Тіл - үлкен саясат



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қызылорда қаласы
химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі

Қазіргі әлемдегі Қазақстан
Курстық жұмыс

Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты: қоғамды зерделеу

Тақырып: Байқоңыр ғарыш айлағының Қазақстанға тигізген әсері қандай?
( сөз)

Орындаған: Тоқтарбай Мағжан _____

Жетекші: Абджалиев Нұркен_______

Қызылорда, 2020

ЖОСПАРЫ

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

А. Зерттеу сұрақтары

В. Зерттеу әдісі
С. Зерттеу қорытындысы
D. Бағалау

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

V. Қосымша

І. Кіріспе
"Байқоңыр" ғарыш айлағы Қазақстан Республикасы Қызылорда облысының аумағында орналасқан. 1950 жылдары ғарыш айлағын құру алғашқы кеңестік құрлықаралық р-7 баллистикалық зымыранын жасау қажеттілігімен анықталды. Оның ұшу қашықтығы 8000 км-ден асты, осыған байланысты Кеңес Одағының бүкіл Азия бөлігі арқылы шығыс бағытта өтетін жаңа трассаны жабдықтау қажеттілігі туындады. Пайдаланылған сатылардың құлауы үшін жаңа аудандар мен жаңа өлшеу пункттері қажет болды. Осы зымырандарды ұшыру үшін жаңа полигон қажет болды. Бұл мәселені шешу үшін 1950 жылдардың басында комиссия құрылды, жаңа полигонға қойылатын талаптар әзірленді және оны құру үшін елдің таңдаулы аудандары, соның ішінде Қалмақия мен Дағыстан аудандары көрсетілді. Нәтижесінде жаңа полигонды Қазақстанда, Арал теңізіне жақын жерде, Қазақ КСР Қызылорда облысы, Төре-Там теміржол станциясының маңында орналастыру нұсқасы таңдалды. 1955 жылғы 12 ақпанда полигон салу туралы КСРО Министрлер Кеңесінің № 292-181 қаулысы қабылданды. Ғарыш алаңы 6717 км2 аумақты алып жатыр және солтүстіктен оңтүстікке қарай -- 75 км., батыстан шығысқа қарай -- 90 км. зымыран тасығыштарды ұшыру азимуттарының диапазоны 35-тен 92-ге дейін.

https:malimetter.kzbajkonyr-kosm odromy

"Үш тұғырлы тіл" саясатының өзектілігі - бүгінгі таңдағы әрбір азаматтың үш тілді меңгеріп, еркін кез-келген адаммен қатынасқа түсіп кетуінде болып табылады. Сондықтан да бұл мәселенің бастауы тек мемлекеттік деңгейде ғана емес, әлемдік деңгейде де рөлінің артуына әкеледі. Берілген ақпараттарды негізге ала отырып, "Үш тұғырлы тіл" саясатын қабылдаудың Қазақстан үшін маңызы мен ықпалы қандай? деген сұрақ аясында курстық жұмыс тақырыбы таңдалды.
Зерттеудің мақсаты - бұл "Үш тұғырлы тіл" саясаты туралы ортақ түсінік қалыптастыру арқылы Қазақстан дамуындағы атаулы саясаттың ықпалын анықтау болып табылады. Сонымен қатар, үштілділіктің елімізге берер күшті-әлсіз тұстарын, нақты мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін саралай отырып талдау жүргізу үшін сапалық талдау әдісі қолданылып, Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының басшысы Мусаева Нұрсауле Дүйсембайқызынан сұхбат алыну жоспарланды.
Зерттеудің нәтижесінде "Үш тұғырлы тіл" саясатының маңыздылығына қол жеткізу үшін төмендегі зерттеу сұрақтары бойынша ізденіс жасалуы қажет деп күтіледі:
"Үш тұғырлы тіл" саясатын қабылдаудың қажеттілігі неде?
Қазақстан қоғамында "Үш тұғырлы тіл" саясатының жүзеге асырылуының көрінісі қандай?
"Үш тұғырлы тіл" саясатының әлемдік сахнасындағы көрінісі қандай?

ІІ. Негізгі бөлім
А. Зерттеу сұрақтары
"Үш тұғырлы тіл" саясатын қабылдаудың қажеттілігі неде?
Мемлекет басшысының Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласында негізделгендей: "Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу." болып табылады[3]. Осы кезекте экономиканы тұрақтандыру мен өркениетті елдер қатарына қосылуда "Үш тұғырлы тіл" саясаты өз миссиясын атқаратын болады. Мұнан бөлек, "100 нақты қадам" - Ұлт жоспарының кезекті үшінші "Индустриалдандыру және экономикалық өсім" президенттік реформасына негізделген 79-қадамда ағылшын тілінде оқыту жүйесіне кезең-кезеңмен көшу туралы баяндалған[4]. Бұл президенттік реформасында берілгендей, бұл арқылы даярланатын кадрлар өз бәсекеге қабілеттілігін арттырып, білім беру секторының экспорт әлеуетін қамтамасыз етуге жол ашады, себебі, үш тілді еркін меңгеру - бұл ірі, көлемді істерге қол жеткізетін үлкен бетбұрыс.
Қорыта айтқанда, "Үш тұғырлы тіл" саясаты өз кезегінде мәдениетаралық қатынастардың негізінде құралатын басты саясат десек те қателеспейміз, яғни "Үш тұғырлы тіл" саясаты көптілді білім жүйесін орнатып қана қоймай, интеграциялық ортаға тез сіңісіп кетуді де қамтамасыз етеді.

Қазақстан қоғамында "Үш тұғырлы тіл" саясатының жүзеге асырылуының көрінісі қандай?
Тәуелсіздік алғаннан бері "Үш тұғырлы тіл" саясаты тәжірибеде ақырындап қолданылып, игерілу үстінде. Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту -"Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының" негізгі мақсаттарының бірі ретінде 2010 жылы қабылданған болатын[5]. Бұл полилингвизм әдісі Қазақстанға тілдер мәселесін мәдени әрі келісімді түрде талқылауға атсалысады.
Көптілділіктің шамадан тыс қоғамда көрініс табуы жергілікті қоғам мен болашақ ұрпаққа үлкен қиындықтар тудыруы әбден мүмкін. Себебі бұл күнделікті интеграциялық ортаға түсіп, басқалармен ауызша байланыс орнатуда кей мәселелердің көрініс тауып жатырғанын анық байқауға болады. Осы кезекте, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: "Тіл-үлкен саясат. Әуелі қазақ және орыс тілдеріне ден қою керек" екендігін өзінің Twitter парақшасында айтқан болатын[6]. Сондықтан, мектеп жасына дейінгі балалар үшін үш тілден аспайтын және одан кейін жағдайға байланысты емін-еркін түрдегі үш тілді жүйенің болғаны жөн.
Қорытындылайтын болсақ, көптілділік адамға ақпаратқа және мәдени көздерге қол жетімділікке көбірек мүмкіндік береді, өйткені тасымалдаушылар саны аз екені туралы айтпағанда, барлық маңызды мәтіндер мен құжаттарды, тіпті, қарапайым тілдерге дұрыс әрі нақты аудару қиындыққа соғып жатады.

"Үш тұғырлы тіл" саясатының әлемдік сахнасындағы көрінісі қандай?
Кез-келген көпұлтты мемлекеттің қалыпты жұмыс істеуі үшін билингвизм мен көптілділіктің қалыптасуы өте маңызды. Мемлекеттің "Үш тұғырлы тіл" саясатын ұстануы әлемдік аренада өзінің ұлттық кодын сақтап, беделінің арттыруда үлкен үлесін тигізді.
Бүгінгі күнде әрбір мемлекет унитарлы әрі бірыңғай мемлекетке айналуы үшін полилингвизмді экономиканың басты негізі ретінде алуда. Мәселен, дүниежүзілік аренада инновациялық даму жолындағы Гонконг пен Сингапурдің тәжірибесі екі тілді және көптілді білім беру оқу процесін едәуір жақсартатындығын көрсетеді[7]. Осындай саясат-азаматтардың ана тілін жетік меңгеруі және әртүрлі тілдердегі оқу материалдарының кең қолжетімділігіне мүмкіндіктер бере алады деп сенімді түрде айтуға болады.
Сонымен, жарқын болашақтың кепіліне айналған "Үш тұғырлы тіл" саясаты елдер арасында сындарлы және дипломатиялық байланыстар орнатуда маңызды факторлардың бірі. Білім тұрғысынан қатынастарды қарастырар болсақ, бүгінде Болашақ халықаралық стипендиясы бойынша 300-ге жуық қазақстандық студент қазақ елінен тыс шет елі Британияда білімдерін шыңдап, тәжірибе алмасуда[8]. Бұл арақатынастың өзі Қазақстан имиджін жоғарғы деңгейде қалыптастырып, саяси беделді орнықтыруда жол ашады.

В. Зерттеу әдісі
Курстық жұмыс, ең алдымен, жүйеленген жоспар құрудан бастау алды. Атаулы "Үш тұғырлы тіл" саясатын қабылдаудың Қазақстан үшін маңызы мен ықпалын анықтауда, ең бірінші, тақырыптың өзектілігі қарастырылды. Бұл критерий бойынша мәселенің таңдалу себебі-Қазақстан мен оның тұрғындарына саясаттың барлық оң және теріс әсерлерін қарастыру арқылы экономиканы жетілдіру болып табылады.
Екінші қадам-дереккөздер жинастырып, зерттеу жүргізу. Осыған орай, зерттеу жұмысын жүргізуде Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі және Ә.Тәжібаев қалалық кітапханасындағы мұрағаты қызмет атқарды. Атап өтер болсақ, "Айқын" газеті (ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауы) мен Н.Ә.Назарбаевтың "Тарих толқынында" еңбегі төңірегіңде мәселе идеясы ашылды. Сонымен қатар, кітапхана аз және шектеулі дереккөздерді қамтып, толыққанды саясат ықпалын көрсете алмағандықтан, көп функционалды ғаламтор желісіне жүгіну қарастырылды. Интернет желісі кең ауқымды болғандықтан, жұмыстың сапалы әрі шынайы шығу процессінде сілтемелердің сенімді түрде болуына міндеттеме қойылды. Осыған орай, жұмыс тақырыбына байланысты қажетті деректер жинастырылып, ары қарай қолдағы ақпараттың сенімділігіне зерттеу көзделген болатын. Сенімді сілтемелер қатарында Қазақстан Республикасы Президентінің akorda.kz сайтынан Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы мен Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласына сілтеме жасалса, Әділет министірлігінің adilet.gov.kz парақшасынан "100 қадам" 5 институционалдық реформасы бойынша ағылшын оқыту жүйесі негізделді және оның ішіндегі ақпараттық-құқықтық жүйесінің adilet.zan.kz ресми сайтынан "Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы" көрініс тапты. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж.Тоқаевтың Twitter ресми парақшасы да тіл саясатының, әсіресе, қазақ тілінің маңызын айқындауда пайдаланылды.
Жұмыстың толыққанды ашылу үстінде сапалық және сандық талдау әдістері пайдаланылды. Екі әдіс те жергілікті Қызылорда қаласының тұрғындарынан алынды. Талдау әдістерін бастау барысында "Үш тұғырлы тіл" саясатына орай ықтимал болжам құрылып, сауалнама респонденттерімен және сұхбат алушымен, ең алдымен, коммуникация орнатылды.
Сандық әдіс тұрғысынан surveymonkey.com жұмыс тақырыбына байланысты қысқа жауапты қамтитын онлайн сауалнамасы қызмет атқарды. Бұл онлайн платформасының таңдалынып алыну себебі-тез әрі ыңғайлы "дайын статистика" функция бөлігі, бұл зерттеу бойынша қорытынды жасауды әлдеқайда жеңілдетеді. Instagram және Facebook секілді әлеуметтік желілері сапалы әрі тез сауалнама жауаптарын алуда үлкен көмегін тигізді. Сауалнама сұрақтары зерттеу төңірегінде мұқият таңдалуы әрі тұрғындар түсінігіне сәйкес құрастырылуы міндеттелді. "Үш тұғырлы тіл" саясатының Қазақстанға тигізер ықпалын анықтауда 3 түрлі жас категориясынан, нақтырақ келсек, 16 және 64 жас аралығындағы 50 адамнан сауалнама алынып, жергілікті халық көрінісіндегі саясаттың берер мүмкіндігі мен қауіп-қатерлері анықталды. Жалпы, сұхбат анонимді түрде болғандықтан, ең алдымен, алғашқы 2 сұрақ жыныс пен жасты зерделеп алу болды. Одан соң, сұрақ желісі "Үш тұғырлы тіл" саясатын қабылдаудың маңызын анықтаудан басталып, атаулы саясаттың мүмкіндіктері мен мүмкін қауіп-қатерін сипаттау арқылы дамыды.
Сапалық әдіс ретінде Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының 11 жыл бойы жұмыс атқарып келе жатқан басшысынан алынды. Толығырақ ақпарат берілетін болса, Мусаева Нұрсауле Дүйсембайқызынан құрылымданбаған сұхбат негізінде зерттеу жасалынды, Мусаева Нұрсауле-педагогикалық факультетінде білім алып, Қазақстан тарихы, қазақ және неміс тілдерінің маманы болып жұмыс жасаған. Бұл сұхбатқа қол жеткізу барысында тіл орталығының басшысымен Facebook әлеуметтік парақша желіінде кездесу жоспарланды. Сұхбат барысында сұхбат берушіге зерттеу жұмысының мақсаты талданып, М.Н.Дүйсембайқызынан бағыт-бағдар мен нұсқаулық алынды. Сондай-ақ, "Үш тұғырлы тіл" саясаты негізінде маманның атынан саясаттың тек саяси-экономикалық маңызы емес, сондай-ақ, әлеуметтік саладағы ықтимал әсері толыққанды негізделді.
Жоғарыда көрсетілген әрбір сапалық және сандық әдістер "Үш тұғырлы тіл" саясатының күшті және әлсіз жақтарын саралап-топшылауға көмектесті. Осыған орай, барлық жақтан саясаттың Қазақстанға тигізер мүмкін әсері анықталды.

C. Зерттеу қорытындысы
Сауалнама және құрылымданбаған сұхбат бойынша ақпараттар жинастырылған еді. Жүргізілген сапалық және сандық әдіс бойынша нәтиже қорытындыланды.
Онлайн сауалнама нәтижесі (Қосымша 1):
Сауалнама, жалпы, жергілікті Қызылорда тұрғындарынан алынып, 8 сұрақтан құралды. Респонденттер ойын ашық түрде білу мақсатында 2 ашық сұрақ пен 6 жабық сұрақ қойылды(https:ru.surveymonkey.com rKZ9C8R6).
Жалпы респонденттер саны-50, олардың ішінде 16-25 жас аралығында-34 адам(68%), 26-45 аралығында 10 ересекті(20%) құраса, қалған 12%-ы-45 және 64 жас аралығындағы адамдарды құрады.
Сауалнамаға қатысқан респонденттердің 32-сі әйел, қалған 18-і ер адамдар.
"Үш тұғырлы тіл" саясатын қабылдаудың Қазақстан үшін маңызы зор" тұжырымдамасына жауап берушілердің 64%-ы толықтай келіседі, 24%-ы жеткілікті түрде келіссе, 8%-ы атаулы "Үш тұғырлы тіл" саясатына бейтарап және 4%-ының келіспейтіні анықталды. Бұдан саясаттың жағымды әсерінің басым екендігіне қорытынды жасауға болады.
"Мемлекетімізде "Үш тұғырлы тіл" саясатын қабылдау қай саланың дамуына тиімді?" сұрағы бойынша қатысқан 50 адамның 36-сы әлеуметтік жағынан, экономикалық тұрғыдан 26-сы, 23 және 19, сәйкесінше, мәдени және саяси жақтан дамуға ықпал жасайтыны туралы жауап алынды. Бұл саясаттың халық үшін арнайы бағдарланып жасалған тиімді саясат екендігіне дәлел болатынын негіздейді.
"Нақтырақ қарастырып көрер болсақ, қандай мүмкіндіктер бере алады?" ашық сұрағына қатысушылардың біршама жауабы экономикалық дамудағы мүмкіндіктерді қамтыды. Мәселен, нақтылар болсақ, респонденттердің шамамен (12)-і(27 адам) тәжірибе алмасу мен дипломатиялық қарым-қатынастарда үлесі көп екені туралы қорытынды жасалынды. Сондай-ақ, әлеуметтік тұрғыда 14 жауап беруші тілдік барьерді жою мен шетелде жұмыс жасауда көмек беретіні туралы піірге келді. Шыны керек, атаулы саясаттың басты мақсаты-білім деңгейін көтеріп, дамыған 30 елге кіруді көздегендіктен, жиналған жауап бойынша нәтиже ойдағыдай болды.
"Мемлекет тарапынан үштілділікті дамытуда іс-әрекеттер қаншалықты іске асырылуда?" сауалнама сұрағы бойынша 0-ден 10-ға дейінгі шкала көрсеткіші 6 баллды көрсетті. Көбінесе, жастар(16-25) мемлекет тарапынан жұмыс жасалынып жатқанын тұжырымдаса, ал 25 жастан жоғары және ересектер әкімшіліктің бейтарап қарап жатырғаны туралы мәлімдеді. Атаулы саясаттың көп жағдайда арнайы жастарға бағытталып, әрекеттің жасалынып жатырғаны көрініс табады.
"Ал атаулы саясат("Үш тұғырлы тіл") жалпы Қазақстанға қандай қауіп-қатер тудыруы мүмкін деп ойлайсыз?" кезекті ашық сұрағы туралы халық пікірі екіге бөлінді: 26%-ы-ешқандай жағымсыз әсер бермейтінін көрсетсе, қалған топ өкілдері(74%)-тіл мен мәдениеттің, ұлттық код пен патриотизмнің жоғалуын кемшілік ретінде қарастырды. Бұл әрбір жас категориясының түсінігінен әлсіз тұстарды қарастыруды тиек етті.
"Үш тұғырлы тіл" саясатын қолдайсыз ба?" қорытынды сұрағын қою арқылы зерттеу респонденттің екі жақты саясаттың ықпалын толыққанды саралап, жауап беруін көздеді. Жауап берушінің 88%-ы саясаттың керек екендігі туралы, ал 12%-ы "жоқ" деген тұжырымдамаға келді. Атаулы саясат өз кезегінде даму жолындағы басты аспектілердің бірі екеніне көз жеткізуге болады.
Жүргізілген сұхбатты қорытындыласақ (Қосымша 2), М.Н.Дүйсембайқызы "Үш тұғырлы тіл" саясатының ықтимал әсерін ғана емес, аударма бюросы мен орталықта осы уақытта өткізіліп жатырған жүйе туралы да ақпарат беріп өтті. Өз сөзінде М.Н.Дүйсембайқызы бүгінде жергілікті жерде құжат айналымының 98%-ы қазақ тілінде жүргізілетінін атап өтті. Яғни, бұл әлі күнге дейін қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін анықтайды. Орталық басшысы Қазақстан тарихы мен неміс тілінің маманы болып жұмыс жасағандықтан, түрлі мысалдармен, мәселен, үш тілді еркін меңгергендегі мүмкіндіктермен бөлісті. Жалпы, "Іргетас туылған кезде қалыптасады, ал бұл мықты болуы үшін балабақшадағы, мектептегі мұғалімдердің тілді үйретуде сауаттылығы жоғары болуы қажет" жолдарынан тілдің жоғалып кету қаупінің адамға және оның ортасына тікелей байланысты екені туралы қорытынды жасауға болады. Әлбетте, жаһандану заманында тек қазақ тілімен шектеліп қою да мүмкін емес, сондықтан атаулы "Үш тұғырлы тіл" саясатының ақпарат жинауда, жаһандану тіліңе өз деңгейінде оңай сіңісіп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТІЛДІК СӘЙКЕСТІЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Ұлт саясатының ұғымы
Тіл саясатының республикадағы ұлтаралық қарым-қатынастарға ықпалы
Қазақстан тарихындағы тіл саясаты
Саяси мәдениет
Мемлекеттік тіл саясаты
Саяси сана
Мәдени саясат
Қазақстандағы ұлт саясаты: мәселелері және келешегі
Ұлттық саясатты іске асыру тетіктері
Пәндер