Ілияс Жансүгіровтің Құлагер поэмасы - сюжетті поэма


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы

« Туризм және тілдер» факультеті

«Қазақ филологиясы» кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «І. Жансүгіров поэмаларын оқыту әдістері»

Пәні: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі

Мамандығы: 5В011700 - Қазақ тілі және әдебиеті

Орындаған: Сабитова Мәдина 3 курс студенті

Оқу формасы: күндізгі

Тексерген: Каримсакова Б. А., доцент

Курстық жұмысты

қорғау уақыты _ _ 2020ж.

Бағасы

Ақтау, 2020

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы

« Туризм және тілдер» факультеті

«Қазақ филологиясы» кафедрасы

Пәні: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі

Мамандығы: 5В011700 - Қазақ тілі және әдебиеті

ТАПСЫРМА

Курстық жұмысты орындауға арналған

Студент: Сабитова Мәдина

Тақырыбы: «І. Жансүгіров поэмаларын оқыту әдістері»

Тапсырманы орындауға (зерттеуге) қатысты негізгі сұрақтар:

  1. Ақын өмірбаяны, шығармашылығы;
  2. Поэмалары;
  3. Поэманы оқыту әдістері.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Дүйсенов, М. Т. Ілияс Жансүгіров : өмір творчествосы / Дүйсенов, Мырзабек Төлегенұлы. - Алматы : Ғылым, 1965.
  2. Әбдірахманова, Тұрсынхан. Ақын сыры : Ілияс Жансүгіровтың лирикасы туралы / Т. Әбдірахманова. - Алматы : Жазушы, 1965.
  3. Дайырова, Ә. Әнеш. Х класта Ілияс Жансүгіров творчествосын оқыту : (Көмекші құрал) / Ә. Әнеш. Дайырова. - Алматы : Мектеп, 1969.

Курстық жұмыстың көлемі: 30 бет.

Курстық жұмыстың тапсыру мерзімі _ _ 2021ж. дейін

Курстық жұмыс жетекшісі Каримсакова Б. А.

_ _2020ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
3
КІРІСПЕ. . .:
3:
КІРІСПЕ. . .:
  1. Ақын туралы. . .
3: 5
КІРІСПЕ. . .:
  1. Өмірі мен шығармашылығы . . .
3: 5
КІРІСПЕ. . .: 1. 2 Қазақ әдебиетіндегі орны . . .
3: 8
КІРІСПЕ. . .:
3:
КІРІСПЕ. . .: 2. Поэмалары . . .
3: 9
КІРІСПЕ. . .:
  1. Құлагер поэмасы . . .
3: 9
КІРІСПЕ. . .: Күйші, күй поэмалары . . . Поэманы оқыту әдістері . . . 28
3: 13
КІРІСПЕ. . .:
3:
КІРІСПЕ. . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 29
КІРІСПЕ. . .:
3:
КІРІСПЕ. . .: ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
3: 30

КІРІСПЕ

Ілияс Жансүгіров - ақын, драмашы, прозашы, оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады. Ақынның терең идеялы, көркем мүсінді, эпикалық кең тынысты шығармаларының танымдық, тәрбиелік мәні зор. Олар қалың оқырманның ойына ой, сезіміне сезім қосады, қиялына қанат бітіреді, эстетикалық ләззат беріп, гуманистік адамгершілік идеяларды толғайды. Ілияс Жансүгіров 1894 жылы бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында ( қазіргі Талдықорган облысы, Ақсу ауданы) туған. Ескіше хат танитын, ол шағатай тілдеріндегі кітаптарды жинайтын, аңыз-ертегілерді, батырлық жырларды, тарихи оқиғаларды, әңгіме-шежірелерді жақсы білетін, көкірегі ояу, көзі қарақты, әртүрлі өнерді ұстаған әңгімеші, домбырашы, ұста, көшелі Жансүгір анасынан ерте қалған Ілиясты жетімсіретпей, еркелетіп, жақсы үлгі көрсетіп, тәрбиелеп өсіреді. Халқымыздың құт-береке дарыған, ежелден ақындық, батырлық, даналық мекені Жетісу өлкесінің перзенті Ілияс көкірегіне жас күнінен бастап ән мен жырдың, өлең мен күйдің небір асыл нұсқалары ұялаған.

Өз үйінде, әкесінен хат таныған, одан соң молда алдын көрген Ілияс біраз уақыт Карағаш деген жердегі татар үлгісіндегі мектептен оқып, әр түрлі пәндерден сабақ алады. Бұдан кейін тұрмыс жағдайы билеп шаруа күйттеп, тіршілік қарбаласына араласып кетеді. Жастық қиял, арман толқулары, ауыл көріністері, табиғат суреттері оның жүрегін қозғап, тіліне ұйқасты сөздер оралып, өлең шығара бастайды. 1920 ж. анттегі Қазақ ағарту институтының жанындағы қысқа мерзімді курста бес-алты ай оқығаннаң кейін, денсаулығының нашарлауына байланысты аулына қайтады. Дауылды жылдардың тартысты тіршілігі жас мұғалімді өз толқынына тартады. Қазақ ағарту институтында, Жетісу облысының Қосшы комитетінде губерниялық оқу бөлімінде, «Тілші»газеті редакциясында қызмет істеу, экспедицияға шығып фольклор үгілерін жинау кешегі ауыл жігітін ширатып шыңдайды. Жас азаматтың кызметтен өзге уакыты түгелдей кітап, газет-журнал оқуға, өз көкірегіндегі сырларды қағазға түсіруге жұмсалады. Алғашқы өлеңдері «Тілші», «Кедей еркі», «Лениншіл жас» газеттерінде, «Жаңа мектеп», «Әйел теңдігі» журналдарында жарияланады. 1927 жылы «Беташар» атты үгіт өлеңі, 1928 жылы «Сағанак» деген тұңғыш кітабы шығады. 1927-1937 жылдар арасында поэзия, проза, драматургия, сын, аударма салаларында жиырмадан астам кітап шығарып, артына аса бай әдеби мұра қалдырды. Оның лирикалық шығармалары, «Дала», «Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмалары, «Жолдастар» романы, «Кек», «Турксиб», «Исатай-Махамбет» пьесалары қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған өлмес туындылар. Он жылдың ішінде осынша шығарма берген қалам қайраты, талант табандылығы ғажап. 1928 жылы журналистика институтын бітіріп, елге оралған Ілияс Жансүгіров «Еңбекші қазақ» газеті редакциясында қызмет істеп, қазақ баспассөзінің қалыптасуына көп үлес қосты. Аршынды қаламгер, үлкен мәдениет қайратқері Ілияс Жансүгіров 1934-1935 жылдарда Қазақстан көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін басқарады, ССРО Жазушыларының I съезінде сөз сөйледі, республиканың әлеуметттік өміріне белсене араласады. Жазушының М. Горькиймен шығармашылық байланысы, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезовпен достығы оның қаламгерлік жолында терең із қалдырған. Көзі тірісінде қазақ поэзиясының өрен жүйрігі, ақындықтың Құлагері атанған Ілияс Жансүгіров кесепат-кесел репрессияға ұшырап, 1938 жылы опат болды. Ілияс Жансүгіров - қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі туындылар берген әмбебап дарын. Әсіресе ол өзінің аса қуатты суреткерлік талантын поэзия жанрында көрсетіп, күллі қазақ әдебиетінің мақтанышына айналған туындыылар берді. Ілияс әдебиетке халық фольклоры дәстүрінен, аз оқуымен және біршама кештеу - 20-жылдардың басында келді. Бірақ ол сол кездің өзінде халық өмірін жетік білетін, қазақ тілінің байлығын тамаша меңгерген боз бала еді. Өте қабілеттілігі мен ізденгіштігінің, жігерлілігінің және жаңадан құрылып жатқан қоғамның қоңыр төбел ортадан шыққан талапты жастың оқып, білім алуына жылы қабақ танытуының арқасында, ол біршама қысқа уақыттың ішінде тез жетіліп, аршындап алға озды. Алматы, Ташкент, Мәскеу оқу орындарында жақсы мағынасындағы қомағайлықпен білім алды, өз бетіменде көп оқыды, орыс және әлем классикалық әдебиетін зерттей оқып, үздік туындыларын орыс тілінен қазақшаға аударды. Осы аралықта жазуға да төселіп, қоғамдық жұмыстарға, әдебиет ісіне белсене қатысты. Алғашқы жинағы 1928 жылы 34 жасында жарық көрген Ілияс 5-6 жылдың ішінде қатарынан арындап алға озып, Абайдан кейінгі дәуірдің аса көрнекті ақынына айналды. Прозалық, драматургиялық талантты кесек туындыларын айтпағанда, "Күй", "Күйші", "Құлагер" сияқты классикалық шығармалар тудырды. Ілияс поэзиясы - ойға - қанат, сезімге нәр беретін, ешқашаан ескірмейтін, мәңгі жас поэзия.

1. АҚЫН ТУРАЛЫ

1. 1. Өмірі мен шығармашылығы

Қазақтың Абайдан кейінгі замандағы аса дарынды да арынды ақыны Ілияс Жансүгіровті, әдетте, өзі шалқар шабыт, керемет құштарлықпен көсіле жырлаған Ақан серінің Құлагеріне ұқсастырады. Айтты-айтпады, екеуінің дүлдүлдігінде ғана емес, тағдыр-талайында, қайғылы өлімдерінде де ұқсастық бар. Бәйгенің алдын бермейтін қас жүйріктерге ғана тән намыскерлікпен жанын сала зымырап бара жатқан Көктұйғынды омыраулап, кең тыныспен жүйткіп келе жатқан Құлапырақ межелі жер -Жыландысайға еңкейісте, үстіндегі баланың тізгінін босатып, тақымын сәл қымтып қалуы мұң екен, жұлдыздай аға жөнеледі. Сол сәтте қалтарыстан тап берген қарақшы кер құланы маңдайдан айбалтамен беріп өтеді де, қайран тұлпар қара жер қақ айырылғандай гүрс етіп құлап қала береді. Кемеліне келіп, ақындық бәйгесінде арындап алға шыққан шағында Ілияс та тоталитарлық жүйенің құрбаны болып, мұрттай ұшты. Әйтсе де әмбебап дарын айналасы 10 жылда проза мен драматургияда, әсіресе поэзияда әдебиетіміздің алтын қорына жататын айтулы туындылар беріп, артына аса мол көркем мұра қалдырды. Болашақ акын жерінің бетін жеті өзені өрнектеп, заңғар таулары көкке сұғынған көркем өлкенің әсем бір өңірі -бұрынғы Қапал уезіндегі ағынды Ақсу бойында 1894 жылы дүниеге келген. Анасынан ерте жетім қалған Ілияс әке бауырында тәрбиеленген. Әкесі Жансүгір арабша жақсы сауатты, үйінде көнелі-жаңалы кітаптарды жинап, оқып отыратын, өлең-дастандарды, арғы-бергінің неше алуан қызық әңгімелерін көп білетін кісі болыпты. Онын үстіне домбырашы, ісмер, ұста екен. Баласына да өнерінің бәрін үйретіп, әке орнына - әке, шеше орнына - шеше болып, аялап, әлпештеп өсірген. Ілияс алғашында әкесінің үйретуімен хат таниды, сонан соң ауыл молдасының алдын көріп, медрессе үлгісіндегі мектепте де оқиды. Бұдан кейін біраз жыл ауылда тұрып, үй шаруасымен айналысады. Қара танысымен, кітапқа құмартқан Ілиясқа үлкен кісілер қиссалар оқытып, баталарын береді екен. Халқымыздың құт-береке дарыған, ежелден ақындық, батырлық, далалық мекені Жетісу өлкесінің перзенті Ілияс көкірегіне жас күнінен бастап ән мен жырдың, өлен мен күйдін небір асыл нұсқалары ұялаған. Тұтқыр зерделі, тумысынан өнерге бейім, зерек жасөспірім домбыра тартып, ән үйреніп, алдымен жаттап, соңынан жанынан шығарып, өлең айтатын болады. Келе-келе, бір өңірдің "жарып той бастап, таңдап әріптес алып" айтысатын, "түнгі тойды таңға таратпай, ауыл әлеуметін ауызға қаратқан" өлеңшісіне айналады. Сол шамада өлең де жаза бастайды. Бұл кезді талапкер ақынның елдің тарихын, өткен-кеткеннің қызықты хикаяларын, көне әдебиеті мен салт-дәстүрін біліп, халық тілінің байлығын меңгерген, яғни "ауыл акедемиясында оқыған жылдары десе де болады. Қазақтың байырғы әдебиетімен, қисса, аңыз түрінде қазақшаланып жеткен Шығыс әдебиетімен ғана таныс Ілияс 22 жасында Абай өлеңдерін оқып, қайран қалады. "Оған дейінгі көрген, оқыған әдебиетімнің бәрін Абай кітабы жоққа шығарғандай болды. Ойым ояна бастады. Қанбай, қайта-қайта оқи беретін болдым. Өзімде бір түрлі сергектік, сілкініс болды, жүрегім де жаңалық сезгендей" деп жазады Ілияс "Қысқаша өмірбаянында". Ол енді данышпан ақын жинағын қолынан тастамай оқиды, жаттапта алады. Мұның бәрі ақындық талпынысына игі әсерін тигізеді, оның өзіне тән суретті тілі, арындата, нөсерлете жазатын стилі айқындала бастайды. Талабына оқуының аздығы қол байлау болатынын сезінген Ілияс 26 жасында Алматыға келіп, қысқа мерзімді мұғалімдер курсын бітіреді. Одан кейін Ташкентке барып, онда Қазақ ағарту институты жанындағы курста жарты жылдай оқиды. Осы екі қалада шығып тұратын мерзімді басылымдарда өлеңдері жарияланады. Бірақ денсаулығына байланысты көп ұзамай еліне оралып, алдымен мұғалім, одан кейін облыстық, губерниялық мекемелерде, "Тілші" газетінде істейді. Қолы боскезде бас алмай кітап оқып, өзін тебіренткен жайттарды өлең етіп жазады. Алғашқы өлеңдері "Тілші", "Кедей еркі", "Лениншіл жас" газеттерінде, "Жаңа мектеп", "Әйел теңдігі" журналдарында жарияланады. І. Жансүгіров 1926-1928 жылдары Мәскеудегі журналистика институтында оқып, қоғамдық ғылымдар саласынан терең білім алады. Ақыл-ойы толысқан, өмір тәжірибесі мол, талантты жігіт, әйгілі ғалымдардың дәрісіне өздігінен оқуы қосылып, тез кемелденеді. Әсіресе, орыс және Еуропа әдебиетінің классикалық туындыларын құмарта әрі талдап оқиды. Институттың соңғы курсында оқып жүргенде - 1928 жылы "Сағанақ" атты тұңғыш жинағы жарық көреді. Елге оралған соң, ол республикадағы аға газет -"Еңбекші Қазақта", 1934-1935 жылдары Казақстан көркем әдебиет баспасында жауапты қызметтер атқарады. 1934 жылы КСРО Жазушыларының I съезіне делегат болып қатысып, сөз сөйлейді. Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы болып істейді. Ақынның М. Горькиймен шығармашылық байланысы, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезовпен достығы оның қаламгерлік жолына игілікті әсер етеді. Жансүгіров өлең жазуды 1912 жылы бастаған. Оның «Балдырған», «Қызыл жалау» атты өлең дәптерлері кейін, 1957 жылы Ұлттық кітапханадан табылды. Жансүгіровтың баспа бетін көрген алғашқы туындылары - «Сарыарқаға», «Тілек» деген өлеңдері. Бұлар 1917 жылы Семейде шығып тұрған «Сарыарқа» газетінде жарияланған. 1923 жылы «Сана» журналында «Мерген Бөкен» әңгімесі басылып шықты. Осыдан соң Жансүгіров өлеңдері «Тілші», «Ақжол», «Кедей еркі» газеттерінде жиі жарияланып жүрді. Осыдан былай қарай Жансүгіров халқына қаламы ұшталған, ол терең ойлы, талантты ақын ретінде мәшhүр болды.

Жансүгіров шығармаларының бастау алар арнасы- қазақ халқының бай ауыз әдебиеті, Абай поэзиясы, орыс және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілері. Оның шығармалары садн салалы, көп қырлы.

Жансүгіров халықтың бай фольклорын жинасуға, оның озық үлгілерін халық игілігіне айналдыруға, басылып кітап болып шығуына үлкен үлес қосқан. Олардың озық үлгілерін өзі жазған мектеп оқулықтары мен хрестоматияларына енгізіп, мектеп оқушыларының халықтық тарихынан, өткен өмірінен хабардар болуына зер салған. Жансүгіров әдебиет сынына да араласып, әдеби көркем сын жанрының дамуына ат салысты.

Ол А. С. Пушкиннің, М. Ю. Лермонтовтың, Н. А Некрасовтың, Максим Горькийдің, Генрих Гейне мен Виктор Гюгоның, Ғ. Тоқайдың, К. Лахутидің шығармаларын қазақ тіліне аударып, қазақ әдебиетінің әлем әдебиетімен байланысын кеңейтті. 1936 жылы А. С. Пушкиннің 100-жылдығына Ілияс Жансүгіров «Евгений Онегин» романын аударып өзінің кітабына еңгізген. Бірақ соғыс жылдары ол роман басқа кісінің атымен шығыпты. Ілияс Жансүгіров ақталғаннан кейін оның туыстары соттасып сол романды Ілияс Жансүгіров аударғанын дәлелдеді.

  1. . Қазақ әдебиетіндегі орны

Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі туындылар берген әмбебап дарын. Әсіресе ол өзінің аса қуатты суреткерлік талантын поэзия жанрында көрсетіп, күллі қазақ әдебиетінің мақтанышына айналған туындылар берді. Ілияс әдебиетке халық фольклоры дәстүрінен, аз оқуымен және біршама кештеу - 20-жылдардың басында келді. Бірақ ол сол кездің өзінде халық өмірін жетік білетін, қазақ тілінің байлығын тамаша меңгерген боз бала еді. Өте қабілеттілігі мен ізденгіштігінің, жігерлілігінің және жаңадан құрылып жатқан қоғамның қоңыр төбел ортадан шыққан талапты жастың оқып, білім алуына жылы қабақ танытуының арқасында, ол біршама қысқа уақыттың ішінде тез жетіліп, аршындап алға озды. Алматы, Ташкент, Мәскеу оқу орындарында жақсы мағынасындағы қомағайлықпен білім алды, өз бетімен де көп оқыды, орыс және әлем класссикалық әдебиетін зерттей оқып, үздік туындыларын орыс тілінен қазақшаға аударды. Осы аралықта жазуға да төселіп, қоғамдық жұмыстарға, әдебиет ісіне белсене куқатысты. Алғашқы жинағы 1928 жылы 34 жасында жарық көрген Ілияс 5-6 жылдың ішінде қатарынан арындап алға озып, Абайдан кейінгі дәуірдің аса көрнекті ақынына айналды. Прозалық, драматургиялық талантты кесек туындыларын айтпағанда, "Күй", "Күйші", "Құлагер" сияқты классикалық шығармалар тудырды. Ілияс поэзиясы - ойға - қанат, сезімге нәр беретін, ешқашан ескірмейтін, мәңгі жас поэзия.

Қазақтың Абайдан кейінгі замандағы аса дарынды да арынды ақыны Ілияс Жансүгіровті, әдетте, өзі шалқар шабыт, керемет құштарлықпен көсіле жырлаған Ақан серінің Құлагеріне ұқсастырады. Айтты-айтпады, екеуінің дүлдүлдігінде ғана емес, тағдыр-талайында, қайғылы өлімдерінде де ұқсастық бар. Бәйгенің алдын бермейтін қас жүйріктерге ғана тән намыскерлікпен жанын зымырап бара жатқан Көктұйғынды омыраулап, кең тыныспен жүйткіп келе жатқан Құлапырақ межелі жер -Жыландысайға еңкейісте, үстіндегі баланың тізгінін босатып, тақымын сәл қымтып қалуы мұң екен, жұлдыздай аға жөнеледі. Сол сәтте қалтарыстан тап берген қарақшы кер құланы маңдайдан айбалтамен беріп өтеді де, қайран тұлпар қара жер қақ айырылғандай гүрс етіп құлап қала береді. Кемеліне келіп, ақындық бәйгесінде арындап алға шыққан шағында Ілияс та тоталитарлық жүйенің құрбаны болып, мұрттай ұшты. Әйтсе де әмбебап дарын айналасы 10 жылда проза мен драматургияда, әсіресе поэзияда әдебиетіміздің алтын қорына жататын айбулы туындылар беріп, артына аса мол көркем мұра қалдырды.

2. Поэмалары

Жансүгіров "Дала" поэмасында Алтай мен Атырау, Алатау мен Еділ, Шу мен Сыр секілді ұлан-ғайыр өлкені мекен еткен қазақ халқының өмір-тұрмысын, дәстүр-өнегелерін шабытпен суреттейді. Ал "Күйші" поэмасында еркіндік пен құлдық, махаббат пен зұлымдық, өлім мен өмір, күйбең тіршілік пен мәңгілік өнер арасындағы күрес тақырыбы суреттеледі.

Қазақ поэзиясының інжу маржаны "Құлагер" - сюжетті поэма. Шығармаға Ақан серімен оның тұлпары Құлагер арқау болған. Ақын оқырман қауымды Ақан серімен біраз таныстырып, оған мінездеме береді. Ат жарысын, Құлагердің мерт болуын, серінің қайғы-шерге көмілуін суреттейді.

2. ПоэмаларыЖансүгіров "Дала" поэмасында Алтай мен Атырау, Алатау мен Еділ, Шу мен Сыр секілді ұлан-ғайыр өлкені мекен еткен қазақ халқының өмір-тұрмысын, дәстүр-өнегелерін шабытпен суреттейді. Ал "Күйші" поэмасында еркіндік пен құлдық, махаббат пен зұлымдық, өлім мен өмір, күйбең тіршілік пен мәңгілік өнер арасындағы күрес тақырыбы суреттеледі.Қазақ поэзиясының інжу маржаны "Құлагер" - сюжетті поэма. Шығармаға Ақан серімен оның тұлпары Құлагер арқау болған. Ақын оқырман қауымды Ақан серімен біраз таныстырып, оған мінездеме береді. Ат жарысын, Құлагердің мерт болуын, серінің қайғы-шерге көмілуін суреттейді.:

2. 1. Құлагер поэмасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
І. Жансүгіровтің шығармашылығы
ЖАНСҮГІРОВТІҢ ТАРИХТЫҚ - ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ПОЭМАЛАРЫ
Ілияс Жансүгіров — ақын ,қоғам қайраткері
Оқушыларға поэманы оқыту
І. Жансүгіров лирикасы
І.Жансүгіров поэмаларындағы драматизм
І. Жансүгіровтың шығармашылығы
Ілияс жансүгіров және сөз өнері
Ілияс Жансүгіровтың поэмаларының көркемдік ерекшеліктері
І. Жансүгіровтың Құлагер поэмасын инновациялық әдіс арқылы оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz