Балалардың бейнелеу қабілеттерін қалыптастыру


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

«Қорғауға жіберілді»

МДжППД кафедрасының меңгерушісі

Н. В. Мирза

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың

шығармашылық қабілеттерін дамыту»

5В010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы

Орындаған:

МДОжТ-21 топ студенті Ж. С. Жарылқасын

Ғылыми жетекшісі:

п. ғ. к., доцент Р. Б. Маженова

Жоспар

Кіріспе3

1 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту5

1. 1 Бейнелеу және құрастыру әрекеттері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын дамыту5

1. 2 Балалардың бейнелеу қабілеттерін қалыптастыру9

2 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін бейнелеу өнері арқылы дамыту15

2. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттерін дамыту кезеңдері мен алғышарттары15

2. 2 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық бейнелеу іс- әрекеттерінің ерекшеліктері19

2. 3 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту әдістері мен тәсілдері24

Қорытынды28

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі30

Кіріспе

Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінен басталады. Ол үшін балаға барлық жағдай жасалуы керек. Балалар-еліміздің бүгіні мен ертеңі, мемлекетіміздің басты байлығы, әрі тірегі. Сондықтан балаға тиісті дәрежеде жағдай жасап, денсаулығын жақсартып, өмірін гүлдендіріп, саналы тәрбие мен сапалы білім беру-біздің басты мақсат.

Тәрбие баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет-ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылысиармен, адамдардаң еңбегімен, қарым-қатынасымен танысады. Елбасымыздың Жолдауында еліміздегі барлық мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді арттыру мақсатында «Балапан» бағдарламасы әзірленіп, оны іске асыру жұмыстары тапсырылғаны баршамызға мәлім. Замана алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы - мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепте жан-жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе, балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады.

Мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастару қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ғалым-педагогтар мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілетінің дамуын жан-жақты әлі де қарастыруды қажет етеді деген пікірлер айтуда.

Бала мектепке келгенде қабылдау, ойлау және есте сақтау қабілеті жоғары дәрежеде болуы тиіс. Сондықтан балаға мектепке дейін бейнелеу қабілетін дамыту маңызды. Ол үшін арнаулы дәлелденген, тәжірибе жүзінде еске асырылған нәтижелі іс-әрекеттер жасалынуда.

Осы жасқа лайықты ойлау, есте сақтау қабілеті мен ақыл-ой және ересек адамның парасатты қамқорлығынсыз баланың талабы толығымен ашылмай қалуы мүмкін. Мектепке дейінгі балалық шақта есте сақтау, бейнелеу қабілеті біршама дербестікке ие болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілетін дамыту баланың ес процесінің қалыптасу өрісіне бір деңгейде көрініс бермейді, сондықтан да оны белсенді түрде ынталандыра білуіміз шарт. Мектепке дейінгі балалардың өмір сүру қалпы, оның есте сақтау және ойлай білу дәрежесімен тығыз байланысты. Сондықтан да есті дамыту - үлкен өзгеріс есті-бала алдында есте қалдыру, бейнелеу мақсатын қойып, тиісті тәсілдер қолдануды бастайтын (мысалы, есте қалдыру үшін іс-әрекетті бірнеше рет қайталайды) арнайы мнемикалық іс-әрекетің болуы дейді. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау, бейнелеу қабілетіне тән заңдылықтар да қазіргі таңда зерттелінуде.

Балабақшада бейнелеу өнерімен шұғылдану болмысты танудың тиімді құралы болып табылады және сонымен бірге көзбен көріп қабылдау, қиялдау, кеңістікті елестете білу, есте сақтау, сезім және басқа психикалық процестердің дамуы мен қалыптасуына жәрдемдеседі.

Мектепке дейінгі баланың бейнелеуінде және қайта жаңғыртуында адамның немесе жануардың бейнесі белгілі бір атпен сақталады. Және де мектепке дейінгі балалардың суреттерінде және олардың әсіресе жұмыстарында дайын күйінде суреттерді қою сақталған бейненің салынуы және оның тапсырманы орындай білуі негізгі орын алады. Арифметикалық тапсырмаларды шешу әдісін игеруге қөмектесетін бағдарламада өңделді. Негізгі заңдылығы тапсырма сұрақ жауап түрінде өтіледі.

Курстық жұмыстың мақсаты - мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамытудың тиімді жолдарын қарастыру.

Қойылған мақсатқа байланысты келесі міндеттерді шешуді көздейді:

а) зерттеудегі бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамытудың ерекшеліктерінің теориялық негізін ашу, қарастыру;

ә) мектепке дейінгі балаларға зерттеу жүргізіп, және құрастыру әрекеттерін дамытудың кейбір ерекшеліктерді анықтау және оның тиімді жолдарын айқындау;

б) математикалық өңдеуден алынған мәліметтерді талдау;

в) мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттері негізінде бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын дамытатын әдіс-тәсілдерді айқындау.

Зерттеу жұмысының объектісі: мектеп жасына дейінгі баланың бейнелеу және құрастыру әрекеттері негізінде бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастыру, қолдану мүмкіндіктері.

Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттері негізінде бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастырудың тиімді әдістерді қолдану мүмкіндіктері.

Зерттеу әдістері: Бейнелеу және құрастыру әрекеттері негізінде бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын даму деңгейін анықтаушы тестермен қалыптастыруға арналған жаттығулар, философиялық, психологиялық, педагогикалық және оқу-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау, оқушылардан сауал-сұрақтар алу, интервью алу, әңгімелесу, педагогикалық бақылау, педагогикалық тәжірибе жұмыстары.

1 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту 1. 1 Бейнелеу және құрастыру әрекеттері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын дамыту

Бүгінгі таңдағы өркениетті елдердің жаһандану белесінде болып жатқан түбегейлі жаңғыруындағы басты мәселе: қоғам саласының ғаламдануы мен білім мен тәрбие мазмұнының жаңаруы. Мұндай өзгерістерге дайындау, қалыптастыру, қамтудағы игі істер білім беру саласының басты мақсаты.

Болашақта жері мен дәулеті, ұлттық болмысы сақталып қалу үшін ұрпақты дұрыс тәрбиелеп білімнің саналы да сапалы болуын қамтамасыз ету - педагог мойнындағы жаупкершілік, себебі баланың дүниетанымы, интеллектуалдық дамуы мектеп қабырғасында қалыптасады. Заман мен қоғам тудырып жатқан өзгерістер құбылмалы да қарқынды, сол өмір ағымы мен ақпараттар тасқынында еркін жүзе алатын жан-жақты қабілетті ұрпақ дайындау - білім беру мекемелеріне жүктелген дүние болғандықтан, түбегейлі өзгерістер мен жаңалықтар іске асырылуда. Мектепке дейінгі білім беру мазмұны заңдар мен құжаттарға негізделген [1] . Бағдарламалар жасалып, іс жүзінде іске асырылуды.

Бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын, жеке қабілеттілікті дамыту, интеллектуалдық, шығармашылық мәселесіне педагогтар, психологтар, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Көне замандағы Антик дәуірдің өзінде-ақ ойшылдар мен педагогтар балардың өзіндік ой - тұжырымын жасау оны дамыту үшін репродуктивті және эвристикалық әдістер мәселелеріне көңіл бөлінген.

Бүгінгі таңда бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын дамыту мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой-пікірлер жинақталған. Бұл мәселенің түп тамыры ғасырлар тереңінде жатыр. Адамның психологиялық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтерінің еңбектерінде кездеседі.

Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу іс-әрекеті деп баланың жеке басының жан -жақты дамуына, айналадағы дүниені белсенді түрде тануына, өздерінің алған әсерлерін графикалық және пластикалық формада шынайы әрі шығармашылықпен бейнелей білу қабілетін тәрбиелеуге жәрдемдесетін көркемдік іс-әрекетті түсінеміз. Бейнелеу өнеріне баулуда балалар сурет салу, мүсін жасау, жапсыру, конструкциялауға үйренеді [2] .

Бейнелеу сауатын құрайтын бейнелеу құралдары мен әдістерінің барлық жиынтығын бала меңгере алмайды. Әрбір өнердің әсерлі құралдарының ерекшеліктерін педагогтың білуі олардың әрқайсысын бала түсініп, игеретінін және қайсысы балаға түсініксіз екенін анықтауға жәрдемдеседі.

Бейнелеу өнері негіздерін оқып үйрену процестерінде шығармалардың идеясына, мазмұнына, шебердің өзіндік жеке ерекшеліктеріне байланысты суретшілердің алуан түрлі бейнелеу құралдарын пайдалануы өзгеше болатынын балалар меңгереді.

Жалпы бейнелеу өнері туралы мәліметтерге көз жүгіртсек, өнер талай сыннан өткендігі байқалады. Мәдениетіміздің, бір қырынан алғанды таныс, ал сонымен қатар үнемі болжалуы мүмкін емес жағдайы - күрделі араласулар мен өзара әсерлердің, бастан кешірген қиысулар мен түйісулердің, сонымен қатар көркемөнер мен мүсін өнері түрінде көрініс беретін ұлттық сезіміміздің нәтижесі. Мүмкін соның нәтижесі болар, 90-шы жылдардағы қазақ өнерінің жалпы ауқымын көру үшін, сонымен қатар, сол өнердің көркемсуреттік процестерге әсерін А. Қастеев пен А. Исмаиловтардың шығармашылығындағы алғашқы қадамдармен бірге келіп, ары қарай Х. Наурызбаев, М. Кенбаев, С. Мәмбеев, К. Телжанов, Г. Исмайлова, С. Айтбаев, Т. Тоғысбаев және басқа да көптеген суретшілердің өнерінде жалғаса отырып, қазақ сурет өнеріне енген рухани басымдықтар стилдік көріністердің аса бай қырларының ішінде бола отырып-ақ сирек кездесетін тұрақтылыққа ие болды [3] .

Бүгінгі күнгі өнерде оның алдыңғы қатарлы түрлері бейнелеу мен мүсін өнерінің арақатынасын анықтау оңай жұмыс болмауы әбден мүмкін. Қазақстанның ХХ ғасырдағы бейнелеушілік өнері 3-ші мыңжалдыққа парасаттылық және рухани толысқан түрде аяқ басты. Онда қазақтың көшпенділік мәдениетінің ежелгі тамырлары мәнін тапқан және түсіндірілген. Сол айтылған мәдениетке сай негізгі қаланған жалпы адамзаттық құндылықтардың заман суретшілері дүниежүзі өнеріндегі әдептер және жаңа бағыттар арқылы, ХХ ғасырдың философия мен мәдениетіндегі ірі ағымдары арқылы өз шығармаларында ашып көрсетеді. Соның қорытындысы ретінде, инновациялар негізінде бір ғасыр бұрын пайда болған бүгінгі қазақ өнері рухани ерекшеліктерін жоғалтпау мен қатар, соған сай қайталанбас пластикалық өнер тілін қалыптастырды. Мүмкін сол себепті болар, нақты көріністердің сан алуан қырға ие болуымен бірге, Қазақстан өнері танымал қасиеттерімен де ерекшеленеді. Олар: тұрмыстың экзистенциалдық мәселелерін қатысты мүдделер; үйлесімділіктің адам мен табиғаттың бірлесе өмір сүруінің негізі; шығармашылық көзқарастардың кең ауқымды болуы; ұлттық мәдени әдет-ғұрыптар, мұраларының шектеулілігі; дүниежүзілік мәдени кеңістікке ерікті түрде енуі. ХХ ғасырдың соңғы онжылдығындағы және ХХІ ғасырдың басындағы Қазақстандағы бейнелеу өнері мен мүсіншілігін күнделікті өмірдің табиғатпен үйлесімділігі туралы асықпай айтылатын әңгіме, адам мен универсумының үздіксіз байланысының философиялық жалпыламасының көркемсуреттік таңбаға айналуы деп түсінуге болады. Бүгінгі күн, суретшілерінің шығармаларында жұмбақтық метафоралары және мән мен толықтырылады және сол арқылы жанданады, адам мәдениетінің ежелгі ғарышын бүгінгі күндегі адам ой-санасының жаңа ағымдарымен байланыстыратын мәндер мен мазмұндар пайда болады, суретшінің өмірге деген махаббаты, оны түсінуге бағытталған мәңгілік ұмтылысы да қайталанбас түрде өмірге қайта келеді.

Классикалық академиялық халықтың көпғасырлық тарихының өзіндік жылнамасын жасайды және менің ойымша, Қазақстан өнерінде ең маңызды орынға ие болды. Тарих пен мифологиялық сюжеттер, көшпенділердің өмірінен алынған фрагменнтер, далалық және таулы пейзаждар генетикалық есті бейнелі түрде жаңғыртуға, болмыстың мызғымас категорияларын ұғынуға мүмкіндік береді. Бейнелердің байлығы, олардың мифологиялық мәні, ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер мен салттардың тәжірибесі, дәстүрлі мәдениеттің трансляция талабына жауап береді және бейнелеу өнер құралдарымен ашып беруге мүмкіндіктер береді.

Ал осы үлкен өнерге балаларды қалай баулимыз?

Әрине балабақшадан басталады. Балабақшада бейнелеу өнерімен шұғылдану болмысты танудың тиімді құралы болып табылады және сонымен бірге көзбен көріп қабылдау, қиялдау, кеңістікті елестете білу, есте сақтау, сезім және басқа психикалық процестердің дамуы мен қалыптасуына жәрдемдеседі.

Бейнелеу іс-әрекетінде мектеп жасына дейінгі балалар бірқатар графикалық және кескіндемелік білім мен дағдыларды меңгеріп, қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстарды талдауға үйренеді.

Сурет салу, мүсін жасау, конструкциялау сабақтарында жеке басының табандылық, мақсаттылық, ұқыптылық, еңбексүйгіштік сияқты қасиеттері қалыптасады.

Бейнелеу өнерімен шұғылдану мектеп жасына дейінгі балалардың тілінің дамуына, олардың сөздік қорының байи түсуіне жәрдемдеседі. Педагог үйретудің негізгі әдістерінің бірі ретінде сөзді пайдаланады: сабақтың тақырыбын хабарлайды, тапсырманың орындалу ретін әңгімелеп береді. Тәрбиешінің айқын, әсерлі сөзі балаға бейнелеу процесін терең ой елегінен өткізуге көмектеседі.

Балалар бейнелеу іс-әрекетінің нәтижелерін педагогикалық позициядан - балаларда байқампаздық, есте сақтау, зейін қою, эстетикалық сезімдердің даму тұрғысынан қарау орыс авторларының жұмыстарына тән болды.

В. М. Бехтеревтың «Обьективті зерттеудегі балалар суреттерінің бастапқы эволюциясы» (1910ж. ) атты жұмысы ерекше қызығушылық туғызды. Ол баланың субьективті дүниесіне ену және осының негізінде оның сезімі мен қиялдарының ерекшеліктерін анықтау мүмкіндігі туралы қорытындыны ғылыми емес деп есептеді. Ол бастапқы сызықтары мен шимайларында бала әлі ештеңені білмейді деп дұрыс қорытынды жасаған. Бала айналасынан нені көрсе соны салады, сондықтан баланың шығармашылығына дұрыс баға беру үшін оның тұрған жағдайын анықтау қажеттігін айтты [4] .

Тарихшы, педагог А. В. Бакушинский балалар шығармашылығының қайнар көздері биологиялық факторлар болып табылады және ол айналадағыны танып білудің ықпалымен емес, жинақталған тектік тәжірибенің, түйсіктің ықпалымен дамиды деп дәлелдеді.

А. В. Бакушинский тектік тәжірибе ретінде балалар шығармашылығы жетілдірілген және онымен салыстарғанда ересектер шығармашылығы жадау сияқты деп есептеді. Сондықтан бала үлкендерден ештеңе үйрене алмайды деп балалар шығармашылығын жоғары бағалады.

Мұнан кейінгі жылдарда көркемөнер тәрбиесін дамытуда: балалар шығармашылығының мазмұны қазіргі заманғы болмысты бейнелеу болып табылатынын, ал осыған байланысты баланың қоршаған өмірмен етене араласуына қамқорлық жасау қажеттігін мойындау, тәрбиелік мақсаттардағы өнердің және балалармен жұмыс жүргізуде оны пайдаланудың маңызын түсіну; баланың шығармашылық қабілеті тек мақсатты педагогикалық ықпал жасаудың әсерімен ғана ойдағыдай дами алады деген пікірдің орнығуы сияқты неғұрлым дұрыс тенденциялар байқалды.

Бұл мәселелерді шешуде Е. А. Флерина үлкен роль атқарды. «Балалар суреті» (1924ж. ) жұмысында балалар шығармашылығына басшылық жасау негізінде алынған принциптерді белгіледі:

- кеңінен эстетикалық тәрбие беру;

- байқампаздықты, түс пен ырғақ сезінуді дамыту.

Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттерін дамыту аса маңызды мәселе. Ал кез келген іс-әрекетке деген қабілет әрбір тұлға бойында бар болғанымен туа біткен нышандарға байланысты олардың даму дәрежесі барлық адамдарда әр түрлі. Дамудың ең жоғарғы баспалдағына дарынды талантты, алуан түрлі нышандар бойында қолайлы үйлескен адамдар жете алады.

Бейнелеу іс - әрекетіне қабілеттің жетекші қасиеттері қиялдау болып табылады, қиялсыз ойдың өз көрінісін табуы мүмкін емес. Бейнелеу қабілетінің құрылымында оның негізгі қасиеттері толық қабылдауды қамтамасыз ететін жоғарғы табиғи көру сезімталдығы; дағдыларды шапшаң және жақсы меңгеруге көмектесетін қолдың ерекше іскерлігі болып табылады. Бейнелеу іс - әрекетін қамтамасыз ететін және осы іс - әрекет фонын құрайтын қасиеттер белгілі бір эмоциялық көңіл - күй болып табылады.

Бейнелеу әрекетіне қабілеттілік әр адамның бойында дамыған болуы мүмкін. Бірақ осы іс - әрекетке туа біткен жақсы нышандары бар адам өнер саласында творчестволықпен жұмыс істей алатындай дәрежеге дейін қабілетін дамыта алады, бұл кезде қолайлы нышандары неғұрлым аз адамдар қабілетін заттарды сауатты, графикалық жағынан дұрыс бейнелей алатындай дәрежеге дейін ғана дамыта алады.

Бейнелеу қабілетін дамыту үшін маңызды мәні бар анатомо - физиологиялық ерекшеліктерді қарастырып көрейік. Кез келген саладағы қабілеттілікті дамытуда үлкен роль жоғары дәрежелі нерв қызметінің үлесіне тиеді. И. П. Павлов адам бойында оның қабілетін анықтайтын жоғары дәрежелі нерв қызметінің екі типі - көркемдік және ойшылдық (ақыл - ой ) туралы жазған болатын. Бірінші - көркемдік типте ойлау бейнелі, айқын, әсерлі болып келеді. Екінші - ойшыл типте ойлау абстракциялы, сөздік формаларға ие. Көптеген адамдар аралас типке жатады, олардың ойлауы бейнелі де, абстракциялы да болып келеді. Тиісті жағдайларда жоғары дәрежелі нерв қызметінің көркемдік типіне жататын адамдарда бейнелеу қабілетттілігі неғұрлым жоғары даму дәрежесіне жете алады.

Бейнелеу қабілетттілігін ойдағыдай дамыту үшін көру аппараттары құрылысының да маңызы бар. Көздің анатомиясындағы немесе физилогиясындағы болмашы кемістік түсті сезе білуге әсерін тигізеді, ал түсті сезе білу суретші үшін соншалықты маңызды. Көзінің тор қабығының қолбалық аппаратының әрекеті бұзылған адам түсті ішінара ажырата алмаудан жапа шегеді, көбіне қызыл немесе жасыл түстерді ажырата алмайды (дальтонизм) . Дальтонизмнен жапа шегетін адамдар спектр түсін негізгі екі тонда - сары және көгілдір тонда қабылдайды. Мұндай адам айналадағы заттардың бояуын дұрыс қабылдап, оны живописть құралдарымен бере алмайтыны айқын.

Көздің өткірлігі де, яғни заттарды алыс қашықтықтан айыра білу қабілеті де көру аппаратының құрылысына байланысты. Көздің белгілі бір қашықтықтан айыратын заты неғұрлым кіші болған сайын, оның өткірлігі де соғұрлым жоғары болады. Кеңістікті көру көздің микроқозғалыстарының көру актісіне қатысуына байланысты.

Көру аппаратының кемістігі бар адам живопись саласында бейнелеу қабілетін дамытудың жоғары сатысына жете алмайды, ол бар болғаны дұрыс графикалық бейнелей білуге ғана ие болуы мүмкін. Скульптура саласында шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін дамытуға көздегі кемістік көп кедергі жасамайды, дегемен де толыққанды шығармашылықпен айналысу мүмкіндігін шектейді.

Бейнелеу іс-әрекеті процесінде заттардың формасын, олардың пропорциясын, түсін көзбен көру арқылы қабылдай отырып, адам көргенін салыстырады, байытады, яғни шығармашылық кезінде ойлау процесі күшейе түседі.

1. 2 Балалардың бейнелеу қабілеттерін қалыптастыру

Бейнелеу және құрастыру әрекеттері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын дамыту өзекті мәселе. Баланың бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, шығармашылықты тани білу, оның әрі қарай дамуына бағыт-бағдар беру қажеттілігі әлі күнге дейін маңыздылығын жоймай отыр.

Баланың қабілеттерін дамыту мәселесі өзінің тамырын адамзат тарихының тереңінен алады. Бүкіл бір халықтың ұстазы Абай өзінің 43-ші қара сөзінде бала өмірге келгендегі қабілеттері әрі қарай дамытуды, шыңдауды қажет ететін, сонда ғана олар пайдаға асатынын жазған. Ал назардан тыс қалған қабілеттер бара-бара жойылып, жоқ болатынын айтқан.

Мектепке дейінгі балалардың қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез-келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез-келген шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы-ол баланың өзін-өзі қалыптастыруына, өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды [5] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ересек балалардың бейнелеу оқу іс-әрекетінде көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту
Балаларға бейнелеу өнерінде шығармашылық қабілеттерін дамыту технологиясы
Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың бейнелеу өнерін дамытудың әдістері мен тәсілдері
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың көркемдік-шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнері арқылы еңбек тәрбиесіне баулу
Мектепалды даярлық балалардың бейнелеу өнері арқылы ақыл - ойын қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау
Ересектер тобында сурет салу арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жаңаша бағыттары
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін сабақ барысында дамыту
Бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері арқылы балалардың шығармашылығын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz