Есіл және Қалқұтан өзенінің, Шортанды ауданында


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л. Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Тельманкызы Акерке
«Шортанды ауданы топонимикасының физикалық-географиялық негіздері»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандық 060900 - «География»
Нұр - Сұлтан 2021
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л. Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Жаратылыстану ғылымдары факультеті
Физикалық және экономикалық география кафедрасы
«Қорғауға жіберілсін»
Кафедра меңгерушісі
Рамазанова Н. Е
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Шортанды ауданы топонимикасының физикалық-географиялық негіздері»
Мамандық 060900 - «География»
Орындаған: Тельманкызы А.
Ғылыми жетекшісі: Егінбаева А. Е
Нұр-Сұлтан 2021
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
Жаратылыстану ғылымдары факультеті,
Физикалық және экономикалық география кафедрасы,
“География” - 5В060900 мамандығы
“Бекітемін”
Кафедра меңгерушісі
Н. Е. Рамазанова
“___”20___ж.
Дипломдық жұмысты орындауға арналған
ТАПСЫРМА
Студент: Тельманова Акерке
4 курс, Гг-41 тобы, 5В060900 - «География» мамандығы
- Дипломдық жұмыс тақырыбы:
«Шортанды ауданы топонимикасының физикалық-географиялық негіздері»
“ ” 20ж. №ректордың бұйрығымен бекітілді
- Дипломдық жұмысты тапсыратын уақыты:“ ” 20ж.
- Жұмыста алынған мәліметтер (заңдар, кітаптар, зертханалық-өндірістік мәліметтер)
- Дипломдық жұмысты жасауда туындайтын сұрақтар
- Графикалық мәліметтер тізімі:
- Ұсынылған негізгі әдебиеттер тізімі:
- Жұмыс бойынша кеңес беру (оларға қатысты жұмыстың бөлімдерін
көрсету)
Нөмері
Бөлімнің атауы
Ғылыми жетекші,
Кеңес беруші
Тапсырманы алу
уақыты
Тапсырманы алған
(қолы)
Егінбаева А. Е.
.
- Дипломдық жұмысты орындау кестесі
Тапсырманың берілген уақыты: “ ” 20ж.
Ғылыми жетекші: Егінбаева А. Е. PhD докторы, доцент м. а.
Тапсырманы орындаушы: студентТельманкызы А.
МАЗМҰНЫ
Қосымшалар
Кесте 1. Шортанды ауданының топонимдер топтамасы
Кесте 2. Орогендік терминдер
Кесте 3. Гидронимиялық терминдер жүйесі
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Елдің тарихы да, жердің тарихы да жер - су атауларымен сабақтас. Жер - су атаулары өлкенің келбеті, табиғи байлыктары туралы деректеп, сол жерді мекен еткен адамдар туралы мәлімет береді. Топонимикалык зерттеу тарихи этнография мен өлкетанудағы аса маңызды әрі күрделі мәселенің бірі. Рухани мұрасының басым бөлігін ауызша күйде сақтап келген ел үшін жер тарихы жайлы деректерді анықтау ғылыми маңызды. Жер - су аты тарих хаты болғандықтан да жер атаулары тарихын зерттеп, олардың нақты кеңістіктегі орындарын анықтау тың дерек көздерін ашуға, олармен жұмыс істеудің әдістерін жетілдіруге, тарихтың көмескісін анықтауға қызмет етеді. Саяси тұрғыдан алғанда, тарихи атауларды калпына келтіру - тәуелсіз елдің ұлттық сана тәрбиесінің калыптасуының алғашқы белгілерінің бірі. Осы саяси маңызды істі жүзеге асыруда Ақмола облыстық әкімдігі мен ономастикалык комиссия тарапынан жасалған ықпалды шаралар нәтижесінде біршама елді мекен аттары өзгертілді.
Шортанды ауданының және бұл өңірге жақын жаткан жерлердің жер су атауларының қалыптасқан тарихи жүйесін ХІХ ғасырдың ортасындағы жағдаймен байланыстыра қарастыруға болады. Осы мақсатта ХІХ ғасырдың ортасындағы жасалған карталар және статистикалык зерттеу жұмыстары бізге мол дерек мәлімет береді. Тарихи топонимикалык жүйенің қалыптасуы мыңдаған жылдарды қамтиды. Шортанды ауданының жер - су атауларының қалыптасу барысы да осы үрдіске тән жалпы заңдылықтарға сәйкес аса ерекшеленбейді. Оны бірнеше тарихи кезендермен байланыстыра зерттеуге болады.
Елді мекен, жер - су атаулары осы жерде ғасырлар бойы жасап келе жатқан халықтың ана тілінде жасалып келші және жасалуы тиіс. өзгермей таза сакталуы керек. Ғасырлар бойы осы ата жұртында көшiп-қонған, жаз жайлап, қыс қыстаған, өмір сүріп өзінің бүкіл ұлттык тарихын жасап келген халық сол жердің, ата мекен атауларын сақтуға толық құқылы. Сол жерді мәңгілік жайлап келген, кем дегенде екі - үш ғасырдан бері осы жерлерді тұрақты түрде мекендеп келген халық авторлығымен қойылған, қалыптастырылған елді мекен мен жер - су атаулары халыкты топоним санатына кіреді. Жер - судың тарихи қалыптасқан географиялық атауларын қасақана жою - бұрынғы өткен тарихты кәдімгідей өшірумен тең нəрсе.
Шортанды ауданында Қалқұтан өзенінің жоғарғы ағысын бұрын қазақ Шортанды Қалқұтан деп атаған. Қалқұтан өзенінің ескі арналары мен жаңа арналары арасындағы жан-жағы сумен қоршалған құрғақ жерлерді Аралтөбе деп атаған. Қалқұтан өзеніне құятын өзендер бірнешеу: Талқара, Боқсық, Аршалы. Сол салалардың қосылған аралыктары қосымша атымен аталған. Қазақ жер-су атауларын нақты бір байланысты анықтап айту мақсатында осыны дағды еткен. Жоғары ағысында Қалқұтанды Шортанды Қалқұтан деп атаса, ашық жерлермен аққан тұсын Жалаңаш Қалқұтан, ағаш өскен жерлерін Талды Қалқұтан, Аршалы Қалқұтан деген, ал оның бір саласы болып табылатын Боқсық өзенінен төменгі ағыс жағын Шақаман Қалкұтан деп атаған.
Жұмыстың өзектілігі.
Жұмыстың мақсаты
Қойылған мақсатқа жетудегі шешілген міндеттер :
Зерттеу нысаны
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі
1 Шортанды ауданы топонимикалық жүйесі қалыптасуының географиялық және тарихи алғышарттары
1. 1 Физикалық-географиялық жағдайының топонимдер қалыптасуындағы рөлі
Шортанды ауданы Ақмола облысының орталық бөлігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. Орталығы - Шортанды кенті. Шортанды ауданы 1939 жылы құрылған. Шортанды ауданының аумағы 467450 га құрайды. Шортанды ауданы Сарыарқаның солтүстігінде орналасқан. Батыстан шығысқа қарай 125 км, солтүстіктен оңтүстікке 35 км созыла орналасқан. Шортанды ауданы Ақмола облысының орталық бөлігінде орналасқан. Ол солтүстігінде Ақкөл аймағымен, шығыста Ерейментаумен, оңтүстігінде Целиноград, батысында Астрахан аудандарымен шектеседі.
Қазіргі кезде ауданда 29 елді мекен 2 кенттік 9 ауылдық округке біріктірілген: Андреев ауылдық округі, Бектау ауылдық округі, Бозайғыр ауылдық округі, Дамса ауылдық округі, Жолымбет кенттік әкімдігі, Новокубан ауылдық округі, Новоселов ауылдық округі, Петров ауылдық округі, Пригородный ауылдық округі, Раевка ауылдық округі, Шортанды кенттік әкімдігі.
ОШАҚ -қоныс, Сілеті өзенінің жоғары ағысының сол жағалауында, Шортанды ауданында. Сол жерде қазылған жер ошақпен байланысты болған кейін жер атауына берілген.
ОШАҚ -ауыл. Шортанды ауданында
ОШАҚҚАРАСУ -қоныс. Қаражар өз-нің сол жағасында, Шортанды ауданында.
НОВОКУБАНКА -ауыл, Шортанды кенті мен т. ж. ст-нан батысқа қарай 18км жерде Қалқұтан өзенінің сол жағасында, Шортанды ауд-нда. Тұрғыны 1, 8 мың адам (2004) . Іргесі 1934 ж. қаланған. Іргесін Кубаннан (Ресей) Қазақстанға қоныс аударған шаруалар қалағандықтан қойылған атау.
НАЙЗАТОМАР -қоныс. Сарықамыс өзенінің оңтоңтүстік бастауында, Шортанды ауданында. Найза іспеттес сүйір боп келген томарлары бар жерге қойылған атау.
ЛУКАШОВКА -ауыл. Шортанды ауданындаа. Кірме антропотопоним
ҚАРАТӨБЕ -ауыл. Шоптанды ауданында. Қысы-Жазы басына шөп өспейтін қарайып жатқан төбе болғандықтан осылай аталуы мүмкін.
ҚОҢЫРАДЫР -тау. Есіл және Қалқұтан өзен аралығында Шортанды ауданында.
Атаудың тарихы мен шығу тегі. Қазақ тілінен аударғанда «Шортанды» «шортан жері» дегенді білдіреді: «шортан» - «шортан», «ды» заттың зат есімін заттың белгісін білдіретін, яғни сөзбе-сөз «шортан» белгісін білдіретін жұрнақ. Жақын жерде өзенде шортан бар. 1929 жылы халық шаруашылығының бірінші бесжылдығына сәйкес теміржол желісі Ақмолаға (кейінірек - Целиноград, қазіргі кезде - Нур-Сұлтанға) жетті. Шортанды ауылының пайда болуы теміржол вокзалы құрылған 1929 жылдан басталады. 1933 жылы мамырда астық пен азық-түлік жинауға арналған қыш қоймалар салынды. Сәл алысырақта адамдарға арналған екі казарма салынды. 1929 жылы 8 қарашада кестеден 3 апта бұрын алғашқы теміржол пойызы біздің станция арқылы өтіп, Ақмолаға жетті. Енді Петропавлдан Ақмолаға дейін бу және тепловоздар жүретін бір жолды жол салынды.
Бектау - Шортанды ауданындағы ауыл. Ауылда орта мектеп, кітапхана, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория, наубайхана бар. «Бектау» ЖШС, кірпіш зауыты жұмыс істейді. Пригородное - Ақмола облысы Шортанды ауданындағы ауыл, Пригородный ауылдық округі орталығы. Аудан орталығы - Шортанды кентінен солтүстік-батысқа қарай 53 км-дей жерде, Балықтыкөл көлінің солтүстік-шығысында орналасқан.
Андреевка - Шортанды ауданындағы ауыл, Андреев ауылдық округінің орталығы - Шортанды кентінен батысқа қарай 50 км, Нұр-Сұлтан қаласынан солтүстік-батысқа қарай 110 км жерде орналасқан. Іргесі 1936жылы қаланған. Ең жақын темір жол стансасы - Қараадыр (25 км) .
Қараадыр - Шортанды ауданындағы станция, Петровка аудандық округінің құрамында. Шортанды кентінен оңтүстік-батысқа қарай 69 км жерде орналасқан. Транссібір магистралімен салынды. 1930 жылдан халық көп қоныстана бастады. "Алтын-Дән 2030" ЖШС шаруашылық кәсіпорны бар.
Климаты. Шортанды ауданының территориясы құрғақ жазық зонасында жатыр, климаты континенталды болып мінезделеді: қыста суық жалғасумен және жазда ыстық құрғақ. Мұндай жылдам континенталды климат келісілгендей, біріншіден, су бассейіндерінің (теңіз және мұхит) алшақтығы, Орта Азия шөл аудандарына жақындығы. Бұл сондай-ақ атмосфералық жауын мөлшерінің жетіспеушілігін құрайды, дымқылдық келгенде тез булануына алып келеді. Осы аудан климатының маңызды факторы, Сібір орталығы территориясы бекітетін жоғары қысым орталығының жақындығы.
Геологиялық құрылымы. Жердің геологиялық құрылымы каледондық және герциндік шөгінділер кезеңінде қалыптасты. Палеозой дәуірінің соңында континенттік формация кезеңі басталды: ұзақ уақыт бойы тегістеу нәтижесінде пайда болған таулы аймақ мезозой эрасында біртіндеп қыраттарға айналды. Аудан аумағы негізінен палеозойлық метаморфтық тақтатастардан, кварциттерден, құмтастардан, альбитофиралардан, әктастардан, конгломераттардан тұрады. Олармен бірге интрузивті (гранит, диорит, габбро және т. б. ) және эффузивті жыныстар кең таралған. Солармен бірге интрузиялық (гранит, диорит, габбро, тағы басқа) және эффузиялық жыныстар кең таралған Байырғы платформалық қабатын жыныстарды неогенмен төрттік дәуірлердің сарғылтым шөгінділерінің қалың қабаттары жатыр. Кең байтақтарынан алтын, уран, боксит, сүрьме, мыс, молибден, кобальт, көмір, каолин сазы, кварц құрамы, құрылыс материалдары, тағы басқалары өндіріледі.
Жер бедері. Жер бедері саздар мен саздақтардың қат-қабатынан түзілген белесті жазық. Ең биік жері ауданның шығыс бөлігіндегі Көңқыр төбесі (458 м) . Жер бедерінің кей жері ірі құмды, шақпақтасты. Жағалары көлбеу және жайпақ, тұйық ойпауытты қолаттар кездеседі. Көктемде олар ені бірнеше жүз метрге жететін уақытша көлдерге айналады. Кен байлықтарынан алтын, кірпіштік саз кездеседі. Ауданның абсолюттік биіктігі 300-400 м-ден аспайды. Шоқылардың салыстырмалы биіктіктері 100-150 м-ге жетеді. Орталық Қазақстанның аласа таулы белдеуіннен солтүстікке қарай жер бедерінің ірі кертпешті екі басбалдағы жатыр. Ортанғы баспалдақ (кертпеш) денудациялық жазықтарымен көрініс тапқан (500-600 м) . Төменгі баспалдақ денудациялық жазықтарымен айқындалғанымен (250-300 м), олардың ішінде оқшауланған қыраттар кездеседі. Аудан Сарыарқаның аласа келген тармағына жатады. Негізінен жеке қырқалар, жалдар немесе салыстырмалы түрде биіктеу келген төбешікті жер бедерімен сипатталады. Аласа таулар мен төбешікті тауларға кайнозой кезеңіндегі біршама қарқынды көтерілген жақпартастар тән.
[Ақмола облысы энциклопедия, Алматы 2009ж., 13-14 бет]
Гидрографиялық желісі . Аудан жері арқылы Қалқұтан өзенімен оның салалары Дамса, Ащылыайырық, Талқара, Сарықамыс өзендері ағады. Мұнда Балыкты, Бозайғыр, Сасықкөл, Шошқалы , т. б. көлдер бар. Жерінде қара және қызғылт қоңыр топырақ тараған. Ірі өзендері Есіл оның салалары Құлқұтан, Жабайы, Терісаққан, Нұра, Сілеті, Өлеңті, Құланөтпес , т. б. 11 көлмен және бірнеше ұсақ ағынмен (Талқара, Колутон, Шыка, Ащылы-Айрық өзендері ) ұсынылған, олардың ағымы шамалы. Жер асты суларының қоры пайдалану үшін келешегі жоқ. Аудан аумағы арқылы өтетін негізгі су жолы - Дамса өзені үш елді мекенді сумен қамтамасыз етудің негізгі көзі болып табылады.
Топырағы. Шортанды ауданы Ақмола облысының оңтүстік қара топырақтардың субзонасында жатыр. Аумағы 3673, 6 мың га. Төбелі-жонды келген құрғақ далада жайласқан. Гумус горизонтының қалыңдығы 45-47 см құрайды, құрамындағы қарашіріндінің мөлшері 4-5%. Карбонттар көбінесе жер бетіне шығып жатыр. Қара топырақтың құнарлығын арттыру және жоғары тиімділікпен пайдалану үшін фосфор, кейде азот тыңайтқышы енгізіледі.
[Ақмола облысы энциклопедия, Алматы 2009ж., 20-бет]
Өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі. Флора негізінен келесі түрлермен ұсынылған: қауырсынды шөп, бетеге, жусан, тұз жалайтын өсімдіктер нашар көрінеді. Ылғалдылығы жоғарылаған жерлерде шөптер бидайық шөптері, жолжелкен, мың жапырақты, шалфей, сәбіз және басқалары басым болып келеді. Мұнда жабайы раушан, шабындық, тал, көктерек, қайың және қарағай бейнеленген ағаштар мен бұталар бар. Дала шөптерінің шөптерінде ксерофильді шымтезек тәрізді шөптер басым: қауырсынды шөп, қызыл бетеге, жіңішке аяққа ие. Форбтар шалфей, мелилот және басқалармен ұсынылған. Тұз жалаулары мен таулардың дамымаған топырағында көкірек қоспасы бар жусан басым. Мүктер, қыналар және жас өскіндер бар. Ылғалдылығы жоғарылаған жерлерде бидай шөптері, цинквейл, мыңжапырақ, жолжелкен, шалфей өседі. Ағашты және бұталы өсімдіктер бар: олар жабайы раушан, шабындық, тал, көктерек, қайың және қарағайдан тұрады. Арамшөптерден мыналар кең таралған: сары ошаған, жабайы сұлы, дала тұқымдасы, эвфорбия, ошаған.
Далалық қауымдастықтар (бетегелі - боз бетегелі - бозды- әр түрлі шөптесінді және бе- тегелі - жусанды - әр түрлі шөптесіндер ) негізі- нен тау алды жазықтарға, шоқылар мен аласа таулардың қайраңдық беткейлерінде өседі . Ұсақ шоқылықтардағы шалғынды өсімдіктер сонымен қатар ормандық өсімдіктер типтері жер бедерінің көптеген шоқыаралық ойлауытты жерлерінде кездеседі. Мұнда қайыңды-теректі шок ормандар және қандыағаштан тұратын (Ерейментау массиві) реликті шағын орман өседі. Орман шоқтары мен қандыағаш өскен жерлерде қазтамақ, Сібір қоңыраугүлі, бес жапырақты беде және жіңішке қоңырбас кездеседі. Ылғалдылығы мөлшерден тыс жер- лердегі қандыағаш шоғырларында бореалдық флора кездеседі . Олар : кәдімгі мойыл, кәдімгі шәңгіш, итмұрын, кара қарақат, дөңгелек жапырақты алмұртшөп, сыңар бүйірлі бүйіргүл, орман қырықбуыны, кәдімгі құлмақ, қияқ, тағашөп, т. б. кездеседі.
Жануарлардан қасқыр, қарсақ, түлкі, қоян, борсық, суыр, суыр мекендейді; құстардан - қарға, қырық, Торғай, керік, құр, патка, суда жүзетін құстардан - қаз, үйрек, анда - санда аққу мекендейді. Аумақтарды жырту жануарлар әлемінің тұрғындарына әсер етіп, оның азаюына әкелді. Аймақ ішіндегі фон түрлері - бұл суыр және жер тиін, олар коммерциялық маңызы бар. Кеміргіштерден хомяктар, дала лимонграссасы, дала және үй тышқандары тіршілік етеді. Жыртқыш құстардың мұндай фондық түрлері сирек кездесетін болды - дала қаршығалары, балабандар, пусталга, қызыл желектер, қысқа құлақ және ұзын құлақ үкі, дала бүркіттері. Суда жүзетін құстардың жануарлар популяциясы сүңгуір үйректерден, құстардан, қабықтардан тұрады. Жыртқыш аңдардың негізгі түрлері - қасқыр. Сонымен қатар қызыл түлкі, қарсақ, қоян бар.
Аудан аумағында кейбір жануарлардың ареалдық шекаралары өтеді. Мысалы, жабайы кой арқардың, жалпақбасты тоқалтістің (Ерейментау таулары) солтүстік-батыс шекарасы саналса, қызылтұмсықты сарьшгүнактың ба- тыс шекарасы, отқұйрықты қараторғай, үнді торғайы, жартасты сарыторғайдың (Ерейментауда ), шиқылдак дала тышканының, сұр аламан тышқанның, үшсаусақты қосаяқтың, қалқан тұмсықты жылан, түрлі-түсті кесірттің солтүстік шекарасы саналады. Сонымен қатар, кіші сарышұнактың шығыс шекарасы, қызыл тоқалтістің, еуропа кiрпiсiнiң, үлкен ала және қара тоқылдақтың, ақ құрдың, ақбас сарыторғайдың, тірі туатын кесірткенің, кәдімгі сұржыланның оңтүстік шекарасы өтеді. Далалық және шалғындық шөптесіндері бітік шыққан орманды дала белдеміне орман мен дала жануарларының аралас кездесуі тән. Сүтқоректілер орманға тән жануарларға бұлан мен Сібір елігі, сілеусін мен ақкіс, кейбір жылдары көп мөлшерде ақ қоян, қарағайлы шоқ ормандарға жерсіндірілген ак тиіндер, тышқан тұқымдастардан қызылтоқалтіс, орман Тышқаны, ал жәндікқоректілерден кәдімгі және ергежейлі жертесер (ала жертесер), сонымен бірге саны аз еуропалық кірпі тән . Орманды жерлерді мекендейтін құстарға : құр, акқұр, тоқылдақтар (үлкен ала және қара), кокшымшық (ұзын құйрықты, қарабасты шoжeторғай), сарыторғай (ақбасты және бакшалық), орман кептері (кәдімгі және үлкен), тентеккұс, көкек, сайрауык, мысықторғай, суықторғай (сұр, қара мандайлы) ; Қарағайдың мол жеміс берер жылдары кайшыауыз шырша торғайлары ұшып келді.
Жер ресурстары. Ауданның салалық бағыты агроөнеркәсіптік болып табылады. Шортанды ауданы - негізгі бағыты астық өндірісі болып табылатын Ақмола облысының негізгі ауылшаруашылық аймақтарының бірі. Ауыл шаруашылығының айтарлықтай әлеуеті тамақ өнеркәсібінің дамуына ықпал етеді. 2017 жылғы 1 қарашадағы жылдық жер балансының мәліметтері бойынша ауылшаруашылық жерлерінің көлемі 386, 340, 2 га құрайды, оның ішінде 273, 529 га жыртылатын жерлер, 107 320, 4 га жайылымдар, 1076 га шабындықтар, ал 199 га тыңайған жерлер.
1. 2 Тарихи-географиялық факторлардың жер-су атауларындағы көрінісі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz