Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты


Қызылорда қаласы
Химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қазіргі әлемдегі Қазақстан
Курстық жұмыс
Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты:
Тақырып: « Қазақстандағы медицина саласының жағдайы неден көрінеді?»
(сөз)
Орындаған:Дастан Әділ
(аты-жөні, қолы)
Жетекші: Абджалиев Нұркен
(аты-жөні, қолы)
Ішкі модератор
(аты-жөні, қолы)
Қызылорда қаласы, 2020 - 2021 оқу жылы
Мазмұны
І. Кіріспе . . . 3
II. Негізгі бөлім
2. 1. Бірінші зерттеу сұрағы . . . 4
2. 1. Екінші зерттеу сұрағы . . . 5
2. 1. Үшінші зерттеу сұрағы . . . 6
III. Қорытынды . . . 8
Бағалау . . . 9
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 10
КіріспеҚазіргі таңда бүкіл әлем пандемия әсерінен медицина саласына көңіл бөлуді арттырды. Медицина - адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі(kk. wikipedia. org) . Еліміздегі медицина сапасының бейнесі осындай қиын сәтте анық көрінуде. «kt. kz» сайтында берілгендей, орташа өмір сүру ұзақтығының 2019 жылғы жоспары - 73, 13 жасты құраған. 2018 жылы денсаулық индексі 0, 818 құрағанТұрғындардың медициналық көмек сапасына қанағаттану деңгейі 2018 жылы 47, 84% болды. Яғни, Қоғамның денсаулығын сақтау арқылы дені сау ұрпақ өсіріп, ертеңгі күннен үміт күте аламыз және бұл сала әлеуметтік тұрғыда өмір сүру үшін қолайлы орта туғызады.
Тақырыптың өзектілігі
: «adilet. zan. kz» порталындағы 2019 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей, 2025 жылы:
- азаматтардың өмір сүру ұзақтығының 75 жасқа дейін өсуі;
- жүрек-тамыр, онкологиялық, созылмалы респираторлық аурулар мен диабеттен 30-70 жас аралығында мезгілсіз қаза болу қаупінің деңгейін 15, 43 %-ға дейін төмендету күтіледі. Демек, медицина сферасы қоғам үшін аса маңызды. Медицина деңгейінің жоғары болуы бұл мемлекет негізінің қалауы. Қазіргі таңда осы саланың деңгейін күшейту маңызыды, себебі қоғамға төнген қауіп деңгейі пандемия кезеңінде күн санап артуда.
Жоба мақсаты: Яғни, аталған тақырып аясында бұл жоба Қазақстандағы медицинаның қазіргі уақыттағы деңгейін ашып, сапалы және сандық зерттеу әдістері көмегімен халықтың ашық ойын сипаттауды мақсат етеді. Сонымен қатар, алдағы уақыттарда дамуға мүмкіндік беретін тың идеяларды, реформаларды ұсынады.
Әдістеме(Жоспар) : Осы жұмыс аясында сұхбат және «google. forms» платформасында сандық әдіс - сауалнама арқылы респондеттердің субьективті пікірін анықтаймын. Ғаламтордан тақырыпқа байланысты Әртүрлі ақпараттарды сұрыптап, талдау үшін «PEST, SWOT» стратегияларын қолданамын. Бұл әдістемелер арқылы медицина деңгейінің күшті жақтары, әлсіз жақтары және қауіп-қатері, мүмкіндіктері пайымдалады. Медицина саласының саяси, экономикалық, әлеуметтік және технологиялық әсері сипатталатын болады. Мәселеге екі жақты көзқараспен қаралып, ақпарат тек сенімді көздерден алынады. Зерттеу сұрақтары мәселені толық ашуды және детальді түсіндіруде көмектеседі. Олар:
1. Аймақтағы медицина сферасының деңгейі қандай?
2. Қазіргі таңда медицина сапасын көтеру мақсатында жүргізілген бағдарламалар мен реформалар қандай нәтиже көрсетуде?
3. Болашақта саланы дамыту негізінде маңызды іс-шаралардың орындалуы қамтамасыз етілген бе?
Зерттеу барысында күтілетін нәтиже (Гипотеза) : Елдегі медицинаның оң және теріс жақтарын айқындап, алдағы уақытта міндетті түрде орындалуы қажет реформалар немесе бағдарламалар анықталады. Медицина сферасындағы өзекті мәселелер үшін нақты шешім шығарылады және осы саланың жағдайына әсер ететін факторлар детальді түрде көрсетіледі.
Негізгі бөлім
А бөлімі. Зерттеу сұрақтары:
Аймақтағы медицина сферасының деңгейі қандай?
Аймақтағы медицина саласының деңгейін анықтау барысында маңызды индикаторларды бақылау қажет. Біріншіден, аумақтағы медициналық құрал-жабдықтар мен көліктердің стандартты талаптарға сай болуы және саны бойынша жеткіліктігін зерттеу арқылы жедел көмек көрсету мүмкіндігін тексеруге болады. «inform. kz» ақпарат агенттігінде 2019 жылы 30 қаңтарда Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Ақмарал Әлназаровадан алынған ресми сұхбатта көрсетілгендей, Соңғы екі жылда облыс бойынша 25 медициналық нысан ел игілігіне берілген және мамандар тапшылығы мәселесін жою да әрдайым басшылық назарында. Оған қоса, аймақ медицинасында заманауи технологиялар енгізілген. Демек, аталған аумақтағы медициналық мекемелер саны жылдан жылға артып келеді және заманауи талапқа сай құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету басты назарға қойылған. Осы деректер арқылы медицина жағдайының Қызылорда аумағында қарқында даму үстінде екендігін байқаймыз. Екіншіден, аймақтағы орташа өмір сүру жасының ұзақтығы медицинаның шынайы сапасын көрсетеді. «kazinform. kz» порталында берілгендей, 2019 жылғы деректер бойынша аймақтағы орташа өмір сүру жасының ұзақтығы 72, 6 жасты құраған және адамдардың өлім-жітім деңгейі 1, 8 пайызға төмендеген. Яғни, өмір сүру ұзақтығы индексінің жоғарылауы мен өлім-жітімнің біршама төмендеуі сапалы медициналық қызметті дәлелдейді.
Қорыта келе, аймақтағы медицинаның сапасының басты назарда ұсталып, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласында жоғарғы деңгейде екендігін сипаттайды.
... жалғасыҚазіргі таңда медицина сапасын көтеру мақсатында жүргізілген бағдарламалар мен реформалар қандай нәтиже көрсетуде?
Бүгіндері елімізде медицинаны жақсарту мақсатында бірнеше реформалар мен бағдарламалар жүзеге асуда. «akorda. kz» Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтында берілгендей, денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы 2016 жылы 15 қаңтарда № 176 Жарлық бойынша қабылданды. Бағдарламаның басты мақсаты - еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ете отырып, халықтың денсаулығын одан әрі нығайту болып табылады. Аталған бағдарлама аясында іске асырылатын міндеттерге тоқталсақ: қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін дамыту; аурулардың профилактикасын және басқаруды жетілдіру; денсаулық сақтау жүйесін басқарудың және қаржыландырудың тиімділігін арттыру; ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру және саланың инфрақұрылымын жетілдіру. Жобаның нәтижесін талдасақ, 2020 жылға орай өмір сүрудің күтілетін ұзақтығы 73 жасқа жетеді және халық денсаулығының индексі 20 % - ға жетеді. Сонымен қатар, 2019 жыл ішінде халықтың медициналық көмек сапасына қанағаттануының деңгейі 46 пайызға өсуі байқалды. Қазақстан медицинасын әлем елдерімен салыстырар болсақ, «https://data. worldbank. org» әлемдік ақпарат сайтында баяндалғандай, 2018 жылғы деректер бойынша Канада мемлекетінің орташа өмір сүру ұзақтығы 82 жасты құраса, сол жылдағы еліміздегі орташа өмір сүру индексі «https://factcheck. kz» порталында «Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымының 2018 жылғы мәліметі бойынша, елдегі өмір сүру жасының ұзақтығы - 71, 1 жасты құрады. », -деп, жазылған. Демек, еліміздегі медицина сферасы әліде жетілдіруді және жаңа заманауи технологияларды қажет етеді. Оған қоса, бюджеттен бөлінген ақшаның толығымен дұрыс жұмсалуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты сақтау жүйесін толығымен жаңалау қажет.
Қорыта келе, медицина сапасын жақсарту үшін елімізде біршама тың бағдарламалар мен реформалар жасалуда және өзіндік оң бағыттағы нәтижелерді көрсетуде. Алайда, басқа да мемлекеттермен салыстыру нәтижесінде анықталғандай, денсаулық сақтау саласы әлі де біршама өзгертулерді қажет етеді.
Болашақта саланы дамыту негізінде маңызды іс-шаралардың орындалуы қамтамасыз етілген бе?
Мемлекет үшін қоғамдағы өзекті салалардың бірі әрі бірегейі - медицинаның болашақта жоғары өрлеуі өте қажет. Болашақта медицина аумағында цифрлық жүйеге көшу әрекеттері толығымен орындалуы көзделуде. «egov. kz» порталында айтылғандай, 2018 жылғы 10 қаңтарда Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауында ақпараттық жүйелерді интеграциялау және мобильді сандық қосымшаларды пайдалану, электрондық денсаулық төлқұжаттарын бекітіп, "қағазсыз" ауруханаларға көшу көмегімен медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін жетілдіру қажеттігін атап өтті. Осы арқылы министрлік
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz