Фирманың мақсаты мен міндеті



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚОСТАНАЙ
ЖОҒАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

"Ұйым қаржылары" пәні бойынша курстық жұмыс
ТАҚЫРЫБЫ Бизнес-жоспардың мақсаты мен құрылымы

Орындаған: 3 курс студенті
Қияс Айым Ерболатқызы
Мамандығы: 0516000 Қаржы (салалар бойынша)
Жетекшісі: Скендирова Нургул Дуйсенбаевна
Қорғау күні:____________ бағалау: ___________

Костанай 2020 ж.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Бизнес-жоспардың теориалық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Бизнес-жоспардың мақсаты және міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41.2 Техника-экономикалық негіздеу мен бизнес-жоспардың түзу мақсаты ... 51.3 Бизнес-жоспардың мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2. Бизнес-жоспардың құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..72.1 Бизнес-жоспарды бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...132. 2 Инвестициялық жобаны бизнес- жоспарлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..153.3 Нарықты талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .173. Өндірістік жоспар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...183.1 Күнтізбелі жоспар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
3.2 Ұйымдастырушылық жоспар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..203.3 Нарық жағдайдағы бизнес-жоспардың құрылуы мен маңызы ... ... ... ... ...24Қорытынд ы ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .

Кіріспе
Бизнес - жоспардың негізгі талдауы - бұл жобалар фирманың жаңа даму стратегиясының бағдарламасын қамтамасыз етуі ретінде қарастырылады. Сондықтан, әрекет етуші кәсіпорынның жаңа өндірістік құрылымың жобалау кезінде негізгі кезең дамытудын мақсаты және болашақта оны жүзеге асыру стратегиясын қабылдау болып табылады. Шаруашылық жүргізуші нарықтық жағдайларына нарықтық бағаның, қаржы мен несиенің ынталандырушы рөлдерін жоғарылатуы, ең алдымен, қаржылық тепе -теңдік пен тұрақтылықты, экономикалық кауіпсіздік пен экономикалық қамтамасыз етуге бағытталған. Нарықтық экономика жағдайда бизнес жоспарлау бұл кәсіпкерліктің барлық түрлерінде қолданылытын құрал. Ал бизнес жоспар үнемі жүйелі түрде жаңара отыратын құжат. Оған компания ішінде және нарықта болып жатқан өзерістерге карай өзгерістер мен түзетулер енгізіліп отырады. Жоспар кәсіпкерлік операцияның мақсаты мен міндеті суреттеуден кұралады. Жоспар құра отырып, ең алдымен, операцияның көлемі мен мерзімін, күтілетін пайданы ойластыру қажет. Бірақ кәсіпкер тек қана пайданы көздеп қалмауы керек. Кәсіпкерлік іс - әрекеттері бағдарламасы әлеуметтік мақсатты да қарастыруы тиіс. Атап айтсақ, тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру, табиғатты аялау, іскерлік байланыстарды кеңейту, кәсіпкердің мәртебесін, беделін арттыру, имиджін жасау мен сақтау, экономикалық әлеуметін ұлғайту - маңызды міндеттердің бірі. Бизнес жоспар- бұл бизнестегі қол жеткізуді көздеген мақсаттың қағаз жүзіндегі жазылған моделі және мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдалынатын құрал. Бизнес - жоспарды құру кезінде есептеу жүргізіледі, соның қорытындысы бойынша операцияның кажетті ресурстық қамтылуы айқындалады. Тұтыну ресурстарын анықтау кезінде кәсіпкерлік қызметке қажетті барлық құралдар ескеріледі, бұл қажетті құралдар экономикалық және әлеуметтік тұрғыдағы бизнес-операцияның схемасын суреттеуде көрсетіледі. Бизнес-жоспар жасағанда, кәсіпкерлік жобаның іске асыру салдарына талдау жасалады. Мұнда бизнестін кірістері мен шығыстары есептеледі.

1. Бизнес-жоспардың теориялық аспектілері
1.1 Бизнес-жоспардың мақсаты және міндеттері
Бизнес - жоспардың мақсаты:
1)Таңдалып алынған қызмет түрінің рентабельділік негіздемесі - қызмет етіп тұрған жеке өндіріс алаңдарда өндірістік өнімдерді өндіру және оларды сыртқы және ішкі нарықтарда өткізу.
2)Нарық шарттарын анықтау және инвестициялық кезеңде өндіріс қуатын жоғарылату арқылы дайын өнімді сатуды болжау.
3)Бизнестегі күтілген қаржылық нәтижені бағалау және ұйымның қаржылық стратегиясын құру, қарыз құралдары арқылы банкпен есеп айырысу.
Ұйымның инвестициялық кезеңдегі міндеттері болып табылады:
- өнімдерді өндіру орындарын қалпына келтіруді жүзеге асыру, тұйық технологиялық циклді қамтамасыз ету, өндіріске дайындау мақсатында (бірінші кезекте - өндірістің негізгі жас малдарды сатып алу;
екінші кезекте - жас малдардың инкубациясын өнеркәсіптік өндіріс мақсатында құру).
- өнім фабрикасында техникалық қайта жабдықтауды инфрақұрылымды қамтамасыз ету үшін жүргізу, машиналар паркін және техникалық құрал-жабдықтарды жаңарту.
- аймақтық нарықта өндірістік өнім өткізу сегментін ұлғайту және өткізу ұйымдарымен тікелей негізде шарт құруды бекіту.
- шарттарды жүзеге асыру -өнімді экспорттау араларын нығайту.
- дайын өнімдерді өндіру және өткізуді массаларының жинақталуын қамтамасыз ету, екінші кезектегі өндірісті дамытуға және жеке тұтынуды қанағаттандыру.
1.2 Техника-экономикалық негіздеу мен бизнес-жоспарды түзу мақсаты
Өндірістік әрекетпен байланысты кәсіпорынды құру барысында кәсіпорынның техника-экономикалық негіздеуін мақсатты түрде өңдеген дұрыс. Техника-экономикалық негіздеудің құрамына келесі позицияларды қосуға болады:
1. Өндіруге жоспарланған өнімнің, тауардың немесе қызмет көрсету сұраныстарын талдау.
2. Өндірістік көрсеткіштер:
- конструкторлық, технологиялық және басқа да талап етілетін құжаттарының болуы;
- өндірістік бағдарлама;
- бағдарламаны орындау үшін қажеттілердің тізімі,
мысалы: машиналар, құрылғылар, құрал-жабдықтар, өндірістік фондтың басқа да элементтері, сонымен қатар шикізаттар мен материалдар;
- өндірістік қуаттың немесе оны құру жобасының болуы;
- құрылғылар мен негізгі өндірістік фондтың басқа да элементтерінің бар болуы;
- өнімнің немесе қызмет көрсетудің жеке түрлерінің рентабельділігі;
- амортизациялы шығын мөлшері.
3.Қаржылық көрсеткіштер:
- қызмет көрсетуден немесе өнімдерді жүзеге асырудан түскен түсімді белгілеу;
- материалдық және басқа да оған теңестірілген шығындар мөлшері;
- бюджетке түсетін түсімдерді жобалау;
- таза пайда;
- еңбекті төлеу фонды;
- басқа да фондтарды құру мөлшері.
4. Әлеуметтік көрсеткіштер:
- жобаланған жұмыскерлер саны;
- күтілетін еңбекті төлеу мөлшері;
- бір жұмыскерге кететін орташа жүзеге асыру;
- мүгедектер мен зейнеткерлердің еңбекті қолдану мүмкіндігі.
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезінде жоспарлау жетекші орынға ие болады. Әсіресе, қазіргі экономикалық жағдай фирма ішіндегі жоспарлаудың жаңа прогрессивті тәсілдерін қолдануды талап етеді. Кәсіпкерге техника-экономикалық негіздеуді жүргізу және барлық талдауды жасау үшін бизнес-жоспар деп аталатын құжат керек. Бизнес-жоспар фирма ішіндегі жоспарлаудың негізі, ол ағымдағы немесе болашақтағы жағдайды талдауға мүмкіндік береді.
Бизнес-жоспар - бұл жоспарланған істің нақты іске асатындығын көрсететін экономикалық негізделген аналитикалық құжат. Оны қандай-да бір коммерциялық жобаны жүзеге асыру немесе жаңа фирманы құру үшін негізгі қадамдарды қамтудан тұратын кәсіпорынның даму жоспары. Тәжірибеде бизнес-жоспардың мынадай түрлері жиі қолданылады: ұйымның бизнес-жоспары, несие алуға арналған бизнес-жоспар, инвестициялық жобаның бизнес-жоспары, құрылымдық бөлімшенің бизнес-жоспары, грантқа арналған бизнес-жоспар, аймақты дамыту бизнес-жоспары, мекеменің бизнес-жоспары және т.б. Бизнес-жоспар әлеуетті әріптестердің, инвесторлардың, банкирлердің назарын аударатындай жасалуы керек. Ол кәсіпорынның немесе кәсіпкердіңөзін, оның бизнесін көрсететін жарнамалау құралы ретінде кәсіби түрде көрінуі керек. Сонымен қатар оның мазмұнына ғана емес, сыртқы түріне де назар аударған дұрыс. Бизнес-жоспар қарапайым, түсінікті, сауатты және пайдалануға қолайлы болуы керек.
Бизнес-жоспарды құрудың мақсаты - рынок қажеттіліктеріне және қажетті ресурстарды алу мүмкіндіктеріне сәйкес кәсіпорынның (фирманың) шаруашылық қызметін жақын мерзімге немесе ұзақ мерзімге жоспарлау. Бизнес-жоспар кәсіпкерге келесідей негізгі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
- кәсіпорын қызметінің нақты бағыттарын, мақсатты рыноктарды және осы рыноктағы фирманың орның анықтау;
- қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді фирманың мақсаттарын, стратегиясын және оған жету тактикасын мазмұндау. Әрбір стратегияны жүзеге асыруда жауапты тұлғаларды анықтау;
- тұтынушыларға фирмамен ұсынылатын тауарлар және қызмет көрсету көрсеткіштерін анықтау және құрамын таңдау. Оларды құру мен жүзеге асыру бойынша өндірістік және саудалық шығындарын бағалау;
- фирма кадрларының сәйкестігін және қойылған мақсатқа қол жеткізуге қойылатын талаптарын еңбекке ынталандыру үшін шартарды бағалау;
- рынокты, жарнаманы, сауданы жетілдіру, бағаның түзілуі, өтім жолдары және т.б. зерттеу бойынша фирманың маркетингтік шаралар құрамын анықтау;
- фирманың материалдық және қаржылық жағдайын, сонымен бірге қойылған мақсатқа қол жеткізуде қаржы мен материалдық ресурстардың сәйкестігін бағалау;
- бизнес-жоспардың орындалуына кедергі келтіретін қиыншылықтарды қарастыру.
Осы аталған міндеттерді шешу үшін бизнес-жоспар бірнеше ережелерді қамтуы тиіс. Біріншіден, кәсіпкерлік операцияның мақсаттары мен міндеттеріне сипаттама беруі. Жоспарды құрған кезде, операциялардың көлемі мен мерзімі жайлы ойлауы маңызды. Екіншіден, нәтижесінде тұтынушыға сатылатын кәсіпқойлық өнімнің мінездемесі беріледі және тұтынушылар шеңберін, бәсекелестердің потенциалдық деңгейін анықтайды. Үшіншіден, күткен нәтиженің және қажет болатын ресурстардың есебі жасалады. Ресурстар неғұрлым толық және анық болса, (шикізат, кадрлар және т.б.), соғұрлым нәтиже нақты, шындыққа сай келеді. Төртіншіден, кәсіпкер алдын-ала істі неден және қаңдай сатыдан бастау керектігін, оған әсер ететін ортаның ықпалын, саяси, әлеуметтік факторларды ескеру керек.
Сонымен, бизнес-жоспар мәмілелер жүргізу бағдарламасы және сонын негізінде пайда табу, яғни қойылған мақсатқа жетуге бағытталған жоспарлы ұйымдастырылған іс-әрекет жүйесін түсіндіреді. Ол кәсіпкерге өзінің фирма жұмысын іске асыратын мәмілелердің сенімділігін, өтімділігін негіздейтін құжат ретінде қажет. Сонымен қатар бизнес-жоспар кәсіпкердің өз ісінің белгілі бір коммерциялық құпиясы ретінде де түсіндіріледі. Бизнес-жоспар кәсіпкерге және оның серіктестеріне, әріптестеріне сандық және сапалық бағдар беруі тиіс. Соның нәтижесінде алға қойған мақсатына жетуін камтамасыз ететін, фирма қызметінің барлық бағыты және соңғы мақсатын айқын сипаттауы қажет.
1.3 Бизнес-жоспардың мазмұны және құрылымы
Бизнес-жоспардың мазмұны бірін-бірі өзара толықтырушы іс-әрекеттер мен операциялардаң тұрады. Қазіргі кезде кәсіпкерлік тәжіребелермен ғылыми әдебиеттерде бизнес-жоспардың мазмұны мен құрылымына қатысты ғылыми негізделген нақты тәсіл жоқ. Бизнес-жоспардың құрамы, құрылымы мен көлемі оның мақсатына, кәсіпорынның мөлшеріне, қызмет түрінің өзгешелігіне байланысты анықталады. Бизнес-жоспар белгілі бір бөлімдерден тұрады, мұнда бизнестің негізгі идеясы мен мақсаты ашылып көрсетіледі. Сонымен қатар кәсіпорын мен онда өндірілетін өнімдердің өзгешелігі, нарықтық қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіншілігі сипатталады, кәсіпорын персоналдары және басқару жүйесі, маркетингтік, өндірістік, қаржылық жоспарлары қарастырылады.
Бизнес-жоспардың құрылымы мен мазмұны өндіріс саласының және өндіріс технологиясының сипатына тәуелді. Сіздің өніміңізді толығымен сипаттайтындай тауар немесе қызмет көрсету бизнес-жоспарын өңдеуге кірісе отырып, оның мазмұны мен құрылымы белгілі бір ережелерге бағынбайды. Бірақ солардың ішінде тиімдісі мынадай тарауларды қарастырады:
- фирманың міндеті мен мақсаты;
- бизнес-жоспардың көрсеткіштері мен негізгі параметрлері, жалпыланған резюме;
- тұтынушыларға ұсынылатын қызметтер, тауарлар, өнімдер сипаттамасы;
- сұраныс, сату көлемі, өтімі сияқты нарықты талдау мен бағалау;
- ұйымдастырушылық жоспар;
- өндірістік жоспар;
- маркетингтік жоспар;
- қаржылық жоспар;
- фирма қызметінің тәуекелділігін бағалау;
- келісімшарт тиімділігі мен қосымшалар.
1.3 Бизнес-жоспардың құрылымы
1. Фирманың мақсаты мен міндеті. Кәсіпкерлік бизнестің басты мақсаты - пайда түсіру болып табылады. Көзделген келісімшартты жоспарлай отырып, ең алдымен пайданың қандай сомасына сенуге болады және бұл жоба қаншалықты табыс әкелуге қабілетті екенін анықтау қажет. Сонымен бірге бизнес-жоспарды құру барысында да уақыт факторын ескеру керек. Басқаша айтқанда, күтілетін пайданың мөлшерімен қатар уақыт бойынша қалай болатынына назар аударуы тиіс, яғни қажеттілікті қанағаттандыруға тым кеш қалмауы керек. Басты мақсатпен қатар бизнес-жоспарды құраушылардың қатарында басқа да мақсат пен міндеттер болуы тиіс, мысалы арнайы мақсат пен міндеттер; кәсіпкер беделін жоғарылату; кәсіпкерліктің ерекше міндеттері; қайырымдылық және т.б.
2. Бизнес-жоспардың көрсеткіштері мен негізгі параметрлері, жалпыланған резюме. Бұл тарау құрама болып табылады және жоспардың негізгі идеясы мен мазмұнын көрсетеді. Ол жоспарды өңдеу шамасына байланысты құрылады және нақтыланады, бизнес-жоспар толығымен құрылып біткен соң аяқталады. Бизнес-жоспар резюмеден басталады, оның көлемі 4 беттен аспайтын болуы керек. Ол жоспардың мазмұны мен негізгі ойын таныстырады және мынадай бөлімдерден тұрады:
- жобаның басты мақсаты;
- кәсіпкерлік өнімнің қысқаша сипаттамасы;
- қойылған мақсатқа қол жеткізу жолдары мен әдістері;
- жобаны жүзеге асыру мерзімі;
- іске салынған қаржының рентабельділік деңгейі;
- сату көлемі туралы мәлімет;
- жобаны жүзеге асыруға байланысты шығындар;
- күтілетін тиімділік және нәтижесі;
- нәтижелерін қолдану аймағы.
Резюме бизнес-жоспардың ең басты таныстырушы бөлігі болғандықтан, оны нақты, қысқа және дәлелді етіп жасау қажет. Бизнес-жоспардың негізгі бөлімі болашақ тұтынушыларға берілетін тауарлар (қызметтер), яғни өнімнің сипаттамасына беретін бөлімнен басталады. Бұл бөлім нақты ұқыпты талқылауды қажет етеді. Кәсіпкердің тауарлар мен қызметтер жөнінде нақты мәліметтері болуы тиіс. Жалпыланған резюменің көрсеткіштері: жалпы жинақталған көрсеткіштер (өнім мен қызметті жүзеге асыру және өндіріс көлемі; саудадан түскен ақша; жеке және несиелік құралдар; пайда, рентабельділік); арнайы (жүзеге асырылатын тауарлар мен қызметтің сапасы, олардың ажыратылатын қасиеттері, тұтынушының сұранысы мен ерекше талғамына бейімделуі; қаржы орнын толықтыру мерзімі; тәуекелдіктің төмен деңгейі; жоспарланған нәтижені алудың кепілдігі).
2. Тұтынушыларға ұсынылатын қызметтер, тауарлар, өнімдер сипаттамасы. Бұл бөлімде кәсіпкер ұсынылған жоба шеңберінде өндірілетін өнімі немесе қызметі туралы сипаттамаларды көрсетеді. Оларды бәсекелестердің өнімдерімен салыстырады және өндірісті дамыту жоспарларына талдау жасайды. Мұнда өнімге қатысты келесі мәселелер қарастырылады: өнім атауы, функционалдық тағайындалуы, оның негізгі қасиеттері, қабылданған стандарттарға сәйкестігі, тауарлары мен қызметтері қандай сұраныстарды қанағаттандырады, нарықта олардың басқалардан айырмашылығы, жетістіктері мен кемшілікгері, тұтынушының осы тауарлар мен қызметтерді пайдалана отырып, нені ұтатындығы туралы айтуы қажет. Сонымен қатар кәсіпорынның қандай интеллектуалды меншікке (патент, лицензия, кәсіпорын құпиялары) жататындығын көрсету маңызды болып саналады. Өнім сипаттамасын қарастырғанда бәсекелестердің өніміне де талдау жасалуы тиіс. Ол үшін бәсекелес өнімдердің функционалдық және тұтынушылық қасиеттерін сипаттау, не себепті бәсекелестердің өнімдері белгілі бір сұранысқа ие болып отырғанын зерттеу, олардың баға белгілеу қағидаларын ескеру, бәсекелестердің пайдаланып отырған өткізуді ынталандыру тәсілдерін анықтау қажет.
4. Сұраныс, сату көлемі, өтімі сияқты нарықты талдау мен бағалау. Нарық пен маркетинг барлық кәсіпорындар үшін шешуші фактор болып табылады. Егер өндірілген өнім нарықта сұранысқа ие болмаса, оның өмір сүруіне жоғары технологияны қолдану, қосымша капитал салу т.б. көмектесе алмайды. Сондықтан кәсіпкер өз өнімін берілген нарықта сата алатынына және нарықтың белгілі бір бөлігін иелену мүмкіндігіі бар екендігіне инвесторлар мен кредиторлардың көзін жеткізу керек. Бұл бөлім нарықты зерттеуге арналған, яғни ұсынылып отырған жоба нарыққа және ондағы қалыптасқан жағдайға қалай әсер ететіндігі қарастырылады. Ең алдымен нарықтың мүмкіндіктері мен сұраныс анықталады. Сонымен бірге нарықтың негізгі сегменттері, мәні мен сипаттамалары, сатып алушылар қажеттіліктерінің өзгеру келешегі, жаңа тауарларға нарықтың әсері және т.б. жан-жақты талқыланады. Мұнда қажеттілік пен бағаны жобалау үздіксіз зерттеліп, тауарларды сату мен өндіру көлемі кәсіпкерлік жобаны жүзеге асырудың уақыт кезеңдері бойынша анықталады. Берілген тарауды өңдеу барысында кәсіпкерге бәсекелестерінің жағдайын, мүмкіндіктерін, қабілеттерін, артықшылықтарын және баға саясатын ескеру керек. Осы мақсатта бизнес-жоспарда жобаланған өнімді сату көлемін реттеу енгізіледі.
5. Ұйымдастырушылық жоспар. Ол жаңа кәсіпорын құру кезінде ғана әзірленеді. Бизнесті жүргізу ерекшелігіне, кәсіпорынның мөлшеріне, ұйымдастырушылық мақсаттарға байланысты нақты ұйымдық құрылым таңдалады. Бизнес-жоспардың бұл бөлімінде құрылған кәсіпорынның меншік формасының қай түріне: яғни оның жеке кәсіпорын, жауапкершілігі шектеулі серіктестік немесе акционерлік қоғамға жататынын көрсету керек. Егер ол акционерлік қоғамға жататын болса, онда шығарылған акцияның көлемі және оның акциясының қандай типке жататыны туралы мәлімет берілуі қажет. Басқаша айтқанда, бизнесмен ұйымдастыру жоспарын жасағанда сұрақтарға жауап бере алатындай болуы керек. Сонымен қатар бұл бөлімде жұмыс күшіне жалпы қажеттілік, ұйымдастыру, іріктеу және арнайы даярлау, еңбек жағдайы мен оған ақы төлеу, материалдық және моральдық ынталандыру жөнінде мәліметтер қарастырылады. Бизнес-жоспарды жүзеге асыруға жауап беретін бас менеджерлер мен негізгі персоналдарға сипаттама (жасы, білімі, біліктігі, тәжірибесі т.б.) жасалуы мүмкін. Бұл бөлімде штаттық кесте әзірленіп, онда әрі қарай бизнесті кеңейткен жағдайда жұмыскерлер санын арттыру мүмкіндігі немесе қосымша жұмыскерлерді жалдау, оларға ақы төлеу жағдайлары ескерілген жөн.
6. Өндірістік жоспар. Бизнес-жоспардың бұл бөлімін өндірістік қызметпен айналысатын кәсіпкерлер ғана жасайды. Оның басты мақсаты - әлеуетті әріптестер мен инвесторларға, қажетті мерзімде, талапқа сай тауарлар мөлшерін шығаруға жағдайы бар екендігіне көз жеткізу. Өндірістік жоспарды әзірлеу кезінде мына мәселелерге талдау жасалуы тиіс:
- қолданылатын техника мен технология;
- өндірістік база;
- шикізаттар мен материалдар, энергия;
- өнім өндіруді қамтамасыз ету және шығындарды болжау;
- еңбек ресурстары;
- тұрақты және айнымалы өндірістік шығындар;
- экологиялық қауіпсіздік.
Өнім өндіруді болжау өндірістік құрылым мен маркетингтік жоспарға сүйенеді. Негізгі міндет нарық пен сатып алушылар сұранысын ескеретін, жаңашылдық енгізуге мүдделі және тұтынушыға жұмыс істейтін өндірісті қалай ұйымдастыру керектігін білу болып табылады. Сонымен, өндірістік жоспарда тауар шығарудың өндірістік ағындары көрнекі түрде сипатталып, оны қамтамасыз ететін ақпараттармен таныстыру болып табыпады.
7. Маркетинггік жоспар. Маркетинг бизнесті табысқа жетелейтін маңызды жолдардың бірі. Көптеген кәсіпорындар тартымды өнім өндіргенімен, маркетингтің жоқтығына немесе маркетингтік бағдарламаның дұрыс жасалмауынан сәтсіздікке ұшырайды. Осы бөлімде өз жоспарының негізгі элементтері: тауарлар, нарықтар, әр түрлі өндірістің дамуы жөнінде түсіндіріледі. Мұнда маркетингтің мақсаты, міндеті, фирманың қандай маркетингтік стратегияны қабылдағаны туралы, тауарлардың жеке фирмалық дүкендер немесе көтерме сауда ұйымдары арқылы сатылатындығы, тауарларға қойылатын баға қалай анықталатыны және пайдалылық қандай деңгейде болатыны, сату көлемінің тұрақты өсуін, өткізу көлемін ұлғайту немесе жаңа тұтынушыларды ынталандырудың формалары есебінен, фирма және оның тауарлары туралы жақсы мәліметтерге қалай жетуге болатындығы жайлы ақпараттарды қарастырудан тұрады. Сондықтан бұл бөлім мынадай бөлімшелерден құрылады:
- маркетинг стратегиялары мен мақсаттары;
- баға белгілеу;
- тауарларды тарату схемасы;
- сатуды ынталандыру әдістері;
- сатудан кейін клиенттерге қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
- жарнама;
- фирмалар және тауарлар туралы қоғамдық пікірдің қалыптасуы.
Баға - сапа - рентабельділік параметрлері бойынша өзара байланыс сақталуы тиіс. Баға белгілеу кезінде бағалардың жалпы құрылымын әзірлеу, оның өзгеруі, баға стратегиясының жалпы пайдаға әсері ескеріледі.
8. Қаржылық жоспар. Бизнес-жоспардағы ең маңызды бөлім қаржылық жоспар болып есептелінеді. Қаржылық жоспар кәсіпорын немесе фирма қызметінің нәтижесін таныстыратын ең соңғы қорытынды бөлімі. Қаржылық жоспардың мақсаты ұсынылып отырған жобаның тиімділігін анықтау. Ол 3-5 жылға жасалады және оның негізгі көрсеткіштеріне сату көлемі, капитал айналымы, пайда, өзіндік құн және т.б. жатады. Бұл бөлімнің жоспарын құрған кезде мұқият түрде ішкі қаржылық операцияларды беру және оны жаңартып отыру талап етіледі. Қаржылық аспект ерекше білімді, атап айтқанда, бірінші кезекте бухгалтерлік есеп пен талдауды қажет етеді. Егер кәсіпорында қаржылық қызмет туралы білімі бар маман болмаса, қаржылық менеджерге басқа фирмалардан мамандар шақырылады.
Қаржылық жоспар табыстар мен шығындар жоспарынан, ақшалай түсімдер мен төлемдер жоспарынан, бірінші жылға баланстық жоспардан тұрады. Оны дайындау кезінде нақты ақшаның (қолма-қол) ағынына, кәсіпорынның тұрақтылығына, қаражаттар көздері мен оларды пайдалану жағдайына талдау жасалады. Көптеген кәсіпорындар үшін негізгі табыс көзі өнімді өткізу болып табылады, сондықтан қаржылық жоспар сату көлемін болжаудан басталады. Ал болжам жасау маркетингтік жоспарға сүйенеді. Табыстар мен шығындар жоспары бірінші жылдың айлары бойынша жанама шығындардың барлық баптарын бағалауды қамтиды. Жалақыға жұмсалатын шығындар қызметкерлер санына және олардың мамандығына байланысты. Еңбекақыны төлеу шығындары алдын-ала қарастырылып, жоспарға енгізілуі тиіс. Бизнестің өсуі мен дамуы қосымша шығындарды талап етеді, сондықтан барлық табыстар мен шығындар ескерілуі керек.
Қаржылық жоспардың маңызды элементі коммерциялық кәсіпорынның (фирманың) жұмысын шығынсыз талдау болып табылады. Ол екі тәсілмен жүзеге асырылады: формула пайдалану және кесте құру. Кәсіпкер кәсіпорынды құру немесе бизнес-жоспарды жүзеге асыру кезінде қашан алғашқы пайданы алатындығын білу қажет. Ол үшін зиянсыздық нүктесіне болжам жасалады, яғни кәсіпорын табыстары мен шығындарының теңесуі үшін қанша өнім бірлігін сату керектігін анықтау. Мұндай ақпарат жаңа кәсіпорынның өмір сүруінің алғашқы кезеңінде оны қолдау үшін қанша ақша қаражаты керектігін бағалауға мүмкіндік береді.
9. Фирма қызметінің тәуекелділігін бағалау. Кез-келген жаңа жобаны жүзеге асыру кезінде белгілі бір қиындықтарға ұшырауы мүмкін. Кәсіпкерлер үшін осындай қиындықтарды алдын-ала көре білу және оларды жою жөнінде стратегиялар жасау өте маңызды. Осыған байланысты бизнесті іске асыру кезінде кездесуі мүмкін проблемаларды анықтап, тәуекел дәрежесін бағалау керек. Қауіп-қатерлер бәсекелестерден, өндірістік саясат және маркетинг аймағында жіберген кемшіліктерден, басқарушы мамандарды іріктеудегі қателіктерден туындауы мүмкін. Егер кәсіпорын үшін аталған факторлардың ешқайсысы қауіп төндірмесе, онда әрқайсысына тоқталып, қобалжуға болмайтынын негіздеу қажет. Қандай-да бір қауіп-қатерлер ойламаған жерден туындауы мүмкін, ол үшін одан шығу жолдары мен іс-әрекет стратегиясы алдын-ала әзірленген жөн. Баламалы бағдарламалар мен стратегиялардың болуы мүмкін болатын қиындықтар туралы білетінін және оған дайын екенін көрсетеді.
10. Келісімшарт тиімділігі мен қосымшалар. Мұнда кәсіпкерлік келісімшарттың тиімділігінің жиынтық сипаттамалары келтіріледі. Сонымен қатар әлеуметтік және ғылыми-техникалық тиімділік те ескеріледі. Қосымшада бизнес-жоспарда келтірілген мәліметтерді кеңінен түсіндіретін немесе нақтылайтын құжаттар көрсетіледі. Олардың қатарына келесілер жатқызылуы мүмкін:
- өнімдер бойынша техникалық мәліметтер;
- келісімшарттар, лицензиялар көшірмелері;
- маркетингтік зерттеулер нәтижелері;
- кәсіпорын және жоба басшыларының анкеталық мәліметтері;
- патенттер, авторлық куәлік көшірмелері және т.б.
2.1 Бизнес-жоспарды бақылау
Бизнес-жоспар жас бизнесменге жұмыста нақты бағдар алу үшін жасалынады. Жоспарлау кез-келген шаруашылық қызметте табысқа жетудің ең маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бизнес-жоспардың табысты түрде іске асырылуы жоспардың орындалуын бағалауды және дер кезінде өзгерістердің енгізілуіне бақылау жүйесін орнатуды үйлестіреді. Жоспардың орындалуын қадағалап отыру үшін, ең алдымен бақылау нүктесін орнату қажет. Осы нүктелер арқылы барлық жұмыстың жоспар бойынша орындалып жатқандығын анықтап отыруға болады. Бақылау нүктесі ауытқулар болып қалған жағдайды тұлғаларға дер кезінде хабардар етіп отыратындай қарапайым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фирманың ішкі ортасы
Нарықтық экономикадағы фирма менеджменті
Педагогикалық тәжірибе бойынша есеп
Қаржы менеджмент
Менеджменттің мақсаты, принциптері және құрымы
Маркетинг түрлері
Туристік фирма қызметінің анализі
Маркетинг және менеджмент негіздері
Маркетинг коммуникациясының негізгі түрі – жарнама
Тауарды жетілдіру тұжырымдамасы
Пәндер