Қазақстандағы білім беру саласы қандай деңгейде


Қызылорда қаласы
химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебіҚазіргі әлемдегі Қазақстан
Курстық жұмыс
Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты:
Тақырып: ‘‘Қазақстандағы білім беру саласы қандай деңгейде?’’
Орындаған: Бермиштай Жұлдызай
(аты-жөні, қолы)
Жетекші: Әбдіжалиев Нұркен
(аты-жөні, қолы)
Ішкі модератор
(аты-жөні, қолы)
Қызылорда, 2020-2021 оқу жылы
МазмұныI. Кіріспе3
1. КіріспеБілім - белгілі бір білік, дағды, құндылықтар, функциялар, тәжірибе мен құзыреттер жиынтығы. Сөздің кең мағынасында білім беру - жеке тұлғаның ақыл-ойы, мінезі мен дене қабілеттерін қалыптастыру, тұлғаны тәрбиелеу процесі немесе оқыту жүйесі. Тұңғыш Президенттің 2004 жылғы 19 наурыздағы "Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін" атты жолдауында ұлттық бәсекеге қабілеттілік, ең алдымен, оның білім деңгейімен айқындалатындығын көрсеткен болатын.
Бүгінгі таңда біздің егемен еліміз білім беруге, білім сапасын арттыруға, мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға ерекше көңіл бөлуде. Білім берудің жаңа моделі жасалды, білім беру жүйесінде жаңа бағыттар қалыптаса бастады. Мемлекеттік стандарттар жаңартылды, оқу бағдарламалары жақсарды, жаңа типтегі оқу орындары ашылды. Бұл ретте оқыту сапасына, оқу процесін ұйымдастырудың жаңа нысандары мен әдістеріне қатаң талаптар қойылады, оқытудың жаңа технологиялары кеңінен практикалық қолданысқа ие. “Қазақстан 2050” стратегиясында елбасы “Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі” деп, осы мәселеге назар аудара отырып, оның маңыздылығына тоқталады. Яғни, бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет атану үшін сауаттылықты көтеру маңызды.
XXI ғасыр-бұл жаһандық инновациялар ғасыры ғана емес, сонымен қатар білім ғасыры, өйткені қазір ол мемлекеттің орнықты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, сондай-ақ оның әлемдік нарық пен әлемдік қауымдастықтағы орнын айқындауда шешуші рөл атқарады. Өз кезегінде, біздің еліміз әлемдік қоғамдастықтың мүшесі ретінде осы мәселелерден тыс қала алмайды. Елбасы бәсекеге қабілетті білім беру жүйесін құруға нақты тапсырмалар беріп, ұлттың өсуі тек білім нәрімен сусындағанда жүзеге асатынын, білім беру сапасын халықаралық деңгейге көтеріп, білім тайталасында дамыған елдермен деңгейлес болу мәселесін баса айтты. Сондықтан, білім беру саласында орын алып жатқан өзгерістерді және сапасын талдау қажеттілігі туындайды.
Akorda. kz интернет-ресурсының баяндауы бойынша, 2016-2018 жылдары білім мен ғылым саласына бюджеттен бөлінген қаражат көлемі 22 пайызға өсіп, 2 триллион теңгені құрады. Дегенмен, 2019 жылғы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауында, еліміздегі жоғары оқу орындарының тек жартысы ғана түлектерін жұмыспен қамту бойынша 60 пайыздық көрсеткішке жетіп отырғанын айта кеткен еді. Осы ретте, білім беру жүйесіндегі мәселелердің шығу себебін анықтап, шешу жолдарын ұсыну өзекті болып табылады.
Осыған сәйкес, курстық жұмыстың мақсаты - білім беру саласында орын алған өзгерістерді талдау, жүйесінің күшті және әлсіз тұстарын анықтау және дамыған мемлекеттердің тәжірибесіне сүйене отырып, өз еліміздегі білім беру саласын жетілдіру жолдарын ұсыну.
Зерттеу жұмысы барысында келесі сұрақтарға жауап ізделінді:
- Тәуелсіздік алғалы бері білім беру саласында қандай өзгерістер орнады және олар не себептен туындады?
- Білім беру саласын дамытуда қабылданған реформалар қаншалықты сәтті?
- Дамыған мемлекеттердің білім беру жүйесінің Қазақстаннан ерекшелігі неде?
- Қазақстандағы білім беру жүйесін қалайша жетілдіруге болады?
Тәуелсіздік алғалы бері білім беру саласында қандай өзгерістер орнады және олар не себептен туындады?
Қазақстан республикасының білім беру жүйесі көптеген өзгерістерге ұшырап, жаңартулардан өтті. Тәуелсіздік алған жылдан бастап көз жүгіртер болсақ, 1995 жылы жаңа Конституция қабылданып, онда жалпыға бірдей міндетті және тегін орта білім беру бекітілді. Adilet. zan. kz сайтында көрсетілгендей, 1997 жылғы “Білім туралы” заң жалпы білім беретін мектептің үш сатыға бөлінгендігін жариялады. Яғни, бастауыш мектеп 1-4 сыныптарды, орта мектеп 5-9, ал жоғары 10-11 сыныптарды қамтыды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz