Білімгердің өзіндік жұмысын басқару



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

Институт Ұстаз Институты
Кафедра Педагогика және практикалық психология

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Психологияны оқыту әдістемесінен
Тақырыбы: Білімгердің өзіндік жұмысын басқару

Студент: Жарылқасын Айсәуле Тобы ПИП18-1Қолы
Жетекші: Бүйембаева Шынар
Қорғауға жіберілді 20 ж. Қолы
Жоба қорғалды __ 20 ж. бағасымен Қолы
Комиссия мүшелері Қолы
Қолы

Тараз 2020

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Студенттің өзіндік жұмыстарының түрлері және оған қойылатын талаптары мен бағалау кезінде қойылатын шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Студенттердің өз бетімен жұмыс жасау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
ІІ БІЛІМГЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.1 Студенттің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мен басқаруды дамыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.2 Кредиттік оқыту жүйесіндегі студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 16

КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі: Қазақстан Республикасының Білім беру Заңының 8 бабында Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау деп атап көрсетілген[1]. Бүгінгі таңда еліміздің әлемдік біліім кеңістігіне енуге бағытталған талпыныстары білім беру мазмұнын жаңарту, әсіресе білімгердің өзіндік жұмысын, дербестігі мен ізденімпаздығын дамытатын оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері мен түрлерін іздестіруге аса мән беріліп отыр.
Оқу үдерісін жетілдіру және білімгердің жеке тұлғасын қалыптастыру мәселесіне байланысты көптеген ғалым педагогтардың еңбектері арналған: Я.А.Каменский, Ю.К.Бабанский, В.А.Сластенин, М.Жұмабаев, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин, А.Г.Қазмағамбетов т.б.
Сонымен бірге зерттеу барысында өте тәжірибелі оқытушылар студенттерді өзіндік жұмысқа мақсатты бағытта оқытуды жүзеге асыруда, өзінің педагогикалық іс-әрекеті барысында ешқандай қиындық байқалмайтындығы анықталды.
Оқу үрдісінде оқу-танымдық іс-әрекетті белсендіру, танымдық ізденімпаздық, танымдық дербестікті дамыту мәселелері бойынша: С.С.Смайовтың, А.Ғ.Әбілқасымованың, Т.С.Сабыровтың, т.б. зерттеулері бар. Осы себепті курстық жұмыс тақырыбын Білімгердің өзіндік жұмысын басқару деп алдық.
Зерттеудің мақсаты: Білімгерлердің өзіндік жұмысын басқарудың ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеп, оның қазіргі кезеңдегі әдістемесін жасау.
Зерттеу объектісі: Білімгердің өзіндік жұмысын басқаруды дамыту жолдары.
Зерттеу пәні: Педагогика мен психологиядағы білімгерлердің өзіндік ерекшелігі.
Зерттеу болжамы: Егерде университет қабырғасында білімгерлердің өзіндік жұмыстарының тұлғалық, жүйелі құрылым негізінде теориялық-әдістемелік тұрғыда жаңартылған жүйесі құрылып, олардың субъект ретінде дербес мүмкіндіктері, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық ерекшеліктері оқу үрдісінде көрініс тауып, өзіндік жұмыс жасау ғылымыи негізде ұйымдастырылса, онда білімгерлердің оқу-танымдық білімі мен біліктілігі артып, заман талабына сай жеке тұлғасының қалыптасуына мүмкіндіктер туындап, танымдық дербестігі мен шығармашылық ізденімпаздығы қалыптасыды.
Зерттеудің міндеттері: - оқу үрдісінде білімгерлердің өзіндік жұмыстарын басқару мәселесін теориялық тұрғыдан қарастыру және оны қазіргі кезеңде жетілдірудің перспективалық бағдарын айқындау;
- білімгерлердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру процесінің моделін құру;
- оқу үрдісінде білімгерлердің өзіндік жұмысының түрлерін және оған қойылатын талаптарды айқындап ұйымдастырудың шарттарын көрсету.
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдеби талдау жасау, жоғары оқу орынында оқыту процесін бақылау, озат тәжірибелерді меңгеру, сараптау, тәжірибелік жұмыстардың мәліметтерін сандық жағынан сараптап қортындылау.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері: білімгерлердің жеке пәндерде өзіндік жұмысты жасаудың педагогикалық- психологиялық міселелері зерттеліп, оқу үрдісінде білімгерлердің жеке жұмыс жасауда ұйымдастыырудың ерекшеліктері негіз болды.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Студенттің өзіндік жұмыстарының түрлері және оған қойылатын талаптары мен шарттары
Студенттің өзіндік жұмысы - бұл қойылған мақсатты орындауға бағытталған, оқытушының тікелей қатысуынсыз жүзеге асырылатын, оқытушының жетекшілігімен ұйымдастырылатын, студенттің белсенді іс-әрекеті.
Студенттің өзіндік жұмысының мақсаты өз бетімен алынған теориялық білімдерін, практикалық іскерліктерін жүйелеу және бекіту; теориялық білімдерін тереңдету және кеңейту; қажетті нормативті, құқықтық, анықтама құжаттарын және арнайы әдебиеттерді пайдалану іскерліктерін қалыптастыру;студенттердің танымдық қабілеттерін: шығармашылық белсенділіктерін, дербестігін, жауапкершілігі мен ұйымдастыруды дамыту, өздігінен ойлауды қалыптастыру; зерттеушілік іскерліктері мен дағдысын дамыту сияқты міндеттерді айқындайды.
Студенттің өзіндік жұмысы оқу және кәсіби деңгейдегі мәселелерді шешуде дербестік, жауапкершілік пен ұйымдастырушылықты, шығармашылық тәсілдерді дамытуға мүмкіндік туғызады.
Өзіндік жұмыстың түрлері оқу пәннің мазмұны мен, студенттердің дайындық деңгейімен, сондай-ақ, оқу процесі барысында білім алушылардың қол жжеткізуі міндетті өз беттілік деңгейіне қойылатын талаптарымен анықталады. Студенттің өзіндік жұмысының көлемі бакалаврды даярлауда мемлекеттік білім беру стандартымен анықталады. Ол әр студент үшін міндетті болып табылады, ал оның көлемі оқу орындарының негізгі білім беру бағдарламалары бойынша бекітілген оқу жоспарымен анықталады.
Аудиториядан тыс өзіндік жұмыстың мазмұны оқу пәнінің жұмыс бағдарламаларына сай ұсынылған тапсырма түрлерінің сәйкестігімен анықталады.
О.С.Зайцев бойынша аудиториядан тыс өз бетімен орындалатын тапсырмалардың бірнеше түрі бар:
- білімді меңгеру үшін: мәтінді оқу (оқулық, түпнұсқалық әдебиет көздері, қосымша әдебиеттер), мәтіннің жоспарын құру; мәтіннің құрылымын графикалық түрде бейнелеу, мәтінді конспектілеу, мәтіннен көшірме, сөздік және анықтамалармен жұмыс жасау, нормативті және оқу-зерттеу жұмыс құжаттарымен танысу, компьютерлік технологияларды, аудио жіне видео жазбаларды, интернет және т.б. пайдалану;
- білімді жүйелеу және бекіту үшін: дәрісті конспектілеу жұмысы, мәтінді өңдеу, оқу материалдарымен қайталау жұмыстары (оқулық, түпнұсқалық әдебиеттер көзі, қосымша әдебиеттер, аудио және видео жазбалар), жоспар құру, оқу материалын жүйелеу үшін кесте құрастыру, бақылау жұмыстарына жауап, жұмыс дәптерін толтыру, мәтінді аналитикалық өңдеу (аннотациялау, рецензиялау, реферат оқу (кітаптың мазмұнын қысқаша баяндау), конспектіні талдау және басқалары);
- семинар сабақтарда (түрлі конференцияларда) баяндау үшін хабарламабаяндамалардың мультимедиасын дайындау, биоблиграфия, тест және т.б. құрастыру;
- білікті қалыптастыру үшін: үлгі бойынша жаттығулар мен есептерді шешу, түрлендірілген есептерді шешу, график және сызбанұсқаларды, есептеулерді (графикалық жұмыс) орындау, ситуациялық (кәсіби) есептерді шығару, іскерлік ойындарды дайындау, кәсіби түрлерді модельдеу және жобалау, тәжірибелік-экспериментальдық жұмыстар, аудио және видео техникаларды және басқаларын пайдалануда кәсіби біліктілікті рефлективтік талдау.
Әрбір жұмыс түрлерінің орындалуы студенттен белгілі бір іс-әрекеттің деңгейін қажет етеді. Оларды мынадай түрде анықтауға болады:
1) Даярлық, яғни студент оған қойылатын міндеттермен танысуы керек. Ол міндеттер тірек сөздер түрінде анықталады: атаңдар, анықтама беріңдер, байқалатын құбылыстарды жазыңдар, әсер ететін факторларды анықтаңдар, түсіңдіріңдер, дәлелдеңдер және т.б.;
2) Әрі қарай студент материалдарды жинақтап, оған қойылған міндеттерге сәйкес талдау жүргізеді;
3) Егер міндет теориялық-практикалық сипаттамаға ие болса, онда студент дайындалған материал негізінде реферат, баяндама, презентация, курстық жұмыстарды дайындайды.
Студенттің аудиториядан тыс өз бетімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастырып, дамыту үшін оның әр кезеңдегі мақсатын, міндеттерін оқытушы түсіндіре отырып, сол мақсатты қалай түсінгенін бақылап, өздігінен мақсатын таңдау және міндеттерді қоюдағы біліктілігін үнемі қалыптастырып отыруы керек.
Студенттің өзіндік жұмысын жоғары дәрежеде ұйымдастырылуы және нәтижелі болу үшін оқытушы төмендегі іс-әрекеттержасауы қажет:
1) Әр өзіндік жұмыстың міндеті мен мақсаттарын анықтап, білім алушыға жеткізу;
2) Оқытылатын тақырыптың қандайда бір бөлігін өзіндік оқуға ұсыну, яғни тапсырманы нақты беру;
3) Тапсырманы нақты беру, яғни анықтама бер, оқып үйренгеніңнен қортынды жаса, мына есептеулерді орындап график сыз, түйіндемесін жаз дегендей;
4) Берілген тапсырманың көлемі тапсырылатын уақытына сәйкес болуы қажет;
5) Өзіндік тапсырманың тақырыбына байланысты өзіндік жұмысының формасын өзгертіп отыруы қажет;
6) Оқытушының өзі тапсырма беріп отырғанда студенттің қандай құзіреттілігін дамытатындығын мақсаттап отыру қажет;
7) Әр тапсырманың бақылау және бағалау формаларын да ойластыру қажет;
Тек осы екі жақты жұмыс жасалғанда білім алушы мен қойылған мақсаттарды орындай алады.
Сонымен, студенттің өзіндік жұмысты орындау нәтижесінде мынадай құзіреттіліктер қалыптастырады:
oo Ақпаратты іздеу және іріктеу процесінде ғылыми, публицистикалық мәтіннің ерекшеліктерімен ажырата білуді және есепке алуды;
oo Мәтінмен жұмыс жасау (негізгісін таңдап алу);
oo Ғаламдық желілер ресурстарын, ақпараттық технологияларды ( интнрнет, аудио- және видео, электрондық пошта және басқаларын), ең басты ізденіс жүйелерін игеріп, пайдалануды;
oo Өз іс-әрекетінің нәтижелерін жазбаша түрде дұрыс тұжырымдауды;
oo Зейінін шоғырландыру және жаттықтыру дағдысын;
oo Оқып меңгерілген материалды өздігінен талдау және есте сақтау дағдысын;
oo Зерттеу және оны талдау әдістерін (реферат жазудан кейін эксперементті қою) қолдануды, зерттеуді және уақытты тиімді де, ұтымды бөліп алу дағдысын.
Сондықтан оқытушының негізгі міндеттеоінің бірістуденттің өзіндік жұмысын ұйымдастырудағдысына ие болуға үйрету болып табылады. Бұл қазіргі жағдайда қоғамның дамуында маңызы зор. Болашақ маман оқу орынын бітірген соң, мектеп оқушыларын өздігінен жұмыс жасауға үйрету үшін, өзінің білім деңгейін жоғарлату үшін оқып үйрену, өздігінен білім алу жолымен айналасуды үздіксіз қажет етеді[2].
Білім алушының өзіндік жұмысының мазмұнына қойылатын талаптар
oo Тапсырманы немесе ұжымдық жұмыстың бір бөлігін студент жеке өз бетімен орындау керек;
oo Белгілі тақырып немесе оның бір бөлігі бойынша өзекті мәселелер талқыланып, шешімі шығарылатын толығымен аяқталған жұмыс (немесе бір сатысы) болып табылу керек;
oo Қарастырылып отырған мәселені шешудегі автордың құзіреттілігін көрсете білу крек;
oo Оқу, ғылыми және практикалық бағдар мен маңыздылыққа ие болу керек;
oo Белгілі бір ғылыми жаңалық элементтері (егер ол ғылыми-зерттеу еңбек болса) болу керек.
Білім алушының өзіндік жұмысын қабылдап, бағалау кезінде қойылатын шарттарды міндетті түрде көрсету керек, яғни:
oo Қойылған мақсат-міндеттерге сай тақырыбы көрсетілген жұмыс мазмұнының толықтығы мен тереңдігі бағаланады;
oo Әдеби көздерге шолу жасау дәрежесі бағаланады;
oo Жұмысты орындаудағы дербестілік дәрежесі бағаланады;
oo Материалдың нақтылығы мен сауаттылығы бағаланады;
oo Жұмыстың қортындысы мен талдау нәтижесі бағаланады;
oo Пәннің теориялық мәселелері мен қортындылау қабілеті бағаланады;
oo Тапсырманы рәсімдеудегі техникалық талаптардың сақталуы бағаланады;
oo Қорғау кезіндегі жауаптың толықтығы бағаланады;
oo Қосымша сұрақтарға берген жауабы бағаланады;
oo Өз көзқарасын дәйектей алуы бағаланады және т.б.[3].

1.2 Студенттердің өз бетімен жұмыс жасау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру

Студенттің өз бетімен жұмыс жасау қабілетін арттырып, дағдысын қалыптастыру мақсатында оқытушыға өзіндік жұмысты ұйымдастыруда аудиторияда немесе аудиториядан тыс жағдайда көп ғылыми-педагогикалық еңбек қажет. Бірақ біз қазіргі жағдайға қарайтын болсақ, онда оқытушылардың оқу жүктемесіндегі сағат көлемі өзіндік жұмыстарға берілетін тапсырмаларды, жұмыстарды шығармашылық деңгейде орындауға, әдістемелік тұсқаулермен жан-жақты толық қамтамасыз етілуін қанағаттандырмайды. Бұл әсіресе жалпы білім беретін пәндердің оқытушыларына тиісті, өйткені онда оқу жүктемесі тек аудиториялық сабақтарды құрайды. Күнделікті аудиториялық сағат саны өзіндік жұмыстарды шығармашылық деңгейде ұйымдастырып, өткізуге толық мүмкіндік бермейді. Сондықтан біз студенттердің толыққанды ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесін көргіміз келсе, жұмыстың жоспарлы нақты жолға қойылып, белгілі бір деңгейден көрінуін қаласақ, алдағы уақытта студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыбын болашақ дипломдық, курстық жұмыстардың тақырыптарымен байланыстырып, кіріктіріп жасауға дағдыланып, қалыптастыруымыз тиіс.
Студенттің берілген тақырыпты түсінбеушілігіне немесе аудиториядан тыс берілген тапсырманың уақытында орындалмауына, уақыттың жоспарланбай тапсырма орындауына жетпеуіне әкеліп соғады.
Өзіндік жұмысқа қойылатын талаптарға сәйкес, біз оларды: үйретуші, жаттығу, бекітуші, қайталау, дамытушы, шығармашылық, бақылау өзіндік жұмытары деп бөлуімізге болар еді,
1. Үйретуші өзіндік жұмысы - оқытушының жаңа тақырыпты түсіндіру арқылы студенттің жасайтын өзіндік жұмысы. Бұл студенттің жаңа тақырыпты қаншалықты түсініп отырғаны жөнінде мәлімет бере алады. Мұндағы басты мақсат - тексеру емес, үйрету.
2. Жаттығу өзіндік жұмысы белгілі бір заңдарға, заттардың қасиеттеріне, ережелрге сүйенетін бір типті тапсырмалар жиынтығынан тұрады. Бұл тапсырмаларды орындауда түрлі оқу құралдары, тірек материалдар пайдаланылады. Үлгерімі нашар студент үшін бұл өте қолайлы.
3. Бекітуші өзіндік жұмыс - студенттің логикалық ойлауын және түрлі ережелер мен заңдарды мәселелі жағдайға тиімді қолдану қабілетін дағдыландырады. Бұл студенттің оқу материалын қаншалықты игергендігін көрсетеді. Тақырып бойынша қосымша дайындалудың қажеттілігін немесе білімнің жеткілігін анықтайды.
4. Қайталау өзіндік жұмысы (жалпы немесе тақырып бойынша) оқытушы жаңа тақырыпты түсіндіріп бастар алдында жүргізіледі. Оқытушы бағдарламаға сәйкес жаңа материалды түсіндіру кезінде студенттің алған біліміндегі олқылықты, өзінен жіберілген кемшілікті анықтайды.
5. Дамытушы өзіндік жұмысы - тапсырмалары белгілі бір тақырып бойынша баяндама дайындау, пәндік олимпиадаға дайындау, ғылыми-практикалық конференцияға дайындау, т.б. зерттеу, оқытушыға да студентке де ізденісті қажет ететін бағыттағы жұмыстарды жүргізетіндей жинақтық, ізденгіштік, зерттеушілік дағды қалыптастырады.
6. Шығармашылық өзіндік жұмыс - өзіндік жұмыстың ең жоғарғы деңгейі. Студенттің жинақтаған білімін түрлі мәселелі және әдеттегі қарапайым жағдайларға қолдана білуі өзінің білімінің сан қырлы жағын жан-жақты аша отырып, сапалы қолдануды көрсетеді.
7. Бақылау өзіндік жұмысы - жоспарлы оқыту үдерісінің ең қажетті шарты және оқыту мақсатының негізгі формасы болып табылады. Өйткені оқыту және тәрбиелеу үдерістері үнемі қоғамның бақылауында болады. Адам қоғамда өмір сүретіндіктен, өзінің бір тіршілігінде қоғамдағы басқа адамдардың бақылау объектісіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психология пәні бойынша дәрістер
БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Дуальды оқыту үдерісін жоспарлау
БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ӘЗІРЛЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Өзенде бұрғылау шебері
Жаңа педагогикалық технологияларды дамыту
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ
Психологиялық мониторинг мәліметтері негізінде оқушының оқу процесін оңтайландыру және жекешелеу
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық шарттары
Көрнекілік әдістер
Пәндер