пәндер аясында жазушының шығармашылығы, шеберлігі, поэтикасы және шығармашылық еңбек психологиясы ғылымының қазіргі жетістіктері негізінде оқытылады. Аталған пәндердің оқу бағдарламалары мен оқу құралдары, оқулықтары Қазақстанның барлық университеттерінде бірдей қолданылуы Әуезовті тану мен танытудағы үлкен жетістіктерге жатады.
Университет студенттері Әуезовтің өмірі мен шығармашылық мұрасын оқып үйреніп қана қоймай, оларды зерттеуге де белсене араласады. Жыл сайын қаламгердің өмірі мен шығармашылығы жөнінде курс жұмыстары, диплом жұмыстары жазылады. Ғалымдар зерттеу еңбектерін жазып, кандидаттық, докторлык диссертацияларын қорғайды. 3. Қабдоловтың Менің Әуезовім, Р. Нұрғалиевтің Әуезов және алаш, Ж. Дәдебаевтың Мұхтар Әуезов, Ө. Күмісбаевтың М. Әуезов және Шығыс т. б. еңбектер 1997 жылдың жетістіктері. Бұған 1997 ж. 23-24 қыркүйекте өткен Мұхтар Әуезов және әлем әдебиеті атты халықаралық ғылыми симпозиумды және оның университет баспасынан жеке том болып шыққан материалдарын қосуға болады. Түркия, Өзбекстан, Кыргызстан, Қытай елдерінен келген 13 баяндамашылар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы қазақ ғалымдарына бұған дейін белгісіз болып келген ірі мәселелерді көтеріп, симпозиумның ғылыми-теориялық деңгейін арттыра түсті.
ҚазМУ ғалымдарының Әуезовтің өмірі мен шығармашылық өнері туралы мақалалары Қазақ университеті газетінде, республикалық газеттер мен журналдарда, шетелдік басылымдарда жарық көрді. Солардың ішінде 3. Қабдолов пен Ж. Дәдебаевтың Анкарада түрік тілінде шыққан Мұхтар Әуезов хақында мақалалар атты кітапта жарияланған мақалалары Әуезовті түркі әлеміне жана қырынан танытуға жол ашты. Сонымен қатар Қазақ радиосы мен теледидарында бірнеше хабар ұйымдастырылды, университеттің телестудиясында Мұхтар Әуезов және әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті атты 40 минуттық бейне фильм жасалып, орталық теледидардан көрсетілді. Ол 1961 жылы 27 маусымда Мәскеу қаласындағы Кремль ауруханасында операция кезінде қайтыс болды.
1961 жылы қайтыс болғаннан кейін Республика Үкіметі қаулы қабылдап, ұлы жазушының есімін мәңгі есте қалдыру мақсатымен Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институты мен Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрына Мұхтар Әуезовтың аты беріледі, әдеби мемориалдық мұражайы ашылып, бірқатар мектеп, көше және Алматының бір ауданы М.Әуезов атымен аталды.
МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫН ЗЕРТТЕУ, ОНЫ ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДА ҚОЛДАНУ
М. Әуезовтің білім саласына педагогиалық ықпалы және балалар әдебиетіне қосқан үлесі
Мұхтар әуезов - қазақ халқының ұлттық мәдени мұраларын жоғары бағалап, рухани байлығын ұлылықпен ашып көрсете білген, қазақ халқын бүкіл әлемге танытқан ғұлама жазушы. Ол қазақ этнопедагогикасының бір негізі - ауыз әдебиетін жан-жақты терең зерттеп, халық педагогикасын қадірін халыққа таныта білді. М.Әуезов ең әуелі батырлық жырлар мен ғашықтық жырлардың халықты тәрбиелейтін қасиеттерін ашып "Қыз Жібек", "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" сияқты ғашықтық жырлардағы қазақтың салт-дәстүрлерінің қайырымды қасиеттерін толғап, таңдап, мөлдір махаббат пен табанды күрескерлікті жастарға үлгі етіп көрсетеді. Қазақ халқының ақындық, өнерпаздық қасиеттерін рухани мұра ретінде ұрпаққа ұлағаттылықпен ұсынды. Батырлық жырлардың әлемдік әсем нұсқаларын, әсіресе, қырғыз халқының "Манас" эпосын қазақ эпосымен салыстыра зерттеген ғалым, эпостық ұлы шығармалардың қазақ ауыз әдебиетінде мол екенін дәлелдеп, қазақ халық педагогикасының кереге-қабырғасы кең екенін кейінгі зерттеушілерге айқындап береді. Халық педагогикасының ауқымды бір саласы - ертегілер. Ұлы ұстаз ертегілердің тәрбиелік мәнін терең ашып, "Адамдағы кемдікті, мінді бадырайтып, ұлғайтып, жиреншікті етіп көрсету үшін, хайуанның мінезқұлқын дәл адамның мінез-құлқындай етіп сурет әсерлі болады"- деп көрсетеді.
Педагог жазушы:... "Ертегілердегі аса мол атаулар, ұғымдар, ақындық, образдық, стильдік теңеу сөздер қазақ хлқының тілін байытады" - дейді. Сөз зергері, халқымыздың мақтанышы Әуезов Мұхтар Омарханұлының педагогикалық мұрасына үңілер болсақ, ұлы жазушының 15 қазан төңкерісінен кейінгі жылдары баспасөз беттерінде педагогика, әдістемелік ғылымдар және халық ағарту ісінің толып жатқан өзекті мәселелерін көтергенін көреміз. Әуезов Мұхтар ғұлама ғалым ғана емес, ұлағатты ұстаз да еді. Сонымен қатар оның жасаған құнды шығармалары қазақ халқының тарихын, өмірін, мәдениетін, тәлім-тәрбиесін, ұлттық мінезін бүкіл әлемге паш етті. Олай дейтініміз, Әуезовтың оқу-ағарту және тәрбие саласына арнап жазған ғылыми-әдістемелік еңбектері мен оқулық кітаптары, мақалалары ұшантеңіз.
Мұхтар Омарханұлы жиырма жасында-ақ ғылымға, оқу-ағарту ісіне, мәдениетке көп көңіл бөліп, оны өз еңбектерінде анық та айқын көрсете білді. Атап айтар болсақ, олардың қатарында - Қайсысын қолданамыз, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz