Картографиялық құжаттарды тарих пәнінде оқыту
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі
Тарих, құқық және кәсіпкерлік кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тарихты оқыту әдістемесі пәні бойынша
ТАҚЫРЫБЫ: Картография және статистика: тарих сабағындағы оқыту әдістемесі
Студент: Қорғанбай Назерке Махмутжанқызы Тобы: Ист 18-1
Аты-жөні
Жетекшісі______Садыкова А.К____________________________ _________________________ қолы_____________
лауазымы Т. А. Ә.
Қорғауға жіберілді"_____"_______________20__ __ж. _______________________
қолы
Жұмыс қорғалған "_____"_______________20____ж. бағасы ___________________
жазбаша
Комиссия мүшелері: ______________________________ _________________
Аты-жөні қолы
Тараз 2020 ж

М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
Кафедра Тарих,құқық және кәсіпкерлік
ТАПСЫРМА
курстықжоба (жұмысқа) студент, тобы Қорғанбай Назерке, Ист 18-1
аты-жөні
Пәні аты: Тарихты оқыту әдістемесі бойынша
1.Тақырыбы: Картография және статистика: тарих сабағындағы оқыту әдістемесі
2. Тапсырма бойынша арнайы нұсқаулар__________________________ ____
___________________________________ ___________________________________ __
3. Есептік-түсіндірме жазбаның (жұмыстың) негізгі бөлімдері)
Орындау кестесі
көлемі, %
Орындау мерзімі
4. Графикалық материалдың тізбесі (сызбалардың масштабын көрсете отырып)
5. Жобаны (жұмысты) ресімдеу)
6. Қорғау
Тапсырма кафедра отырысында бекітілді ____________20___ж. Хаттама №_____
Жетекші:Садыкова Асем Кайратовна __________________ _____ _______________________
қызметі қолы Т.А.Ә.
Тапсырманы орындауға қабылдады ________________20___ж. _______________________
студенттің қолы
Мазмұны
Кіріспе
I. Картографиялық құжаттарды тарих пәнінде оқыту
1.1. Картография ғылымы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... . 2
1.2. Картографиялық материалды оқыту құралдары мен
әдістемелік тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6
II. Статистиканы тарихта қолдану
2.1. Статистика ғылымы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.2 Статистиканы оқытудың әдіс-тәсілдері ... ... ... ... ... . ... ... ... 13
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . 17
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Жаhандану және ықпалдасу үдерістері, сондай-ақ иннновациялық үдерістердің жоғарғы қарқынды дамуы білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қояды. Білім беру жүйесі өзінің негізгі міндетін орындап, дамудың озық сипатына ие болуы тиіс. Оқытудың жақсы сапасына қол жеткізу үшін білім беру жүйелері озық әдістерді, соның ішінде шынайы статистикалық мәліметтермен картографияны пайдалануы керек.
Халықаралық білім рейтингінде алдыңғы орында тұрған: Финляндия, Корея Республикасы, Жапония, Сингапур сияқты елдерде оқыту әдістемесіне ерекше көңіл бөледі. Бүгінгі күні тарихты оқытуды АКТ (презентация, слайд), статистикалық мәлімет (кесте, диаграмма, графиктер ) және картасыз елестету мүмкін емес.
Курстық жұмыстың мақсаты:
- оқушылардың ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі адамзаттың тарихи даму жолы туралы тарихи білімдерді игеруі;
- тарихи білім негізінде оқиғалар мен өмірлік құбылыстарды ой елегінен өткізе алу қабілетін дамыту;
- отансүйгіштік, тарихи тәжірибе,гуманизм идеялары негізінде оқушылардың рухани құндылық бағдарлары мен көзқарасын қалыптастыру;
- халықтардың тарихы мен мәдениетіне қызығушылық пен құрметін дамыту.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтейтін, табиғаттың мәдениеттің және қоршаған ортаның байланыстарын қорғау қажеттілігін сезіне білетін отансүйгіш азамат тәрбиелеу;
- оқушыларды қоғам мен адамзаттың ежелгісімен, бүгінімен таныстырып, оларды өткен бабалардың әлеуметтік, адамгершілік тәлім-тәрбиесін ұғынуға бейімдеу;
- қазіргі қоғамға кіріккен және жетілдіруге ұмтылытын тұлға қалыптастыру;
- тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке кіріктіруге бейімдеу;
- әр түрлі көзқарастар жүйесін есепке ала отырып, оқушылардың пікірлер мен көзқарастарды еркін таңдау құқын қорғауын қамтамасыз ету, гуманистік және демократиялық құндылықтарға бағыттау;
- тарихи білімдер мен әдістерді қолданып, қоғамдық ойдағы жаңа мағлұматтарды өз позициясы тұрғысынан сын көзімен бағалап, талдай алу дағдысын қалыптастыру.
Курстық жұмыстың хронологиялық шегі: Бүгінгі күндегі Қазақстан
1

1.1 Картография ғылымы
Картография - географиялық карталар, оларды жасау және пайдалану туралы ғылым. Картография табиғат пен қоғам құбылыстарының үйлесуі мен өзара байланысуын, олардың кеңістіктегі орналасуын және уақыт бойынша өзгеруін т. б. картографиялық кескіндеудің (бейнелеудің) көмегімен зерттейтін ғылым.
Картография теориясының негізгі әдістемесі - картатану.
Тақырыбына байланысты Картография мынадай түрлерге ажыратылады: жалпыгеографиялық және топографиялық, тақырыптық (табиғат, халық, шаруашылық, т. б.), арнайы. Әдісіне қарай жердегі, аэроғарыштағы және су астын картографиялау; масштабына қарай - ірі масштабты, орта масштабты және ұсақ масштабты деп ажыратады. Картография - карта көмегімен кеңістік пен уақытты тоқтатып, жаңартуға, әр дәуірдің ерекшеліктерін, техниканың даму дәрежесін, қоғамды көрсете алады.
Алғашқы қоғам адамдарынан бастап қазіргі картографиялық өндіріске дейін географиялық картаның даму жолы өте ұзақ болды. Карталарды жетілдіру процестері одан әрі де жалғасуда. Картография тарихы мен география ғылымдары арасында тығыз байланыс бар. География тарихы мен картография өзара байланысты. Сондықтан оларды жеке қарау немесе екеуінің шекарасын анықтау өте қиын. Өмір сүріп отырған кеңістіктегі қарапайым картографиялық суреттер (бейнеленулер) алғашқы қауымда жазудан бұрын пайда болған. Мұндай тұжырымға негіз болып жазуды білмеген алғашқы қауымда өмір сүрген халықтардың картографиялық суреттері мысал бола алады
(Солтүстік Америкадағы эскимостар, Мұхиттық аралдардағы микронезиялықтар, т.б.). Суреттер ағашқа, ағаш қабығына, т.б. қолда бар заттарға салынған. Олар адамдардың жалпы еңбегінде, көшетін жолдары, демалыс орындарын, балық аулау, т.б. іс жүзінде керек сұраныстарды қанағаттандыру мақсатында жасалған. Картография және географияның ғылыми деректері Ежелгі Грекиядан басталады. Бұған Александр Македонскийдін жарлығының ықпалы мол болды. Ескендірдің кезінде кең аумақты отарлау мен сауда кеңінен жүрді, ірі географиялық ашылымдар болды. Ежелгі Грекиядағы географиялық ой-өрістің және астрономияның дамуы нәтижесінде Жер шар тәріздес деген ғылыми ұғымы қалыптаса бастады. Мұнда Аристотельдің еңбегі зор болды. Жердің шар тәріздес екендігін алғаш рет дәл өлшеп көрсеткен астроном және географ Эратосфен болды (б.з.б. III ғасыр).
2
Эратосфен өзінің "География" кітабында сол кезде белгілі болған Жер бетінің бейнесін картаға түсірді. Эратосфен алғаш рет "географиялық бойлық", "географиялық ендік" ұғымдарын енгізіп, оны іс жүзінде пайдаланды. Ежелгі дүниенің ғылыми картографиясы өзінің кемелденген шегіне грек астрономы, географы және картографы Клавдий Птолемейдің (б.з. І-ІІ ғ.) тұсында жетті. Ол өзінің "География" еңбегінде сол кезде белгілі болған карта проекцияларының барлығын, оның ішінде конустық және псевдоконустық проекцияларды тыңғылықты баяндап берді. 8000 жуық географиялық объектілердің координаталарын картада көрсетті.
Ежелгі Римде картографияның ерекшелік сипаты тек іс жүзінде пайдалануға болатын бұқара қауымның сұранысын қанағаттандырды. Ол кездегі Рим империясының экономикалық және саяси өмірі шалғайда жатқан провинциялар мен оларға көрші жатқан елдер арасындағы көлік байланысы болды. Сондықтан жол жүргенде пайдалануға болатын жол карталары жиі қолданылды. Рим империясы құлағаннан кейін оны Еуропада феодаолизм алмастырды. Сонымен жаңа тарихи ортағасырлық дәуір басталды. Ол V ғасырдан XVII ғасырдың ортасына дейін созылды. Бұл кезеңдегі негізгі картографиялық өнімдер түріне монастырлық карталар жатты. Олар монастырларда жасалып, құдайға сыйынуға арналған иллюстрациялардан тұрды. Авторлар географиялық шындықты дұрыс көрсетуге талпынбады. Оның негізгі мақсаты дүние туралы түсінікті картада дін арқылы көрсету болды.
Ортағасырлық кезеңде Шығыс Арабия елдерінде картография және география біршама жетістіктерге жетті. Араб ғалымдары еуропалықтардың діни (монастырлық) карталарына қарағанда пішіні мен мазмұны жағынан әлде қайда бай, көрнекті және сол кезде белгілі жерлерді дәл және шынайы түрде бейнелей білді. ХІ ғасырда ортаазиялық ғалым Әбу Райхан әл-Бируни эклиптиканың экваторға еңкіштігін дәл анықтады, Жер радиусын да шамалап дәл көрсетті. "Карталар және Жер беті туралы мәліметтер" еңбегінде ол картографиялық проекциялар, градустық тор жайлы және Жер бетін глобусқа проекциялау әдістерін қарастырды. Еуропада картаның даму кезеңі орта ғасырлардың аяғына келді. Оған негізгі себеп, осы кезде қоғамның картаға деген сұранысының өсуі болды. Карта, негізінен, Шығыс пен Батыс елдері арасындағы сауданың дамуына байланысты қолданыс таба бастады. Оған қызығушылық артты.Осының нәтижесінде XVI ғасырдың соңында арнайы теңіз карталары - портолондар пайда болды. Олар теңізде жүзгенде бағдарлану үшін пайдаланылды. Картографияның жақсы дамуына XV ғасырда картаны ойып және басып шығару әсер етті.
3
Картографияның одан әрі тез дамуына XV-XVI ғасырлардағы ұлы географиялық ашылулар ықпал етті. XVI ғасырда картографияның дамуына фламанд Г.Меркатор (1512-1549 ж.) үлкен үлес қосты. Ол бірнеше картографиялық проекциялар жасады, оның ішінде теңізде жүзушілерге ыңғайлы тең бұрышты картографиялық проекциялар да болды. Сол кезде бар картографиялық материалдарды талдап және іріктеп Меркатор үлкен карталар жинағын жасады. Ол оны "Атлас" деп атады. XVII ғасырдың басында осы кезде практикалық астрономия мен геодезияда ірі жетістіктер болды. Нәтижесінде картография одан әрі дами түсті. Осы кезеңде астроном Галилей астрономиялық көру трубасын (1609 ж.) ойлап тапты. Ал 1616 жылы голланд ғалымы Снеллиус триангуляция негізінде алғаш рет градустық өлшемдер жүргізді. Осы кезеңде мензула да ойлап табылған. Осылардың нәтижесінде дәл градустық өлшемдер жүргізіліп, геодезиялық негіздегі топографиялық карталар жасала бастады. Картография бірнеше ғылыми- техникалық ғылым салаларының күрделі жиынтығынан құралады. Олардың кейбіреулерінің мыңдаған жылдық тарихы болса,ал кейбіреулері жуықта ғана қалыптасып, жаңа ғана дамып келеді.
Картографияның теориялық негізі -картография ғылымының пәні мен әдіс тәсілдерін, карта жасау мен оны пайдаланудың кейбір мәселелерін, карталардың түрлерін зерттейді. Картографияның тарихы- картографиялық идеялардың даму тарихын, картографиялық өндіріс пен оның әдіс тәсілдерін зерттейді. Карталарды жобалау және құрастыру- карта жасаудың әдіс- тәсілдері мен технологиясын зерттеумен ,карта үлгілерін құрастырумен айналысады. Картаны көркемдеу және шығару- картографияның карта, атлас, басқа да картографиялық туындыларды басып шығару ,көбейту, картаны полиграфиялық көркемдеу жұмыстарының технологиясын қарастыратын техникалық саласы.
Әрбір географиялық картаның өзіндік атқаратын қызметі болады. Оны білім мен өндірістің белгілі бір салаларындағы мамандар, туристік-танымдық жорық жетекшілері, оқушылар білім мен маңызды ақпарат көзі ретінде қолданады. Картаны құрастырушылар кескіндейтін аумақты терең зерттеп, оқып үйренген сайын сол аумақта орналасқан нысандар мен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындап, ашып көрсетеді. Картография құрылымы жағынан күрделі пәндер жүйесін құрайды, оның маңызды құрамды бөліктеріне - картатану, картографиялық ақпараттану, математикалық картография мен картометрия, сондай-ақ картаны жобалау мен құрастыру, безендіру, жасау және пайдалану әдістемесі кіреді. Карталардың көмегімен ғылыми-зерттеу
4
жұмыстарын, қоршаған ортаны қорғау мен қалпына келтіру іс-шараларын, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды жобалайды. Карта әскери өмірде де қолданылады, әрі ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуде де маңызға ие. Картографиялау үдерісінің өзінде де карталар жаңа өнім жасаудың негізі мен бастауы болып табылады. Картографияның міндеті ретінде осыған дейін тек картаны құрастыру қарастырылып келсе, ХХ ғасырдың ортасынан бастап, оны пайдалану маңыздылыққа ие болып отыр. Мемлекеттік стандарттар мен энциклопедиялық басылымдарда, оқулықтар мен сөздіктерде Картография - карта жасау мен пайдаланудың өндірісі мен ғылыми саласы,-деген ұғыммен түсіндіріледі. Ғылым мен тәжірибеде картографиялық зерттеу әдістері алуан түрлі. Ол көптеген теориялық ізденістердің ажырамас бөлігі. Тіпті карталар Жер мен қоғам туралы ілімдердің тірек негізіне айналып үлгерді. Картографиялық әдістер физикалық география, геология, геофизика, әлеуметтану, экономика және тарих ғылымдарында кеңінен қолданыс табуда. Картографияның басқа ғылымдармен байланысы өте кең. Мәселен, қоғамдық ғылымдар ішінде, тарих, экономикалық география; жаратылыстану ғылымдарының ішінде, физикалық география, ландшафтану, геология, климатология, топырақтану, өсімдіктану, жануартану салаларымен байланысты. Астрономиялық, геодезиялық өлшеу жұмыстарының нәтижесінде картография жердің пішіні мен мөлшері, ауданы, белгілі бір нүктенің географиялық орны туралы ақпарат алу мүмкіндігіне ие болды.
ХІХ ғасырда картаны пайдалану тарихындағы басты тұлғалардың бірі - талантты географ, картограф және геодезист, Еуропалық Ресейдің гипсометриялық картасын тұңғыш құрастырушы, Орыс география қоғамының көрнекті қайраткері, Петербург пен Париждің Ғылым академияларының мүше-корреспонденті А.Тилло (1839-1899) болды. Тиллоның алғашқы ғылыми зерттеу жұмыстарында картаны құрал ретінде пайдалануы Орталық Ресейдің магниттік өрістерінің таралуын анықтауға арналды. 1887 жылы А.Тилло карта бойынша ғаламдық таулы аймақтардың таралу заңдылықтарын зерттеуге бет бұрды. Ол әлемнің басты су бөлінісі шекарасын анықтады, материктердің геометриялық орталықтарын есептеп шығарды, кейіннен 1889-1892 жылдар аралығында Жер шарының ендік белдеулерінің орташа биіктігі мен тереңдігін анықтады, қиын параллельдерді ашты, құрлықтың белгілі бұзылу зоналарының геологиялық тек-түріне талдау жасады. Тиллоның Еуропа шегінде және Азия аумағындағы өзендердің ұзындығы мен өзен бассейндерінің ауданын өлшеген өте ауқымды картографиялық жұмыстарын классикалық дүние санауға болар: жұмыстың орасандығын мына сан дәлелдеп береді:
5
тек қана Ресейдің Азиялық бөлігінде 3000-ға тарта өзен ұзындықтары мен бассейндерінің аудандарын анықтаған.
Картографияны оқыту мақсатында - оның мазмұны ,білім беру және оны игеруіне басшылық жасау қажет, оқушылардың оқу әрекеті - оқыту нәтижесі деген тізбекті құрайды. Оқыту процесіндегі қозғалыс оның ішкі қайшылықтарын жою барысында іске асады. Ол қайшылықтар жоспарлас тырылған және қолданылған оқыту құралдары мен әдістерінің арасында пайда болады. Тарихты оқыту процесінің диалектикалығы сияқты әдістемені оқып үйренуде үнемі даму үстінде болады. Тарихты оқыту әдістемесі қоғам алдында тұрған жас ұрпақты тәрбиелеудің кешенді міндеттерін іске асыруға қызмет жасайды. Тарихты оқыту әдістемесі тарих ғылымдарымен бірге география, философия, әлеуметтану, мәдениеттану, педагогика, психология, дидактика логика сияқты ғылым салаларымен де тығыз байланыста дамиды. Бұл салалардың материалдарын пайдалану шығармашылық сипат алады, өйткені әдістеме пәні тарихты оқыту процесін жетілдіру мақсатында қорытып, жаңартып қолданады.
Мұғалім мен оқушылардың оқу процесі күрделі және көп қырлы болып келеді. Оның тиімділігі оқушы әрекетінің сипатымен анықталады. Мұғалім өз пәнін қаншалықты жетік біліп бірақ оқушылардың қызығушылығын оятып, шығармашылық әрекетін ұйымдастыра алмаса, айтарлықтай табысқа жете алмайды.
1.2 Картографиялық материалды оқыту құралдары мен әдістемелік тәсілдері.
Картографияның міндеті - халықты шаруашылық пен мәдени қажеттілігін өтейтін заман талабына сай, сапасы жоғары географиялық карталар мен атластар, глобустар және басқа да картографиялық өнімдермен қамтамасыз ету. Қазақстан картографиясы туралы сөз болғанда, орта ғасырлардағы көптеген тарихшылардың географ қызметін атқарғанын байқаймыз. Марко Полоның ізімен Шоқан Уәлихановтың Қашқарға сапары туралы Ыстықкөлге саяхат жазбалары картографиялық еңбек ретінде өте құнды, алайда Уәлихановтың қазақ картографиясына қосқан үлесі блек және ұзақ зерттеуді талап етеді. Қазақстан картографиясы өз дамуында Ресей картографиясымен өте тығыз байланыста болды. Оның себебі де түсінікті; патшалық Ресейден КСРО-ның күйреуіне дейінгі 300 жылдан астам уақыт біз орыс империясына бодан болдық. Ғылым тұрғысында осылайша, сабақтастық қалыптасты.
6
Тарихи карталар географиялық негізде жасалады және тарихи оқиға немесе дәуірдің кішірейтілген, жинақталған бейнелі-шартты көрінісін танытады. Ол көріністе нысанның кеңістікте орналасуы белгілі бір масштабқа түсіріледі. Карталарда тарихи оқиғалар мен құбылыстар, олардың байланыстары мен орналасуы шартты түрде беріледі. Ең ежелгі карталар б.д.д. ІІІ-І мыңжылдықтарта Вавилон мен египетте жасалса, арнайы оқу карталары Ресейде 18 ғасырдың соңында дүниеге келді. Тарихи және географиялық карталардың бір- бірінен айырмашылықтары бар. Географиялық картадағы үйреншікті түс тарихи картада басқа мағына береді.
Тарихи картаның тағы бір ерекшелігі - онда оқиғалар мен процестердің қозғалысы ашылады. Картада тарихи қозғалыс мынадай шартты белгілер тілінде сөйлейді: әскери соққы - жебе, шайқас алаңы - айқасқан қылыш, көтеріліс ошақтары - алау. Тарихи карталар аумақтарды қамтуы; мазмұны; масштабы бойынша ерекшеленеді. Оқу тарихи карталар мазмұны жағынан тақырыптық және жинақтаушы деп бөлінеді. Жинақтаушы карталарда мемлекеттік стандарт пен мемлекеттік оқу бағдарламасы бөлімінде қарастырылатын негізгі оқиғалар мен құбылыстар белгілі орта мен уақыт шеңберінде бейнеленеді. Жинақтаушы карталарды тақырыптық карталар одан әрі нақтыландыра түседі. Оқу тақырыбының оқиғалары мен құбылыстарын қамтығандықтан ол карталар тақырыптық деп аталады. Ол карталарда тақырыпқа қатысы жоқ белгілер бейнеленбейді.
Картографиялық білім тарихи біліммен тығыз бірлікте болады. Сондықтан тарихи картаны пайдалануды меңгеру аясы тар мақсат емес, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды барынша терең ұғынудың құралы болуы керек. Ол үшін тарих кабинетінде сонымен бірге дәлізде де тарихи картаның үнемі болуы шарт. Сабақтан тыс уақытта да картаны пайдалана алу мүмкіндігі оқушылардың ондағы белгілерді игеруіне көмектеседі. Сабақ үстіндегі мұғаліммің әңгімесі немесе тарихи оқиғаны суреттеуі әркез картадан көрсетумен бірге жүруі тиіс.
Бір картадан екінші картаға ауысқанда сабақтастық болуы тиіс. Тарихи картамен жұмыс істеген оқушы мынадай білімдер мен дағдыларды игеруі тиіс.
а) білуі тиіс - картаның аты, оның тақырыбын және негізгі мазмұнын білдіретіндігін, тарихи карта белгілі бір хронология шегіндегі шындықты бейнелейтіндігін; онда әртүрлі кезеңдердегі оқиғалар бейнеленуі мүмкіндігін; картаның масштабы болатындығын; шартты белгілердің сыры картаның аңызы бойынша шешілетіндігін.
7
ә) жасай алуы тиіс: картада бейнеленген географиялық кеңістікті танып және атай алуы; картада бейнеленген оқиғаның уақытын және бірізділігін анықтай алуы; картада бейнеленген ақиқатты дұрыс оқып, сөзбен айтып бере алуы; т.б.
Көрнекті педагог М.Н.Скаткиннің анықтамасы бойынша әдіс дегеніміз - мұғалімнің оқушыны білмеуден білуге, ебедейсіздіктен ептілікке жетелейтін жолы, оның ақыл-ой күшін дамыту жолы. әдістер қалай оқыту керек деген сұраққа жауап береді. Кез-келген оқыту әдісі мақсаттан, әрекет жүйесінен, оқыту құралынан, күткен нәтижеден тұрады. Оқыту әдістемесінің субектісіде, обьектісі де оқушының өзі.
Кез-келген әдісті таза күйінде қолдану өте сирек кездеседі. әдетте мұғалім бір сабақтың өзінде бірнеше оқыту әдістерін қатар қолданады. Ал жеке оқыту әдістері таза күйінде арнайы жоспарластырылған сабақта немесе зерттеу мақсатында қолданылуы мүмкін.
Тарихты оқытудың алдында тұрған білімділік-тәрбиелік міндеттердің ойдағыдай шешілуі үшін оқушылардың тарих курсының мазмұнын қалай меңгеріп отырғандықтарын білудің пайдасы зор. Тарихты оқыту процесінде мұғалім мектеп оқушыларына білім беру, оларды тәрбиелеу және дамыту жөніндегі бір-бірімен тығыз байланысты міндеттерді қарастырып шешеді. Оқушылар негізгі тарихи фактілерді меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар оларды ой елегінен өткізе отырып, теориялық білімдерді, яғни курстың идеялары мен ұғымдарын игеру, тарихи процестің кейбір заңдылықтарын біліп алуы керек.
Тарихты оқытуда жазбаша құжаттарды қолданудың маңызы. Тарихи дереккөздеріне адам қолымен жасалған - оның қоршаған ортамен байланысының нәтижесі, материалдық мәдениет салт-дәстүр заттары, жазба ескерткіштері жатады. Әдістеме пәнінде кеңі мағынада айтқанда , жазба ескерткіштерді тарихи құжаттар деп атайды. Құжаттар оқушылардың білімін тереңдетіп, нақтылап, сабақтың көрнекілігін арттырады. Сонымен, тарихи құжаттарды қолданудың маңызы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz