Педагогика саласында білім мазмұнына сәйкес оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі мен ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӨТЕМІСҰЛЫ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Педагогика факультеті

«Педагогика және психология» кафердрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Педагогика саласында білім беру мазмұнына сай оқудағы

жаңа әдіс-тәсілдерінің тиімділігі мен ерекшеліктері.

Орындаған: Елемесова Айнұр

ПиП-31 студенті

Ғылыми жетекші: Муканова Нұржанат

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ . . . 3

I БӨЛІМ. Білім беру мазмұнына сай оқудағы жаңа әдіс тәсілдердің теорияллық негіздері . . . 6

1. 1. Жаңа әдіс тәсілдердің педагогика саласындағы мәні мен маңызы……. . ……. 6

1. 2. Білім берудегі жаңа әдіс тәсілдердің қолдану мәселесін негіздеу. . 13

Бірінші бөлім бойынша қорытынды. 20

II БӨЛІМ . Қолданылатын жаңа әдіс тәсілдердің тәжірибеде қолданысын зерттеу . . . 21

2. 1. Жаңа әдіс тәсілдерді тәжірибеде қолданылуын зерттеу . . . 21

2. 2. Қолданылған жаңа әдіс тәсілдердің тиімділігі мен нәтижесі. . 33

Екінші бөлім бойынша қорытынды…. . 41

Әдебиеттер тізімі43

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда басты мәселе болып отырған - жас ұрпақтың сапалы білім алуы. «Білімді, сауатты адамдар - бұл ХХІ ғасырды адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» дегенінің өзі - үлкен көрегендіктің белгісі. Білім саласының дамуы көшінен қалмай ілгерілеу басты мақсатымыз. Сол көшке ілесе алмасақ- бізге сын. Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында.

Тұңғыш Президентіміз:Н. Ә. Назарбаев.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс - тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Бүгінгі заман әр ұстаздан үздіксіз ізденімпаздық пен шығармашылықты, кәсіби шеберлікті, құзырлылыққа жету жолындағы инновациялық технологияларды тиімді қолдануды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу. "Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман" деп бүгінгі заман талабы бой жарыстыру емес, ой жарыстыру екенін нақты дәлелдер келтіре отырып айтқан болатын. Қазіргі таңда білім беру саласының көш басында білім беру үдерісінің жаңа әдіс-тәсілдерін жетік меңгеру жұмысы тұр. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Өйткені Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделін қалыптастырумен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады. "Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін-тек қана оқушылардың оқуы үшін жағдай жаратамын" деп Альберт Энштейн айтқандай білім беру үдерісінің басты ерекшелігі төрт дағды бойынша жеке тұлға тәрбиелеу. Бағдарлама оқушының тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Бұл дағдылар бір-бірімен тығыз байланысты. Оқушының осы аталған төрт дағдысын жетілдіре отырып, функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Соның нәтижесінде оқушы мектепте алған білімін өмірде іске асыра білуі керек. Қазіргі таңда пәнді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр. Елбасы Н. Назарбаев өз сөзінде: "Біз қазір "білім- ғылым - инновацияға" атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз"-деген болатын. Ендеше, еліміздің әлемдік үдерістерге енуі білім беру жүйесінің "жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда екені түсінікті.

Білім беру үдерісіндегі жаңа әдіс-тәсілдердің ерекшелігі - оның XXI ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталағандығында, яғни ақпаратты іздеу, талдау және интерпретациялауды дамыту. Білім беру үдерісінің негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Негізінен білім беру үдерісі құзіреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиетін оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдердің теориясы мен тәжірибедегі тиімділігі
Қазақ тілі фонетикасын оқытудағы инновациялық әдіс-тәсілдердің тиімділігі
Білім мазмұнына сай оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері мен педагогикалық технологиялары
Білім беру мен білім алудағы жаңа әдіс-тәсілдердің теориясы мен практикасы
Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес топтық жұмысты ұйымдастыру әдістері
Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану
Жаңартылған білім мазмұны аясында дене шынықтыру пәніндегі әдіс-тәсілдердің тиімділігі
Қазақ әдебиетін оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер: жаңартылған білім мазмұны мен интерактивті тәсілдер
8-сыныпта ағылшын тілін оқытуда интербелсенді әдіс-тәсілдердің тиімділігі мен қолданылуы
Оқыту әдісінің мәні, әдіс-тәсілдердің классификациясы және олардың оқу үдерісіндегі тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz