Ақшаның мәні және шығу тегі
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Бөлім 1. Ақшаның пайда болуы мен мәні.
1.1 Ақшаның пайда болуы және оның тауарлы жаратылысы ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Ақша . тауардың жалпы эквиваленті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.3 Ақшаның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
Бөлім 2. Ақшаның қызметі.
2.1 Ақшаның атқаратын қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2 Ақшаның қажеттілігі және оның экономикалық маңызы ... ... ... ... ... ...
Бөлім 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы.
3.1 Қазақстан Республикасының валютасы.
3.2 Дүниежүзілік валюта жүйесі.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы нәтижесінде пада болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның жаратылысын зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар – сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғышарттарын туғызған.
Ақша – бұл тауар айналысының құралы және оның ізбасары. Тауармен ақша бір – бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының болуы мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де, ол айрықша тауар ретінде қала береді.
Сонымен, ақша – бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша тауар.
Сонымен қатар, әр бөлімге жекеше тоқталатын болсақ, бірінші бөлімде ақшаның пайда болуы және оның түрлеріне жеке – жеке тоқталып өтеміз.
Ақша – кез – келген тауар айналысының құрамдас бөлігі және оның нәтижесі.
Тауар және ақша бір-бірінен ажырамайды, себебі ақша айналымынсыз тауар айналымы болмайды, болуы да мүмкін емес.
Екінші бөлімде ақшаның атқаратын бес қызыметі туралы және де ақшаның қажеттілігі, оның экономикалық маңыздылығы туралы қарастырамыз. Ақша - өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арсындағы белгілі бір экономикалық қарама –қарсылықтарды көрсететін экономикалық категория ретінде маңызы зор.
Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасының және басқа да дүниежүзілік елдердің валюталық жүйесі туралы қарастырамыз. Елдердің әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы ақша капиталының бір бөлігінің ұлттық ақшадан шетел валютасына және керісінше айналуын туындатады.

1. Кәсіпкерлік негіздері. М.Б. Бисенғазиев, А.Ш. Хамитов. Орал – 2001 жыл
2. Кәсіпорын экономикасы. Г.Ө. Жолдасбаева. Алматы, Экономика – 2002
жыл.
3. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. В.К. Радостовец, Т.Ғ. Ғабдуллин, В.В
Радостовец, О.И. Шмидт. Алматиы – 2003 жыл.
4. Экономика предпринимательсва. В.И. Кушлин, П.Д. Половинкин, А.Н.
Фоломьев, В.Н.Архангелский, А.И.Марголин, Ю.В.Яковец, А.В.Зозулюк.
Гуманитарный издательский центр Москва – 2001 год.
5. Настольная книга индивидуального предпринимателя. А.И.Кремлев.
Москва – 1997 год
6. Управление малым предпринимательством. О.С.Сабден, А.Н. Токсанова.
Астана – 2001

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Курстық жұмыс
Пәні Экономикалық теория
Тақырыбы: Ақшаның мәні және шығу тегі
Орындаған:
студенті
Ақтау қаласы – 2006ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Бөлім 1. Ақшаның пайда болуы мен мәні.
1.1 Ақшаның пайда болуы және оның тауарлы
жаратылысы ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Ақша - тауардың жалпы
эквиваленті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.3 Ақшаның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .7
Бөлім 2. Ақшаның қызметі.
2.1 Ақшаның атқаратын
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
3
2.2 Ақшаның қажеттілігі және оның экономикалық
маңызы ... ... ... ... ... ...
Бөлім 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы.
3.1 Қазақстан Республикасының валютасы.
3.2 Дүниежүзілік валюта жүйесі.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы
нәтижесінде пада болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның жаратылысын
зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне
байланыстылығын көрсетеді. Тауар – сатуға немесе айырбастауға арналған
еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының
объективтік алғышарттарын туғызған.
Ақша – бұл тауар айналысының құралы және оның ізбасары. Тауармен ақша
бір – бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының болуы
мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де, ол айрықша тауар ретінде
қала береді.
Сонымен, ақша – бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама
айрықша тауар.
Сонымен қатар, әр бөлімге жекеше тоқталатын болсақ, бірінші бөлімде
ақшаның пайда болуы және оның түрлеріне жеке – жеке тоқталып өтеміз.
Ақша – кез – келген тауар айналысының құрамдас бөлігі және оның
нәтижесі.
Тауар және ақша бір-бірінен ажырамайды, себебі ақша айналымынсыз тауар
айналымы болмайды, болуы да мүмкін емес.
Екінші бөлімде ақшаның атқаратын бес қызыметі туралы және де ақшаның
қажеттілігі, оның экономикалық маңыздылығы туралы қарастырамыз. Ақша -
өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арсындағы белгілі бір экономикалық
қарама –қарсылықтарды көрсететін экономикалық категория ретінде маңызы зор.
Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасының және басқа да дүниежүзілік
елдердің валюталық жүйесі туралы қарастырамыз. Елдердің әлемдік
шаруашылыққа интеграциялануы ақша капиталының бір бөлігінің ұлттық ақшадан
шетел валютасына және керісінше айналуын туындатады.
Бөлім 1. Ақшаның пайда болуы мен мәні.
1.1 Ақшаның пайда болуы және оның тауарлы жаратылысы.
Ақша адамдарға ежелден таныс. Бірақ оның қалай пайда болғандығы туралы
құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды. Бұл
сұрақтарға қоғам өмірін зерттей келіп, оқымыстылар ақшаның тауар
айналымында атқаратын маңызын жан-жақты ашып,жауап берді. Ақша тауарлы
өндірістің өнімі. Сонда өнім мен тауардың айырмашылығы неде? Тауардың
ақшаның пайда болуына, оның қолдануының өрістеуіне әсер ету жағдайларын
тарихи тұрғыдан қарап өтелік.
Қоғамдық дамудың алғашқы қауымдық құрылысы жағдайында бір қауым өз
тұтынуынан ауысқан өзінің қандай да болсын еңбек өнімін анда-санда
кездейсоқ кездескенде басқа бір қауымның өніміне айырбастайды. Сонда адам
еңбегінің нәтижесі - өнім. Ал оны өндірушілердің белгілі қоғамдық
қатынастарын, яғни белгілі өнімді сату- сатып алу қатынастарын дәлелдейтін
түрі – тауар. Тауар дегеніміз сату-сатып алу жолымен айырбасқа түскен еңбек
өнімі, немесе тауар – еңбек өнімінің айырбасқа арналған формасы. Тауар ең
алдымен өндірушінің басқа өнімдерге айырбастау мақсатымен жасалған еңбек
өнімі түрінде айырбас кезінде, яки нарықта көрінеді. Егер өнім өндірушінің
өзінің тұтытуы үшін жұмсалса, ондай еңбек өнімі тауар сипатын алмайды.
Мәселен, етікші өзі тіккен етікті өзі пайдаланса, онда ол тауар емес,
тұтыну заты.
Бірақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер нақты еңбектің нәтижесі –
тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса, қоғам оны мойындамағаны, онда оны
жасауға жұмсалған уақыт босқа кеткен уақыт болғаны да, зат тауар түріне ие
бола алмағаны, себебі ол қоғамға керексіз зат. Тауардың басқа адамдардың
қажетін қанағаттандыратын қасиеті тауардың тұтыну құны болады, яғни
тауардың қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Тұтыну құны тауарды
өндірушінің өз қажетін емес, басқа өндірушінің тауарына айырбастау арқылы
басқа адамдардың қажетін өтейді. Тауардаң басқа тауарға айырбасталу
қасиетін оның айырбас құны деп атайды. Айырбас құнын тауарлар сатылғанда
ғана ілесе жүретін бағалық көрсеткіш айқын көрсетеді. Сонымен тауардың
тұтыну құны басқа адамдардың қажетін қанағаттандыру қасиетінен шығады да,
ал басқа тауарларға айырбасталу қасиетінен айырбас құны шығады. Әрбір тауар
өзінің өндірушісіне айырбас құны ретінде тұтыну құнын алатын құрал болады.
Айырбас құны, яғни тұтыну құндары айырбасталуының пропорциясы, ол – құнның
айырбас актісіндегі сыртқы көрінісі.
Айта кететін жәйт, кез келген пайдалы зат құн бола алмайды. Себебі адам
еңбегі жұмсалмаған заттардың құны жоқ. Мысалы, өңделмеген тың жер, өзендер
мен теңіздер, жабайы жемістер, т.б. Сонда құн деген не? Құн дегеніміз –
тауар өндіргенде жұмсалатын еңбек жиынтығы. Қоғам дамуының негізі – еңбек.
Сондықтан, тауарға сіңген қоғамдық еңбек тауардың құны болады. Бұл бір
жағынан, ал екінші жағынан еңбек шығындары өздігінен өнімді құн ете
алмайды. Құнды көруге, сезінуге бола ма? Өнімнің құны болуы үшін белгілі
бір қоғамдық жағдай болуы қажет – ол тауар қатынастары болуы шарт. Ол тек
тауар өндірушілердің ғана қатынастары. Айырбас кезінде олардың белгілі бір
тауарды басқа тауарларға теңестірулері кезінде, яғни айырбас құны арқылы
көрінеді. Тауарлардың құнын зертханада физикалық, ия болмаса химиялық
талдау жасап байқауға болмайды. Оны тек қоғамдық сипатта – нарықта, айырбас
кезінде байқауға болады. Сөйтіп құн деген заттың қоғамдық қасиеті.
Құн – тарихи категория. Құнның негізі – адам еңбегі. Құн – еңбектің
нәтижесі, еңбек жемісі. Құн деген идея адамзат тарихында көптен бар. Ал
оның еңбек теориясын негізін қалаушылар ХVII ғасырдағы ағылшын экономисі У.
Петти, ХVII ғасырда өмір сүрген шотландық А. Смит, XIX ғасырдағы ағылшын
бизнесмені Д. Рикардо болды. Ал құнның еңбек теориясына басты үлесті XIX
ғасырда К. Маркс қосты. Ол тауарға жұмсалатын еңбектің екі жақты сипатын,
яғни белгілі бір тұтыну құынын жасайтын нақты еңбекті және құнның сыртқы
көрінісін жасайтын абстрактылы еңбекті ашып, оны жан-жақты талдады.
Тауардың екі жағының – тұтыну құны мен құнының – қайшылықтары болғанымен,
ол ажырағысыз бірлік түрінде көрінеді.
Тауардың ішкі қайшылықтары қандай жағдайда шешіледі деген сұраққа жауап
іздестірейік. Қоғамдық еңбек, яғни басқалар үшін еңбек ету қоғам дамуының
барлық сатыларында болады. Алғашқы қауымда да, патриархаттық отбасында да
адамдар өз күш-қуатын жұмсай отырып, өз отбасына қажетті өнім шығарып, бір-
біріне еңбек етті. Алайда мұнда құн пайда болған жоқ. Себебі тауар пайда
болған жоқ, яғни еңбек өнімдері айырбасқа түсекен жоқ. Тауар болу үшін
өнімнің басқа бір өнімге айырбасталу қасиеті ол өнімді сату – сатып алу
кезінде, яғни нарықта оны тұтыну құны және құн етеді. Өйткені, егер өнім
сатылса, оның тұтыну құны басқаның қажетін өтеуге керек болғаны. Бұл
біріншіден. Екіншіден, оның құнының бар екені дәлелденгені. Міне дәл сату –
сатып алу жағдайында (нарықта) тауардың ішкі қарама-қайшылықтары шешіледі.
Адамзат қоғамының даму сатыларында айырбас қатынастары да дамып, одан
әрі жетіліп, нарықта тауарлар тек натуралды зат ретінде ғана бір – біріне
айырбасталып қоймай, бүкіл тауарлар дүниесіне ерекше бір тауар, яғни тауар
ақша пайда болды. К. Маркстың сөзімен айтқанда: Айырбас құны, тауарлардан
бөлініп және сол тауарлармен қатар дербес тауар ретінде жүретін тауар, ол -
ақша. Әрбір жеке тауар тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны белгісіз,
ол тек тауарды ақшаға теңгергенде ғана анықталады. Тауар мен ақша айырбас
процесінде бірін-бірі алмастырады және біріне-бірі теңгеріледі.
1.2 Ақша - тауардың жалпы эквиваленті.
Ақша кез-келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар ролін атқарады.
Осыдан келіп ақшаның жаппай өктем күші пайда болды. Ақшаның қоғамдағы мәнін
К. Маркс Индивид өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің
қалтасына салып жүреді деген афоризммен сипаттайды. Ол мынадан айқын
көрінеді:
Бірішіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің
нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауарлар айырбасында
делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі айқындалып, сандық
есебі жүргізіледі.
Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өнімдегі үлесін де ақша
арқылы анықтауға болады. Себебі адамның қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы
ретінде алғанда ақша төлем құралы қызметін атқарғаны.
Үшіншіден, айырбас процесінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі
қайшылықтары да шешіледі. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкіл
тауарлар тұтыну құндары ретінде айырбас қатынасының бір жағында тұрады да,
ал екінші жағында бүкіл тауарларға қарсы құнның тұлғасы ретінде ақша қарсы
тұрады.
Тауарлар дүниесінің тауар және ақша болып екіге бөлінуі оның тұтыну
құны мен құнының, яғни тауардың ішкі қарама – қарсы жақтарының қайшылығын
шешуге жол салады. Өйткені, егер тауар сатылса, оның тұтыну құнының
біреудің қажетін өтеуге керек болғандығы. Бұл бір жағынан, ал екінші
жағынан оның құнының бар екендігі дәлелденгені. Сатылған құн енді ақша
түрінде тауар өндірушінің қолына түседі. Сөйтіп, тауар өндірушіге түскен
ақшаның мөлшеріне қарай өз өндірісіне басқа кез келген қажетті тұтыну құнын
алуға мүмкіндік туады.
Қорыта айтқанда, құнның ақшалай формасының пайда болуы, яғни ақша –
тауардың жалпы эквиваленті болуы тауар өндірісінің ұлғайып, айырбас
қатынастарының алғашқы кездейсоқ жағдайдан нақтылы және үнемі қайталанатын
процеске айналып, кең көлемде өсуіне жол ашты.
1.3 Ақшаның түрлері.
Ақша өзінің даму барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар
және толық құнсыз ақшалар.
Толық құнды ақшалар – номиналды құны оны дайындауға кеткен нақты
құнымен сәйкес келетін ақшалар.
Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның ішінде: мыстан, күмістен және
алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әртүрлі формада болған. Монета
түріндегі формасы – бұл олардың соңғы формасы. Монетаның бет жағы аверс,
артқы жағы – реверс және жаны гурт деп аталады.
Монета сөзінің шығуын римдіктердің жүрегі саналатын шіркеу құдайы Юнона-
Монета есімімен байланыстырады, яғни сол шіркеуден берілген ақшалай
қаражаттың көмегімен Римнің эпир ханы Пиррмен соғыста жеңіске жеткендігі
туралы аңыз бар. Монета сөзі латынша moneo - кеңес беремін, көңіліңнен
шығамын дегенді білдіреді.
Алғашқы монеталар VIIғ. б.э.б. Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия
мемлекетінде пайда болды. Киев Русінде алғашқы монеталардың пайда болуы IX
– Xғғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталармен қатар, күміс
монеталар да қоса жүреді.
Алтын айналысына бірқатар елдер де XIXғ. екінші жартысында өтті. Бұл
елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орында, өзінің отарларымен
бірге ағылшын елі алған.
Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының
мынадай объективті қажеттіліктері болған:
• алтын өндірісі тауар өндірісінің артынан ілесе алмай, нәтижесінде
айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады;
• жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете
алмады;
• алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын
ынталандырмады.
Алтын айналысын не бары бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін болды және
соғысушы елдер өздерінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағазды
белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан
шыға бастайды.
Толық құнсыз ақшалар – номиналды құны нақты құнынан, яғни олардың
өедірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.
Оларға мыналар жатады:
• құнның металдық белгілері – арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ
монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;
• құнның қағаздай жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері екіге
бөлінеді: қағаз ақшалар және несиелік ақшалар.
Қағаз ақшалар – нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта олар айналыста
жүрген алтын және күміс монеталардың орбасарлары ретінде пайда болды. Қағаз
ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы
қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты.
Металл ақшалардың қағаз ақшаға ауысуы себептері мынадай:
• металл ақшалардың тасымалдап алу жүру қолайсыздығы;
• металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің
нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алумақсатында металдық
құрамын төмендету барысында бүлінуі;
• бағалы металдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда
қымбатқа түсуі;
• эмиссиондық табыс (шығарылған ақшалардың номиналды құны мен олардың
нақты құны арасында айырма) алу мақсатында қазынаның қағаз ақшаларды
шығаруы;
• бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.
Алғашқы қағаз ақшалар б.э.XIIғ. Қытайда, 1690ж. Ұлыбритан отары болған
Солтүстік Америкада, 1762ж. Австрияда және 1769ж. Ресейде пайда болды.
Брінші дүниежүзілік соғыс жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде шығарылды.
Қазіргі кезде қағаз ақшалар қазыналық билеттер түрінде он елде (АҚШ,
Италия, Индия, Индонезия және т.б.) ғана сақталған. Кешегі КСРО-да 1961ж.
болған ақша реформасы негізінде қағаз ақшалар, яғни 1,3,5 рубльдік
қазыналық билет формасында соңғы рет айналымға шығарылып, кейіннен
Ресейдегі 1991 – 1992жж. және Қазақстан 1993ж. ақша реформасы нәтижесінде
айналымнан алынды.
Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) – бюджет тапшылығын жабу мақсатында
шығарылатын, сондай-ақ мемлекет белгілеген өзіндік номиналы бар құнның
белгілері.
Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін
атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттік қаржы жзетіспеушілігіне
байланысты шығарумен түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан
тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді. Олардың құнсыздану себептеріне:
айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуын, эмитентке деген сенімнің
төмендеуін және төлем балансының қолайсыздық жағдайын жатқызады.
Несиелік ақшалар – тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып
алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты
пайда болған ақшалар.
Несиелік ақшалардың шығуы банктердің несиелеу операцияларымен
байланысты. Мұндай ақшалардың басты мақсаты: ақша айналымын икемді ету;
нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік
жасау.
Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель, банкнота және чек.
Вексель сөзі ағылшынша bill note – міндеттеме шоты дегенді білдіреді.
Вексель – белгілі бір соманы алдын – ала келісілген мерзімде және
белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борыщқордың қарыздық міндеттемесі.
Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы.
Жай вексель (соло) – вексельді ұстаушыға векселде көрсетілген соманы
белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель
берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.
Аудармалы вексель (тратта) – вексельде көрсетілген соманы белгілі бір
уақытта алғашқы вексальді ұстаушыға (ремитентке) төлеу туралы үшінші бір
тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен
негізделмеген ұсынысын сипаттайтын вексель. Сонымен қатар, экономикалық
әдебиеттерде вексельді мынадай түрлерге бөледі: қаржылық, қазыналық,
достық, бронзалық.
Қаржылық вексель – белгілі бір ақша сомасын қарызға беруден
туындайтын қарыздық міндеттеме.
Қазыналық вексель – бюджет тапшылығын жабу мақсатында мемлекет
тарапынан шығарылатын оның міндеттемесі. Қазыналық вексель бойынша мемлекет
борышқор болып саналады.
Достық вексель – кейіннен банкте оларды есепке алу мақсатында бір-
біріне беріледі.
Бронзалық вексель нақты қамтамасыз етілмеген қарыздық міндеттемені
білдіреді.
Банкнота (ағылшын сөзінде Bank-note аударғанда банк билеті) –
орталық банктің айналысқа шығарған әр түрлі номинальдағы ақша бірліктері.
Ол вексельден және қағаз ақшалардан өзара ажыратылады. Банкнотаның
вексельден мынандай айырмашылығы бар:
Мерзімділігіне қарай, егер де вексель мерзімді қарыздық міндеттеме
болса (3-6 айлық), ал банкнота – мерзімсіз қарыздық міндеттеме.
Кепілдігіне қарай, вексельді айналысқа жеке кәсіпкерлер шығарады және
оның жеке кепілділігі болады, ал банкнота қазіргі кезде орталық банк
шығаратындықтан, оған мемлекет кепілдік береді.
Экономикалық әдебиеттерде банкнота екі түрге бөлінеді: классикалы және
жай.
Классикалық банкнота – бұл банкнотаның алғашқы пайда болған формасы
ретінде алтынға еркін алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етілген
Орталық банктің билеті.
Жай банкнота – бұл қазіргі кездегі айналысқа шығарылған Орталық банк
билеті. Олар металға алмастырылмайды, тек қана орталық банктің барлық
активтерімен қамтамасыз етіледі. Ендеше қазіргі айналыста жүрген орталық
банктен шығатын жай банкноталар алтынмен қамтамасыз етілмейді, бірақ
олардың белгілі бір дәрежеде тауарлық немесе несиелік негізі сақталған,
сондай-ақ олар қағаз ақша айналыстарының заңдылықтарына бағынады.
Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы
төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне
берген жазбаша бұйрығы.
Чектің экономикалық жаратылысы мынандай:
Біріншіден, ол банктен нақты ақшаны алуға қызмет етеді;
Екіншіден, ол айналыс және төлем құралы қызметін атқарады;
Үшіншіден, ол қолма – қолсыз ақшамен есеп айырсу құралы.
Бөлім 2. Ақшаның қызметі.
2.1 Ақшаның атқаратын қызметі.
Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы
орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар
өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық
мазмұнының белгілі біржақтарын сипаттайды.
Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:
1. құн өлшемі және баға масштабы;
2. айналыс (айырбас) құралы;
3. төлем құралы;
4. қорлану және қор жинау құралы;
5. дүниежүзілік ақша.
Ақшаның құн өлшемі қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық
тауарлардың құнын өлшейді. Ақша құн өлшемі ретінде: мөлшері жағынан аттас,
сапасы жағынан салыстыруға әкелетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар
дүниесіне материал беру қызметін атқарады. Бірақ та тауарларды өзара
өлшейтін ақша емес, тауарлар өндірісіне кеткен қоғамдық қажетті еңбек
олардың бірінің біріне өлшенуіне жағдай жасады. Барлық тауарлар қоғамдық
еңбек өнімдері, сондықтан олардың өзіндік құны бар нақты ақшалар (алтын
және күміс) өлшей алады.
Тауар құнының ақшамен бейнеленуі оның бағасы деп аталады. Баға тауарда
өндіруге және сатуға қажетті қоғамдық еңбек шығынымен анықталады. Әрбір
елде ақшаның өлшемі ретінде қабылданған және тауарлар бағасын өлшеуге
қызмет ететін металдың (алтын) баға белгілеу процесіндегі ақша бірлігіне
бекітілетін салмақты саны баға масштабы деп аталады.
Бағалардың негізінде және олардың қозғалысында құн заңы жатыр. Ақшаның
құн өлшемі қызметі мен баға масштабы арасында өзара айырмашылық бар. Құн
өлшемі бұл мемлекетке тәуелсіз ақшаның экономикалық қызметін сипаттайды.
Құн өлшемі қызметі құн заңына байланысты анықталады. Баға масштабы бұл
мемлекетке тәуелді, бірақ тауардың құнын көрсету үшін емес, тек оның
бағасын бейнелеу үшін қызмет етеді. Баға масштабы нарық заңына, яғни
сұраныс пен ұсынысқа байланысты белгіленеді. Сөйтіп баға масштабы арқалы
ойша белгіленетін тауарлар бағасы ұлттық ақша бірлігіндегі көрсетілетін
нарықтық бағаға айналады.
Бүгінгі таңда тауарлар алтынға тікелей айырбасталмайды және олардың
бағасы алтынмен бейнеленбейді. Ақшаның бұл қызметін алтынның орнында
жүретін оның құндық өкілдері немесе қағаз және несиелік ақша белгілері
атқарады. Мұндай ақшалардың меншікті құны болмайтындықтан да, оларды толық
бағалы емес ақшалар деп атайды. Өйткені, олар тауарлар құнын толық
өлшемейді, бірақ өлшеуге қатынасады.
Ақшаның айналыс құралы қызметі. Айналыс құралы қызметінде ақша тауар
айналысы процесінде делдалдық роль атқарады. Тауар айналысы мынадай
процестерді қамтиды: тауар сату, яғни оның ақшаға айналуы және тауарды
сатып алу, яғни тауардың ақшаға айналуы. Бұл процесті арнайы формулада
мынадый түрде беруге болады: Т (тауар) – А (ақша) – Т(тауар).
Ақша айналысының тауар айналысынан айырмашылығы ақша тауарларды
біртіндеп айналыстан шығара отырып, өзі айналыста үнемі қалып отырады.
Ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметінің басты ерекшелігі, біріншіден,
бұл қызметті толық бағалы емес құнның белгілері: қағаз және несиелік
ақшалар атқарады, екіншіден нақты және қолма-қолсыз ақшалар атқарады.
Сонымен ақша, айналыс құралы қызметін атқаратындықтан да олардың саны,
яғни айналысқа қажетті сатылатын тауарлар массасы және бағасы негізінде
анықталады. Ал егер айналыстағы ақша массасы тауар массасынан артық болса,
онда ақшаның құнсыздануы инфляцияға жол береді.
Ақшаның төлем құралы қызметі. Әр түрлі жағдайлардың болуына байланысты
тауарлардың тек нақты ақшаға ғана сатылмайтыны белгілі. Себебі әр түрлі
тауарларды өндіру кезеңі мен айналыс мерзімінің ұзақтығының бірдей
еместігі, сонда-ақ бірқатар тауарлардың өндірісі мен сатылуының маусымдық
сипатта болуы шаруашылық субъектісінде қосымша қаражаттардың
жетіспеушілігін туғызады. Соның нәтижесінде тауарлардың төлемін кешіктіріп
сатып алу және сату, яғни несиеге беру қажеттігі туындайды. Ақша төлем
құралы ретінде мынадай ереше бір қозғалыс формасына ие: Т (тауар) – М
(міндеттеме), келісілген мерзімінен кейін: М (міндеттеме) – Т (тауар).
Ақшаның төлем құралы қызметі мен айналыс құралы қызметтері арасында
өзара айырмашылық бар. Ақша айналыс құралы ретінде делдалдық рөлінде
жүретін болса, төлем құралы қызметінде ақша мен тауардың бір-біріне қарама-
қарсы қозғалысы болмайды, яғни қарыздық міндеттеме арқылы өтеу, сату және
сатып алу процесінің аяқталмағандығын білдіреді. Тауарлар мен ақша
арасындағы уақыттағы алшақтық кредиторға қарыз алушының төлемеу қаупін
тудыруы мүмкін.
Ақша төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына қызмет етіп қоймай,
сол сияқты қаржы және несие қатынастарына да қызмет етеді.
Жалпы барлық ақшалай төлемдерді мынадай түрде топтастыруға болады:
• тауарлар және көрсетілетін қызметтер бойынша төлем міндеттемелері;
• мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;
• банктік несиелер, мемлекеттік және тұтыну несиелері бойынша қарыздық
міндеттемелер;
• сақтандыру міндеттемелері;
• әкімшілік, сот алдындағы және өзге міндеттемелер.
Ақшаның төлем құрал қызметін толық бағалы емес, яғни қағаз және
несиелік ақшалар атқарады.
Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама
ретінде, оның иесіне тауар алуды қамтамасыз етумен қатар, байлықты жинау
құралы болып табылады. Сондықтан да адамдар оларды жинақтауға немесе
қорлануға тырысады. Қорлану үшін ақша айналыстан алынды, сөйтіп тауарды
сатып алу және сату қозғалысы үзіледі.
Ақшаның қор жинау қызметін толық бағалы емес ақшалар атқарады. Тауар
өндірісі жағдайында қорлану екі формада жүзеге асырылады:
1. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ағымдық және жинақ (депозиттік)
шоттардағы, сол сияқты банктердегі басқа шоттардағы ақшалай қаражат
қалдықтары түрінде қоғамдық қорлану формасында;
2. Банктердегі халық салымдарында, облигацияларда жинақталған жеке
қорлану формасында.
Дүниежүзілік ақша. Сыртқы сауда байланыстары, халықаралық заемдар,
сыртқы серіктестерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардың пайда
болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар жалпыға ортақ төлем құралы,
жалпыға ортақ сатып алынатын құрал және жалпыға ортақ қоғамдық байлықтың
материалдану құралы болып табылады. Халықаралық төлем құралы ретінде
дүниежүзілік ақшалар халықаралық байланыстардағы есеп айырысуларды
қолданылады. Халықаралық сатып алынатын құрал ретінде дүниежүзілік ақшалар
елдер арасындағы нақты ақшамен төленетін тауарлар және көрсетілетін
қызметтер айырбасындағы тепе-теңдік бұзылған жағдайда қызмет етеді. Жалпыға
ортақ қоғамдық байлық құрал ретінде дүниежүзілік ақшалар бір елдің екінші
бір елге заем немесе субсидиялар беруі барысында қызмет етеді.
Егер де еліміздің ішіндегі ақша мемлекетпен заңдастырылған ұлттық ақша
бірлігі формасында қызмет ететін болса, ал елімізден тысқары жерде, К.
Маркс өз еңбегінде: Ақша өзінің ұлттық киімін шешеді де, өзінің бастапқы
формасы ретінде металл құймасына, яғни жалпылама балама тауар формасына
өтеді деп жазды. Сондай-ақ бұл жерде дүниежүзілік ақша ретінде алтынның
қызмет етуі сипатталады.
Қазіргі кезде дүниежүзілік ақша қызметін: АҚШ – доллары, Еуропалық
Одақтың қазіргі валютасы – еуро, сол сияқты халықаралық валюталық қордың
СДР – і атқарады.
1999 жылы қаңтар айынан бастап, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz