ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСІ ӘРЕКЕТ ЕТУ ҚАҒИДАТТАРЫ
Титулка үшін
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНЫҢ КЕҢІСТІКТЕГІ ӘРЕКЕТТЕУІНІҢ ТҮСІНІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
0.1 Кеңістік ұғымы мемлекеттік шекара түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
0.2 Заңның әрекет ету түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСІ ӘРЕКЕТ ЕТУ ҚАҒИДАТТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.1 Қазақстан Республикасының территориясында басталған, жалғастырылған қылмыстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.2 Қазақстан Республикасының шекарасынан тыс жасалған қылмыстар үшін жауаптылық ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
КІРІСПЕ
Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік, саяси даму сатылары заңның дамуына да елеулі ықпал ететіні анық. Осындай даму жолында әр түрлі жағымсыз құбылыстар кездесіп жататыны да заңды. Олардың қатарында қылмыстылық атты қоғамдық құбылысты жатқызуға болады. Бұл орайда, адам мен азаматтың, мемлекеттің мүдделерін қылмыстық әрекеттерден қорғау, қоғамның қалыпты қызмет етуін қамтамасыз ету мен қылмыстылықтың алдын алу міндеттерінің қылмыстық заңға жүктелгені белгілі. Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық заң қылмыстылықты жою мен оның алдын алуда дер кезінде жауап беруге қабілет танытып, өз қызметін атқарады.
Бұл талапты қанағаттандыру барысында қылмыстық заңның уақыттағы және кеңістіктегі күшіне байланысты мәселелер де өзінің құрылымына және онда қарастырылатын мәселелердің түріне қарай теориялық және практикалық тұрғыдан өзекті болып танылады.
Қылмыстық заңның уақыттағы және кеңістіктегі күшінің теориялық тұрғыдан өзектілігі осы тақырып бойынша қылмыстық құқық теориясында келтірілген шешімдер мен ұсыныстардың қылмыстық заңды жетілдіру бағытындағы қызметте қолданылуынан көрінеді. Сонымен қатар, қылмыстық-құқықтық нормаларды іске асырудың теориясы мен практикасының тарихи тұрғыда дамуын зерттеу, күшіне енген заңды қазіргі жағдаймен үйлестіру де ауқымдылығымен көзге түседі.
Кез келген заңның күші уақыт, кеңістік сияқты ғылыми категориялармен байланысты. Өйткені, заңның қолданылу шегі бар: ол белгілі бір уақыт ішінде және белгілі бір кеңістікте адамдарға қатысты қолданылады, ал қылмыстық заң болса, заңмен көзделген қылмысты іс-әрекеттерді жасаған адамдарды жауаптылыққа тартуды көздейді. Егер оның жасағаны қылмыс болса, қанша уақыт өтсе де, заң негізінде жүргізіледі. Бірақ заң мәңгі емес, ол уақыт өткен сайын өзгеріп отырады. Мәселен, кеңестік және қазақстандық қылмыстық заңнаманы салыстыру кезінде екі заң арасында сәйкес емес тұстардың көптігі назар аудартады.
Жұмыстың өзектілігі. қылмыстық жауаптылықтың негізі мен принциптерін бекітетін, қоғамға қауіпті әрекеттердің қайсысы қылмыс болып табылатынын және оларды жасағаны үшін қандай жазалар қарастырылатынын анықтайтын, сонымен бірге қандай жағдайларда қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босату мүмкін екендігін белгілейтін заң нормаларынан құрылған.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасы аумағында қылмыстық заңдар мен өзге де нормативті құқықты сақтау болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматының саяси, әлеуметтік жеке құқықтары мен бостандықтарын толыққанды қамтамасыз етуге бағытталады, сонымен қоғам мен мемлекеттің мүддесін, азамат пен бейбітшілікті қорғау мақсатында қылмыспен күрес болып табылады.
Осыған сәйкес курстық жұмыстың міндеті:
# Қылмыстық заңның кеңістіктегі әрекеті негізгі түсінігіне, заңның әрекет ету белгілері мен түрлеріне тоқталу және сипаттама беру;
# ҚР басталған және жасалынған қылмыс түрлерін қарастыру;
# ҚР шекарасынан тыс жерде жасалынатын қылмыс түрлерін анықтау болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. жазалау қатерімен тиім салу арқылы адамның жеке басына, қоғамға, мемлекетке кінәлі түрде зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін туғызатын қылмысты әрекетті істеуге тиім салу болып табылады.
Заң- заң шығаратын билік органы қабылдаған және өзінде құқықтық шараларды жинақтаған нормативті акт екені белгілі.
Курстық жұмыстың объектісі - қылмыстық заңдар болып табылады.
Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасы қылмыс және нормативтік құжаттары.
Курстық жұмыстың құрылымы. Аталған тақырыпқа жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНЫҢ КЕҢІСТІКТЕГІ ӘРЕКЕТТЕУІНІҢ ТҮСІНІГІ
2.1 Кеңістік ұғымы мемлекеттік шекара түсінігі
Қылмыстық заңның күші белгілі бір аумақ бойынша шектелген. Осыған байланысты оның күші тарайтын белгілі бір кеңістіктің анықталуы қатаң мақсатты сипатқа ие. Бұның мәні біріншіден, Қылмыстық кодекстің қылмыстан қорғау және сактандыру сияқты негізгі міндеттерінің орындалуымен байланысты; екіншіден, қылмыстық заңның кеңістіктегі күші мәселесінің заңдылық, азаматтардын, заң мен сот алдындағы теңдігі немесе қылмыстық жауаптылықпен жазадан құтылмайтындық сияқты қылмыстық құқық қағидаттарынын іске асырылу міндеттерімен анықталатындығында; үшіншіден, бұл мәселелерді шешуге әсер ететін халықаралық құқық нормаларының және тиісті конвенциялардың болғандығында. Мұнда мемлекеттік шекара, сол сияқты азаматтықтың түсінігін беретін конституциялық құқықтың нормалары да елеулі роль атқарады. Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші жөніндегі нормаларда жүйелі түрде мынадай екі қағидат: аумақтық және азаматтық қағидаттар жүзеге асырылады.
ҚК-тің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған адам ҚР ҚК бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылуға тиіс.
Казақстан Республикасының 1993 жылғы 13 каңтардағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы заңының 1-бабына сәйкес, Республика аумағының шегін құрғақ құрлық, су, жер қойнауы және әуе кеңістігі шегін айқындайтын сызық және осы сызық бойынша өтетін беткі қабат құрайды. Мемлекеттік шекара Қазақстан Республикасының Парламентімен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерімен анықталады.
Мемлекеттік шекара былай белгіленеді:
құғақ аумаққа -- жер бедерінін сипатты нүктелері және сызықтары жатады;
су аумағына -- Қазақстан Республикасының ішкі суларынан басқа, аумақтық теңіз жағалауындағы теңіз суларының кеністігі жатады;
әуе кеңістігі аумағына -- Қазақстан Республикасының құрлық жәненемесе су аумағы үстіндегі аспан кеңістіктері жатады.
Каспий теңізіндегі ішкі су аумақтарына жататын акватория Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерімен анықталады.
Қылмыстық заң Республикамыздың құрлықтық шельфінде және ерекше экономикалық аймағында жасалған қылмыстарға да қолданылады (ҚК-тің 6-бабының екінші бөлігі)
Шельф -- аумаққа тиесілі судың астыңғы (200 м және одан да терең) және үстіңгі кеңістігі болып табылады.
Қойнау (жер қойнауы) -- шаруашылық және басқа да қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін пайдаланылатын құрлық және су аумағындағы кеңістік -- табиғи ортаның бір бөлігі (жер қойнауының астыңғы және үстінгі қабатындағы пайдалы қазбалар, өнімдер).
ҚК-тің 6-бабының үшінші бөлігінесәйкес Қазақстан Республикасының портына тіркелген, Қазақстан Республикасының шегінен тыс ашық су немесе әуе кеңістігінде жүрген кемеде қылмыс жасаған адам, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе КР ҚК бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Қазақстан Республикасының әскери кораблінде немесе әскери әуе кемесінде қылмыс жасаған адам да оның қай жерде болуына қарамастан ҚР ҚК бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.
Дипломатиялық өкілдермен және иммунитетті пайдаланатын өзге де азаматтармен қатынасқа түскен сәттен бастап қылмыстық заң, аумақтық қағидаттарға сүйеніп және соған сәйкес іске асырыла бастайды.
ҚК-тің 6-бабының төртінші бөлігінде шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдерінің және иммуниттеті пайдаланатын өзге де азаматтардың қылмыстық жауаптылығы туралы мәселе осы адамдар Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған жағдайда халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешіледі делінген.
Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдері мен қызметкерлеріне берілген құқықтар мен артықшылықтардың жиынтығы -- дипломатиялық иммунитет деп аталады.
Дипломатиялық иммунитет мәселелерін реттейтін халықаралық құқықтың нормалары 1961 жылғы дипломатиялық қатынастар туралы Вена Конвенциясында кодификацияланып, бекітілген.
Шет мемлекет өкілдерінің иммунитеті -- дипломатиялық өкілдердің тұрғын-жайларына қол сұғылмаушылықты белгілейді. Дипломатиялық өкілдердің келісімінсіз олардың тұрғын-жайларына мемлекет тарапынан кіруге болмайды. Шет мемлекеттін Қазақстан Республикасы аумағында дипломатиялық иммунитетке ие болған дипломатиялық өкілдері жене басына қол сұғылмаушылықты қолдана алады, яғни өкілдіктің басшысын қамауға немесе ұстауға, оны сот тәртібімен қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
Дипломатиялық және консулдар өкілдіктері туралы ережеге сәйкес жеке басына қол сұғылмайтындығы иммунитегін елші, өкіл, сенімді өкіл және дипломатиялық өкілдіктіңбасқа да мүшелері: кеңесшілер, сауда өкілі және оның орынбасары, әскери, әскери-теңіз, әскери-әуе атташелері және олардың көмекшілері; бірінші, екінші және үшінші хатшылар, архивариус-хатшылар пайдаланады. Жеке басына қол сұғылмаушылық және қылмыстық жауаптылық иммунитеті құқығын олардың өздерімен бірге тұратын Қазақстан Республикасының азаматы болып танылмайтын отбасы мүшелері де пайдаланады.
Осы негіздерге сәйкес, сондай-ақ еліміздің азаматы болып танылмайтын әкімшілік-техникалық қызметшілер және олармен бірге тұратын, отбасы мүшелері болып табылатын адамдар да осындай иммунитетті пайдалана алады. Бірақ мұндай құқықты тек қызмет барысындағы міндетті атқару кезінде қылмыс жасаған реттерде ғана пайдалана алады. Әрине, мұндай құқық, дипломатиялық өкілдіктердің қызметтерінде өз иммунитеттері пайдаланып, заңсыз әрекеттер жасасын дегенді білдірмейді. Заң осы аталған адамдардың қылмыстық жауаптылығы дипломатиялық жолмен шешілетіндігін белгілейді.
ҚР Президентінің 1995 ж. 19 маусымдағы Қазақстан Республикасындағы шет ел азаматтарының құқықтық жағдайлары туралы з. к. б. Жарлығының 28-бабына сәйкес мұндай адамдар белгілі бір уақыт ішінде Қазақстан Республикасы аумағынан кетіріледі.
ҚК-тің 6-бабының екіншібөлігінесәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында басталған немесе жалғастырылған не аяқталған әрекет Қазақстан Республикасының аумағында жасалған қылмыс деп танылады. Мысалы, шпионаждық әрекеттің жасалған орны ҚК-тің 166-бабында қарастырылған әрекеттердің біреуі болса да жасалған орын болып есептеледі; мемлекеттік құпияны құрайтын мәлімет Қазақстан аумағында ұрланып, басқа мемлекетке берілген болса да, кінәлі адам қылмыстық жауаптылыққа Қазакстан Республикасынын Қылмыстық кодексі бойынша тартылады.
Егер қылмыс істеуге даярланғандық немесе қылмыс істеуге оқталғандық шекарадан тысқары жерде жүзеге асырылып, біздін елімізде аякталса, қылмыс Қазақстан Республикасының аумағында жасалған деп танылады. Осы секілді қылмысқа қатысу, қылмысты ұйымдастыру немесе қылмыс жасауға азғырушылық әрекеттері үшін де жауаптылық дәл осындай тәртіппен белгіленеді.
Қылмыстық занның кеңістіктегі күші аумақтық қағидаттармен ғана шектеліп қоймайды. Ол Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған ҚР азаматтарына колданылатын азаматтық қағидаттармен де толықтырылады.
Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заңы төмендегілерді орнықтырды:
осы Заң күшіне енгізілген күнге дейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын:
осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады. Осы заңның 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы территориясындағы және оның азаматтары емес адамдар барлық құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдары мен мемлекетаралық шарттарында белгіленген барлық міндеттерді атқарады, бұған олардың Қазақстан Республикасының шарттары мен мемлекетаралық шарттарында белгіленіп алып тасталғандары қосылмайды.
Қылмыстық Заңның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы ҚК-тің 7-бабымен анықталуы: Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары, егер олар жасаған әрекет ол аумағында жасалған мемлекетте қылмыс деп танылса, егер бұл адамдар басқа мемлекетте сотталмаған болса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Аталған адамдарды соттау кезінде жазаны аумағында қылмыс жасаған мемлекеттін заңында көзделген санкцияның жоғары шегінен асыруға болмайды. Азаматтығы жоқ адамдар да осындай негіздерде жауапты болады.
Басқа мемлекеттің аумағында қылмыс жасаған адамның соттылығының және өзге де қылмыстық-құқықтық зардаптарының, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе немесе басқа мемлекеттің аумағында жасалған қылмыс Қазақстан Республикасының мүдделеріне қатысты болмаса, бұл адамның Қазақстан Республикасы аумағында жасаған қылмысы үшін қылмыстық жауаптылығы туралы мәселені шешу үшін қылмыстық-құқықтық мәні болмайды.
Қазақстан Республикасының одан тыс жерлерде орналасқан әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері шет мемлекеттің аумағында жасаған қылмысы үшін, егер Казақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған шетелдіктер қылмысы Қазакстан Республикасының мүдделеріне қарсы бағытталған жағдайларда және Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген жағдайларда, егер олар басқа мемлекетте сотталмаған болса және Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық жауапқа тартылса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс.
Қылмыстық заң белгілі бір техникалық ережелерге негізделген заң шығарушының еркін білдіретін өзіндік нысаны бар құрылымға ие. Қылмыстық кодекстің Жалпы және Ерекше бөлімдері баптарға бөлінген. Әр бап тиісті санмен нөмірленген бір немесе бірнеше бөліктерден тұрады және бөліктер мазмұны мен сипатына және жазалау түріне қарай әр түрлі болып келеді. Сондықтан, іс жүргізу құжаттарында тек баптың өзін ғана емес, сонымен қатар оның бөліктерін де ескеру қажет. Құқықтық норманың құрылымы мынадай үш түрлі элементтен тұрады: гипотеза, диспозиция және санкция.
'''Гипотеза''' қылмыстық заңда негізінен жалпы бөлі мге қатысты. Яғни, құқық нормалары қолданатын гипотезаны, қылмыстық заңда жалпы бөлім баптары іске асырады. Мысалы, белгілі бір адам занда көрсетілген жасқа толып, қылмысты қасақана немесе абайсыздықпен жасаса және қылмыс жасаған сәтінде жауаптылыққа қабілетті болып танылса, қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
2. '''Диспозиция''' -- нақты қылмыстық қол сұғушылықтың белгілеріне сипаттама береді. Диспозиция өзінін құрылым ерекшеліктеріне байланысты жай, сипаттамалы, бланкеттік және сілтемелі болып негізгі төрт түрге бөлінеді:
Жай диспозиция қылмыстық іс-әрекеттін атын ғана атап, оның нақты белгілерін ашып көрсетпейді. Мысалы, ҚК-тің 125-бабындағы "Адамды ұрлау", 261-бабындағы "Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға кендіру ", 389-бабындағы "Әскери мүлікті жоғалту".
Сипаттамалы диспозиция деп қылмыстың барлық белгілерін заңның өзінде-ақ, нақты көрсететін диспозицияны айтамыз: ҚК-тің 175-бабындағы "Ұрлық", 120-бабындағы "Зорлау ", 237-бабындағы "Бандитизм".
Бланкеттік диспозиция бойынша бапта көрсетілген нақты қылмыс құрамын анықтау үшін басқа заңдарға немесе нормативтік актілерге, жарлықтар мен үкімет қаулыларына, бұйрықтар мен ережелерге, нұсқауларға жүгінеді. Бұлар қылмыстық құқықтың басқа салалармен тығыз байланысты екендігінің айқын дәлелі. Қылмыстық заңның талаптарын орындау басқа заңдармен не басқа актілермен де анықталады. Бланкеттік диспозицияның мысалы ретінде мынадай баптардың диспозициясын көрсетеміз: ҚК-тің 152-бабы "Еңбекті корғау ережелерін бұзу", ҚК-тің 284-бабы "Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфі туралы және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңдардың бұзылуы".
Сілтемелі диспозиция қылмыстың белгілерін қамтымайды, керісіңше қылмыстық заңның басқа, тиісті бабына немесе оның белгілеу сілтеме жасайды. Мысалы, ҚК-тің 106-бабындағы "Ұрып соғу", 107-бабындағы "Азаптау", 297-бабындағы "Жол-көлік оқиғасы болған орыннан кетіп қалу".
3. '''Санкция''' -- ерекше бөлім баптарында белгіленген жазаның түрі мен мөлшерін анықтайды. Қылмыстық заңның баптарында санкцияның екі түрі қолданылады: салыстырмалы-айқындалған (относительно-определенные) және балама (альтернативные).
Салыстырмалы айқындалған санкция жазаның түрін және мөлшерін көрсетеді. Оны екі негізгі түрге бөлуге болады: жазаның жоғарғы және төменгі шегін анықтайтын санкция. Алдыңғысының мысалы: ҚК-тің 101-бабының бірінші бөлігі "Абайсызда кісі өлтіру", 134-бабының бірінші бөлігі"Баланы ауыстыру", және т. б. баптар бола алады.
Тағайындалған жазаның ең төменгі мөлшері болып жазалаудың ен төменгі шегі айтылады. Жазаның төменгі шегінің мөлшері егер жаза түрі бас бостандығынан айыру болса -- 6 ай, бас бостандығын шектеу болса -- 1 жыл, қамауға -- 1 ай, айыппұлға -- Қазақстан Республикасы Зандарымен белгіленген жиырма бес айлық есептік көрсеткіш болып белгіленеді. Салыстырмалы-айқындалған санкцияның екінші түрінің мысалына ҚК-тің 162-бабы "Жалдамалылық", 181-бабының екінші бөлігі "Қорқытып алушылық", 241-бабы "Жаппай тәртіпсіздіктер" сияқты баптарының санкцияларын жатқызуға болады.
Балама санкция Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарындағы жазаның екі немесе одан да көп түрлерінің тек біреуін ғана қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру үшін балама жаза болып, бас бостандығын шектеу, қамау немесе бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкін (ҚК-тің 98-бабы). Атыс қаруын ұқыпсыз сақтау (ҚК-тің 253-бабы) түзеу жұмыстарына немесе қамауға не бас бостандығынан айыруға жазаланады. Қылмыстық заңның ерекше бөлімінің баптарындағы диспозицияның бар болуы немесе санкция түрлерінің бекітілуі мұкият ойластырылған. Оларды қылмыспен күресуде дұрыс пайдалану, қылмыстық нормаларды қолданудың нәтижелі болуына мүмкіндік туғызады.
Көршілес одақтас елдердің азаматтарының еркін жүріп-тұруы тәжірибеде қылмыстық заңдардың кеңістікте қолданылуына қатысты ережені нақты іске асырумен байланысты көптеген проблемаларды әкелді. Қазақстан Республикасы қылмыстық заңның кеңістіктегі күшінің қағидаларын танып қана қоймай, олардың халықаралық құқық талаптарына сай орындалуын мемлекеттік қадағалауды өз міндеттерінің бірі ретінде қарайды және оған жауап беруге әрқашан дайын болуды мойнына алып отыр. Кез-келген еркін елдер секілді Достастыққа мүше мемлекеттер өз аумағының барлығына толық билік етеді, ешқандай мемлекеттің билігі оның аумағында жоғары биліктің қызметін иемдене алмайды. Бұл қылмыстық заңның кеңістікте әрекет етуінің аумақтық қағидасы Достастық мемлекеттерінің барлығының дерлік заңдарында негізгі қағида ретінде бекітілген. Халықаралық құқықтың белгілі қағидаларын басшылыққа алу халықаралық құқық субъектілерінің өзара келісіп қызмет етуіне көмегін тигізеді. Мысалы, халықаралық қылмыстық құқықта қылмыскерлерді ұстап беру бойынша жалпы ережелер бекітілсе, әрбір нақты іс бойынша туындаған мәселелер ұлттық қылмыстық құқықта қылмыскерлерді ұстап беру бойынша жалпы ережелер бекітілсе, әрбір нақты іс бойынша туындаған мәселелер ұлттық қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарында пысықталады. Халықаралық шарттарда іс-әрекеттің қылмыстылығы мен халықаралық қылмыстар құрамының объективтік және субъективтік белгілері анықталса, ұлттық қылмыстық құқық халықаралық қылмыстар мен халықаралық сипаттағы қылмыс жасағандарға жаза тағайындауды реттейді және осы құқықтың өзінің мемлекеттің аумағында қолданылуының шектерін белгілейді.
Мемлекеттер арасындағы құқықты қолдануға байланысты мәселелерді анықтаған кейін, қылмыстық заңды кеңістікте қолданудың аумақтық қағидасын шет елдерде қолдану ерекшелігін ашу маңызды. Ол кезде бізді алдымен қылмыс жасау орнын анықтау қызықтырды. Себебі, шет елдердің қылмыстық заңдарында қылмыс жасау орнын анықтауға қатысты назар аударуға тұрарлық жағдайлар бар.
Польша қылмыстық заңы қылмыстық заңның кеңістікте әсер етуін өзінше реттеуге талпынған. Ол бойынша шет елде үкімнің шығарылуы Польша сотының қайтадан қылмыстық ізге түсуіне кедергі бола алмайды. Яғни бұл елдің заңы да халықаралық құқық ережелерін өзінше икемдеуге ұмтылған.
Белорусь Республикасының қылмыстық заңының 6-бабының 3-бөлігінде БР ҚК-нің қылмыс орнына қарамастан халықаралық шарттарда және осы бапта көрсетілген қылмыстарды жасағандардың тартылатыны жазылған. Бұл мәселенің шешімі Украина, Литва республикасында да осындай.
Аумақтық қағида бойынша Қазақстан Республикасы аумағында жасалған кез-келген қылмыстық жазаланатын іс-әрекет үшін жауаптылық ҚР ҚК бойынша туындайды.
Қазіргі уақытта мемлекеттердің халықаралық қызметінің қалыпты қызмет етуін қамтамасыз ету үшін қылмыстық заңдарда дипломатиялық өкілдер мен иммунитетті пайдаланатын адамдардың қылмыстық жауаптылығы мәселесі жан-жақты бекітілген. Мәселен, Жапония елінің қылмыстық заңында қылмыстық заңның кеңістіктегі күшінің аумақтық қағидасының шектеулері нақты көрсетілген. Олар екі топқа бөлінеді: біріншіден, ұттық құқықтан туындайтын:
а) император;
б) парламент депутаттары; екіншіден, халықаралық құқықтан туындайтын:
а) шетелдік монархтар, президенттер, олардың отбасы мүшелері мен жапон азаматтары емес күтушілері;
б) шетелдік дипломатиялық өкілдер, олардың қызметкерлері, отбасы мүшелері, жапон азаматтығы жоқ жалдамалы жұмысшылары мен күтушілері;
в) Жапонияда тиісті келісім бойынша жүрген шетелдік әскерлер мен әскери кемелердің оларды қызметкерлерінің иммунитеті.
Ресей Федерациясы Қылмыстық Кодексі мен Қылмыстық істер жүргізу кодексіне халықаралық шарт нормаларының нақты енгізілгені назар аудартады. Біздің де қылмыстық кодекс осыған ұқсас. Ол ҚР ҚК-нің 6-бабының 4-бөлігінде көрсетілген, жауаптылыққа тартудың ерекшеліктері ҚР ҚІЖК-ның 53-бөлімінде Қылмыстық ізге түсуден артықшылықтары мен иммунитетттері бар адамдардың істері бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері атты бөлімінде бекітілген. Иммунитет сөзінің мәні оны пайдаланатын адамдардың қылмыстылығы мен жазаланушылығын жоққа шығаруда білдірмейді. Ол осы мемлекеттің аумағында қылмыс жасаған жағдайда шетелдердің дипломатиялық өкілдері мен иммунитеті бар өзге де адамдардың қылмыстық жауаптылығы мәселенің халықаралық шарт нормалары негізінде шешілетін көрсетеді. Мәселен, Қазақстан мен Ресей Үкіметтері ҚР-ның РФ-да, РФ-ның ҚР-да дипломатиялық өкілдері мен консулдық мекемелерін орналастыру үшін тараптар бір-біріне ғимараттар мен жер участкелерін 49 жылға белгілі бір мөлшердегі жалға беру ақысы негізінде жалға беретіндігіне келісті. Яғни, жалға алған ғимараттар мен жер телімдері ол мемлекеттердің аумағы болып есептелмейді. Қазіргі кезде Байқоңыр кешені жалға беру шартының негізінде Ресейдің пайдалануында болғанмен, ол қала жалға беру шарттары бойынша қызмет ететін ҚР-ның әкімшілік-аумақтық бірлігі.
Уақытқа қатысты қылмыстық іс жүргізу заңы қылмыстық сот ісін жүргізу, іс жүргізу әрекетін орындау, іс жүргізу шешімін қабылдау кезіне дейін күшіне енген қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес жүзеге асырылады. (ҚР ҚІЖК 5-бабы).
Ережеге сай, заңның іс жүргізу әрекетіне ену сәті заңның ӛзінде белгіленеді (ҚР ҚІЖК 1998 жылдың 1 қаңтарында іс жүргізу әрекетіне және занды күшіне енген болатын).
Кеңістіктегі Қылмыстық іс жүргізу заңы -- бұл оның Қазақстан Республикасының барлық аумағында әрекет етуі. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстык сот ісін жүргізу қылмыс жасалған жерге қарамастан ҚІЖКке сәйкес жүргізіледі (ҚР ҚІЖК 3-бап). Қазақстан Республикасы аумағы қуаң далалық, әуелік, теңіздік, зендік кеңістік және құрлықтық шельф пен айрықша экономикалық аймақ болып саналады.
Бұған қоса, Қазақстан Республикасы аумағына біздің мемлекеттің шетелдегі елшілігі мен ӛкілдігі, Қазақстан Республикасы туымен жүретін әуе және теңіз соты да енеді.
Осы аумақта қылмыстық іс жасаған адам Қазақстан Республикасы заңы бойынша жауапқа тартылады.
Қылмыстық істер бойынша іс жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы азаматтары үшін, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін ортақ, бірдей.
Бұл ереже ҚР ҚІЖК-нің 6-бабында белгіленген, онда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қылмыстық сот ісін жүргізу Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген дипломатиялық немесе өзге де артықшылқтар мен иммунитеттерге ие адамдарға қатысты немесе олардың қатысуымен жүзеге асырылатын қылмыстық сот ісін жүргізудің ерекшеліктері ҚР ҚІЖК 53-тарауына сәйкес айқындалады.
Уақытқа қатысты заң әрекетінің тоқтатылуы одан бас тартуын, жаңа заңмен өзгертілуін, уақыт мерзімінің ӛтуін, шарттар мен жағдайлардың өзгеруін білдіреді.
2.2 Заңның әрекет ету түсінігі
Қылмыстық заң -- Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Республика Парламенті қабылдаған құқылық акті болып табылады.
Қылмыстық заңның міндеттері -- бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін, адам мен азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті аумақтық тұтастықты, конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, табиғи ортаны қылмыстық қол сұғушылыктан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылады.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық заңдар қылмыстық жауаптылықтың негіздерін белгілейді. Жеке адамға, мемлекетке немесе қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің қандайы қылмыс болып табылатынын айқындайды. Қылмыс істеген адамдарға қолданылуы мүмкін және өзге де ықпал ету шараларын белгілейді.
Қылмыстық заңның кері күші (ағыл. retroactive force of the criminal law; нем. zuruckwirkende Kraft eines Strafgesetzes) - Әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын жауаптылықты немесе жазаны женілдететін немесе қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жеңілдететін заңның кері күші болады, яғни осындай заң күшіне енгенге дейін тиісті әрекет жасаған адамдарға, оның ішінде жазасын өтеп жүрген немесе жазасын өтеген, бірақ соттылығы бар адамдарға қолданылады.
Егер жаңа қылмыстық заң адам сол үшін жазасын өтеп жүрген әрекеттін жазаланатындығын жеңілдетсе, тағанындалған жаза жаңадан шығарылған қылмыстық заң санкциясының шегінде қысқартылуға тиіс.
Әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын белгілейтін, жауаптылықты немесе жазаны күшейтетін немесе осы әрекетті жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен нашарлататын заңның кері күші болмайды.
Заңның кері күші, құқықта - заңды ол күшіне енгенге дейін болған оқиғаларға қатысты қолдану. Әдетте, заңның кері күші болмайды, яғни ол күшіне енгенге дейін болған оқиғаларға қатысты қолданылмайды. Белгілі бір оқиғаға қатысты осы оқиға орын алған сәтте күшінде болған заңды қолдану қажет. Бұл ереже құқық субъектілері арасындағы қарым-қатынастар тұрақтылығына, ел азаматтарының құқықтық жағдайының тұрақтылығына, елдегі құқықтық тәртіптің беріктігіне деген сенімді қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша, жауаптылықты белгілейтін немесе ауырлататын заңның кері күші жоқ. Жасалған сәтте құқық бұзушылық деп танылмаған әрекет үшін ешкім де жауапқа тартылмайды. Егер құқық бұзушылық әрекет жасалғаннан кейін ол әрекет үшін жауаптылық жаңа заң нормасы бойынша жойылса немесе жеңілдетілсе, онда жаңа заң нормасы қолданылады, яғни заңға кері күш беріледі. Бірақ заң нормаларын осылай қолдануға болатындығы сол заңның өзінде не оны қолданысқа енгізу туралы актіде ескертілуге тиіс. Мысалы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 5-бабы бойынша, әрекет қылмыстылығын, жазаны жеңілдететін немесе қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жеңілдететін қылмыстық заңның кері күші болады, яғни осындай заң күшіне енгенге дейін тиісті жазасын өтеп жүрген немесе өтеген, бірақ соттылығы бар адамдарға қатысты қолданылады. Әрекеттің қылмыстылығын белгілейтін немесе адамның жағдайын өзге де жолмен нашарлататын қылмыстық заңның кері күші болмайды. Егер жаңа қылмыстық заң жазасын өтеп жүрген адамның сол жазасын жеңілдететін болса, онда бұл жаза қылмыстық заңда көзделген шекте қысқартылуға тиіс.
Қылмыстық заң жазалау қатерімен тыйым салу арқылы адамның жеке басына, қоғамға, мемлекетке кінәлі түрде зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін тудыратын қылмысты әрекеттерді істеуге тыйым салады. Қылмыстық заң сонымен қатар тиісті органдарға және лауазымды адамдарға іс-әрекетінде қылмыс белгісі бар кінәлі адамды қылмыстық жауапқа тарту немесе көрсетілген негізге сүйеніп, оларды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды міндеттейді. Сонымен қылмыстық құқықтық норма бір мезгілде тыйым салушы және міндеттеуші нормалар болып табылады. Бұл нормалардың тағы да сақтандырушылық және тәрбиелік мәнібар.
Қылмыстық құқықтық норманың сақтандырушылық функциясы -- істелген іс-әрекеті үшін тиісті баптардың санкциясында көрсетілген жазаны кінәлі адамға тағайындау мүмкіндігі аркылы өз көрінісін табады, осы арқылы барлық азаматтарды қылмыс істеуден күні бұрын сақтандыру арқылы тәрбиелік ықпал ету шарасы жүзеге асырылады. Қылмыстық-құқықтық норма, сонымен бірге кез келген азаматарды заңды бұлжытпай орындауға тәрбиелеумен бірге, оларды қылмыс істегендермен ымырасыз күрес жүргізу рухына баулиды. Қылмыстық құқықтық норма қоғамдық қатынастарды қорғап қана қоймайды, ол сонымен бірге мұндай қатынастарды ретке келтіреді, өйткені қоғамдық қатынастарды қорғаудың өзі соны ретке келтіру арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық құқық белгілі бір қоғамдық мінез-құлық өрелерін белгілеумен бірге, осы өрелерді бұзушыларға қарсы қылмыстық құқықтық нормаларды қолдану арқылы өз міндеттерін жүзеге асырады. Қылмыстық құқықтық норма өзінің реттеушілік ықпалымен, кез келген азаматтарды қылмысты құбылысқа төзімсіз болуға, олармен ымырасыз күрес жүргізуте баулу арқылы іске асырады.
Қылмыстық заң -- қылмыстық құқықтың ең негізгі көзі. Сот үкімі, ұйғаруы немесе қаулысы құқықтың көзі болып табылмайды. Олардың нақты қылмыстық істер бойынша ғана заңдылық күші бар.
Сондай-ақ Республика Жоғарғы Соты Пленумының басшы қаулылары да құқық нормасы болып табылады. Мұндай қаулылар белгілі бір қылмыстық-құқылық норманың түпкі мәнін ашып көрсетеді, оларды түсіндіреді. Сондықтанда ондай қаулылардың Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады. Сот прецеденті біздің Республикамызда құқық нормасы болып са-налмайды. Ол Ұлыбритания, Канада сияқты мемлекеттерде ғана құкық нормасы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 52-бабында сот айыпты-деп танылған адамға жазаны Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің ережелеріне сәйкес істелген қылмысы үшін жауаптылық қаралған Ерекше бөлімнің тиісті баптарында көрсетілген шектен шықпай тағайындайды деп белгіленген. Жаза тағайындағанда сот істелген қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, айыпкердің жеке басының ерекшеліктерін, мінез-құлқын, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, соңдай-ақ тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалын толық есепке алады. Қылмыс істеген адамға оның түзелуіне немесе жаңа қылмыс істеуден сақтандыруына қажетті және жеткілікті әділ жаза та-ғайындауы керек. Мұның өзі соттың жаза тағайындауында заң талаптарымен қоса өзінің құқықтық сана-сезімін басшылққа алатынын көрсетеді. Алайда, құқықтық сана-сезім құқық нормасы болып табылмайды. Ол сотқа тек қана қылмыстық құқықтық норманың мазмұнын дұрыс түсінуге жөн сілтейді. Қылмыстық заң, басқа заңдар сияқты барлық лауазым адамдары, азаматтар, "' заңды тұлғалар үшін міндетті күші бар заң нормасы болып табылады. Оны қандай да бір болмасын сылтаумен бұзуға немесе орындамауға жол берілмейді. Қылмыстық заң қылмыстық құқықтық норманы білдірудің нысаны, ал оның нормасы оның мазмұнының көрінісі болып табылады.
Қазақстан Республикасында қылмыспен күрес жүргізу қылмыстық құқық норма ережесіне сәйкес жүзеге асырылады. Заңды күшіне енген үкім бойынша тағаындалған қылмыстық жазалардың орындалуы қылмыстық атқару ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz