Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
Ұстаз институты
«Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Балалар әдебиеті
Тақырыбы: А. Байтұрсынұлының балалар әдебиетіне қосқан үлесі
Студент: Тезекбай Дильнура Ильясқызы Тобы: ПМНО-19-5
/қолы/
Жетекші:Спаналиева Гүлнұр Турсимбетовна аға оқытушы
/қызметі/
Қорғауға жіберілді «»20ж
/қолы/
Жұмыс қорғалды « » 20 ж бағасы
/жазбаша/
Комиссия мүшелері:
/аты -жөні/ /қолы/
/аты-жөні/ /қолы/
Тараз 2020
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІМ. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
кафедрасы
пәнінентобындағы
/студенттіңаты-жөні. /
курстық жоба (жұмыс) бойынша
ТАПСЫРМАСЫ1. Тақырыбы
2. Тапсырма бойынша арнайы нұсқаулар
Тапсырма кафедра отырысында бекітілді «___»20___ж. Хаттама №
Жетекшісі:
/қызметі/ /қолы/ /аты-жөні/
Тапсырманы орындауға алдым«»20___ж.
/студенттің қолы/
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ ІРГЕТАСЫН ҚАЛАУШЫ ҒАЛЫМ - АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ
1. 1 Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны . . . 6
1. 2 А. Байтұрсыновтың шығармашылығы . . . 7
1. 3 А. Байтұрсынов - қазақ тілін зерттеуші . . . 9
2 . АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
2. 1 А. Байтұрсынов жасаған тұңғыш қазақ әліпбиі . . . 13
2. 2 А. Байтұрсыновтың педагогика жөніндегі көзқарасы . . . 15
2. 3 А. Байтұрсынов балалар әдебиетіне қосқан үлесі . . . 18
ҚОРЫТЫНДЫ. 23
КІРІСПЕ
Ахмет Байтұрсынов оқу-ағарту ісін өзінің азаматтық міндеті мен өмірінің мақсаты деп санаған. Білім-ғылымнан кенже қалған мал бағып марғау жатқан қазақ халқын сол қараңғылықтан алып шығуды күрес жолының мақсаты етіп қояды.
Бұл мақсатын өлеңдерінде де, публицистикалық мақалаларында да бейнелі тілмен жақсы білдіреді: «Надандық, өнерсіздік аға жолдасымыз болған соң, олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз - бәрі надандық кесапаты» деп тіпті батыра айтады.
Оның қазақтар үшін өз алфавитін жасау әрекетіне де, тілін зерттеп оқулықтар жазуына да, тыңнан жол салып, бай терминология дүниесін жасауына да, тіпті қоғамдық-әкімшілік істеріне араласуына да алып келген - өзі діттеген ағартушылық мақсаты деуге болады.
А. Байтұрсыновтың ағартушылыққа байланысты білдірген ойлары мен істеген істері тек оқу-білімге шақырумен тынбайды. Ол қазақ даласындағы мектептердің жайын бала оқытудың қолдарын газет-журналдар беттерінде нақтылы сөз етеді, әсіресе бұл реттегі Қазан революциясына дейінгі хал-жағдайды жақсы көрсетеді.
Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын- аудармашы, ұлт көсемі, қазақтың дара тұлғасы, білім беру жүйесін қалыптастырушы, қазақ халқына «Қазақ әліпбиін» салып кеткен Ахмет Байтұрсынұлы атамызға - 140 жыл толып отыр. Ы. Алтынсарин тілді оқыту барысында оқушыларға сөз мағыналарын, грамматикалық заңдылықтарды жүйелі үйрету қажеттілігіне баса назар аударған.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаушылардың бірі А. Байтұрсыновтың айтуы бойынша: «Тіл адамдардың адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі», - деген. Яғни, тіл тек адам баласына ғана тән қасиет екенін айтып кеткен.
Ахмет Байтұрсыновтың ғалымдық, ақындық, публицистік, қайраткерлік істері өз заманында аса жоғары бағаланған. Қазақ ортасы, түркі әлемі ғана емес, орыс ғалымдары берген тарихи тұжырымдардың орны ерекше.
Кезінде Ахмет Байтұрсынов, оның ғылыми еңбектері туралы орыс ғалымдары проф. А. Смайлович, Е. Поливанов бағалы пікірлер айтқан болатын.
Ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткерінің өмірі, шығармашылығы, әлеуметтік қызметіне байланысты маңызды еңбектер, негізінен, оның туғанына елу жыл толу мерейтойы тұсында жарияланды. “Қырғыз (қазақ) өлкесін зерттеу қоғамы еңбектерінде” (Орынбор, 1922) орыс тілінде екі мақала басылды. М. Дулатовтың “Ахмет Байтұрсынұлы (биографиялық очерк) ” мақаласындағы тарихи фактілер, деректер күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ. Ақиқатқа жүгінгенде, бұдан кейінгі уақыттарда А. Байтұрсынов өмірбаяны туралы жазған авторлардың бәрі де осы еңбектің материалдарын пайдаланғанын көреміз. Ал, Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығын Кеңестер Одағы тұсында зерттеген ғалымдар, Рымғали Нұрғалиев пен Рәбиға Сыздықова болды. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бастап, Ахмет Байтұрсыновтың өмірін, саяси қызметін, ақындық шығармашылығын және ғылыми еңбектерін ғалымдар жеке жеке алып, салаларға бөліп, зерттеу жұмыстарын бастады. Осы көштің басында тұрған жоғарыда аталған ғалымдармен бірге, ғалымдар З. Қабдоловтың, С. Қирабаевтың, Ә. Қайдаровтың, Ө. Айтбайұлының, Т. Кәкішевтің ғылыми зерттеулері Ахметтануды биік белеске көтерді. Ахаңның еңбектерін тереңдеп зерттеуші ғалымдар қатары көбейіп келеді. Оның ішінде ғалым Ө. Әбдимановтың «Ұлттың рухани көсемі», «Ұлт азаттығын ұлықтаған ақын», «Қырық мысал төл туынды», «Азатшыл ойға көшбасшы басылым», «Қазақ тілінің ұстазы Ахмет Байтұрсынов» тәрізді көптеген зерттеулерін атап өтуге болады. Өткен жылы Апматыдағы Ахмет Байтұрсынов музейінің директоры Р. Имаханбетованың «Ғасыр саңлағы; Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық өмірбаяны» атты кітабы баспадан жарық көрді. Бұлда Ахметтануға қосылған зор үлес болды. Ахаңның артында қалдырған мұрасы бұлақтың көзі тәрізді. Көзін ашсаң, жарқырап жаңа қырынан көріне береді. Дегенмен, осы күнге дейін жазылған ғылыми зерттеулер Ахмет Байтұрсыновтың отаршылдыққа қарсы, еліміздің тәуелсіздігі үшін кірескен ұлт қайраткері, ақын, қазақ әліппесі мен грамматикасының, терминологиясының және әдебиет теориясының негізін қалаушы ұлы ғалым, аудармашы, фольклорист, журналист публицист, сондай ақ, композитор екендігін дәлелдеп шықты.
Зерттеу мақсаты- А. Байтұрсынұлы балалар әдебиетіне қосқан үлесін анықтау және зерттеу.
Зерттеу объектісі- балалар әдебиетіне қосқан негізгі ерекшеліктері;
Зерттеу пәні - Қазіргі қазақ поэзиясының ұлттық ерекшелігінің зерттеу нысанына айналуы - заман талабы. Жас ұрпақтың бойына салт-дәстүрді дарытып, ұлттық сезім мен мақтаныш ұғымдарын қалыптастыруда ақындарымыз- дың поэзиясының өзіндік орны ерекше;
Зерттеудің міндеттері:
1. Жазушы өмірбаянына анықтама беру;
2. Шығармашылыққа қатысты дерек көздерін талдау;
3. Жазушының балалар әдебиетінде үлес қосқан негізгі еңбектерімен танысу;
Зерттеу әдістері: А. Байтұрсынұлы поэзиясы жайлы көптеген ақын-жазу- шылар, зерттеуші ғалымдар: Ә. Тәжібаев, М. Қаратаев, Ә. Кекілбаев, Ә. Нарымбетов, 3. Серікқалиев, Ф. Оң- ғарсынова, С. Әшімбаев, Ж. Әбдірашев, Б. Сарбалаев, Ә. Жәмішев, Ө. Күмісбаев, С. Дәуітов, Қ. Алпысбаев, Б. Кәрібаева, Т. Шапаев және т. б. әртүрлі зерттеулер мен сын-мақалалар жазды. Алайда М. Мақатаев поэзиясы- ның ұлттық сипаты жайлы мәселе бірен-саран айтылған пікірлермен ғана шектеліп, аталмыш тақырып ғылыми негізде жүйелі зерттеу нысанына толық алынбаған еді.
Зерттеудің теориялық - әдіснамалық негізі: Зерттеу еңбегіміздің негізгі нысанына алынып отыр- ған А. Байтұрсынұлы жырлары ақынмен үндес Қ. Мырзалиев, Т. Молдағалиев, Ж. Нәжімеденов, Т. Айбергенов, C. Жиенбаев, К. Мырзабеков, Қ. Баянбаев сынды ақын- дардың өлеңдерінде бейнеленген ұлттық нақыштың көріністерімен байланыстырыла қарастырылады. Осы бағытта жүргізілген зерттеудегі ғылыми жұмыс 60-70 жылдар поэзиясын топтастырып, ақындар жырларына арқау болған ұлттық ерекшеліктерді бір-бірімен сабақ- тастырыла зерттеледі. Нәтижесінде осы жылдардағы ақындар жырларының ұлттық сипаты айқындалады.
Зерттеудің практикалық мәнділігі- А. Байтұрсынұлы осы тәрізді азаматтық, әлеуметтік сарындағы өлеңдерінің тақырыбы да, айтар ойы да, кұрылысы да, айтылу ерекшеліктері де әр алуан. Ақын бірде халықтың тағдырын, бүгінгісі мен келешегін толғаса, бірде жастарды оқу-білімге шақырған насихат айтады немесе күнделікті өмірдегі құбылыстарға қатысты адамгершілік мәселесін қозғайды, ал енді бірде патша өкіметінің озбыр саясатын, ел билеушілердің әділетсіздігін сынайды.
Зерттеу құрылымы- курстық жұмыс кіріспе, екі тараудан және әр тарау тармақшалардан, қорытындыдан тұрады.
1. ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ ІРГЕТАСЫН ҚАЛАУШЫ ҒАЛЫМ - АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ
1. 1 Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны
Қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы ғалым, Ыбырай Алтынсариннен кейінгі еңбегі ерекше ағартушы-педагог, сөз кұдіретін танытқан тамаша ақың қазақ, баспасөз тілінің ұлттық үлгісін көрсеткен талантты публицист, туған халқының рухани дүниесін көтеруге көп күш жұмсаған мәдениет қайраткері, жас совет үкіметіне адал қызмет еткен ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 28(15) қаңтарда сол кездегі Торғай уезіне қарасты Тосын болысының 5-ші аулында, Сарытүбек деген жерде (қазіргі Қостанай облысы, Торғай ауданы, күні кешеге дейін «Южный» деп аталған ал бұл күнде Ахмет Байтұрсынов атындағы совхоз орналасқан жерде) дүниеге келген. Әкесі - қарапайым шаруа адамы Байтұрсын Шошақ баласы арғын Үмбетей батырдың немересі. Шошақтың төрт ұлы болған. Олар: Байтұрсың Ақтас, Ерғазы, Данияр. Бұлар жаратылысынан қажырлы, намысқор адамдар болғанға ұқсайды. Сондықтан болар, Байтұрсын жергілікті әкімдермен көп сыйыса бермейді, тіпті уезд басындағы билеушілердің зорлық-зомбылығына көнбейтіндігін көрсетеді. Сол үшін уезд басындағы полковник Яковлев 1885 жылдың қазан айының 12-сінде Жыңғылдының бойында отырған Шошақ аулына келіп, ағайынды Ақтас пен Байтұрсынды ұстамақ болады. Сол сәтте ауылда болмай шыққан Ақтасты «тауып бермедіңдер», деп елге ойран салады, әйел, бала-шағаға дейін сабап, бастарына қамшы үйіреді. Ояз бен оның әскерінің бұл бассыздығына шыдай алмаған Байтұрсын Яковлевтің өзін атынан аударып алып, қамшының астына алады, нөкерлерін ауылдан қуып шығады. Әрине, қарапайым «жабайы киргиздің» бұл қылығы жауапсыз қалмайды. Көп ұзамай ауылға жазалаушы отряд шығып, ауылды өртеп, мал-мүлкін талап, бала-шағаны шулатып, еркектерді ұрып-соғып, ағайынды Ақтас пен Байтұрсынды, Ерғазыны ұстап алып кетеді. Оларды Қазаннан келген Әскери сот соттайды. Байтұрсын мен Ақтас бірқатар туыстарымен 15 жылға Сібірге каторгіге айдалады.
Ақтас пен Байтұрсынның балаларын Шошақтың үшінші ұлы Ерғазы қамқорлығына алады: Ақтастың баласы Аспандияр мен Байтұрсынның баласы Ахметті Торғайдағы екі кластық орыс-қазақ училищесіне беріп оқытады. Бұған дейін Ахмет ауылдың мұсылманша сауатты адамдарынан хат таниды. Училищені ол 1891 жылы бітіреді.
Әкесі мен Ақтас ағасы айдауда жүрген (олар елге 17 жыл-дан кейін оралады), қамқоршы ағасы Ерғазы көп ұзамай қайтыс болған кезеңде Ахмет кедейшілік, жоқшылық тауқыметін тартады. Соған қарамастан әрі қарай оқуды армандайды. Осы мақсатпен ол жаяулап-жалпылап, оқу іздеп, Орынбор барады. Онда баяғыда Ыбырай Алтынсарин салдырған мұғалімдер даярлайтын оқу орнына - «Учительская школа» дегенге түседі. Мұнда төрт жыл оқып, 1895 жылы бітіреді. Бітірісімен ағарту-шылық ісіне кіріседі. Өзге қызметті қаламайды.
1. 2 А. Байтұрсыновтың шығармашылығы
1910 жылдың 9 мартында Орынборға келіп, А. Байтұрсынов 1917 жылдың соңына дейін сонда қызмет етеді. Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқып жүрген қазақ жастарының, Мұхтар Әуезовтің сөзімен айтқанда, «қазақтың ерте оянған тобының» инициативасымен елден қаржы жиналып, 1913 жылы «Қазақ» атты газет шығару ұйғарылады. Газеттің редакторлығына А. Байтұрсыновты қамдайды. Сөйтіп ол 1913 жылдың басынан 1917 жылдың соңғы айларына дейін осы органның редакторы болып қыруар еңбек етеді.
Бес жылдай (1913-1918) уақыт өз қаражатымен сол кезең үшін үлкен тиражбен (8000 дана) шығып тұрған «Қазақ» газеті ең алдымен қазақ, халқының ұлттық азаттығы мен мәдени-әлеуметтік дамуы үшін күрескен және қазақ қоғамының мүдделерін көздейтін проблемалар көтеріп, оларға әлеуметтік үн бере білген орган болды. Газет әсіресе тіл мәселесін бірінші орынға қойды. Қазақ тілін сақтап, әрі қарай дамыту керектігін ол үшін қазақ балалары сауатын ана тілінде ашып, ана тілінде оқу керектігін ұлт мектептеріндегі оқу-тәрбие ісін дұрыс жолға қою қажеттігін жиі жазды.
Патша үкіметінің өз қол астындағы халықтарға қатысты саясатына, әкімшілік тәртіптеріне қарсы пікір айтып, шындықты жазғаны үшін жергілікті үкімет орындары тарапынан бұл газетке бірнеше рет штраф салынады, редакторы түрмеге жабылады. Әрине, бұл газет өзінің бес жылдық өмірінің ішінде бастан-аяқ біркелкі бағытта болған жоқ оның беттерінде әрдайым прогрессивтік, демократтық сипаттағы материалдар ғана орын алып қойған жоқ. Дегенмем әр құбылысты, әр нәрсені қазіргі өлшеммен емес, өз кезеңіндегі мән-маңызына қарап бағалау керек деген марксизм-ленинизм қағидаларына сүйенсек, «Қазақ» газетінің халқымыздың мәдениет тарихында елеулі орын алуға тиістігі көрінеді. Оның үстіне, тілі мен стилі жағынан бұл газет - революцияға дейінгі қазақ баспасөзінің ішінде ең бір жақсы үлгісінің бірі, ол әсіресе қазақ әдеби тілінің нормаларын қалыптастырып, таза сақтап отырған қазақ публи¬цистика стилін жетілдіре түскен орган болды. Мұнда редактордың саналы турде жүргізген жұмысы мен сіңірген еңбегі көзге түседі.
А. Байтұрсынов 1917 жылдың соңында газеттен кетіп, осы кезден бастап 1919 жылдың наурызына дейін «Алаш» партиясының жұмысына араласады, «Алашорда» атты уақытша халық кеңесінің (үкіметінің) оқулықтар жазу жөніндегі Комиссиясының құрамында қызмет етеді. «Алаш» - жылдық орта тұсында құрылып, 1920 жылдың орта шенінде тараған ұйым болатын. Ұлттық-ұсақ буржуазиялық идеологияны негізге алған бұл партияның алғашқы кезеңдегі платформасы ұлттық даму, ұлттық тең праволық үшін күрес болса, бұл идея сол теңдікке оқу-білім арқылы, халықтың мәдениетін көтеру арқылы жетуге болады деп танып, осы майданда ширек ғасырдай аянбай тер төгіп, еңбек етіп келе жатқан Байтұрсынов сияқты адамды елеңдетпей тұра алмады. «Алашқа» қызмет ете жүріп, ол өзге партиялардың да ұстанған бағыттары мен көздейтін мақсаттарына үңіледі, оны қазақ халқы үшін қайсысының программасы қолайлы деген ой толғандырады. «Алаш» партиясының Қазан революциясынан кейінгі ұстаған автонымшыл-ұлтшыл платформасы қазақ, қоғамының әрі қарайғы дамуына қол емес екенін түсінеді.
А. Байтұрсынов оқу-ағарту ісін өзінің азаматтық міндеті мен өмірінің мақсаты деп санаған. Ол 1911 жылдың өзінде:
Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса,
Сап-сары, аяқтары ұзын маса.
Өзіне біткен түрі өзгерілмес,
Дегенмен қара я қызыл маса.
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп, қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын аз да болса белмес пе екен
Қоймастан құлағына ызыңдаса,
деп, білім-ғылымнан кенже қалған мал бағып марғау жатқан қазақ халқын сол қараңғылықтан маса болып ызыңдап оятып, алып шығуды күрес жолының мақсаты етіп қояды. Бұл мақсатын өлеңдерінде де, публицистикалық мақалаларында да бей-нелі тілмен жақсы білдіреді: «Надандық, өнерсіздік аға жол-дасымыз болған соң, олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ор-далы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз - бәрі надандық кесапаты» деп тіпті батыра айтады.
Оның қазақтар үшін өз алфавитін жасау әрекетіне де, тілін зерттеп оқулықтар жазуына да, тыңнан жол салып, бай терминологоия дүниесін жасауына да, тіпті қоғамдық-әкімшілік істе-ріне араласуына да алып келген - өзі діттеген ағартушылық мақсаты деуге болады.
А. Байтұрсыновтың ағартушылыққа байланысты білдірген ойлары мен істеген істері тек оқу-білімге шақырумен тынбайды. Ол қазақ даласындағы мектептердің жайын бала оқытудың қолдарын газет-журналдар беттерінде нақтылы сөз етеді, әсіресе бұл реттегі Қазан революциясына дейінгі хал-жағдайды жақсы көрсетеді. 1913 жылы «Қазақ» газетінде «Оқу жайы» деген бас мақала жарияланады. Мұны жазған А. Байтұрсынов болатын. Бұл мақалада оқу-білімнің қажеттігін халықтың экономикалық тұрмыс жағдайымен байланыстырып дәлелдейді: «Қазақ жерінде өндіріс жоқ, шикізатын сатады, ал сол шикізаттан жасалған өнімді 2-3 есе қымбат түрде сатып алады. Бұл надандықтан келген кемшілік», -дейді. «Надандық» деп отырғаны, әрине, білім-ғылымнан қалыс қалушылық. Ал қалыс қалуға үлкен себеп - қазақ жерінде мектептер өте аз дейді. Оның үстіне сол мектептерде бала оқытатын мамандардың да өте тапшы екенін ашып айтады. Оның тапшы болу себебінің бірі - оқытушылар даярлайтын оқу орындарына, мысалы, Орынбордағы Учительская школаға қазына есебінен (яғни стипен¬дия алатын) 7-8 орын ғана берілетіндігі, оқуға түскісі келген балалар өз қаражатымен оқуға тиіс болатындығын айтады. Қазақ халқы қараңғы дегенде, кінә халықта емес, сол қараңғылықтан құтқаратын мүмкіндіктердің жоқтығында екенді-гін алты миллион қазаққа алты ат жегіп, тарта алмады деп өкпелеу жөн бе?» деп келісті сауал қояды.
Балаларға білім берудің бірінші басқышы - бастауыш мек-теп. Сондықтан А. Байтұрсынов оқу-білімнің осы бірінші саты-сына қатты назар аударады. 1914 жылы «Бастауыш мектеп» атты көлемді мақаласын жариялайды. ('«Қазақ», 1914. № 61, 9 мамыр) . Мұнда автор қазақтың бастауыш мектептері қандай болуы керек деген мәселе қойып, сол кездегі қазақ жеріндегі ауыл мектептерінің жай-жағдайы мәз емес екендігін оларда программа, оқу құралдары дегендердің, жоқтығын мұғалімдер-дің жетіспейтіндігін айтады. Бастауыш мектеп миссионерлік саясаттан аулақ болуы керек дей келіп, халық сауатын ана ті-лінде ашуы керек, атап айтқанда бастауыш мектеп бес жылдық болсын алғашқы үш жылда балалар ана тілінде, кейінгі екі жылда орысша оқысын деген ұсыныс білдіреді. Бастауыш мектептерде: оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, жағрапия, шаруа-кәсіп, жаратылыстану пәндері жүретін болсын дел нақты айтады.
Міне, бұл айтылғандардың барлығы А. Байтұрсыновтың оқу-ағарту жайындағы ой-пікірлерін көзқарасын тілек-талаптарын танытады. Өткен ғасырдың II жартысынан бастап көтерілген оқу-ағарту мәселесі қазақ қоғамы үшін әлеуметтік мәндегі үлкен проблема болса, оны іс жүзінде қолға алған тұңғыш ағартушы Ыбырай Алтынсарин екендігін. білеміз. Осы салада одан кейінгі нақты іс істеген екінші адам («екінші Алтынсарин») Ахмет Байтұрсынов болды.
Міне, осы орайда Ахмет Байтұрсынов қазақ мәдениеті көгін-де жалаң ағартушы болып қана емес, ғалым-ағартушы болып та көрінді. Ол қазақ тілі мен әдебиетін пән ретінде қазақ тілін-де тұңғыш баяндаушы ғалым.
1. 3 А. Байтұрсынов - қазақ тілін зерттеуші
Атап айтқанда, А. Байтұрсынов 1910 жылдардан бастап қазақ жазуымен (графикасымен) айналыса бастайды. Сол күнге дейін өзге түркі халықтары сияқты, қазақтар да пайдаланып отырған араб таңбалары таза сол күйінде қазақ тілі үшін қолайлы емес екендігін біліп, оны қазақ тілнің дыбыс жүйесіне икемдеп, қайта түзуді қолға алады. Ол үшін алдымен қазақ тілінің фонетикалық құрамын зерттеуге кіріседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz