Құқықтық реттеу механизмінің түсінігі
ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Құқық қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуші ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2 Құқықты реттеу механизмінің түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.1 Құқықтық реттеу механизмінің негізгі элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
3 Құқықты реттеу мезанизміндегі кемшіліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
3.1 Құқықты реттеу механизміндегі кемшіліктер және оларды толықтыру тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
3.2 Құқық шығармашылығы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Кіріспе
Құқықтық реттеу механизмі - бұл құқық субъектілерінің мүдделерін қанағаттандыру жолындағы кедергілерді жою мақсатында ұйымдастырылған заңды құралдарыдың жүйесі.
Құқықтық реттеу механизмі мынандай элементтерден тұрады: 1)құқық нормасы; 2)құқықтық қатынас; 3)құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру; 4)қорғаушы, құқық қолдану актілері;5)ұйымдастырушылық әрекеттер.
Құқықтық реттеудің тиімділігі - бұл құқықтық реттеудің нәтижесі және оның алдында тұрған мақсаттың арасындағы арақатынасы.
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі заң ғылымы тәжірибе мойындағандай, құқықтық қатынасты белгілі қоғамдық қатынастардан бөлек қарауға болмайды себебі, олар құқықтық нысанға айналады. Олар құқықтық нормалар негізінде пайда болып, адамдар қимылдарының ерекше нысандарына және қылықтарына айналады. Зандылық нысанмен қоғамдық қатынастардың нақты мазмұны - тұтас әлеуметтік құбылыс.
Құқықтық қатынас бұл қатысушылары субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерді иеленетін, құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас.
Тұлғалардың мінез-құлқын анықтау арқылы құқық нормалары қоғамдық қатынастарды қажетті арнаға бағыттап, жолға салады, реттейді, жөндейді, ұйымдастырады, тұрақтандырады, бассыздықтан қорғайды.
Әрбір сала, қоғамдық қатынастардың ерекше белгілі сапалы түрін объективті түрде, арнайы құқықтық реттеуді талап ететін құқық нормаларын біріктіреді. Құқықтық нормаларды салаларға біріктіру объективтік күштердің себебіне байланысты, құқықтық шығармашылықтағы органдардың көзқрастарына тәуелсіз болады. Әртүрлі құқық саласы нормаларымен реттелетін қатынастар, бір - бірінен өздерінің мазмұндарына, белгілі мақсаттарына және міндеттеріне байланысты айырылады. Мысалы, әкімшілік құқығының нормалары, мемлекеттің атқару нормалары, мемлекттің атқару - иелік ету функцияларына байланысты қатынастарды реттесе, азаматтық құқық нормалары мемлекеттегі мүліктік қатынастар тәртібін реттейді [1, 48 б].
Бұл ретте, құқықтық реттеу қоғамдық қатынастарды заңды реттеудің жалпы бағыты, оның негізінде жатқан құқықтық реттеудің (рұқсат беру, міндеттеу, тиым салу) ерекшелігін көрсететін не болмаса көрсетілген әртүрлі жолдардың қабысу варианттары.
Құқықтық реттеу әдісі сапалы жекеленген біржақты құқықтық қатынастарды реттеу заңды жолдармен құралдардың жиынтығның көмегімен іске асырылады.
Құқықтық реттіліктің пәні дегеніміз - құқық нормаларымен реттелінетін біртектес қоғамдық қатынастардың сапалы оқшауланған бөлігі. Өйткені, заң нормаларының құқық салалары төңірегіне шоғырлануы объективтік себептерге (құқық шығармашылық органдарының көзқарастарын тәуелді емес) байланысты. Демек, бір құқық саланың екіншісінен ажыратылуының негізі осы салалардың қоғамдық қатынастарды реттеушілік пәнінде. Мұндай қатынстар, әрине, әрқилы болып келеді және де бұлардың бір - бірінен өзгешелігі олардың мақсатқа бағытталғандығынан, мазмұны мен нысандарынан байқалады. Айталық, мемлекеттік басқару процесінде билік жүргізу мен оған бағыну қатынастары пайда болады: азаматтар, лауазымды адамдар және органдар жоғарғы органдардың, лауазымды адамдардың заңды талабын орындаудалары тиіс. Оның әрқилы ерекшелігі мынадан көрінді: басқарушы лауазымды адам (орган) жоғарыда тұрады, ал орындаушылар төменде тұрады.Құқық нормалары, қоғамдық қатынастарды реттеуге, адамның тәртібіне белсенді ықпал жасауға арналған. Құқықтың адам баласына тигізетін ықпалы, олардың санасымен еркіне байланысты іске асырылады. Құқықтық реттеудің арқасында адамдар құқық нормаларындағы көрсетілген ұйғарымдарды орындауға мүмкіндік алады. Олардың тәртіптері жөнделіп, қоғам дамуының талаптарына жалпы және мемлекеттің жекелеген азаматтарының мүдделеріне сай болады.
Зерттелу деңгейі. Құқықтық реттеу тақырыбы бойынша А.Б.Венгеров, С.С.Алексеев, С.А.Ко-маров, В.В.Лазарев, Н.И.Матузов, А.В.Малько, А.С.Пиголкин, В.Н.Хропанюк жəне т.б. сияқты ірі мемлекеттанушы-ғалымдардың еңбектері бар.
Зерттеудің мақсаты құқықтық реттеуді зерттеп, оның мәні мен маңыздылығын көрсету болып табылады.
Мақсаттан туындаған мынадай міндеттер бар:
- құқықтық қатынастың түсінігі және оның негізгі белгілерін ашу;
- құқықтық қатынастың құрамдарын сипаттау;
- құқықтық реттеудің механизмінің түсінігі, мазмұнын көрсету;
- құқықтық реттеу механизмінің құрылымы, пәні мен әдісін ашу;
-құқықтық реттеу механизмінің сатыларын сипаттау;
- Қазақстан Республикасында құқықтық реттеудің тиімділігін арттыру жолдарын ұсыну.
1 Құқық қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуші
Қоғамдық қатынастар өзінен-өзі тәртіп, заңдылық шеңберінде, құлықтылык және гуманистік талаптар негізінде біржүйелік мағынадағы азамат құндылықтары аясында реттелмейді.
Қоғамдық қатынастардың өмір сүру формалары индивидтердің сан-қырлы әрекеттері қалыптастыратын қарама-қайшылықтар мен күрделі шиеленістен, мүдде қақтығыстарынан тұрады. Мұндай процесстерді бір жүйелі тәртіпке келтіру, индивидтердің мінез-құлықтарына реттік сипат беру көптеген әлеуметтік нормалармен іс жүзіне асырылады, реттеледі. Таңдалып алынған тақырыптың өзектілігі де осы айтылғанмен анықталады.
Атап айтқанда діни, әдет-ғұрып, дәстүрлік сияқты нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуде үлкен рөл атқарады. Бірақ, жеке адамдардың саналық, тәрбиелік, генетикалық жөне психологиялық ерекшеліктеріне байланысты олардың бәрінен бір мағынадағы, талаптағы мінез-құлықты талап ету мүмкін емес. Әртүрліліктің өзі қоғамдық қатынастарды дамытудың, жетілдірудің айқын көрінісі.
Құқық - бұл қоғамдық құбылыс. Ол қоғамның туындысы ретінде оның дамуының белгілі сатасында пайда болады. Құқық - адам тәртібінің әлеуметтік маңызды реттеутіші, әлеуметтік нормалардың бір түрі. Ол өзіне әлеуметтік аяны қосып алады: а) адамдарды; б) адамдар арасындағы қарым-қатынасты (қоғамдық қатынастарды); в) қоғамдық қатынастардағы субъектілердің тәртібін.
Құқықтың мазмұны қоғамдық дамудың қажеттілігіне, қоғамдық процесстерге қатынасушылардың белгіленеді. Құқық өзінің табиғатына байланысты (негізіне) қоғамдағы әлеуметтік келісімділіктің құралы (саймандар, нысандар) әлеуметтік қызығушылықтың теңдігін белгілеу, игілікті адал бөлу, жеке адамның әлеуметтік бостандығының өлшемі.
Қоғамдық сананы тетігі және коллективтің еркі арқылы саяси күштің бөлінуіне байланысты шын мәнісіндегі теңдік, азды көпті құқықтың формальды қайнар көзінде ретінде көрсетіледі. Мұндай жағдай құқықтың өз идеалына жақындауы не болмаса одан, өзінің негізінен шегіну болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Құқықтық реттеу механизмін толыққанды түрде ашып көрсетіп, талдау жасау. Құқық әлеуметтік нормалардың бір түрі ретінде нормативтік қасиетке сүйенеді, ол кейіпті реттеуші ретінде бағыты нақты белгісіз атаусыз әрекет жасап, жалпы белгілерге (жасы; есі дұрыстығы, заңды тұлғаның жалпы белгілеріне) сай әрекет етеді.
Құқықтың әрекеті қоғамдық қатынастардың субъектілеріне олардың жекелеген ерекшеліктерінен тәуелсіз бірдей шара қолдану принципіне негізделген, шын мәнісінде тең емес субъектілерге (формальды принцип).
Құқық нормалары сырттай объективті болуы міндетті ақылды, әлеуметтік және белгілі ресми нысанда бектілуі шарт (құқықтың қайнар көзінде формальды мағнада): нормативті-құқықтық актыларда, құқықтық дәстүрде, заңды прецеденттерде т.б.
Құқық ішкі ұйымдастыру көз қарасына байланысты (біртұтас) бір-бірімен мақсатқа сай қарым-қатынастардағы элементтердің жүйесі. Құқық бәріне міндетті. Оның айырмашылығы басқа әлеуметтік нормаларға қарағанда жалпымемлекеттік нормативтік жүйені құрайды және өзінің әрекетін қоғамның барлық мүшелеріне жүргізеді.
Құқыққа процедуралық тән. Процедураны уақытында талдайтын тәртіп ретінде өз мөлшерінде барлық әлеуметтік реттеушілер пайдаланады. Бірақ құқықты процедура (нормативті ретінде) тереңірек көрінеді: құқық жүйесінде көптеген процедуралық салалар бар (азаматтық процессуальдық, қылмыстық процессуальдық). Процедура іске асыру ретінде және заң нормаларын басып шығаруға қолданылады.
Құқық интелектуальды - еріктегі реттеуші ретінде әрекет етеді. Құқық арнайы - заңдылықтағы таза құқықтық тетік ғана емес, сонымен қатар, психологиялық тетік: ол адамның еркін, тек оның санасына байланысты реттейді. Белгілі жағдайда, құқықты билік сипаты бар ақпарат жүйесі ретінде қарауға болады, себебі, субъектілердің еркін, тәртібін саналы түрде басқара алады.
Құқық мемлекетпен тығыз байланыста. Себебі, мемлекет қоғамды нормативтік-құқықтық актыларды шығару арқылы реттейді (сонымен қатар, нормативті - құқықтық актылар шығару үшін өз өкілдігін беру арқылы, белгілі дәстүрлерге санкция беру, заңды прецеденттер жасау), яғни заңға айналдыру . Құқық мемлекеттің күштеуімен қорғалады. Басқа әлеуметтік нормалар ондай мемлекеттік - күштеу арқылы іске асыру мүмкіндігімен қамтамасыз етілмеген (мұнда әңгіме мемлекет жағынан оны қолдау туралы болып отыр).
Құқықтық түсінігі құқықбұзу түсінігіне кіргізіледі: Құқықтың қажеттігі сонда керек, егер адам құқықпен белгенген тәртіптің қоғамға қауіпті деген жерін бұзса. Яғни, құқықтың белгісі ретінде оның әруақытта тәртіп нормасынан асып кеткендік жағдайға кез болу мүмкіндігін атауға болады.
Құқықтың түсінігін анықтайтын теориялар өте көп. Мұның өзі заңдылыққа жатады. Себебі, ешқандай анықтама толығымен түсінігінің барлық белгілерін қамтый алмайтындығы белгілі.
Құқықтық реттеу заңдық жүйе арқылы жүзеге асырылатын қоғамдық қатынастарға нәтижелі түрде құқыктық ықпал етуді білдіреді, құқықтық реттеу әдістері бірыңғай сапалы қоғамдық қатынастарды реттеуді жүзеге асыратын амал-тәсілдер ретінде ерекшеленеді. Құқықтық реттеудің негізгі әдістеріне мыналар жатады
1) императивтік (авторитарлық, өзара қатынасты берік ұстау, билік пен бағыныштылық), мұны пайдаланған кезде бір тараптан билік жүргізуші субъект ретінде мемлекет, екінші тараптан -- оның ерік-жігерін орындауға міндетті құқықтың басқа субъектілері әрекет етеді;
2) диспозициялық (автономиялық, үйлестірушілік, тепе-теңдік), мұны пайдаланған кезде өзара келісім негізінде субъектілер өз қалаулары бойынша құқықтар мен міндеттерді белгілейді, өзгертеді және тоқтатады. Құқықтың бастаулары деп материалдық тұрғыда қоғам өмірінің материалдық жағдайлары, ғылыми тұрғыда -- осы уақытқа дейін сақталып келген, заңдық нормалардан тұратын тарихи құжаттар ұғынылады. Шартты-заңдық тұрғыда бұл құқық нормаларын білдірудің сыртқы формасы. Құқық нормалары ретінде: құқықтық әдет-ғұрыптар, заңдық прецедент, нормалық келісім-шарт, нормативтік құқықтық актілер ерекшеленеді. Құқықтық әдет-ғұрып дегеніміз -- мемлекетпен рұқсат етілген және қамтамасыз етілген әдет-ғұрыптар. Заңдық процедент -- мемлекеттің нақтылы мәселе бойынша, осыған ұқсас мәселелер бойынша одан кейінгі шешімдер үшін үлгі болған және құқық нормасы ретінде мойындалған шешімі. Нормативтік келісім-шарт нормативтік құқықтық актілердің ерекше бір түрі, ол екі жақтың келісімге келуі нәтижесінде құқықтық норма мазмұнына ие болады. Нормативтік құқықтық акт -- құкық нормалары мазмұнына ие, тиісті мемлекеттік органның құжаты. Нормативтік құқықтық актілер заңдылықты және заңға бағынышты болып ішінара екіге бөлінеді.
Құқық мемлекет сияқты, қоғам дамуының белгілі бір кезеңдегі өнімі болып табылады. Жалпыға бірдей міндетті әлеуметтік нормалардың пайда болуы белгілі бір әлеуметтік топ үшін нысандарға мүлік ету және пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты. Осылардың көмегі арқылы аталған әлеуметтік топтың сұраныстары қанағаттандырылып, мүдделері жүзеге асырылады. Құқықтың дамуы мемлекеттің дамуымен тығыз байланысты: мемлекет белгілі бір кезеңде аса маңызды әлеуметтік нормаларды, оларды құқықтық нормаларға айналдыра отырып, қамтамасыз етеді, сонымен бірге құқықтың және нормаларын аныктау бойынша жұмыс жүргізеді.
Құқықтық мемлекеттегі адам құқықтарының проблемалары мемлекет қызметінің басты, тұғырнамалық қағидасы ретінде қарастырылуға тиіс. Адамның құқықтарын мемлекет бекітеді, оларға кепілдік береді, бірақ бір өкініштісі іс жүзінде, оларды мемлекеттің өзі жиі бұзып отырады. Сол себепті барлық мемлекеттік органдардың қызметінің басты, тұғырнамалық қағидасы ретінде адам құқықтарын қорғау қағидасын бекіту қоғамның тұрақты, тиімді өмір сүруінің кепілі болып табылады.Әрбір мемлекеттік орган осы қағиданы өздерінің заңда белгіленген міндеттеріне, құзыреттілігіне және билік өкілеттіктеріне сәйкес іске асыруға бағдарланған.
Адам құқықтарының проблемаларын зерттеудің көпқырлылығына қарамастан, бұл тақырыпты зерттеушілер адам құқықтарын қорғаудағы сол құқықтық мемлекеттің өзінің қызметіне жете көңіл бөлмеген. Қазақстан Республикасы Конституциясында адамның құқықтары ең жоғарғы құндылықтар деп жарияланған және Конституция мәтіні осы фактіні жариялаумен басталады.
Бұл арада біріктіруші субстанция мемлекеттік аппарат қызметінің қағидасы - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау болуға тиіс.
Біздің зерттеуіміз адам құқықтарын қорғау қағидасының мемлекеттік аппарат қызметінде іске асырылуына арналған. Құқықтық әдебиетте адам құқықтары проблемасына көптеген ғалымдардың еңбектерінің арналғандығына қарамастан, адам құқықтарын қорғаудың мемлекеттік аппарат қызметінің негізгі қағидасы мағынасында арнайы зерттеулер жүргізілген емес.
Мемлекет пен оның құрылымдарының қызметін жетілдіру, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, азаматтардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету құқықтық мемлекеттің дамуының басты міндеттері болып табылады. Құқықтық мемлекет құру, азаматтық қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ету - заңдылыққа негізделген, адам құқықтарын қорғауға бағдарланған мемлекеттің ролін күшейтуді талап етеді. Осыған байланысты барлық мемлекеттік аппарат қызметінің қағидасын іске асырушы ірбір мемлекеттік органның ролін, оның міндеттері мен қызметтерін талдаудың қажеттілігі туындайды.
Адам құқықтарын қорғауды кез келген мемлекеттік орган өзінің міндеті деп жариялауда. Бірақ олардың адам құқықтарын қорғау механизміндегі ролі мен орнын анықтау кезінде бағдарламалары мен құзыреттіліктерінде көптеген қайталаулар, қарама-қайшылықтар бар екендігі байқалады.
Құқықтық мемлекеттің дамуы биліктің адам құқықтары мен бостандықтарын тек мойындауын ғана емес, сонымен бірге оларды іске асыратын және қорғайтын шын мәнісінде әрекетті мемлекеттік механизмның болуын қарастырады.
Бұл мәселеде құқық қорғаушы құрылымдарға, оның ішінде ішкі істер органдарына ерекше орын беріледі. Құқық қорғау органдары көп жағдайларда қоғамымызда орнын алып отырған жағымсыз жағдайлармен бірінші болып бетпе-бет келеді, олардың міндеті азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау болып табылады. Бұл мәселелерді теориялық талдаудан нақтылай іске асыруға көшетін уақыт жетті. Бірақ бұл осы қызметті жүйелі талдаусыз мүмкін емес.
Біріншіден, адам құқықтарын қорғау демократиялық құқықтық мемлекеттің басты ішкі қызметіне айналуы тиіс.
Екіншіден, бұл мемлекет пен адам мүдделерінің арасындағы басымдылықтарды бөлуді жаңаша қарастырушы негізгі идея.
Үшіншіден, әртүрлі мемлекеттік органдар бұл қағиданы іске асыру барысында түрліше қызмет атқара отырып, адам құқықтарын қорғау ісіне өз үлестерін қосып келеді.
Төртіншіден, адам құқықтарын қорғау механизміндегі мемлекеттік органдардың үлесін анықтай отырып, біз адам құқықтарын қорғау, сақтау, қамтамасыз ету және кепілдік беру сияқты қызмет түрлерін анық шектейміз.
Бесіншіден, адам құқықтарын қорғау механизмін жүйелілік қағидасы бойынша талдай отырып, біз бұл жүйеде кемшіліктер, қарама-қайшылықтар, қайталаулар орын алып отырғандығын анықтадық.
Адам құқықтарын сипаттауға жаңа көзқарастың терең мағынасы олардың ерекше артықшылықты мәртебесі мен қорғандықтың жоғары дәрежесін мойындағандығында жатыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабында: Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды. Заңдар мен өзге де нормативтік, құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады, - деп жазылған.
Адам құқықтарын бекітуге, оларға кепілдік беру, қамтамасыз ету, қорғау және іске асыруға ұмтылыстың артуы құқықтық мемлекеттің (қалыптасқан немесе енді ғана қалыптасып келе жатқан) сипаты мен тегіне, оған тән басқару, реттеу және ықпал жасаудың құқықтық құралдарының басылымдылықтарына, онда байқалып отырған гуманистік бастаулардың, демократияландырудың күшеюіне, мемлекеттік құрылымдардың халық бұқарасы үшін ашықтығына байланысты. Құқықтық (немесе оны құруды аяқтап келе жатқан) мемлекет мәжбүрлеу және күш қолдану шараларын шектен тыс қолдана алмайды, өйткені оның нәтижесі қолданылған тәсілдерге барабар болып шығады.
Құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам, демократия - мемлекеттік билік өзінің бағдарламалары мен қызметін көпшілік таныған адам құқықтары мен бостандықтарына негіздегенде ғана мән-мағынаға ие бола алады .
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды мемлекеттің қорғаушылық қызметінен бөлген меншікті, құқықтық тәртіпті, заңдылықты және т.б. қорғау қызметінен ажыратқан және оларды басқа қызметтің негізіне алып, оның мазмұнын кеңейткен абзал. Біздің пікірімізше, мемлекеттің адам құқықтары саласындағы қызметін тек оларды қорғаумен шектеуге болмайды. Мемлекеттің адам құқықтарын бекіту, қамтамасыз ету және оларға кепілдік беру, оларды іске асыруға жәрдемдесу жөніндегі іс шараларының маңызы бұлардан артық болмаса, кем емес. Оның бергі жағында мемлекет қызметінің барлық аталған түрлері бір-бірлеріне өте жақын, бағдарлары бойыншабір-біріне ұқсас, оларда бір-бірінен ажыратуға, бөлек және дара қарастыруға болмайды. Өйткені, сайып келгенде, олар белгілі бір бірлік пен тұтастықты құрайды .
2 Құқықтық реттеу механизмінің түсінігі
2.1 Құқықтық реттеу механизмінің негізгі элементтері
Құқықтық реттеу механизмі - бұл құқық субъектілерінің мүдделерін қанағаттандыру жолындағы кедергілерді жою мақсаттарында кезекті түрде ұйымдастырылған заңи құралдардың жүйесі.
Құқықтық реттеу механизмінің мақсаты - субъектілердің мүдделерінің құндылықтарға кедергісіз бағыт алуын қамтамасыз ету (мазмұнды белгісі). Құқықтық реттеу механизмі - бұл табиғаты және функциялары бойынша әр түрлі заңды құралдардың жүйесі (формалды белгісі).
Құқықтық реттеу механизмінің келесі элементтерін бөліп қарастыруға болады:
1) құқық нормасы - мұнда мүдделерді қанағаттандыру үлгісі қалыптасады;
2) ұйымдастырушылық - атқарушы акт сияқты шешуші фактімен бірлескен заңды факт немесе фактілі құрам;
3) құқықтық қатынас - бұл жердегі нормативтік талаптар сәйкес субъектілерге қатысты нақтыланады;
4) құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру актілері - субъектілердің сақтау, атқару және пайдалану нысанындағы әрекеттері;
5) қорғаушы, құқыққолданушы акт - құқықбұзушылық жағдайында қолданылады.
Құқықтық реттеу механизмінің тиімділігі - бұл құқықтық реттеудің нәтижесі мен оның алдында тұрған мақсаттың арасындағы арақатынас.
Құқықтық реттеудің тиімділігін көтерудің төмендегідей жолдарын атап өтуге болады:
1) құқықшығармашылықты жетілдіру. Мұның нәтижесінде заңшығармашылық техниканың жоғары деңгейіне сәйкес құқық нормаларында қоғамдық мүдделер мен заңдылықтар мейлінше анық көрініс табады. Бұл кезде заңды және ақпараттық құралдардың көмегімен заңды сақтау оны бұзудан пайдалы болатындай жағдай жасау керек.
2) құқықты қолдануды жетілдіру нормативтік реттеудің нәтижелерін толықтырады. Құқықты қолдану әр бір заңды жағдайдың нақты жағдайларын, өзіндік ерекшеліктерін ескереді. Құқықшығармашылық пен құқыққолдануды дұрыс үйлестіру құқықтық реттеуге икемділік пен кешенділік береді.
3) құқық субъектілерінің құқықтық мәдениетінің деңгейін көтеру де құқықтық реттеудің сапасына, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту процесіне әсерін тигізеді. Қоғамдағы барлық қарым-қатынасты құқықтық реттеу өте күрделі; ол көп салалы, көп жүйелі процесс. Құқықгық баскарудың екі күрделі бағыты: қүқықтық қоғамдагы қатынастарға тигізетін әсері, ықпалы және құқықтық реттеудің, басқарудың рөлі. Бұл екі процесті қосып айтқанда -- қатынасты құқықтық реттеудің, басқарудың механизмі дейді.
Қоғамдағы қатынасты құқықтық реттеу механизмі құрылымының элементтері: құқықтық норма, құқықтық қатынас және занды құқық пен міндеттің орындалу туралы акті.
1) Кұқықтық норма арқылы қоғамдағы заңдылықтың, тәртіптің
талабы, мазмұны, шеңбері, мүдде-мақсаты анықталады; олардың
орындалу бағыттары, жолдары, тәсілдері көрсетіледі. Егер дұрыс
орындалмаса жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі.
2) Құқықтык, қатынас арқылы субъектілердің ара-байланысын
мүдде-мақсатын, құқық пен міндеттерін анықтап, біліп отырады.
Ол мүдде-мақсаттарды қандай нормативтік актілер арқылы іске
асырады; қатынастың басталуы мен аяқталуы көрсетіледі.
3) Занды құқық пен міндеттің орындалуы туралы актіде -
катынастың толық орындалып, аяқталуы; мүдде-мақсаттың екі
жақты іске асуы; дүрыс орындалмаса -- кім кінәлі себептері
көрсетіледі, оны түзеу, орындау жолдары анықталады.
Осы үш элементтерге сәйкес қатынасты реттеу механизмі үш кезенге бөлінеді:қатынастың басталуы, ол қатынасты реттеу үпшін жана норманың өмірге келуі, субъектілердің құқықгары мен міндеттерінің орындалуы.
Қоғамдық қатынасты қүқықтық реттеу механизмнің жақсы сапалы жүмыс аткару үшін субъектілердің рухани сана-сезімі, қүқықтық білімі, мамандық тәжірибесі жоғары дережеде болуы кажет. Құқыктық сапасы да жақсы, халыкқа түсінікті болуы керек.
Құқык, шығармашылық процесі жақсы жүргізілсе құқықтық нормалардың да сапасы жақсы болады. Сапасы нормаларды түсіну де жеңіл, орындалуы да оңай. Сондықтан осы сапалы процестер Құқықтық реттеу механизмнің жұмысын жақсартуға көп үлес қосады. Құқық қоғам зор қызмет аткарады. Ол қоғам өмірінің барлык салаларына, және адамның өміріне өзіне тән әдістермен жағымды әсер етеді. Кұқықтық саяси қызметі қоғамның барлық саласынан байқалады. Құқықгың экономикалық, әлеуметтік,тәрбиелік, мәдени жүмыстарының әсері өте мол. Осыларға қоса құқық мемлекетті, қоғамды және азаматтардың занды мүдделерін қорғау қызметін де жүзеге асырады.
Заңи мінез-құлық арқылы қоғам басқарылады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары жүзеге асырылады. Заңи мінез-құлық дегеніміз құқық нормалардың нұскауларына сәйкес келетін жеке тұлғаның мінез-кұлқы.
Құқықтың әлеуметтік мақсаты оның атқаратын қызметінен байқалады. Оның қызметі қоғамдық қатынастарға, адамдардың мінез-құлқына, іс-әрекеттеріне әсер етуге бағытталады. Құқықтың қызметінің мәні, біріншіден, қоғамдық қатынастарды баянды ету, тұрақтандыру; екіншіден, жеке адамның, қоғамның, мемлекет органының зиянды іс-әрекетіне тыйым салу; үшіншіден -адамдарға, ұжымдарға, бірлестіктерге құқықгар мен бостандықтар белгілі бір игілікті пайдалану үшін, өз қажетін қанағаттандыру үшін беріледі. Сондықтан мемлекет олардың кұқықгары мен бостандықтарын паш етумен катар, оларды қорғау жолдарын, әдістерін, мүмкіндіктерін жан-жақты карастырады.
Құқықтық реттеу механизмнің сапасын жақсартуға қүқықтық сана мен құқықтық мәдениет көп үлес қосады. Құқықтық сана еліміздің азаматтарының жүзеге асырылып жүрген зандарға, оларды қолдануға, басқа да құқықтық құбылыстарға сана-сезімдерінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі.
Құқықтық мәдениет (кең мағынада) -- нақты жүйесі мәдени іс-қимыл, әрекет жасау, оларды жүзеге асыру және мемлекет органдарының, лауазым иелерінің іс-әрекеттері жөнінде адамдардың жалпы түсінігі мен пайымдаулары. Құқықтык, мәдениет (тар мағынада) -- тұлғалардын құқық туралы ой-пікірлері, сезімдері мен пайымдаулары және де сапалы түрдегі қажеттіліктері. Осы қажеттіліктер тұлғаның құқыққа сай мінездерінен, жүріс-тұрыстарынан көрініс табады.
Әр дәуір, әр ұрпақ өз талап-талғамынша сәйкес мәдениетті қажет етеді және сондай мәдениетті жасайды. Ендеше біз бүгінгі жастарға тек бұрынғы дүниені ғана орында және тек сол дәстүрде, сол қалпында орында деп талап қоймауымыз керек жастарға -мәдени мұраны жақсы біл, меңгер және оны өз дәуіріңе сай етіп пайдалана біл, жетілдір, алға дамыт деп талап қоя білу қажет. Егер жас буын мәдени мұрамызды жетік білсе, оны шығармашылықпен пайдаланып, жаңа ұлттық мәдениет жасаса, қазақ халқының рухы да, мәдениеті де зиянды жаһанданудын шылауында кетпесі анық.
Республикамыз егемендік алып, мемлекеттік тәуелсіздігіміз өмір ақиқатына айнала, шамамыз келгенше оны жанғырту және пайдалану күн тәртібіне қосылды. Өзіне ғана тән құқықтық. сезімі, құкықтық ұғымы және танымы халқымыздың жадында. Енді өзінің осы бір ерекшелігін - үлттық құқықгық мәдениетін -ескеруді және соған назар аударуды талап етуде.
Қазір Қазақстан Республиканың әлемдік кауымдастықтағы орны өзгеше. Дербес мемлекет есебіндегі оның дүниежүзілік мемлекетаралық катынастағы салмағы айырықша. Еліміздің осы жаңа орын баянды етудің негізгі жолы оның егемегендігін нығайтып, тәуелсіздігін арттыра түсу, сөйтіп, бүл құндылықтарды республика халқының мақсат-мүддесіне және игілігіне қызмет еткізу екендігі даусыз.
Қазіргі тандағы республика ғылымының даму бағыт-бағдары да осы айтылған жәйттерден туындайды. Заң ғылымының, оның ішінде дәстүрлі ұлттық. Құқықтық мәдениетті зерттеуге арналған ізденістердің аддында да көкжиектер ашылуда. Оларға жаңа талаптар қойылуда, жаңа тұғырлар, көзқарастар айтуда. Ұлттық сананың қайта түлеуі, соған сай ұлттық құқықтық сана-сезімнің де оянуы, билер институттарының жандануы айтылған оймызды куаттай түседі.
Әдет-ғұрыпқа негізделген құқықтық жүйе мемлекет заңдарынан түзелген құқықтық жүйеден өзгеше құбылыс. Бұл өзгешелік әдет-ғүрып құқығының тарихи контексінде, әлеуметтік-саяси астарында, рухани бастауларында, принцип-қағидаларында, өмірнамалық құндылықтарында, адамға әсер ету ерекшеліктерінде. Әдет құқығы өзінің ішкі мәні және мазмұны, сыртқы түр-сипаты, іс-қимылды реттеу және оған әсер ету мүмкіншіліктері, жалпы болмысы, яғни, қандай параметрлері тұрғысынан алса да адамзат мәдениетінің ерекше туындысы екендігіне шүбә келтірмейді. Сондықтан бүл құқықтық жүйеге, оның тарихтағы орнына сай көзқарас, соған лайық зерттеу әдісі және үғым-түсініктер кажет.
Құқықтың үш алтын тірегі бар : имандылык, өмірдің материалдық жағдайлары және мемлекет. Құқык түсінігі имандылықты әдептілікке тіреледі. Құқық имандылық негізінде пайда болады. Имандылықтың өзі де адамдар арасындағы катынастарды реттейтін күш. Әріне, имандылықтың талаптары заң емес, тек адамгершілікке негізделеді. Имандылық тек арға, ұятқа арқа сүйенді. Құқық имандылықтан нәр алады, неғүрлым кұқықтың нормалары имандылық шарттарына сәйкес келсе,соғұрлым олардың сапасы да, абыройы да жоғары болады. Имандылықтың ең күшті құралы -- жұртшылықтың пікірі.
Құқықтың тағы бір тірегі -- адамдардың өмір сүру жағдайлары, олардың шаруашылығы. Адамзаттың өмір сүруі өндіріске байланысты. Өндіріс тиімді, нәтижелі болу үшін оны ұйымдастыру, оның дамуына қажетті жағдай туғызу керек. Бұл тек мемлекеттің қолынан келеді. Мемлекеттің өндіріске, шаруашьшыққа әсер ету дәрежесі қоғамда қалыптасқан меншік түрлеріне байланысты.
Мемлекеттің қызметті құқық нормаларын қалыптастырумен аяқталмайды, қайта оның кызметі сол сәтте басталады деуге болады. Құқық нормаларының талаптары өздігінен жүзеге аспайды. Оларды жүзеге асыру үшін, талаптарын орындату үшін мемлекет түрлі әдістермен сан алуан қызмет атқарады. Егер құқықтық нормалардың талаптары орындалмаса, бұзылса, мемлекет кінәлі адамдарға тиісті шаралар қолдана алады. Сөйтіп, құқық нормалары мемлекеттің күшіне сүйеніп, жүзеге асырылады. Құқықтың тірегі, оның күш-қуаты, абыройы -- мемлекет. Құқық нормалары адамға бостандық беріп қана қоймай, сол бостандықты камтамасыз ететін күшке сүйенеді.
1995 жылғы 30 тамызда Республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституция Казақстан Республикасының президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет екендігін айқындап берді. Ата Заң бойынша мемлекеттік билік: заңшығару, заңды іске асыру, заңды қорғау үш тармағы мемлекеттің біртұтастығына, бүкіл дамуына бірдей жауапты.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес бірнеше Президенттің Заң күші бар жарлықтары өмірге келді:
- Қазақстан Республикасының Президенті туралы -- 26 XII 1995 ж.;
-Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы -- 16 X 1995 ж.;
- Қазақстан Республикасының үкіметі туралы -- 8 XII 1995 ж. Осы зандар арқылы елімізде демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекетті құрып, басқарудың қазіргі заманғы негіздерін жасады. Сондай-ақ республикада сот-құқық, реформасын кезең-кезеңмен жүзеге асыру мақсатында Президенттің 1995 ж. желтоқсанда қабылданған Казақстан Республикасындағы соттар және судьяның мәртебесі туралы, Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы заң күші бар жарлықтары сот-құқық жүйесін нарықтық экономика жағдайында жетілдіруге айрықша ықпал етті. Прокуратура органдарында бұрынғыдай жоспарлы тексеріске жол берілмейді. Зандардың қолдануына тексерісті прокурор өз өкілеттігі шегінде тексерім жүргізу туралы қаулы шығарылғаннан кейін, Республика Президентінің тапсыруына, заңды бұзушылық туралы өтініштерге, шағымдарға, хабарларға және басқа да мәліметтерге, заң бұзушылық белгілерінің тікелей анықталуына,1 жоғары тұрған прокурордың тапсыруына және сұрау салуына байланысты жүргізеді.
Құқықтық реттеу механизмі үш элементтен түрады: кұқықтық нормалар, құқықтық қатынастар және занды құқықтар мен міндеттердің орындалуы туралы актілер.
1. Құқыктык нормалар -- қоғамдағы адамдардың өзара қатынастарын, байланыстарын шешу ережелерін, әдіс-тәсілдерін көрсетіп, реттеп-басқару үшін өмірге келеді. Бұл нормалардын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz