Иннновациялық қызметтің нарық экономикасындағы орны



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Иннновациялық қызметтің нарық экономикасындағы орны
1.1 Кәсіпорындағы инновациялық қызмет, оның мәні, маңызы және жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Ғылыми . техникалық прогрестің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.3 Инновациялық процесс және инновациялық саясат ... ... ... ... ... ... .11

2. «Орифлейм» ПКФ.ның инновациялық қызметін талдау
2.1 «Орифлейм» ПКФ.ның жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.2 Кәсіпорынның инновациялық қызметіне талдау ... ... ... ... ... ... ...18
2.3 Қазақстан Республикасының Индустриялық.инновациялық дамуының 2005.2010 жылдарға арналған стратегия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

3. Кәсіпорында инновациялық қызметті дамыту жолдары
3.1 Кәсіпорынның инновациялық қызметін дамытудағы шетелдік озық тәжірибелерді қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
3.2 Кәсіпорынның инновациялық қызметін дамытудағы нақты ұсыныстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
Біздің еліміздің болашағы - оның интеллектуалды қоры, ғылымы және инновация жетістіктерінде. Бұл сөздер Президент Н.Ә. Назарбаевтың халық-қа арналған жолдауында айтылған болатын. Өмір өзі көрсеткендей, шикізат сатуға бейімделген экономика құлдырауға бағытталған. Тек жоғары сапалы, ең соңғы ғылым жетістіктеріне сай техника мен технологиялар ғана экономиканы көркейтіп, халық өмірін жақсартуға қабілетті. Сондықтан да, ғылымға және ғылыми – техникалық және инновациялық саясатқа ерекше көңіл бөлуі тиіс. Міне, осы курстық жұмыстың өзектігі болып табылады.
2003 жыл индусртиялық – инновациялық стратегиямызды іске асырудың алғашқы жылы болды. Елімізде даму институттары құрылып, олар қазірдің өзінде өңдеуші салаларды жақсартуға нақтылы жағдай жасай бастады. Даму банкі жарты миллиард доллардан астам сомаға 20 инвестициялық жобаға кредит бөліп отыр.
Жазылып отырған курстық жұмыстың басты мақсаты инновацияларды және инновациялық прогресті жан – жақты зерттеу, олардың жіктелуін көрсету, Қазақстан кәсіпорындарының инновациялық қызметіне талдау жасау. Курстық жұмыстың объектісі - «Орифлейм» кәсіпорны, пәні және аталмыш кәсіпорынның инновациялық қызметі болып табылады.
Бұл курстық жұмыста көптеген әдебиеттер қолданылған. Ол дегеніміз – газеттер, журналдар және кітаптар.
«Қазақстан - 2030» стратегиясының ең тұтқалы басымдылықтарының бірі экономиканың теңгерімді дамуының, жалпы ұлттық өнімн құрайтын шикізат-ты жоғары технологиялы, оның ішінде экспорттық өнімге кезең - кезеңмен алмастыру және елдің ғылыми – техникалық әлеуетін тиімді пайдалану негізінде экономикалық өсу болып табылады.
Қазақстанда бұл үшін барлық алғы шарттар бар. Бұл – бай табиғи ресурс-тар, бос өндірістік қуаттардың болуы, жеткілікті білікті ғылыми - техника-лық қызметкерлер және жоғары жалпы білімділік деңгейімен ұштасқан арзан жұмыс күші, бірқатар технологиялық тұрпаттар бойынша дайындықтардың болуы.
Сонымен бірге, бірқатар бөгеуші факторлар да бар. Атап айтқанда, соңғы жылдары Қазақстанның технологиялық тез мешеуленуінің деңдеген кезі болды. Қазіргі өндірістің тұқыртылуы, өндіргіш күштердің индустриясыздануы, өндірістің абсолюттік көрсеткіштерінің күрт қызқаруы және жанбасылық, тұтыну мен қорланудың төмендеуі тегеурінді экономика-лық даму үшін республиканың аттаныс жағдайын едәуір күрделендіреді.
Экономикалық қарым – қатынастардың жалпы жүйесінде инновациялық қызметке негізгі орын беріледі, өйткені елдің экономикалық қуаты оның ақырғы нәтижелерімен - өндіріс тиімділігін көтерумен ғылымды қажетсіне-тін өнім көлемін өсірумен айқындалады.
Бүгiнгi әлемдiк экономикада Қазақстан Республикасының өзiндiк орны айқындалып қалды. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық
1. Мейірбеков «Кәсіпкерлік экономикасы» 151-157 бет. Кәсіпорынның
2. Горфинкель В.Я «Экономика предпиятия» М: Инфра-М,1997 г.
3. Иванов И.В «Высокотехнологичные предприятия в эпоху глобализации» Поблишер,2003 г.
4. «Саясат журналы» 2004 жыл №2, 57-60 бет.Бороли Қ. Инновацияның даму жолдары.
5. «Қаржы – қаражат»журналы 2004 жыл, №2 92-96 бет.Сапарбаева. Отандық кәсіпорынның инновациялық қызметі.
6. ҚР Президенті мен ҚР Үкімітінің Актіле жинағы 2001 жыл №17, 33-64 бет, №30 4-50 бет.ҚР Президентінің «ҚР индустриалдық – инновациялық дамуының 2003-2015жж арналған стратегиясы».
7. «Жетісу» газет3 2004 жыл, №34 2-3,6 бет. Ел басының халыққа жолдауы.
8. «Инновационный менеджмент» под ред. Оголяева 2001 г7
9. «Орифлейм» ПФК-ның қаржы – шаруашылық қызметенің нәтижелері туралы есеп.
10. Қазақша – орысша сөздік.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Иннновациялық қызметтің нарық экономикасындағы орны
1.1 Кәсіпорындағы инновациялық қызмет, оның мәні, маңызы және
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...5
1.2 Ғылыми – техникалық прогрестің экономикалық және әлеуметтік
тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

1.3 Инновациялық процесс және инновациялық саясат ... ... ... ... ... ... .11

2. Орифлейм ПКФ-ның инновациялық қызметін талдау
2.1 Орифлейм ПКФ-ның жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.2 Кәсіпорынның инновациялық қызметіне талдау ... ... ... ... ... ... ...18
2.3 Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2005-2010
жылдарға арналған стратегия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

3. Кәсіпорында инновациялық қызметті дамыту жолдары
3.1 Кәсіпорынның инновациялық қызметін дамытудағы шетелдік озық
тәжірибелерді қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
3.2 Кәсіпорынның инновациялық қызметін дамытудағы нақты
ұсыныстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...30

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34

Кіріспе

Біздің еліміздің болашағы - оның интеллектуалды қоры, ғылымы және
инновация жетістіктерінде. Бұл сөздер Президент Н.Ә. Назарбаевтың халық-қа
арналған жолдауында айтылған болатын. Өмір өзі көрсеткендей, шикізат сатуға
бейімделген экономика құлдырауға бағытталған. Тек жоғары сапалы, ең соңғы
ғылым жетістіктеріне сай техника мен технологиялар ғана экономиканы
көркейтіп, халық өмірін жақсартуға қабілетті. Сондықтан да, ғылымға және
ғылыми – техникалық және инновациялық саясатқа ерекше көңіл бөлуі тиіс.
Міне, осы курстық жұмыстың өзектігі болып табылады.
2003 жыл индусртиялық – инновациялық стратегиямызды іске асырудың
алғашқы жылы болды. Елімізде даму институттары құрылып, олар қазірдің
өзінде өңдеуші салаларды жақсартуға нақтылы жағдай жасай бастады. Даму
банкі жарты миллиард доллардан астам сомаға 20 инвестициялық жобаға кредит
бөліп отыр.
Жазылып отырған курстық жұмыстың басты мақсаты инновацияларды және
инновациялық прогресті жан – жақты зерттеу, олардың жіктелуін көрсету,
Қазақстан кәсіпорындарының инновациялық қызметіне талдау жасау. Курстық
жұмыстың объектісі - Орифлейм кәсіпорны, пәні және аталмыш кәсіпорынның
инновациялық қызметі болып табылады.
Бұл курстық жұмыста көптеген әдебиеттер қолданылған. Ол дегеніміз –
газеттер, журналдар және кітаптар.
Қазақстан - 2030 стратегиясының ең тұтқалы басымдылықтарының бірі
экономиканың теңгерімді дамуының, жалпы ұлттық өнімн құрайтын шикізат-ты
жоғары технологиялы, оның ішінде экспорттық өнімге кезең - кезеңмен
алмастыру және елдің ғылыми – техникалық әлеуетін тиімді пайдалану
негізінде экономикалық өсу болып табылады.
Қазақстанда бұл үшін барлық алғы шарттар бар. Бұл – бай табиғи ресурс-
тар, бос өндірістік қуаттардың болуы, жеткілікті білікті ғылыми - техника-
лық қызметкерлер және жоғары жалпы білімділік деңгейімен ұштасқан арзан
жұмыс күші, бірқатар технологиялық тұрпаттар бойынша дайындықтардың болуы.

Сонымен бірге, бірқатар бөгеуші факторлар да бар. Атап айтқанда, соңғы
жылдары Қазақстанның технологиялық тез мешеуленуінің деңдеген кезі болды.
Қазіргі өндірістің тұқыртылуы, өндіргіш күштердің индустриясыздануы,
өндірістің абсолюттік көрсеткіштерінің күрт қызқаруы және жанбасылық,
тұтыну мен қорланудың төмендеуі тегеурінді экономика-лық даму үшін
республиканың аттаныс жағдайын едәуір күрделендіреді.
Экономикалық қарым – қатынастардың жалпы жүйесінде инновациялық
қызметке негізгі орын беріледі, өйткені елдің экономикалық қуаты оның
ақырғы нәтижелерімен - өндіріс тиімділігін көтерумен ғылымды қажетсіне-тін
өнім көлемін өсірумен айқындалады.
Бүгiнгi әлемдiк экономикада Қазақстан Республикасының өзiндiк орны
айқындалып қалды. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық
қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта
түстi. Себебi Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған,
алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi.
Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу
туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр.
Егемендiк алғаннан кейiнгi макроэкономикалық көрсеткiштерге назар
аударсақ ұлттық экономикада 1998 жылдан бастап экономикалық өсу байқалды.
Тiптi соңғы екi-үш жылда ЖIӨ-нiң өсу деңгейi 10% көлемiнде болып отыр. Бұл
шама елiмiз үшiн үлкен жетiстiк, яғни әлем бойынша ЖIӨ өсiмi бойынша басты
орындардамыз.
Бiрақта мұндай жетiстiктерге жетуiмiз жер қойнауымыздағы минералды
қорымыздың бай болуымен және соңғы жылдары мұнай және метал бағасының
өсуiмен тiкелей байланысты. Елiмiз экономикасы әлi де Кеңес Одағы құрып
кеткен шикiзаттық негiзде болып отыр. Ал дамыған елдердiң қай-қайсысын алып
қарамасақ олар шикiзаттық өндiрiстен сервистiк-технологиялық өндiрiске
өтiп, индустриялы-инновациялы дамуға бет алған. Ал шикiзаттық өндiрiспен
даму жағынан артта қалған және дамушы елдер ғана айналысады екен. Елбасы
атап өткендей, елiмiз жоғары дамыған елдер қатарына қосылу үшiн және
экономикамыз шикiзаттық өндiрiске тiкелей байланысты емес тұрақты
экономикалық өсу үшiн бүгiнде инновациялық саясатты тиiмдi жүргiзiп,
әлемдегi дамыған елдердiң қатарына қосылуымыз керек. реформалар жүргiзiп
және ұзақ мерзiмдi стратегиялар мiндеттi түрде керек болды.
Қ.Р-ның инновациялық мәселелерге қызығуы XXI ғ-дың әлеуметтiк –
экономикалық дамуында ең бiрiншi ғылыми техникалық дамумен байланысты болып
отыр. Елдiң негiзгi экономикалық дамуына , яғни өндiрiс пен ғылыми-
техникалық ресурстарды жоспарлау үшiн инновациялық қызмет ең қажеттiсi.
Алдынғы уақыттарда экономикалық өсу факторы ретiнде посткеңестiк
елдерде инновация екiншi деңгейдегi жоспар болып келдi. Бiрақ әлемдегi
дамыған елдер тәжiрибесi және отандық тәжiрибе бойынша тұрақты экономикалық
өсуге қол жеткiзу инновациялық қызметсiз жүзеге аспайтындығына көз жеттi.
Мiне осы себептен сонғы 3-4 жылда инновацияға деген көзқарас өзгердi.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Ұлттық акедемия ғалымдарымен кездесуiнде атап
өткендей, “елiмiзде ұлттық инновациялық жүйе құратын уақыт жеттi” деп атап
көрсеттi.
Өңдеушi өнеркiсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге
қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды, жұмыстар және қызмет
көрсетулер өндiрiсi мемлкеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты
нысанасы болып табылады.

1. Иннновациялық қызметтің нарық экономикасындағы орны

1.1 Кәсіпорындағы инновациялық қызмет, оның мәні, маңызы және жіктелуі

Кәсіпорынның инновациялық қызметі - бұл жаңа немесе өнімнің
жақсартуы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану
мақсатындағы ғылыми – техникалық және зияткерлік әлеуметтік шаралар жүйесі.
Бұл жеке сұранысты, сонымен бірге жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның
мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.
Инновацияның екі тұрпаты ажыратылады:
• өнімділік;
• үдерістік;
Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның түбегейлі өнімділігі ретінде
анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияға негізделінеді, не
тіршілікте қолданылып жүрген технологияның жаңа түрінде пайдалануын
ұштастырады.
Процестік инновация - бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс тәсілін және
технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті ұйымдастыруды
өзгерту.
Жаңалық дәрежедегі инновация негізінде жаңа, яғни өткен, отандық және
шетелдік практикада ұқсастығы жоқ және жаңа нәрсенің салыстырмалы жаңалығы
болып ұсақталынады. Негізінде өнімнің жаңа түрлері, технологиясы және
қызмет көрсетуі басымдық, абсолюттік жаңалықтарға ие болады және үлгінің
түп нұсқасы болып табылады.
Инновацияның өмірілік кезеңі өзара байланысты процестердің және
жаңалықтарды енгізу сатысының жиынтығын көрсетеді. Инновацияның өмірілік
кезеңі уақыт аралығы ретінде идеяның дүниеге келуінен өндірістік өткізуден
алып тастағанға дейінгі инновациялық өнімнің негізінде анықталады.
Кәсіпорынның инновациялық қызметін әзірлеуде, енгізуде, жаңалықтарды
пайдалануда қосылатындары:
• жаңалық идеяны әзірлеу, зертханалық ғылыми жұмыстар, өнімнің жаңа
зертханалық үлгілерін, техниканың жаңа түрлерін, жаңа конструкцияны
және бұйымдарды дайындауда ғылыми – зерттеу және конструкциялық
жұмыстарды жүргізу;
• өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін шикізаттар мен материалдың қажетті
түрлерін таңдап алу;
• жаңа өнімді дайындауда технологиялық процесті әзірлеу;
• қажетті өнімдерді дайындау үшін жобалау, жасау, сынақтан өткізу және
жаңа техникалық үлгілерін енгізу;
• жаңалықтарды іс жүзіне асыруға бағытталған ұйымдастырушылық -
басқарушылық шешімдерді әзірлеу және енгізу;
• қажетті ақпараттық ресустарды және инновацияны ақпаратпен қамтамасыз
етуді зерттеу және әзірлеу;
• қажетті ғылыми – зерттеу және конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін
дайындау, оқыту, жаңа мамандық беру және қызметкерлерді арнайы әдіспен
іріктеу;
• инновацияны жетілдіруді ұйымдастыру және маркетингтік зерттеулерді
жүргізу.
Жаңалықтардың енуін, талдануын, құрылуын қамтамасыз ететін басқарушылық,
технологиялық және экономикалық әдістердің бірігуі кәсіпорынның
инновациялық қызметін құрайды. Оның мақсаты – басқа фирмалармен
бәсекелестігін жоғарылату және өндіру мен сату рентабельділігін жоғарлату.
Кәсіпорын инновациялық қызметте үлкен нәтижелілікке жету үшін белгілі
бір объектіге негізделінуі керек және де ішкі және сыртқы орта факторларын
ескеруі қажет. Ол үшін инновациялардың толық классификациясын, олардың
қасиеттерін және де қаражаттану көздерін білу керек. Кәсіпорын қызметінің
объекті ретіндегі инновациялардың классификациясы 1- кестеде толығымен
көрсетілген. Жаңалықтардың мінездемесінің бірден – бір көрсеткіштері болып
олардың абсолютті және қатысты жаңалығы, басымдылығы мен прогрессивтілігі,
унификация мен стандартизация деңгейі, бәсекелестігі, шаруашылықтың жаңа
талаптарына сай болуы, модернизацияға бейімділігі, экономикалық
эффективтілігінің көрсеткіштері, экологиялық қауіпсіздік және бағы басқа
сайып келгенде, бұл көрсеткіштердің барлығын жаңалықтардың технико –
ұйымдастырушылық деңгейінің және бәсекелестігінің көрсеткіштері деп атауға
болады. Олардың маңыздылығы осы факторлардың кәсіпорын қызметінің соңғы
нәтижелеріне әсер ету дәрижесіне байланысты болып келеді.
Инновациялық қызметтің мотивтері болып сыртқы және ішкі факторлар
саналады. Сыртқы мотивтері:
• шаруашылықтың жаңа талаптарына кәсіпорынның бейімделуі;
• салық, несие – ақша және қаржы саясатындағы өзгерістер;
• сату нарығын жетілдіру мен динамикалау;
• бәсекелестерді активизациялау;
• конъюнктуралық тербелістер;
• құрылымдық салалық өзгерістер;
• жаңа арзан ресустарлдың пайда болуы, өндіріс факторлар нарығының
кеңеюі демек, сұраныстың қысымы, және тағы басқа.
Инновациялық қызметтің ішкі мотивтеріне келесілер жатады:
• сатудың көлемін ұлғайтуға ұмтылу;
• нарық бөлігінің кеңеюі, жаңа нарықтарға көшу;
• фирма бәсекелестігін жақсарту;
• кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігі және қаржылық тұрақтылығы;
• ұзақ уақыт кезеңінде пайданы өсіру.
Мазмұны бойынша Өңдеу мен тарату деңгейі бойынша
Тауарлар Мемлекеттік
Қызметтер Республикалық
Техникалық Регионалды
Ұйымдастырушылық Салалық
Экономикалық Корпоративтік
Экологиялық Фирмалық
Ақпараттық
Жаңалық дәрежесі бойынша Өңдеу мен тарату сфераларына
Абсолютті байланысты
Салыстырмалы Өндірістік
Шартты Қаржылық
Жеке Қызмет көрсету
Сату делдалдық
Білімдік – педогогикалық
Құқықтық
Инновациялық потенциалы бойынша Қаражаттандыру көздеріне байланысты
Радикалды Өз қаржылары
Шоғырланған Тікелей бюджеттік
Модивикациялық Қаржыландыру
Тартылған қаражат
Заемдық қаражаттар
Инновациялық потенциалы
ерекшеліктеріне байланысты
Ұйым ішіндегі
Ұйым аралық

Инновациялық процестің этаптарының
ұзақтылығына байланысты

1-кесте. Инновациялар мен инновациялық процестердің классификациясы

1.2 Ғылыми – техникалық прогрестің экономикалық және әлеуметтік
тиімділігі

Нарықтық экономика жағдайында инновациялық қызметтің тиімділігін
талдау қиындайды және көп сатылылығын білдіреді. Талдаудың бірнші
кезегінде – жаңа техниканы және технологияны қолдану қажеттілігін дәстүрлі
қорытындылайтын техникалық деңгейдегі жеке көрсеткіштер және жаңа техника
мен технологияның тиімділігі.
Техникалық ұйымдастырушылық деңгейінің экономикалық тиімділігін арттыру
көрсеткіштері және өз деңгейінің көрсеткіштері, яғни техниканың,
технологияның, ұйымдастырудың, басшылықтың ғылыми - зерттеу және
конструкторлық жұмыстар жөніндегі көрсеткіштерді әдіснамалық тұлға айыру
қажет. Ең ақырында өндірістің техникалық – ұйымдасыру деңгейі өндірістік
процестің негізгі элементтерін пайдалану деңгейіде байқалады: еңбек, еңбек
құралдары, еңбек заттары. Міне, сондықтан да, мұндай экономикалық
көрсеткіштер, еңбек өнімділгі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну, айналым
қаражатының айналымдылығы ретінде өндірістің қарқынды ресустарын
пайдалануды қамтитын жаңа техника мен технологияның экономикалық деңгейін
арттыру көрсеткіші болып табылады. Жоғарыда аталған көрсеткіштер (еңбек
өнімділігі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну және айналым қаражатының
айналымдылығы) қарқындатудың жеке көрсеткіштері деп аталады. Бұларды талдау
техникалық ұйымдастырушылық деңгейінің нысаны бойынша жүргізу қажет. Жеке
көрсеткіштер мен қатар қорытындылайтын көрсеткіштер де пайдалынылады.
Өндірістің технологиялық деңгейінің ең үлкен дәрежесі технологиялық
әдістік заттарға технологиялық қарқыдылық және технологиялық басқарылатын
процестерге, оның бейімделу – ұйымдық деңгейіне әсер етуіне байланысты
болады. Жобалауда, әзірлеуде және жаңа техника мен технологияны өндіріске
енгізуде бұл шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау төрт кезеңнен
тұрады:
Бірінші кезең – бұл инновациялық шараларды іске асыру үшін қажетті
шығындарды анықтау;
Екінші кезең – бұл қаржыландыру мүмкіншілік көздерін анықтау;
Үшінші кезең – Бұл жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізудегі
экономикалық тиімділікті бағалау;
Төртінші кезең – бұл экономикалық көрсеткіштерді салыстыру арқылы
салыстырмалы жаңалықтардың тиімділігін бағалау.
Жалпы түрінде ғылыми – техникалық прогресті жеделдету тиімділіктің
бірнеше түрін жасайды: экономикалық, ресурстық, техникалық және әлеуметтік.
Экономикалық нәтижелілік – бұл еңбек өнімділігінің артуы, еңбек және
материалдық сыйымдылықтарды төмендету, өнімнің өзіндік құнын кеміту,
пайданы өсіру және пайдалылықты одан әрі арттыру.
Ресурстық нәтижелілік – бұл кәсіпорында ресурстарды босатып алу:
материалдық, еңбек және қаржы.
Техникалық нәтижелілік – бұл жаңа техника мен технологияны ашу,
өнертабыс және оңтайландыру ұсынысы, ноу-хау және басқа да жаңа
енгізілімнің пайда болуы.
Әлеуметтік нәтижелілік – бұл халықты материалдық және мәдени –
тұрмыстық деңгейінің артуы, олардың тауарлар және қызмет көрсетуде
мұқтаждарын қанғаттандыру, жағдай және техниканың еңбек қауіпсіздігін
жақсарту, ауыр қол еңбегінің үлесін төмендету және тағы басқа.
Бұл нәтижелерге қол жеткізуге болады, егер де үкімет тарапынан ғылыми –
техникалық прогресті жеделдетуге толық жағдай жасалса.
Қандай да кәсіпорын болмасын жаңа техника мен технология енгізгенде
белгілі бір шығындарға ұшырайды. Жаңа техниканы енгізуге кеткен шығындар
дегенімізде капиталдық енгізілімдердің, айнымалы қорлардың және адам
еңбегінің қосындысын айтамыз. Экономикалық эффект келесі формула арқылы
табылады:

Э=Р- З

Мұндағы, Э - айырысу кезеңіде жаңа техниканы енгізуден болған
экономикалық эффект тг;
Р - айырысу кезеңіндегі жаңалықтардың құндық бағасының нәтижесі
тг;
З - айырысу кезеңінде жаңа техника мен технологияны енгізуге және
тағы басқа сол сияқты жұмыстарға кеткен шығындарға құндық баға беру тг.
Жаңалықтарды енгізудегі бүкіл кезеңі бойынша әр уақытағы шығындарды
келесідей формула арқылы есептейміз:
Р=Рa
Мұндағы, Р - t жылуындағы құндық баға; a – шығындар көрсетілімінің
коэффициенті.
Келесі жылдардың шығындары мен капиталдық енгізілімдердің вариант
бойынша уақыт факторын ескере отырып есептеу керек. Ол шығындар
көрсетілімінің коэффициенті:
a=(1+Е)
Мұндағы, t – шығындар көрсетілімдердің коэффициенті; Е - әр көлемдегі
шығындардың қабылданған нормативі; Т – шығындар жылы мен нәтижелі жылын бір-
бірінен айырылатын уақыт аралығы.
Сонымен, қорыта келе инновация :
1. Техникалар мен технологиялардың ауысымын қамтамасыз етуге байланысты
экономикаға қаржы жұмсау;
2. Ғылыми – техникалық прогрестің жетістігі нәтижесіндегі жаңа техника
және технология екенін білдік. Инновацияны анықтайтын фактор – ол
өнертапқыштық, оңтайландыру, ірі жаңалықтарды жарыққа шығару болып
табылады.
Инновациялар ғылымды қажет ететін технология негізінде инвестиция арқылы
жаңа құрылыстар салуды және жұмыс істеп тұрған өндірісті қайта құруды
қамтамасыз етеді.
Инновацияның қаржылық базасы кәсіпкердің жеке меншігіндегі қаржысынан
және қарыз қаражатынан құралады. Инновациялық менеджмент банк несиесі,
бағалы қағаздар, ақша нарығына сүйеніп іс жасайды, инвестицияны қатыстыра
отырып, өндірістік жаңа енгізілімін жүзеге асырады.
Инновацияға қатысушылардың арасындағы қатыныстардың тиімділігін
белгілеу: өндірістік субъектісімен, инвесторлармен (тапсырыс беруші), жұмыс
атқарушылармен, жеткізушілермен, олардың жобалу жөніндегі қызметін
үйлестіру, инновациялық жобалауды басқаруда назар аударатын мәселе – оның
нәтижелілігін бағалау.
Инновациялардың өмірлік циклі дегеніміз жаңалықтарды құрудың стадиялары
мен процестері. Инновациялардың өмірлік циклі дегенді ойдың туумен сол
негізінде пайда болған инновациялық өнім уақыт аралығын айтамыз.
Инновациялардың өмірлік циклі туралы мәлеметті 2 кестеден көреге
болады.

Сурет – 1. Инновациялардың өмірлік циклының жалпылама схемасы

1.3 Инновациялық процесс және инновациялық саясат

1. Алынған ойларды жүйелеу:
• Рынок өзгерiсi туралы ақпарат жинау, жаңалықтар, ҒЗТКЖ ұйымдарынан
алынған және маркетингтiк зерттеулер, фирма аппараттарының сауда
делдалдарынан жинаған ақпараттары және т.б;
• Фирманың жаңа өнiм өндiру мүмкiншiлiгiн және тәуекелдер деңгейiн
анықтау;
• Мақсаттық рынок және оның дамуы туралы ақпараттар жинау;
2. Жекелеген ойларды талдау және жаңа өнiм идеясын зерттеу:
• Мүмкiншiлiктердi және ойды практикалық iске асыруды анықтау;
• Фирма дамуы стратегиясына жаңа өнiм өндiру жоспарының сәйкес келуi;
• Болашақ өнiмнiң патенттiк айқындығын анықтау;
3. Жаңа өнiмнiң экономикалық тиiмдiлiгiне анализ жасау және
маркетингтiк бағдарлама құру:
• Өнiм өндiру идеясының нақты жобаға айналу талдауын жасау;
• Өнiмнiң техникалық-экономикалық сипатын анықтау, оның сапасына және
тұтынушылық қасиетiне баға беру;
• Потенциалды рынок сұранысына және сату көлемiне талдау жасау;
• Жаңа өнiмдi өндiруге кететiн шығындарды анықтап, өнiмнiң өз құнын
өтеу мерзiмiн белгiлеу;
• Жаңа өнiм өндiруге қажеттi негiзгi ресурстардың көздерiн табу.
Оларға: техникалық машиналар, құралдар, шикiзаттар, материалдар,
кадрлық персоналдар және қаржылық ресурстар көздерi жатады;
• Жаңа өнiмдi игеру және оның рынокқа шығу мерзiмi;
• Өнiмнiң пайдалылығын талдап, оған маркетингтiк бағдарлама жасау;
4. Жаңа өнiмдi дайындау:
• Жаңа өнiм дамуының нақты бағдарламасын жасап дайындау;
• Өнiмнiң техникалық жағдайын тексеру (экономикалық және әлеуметтiк
қауiпсiздiгi, оны өндiрудiң қоршаған орта жағдайына әсерi);
• Тауардың атын белгiлеп, оның тауарлық белгiсiн, оралуын, маркировкасын
жасау;
5. Рынокта жаңа өнiмдi тестiлеу:
• Өнiмдi 3 айда шектелген рынокта тестiлеу жүргiзу;
• Сатылудың оптималды шараларын талдау;
• Жарнама әдiсi мен құралдарын талдау;
• Техникалық қызмет көрсетудi ұйымдастыру;
6. Жаңа өнiмдi өндiрiске енгiзу туралы шешiм қабылдау:
• Жаңа өнiмнiң коммерциялық негiздемесi: сату көлемi, өнiмнiң
пайдалылығы, сұранысты қанағаттандыру дәрежесi, өткiзудiң негiзгi
каналдары мен әдiстерi, фирманың рыноктағы имиджi, тұтынушылармен
байланыстың тұрақтылығы;
• Фирманың өндiрiстiк мүмкiншiлiктерi бар ресурстарды тиiмдi пайдалануы
және маманданған қызметкерлермен толық қамтамасыз етiлуi;
• Қаржылық мүмкiншiлiктер: инвестициялар, несиелер және гранттар;
• Жаңа өнiмде патенттiк қорғаныстың болуы. 5
Инновацияны жүзеге асыру үшiн оны мемлекеттiк қолдайтын
құқықтық актiлер, инновациялық қызметтердiң iске асуы үшiн оны қамтамаасыз
ететiн қаржылық институттар және оны нақты түрде жүзеге асыратын мекемелер,
ҒЗТКЖ ұйымдарын қалыптастыруымыз керек.
Сондай-ақ инновациялық қызмет өз кезегiнде сыртқы ортамен ылғида қарым
қатынаста болып отырады. (Сурет 1)

1-сурет. Инновациялық процестiң сыртқы ортамен қарам-қатынасы

* Купешова С.Т. Теория и практика инновационного процесса в переходной
экономике Республики Казахстан

1-ші суреттен көрiп отырғанымыздай инновациялық процестi дамытуда
сыртқы орталармен тығыз байланыста. Сондықтан инновацияны дамыту үшiн осы
сыртқы орталарды да жетiлдiруiмiз, оларды инновациялық қызметке
ынталандыруымыз керек. Сондай-ақ өнеркәсiп саласын дамыту барысында
кластерлiк желiлердi дамыту керек. Кластерлер таяу орналасқан
кәсiпорындарды бiр орталыққа шоғырландыра отырып, тiзбектелген технология
бойынша соңғы өнiм шығаруға қол жеткiзудiң бiрегей тәжiрибесi болып
табылады.

Тек жаңа технологиялар ғана Қазақстанның өндірістік саласының тұрақты
дамуына және ел экономикасының әлемдік экономикалық жүйеге
интеграциялануына мүмкіндік береді. Экономикалық өсу, ЖҰӨ-дегі шикізатты
көп қажет ететін өнімді жоғары технологиялық және экспорттауға бағытталған
өніммен алмастыру, елдің ғылыми-техникалық әлеуетін тиімді түрде пайдалану
“Қазақстан-2030” стратегиясының маңызды мәселелерінің бірі.

2002 жылдың шілде айында қабылданған “Инновациялық қызмет” туралы
Заңы Республиканың ғылым саласына, ел экономикасына үлкен серпіліс әкелетін
жаңалық болды. Мақсаты отандық өндірістің инновацияларға сұранысын арттыру,
қолданбалы зерттеулерді қолға алу, ұлттық технопарктер құру, инновациялық
даму салаларының басым бағыттарын белгілеп, сол арқылы ел экномикасын ары
қарай дамыту.
Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, ғылыми-техникалық потенциал- кез-
келген мемлекеттің өркендеуінің кепілі. Экономикалық дамудың, мемлекет
көркеюінің негізгі жолы- ғылыми техникалық және инновациялық салада лидер
болу. Инновациялар және жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп,
ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлтық
экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабіліеттігін жоғарылатады.

2. Орифлейм ПКФ-нің инновациялық қызметін талдау

1. Орифлейм ПКФ-нің жалпы сипаттамасы

Орифлейм парфюмерия – косметика қазіргі уақыттағы қазақстандық ең
негізгі косметика өнімдерін шығарушы кәсіпорын болып табылады. Қазақстан
нарығында 1993 жылдан бастап қызмет етуде. Кәсіпорынның негізгі бизнесті
парфюмерлі косметикалық өнімдерді шығару мен өткезу. Бұл косметикалық
өнімдерге: су сабын, крем, балаларға арналған косметикалық өнімдер, тазалық
заттары соымен қатар тұрмыстық химия өнімдері жатады.
Кәсіпорында 4500 адам жұмыс істейді. Орифлейм Қазақстан нарығында
1993 жылдан бастап жұмыс істегендіктен, химиялық шикізат шығарытын
халықаралық масштабтағы лидермен, шикізатты, жеткізуші шетел фирмаларымен
ұзақ мерзімді келісімдерге көп отырған. Оларға келесі фирмаларды жатғызуға
болады: Cleariant, Asko Nobel, Bopelins, Goldsmidt (Германия), Floresans,
Reno Fils (Франция), Pradoko (Австрия), Eurocompound (Бельгия), Bauer,
Irlan Aticet (Турция), Olbright Vilsan (Ұлыбритания), Zohar (Израиль), IFF,
Jar (Нидерланды), Tuba Ambalasa (Словакия).
Кәсіпорын 1995 жылдың маусымынан бастап Қазақстан Республикасының
барлық аймақтарында өз бөлімшелерін ашқан. Осы бөлімшелердегі тармақталған
дистрибьторлық тор кәсіпорында шығарылған өнімнің 77% өткізіп отыр.
Орифлейм ПКФ бірдей технологиялық жүйемен қамтылған өндірістік кешен.
Ол сапа стандарттарына сай кең ассортименттегі барлық косметика өнімдерін
шығара алады. Кәсіпорынның келесі құрылыспен қамтылған:
• өндірістік және қосымша корпус;
• әкімшілік корпус;
• қоймалық шаруашылық;
• транспорттық блок;
• локальді – тазалағыш құрылыс;
• тереңдік бұрғыма;
• насостық станция;
• жылжыту пештарі;
• буландыру пештері.
Өндірістік корпуста полимерлік ыдыс, тұрмыстық химия, ваннаға арналған
паста, коскетикалық кремдер, су сабын, геьдерді шығаруға арналған
бөлімшелер бар. Косметикалық өнімдерді өндіру үшін қазіргі заманғы –
технология мен батыс елдердің комьютерленген желілермен, автоматтармен
жабдықталған. Кәсіпорын жұмысын талдау кезінде өнім сату көлемінің
өскендігін бақылауға болады. Оның себебі көп көңіл бөлінді. Тұтынушыларға
қызмет көрсетудің Van Sell жүйесінен аралас Van Sell жүйесіне және
жекелеген аймақтарда Press Sell жүйесін енгізу 30 мөлшерде сауда нүктелері
көбейді. Сонымен қатар бұл жүйені енгізгеннен кейін өнімді өткізуде кететін
шығындар 19% - дан 16% - төмендеді.
Қазіргі кезде компания ассортименті 4 өнімдік желіден тұрады:
1. Су сабын
2. Тіс пастасы
3. Кремдер
4. тұрмыстық химия
Белсенді жарнама жүргізу мен ассортиментті дамытудың есебінен сату
көлемін ұлғайту көзделеді.
2002 жылы ассортименттік саясатты жүзеге асырғандықтан ол мұндай
мүмкіндіктерді береді:
1. Магия природы су сабынын модернизациялау;
2. 2002 жылдың мамырында жаңа Wear Black су сабынын нарыққа шығару;
3. Сошеттерде су сабынды шығару 2002 жылы сы сабынды сату көлемін айына
14 млн. теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік берді.
2001 жылы тұрмыстық химия құрамында 3 ассортименттік тон болды. Олар:

1. Ағартқыштар
2. Су жуғыш заттар
3. Тазалаушы ұнтақтар
Ал 2002 жылы ассортимент 5 топқа жетті. Олар:
1. Ағартқыштар
2. Су жуғыш заттар
3. Тазалаушы ұнтақтар
4. Кір жуғыш ұнтақтар
5. Ыдыс жууға арналған гель
Өнімдерді өткізудегі 1 айдағы нарықтық потенциалдық сыйымдылығы: су
сабын – 5 млн. дана, тіс пастасы – 4 млн. дана, кремдер – 2 млн. дана,
тұрмыстық химия – 10 млн. дана. Шығарылған өнімді сатумен аймақтың сату
бөлімшесі айналысады. Бұл бөлімшелердің барлығы 1 ақпараттық компьютерлік
тормен біріктірілген. Қазақстан республикасы бойынша сауда сайын 7560
көтерме бөлшек саудасының сауда нүктелері бар.

Кесте – 2. Орифлейм ПКФ-ң технико – экономикалық көрсеткіштері (2002 –
2003 жж)

Кестені қарастырсақ 2 жылдағы мәліметтер арасында біршама
айырмашылықтар бар екенін байқаймыз. Енді сол өзгерістердің себебін
анықтап, талдап көрейік.
Өткізілген өнімнен түскен табыс 2002 жылы 1384460 теңгені құраса, 2003
жылы 1528420 теңгеге көтерілген. Оның себебі 2003 жылы нарыққа жаңа
тауарларшығарылды, яғни тауар ассортиментінің көбеюі есебінен өткізілген
өнімнен түскен табыс көбейіп отыр.
Өткізілген өнімнің өзіндік құны базалық жылы 879620 теңге болса, есепті
жылы 685310 теңгеге дейін төмендеді. Өзіндік құнның төмендеуінің себебі
жаңа технологияны қолданудан болған. Сонымен қатар, шикізатқа деген
шығындардың азаюы да себепші болып отыр.
Жалпы табыс 2002 жылы 704840 теңге болса, 2003 жылы 843110 теңгеге
жеткен. Базалық жылмен салыстырғанда 1,9 есе өскен. Жалпы табыстың өсуінің
себебі өнімді шығаруға кеткен шығындар азайып, өткізілген өнімнен түскен
табыс өсіп отыр.
Кезең шығындарына тоқталатын болсақ бұл есепті жылы шығындар 965770
теіге болса, базалық жылы 363030 теңгеге төмен болған. Оның себебі есепті
жылы жалпы және әкімшілік шығындар және пайыздар бойынша шығындар өсті.
Негізгі қызметтен түскен пайда. Бұл көрсеткіш бойынша есепті жылы
базалық жылмен салыстырғанда пайда 1,9 есе өсіп отыр. Бұл өсу жолы табыстың
өсуі есебінен болып отыр.
Таза табыс. Кестеден көріп отырғандай базалық жылмен салыстырғанда
есепті жылы таза табыс 1,1 есе өсіп отыр. Бұның негізгі себебі өткізілген
өнімнен түскен табыс пен жалпы табыс 2003 жылы өсіп отыр.
Негізгі қордың орташа құны. Бұл көрсеткіштің сомасы 2002 жылы 1838790
теңге болса, ал 2003 жылы бұл сома 1785880 теңгеге дейін төмендеді. Ауытқу
52910 теңгені құрап отыр. Көрсеткіш сапасының бұлай ауытқуының себебі
есепті жылы іске жарамай қалған негізгі қорларды есептен шығарудың салдары,
яғни жарамай қалған ескірген техникалар өндірістен алынып тасталынды.
Қор қайтарымдылығы. Базалық жылы бұл көрсеткіш 1,75 болса, есепті жылы
1,85-ке өсіп отыр. Бұл жердегі ауытқу 0,1-ге тең болып отыр. Бұл ауытқудың
негізгі себебі өткізілген өнімнен түскен табыс өсіп отыр.
Қор сыйымдылығы. 2002 жылы бұл көрсеткіш 2,3 болса, 2003 жылы 2,16-ға
дейін төмендеп отыр. Бұл көрсеткішке де негізгі қорлардың орташа құны мен
өткізілген өнімнен түскен табыс әсер етіп отыр. Кестеден көріп
отырғанымыздай негізгі қорлардың орташа құны базалық жылы есепті жылмен
салыстырғанда төмендеп отыр. Қор сыйымдылығының төмендеуіне осы себепші
болып отыр.
Қызметкерлердің тізімдік саны. Базалық жылы қызметкерлердің саны
3970теңге болса, есепті жылы 530 адамға өсіп, 4500 адамды құрады. Бұның
себебі өнімнің жаңа түрін шығаруға жоғары маманданған қызметкерлер керек
болды.
Еңбек ақы қоры. 2002 жылы 396400 теңге болса, 2003 жылы 517300 теңгеге
дейін көтерілді. Бұның себебі кәсіпорында жұмысшылардың көбеюінің есебінен
болып отыр.
1 жұмысшыға деген орташа айлық еңбек ақы мөлшері. Ол 82820 теңге болса,
2003 жылы 95790 теңгеге жетті. Яғни орташа еңбек ақы мөлшері 12790 теңгеге
өсті. Бұған кәсіпорындағы ынталандыру жұмыстары көп тигізді, яғни жұмысты
жақсы істеген қызметкерлерге жалақы деңгейін біршама өсірді.
Еңбек өнімділігі. Базалық жылы бұл көрсеткіш 384,7 болса, есепті жылы
339,6-ға дейін төмендеді. Бұл жұмысшылардың көбеюі есебінен болып отыр.
Сату рентабельділігі. 2002 жылы бұл көрсеткіш 1,57-ге тең болса, 2003
жылы 1,12-ге дейін төмендеді. Оның басты себебі өткізілген өнімнің өзіндік
құнының төмендеуімен байланысты.
Өнімнің рентабельділігі. Базалық жылы бұл көрсеткіш 1,36-ға тең болса,
есепті жылы 1,44-ке дейін көтерілді. Көрсеткіштің мұндай өзгеруіне әсер
еткен факторларға жалпы табыстың 2003 жылы өсуін жатқызуға болады.

2.2 Кәсіпорынның инновациялық қызметіне талдау

Ғылыми – техникалық потенцаил кез –келген мемлекеттің ұлттық
байлығының негізгі саласы. Барлық дамыған елдер тәжірибесі көрсеткендей,
экономикалық дамуыдың, көркеюдің негізгі жолы - ғылыми – техникалық және
инновациялық салада лидер болу. Инновациялар мен жаңалықтар экономиканың
құлдырауына төтеп беріп, ғылыми – техникалық прогрестің белсенді түрде
дамуына жағдай жасап, ұлттық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге
қабілеттілігін жоғарлатады. Сондықтан да бүкіл дүниежүзіндегі кәсіпкерлер
инновацияларды тиімді басқару мен ұйымдастыруға ерекше көңіл бөледі. Ал
мемлекет өз тарапынан ғылыми – техникалық және инновациялық саясат ғылыми –
техникалық жетістіктерді адам игілігі үшін пайдаланып, адамзат өмір сүру
жағдайларын сапалы түрде жақсартуға бағытталған. Бұл бүкіл адамзат
тіршілігі мен шаруашылығының негізгі мақсаты.
Қазір Қазақстан Республикасының ғылыми – техникалық зерттеулері мен
инновациялық саясаты кризистік жағдпйда. Бірақ сол қиындықтаға қармастан
Қазақстан кәсіпкерлері шетел жаңалықтары мен ғылыми – техникалық
жетістіктерін табысты түрде игеріп, оларды жоғары қарқынмен қызметтеріне
енгізіліп келеді. Әрине бұл инновациялар халықаралық технологиялық деңгейде
көтерілуге мүмкіндік береді, бірақ сол ғылыми – техникалық жетістіктердің
көбісі тек біз үшін ғана инновация, ал шетелдіктер үшін олар кешегі күн
жаңалықтары. Сондықтан да шетел технологиясы мен техникасын игерумен қатар
өз ұлттық Ғылыми – техникалық потенцаилымыздың дамуына жағдай жасап,
отандық ғалымдардың ғылыми жетістіктерін өндіріске енгізіп, оларды бағалай
білуіміз керек.
Негізінен инновациялық қызмет жаңа шаруашылық аймақтық құрылымдарды
(технопарктерді, бизнес инкубаторларды, аймақтық инновациялық қорларды,
венчурлық фирмаларды) дамытуға, бұрын құрылған шаруашылық субъектілер
арасындағы өзара байланыстарды трансформациялауға, бақару технологияларын
дамытуға көмектеседі.
Кәсіпорындармен жалпы Республиканың инновациялық қызметін дамытуға
келсек, мемлекеттің 2003 -2015 жылдарға арналған индустриялық инновациялық
бағдарламасын айтып кетпеуге болмайды. Бағдарлама мынадай міндеттерді
шешуге бағытталған:
1. экономиканың жоғары технологиялық шикізаттық емес секторларын
қалыптастыру;
2. инновациялық қызметті мемлекеттік ресурстық қолдау;
3. өнеркәсіпті технологиялық жаңғыртуды жүргізу және экспортқа
бағытталған ғылымды қажетсінетін өндірістерді құру;
4. ғылыми – инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру;
5. шығын кәсіпкерлік субъектілерін инновациялық қызметке тарту;
6. салалық және аймақтық инновациялық бағдарламаларды қалыптастыру және
іске асыру;
7. инновациялық қызметті дамыту үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ететін
нормативтік құқықтық базаны қалаптастыру;
8. неғұрлым перспективалы ғылыми бағыттарды сақтау және дамыту;
9. инновациялық кәсіпорындар үшін мамандарды даярлау;
10. халықарлық ғылыми – техникалық ынтымақтастықты дамыту.
Осы жоғарыда аталған міндеттерді жүзеге асыру арқылы ғана
мемлекетіміздің, кәсіпорындарымыздың инновациялық қызметін дамытуға болады.
АлОрифлейм ПКФ-ның инновациялық қызметіне келсек, кәсіпорында 2003
жылы жаңа технологиялар енгізілген болатын. Осы негізінде тауарлар
ассортиментін көбейтуге, олардың сапасын жақсартуға, тауарлардың өзіндік
құнын төмендетуге және де жалпы жоғары пайда алуға мүмкіндік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Уркер косметикс кәсіпорынының инновациялық қызметін талдау
«Уркер косметикс» пкф-ның инновациялық қызметін талдау
Қазақстан республикасындағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін арттыру
Инновациялық қызметтің нарық экономикасындағы орны
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің дамуы
Қазақстан Республикасының иновациялық дамуының минералды шикізат ресурс рөлі
Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны және формалары. ҚР кәсіпкерліктің дамуы
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖЕКЕ САЛАЛАРЫНДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚ ЕНГІЗУДІҢ ҚЫЗМЕТІ
Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау
Пәндер