Мойынның топографиясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қарағанды медициналық университеті
Морфология және физиология кафедрасы

СӨЖ
Тақырып: Мойынның топографиясы. Шевкуненко бойынша мойынның шандыр қабықтары

Орындаған : Маханбет А.С.
1-001 Жалпы медицина
Қабылдаған: Шапатова Г. Б.

Қарағанды 2020

Жоспары:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
А)Мойын бұлшықеттерінің жіктелуі
В)Мойын бұлшықетінің фасциялық қабықшалары
С)Шевкуненко бойынша мойын шандыр қабықтары
ІІІ. Қорытынды
Мойынның бұлшықеттері мен фасциялық қабықшалары. Шевкуненко бойынша мойын шандыр қабықтары.
Мойын аумағында орналасқан бұлшықеттерді-мойын бұлшықеттері деп атаймыз. Мойын бұлшықеттерінің құрылысы мен топографиялық орналасуы өте күрделі. Оның себебі: эмбрионалдық дамуына, топо- графиялық орналасуына және осы маңындағы орналасқан қан тамырлар мен нервтерге және фасциялық қабықшасының күрделі болып орналасуына тікелей байланысты.Мойынның шекаралары:жоғарыда- corpus et ramus mandibularis,төменінен- төс сүйектің мойындық тілігі мен бұғаналардың жоғарғы беті,латералды-трапециялық бұлшықеттің (m.trapezius) латералды жиегі. Мойын бұлшықеттері эмбрионалдық дамуына байланысты төмендегідей топтарға бөлінеді:
Бірінші висцералдық доғадан дамыған бұлшықеттерге: жақ-тіласты бұлшықеті(m.mylohyoideus), екі қарыншалы бұлшықеттің артқы қарыншасы(venter posterior m.digastricus) жатады.
Екінші висцералдық доғадан дамыған бұлшықеттерге: біз-тіласты бұлшықеті(m.stylohyoideus) мен теріасты бұлшықеті(m.platysma) жатады.
Желбезек доғадан дамыған бұлшықеттерге: төс-бұғана-еміздік бұлшықеті (m.sternocleidomastoideus) жатады.
Мойынның вентральды бөлігінен дамыған бұлшықеттерге:төс-тіласты бұлшықеті, төс-қалқанша бұлшықеті, қалқанша тіласты бұлшықеті, иек-тіласты бұлшықеті, сатылы бұлшықеттер және мойын омыртқалардың алдында орналасқан бұлшықеттер жатады.
Мойын бұлшықеттері топографиялық орналасуына байланысты: беткей және терең болып бөлінеді. Мойынның беткей бұлшықеттеріне:
1) Мойынның теріасты бұлшықеті жатады, ол өте нәзік және жалпақ- тау келіп,тері астында орналасқан. Қызметі:жиырылған кезде мойын- ның терісін төмен қарай тартып, тері астында орналасқан веналардың қысылуынан қорғап,бас аумағынан жинақталған вена қанын жүрекке қарай өтуін қамтамасыз етумен қатар, ауыздың езуін төмен қарай тартады.
2) Төс-бұғана-еміздік бұлшықеті мойынның бүйір қапталында орналас- қан, жиырылған кезде айқын байқалатын қос аяқшалы ірі бұлшықет.Қызметі:тұлғаны берік ұстап,жиырылған кезде басты бір жағына қарай иеді, кеуде қуысын кеңейтіп,терең дем алуға қатысады.
Мойынның тіласты сүйегінен жоғары орналасқан бұлшықеттеріне: екі қарыншалы бұлшықет, біз-тіласты бұлшықеті, жақ-тіластылық бұлшықеті жатады. Ал,тіласты сүйегінен төмен орналасқан бұлшықеттерге: төс-тіласты бұлшықеті,төс-қалқанша бұлшықеті,көмей-тіласты бұлшықеті, қалқанша безін көтеруші бұлшықеті,жауырын-тіласты бұлшықеті жатады. Мойынның терең бұлшықеттері топографиялық орналасуына қарай латералдік және медиалдік топтарға бөлінеді.Латералдік топ бұлшықеттері өзара дербес орналасқан үш сатылы бұлшықеттерден тұрады.
* Алдыңғы сатылы бұлшықет(m.scalenus anterior) ІІІ-VІ дейінгі мойын омыртқалардың көлденең өсіндісінің алдыңғы төмпешігінен басталады. Қызметі:омыртқа бағанасын тіктеп ұстап тұрған жағдайда І-қабырғаны көтеруге,кеуде қуысын кеңейтуге және тыныс алу актісіне қатысады.
* Ортаңғы сатылы бұлшықеті(m.scalenus medius) жоғары 5-6 мойын омыртқалардың қабырғалық өсінділерінің төмпешігінен басталады. Қызметі:кеуде торын мықтап ұстаған жағдайда мойын омыртқасын алға қарай бүксе,ал керісінше омыртқа бағанасының мойын бөлігін тік ұстаған жағдайда І-қабырғаны жоғары көтеруге және терең тыныс алуға көмектеседі.
* Артқы сатылы бұлшықет(m.scalenus posterior) V-VI мойын омыртқаларының қабырғалық өсінділерінен басталып,ІІ қабырғаның сыртқы бетіндегі сатылық бұлшықеттік бұдырына барып бекиді. Қызметі:ІІ қабырғаны көтеріп, кеуде қуысын кеңейтуге және тыныс алуға қатысады.Кеудені берік ұстаған жағдайда екі жақтық бөлігі бірдей жайылған кезде,мойын омыртқаларды алға қарай тартады.
* Ең ұсақ сатылы бұлшықет(m.scalenus minimus) тұрақсыз,алдыңғы сатылы бұлшықеттің ішкі қапталында кездеседі. Қызметі:омыртқа бағанасын тіктеп ұстап, І-қабырға мен плевра қапшығының күмбезін көтеру қызметін атқарады.

Мойынның медиалді топ бұлшықеттері омыртқа бағанасының алдында, ортаңғы сызықшаның бүйір қапталында орналасқан.Бұл бұлшықеттер ұзындығы мен қысқалығына байланысты:бас пен мойынның ұзын бұлшықеттеріне,бастың алдыңғы және латералді тік бұлшықеттер болып бөлінеді.
Мойынның ұзын бұлшықеті(m.longus colli) ІІІ-IV кеуде омыртқаларға дейінгі аралықа бойлай орналасқан.Бұлшықет талшықтар- ның орналасуына қарай:медиалді вертикалді,жоғарғы қиғаш және төменгі қиғаш болып бөлінеді.Қызметі:омыртқа бағанасының мойын бөлігін алға қарай немесе бүйір қапталына қарай тарту.
Бастың ұзын бұлшықеті(m.longus capitis) ІІІ-VI мойын омыртқалардың көлденең өсіндінің алдыңғы төмпешігінен басталады, өрлеме бағытта өтіп,шүйде сүйегінің денесінің төменгі бетіндегі жұтқыншақтың төмпешігіне барып бекиді.Қызметі:бас пен мойын омыртқаларын бүгу қызметін атқарады.
Бастың алдыңғы тік бұлшықеті(m.rectus capitis anterior) ауыз омыртқа- ның алдыңғы доғасынан басталады да,өрлеме бағытта өтіп, шүйде сүйегі денесінің төменгі бетіне барып бекиді.Қызметі:бас пен мойынды алға қарай ию.
Бастың латералді тік бұлшықеті(m.rectus laterais) ауыз омыртқаның көлденең өсіндісінен басталады,шүйде омыртқа денесінің латералді бөлігіне барып бекиді.Қызмет:басты бүйір қапталына қарай ию.
Мойын бұлышықеттерінің топографиясы.Мойын аймағы артқы қапталы трапеция-тәрізді бұлшықетпен,жоғарыда самай сүйегінің емізіктәрізді өсіндісі мен,төменгі жақ сүйегімен,төменде бұғана сүйегімен және төс сүйегінің тұтқасымен шектеседі. Мойын алдыңғы және артқы болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкелетін бұлшықет өзегі
Мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау пәнінен оқу - әдістемелік материалдар
Ветеринариялық - санитариялық сараптау пәні бойынша зертханалық сабаққа арналған ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Тері топографиясы
Сүйектердің құрылысы, жіктелуі
Анатомия пәні және зерттеу әдістері. Остеология
Аяқ-киімге арналған былғары
Балалардағы жүрек пен тамырлардың ерекшеліктері
Терінің жүн жамылғысына сипаттама дерма құрлысы
Адам анатомиясы және онын мiндеттерi
Пәндер