Әбіш Кекілбаев әңгімесіндегі адами қасиеттер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қобда қазақ орта мектебінің Зерек оқушылардың ғылыми қоғамы

ҒЫЛЫМИ ЖОБА
Әбіш Кекілбаев әңгімесіндегі адами қасиеттер

Секциясы: Әдебиет
Орындаған:
Ғылыми жетекшісі:

2020-2021 оқу жылы

Мазмұны

І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Ұлтын сүйген жазушы
2.2. Ә.Кекілбаев шығармаларындағы кейіпкерлер әлемі
III.Зерттеу бөлімі
3.1 Адами құндылық - Әбіш Кекілбаев әңгімелерінің негізгі арқауы
3.2 Ә.Кекілбаевтың Тасбақаның шөбі әңгімесі
3.3 Әбіш Кекілбаевтың Керек адам шығармасы
III.Қорытынды
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер

Аннотация
Қазіргі уақытта адамгершілік қасиеттің таразыға түскен тұсында Әбіш шығармаларының берер мағынасы мол екенін айта түсемін. Біздің пайымдауымызша жастарға үлгі болатын еңбектерін мейілінше мектеп оқулығына енгізе түссе нұр үстіне нұр болар деп едік .Осы жобаны жазар кезде көптеген ойға түйер түйіндер көп болды. Адамның адамгершілігі адамдығында екенін ұға түстік. Адамынан заманы озған тұста біз адами құндылықты жоғалтып алмауымыз қажет.
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы:
Қазақстанның Халық жазушысы, қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Маңғыстаудың төл перзенті, тума таланты, дәуірдің дара тұлғасы, кемеңгер қаламгер Әбіш Кекілбайұлының шығармашылығы бүгінгі жастарға, оқушыларға рухани тәрбие берудің көзіне айналды. Жазушы шығармаларында қазақ халқының салт-дәстүрін әдеп-ғұрпын дәріптеген.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты әдеби-тарихи, жүйелі-сипаттамалық, баяндау, салыстырмалы талдау мен жинақтау, жүйелеу және оны түсіндіру әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысы ұрпағын қарапайымдылық пен еңбекқорлыққа, адамдардың бір-біріне деген көл-көсір ыстық ықыласы мен шексіз қамқорлығын, өз мамандығына деген шынайы сүйіспеншілігін үлгі еткен жазушының аманатын көкейімізге түйіп, көңілімізге бекіту.
Аннотация

Я хотел бы сказать, что произведения Абиша имеют большое значение в современном моральном мире. На наш взгляд, было бы здорово, если бы молодые люди могли как можно больше включать свои образцовые работы в школьные учебники - на момент написания этого проекта было много моментов, заставляющих задуматься. Мы поняли, что человеческая мораль в человечности. Мы не должны терять человеческие ценности, выходя за рамки человека.
Общая характеристика исследования:
Творчество народного писателя Казахстана, общественного деятеля, лауреата Государственной премии, единственного ребенка Мангистау, врожденного таланта, личности эпохи, гениального писателя Абиша Кекилбаевича стало источником духовного воспитания современной молодежи и студентов. В своих произведениях писатель воспевал традиции и обычаи казахского народа.
В зависимости от цели исследования и специфики темы использовались методы литературно-исторического, систематико-описательного, повествовательного, сравнительного анализа и обобщения, систематизации и его интерпретации.
Цель исследования - запечатлеть в наших сердцах наследие писателя, который олицетворяет простоту и трудолюбие поколения, страсть и заботу людей друг о друге, настоящую любовь к своей профессии.

Annotation
I would like to say that Abish's works are of great importance in the modern moral world. In our opinion, it would be great if young people could include their exemplary work in school textbooks as much as possible - at the time of writing this project there were many thought-provoking points. We realized that human morality is in humanity. We must not lose human values ​​by going beyond the human.
General characteristics of the study:
The work of the people's writer of Kazakhstan, public figure, laureate of the State Prize, the only child of Mangistau, innate talent, personality of the era, genius writer Abish Kekilbaevich has become a source of spiritual education for modern youth and students. In his works, the writer sang the traditions and customs of the Kazakh people.
Depending on the purpose of the study and the specifics of the topic, the methods of literary-historical, systematic-descriptive, narrative, comparative analysis and generalization, systematization and its interpretation were used.
The purpose of the study is to capture in our hearts the legacy of the writer, who personifies the simplicity and hard work of a generation, the passion and concern of people for each other, a true love for his profession.

І. Кіріспе
Әбіш Кекілбаев - өз шығармаларында кейіпкерлер арқылы адами қасиеттерді, замана келбетін терең тұрғыда суреттеген қаламгер. Оның басты мақсаты - жалаң суреттеуден гөрі, адамның сол кездегі көңіл-күйін, сонымен қатар қазіргі таңда екінің бірінің бойынан табыла бермейтін адалдық, еңбекқорлық қасиеттерді бейнелесе, екінші шығармасында керісінше, "заманы түлкі болса, тазы болып шалатын адам бойындағы жағымпаздық сияқты жағымсыз қылықтарды дәл суреттей білген.
Негізі, жазушыға тән негізгі басты құрал - қиял, ой, тұжырым, шабыт, саналы пайымдау. Олай болса, осылар біріккенде біз жазушының шеберлігін танып білеміз. Ә.Кекілбаев әңгімелеріндегі көркемдік шеберлік неде? Енді осы туралы айта кетсек.
Прозашы Ә.Кекілбаев "Керек адам", "Тасбақаның шөбі", әңгімелерінде жазушы кейіпкерлер образын шебер пайдалана отырып, сол кездегі адамдардың түрлі жағымды-жағымсыз қасиетерін қатар суреттей отырып, бүгінгі күннің көкейкесті мәселелерін қозғайды.
Зерттеудің мақсат-міндеттері:
Әбіш Кекілбайұлы шығармаларындағы адами қасиеттерге бағытталаған шығармаларын зерттеу.
Зерттеу жұмысының негізгі міндеттері:
* Жазушының қоғам өміріндегі азаматтық тұлғасын таныту;
* Жазушы шығармалары бүгінгі ұрпақты патриоттық сезімге, рухани адамгершілікке тәрбиелеудің баға жетпес құралы екенін айқындау;
* Cыныптacтарыма Әбіш шығармаларындағы адами құндылықтар туpaлы aйту, iздeну жұмыcыммeн тaныcтыpу.
Зерттеу әдістері:
Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты сипаттама, салыстырмалы талдау мен жинақтау, жүйелеу және оны түсіндіру әдістері қолданылды.
Зерттеудің өзектілігі:
Жазушының жанынан шыққан еңбектеріне қарап, қазақтың қаймағы бұзылмаған ырым тыйымдарын зерттеп, зерделегеніне таң қалып, таңдай қаға аламыз. Жазушының қай шығармасын, әңгімесін алсақ та, мән мағынаға ие .Кеңінен таразыланған, қамтылған. Кейіпкерлер бейнесі мен олардың әрекеттері арқылы, адам өз басының қадірін басқаға керектігімен емес, ішкі түйсі - гің, керек адам ретінде іштей руха - ни түлеуің, осы арқылы ілгері қа - - рай тынымсыз ізденуің, адами болмыстың биік шыңына көтеріліп алып, енді содан аласармаудың ама - лын ойлап, өзіңді сәт сайын жаңа қырыңнан ашуға талпы - ну екенін шеберлікпен танытады.
Зерттеудің маңызы:
* Әбіш Кекілбаев шығармалары болашақ жастар үшін рухани өнеге мектебі;
* Жазушының шығармалары өшпес мұра.
Зерттеу жұмысының нысаны Ә.Кекілбаевтың Тасбақаның шөбі мен Керек адам әңгімелері.
Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, бір тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеудің жаңалығы:
Жазушы мұрасы бүгінгі ұрпақ жүрегіне шынайы сезімнің ұшқынын жағуға болатынына көз жеткізу. Жазушының жазу стиліндегі кейіпкерлерін қатар қойып іс-әрекетін,өмірге деген көзқарастарын суреттей отырып,адам бойындағы адами қасиеттерді таныту жазушының ерекшелігін көрсетеді.

ІІ.Негізгі бөлім
2.1 Ұлтын сүйген жазушы
Қазақ бойынан тектілік көрсек,ол тектілігіміздің атадан балаға мұра болып келе жатқанының куәсі.Әбіш әлемі сол тектіліктің туы іспеттес бейне.Әбіш қазақтың рухын көтере отырып,барлық өмірін қазақтың қазақ екенін көрсете білуге арнады.Рухани жаңа кезең 60жылдарда әлемдік әдебиетіне көз салсақ,талантты,жан жақты,үнемі ізденісте болған тұлға Әбіш деп әбден айта аламыз.
Өзге жазушылар сияқты Әбіш Кекілбаев жазушымыз қазақтың түпкілігіне,ес кілігіне,құмбыл құбылыстарына,көшпенділер өмірін қазіргі бізге,әр деталіне басты назар аудара отырып жеткізе білді.Қазақ халқының басқа ұлтқа ұқсамайтын ұяңдығын, кең жүректі қонақжай мейірбандылығын,туған жерге деген махаббатының шексіздігін аша түсті. Жазушы өз өмірін яғни,соғыс атты сұм кезеңмен көзін ашқаны баршаға аян. Бүлдіршін болсада соғыстың соңғы жылдары ызғарлы екенін бастан өткерген еді. Сол уақыттағы халықтың құм қуыт тіршілігі ащы болып,күн көру күйі нашар болса да, арманына еш кедергі бола білмеді.Бірақ,қашанда,қандайда жағдай болмасын салт дәстүрді бағалайтын халыққа бұл кедергі бола білмеді. Адамгершілікті қашанда алғы шепке қойған қазақ қазақтығын жоғалтпағанының куәсі болды. Қарт ауылдың таңымен оянып,шыбықты ат қылып міне жүрген бала қиялы адамның адамды ғы адамгершілікте екенін санасына сіңіре білгенін көреміз.Адамгершілікпен қоса,қазақтың салт дәстүрін сақтай отырып,ырым тыйымның адам жанына қуаныш сыйлай білетінінің,болашаққа жақсы ниетпен қадам басатынының дәлелі екенін ұққан еді.Бір ауыз сөз адам жанына медеу бола біліп,арманына қанат бітіретін жазушы жаны түсінді.Сол уақыттағы сөз саптауы бөлек,жаны жайсаңдардың жанында жүріп,адамның бойындағы ізгі қасиет адамгершілік екенін қорытындылады.

2.2. Ә.Кекілбаев шығармаларындағы кейіпкерлер әлемі
Сөз өнерінің қақпасын өлеңмен қағып, кейін көркем прозада әлемдік мәдениет қазынасына мол үлес қосқан Әбіш Кекілбаев қаламгерлік қуаты мол, кестелі сөз шеберлігі жоғары талантты тұлға, көп қырлы суреткер. Сөз өнерінің тізгінін ұстаған әрбір суреткердің ең асыл арманы мен мақсат-мүддесі өз халқын әлемге таныту болса керек. Бұл тұрғыда Әбіш борышы өтелген бақытты жазушының бірі. Оның қаламынан туған шығармалары әлемнің бірнеше тілдеріне аударылды. Өз халқының талайлы тағдырын, жүріп өткен жолын, мұңы мен сырын, жаны мен арын, тұтас табиғатын төрткүл дүниеге танытты. Көрнекті жазушы Кекілбаевтың мұрасы - ұлттық интеллектуалдық қазынаға айналды. Бір ғана мысал, 1982 жылы әдебиеттің ғасырлық кезеңін саралап отыратын Еуропаның ұйымы шығарған Соңғы жүз жылдықтың атақты жүз қаламгері деген портрет-плакатта Толстой, Әуезов, Достоевский, Чехов, Маркес, Хемингуэй, Паустовский, Федин, Айтматов, Ғамзатов сынды әлемдік тұлғалар қатарынан Әбіш те орын алды. Немістің кітап баспасы жүргізген сауалнама-хаттамасында XX ғасырдың таңдаулы жазушылары тізіміне де енді. Сөйтіп таңдамалы туындылары әлем жазушылары мен сыншыларының назарын аударды, шоқтығы биік шығармашылығы жоғары бағаланды.
Жазушы өзінің қай-қай шығармасында болсын кейіпкерінің болмысынан адамшылық сәулесін іздеп, басын тауға да, тасқа да ұрып дегендей титтей тапқанын насихаттауынан мұрат етіп, марапаттауға жанын салады, адам бойынан асыл қасиеттерді аз ба, көп пе таба білсем деп таусылатын қаламгер.
Жазушының әңгімелеріне зер сала қарап отырсаңыз, көбіне оның қарапайым еңбеккерлерді суреттеуге құштар екеніне куә боласыз. Неге? Бұл Әбіштің қарапайым ауыл еңбеккерлерінің өмірін өте жақсы, терең білуінен шығар. Ол сана мен ұлттық мінез-құлықты айнытпай бейнелеуге кәнігіленгендігінен халық арасынан шыққан кейіпкерлердің ой - арманын, мүддесін терең зерек түсінеді, бүкіл болмысын, тынысын, күрсінісін, ішкі үнін естиді, іштерінде не керемет жатқанын сезеді. Қазақ әдебиетінде еңбек адамының, кеңпейіл, дархан ұлттық мінез-құлықты бойына жиған, қазақ ырымын, үздік қасиеттерін пір тұтқан қарапайым ауыл адамы бейнелерінің галереясын жасауда жазушы үлесі зор.
Ә.Кекілбаевтың шығармаларындағы кейіпкерлердің қай-қайсысы да өмірде бар, өзін сан мәрте көрген, істеген ісі мен сөйлеген сөзіне дейін өзіміз жақсы естіп,көріп біліп жүрген адам тәрізді. Өйткені Ә.Кекілбаев - үлкен суреткер,шеберліктің шыңына шыққан жазушы.Ол жасаған образдардың шыншыл болатыны осыдан,жазушының құдіреттілігі. Шығарманың атауының өзі кейіпкерлердің образын шығарманы оқымай тұрып ақ сезінуге жетелейді.Кейіпкерлер бейнесі мен олардың әрекеттері арқылы, адам өз басының қадірін басқаға керектігіменемес, ішкі түйсі - гің, керек адам ретінде іштей руха - ни түлеуің, осы арқылы ілгері қа - - рай тынымсыз ізденуің, адами болмыстың биік шыңына көтеріліп алып, енді содан аласармаудың ама - лын ойлап, өзіңді сәт сайын жаңа қырыңнан ашуға талпы - ну екенін шеберлікпен танытады.

III.Зерттеу бөлімі
3.1 Адами құндылық - Әбіш Кекілбаев әңгімелерінің негізгі арқауы
Әбіш әңгімелерінде негізгі арқау ететін мәселесі де адами болмыс, адами мұрат,адами қасиеттер болып табылмақ. Жазушының кредосын айқын танытатын мынандай жол бар: Адамшылықтың басы - аяушылық. Аяушылық жоқ жерде адамшылық та жоқ.
Жазушы өзінің қай-қай шығармасында болсын кейіпкерінің болмысынан адамшылық сәулесін іздеп, басын тауға да, тасқа да ұрып дегендей титтей тапқанын насихаттауынан мұрат етіп, марапаттауға жанын салады, адам бойынан асыл қасиеттерді аз ба, көп пе таба білсем деп таусылатын қаламгер.
Міне, жазушының осы әңгімелеріндегі ұқсастықтар, оның интуициялық деңгейін, өзіндік позициясын танытады. Оның адамға, заманға, қоғамға, өнерге деген көзқарасын осы образдар арқылы танып білеміз. Қоғамда болатын небір қайшылықтар да, адам өмірінде де үсақ-түйек қайшылықтармен ұштасып жатады. Сол себептен адам мен қоғам тығыз байланысты. Осы қайшылықтардың бәрін шығармаға арқау етіп, өзекті мәселе қозғауда Ә.Кекілбаев - асқан шебер. Адам образы арқылы адамның сыртқы пішінімен бірге ішкі рухани дүниесі көрінеді, яғни адамның мінезі жасалады.
Адам мінезі бір бағыттағы көптеген адамға тән сыр-сипат, мінез-құлықты сомдап, типтендіріп көрсетумен қатар, осы адамның тек өз басына ғана тән, басқа адамнан табылмайтын қасиеттерін де даралап көрсетеді. Белинский сөзімен айтқанда "таныс бейтаныстар". "Таныс" ететін -олардың типтік белгілері, ал "бейтаныс" ететін - әркімнің дара белгілері.
Міне, өстіп образдардың жинақтағыш, типтік белгілері мен қайталанбас даралық белгілерін бір кісінің басына сыйыстырып, жымдастырып, диалектикалық бірлікте бейнелейтін өнерпаздың шығармашылық қиялы. Шынында қиял кіріспеген жерде шығармашылық жоқ, шығармашылық жоқ жерде образ жоқ, яғни өнердің өзі жоқ.
Адам тағдыры-жазушы үшін шығарма арқауы ғана емес,өмірді танудың өзгеше тәсілі де; өмірде көрген тірі адамдар туралы.олардың хал-күйі,кескін-кейпі туралы тебірене,толғана ойлаудан көбіне суреткерді сол адамдар өмірі сүрген қоғамдық шындыұты көркем жинақтау мақсатындағы творчестволық әрекеті басталып кетеді дейді Зейнолла Кабдолов[7.85б]
Көркем шығармадағы көркем шындық дүниесінің негізін салушы, күшті әсер туғызушы - образ, образдардың жүйелі бірлігі, әсіресе әрбір образдың сомдылығы, кесектігі, айқындығы, сонымен бірге оның зат секілді көрнекті нақтылығы, қайталанбас жеке даралығы.
Көркем образ жасауда табиғаттың да атқаратын қызметі зор. Адам психологиясы мен табиғат үнемі байланыста. Табиғаттан тыс өмір сүру жоқ. Сол себепті шығармада психологиялық параллелизм, пейзаждық көріністер көп кездеседі.
Суреткер табиғатты көркем шығармада әр түрлі пайдаланады. Бірде оқиға алаңын немесе жыл мерзімін көрсетсе, кейде қатал долы күш табиғатқа төтеп беретін мінезді ашу үшін алады. Сонымен қатар кейіпкердің көңіл-күйі, жан дүниесінің құбылыс сәттерін табиғатпен қатарластыра суреттеу арқылы психологизмді терең жеткізу ең жиі қолданылатын тәсілдің бірі.
Сол сияқты Ә.Кекілбаев та өз шығармаларында өмірдегі қарама-қайшылықтан туған бейнені сомдайды. Оған дәлел жазушының Керек адам және Тасбақаның шөбі әңгімелеріндегі кейіпкерлер.

3.2 Ә.Кекілбаевтың Тасбақаның шөбі әңгімесі
Қазақ халқында қандай да алыс сапарға бел буып шыққан жолаушының тасба-қаның шөбін тауып алса, жолы болады деген сенім бар. Оны оп-оңай қолға түсіре қою ,әрине, кездейсоқтық. Бірақ суреткер үшін кездейсоқтық жоқ. Ол халық өм-ірінің қатпарына жаңа шығармасымен көркем барлау жасар алдында қай тұстан әлгі киелі шөпті олжалайтынын анық білуге тиіс. Өмір - күрес деген қағида әлімсақтан бар. Ол - адамға тән: жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық, жомарттық пен сараңдық, кісілік пен қараулық, кеңдік пен төрешілдік, туралық пен көлгірлік, ашықтық пен ішмерездік секілді бір-бірімен бітіспес қасиеттердің күресінен, солардың бірде-бірі, бірде-екіншісі жеңіп адам өзінің адамдық болмысын қалыптастырады. Оны біз осы шығармадағы екі адамның ғана бейнесі арқылы дәлделдей аламыз.Оңбайдың осы жігер-қайраты, батылдығы мен пысықтығы соғыстан бір аяғын жоғалтып келгенде де өзгермеген. Тостағандай қос жанарында маздап тұратын бұрынғы пысықтығы, батылдыққа айналғандай. Кім сөйлесе де тікесінен морт кесіп тастап отыр.[3.274-б.] Ол - еңбексүйгіш, қандай қиындықтан да тайынбайтын еңбекқор, шебер ұйымдастырушы, халықты аузына қаратқан көсем, тапқыр, жаңашыл, ескілікке қарсы аянбай күрес жүргізе білетін күрескер, халық қамын ойлайтын қамқор адам екендігін соғыстан келгенен кейін басқармалыққа сайланғанда анық көрсете білді. Оның іске алғырлығының нәтижесін жазушы бір жағы қазақы әзілге жыға әсерлі баяндаған: Бір аяғы үзеңгіде, екі балдағы ердің артында өңгерулі. Шолақ аяқ басқарма ойда - жоқта төбеден түсе қалды. Жұрттың көрмесін көріп, білмесін біліп отырады. Ол дегенде бұрын аузын ашып, көзін жұматын ел енді жағаларын ұстайды. Орақшы әйелдер басқарма үстімізден шығып қала ма деп, бұрынғы шөмеле түбінде бірінің-бірі басын қарай беретінді қойды. Қырманшы шалдар астық бастырып біткен күні қырман түн деп ырым қып, жұрттың етегіне бір-бір уыс бидай түйіп жіберетінді тоқтатты. Кеңседегілер де аяқтарының ұшынан басады. Ауданда заемді бірінші болып орындайтын - Оңбайдың колхозы. Тіпті бойдақ салық екеш бойдақ салық та Оңбай келгелі бірінші болып орындалды. Оң байдың тұсында жыл он екі ай бос жататын ала қырға мал жайылды. Оңбайдың тұсында арқар мен киіктен басқа аяқ баспаған бөрілі түздерге орақ түсті.[3,275-б.]
Әңгімедегі кейіпкерлерге мінездеме бере отырып,жазушының не айта түспе гін ұққандай боламыз.Оңбайдың тұсында істелген нәрселердің бәрі халық көңілінен шықты. Енді осы жерде сұрақ туындайды сол Оңбайды өзгерткен, шынына келгенде құртқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазушы шығармаларындағы ұлттық мінез бен қазақы болмыс
Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы тарихи тұлғалар
Шығарма тақырыбы - жетпісінші жылдардағы ауыл өмірі
Көрнекті, ұлтжанды жазушы Ә. Кекілбаевтың әңгіме, повесть, романдарындағы ұлттық менталитеттің бейнелену шеберлігі
Қазақ прозасындағы кейіпкер болмысы және авторлық ұстаным. Суреткерлік шеберлік және көркемдік әдіс-тәсілдер
«Қазақ прозасындағы этно-фольклорлық сарындар сипаты»
Көркем шығармадағы психологизм туралы мәлімет
Әбіш Кекілбаев шығармалары мол мұра
Әбіш Кекілбаев прозасы
Қазақ әдебиеті
Пәндер