Дене мәдениетінің жүйесі
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Дене мәдениеті және спорт факультеті
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Ұлттық дене мәдениеті туралы ғылыми ой-пікірлер
Орындаған: Шайдолда АА
Тексерген:Абугалиев БН
Топ:ДМжС-31
Қарағанды-2020ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I . Дене мәдениеті ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
0.1 Дене мәдениетінің даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...5
2. Дүние жүзі елдерінде дене мәдениеті ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2.1 Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін дене шынықтыру және спорт, шет елдерде және Құрама штаттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2.2 Дене мәдениетінің түрлері және ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 10
3. Дене мәдениеті-коғам мәдениетінін белігі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...13
3.1 Спорттың әлеуметтік жане педагогикалык құбылыс ретіндегі рөлі ... 20
3.2 Дене тәрбиесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
КІРІСПЕ
Адамның дене бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық - адамның еңбек және қоғамның іс - әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Адамзаттың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады.
Тарихи деректерді сараптасақ, адамзат қоғамы пайда болып, алғашқы өмір сүру кезеңінен-ақ дене тәрбиесіне көңіл бөлініп, сол еңбек пен тұрмыстық өмірдің шарты ретінде дамыды. Алғашында дене тәрбиесі арнайы ұйымдастырыған ойындар мен ойындық-қимыл қозғалыстар түрінде көрініс берді. Бұл кезеңдегі ойындар мен денені шынықтыру жаттығулары қарапайым түрде болғанымен, олардың тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелік маңызы зор болды.
1. Дене мәдениеті
Дене мәдениеті денсаулықты сақтау мен қорғауда дене қабілетін жетілдірудің жинақталған қоғамдық түрі, жалпы мәдениеттің бір бөлігі. Ахмет Байтұрсынов мұны тән тәрбиесі деп атады.
Адамдардың денсаулығын жақсарту, қалыптастыру және дене мәдениеті жөніндегі білімін арттыру.
Қалың бұқараны саяси - идеялық жағынан тәрбиелеу құралы.
Дене мәдениеті әрқайсысының өз алдына атқаратын міндеттері бар бірнеше салалардан тұрады.
Дене мәдениеті туралы білім жүйесіндегі негізгі және барынша іргелі ұғым, бұл, өзінен өзі түсінікті дене мәдениеті болып табылады. Бұл сөз ұғымының осылай аталу себебі адам қоғамы дамуымен астасып жатқан тарихи кезеңдермен байланысты. Алайда, дене мәдениеті сөз тіркесі ХІХ ғасырдың соңында пайда болды.
Дене мәдениетінің ақпараттық саласы. Тарихи дамудың барысында дене тәрбиесінің тәжірибесі рухани және қоғамдық байлық ретінде жинақталып, ұрпақтан - ұрпаққа беріліп отырады. Адам туралы білім мен ғылым, оның мүмкіншіліктерін жетілдірудің жолдары мен тәсілдері оның табиғи сапасын үнемі жетілдіріп жаңа мүмкіндіктерді түсінуге жол ашады. Адамдардың дене тәрбиесімен айналысуында үгіт - насихат құралдары, радио мен теледидар, газеттер мен журналдар үлкен міндет атқарады. Ақпарат құралдары арқылы берілген дене мәдениеті жайлы хабарлар адамдардың ол жайлы білімін ұлғайтады, дене мәдениетін көтеруге ықпал жасайды.
Дене мәдениетінің нормативтік өлшемдері. Дене тәрбиесі адамдардың мүмкіншілік көрсеткіштерін анықтап, оны үнемі жақсарту, мүмкіншілігінің шегін көтеруді қалыптастырады. Осы жұмыстың барысында мүмкіншіліктердің шегі анықталып, оның әртүрлі дайындықтарын қалыпқа келтіреді. Әсіресе, бұл дене тәрбиесінің маңызды бір саласы болып есептелінетін спортта айқын көрінеді. Спортқа адамның мүмкіншілігі сынға түсіп, оның шегі мен ең жоғарғы деңгейі айқындалады. Жарыстар кезінде жасалған әрбір рекорд тек қана бір адам емес, ол тәрбиеленген қауымның, ұжымның, қоғам мен адамзаттың ортақ жетістігі болып табылады.
Дене мідениетінің пайдалылығы. Тәннің демала білуі, соның арқасында сау қалпында ұсталуы және салауатты өмір салты адам өміріне үлкен пайда әкелетін факторлар. Жаяу, атпен, велосипетпен, шаңғымен, сумен, т.б. туристік жорықтар, дене тәрбиесі және спортпен айналысу адамдардың көңіл - күйлерін көтеріп, өмірге пайдалы ықпал жасайды.
Дене мәдениетінің жүйесі. Оның дамуы жаттығулары мен спортпен айналысу барысында қалыпқа түскен, ілімі мен тәсілі жетілген және күнделікті тәжірибеде іске асырылып келе жатқан салаларының бірі. Бұл жүйе қоғамдық құрылысқа, қоршаған ортаға, табиғи жағдайларға, мемлекеттің күш - қуатына, мүмкіншілігіне, ғылыми - техникалық прогреске, халықтың экономикалық жағдайына, салт - дәстүріне т.б. жайғдайларға қарай қалыптасады.
Отандық және шетел ғалымдарының барынша негізделіп дәлелденген еңбектерінде мәдениетті адамның шығармашылық даму жолдары мен қайта құрылу нәтижелерінің жиынтығы ретіндегі табиғат және қоғамдық құбылыстарды материалдық және рухани құндылықтарды әсіресе оған қызмет ететін факторларды тұтас қарастыру мақсатқа лайықты болады.
Дене мәдениеті материалдық қарым - қатынас пен еңбек, өнер мен дәстүр мәдениеттері сияқты, адамның дүниеге келуі мен қалыптасып жетілуі қоғамында пайда болады және дамиды. Дене мәдениеті деген ұғым жалпы халық мәдениетінің құрамдас бір бөлігі болып, қоғамның материалдық, рухани құндылығының жиынтығын құрап, ол адамдардың дене шынықтыру жүйесін жетілдіру үшін құрылып және оларға қызмет етуі тиіс. Дене мәдениеті адамды дамыту, тәрбиелеу және жетілдіру мақсатында және тұлға мүмкіндіктерін, табиғаттың жаратылыс күштерін, медицинаның, гигиенаның, анатомияның, физиологияның, психологияның және т.б. нақтылы ғылыми зерттеу нәтижелері мен нұсқауларын пайдаланады.
1.1 Дене мәдениетінің даму тарихы
Алғашқы қауымдық кезең. Денені шынықтыру еңбек етуден пайда болған. Ол шамамен 80-8 мың. жылдары дами бастады. Адамзаттың ағзасын өзіндік қажеттілікпен қамтамасыз ету дене мәдениетінің негізгі міндеті болып табылады. Алғашқы қауымдық қоғамның өзінде-ақ денені қозғалысқа келтіру арқылы еңбек етуде, аңшылыққа шығуда, соғыс кезінде орасан зор ықпал ететін- ол, дененің физикалық жетістігі екенін арғы аталарымыз жете түсінген. Осыдан дене мәдениетінің қалыптасуы басталды. Алғашқы адамдар сол кездері орындаған әртүрлі сиқырлы церемонияларында, дәстүрлі билерінде, ойындарында, соғыста және басқа да іс-әрекеттерінде дене жаттығуларын қолданған. Яғни, қазіргі таңдағы жаттығулар сол алғашқы қауымдық қоғам кезінде пайда болған.
5-4 ғасыр. Біздің дәуірімізге дейінгі VI-V ғасырларда осы Қазақстан жерінде тұрып, өмір сүрген біздің арғы ата-бабаларымыз сақтар кезінде өз заманына сай дене тәрбие жүйесі болған. Сақтардың дене тәрбие жүйесінің негізгі әскери-жауынгерлік және жарыс-сайыс бағытында болды. Ашық аспан астында киіз үйлерде тұрып негізгі кәсіптері мал өсіру мал өсіру болған сақтарға кенеттен келген жауларынан от басын, елін, жерін қорғау үшін сезімтал, күшті, епті, төзімді, батыл болу керек болды. Сондықтан да олар бала кездерінен атқа міну, садақ ату, күрес жаттығуларымен айналысқан. Сақтардың балалары 4-5 жастарынан атқа шауып, 7-8 жасынан ат үсті дене жаттығуларына үйреніп, меңгере бастаған. Сол кездерде сақтармен қатар өз жерлерінде өмір сүріп жатқан гректердің спартандық, афиндық дене тәрбиесі жүйелері блғанын біз білеміз. Сол спартандық құрбылары секілді сақтардың да қыз-келіншектері ерлермен бірдей дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысқан, жаумен соғысқан.
Б. д. д. II ғасырда Шығыс Түркістанда пайда болып, біздің дәуірімізде Қазақстан жерінде қоныстанған ғұндардың дене тәрбиесі жүйесі сақтардың дене тәрбиесі жүйесіне ұқсас болған. Ғұндардың ат үсті жаттығуларына өте жетік болған, шауып келе жатқан аттың үстінде теріс отыру, тік тұру, жерге секіріп қайта отыру, аттың бауырынан өтіп қайта отыру, шауып келе жатып жерден қамшы алу,жамбы атып түсіру секілді жаттығуларды ғұндар өте жетік меңгерген.
Монғолдар билік жүргізген кеде әскери-дене тәрбиесі жүцесі іске асырылды. Ол кезеңде әрбір ер адам атымен, қару жарағымен соғысқа аттануға дайын тұруы керек болды. Сол кезде Ерлердің үш ойыны дене тәрбие жүйесі болды. Ол күрес, садақ ату және атқа шабу спорт түрлеріне негізделген болатын.
Әмір Темір билігі кезінде жеке сайыс, шахмат, өнерлері дамыды. Темірдің өзі де сайыс өнеріне жетік, дене қуаты жетілген, шахматты да жақсы ойнайтын адам болған.
XV ғасырдан бастап Қазақ хандығы кезеңінде дене тәрбие жүйесі ұлттық ойындарды және әскери-жауынгерлік өнерлерді жетілдіру сипатында болды. Қазақтың ұлттық ойындары ат бәйгесі-аламан бәйге, жорға жарыс, күрес дамыды. Ат үсті ойындары-көкпар, аударыспақ, күміс алу, қыз қуу, шауып келе жатып жамбы ату, ат үсті жаттығуларын орындау өнерлері дамыды.
Қазақ хандығының дене тәрбиесі жаттығулары жүйесі тек қана жарыс сипатында ғана емес, күнделікті тіршіліктерінде де жетілдіріп отырылды. Күнделікті атқа отыру барысында орындалатын әр түрлі ат үсті жаттығулары, күнделікті орындалатын әр түрлі ат үсті жаттығулары, күнделікті орындалатын бие байлау, бұғалық тастап-құлын ұстау, аңға шығу, тауда, жазықта жүгіру, кешке ойналатын әр түрлі қазақтың ойындары (ақ сүйек, арқан тарту, алтыбақан тебу т.б. ойындар), қолдары босағанда күреспен айналысу, садақ ату, қару-жарақ түрлері жаттығуларын меңгеру жастарды шынықтырды, батырлыққа, батылдыққа тәрбиеледі, дене қуаты қасиетін жетілдірді. Сол кездегі дене тәрбиесі жүйесінің өз заманына сай болғанының дәлелі қазақ халқының ұлан байтақ жерді сақтап қалғаны, өздеріндей саны бар, тұрақты әскері бар, темірдей тәртібі бар, бір орталыққа бағынған жоңғар әскерін, жоңғар елін жеңуі.
Ежелгі Грецияда дене мәдениеті құлиеленушілік қоғамда дамыды. Оның көркеюі б. з. д. VI-V ғ. ғ. болды. Сондықтан да дене мәдениетінің ерекшеліктерін көбінесе ежелгі грек елдерінде, яғни Афины мен Спартадан көруге болады.
Ежелгі грек мәдениетінде, әсіресе, б. з. д. V-VI ғ. ғ. адамзат денесінің физикалық және табиғи сұлулығын рухани және интеллектуалдық қасиетін біріктірген. Ең бірінші сың атлетикалық жарыстың жеңімпазын мадақтаудан басталды. VI ғасыр философы Ксенофан айтуы бойынша, қала және мемлекетке көп пайда әкелетін ақыл және байқампаздық барлық атлетикалық күштер мен жылдамдықтан гөрі бағалануы қажет. Осы дене және рухани мәдениетінің өзара күресі Ежелгі Грецияда өте ертеден басталды. Гректердің пайымдауынша, Илиада, Одиссей поэмаларының пайда болуы осыған негіз болды деді.
Ежелгі Грецияда атлетикалық ойындардан басқа Панэллиндық ойындар да болған. Мысалы, Аполлон құдайының қарамағындағы Пифиялық ойындар б. з. д. 582 жылы өткен. Рухани және дене мәдениетін байланыстыратын атлетикалық және музыкалық бағдарламаны қамтыған Пасейдон құдайдың қарамағындағы Немиялық, Истмиялық ойындар өтті. Олимпия тек қана атлетикалық сайыс өтетін жер ғана емес, сонымен қатар поэттар, жазушылар және философтар өнер көрсететін орын.
Спартадағы дене мәдениеті б. з. VI ғасырда үлкен мағынаға ие болды. Шамамен 9 мың спартандықтар, 30 мың жартылай бостандықтағы азаматтар, 200 мың құлдар осы мекенде тіршілік етті. Осыған орай Спартадағы әскери лагерь пайда болды. Спартандықтар жастайынан денені шынықтырып, тек қана әскери істермен айналысқан.
Сонымен, спартандықтар бала тәрбиесінде міндетті түрде әскери-физикалық жағынан үлкен мән берген. Және де олар әскерлерін шыдамдылық пен қайраттылыққа тәрбиелеген. Ал Афиндықтар физикалық қасиетін және ақылдылығын өзара үйлесімділікте ұстауға тырысқан.
Ежелгі Рим. Ежелгі Римдағы дене тәрбие тек тәжірибелік мақсатта жүрді, және ол спартандықтарға ұқсас болды.
Балалар он екі жасқа дейін отбасында тәрбиеленген. Әкесі ұлын үй шаруашылығын жүргізуге, қару қолдануға қолданған, Отанға деген патриоттық сезімді тәрбиелеген. Денені шынықтыруда дәстүрлі ойындар мен жаттығуларды қолданған. Үйінде тәрбие алған римдық жасөспірімдер 16-17 жасқа келгенде әскерге алынған. Әскери дайындық өзінің кереметтілігімен ерекшеленген. Войско атауы жаттығу, ал легион термині таңдап алу деген сөздерден шыққан. Римлиндықтар әскер құрамына жастарды таңдап алған. Жас әскербасылар таңертеңнен қару-жарақ қолданумен жаттыққан және де көптеген дене жаттығуларын да жасап өткен. Ал үлкен дәрежедегілер күніне бір рет қана жаттыққан. Әскердегілер ағаш жарып, көптеген ауыр жүктерді көтерген, суда жүзген, бөгеттерден өткен.
2.Дүние жүзі елдерінде дене мәдениеті
Адам тұлғасының мәдениеті - бұл оның маңызды, материалдық және рухани құндылықтарды құру мен тұтынудағы шығармашылық қызметінде қолданатын әдісінің жоғарғы даму деңгейі. Адамның негізгі күш-қуаты тек оның қызметінде, ең алдымен еңбек нәтижесінде көрінеді. Тек қана, еңбек іс-әрекеті арқылы адам қоғамға өзгеріс енгізе алады және өзінің күші мен қабілетін іс жүзінде көрсете біледі. Мұндай іс-қимылды педагогикалық зерттеулерде мәдени әрекет деп түсіндіріледі. Дене мәдениеті қоғамдық кұбылыс ретiнде пайда болып, калыптасты және дамыды. Құрылу ерекшелiктерi мен қызмет ету жүйесi жайлы өзiнiң заңдылыктары бар ғылымның саласы болып табылады. Дене мәдениетінің мәнiн түсiну үшiн алдымен олардың мағыналы мазмұнын анықтап алу қажет. Бiрiншiден, дене мәдениеті -- адамның денсаулығын нығайтып, күш -- жiгерiн арттыруға, козғалыс белсендiлiгiн жетiлдiру мақсатында қоғамның жасайтын және пайдаланатын рухани, материалдық құндылықтарының жиынтығы.
Көптеген капиталистік елдерде байланысты жұмыс аптасының қысқарту үшін қосалқы уақыт саласы болды. Құрылыс лагерлері, тұрғын үйлер мен қонақ үйлерде спорт, курорттық жерлерде шаңғы тебу, жасанды мұз айдыны, жабық бассейн күшейдi. Демалыс, шаңғы, акваланг, балық аулау, аң аулау жабдықтар, планерлер, моторлы қайықтар, каноэ және қайықтар үшін спорттық құрал - жабдықтар тиімді жаппай өндіріле бастады. Дене шынықтыру және белсенді демалыс және таза ауада демалу үшін жаппай сәнге жасауда радио, кино және теледидардың көмегімен скейтбордингпен, мотоциклдермен жарысып, әрқашан Батыста танымал болған жастардың хоббиіна айналған бодибилдинг, 50 жыл болды құрсаумен айналуы және секіру шейпинг, аэробика және және т.б. АҚШ үкіметі дер кезінде және логикалық қорытынды жасады. Осы дене мәдениетін ары қарай жүргізіп және жетілдіру үшін, азаматтардың денсаулығы үшін оны қалпына келтіруге жұмсалған үшін ақша бөлу жақсы дамудың барлық факторларын, атап айтқанда, Америка Құрама Штаттарында спорт қозғалысының дамуына үлес қосқан және оны ілгерілетуге насихаттау жасау маңызды фактор болып табылады.
2.1 Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін дене шынықтыру және спорт, шет елдерде және Құрама штаттар
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін дене шынықтыруды дамыту социалистік жүйесінің қалыптасуы мен Отаршылдықты ыдырағаннан кейін байланысты шарттарын айқындады. Түрлі әлеуметтік жүйелерді әлемнің күйреуі мен мемлекеттер тобы дамушы және капиталистік елдерде, социалистік елдерде дене шынықтыру мен спортты дамытудың үш бағытты қалыптастыруды әкелді. Социалистік елдерде дене мәдениетін дамыту бірнеше кезеңнен өтті. 50 жылдардың басында - 40-шы жылдардың соңында. Осы мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт жөніндегі комитеті құрылды. Олар, азаматтардың денсаулығын нығайту, дене тәрбиесін жетілдіру, жай-күйі және дене шынықтыру мен спортты одан әрі дамыту үшін жауапты болды.
60-70-шы жылдары спорттық қозғалысты басқаруды демократияландыру, дене шынықтыруды арттыруға ықпал етті, реформалар жүзеге асырылды. Дене шынықтыру бойынша азаматтардың құқығын конституция мен заңдар бекітілген болатын. Спорттық қозғалысты ресурстық базасын нығайтуға және кеңейтуге, ірі спорттық нысандардың құрылысы басталды. Арнайы спорттық оқу орындары, спорт мектептері мен мектеп-интернаттар; ғылыми-зерттеу жұмыстарын ашылды. Барлық осы жаппай құбылыс спорттық қозғалысты трансформациялауға ықпал етті және ірі халықаралық конкурстар мен олимпиада ойындарының көптеген жеңімпаздары болды, олардың арасында басқа да спортшылар өз дағдыларын арттыра білді. Бұл елдерде дене шынықтыру табысты дамуына халықаралық спорт ұйымдарының интеграция арқылы қол жеткізілді, үлкен дәрежеде, ынтымақтастық және тәжірибе, бірлескен ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар, жаттықтырушылардың ірі спорттық іс-шараларды алмасу туралы мемлекетаралық келісім жасасты.
1966 жылы Еуропалық елдерде экономикалық қоғамдастық мәдени ынтымақтастық жөніндегі кеңесі бұқаралық спорт және туризм дамуы үшін ұзақ мерзімді бағдарламасын қабылдау ұсынылды. 1975 жылы қоғамдық жұмыспен қамту, серуендеуге және жүгірумен, соның ішінде рекреациялық дене шынықтыруды дамыту үшін үкімет пен үкіметтік емес органдардың тәртібін, аэробика және спорт гимнастика, жүзу, қозғалмалы ойындар, шаңғы жаяу жорықтар мен экскурсиялар жаяу, және т.б жай ашық конкурсты анықтау барлық спорт бойынша Еуропалық Жарғысымен бекітілген. Өнеркәсіптік фирмалар мұндай істерге қоғамдық қызығушылықты ескере отырып, тиісті спорттық жабдықтар, киім және аяқ киім шығара бастады. Әрине, осы шығару, үлкен пайда әкелді. Қазірдің өзінде спорт қызметінің дәстүрлі бағыттарының болуы одан әрі дамыған болды.
Президент Эйзенхауэр 1956 жылы студенттердің дене шынықтыру дайындығының ел стандарттарына арқылы бірегейлендіру туралы шешім қабылданды дене шынықтыру бойынша арнайы конференциясын шақырды. Ұранды жариялаған дене шынықтыру велосипедпен туралы. Еліміздің Президенті дене шынықтыру бойынша кеңесші орган, зерттеулер жөніндегі комиссияның ретінде құрылған кезде. Соңында 60-жылдарында рекреациялық ұйымдар Дене тәрбиесінің ұлттық альянсы жеткізілді. АҚШ Конгресі мектеп дене тәрбиесі берілген мемлекеттік үкімет көбірек көңіл мен ресурстарды талап ететін қарар қабылдады. 1971 жылы Президент Ричард Никсонның ел президенті жанындағы Федералдық консультативтік және қадағалау органының дене шынықтыру саласындағы ғылыми-зерттеу жөніндегі комиссия құрылды. Ол ұшқыш-ғарышкер Джон. Кэмбридж, сондай-ақ, белгілі жаттықтырушылар мен спортшыларды қамтитын мүшесі басқарды. Сонымен қатар спорт стадиондары, спорт алаңдары мен басқа да ойын-сауық нысандарын құрылыс компаниялардың салық жеңілдіктерін берілген университеттерінде спорттық стипендия өсті.
Англияда XIX ғасырдың ортасына қарай нысандарды қабылдайды бастады, қазіргі заманғы спорт және ойындар негізінде мектеп дене шынықтыру іс-шаралар. Іс жүзінде, дене шынықтыру тарихында бұл үрдіс болды деп аталатын. XIX соңы мен ХХ ғасырдың бірқатар пайда белгіленген дене тәрбиесі мектеп жүйелерін жаңғыртылды. БҰҰ-ның 1982 жылы бағдарламасы қабылданды. Ол мүгедектерге қатысты дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасы; дене шынықтыру адаптивті спорт жүйесіне енгізді. Бейімді спорт - процесс және спорт денсаулық сақтау мүгедектердің қалыптастыру нәтижесі Әлеуметтік арқылы айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізу үшін дағдылары бәсекеге қабілетті қызмет. Бейімді спорт жетекші нысандары болып табылады.
2.2 Дене мәдениетінің түрлері және ерекшеліктері
Спортты дамыту үшін ең маңызды фактор спорт нысандарының қажетті санын салу болып табылады. АҚШ-та, мысалы, 100-ден астам қалалар 15-20 мың мұз айдындары. 90 мыңнан астам көрермендері бар Миннеаполис Миннесота университеті. Көрермендерге жеңіл атлетикаға 17 мың жабық манеж болды. Бұл кәсіби спортты дамыту үрдісі тұтастай алғанда және жекелеген елдердің халықаралық спорт динамикасына орасан зор әсер етеді екенін атап өткен жөн. Дамыған капиталистік елдерде бұқаралық спортты дамыту үрдісі, оның тиімділігі мен тұрғысынан басқа елдер үшін үлгі болып табылады. Гимнастика ежелгі Қытайдағы кең тараған спорт түрі. Перғауындар мазарларындағы бейнелер мен заттар бірнеше ғасырлар бұрын да спорттың әртүрлі болғандығынан забардар етеді, оның ішінде жізу мен балық аулауын айта кетуге болады.
Волейбол ойыны. 1895 жылы Америка Құрама Штаттары колледждерінің бірінде доктор У.Морган жаңа ойын ойлап тапты. Ол Волейбол деп аталды. Бұл сөздің дәл мағынасы әуедегі доп. Бұл ойын тез арада өз қолдаушыларын тапты. Әсіресе ол американдық өрт сөндірушілері арасында кең тарады. Олар өрт мұналарының қасына жіп керіп қойып, сол арқылы үрленген қарынды әрлі-берлі соғып мәз болысатын. Волейболдың дамуының бірінші кезеңі 1895-1920 жылдар. Бұл кезде ойын көрермендер алдында өткізіліп, командаға біріккен ойыншылар өзге спорт түрлеріндегідей формалар киіп шығатын болды. ойын барысында нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы, адамның координациясы қалыптасады. Қандай жаттығу болмасын, қозғалыс барысында нақтылы орындалады. Айталық, шабуылдау кезінде допты қарсыласының алаңға дәл түсіру, болмаса допты әріптесіне дәл бере білу, болмаса допты қарсыласының алаңына алдап тастау, т.б. Демек, адамның барлық қабілет-қасиетін қалыптастыратын ойынның бірі.
Хоккей - қақпалар орнатылған арнайы алаңда таяқпен доп не шайбамен ойналатын командалық спорт түрі. Алғашқы ресми матч 1875жылы 3 наурызда Монреал қаласындағы Виктория мұз айдынында өткізілді. Ол кездегі хоккейді бүгінгі күнгі ойынның ережелерімен салыстыруға мүлдем келмейді. Алғаш рет хоккей арнайы сеткамен 1900 жылы ұйымдастырылды. Канадада хоккей қысқы олимпиада ойындары бағдарламаларына енгізілді. Оның алғашқы шарттарын Монреалдағы университеттердің бірінде білім алып жүрген студенттер қауымы жасады.
Шаңғының алғашқы пайда болуы адамдарға қысқы уақытта тамақ немесе көшіп қонуға көмегі тигендіктен өз орнын тапты. Ең алғаш рет бірінші шаңғы Псков облысының шекарасында табылды, яғни осы соңғы табылған шаңғы ең көне болып есептеледі.Оған шамамен 4300 жыл болған.Оны А.М.Микляев, 1982 жылы тапқан. Бірінші жазба құжаттарға сүйенсек шанғы 6-7ғ.ғ.з Готтық монах Жорданес 552 жылы, грек тарихшылары Иордан 7 ғ., Авел Диакон 770 жылы жазылған.7 ғасырдың аяғында тарихшы Верефрид шаңғының толық анықтамасын жанды. Әлемде бірінші рет шаңғы спортының көрме залы ашылды,ол яғни Тронхеймада 1862-1863 жылы өткізілді.Норвегияда ең алғаш рет шаңғы спортының қоғамы ашылды,содан соң Финляндияда спорттық клубы ашылды.Одан әрі қарай басқа да елдерде, яғни Европа,Азия және Америкада өз жалғасын тапты.
Футбол тарихы XII ғасырдан басталды. Алғаш рет Англияда дамыды. Саяхатшы Гастон де Фуа өз заманында футболды бар ынтасымен бақылап, Ағылшындар футболды ойын деп есептесе, онда төбелесті не дейді? деп жазып кеткен екен. Футболға қарсылық көрсеткендер болды. Футболдың алғаш 1863 ж. Англияда арнаулы ережесі бекітіліп, тұңғыш қауымдастық құрылды. Сондықтан Англия аталмыш спорт түрінің отаны болып есептеледі. Бірақ Футболға ұқсас аяқдоп ойынының түрлері ежелгі Мысыр, Қытай, Грекия, Римде, ал онан кейінірек Франция мен Италияда дамыған. Кейін бұл спорт түрі біраз өзгерістерге ұшырап, футбол деген атаумен бізге жетті.
19-ғасырдың соңына қарай футбол Еуропа мен Латын Америкасы елдеріне кеңінен тарай бастады. 1904 жылы халықаралық футбол федерациясы (FIFA), 1954 жылы Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) құрылды. 1900 жылдан бастап олимпиялық ойындар бағдарламасына енген. 1930 жылдан бастап төрт жылда бір рет әлем чемпионаты және 1958 жылдан бастап Еуропа кубогы үшін жарыстар өткізіліп тұрады. Қазақстанға Футбол 1909 -- 1910 жылы келді. Әуелі Орал, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Семей, Петропавл қалалары жастарының ермегіне айналған өнер, бара-бара бұқаралық сипат алды.
Баскетбол камандалық спорттық ойын,оның мақсаты қарсыластың торын қолмен доп түсіру,сонымен қатар қарсылас каманда допты салдырмау әрекетін жасайды.
Орталық Американың ежелгі халықтарының доп ойынының көрінісі салынған сурет тапқаннан кейін белгілі болды.Бұл суретті көріністің казіргі кездегі баскетболға ұқсастығы болған және Юкатан түбегінен төрт бұрышты алаң табылған.Алаңды қоршаған таста соғылған қабырғаның ортасында қарама-қарсы төрілген. 1818жылы Фата энциклопедиясында Флориада тұрғындарының ойыны жазылған,онда бағанаға ілінген торға допты көздегені тұр. 1891ж Джеймс Нейсмит 1-ші рет ойының негізгі принціптерін құрастырды олар осы күнге дейін маңызын сақтады. Қазіргі заман техникасы-ол күрестің формасы мен әдісінің тарихы даму қорытындысы.Уақыт өте келе,тәсілдердің саны да өзгерді.Әр бір тарихи уақыт кесіндісі көп деген ұтымды тәсілдерді ұсынды.
Ауыр атлетика - әртүрлі салмақ дәрежелерінде ауыр зат (штанга, гір) көтеріп, күш сынасатын спорт түрі. Ауыр атлетика ең алғашқы жарыс 1860 жылы АҚШ-та өтті. Ауыр атлетика бойынша халықаралық жарыстар штанга көтерудің екі тәсілі (жұлқа және сілке көтеру) бойынша, 52кг-нан басталатын 10 салмақ дәрежесіндегі спортшылар арасында өтеді.
Бокс ерте Грек елі - Элладамен тығыз байланысты. Бокс ережелері: жекпе - жек қабырғалары ұзындығы 5-тен 6 метрге дейін болатын және 4 қатар қанатпен шектелген алаң - рингте өтеді.
Дене мәдениеті мен спорттың тарихын әлемдік шеңберінде қарастырғанымызбен, оның адамзат үшін пайдасы, маңыздылығы бір болып саналады. Спорттың дамуы өз болашағымыз үшін маңызды шара болғандықтан, оның сатысы жоғарылау үшін жасалып жатқан істердің көбеюіне септігімізді тигізуіміз қажет.
3. Дене мәдениеті-коғам мәдениетінін белігі.
Дене мәдениеті дегеніміз өзінің ілімі және тарихы, өз маманы мен мекемесі, әдебиеті мен оқу базасы бар күрделі құбылыс. Дене мәдениетінің коғамдағы орны мен мәнін дұрыс үғу үшін жалпы адам мәдениеті жайлы ұғымды білу керек. Мәдениет (культура-возделование, обработка яғни қайта жасау, өндеу) дегеніміз нe?
Қоғамның дамуына қарай мәдениет деген ұғым, жаңа мазмұнда толықтырылды. Жалпы көпшілік қолданыста мәдениет-жеке адамның жүріс- тұрысы, киім киюдегі эстетикалық талғамы, ұқыптылығы, білімділігі, мінез-құлқы, кішіпейілдігі, өз-өзін ұстамдылығы және қоғамдық, кәсіби, сауда, өндіріс жұмыстарындағы мәдени қызметі.
Ғылыми негізде "Мәдениетке" барлық қоғамдық өмірдің формалары, адам қызметі түрлері жатады. Бұл бір жағынан адамның материалдық және рухани қызметі процесінің, екінші жағынан - осы кызметтік қорытындысы, жемісі. Мәдениеттің мазмұнына байланысты кең ұғымдағы сөзге мыналар кіреді: философия, ғылым, саясат, мораль, өнер, спорт, кұқық, жеке адамның жан-жақты дамуы, адамның ойлау қабілетінің деңгейі мен сипаттамасы, оның сөз мәнері жатады. Мәдениетті адамға табиғат берген жоқ. Ол - адамның қоғамдық және жеке шығармашылығы.
Мәдениеттің негізі қоғамның материалдык жағдайы болып саналады. Материалдық мәдениетті (зат, құрал, біліктілік, бұлар материалдық өндірістін онімі болып саналады немесе материалдық өмірге қызмет етеді) және жан азығы (жан азығы шығармашылығының өнімі) мәдениетін ажырату белгіленген.
Адам мәдениет кеңістігінде мына үш аспектіде әрекет-кимыл жасайды:
- мәдениетті ұғады, өткен адам ұрпақтары тәжірибесі негізінде қалыптасып құралған жанды және бағалы материалдық дүниені меңгереді;
- өзі жаңа мәдени байланыстарды табады, құрады сөйтіп ол мәдениеттің одан әрі дамуына негіз болады;
- мәдениеттің одан әрі даму, өркендеу қоры болатындай жаңа мәдени құндылықтарды өзі жасап, өзі жүзеге асырады.
Сонымен мәдениет дегеніміз - бұл жасампаз адамның шығармашылық еңбегі.
Адамның дене және ой-сана қабілетінің дамуы, олардың өнегелік пен әсемдік қасиеттерінің сапасын, мәдени-тарихтың даму негізін және мазмұнын құрайды. Сондықтан, коғамның материалдык және рухани мәдениеті, мәдениеттің ажырамас, міндетті құрамдас бір бөлігі болып табылады.
Дене мәдениеті, дене жаттығулары мен кимыл-қозғалыстары арқылы, сонымен бірге табиғаттың табиғи күштерін, тазалығын және еңбек тәртібін, тұрмысын, демалысын ескере және тиімді пайдалана отырып, адамдарды өмірге және еңбекке баулып дайындауға бағытталған. Дене мәдениетінде қызметтік (саналық, педагогикалык, ұйымдастырушылық, шаруашылық және т.б.) және нәтижелік (спорттық жетістіктер мен табыстар, дененің шынығу дәрежесі мен көрсеткіштері, әдістік тәсілдері мен амалдары және т.б.) жақтары бар. Дене мәдениеті және спорт белгілі мағынада бүтін бір қоғамның жағдайына әсер етеді және оның әлеуметтік, саяси және адамгершілік кұрылымын көрсететін бір түрі болып табылады.
Біздің коғамымызда дене мәдениеті мен спорт бүкілхалықтық игілікке айналды, ал оны одан әрі дамытып өркендетуге атсалысу - қоғамның әрбір саналы да зерделі азаматтарыньщ міндеті мен құқығы.
Дене мәдениеті саласында ерекше және жалпы мәдени мұрат-мақсаттары бірге орындала береді. Солардың ішінде, мысалыға, халықты мәдени құндылыктар өндірісі ортасына (қатысушы, жасаушы) тарту, зиялы кадрларды даярлау мен тәрбиелеу, белгілі бір көпшілік пен қауымды білімге, ептілікке, дағдыға. қажеттілікті дамытуға, өзін жеке тұлға ретінде танытуға және көрсетуге, шығармашылықты, тарихты, ұлтаралық қарым-қатынасты және т.б. көрсету үшін, әртүрлі шарттарды, әдістерді, жолдар мен амалдарды пайдалануға жұмылдыру сияқтылар бар.
Сонымен бірге, дене мәдениеті қызметінде тәжірибенің жинақталуы мен оның кейінгі ұрпаққа таралып отыруы, жаңа әдістердін, амалдар мен тәсілдердің; жарыққа шығып пайдаланылып жүзеге асырылуы, адамдардың ақыл-ойына, психологиясына ықпал етілуі үнемі айқын көрінетіні байқалады.
Жеке тұлғаның рухани дамып жетілуі, оның жұмыс уакытындағы қызмет түрінде ғана емес, сол сияқты бос уакытында да анықталады. Адамның мәдениет деңгейінің қаншалықты екені оның демалыс уақытының өзін ұтымды, әрі тиімді және толыққанды пайдалана білуінен байқалады. Дене мәдениеті және спорт әлеуметтік-тұрмыстық және мәдени қызметгер жүйесінде бос уақытты тиімді пайдалануды қамтамасыз етуде маңызды орын алады.
Дене мәдениетінің адам қызметтерінің әртүрлі саласымен күрделі, әрі жан- жақты байланысы, өзінің ой-санасы мен даму заңы, өзара ішкі күрделі байланысы мен өзара теуелділігі, өзінің әдісі мен тарихы бар.
Адам қоғамының тарихында тіршілік етіп өмір сүрген халыктар мен мемлекеттердің қайсы бірін алсақ та, дене мәденетінің ең қарапайым түріне болса да, қатысы болған. Дене мәдениетінің даму деңгейі мен оның қалыпты деңгейі қай кезде болғанда да географиялық ортаға, еңбек пен тұрмыстық өмірдің шарттары мен жағдайына, өндірістік күш пен мәдениеттің, әлеуметтік экономикалық және әртүрлі қозғаушы күштердің даму мен жетілу дәрежесіне байланысты болып келген.
Дене мәдениеті материалдық қарым - қатынас пен еңбек, өнер мен дәстүр мәдениеттері сияқты, адамның дүниеге келуі мен қалыптасып жетілуі қоғамында пайда болады және дамиды.
Еңбек түрлерінің жетілу деңгейінен және табиғи жағдайлардың өзгеруінен, адамдардың қоршаған өмірге, еңбек құралы мен өндіріс жабдықтарын дұрыс пайдалана білу дайындағаның рөлі артты. әрине, барлық бұл процестер барынша жәй, мыңдаған жылдар бойы дамыды. өткен уақыттар барысында адамдар - еңбекке дайыдалу мен оның нәтижесінін арасындағы байланысты саналы түрде терең меңгерді және еңбек тәрбиесінің маңызы мен мәнін тереңірек түсіне бастады. Ең бірінші және алғашқы ерте дүниедегі дене мәдениеті амалдарының бірі CM адамдардың еңбек кажеттілігінен туған, қызметтік іс-әрекетіне байланысты табиғи қозғалыстар еді. Алғашқы қауымда дене тәрбиесін ең бірінші ұйымдастыру түрі, ол ойындар мен ойындық-қимыл қозғалыстар болды. Бұл ойындарда адамның еңбек қызметінің шартты түрі бейнеленген. Бірақ ерте дүниедегі ең алғашкы қауым ойындарының өзі де қарапайым еңбек қызметіне ұқсас болған емес. Еңбек, ойындарда механикалық айқындалған түрінде емес, шығармашылык талдау қорытындысы барысында көрінеді. Ойын, алғашқы қауым адамдарының одан әрі дамуының бүтіндей бір өзіндік маңызы бар қызметіне айналды.
Алғашқы қауымдық қоғамдағы ойындар мен денешынықтыру жаттығуларының қаншалықты қарапайым болғанымен, олардың адамдарды қалыптастыру мен дамытудағы тәрбиелік және ұйымдастырушылык мәні мен маңызы өте зор болды. Ойындар мен денешынықтыру жаттығулары ойлауды, тапқырлық пен зеректіктің дамуына және ептілікті, жігерді нығайтуға, іс-әрекеттерғе ұйымдасқан түрде атсалысу әдеттеріне тәрбиелеуге мүмкіндіктер туғызды.
Дене мәдениеті құлиеленушілер коғамында таптық сипатқа және өскери бағытқа ие болды. Оны құлиеленушілер мемлекет ішіндегі қаналушы бұқараны басып-жаншып отыру және жаулап алу басқыншылық соғыстарын жүргізу үшін, әскери күшті жасақтаудың ерекше бір амалдары ретінде пайдаланды. Бұл үшін әскери-денешыныктыру тәрбие жүйссі, арнайы оқу орындары құрылды, арнайы ғимаратгар мен құрылыстар салынып, әртүрлі дене жаттығулары өткізілді. Дене тәрбиесі кәсібі пайда болды.
Құлиеленуші құрылысы басқа салалар сияқты, дене тәрбиесіне де өзінің таптық құрылыска мәнді бет-бейнесін көрсететін көзқарасы мен құрылымын тудырды. Ежелгі Грецияда денені шынықтыру жаттығуларымен шұғылдануды поэзия, музыка, драматурғия, шешендік өнермен, әскери іспен, мемлекетгік қызметпен бірдей бағалады. Ежелгі грек философы Платон жаза алмаған және жүгіре, жүзе білмегендерді "кемтар" деп атап өткен. Көптеген грек құлиеленушілері, жер исленушілерге және колөнершілерге қарағанда шындығында да жан-жақты, әрі үйлесімді дамыған адамдар болған.
Бұл дәуірде еңбекші бұкара халык, денешынықтыру тәрбиесі ортасынан толығымен шығарылған еді. Еңбекке қажеттілігінен туған дене мәдениеті, еңбекпен уақытша байланысын үзуге тура келді. Ерте дүние олимпиада ойындары мен жарыстарына ерте дүние гректері медицинасының негізін қалаушы Гиппократ, философ Сократ, математик Пифагор, драматургтер Софокл мен Европидтер қатысты. Грецияда әрбір жазушы мен акын спортты мадақтап дәріптеуді өзіне құрмет, абырой деп санады. Ежелгі грек ақындары Томер Геродот, Ксенофонттардың өздерінің шығармаларын дене тәрбиесі мен әртүрлі жарыстарға арналғаны туралы мәліметтер кеп. Философ Платон өзінің саналы мемлекетгі құру жобасын жасағанда барлық адамдардың жастайынан міндетті дене тәрбиесімен шұғылданып, айналысуы керек екеніне ерекше көңіл аударды. Феодалдық дәуірде, халықтың денешыныктыру дайындығы, еңбек қызмет мен әртүрлі қарапайым жарыстары, тұрмыстық, мәдени немесе әскери түріндегі қимылдық-қозғалыстық ойындары негізінде жүзеге асырыдды. Бұл бүтіндей заңді құбылыс, себебі дене тәрбиесі, тікелей еңбек қажеттілігінен туындаған, ал ол, те құл иелену кезеңінде ғана өнерлі, жасанды түрде халықтан аластатылды. Көптеген халықтық көңіл кетеру сауықтык ойындары мен денешынықтыру жаттығуларының жүздеген жылдар бойына өздерінің еңбек пен тұрмысқа тікелей немесе жанама түріндегі байланыстарының сақталып келгені кездейсоқ емес.
Мысалыға, Қазақ жерінде белгілі бір уакытта, бір жерде тарихи қазақ шайқастарындағы жауынгерлерінің ерліктерін, сонымен бірге Қазақ елінің ғылымы мен білімінің, өнері мен мәдениетінің, діні мен ділінің, рухы мен тілінін өркендеп өсіп, дамуына орасан зор үлес косып өткен асыл да, ардақты азаматтары мен перзенттерін еске алуға байланысты ас, жиын, жәрмеңке, тойлар мен басі қосуларда ұлттық ойындар өткізіліп отырған. Ол ұлттық ойындарда, жарыстар мең бәсекелерде қазак. халқының мінезінің ақ көңілділігі мен қарапайымдылығыі кішіпейілдігі, батырлығы, суырып салма ақындығы мен шешендігі, күштілігі, жігерлігі, ептілігі мен жылдамдығы сезімдерінін. кең өрісі байқалады.
Бұл ойындар кептеген Қазақ әдебиеттері мен өнер шығармаларында сақталып қалды. Ақан Серінің "Құлагер" поэмасында, халықтық эпостар: "Алпамыс батыр", "Қобыланды батыр", "Ер Тарғын", "Ер Тестік" және тағы басқаларды естеріңізге түсіріңіздер.
Орта ғасыр және жаңа заман ойшылдары (Ф.Рабле, Т.Мор, Т.Кампанелла) саналы адамзат қоғамын құруда өз пікірлірінде дене тәрбиесін саналы қоғамның ажырамас бір бөлігі деп есептеп, халықтың денесін шынықтыруды дамыту қамына қамқорлық жасау, мемлекеттің міндеті болады деп тұжырымдаған.
Феодалдық дәуірде үстемдік етуші таптар, халықтык дене тәрбиесі амалдары мен тәсілдерін және әскери денешынықтыру жаттығуларын (найзамен, қылышпен және т.б.), феодалдардың қажеттілігіне бейімделген, жағдайға, тілек-ниетке сәйкестелген мағынадағы әскери-гимнастика, атқа салт мініп жүру түрлеріне үйрететін мұғалімі кәсібі пайда болды.
Дене мәдениетін капитализм кезеңінде буржуаздардың өздерінің саяси үстемдік етулерінің негізін нығайту мақсатындағы қызметке қойылды және адамдарды буржуазиялық құрылысқа берілу рухында тәрбиелеуге пайдаланды. Ал пролетариаттың, үстемдік етуші тап сияқты дене мәдениетін өз орталарында кең және еркін дамытуға мүмкіндіктері болмады. Капитализм дәуіріндегі дене мәдениетінін даму ерекшеліктерінің бірі қалалардың дамуына және халықтың урбанизациялануына (қалалықтарша өмір сүруге көшу процесі) байланысты, қалалар мен ауылдық жерлердегі дене мәдениеті түрлерінің арасындағы айырмашылықтардың терендей түсуінде болды. Өткен кезеңдердегідей ауылдық жердегі денешыныктыру жаттығулары, ойындары мен ойын-сауықтарының негізгі түрлерінің сол күйінде қалғанымен, қалаларда денешынықтьіру жаттығулары қалалык еңбектің түріне қарай тым көбірек калыптасты. Сонымен бірге, халық пен үстемдік етуші тап арасындағы дене мәдениетінің айырмашылығы тереңдей түсті.
Бұл жерде маңызды бір жағдайға кеңіл аудару керек. Егер алдыңғы өткен үстем таптарды қоғамдық-экономикалық формация (құрылыс) кезінде, халықтың денешынықтыру мәселесі қызықтырмаған және тіпті халықтық ойындар мен ойын - сауықтарға қарсы күрескен болса, ал капитализм кезеңінде буржуаздар бұқара халықтың денешынықтыру тәрбиесі мәселелерімен шұғылдануна жағдай жасап және оны дамытуға мәжбүр болды.
Өйткені, отаршылық үшін соғысқа, көптеген әскерді құруда, әскери - денешынықтыру дайындығы бар жауынгерлер талап етілді. Сонымен бірге, көпшілік бұқара халықты берілгендік, бағыныштылық, көнгіштік рухында тәрбиелеуге тарту, ұлтшылдық және кек, қарымта қайтару сияқты сезімдерді халықтың санасына енгізу мақсатында буржуаздар әртүрлі спорттық және гимнастикалық ұйымдарды пайдаланды.
Буржуазиялық спорттың дамуы, халықаралық спорттық ұйымдардың құрылуына себепті болды. Ал халықаралық спорттық ұйымдардың құрылуының, әртүрлі елдердегі спорттық қозғалыстардың кең түрде таралуына ықпалы орасан зор еді. Осы кезеңдерде Халықаралық олимпиадалық комитеттер ұйымдастырылып, олимпиадалық ойындар жаңадан өткізіле басталды.
Буржуазиялық спортпен бірге бұқаралық спортта қайта жаңғырып, дамып, алғашқы халыкаралық спорттық жұмысшы ұйымдар құрылды.
Дене мәдениетінің басқа қоғамдық құбылыстар сияқты, өзінің әлеуметтік қызметі бар. Біздің қоғамда бұл қызметтер адамның жан-жақты рухани және денесінің үйлесімді дамуының жетілуіне көмек береді.
1. Қоғамдык құбылыстар сияқты дене мәдениетінің ең басты әлеуметтік қызметі барлық Қазақстан халықтарының тәрбиесіне ықпал ету болып табылады. Әрине тәрбиелеу қызметі тек бір дене мәденитіне тән деп айтуға болмайды. Адамды өмірдің өзі, әртүрлі қарым-қатынастар арқылы, яғни мектеп, жоғары оқу орны, кәсіподақ және жастар ұйымдары тәрбиелейді.
Дене мәдениеті жеке тұлғаның дүниеге көзқарасын, саяси тәрбиесін және идеологиялық дайындығын қалыптастыруға ықпал етеді. Дене мәдениеті және спорт ортасында, адамдар үнемі әртүрлі өзара қарым-қатынастар мен байланыстарда болады. Бұл өзара қарым-қатынастар мен байланыстар бірдей, бір реттегі, тәртітегі ұйымдасқан түрде немесе қарама-қайшы ретсіз, тәртіпсіз күйде болады. Осыдан барып тәрбиенің онды жактарының ықпалының тиімді немесе кері әсер етілуін байқауға, яғни дене мәдениетінің тәрбиелік ықпалының онды жақтарының бағыттары кебінесе кәсіби мамандардың (педагопар, жаттықтырушылар, ұйымдастырушылар, жетекшілер) педагогикалық және саяси жетілуіне байланысты болады.
Дене мәдениеті адамдардың ақыл-ой қабілетін тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады, себебі ол ғылым мен техниканың әртүрлі саласында терең білімді талап стеді. Осыдан барып жеке тұлғаға қажетті дене дайындығын жетілдіру, денсаулығын нығайту, спорттық жетістіктерге қол жеткізу сияқты мүдделер мен құндылықтарды қалыптастырады.
Спортта өнегелілікке тәрбиелеудің маңызы өте зор. Дене мәдениеті мен спорттық қызмет барысында жеке тұлғада адалдық, ерлік, сенімділік, қоғамдық игілілікке ынталылык, жеке басы мен ұжым алдындағы жауапкершілікті арттыру тәртіптілік, жоғары рухани мәдениет сияқты және т.б. сапалар мен адамгершіліі қасиеттері қалыптасады.
Дене мәдениеті эстетикалык (көркемдік таным) тәрбиеге де ықпал етеді өйткені онда дене дайындығы жетілген адам, таңғажайып зәулім спорт сарайы гүлденген спорттық шеру мен мерекелер, әсем де кез тундырарлық қимыл-қозғалыстар, сұлу да әдемі көркем жаттығулар, ұмтылыс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz