Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастыру


КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Өмірдегі ең күрделі де қиын әрі өте жауапты жұмыс - бала тәрбиесі. Оның ішінде бала бойында жақсы мінез-құлық, ақыл-парасат, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру басты міндет болғанымен, дені сау, тәні шыныққан шымыр болуы үшін жүргізілетін тәрбие мектепке дейінгі жас шағында бастау алуға тиісті ізгі істер.
Дене тәрбиесі жүйесі дегеніміз - әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, ғылыми әдістемелік, нормативтік бағдарлама негіздерінің жиынтығы және республикадағы дене тәрбиесі мәселесіне жауапты ұйымдар мен мекемелер жеткілікті. Дене тәрбиесі жүйесінің басты мақсаты - күш-қуаты мықты, жантәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен азаматтар тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегі жалпы міндеттерге негізделеді:
- Білім беру міндеттері - қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру және дене шынықтыру көлемінде мектепке дейінгі балаларға білім беру;
- Сауықтыру міндеттері - дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен мектепке дейінгі балалардың денсаулықтарын күшейту;
- Тәрбиелік міндеттер- мектепке дейінгі балаларға адамгершілік, жігерлілік қасиеттерді қалыптастыру, өнегелік көркемдік танымдарды үйрету.
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу - бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі.
Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру - бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым - қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат - мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, балалардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі курстық тақырыбымның өзектілігін айқындай түседі. Балалардың салауатты өмір сүру дағдыларына баулу, дене тәрбиесін
жүзеге асыру, дене тәрбиесі мәселесін теориялық талдау мен дене тәрбиесіндегі тәжірибелерді объективті тұрғыда талдаудың маңыздылығы өте жоғары екендігі айқындалды. Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек.
Дене тәрбиесі тек мектепке дейінгі балалардың дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі балалардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, жан - жақты жетілуіне, өмірге деген құлшыныстарын арттырады.
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесін және жеке тұлғаның дене мәдениетін қалыптастыру мәселелері бірқатар ғылыми зерттеулерге арқау болған М. Таникеев, Т. А. Ботағариев, А. Б. Нұрлыбекова, Б. А. Тойлыбаев, Ж. К. Оңалбек, А. Қарақов, Қ. Т. Жанабаев, Б. М. Сапарбаев, Е. Мұхитдинов және т. б. Ж. К. Оңалбектің, О. А. Аяшевтің, Т. Ж. Бекбатчаевтың, С. И. Қасымбекова, Ж. Егізбаевтың еңбектері дене тәрбиесіне балаларды баулуға арналған[2, 3, 4, 5] .
Дене тәрбиесін жүзеге асыру - денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық жұмыстардың бірі бола отырып, мектепке дейінгі балалардың денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш - қуатын нығайту, дене мүшелерін гигиеналық негіздері мен дене-қозғалыс қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл - қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін-өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды.
Мектепке дейінгі балалардың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір сүруі балабақшадағы ұйымдастыру жұмысына жауапты адамның теориялық жеке тәжірибелік дайындығының дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай балалардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға болашақ мұғалімдерді даярлау ісін кәсіби дайындықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек. Дене тәрбиесі балалардың психологиялық ерекшеліктеріне сай болуы тиіс.
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруды ескере отырып дайындаудың қажеттігі мен бұл мәселенің ғылыми-теориялық тұрғыда талданбауы ғылыми - әдістемелік тұрғыдан жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету сұранысы мен осы уақытқа дейін қарастырылмауы арасында қарама-қайшылықтар орын алып отырғаны байқалады. Осыған сәйкес мынадай «Мектепке дейінгі балалалардың дене белсенділігін дамытуда конструкторлық құралдарды пайдалану» тақырыпты таңдауымызға тура келді
Диплом жұмысының мақсаты: мектеп дейінгі балалардың дене белсенділігін дамытуда констркуторлық құралдарды пайдалануда теориялық тұрғыдан зерттеп, тәжірибе жүзінде мектеп дейінгі балалардың дене белсенділігін дамытуда констркуторлық құралдарды пайдалану жұмыстарының жүйесін негіздеу.
Міндеттері:
- мектеп жасына дейінгі балалардың дене белсенділігінің даму ерекшеліктерін ғылыми теория тұрғысынан зерттеу және мектепке дейінгі балалардың дене мүмкіндіктерімен қозғалыс - қимылдарын ескере отырып,
- дене белсенділігін дамыту бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізу.
- мектепке дейінгі балалалардың дене белсенділігін дамытуда конструкторлық құралдарды пайдалануда балалар aғзасына әсерін тигізетін қарапайым және күрделі құрал- жабдықтар арқылы орындалатын жаттығуларды жүйеге келтіру;
- мектепке дейінгі балалалардың дене белсенділігін дамытуда конструкторлық құралдарды пайдалануда балалардың жас ерекшеліктеріне қарай дене жүктемелерін беруде құрал-жабдықтарды қолдану әдістемелерін меңгерту.
Зерттеу объектісі: Мектепке дейінгі ұйымдағы оқу процесі. :-мектепке дейінгі балалалардың дене белсенділігін дамытуда конструкторлық құралдарды пайдалануда дене шынықтыру сабағының тиімділігін арттыруда құрал - жабдықтарды пайдалану үдерісі.
Теориялық және әдіснамалық негіздері. Зерттеу проблемасына байланысты философиялық ой-пікірлер, Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары мен білім және ғылым министрлігінің тұжырымдамалары, қаулы-қарарлары, оқу бағдарламалары, оқулықтар мен қосымша оқу құралдары, оқу-әдістемелік іс-тәжірибелер. мектеп дейінгі балалардың дене белсенділігін дамытуда констркуторлық құралдарды пайдалануда қалыптастыруға берілген теориялар, пікірлер, тұжырымдар, теориялар туралы зерттеу жұмысының теориялық негізі мен мәнділігін құрайды.
Ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы : мектеп дейінгі балалардың дене белсенділігін дамытуда конструкторлық құралдарды пайдаланған жағдайда, баланың өзінің ұйымдастырушылық, жігерлі, тапқыр, дене белсенділігі жетіледі.
Қарастырылатын ғылыми мәселенің ағымдағы жағдайы : Қазіргі кезде :-мектепке дейінгі балалалардың дене белсенділігін дамытуда конструкторлық құралдарды пайдалануда дене шынықтыру сабағының тиімділігін арттыруда құрал - жабдықтарды пайдалану үдерісінің кезеңдерін зерттеумен көптеген зерттеушілер айналысады. Л. И. Новикова бойынша ұжым дамуының үш кезеңі бар: біріншіден, ұжымның қалыптасу кезеңі, екіншіден, ұжымды тәрбиелеу құралына айналуы, үшіншіден, кез келген ұжым тәрбиеленушінің әлеуметтік тәжірибесін коррекциялау және шығармашылық жеке тұлғалық ерекшеліктерді дамыту.
Зерттеу проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік, философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге теориялық талдау жасау, мектепке дейінгі білім беру ұйымының құжаттарымен (ресми материалдар, жоспарлар, бағдарлама т. б. ) танысу, мектепке дейінгі ұйым жұмыс нәтижесін салыстыру, сауалнама және әңгімелесу, педагогикалық бақылау, жүргізілген іс-тәжірибелерді сараптау, эксперимент нәтижесіне баға беру.
Зерттеудің базасы: бөбек бақшасы.
Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан әр тарау бойынша, қорытындыдан тұрады. Дипломдық жұмыстың соңында әдебиеттер тізімі көрсетілді. Кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, обьектісі, мақсаты, міндеттері, ғылыми болжамы, әдістері, зерттеу көздері, практикалық мәнділігі баяндалады. Бірінші мектепке дейінгі балалалардың дене белсенділігін дамытуда конструкторлық құралдарды пайдалану жолдары сипатталады. Екінші тарауда тәжірибелік жұмыстың эксперименттік нәтижелері қорытындыланады.
- ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдаcтыру мәселелері
Дене тәрбиесі - валеология ғылымдарының бір саласы. Дене тәрбиесі көне заманда Грецияда, Римде және басқадай елдерде дамыған. Ол туралы ғылыми тұрғыдан жиналған деректер бар. Дене тәрбиесінің маңызы - адамның денсаулығын нығайтып, күш-жігерін, ақыл-ойын арттырады. Осыған байланысты Францияда Ф. Рабле, М. Мантель, дене тәрбиесін ақыл-ой, біліммен бірге қарау керек екенін насихаттаған.
Чехтың ұлы педагогы Я. А. Коменский «Ұлы дидактика», «Ана мектебі» атты классикалық еңбектерінде балалар гигиенасы, денсаулығы, тамақ режимі проблемаларына, ойындары мен дене шынықтыру жаттығуларына ерекше мән беріп, дене тәрбиесін балалардың жас кезінен-ақ басталуы қажет екенін дәлелдеп, оны педагогикалық үрдістің аса маңызды бөлігі деп есептеді[5] .
Орыс халқының алдыңғы қатардағы педагогтары мен қоғам қайраткерлері В. Н. Белинский, Н. А. Добролюбов, Н. Г. Чернышевский балалардың дене тәрбиесіне үлкен мән берген болатын. Ұлы педагог К. Д. Ушинский дене тәрбиесін еңбекпен байланыстыра зерттеді. Ол адамның ақыл-ой мен көзқарасының, күш-жігерінің қалыптасып дамуына еңбектің маңызын жан-жақты көрсетті. Орыстың атақты анатом-педагогы П. Ф. Лесгафт дене тәрбиесінің ғылыми жүйесін құрды. Ол балалардың түсінігі мен ойлау қабілетін дамытуда дене тәрбиесінің маңызы бар деп көрсетті[1, 9б. ] .
ХІХ-ХХ ғасырларда көптеген елде спорт түрлері дене тәрбиесі ретінде кеңінен өріс алып, дами түсті. Дене тәрбиесінің ғылыми негізде бірнеше ғылыми әдістемесі жасалынды. Ол валеологиялық тәрбиенің ең негізгі бағыттарының біріне айналды. Гигиеналық жаттығулар мен ұдайы шұғылдану, жугіру, шаңғы тебу, жүзу, қайық есу сияқты спорт ойындары мен арнаулы жаттығулар адамның тыныс алу үрдісін күшейтеді. Қан айналысып, зат алмасуын жақсартады.
Дене тәрбиесі адамның жас ерекшелігіне қарай жүргізіледі. 1-3 жастағы балаларға арналған дене тәрбиесінің міндеті - балаларды гигиеналық күтімге алу, олардың дұрыс, уақытымен тамақтануын қадағалау, жас сәбилерді тазалыққа т. б. дағдыландыру. Мектеп жасына дейінгі (3-7 жас) балалардың дене тәрбиесі төзімділігін, қозғалғыштығын, ептілігін қалыптастыруға бағытталған. Балалар бақшасында аптасына бір рет 20-30 минут арнайы жаттығулар, күн сайын таңертең 4-5 минут гимнастика өткізілгені дұрыс. Дене тәрбиесінің негізгі саласы - гимнастика, ол спорт және мектептен тыс жұмыс ретінде де жүргізіледі. Дене тәрбиесі міндетті пән ретінде оқу бағдарламасына енгізілген.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев әрбір жылғы халқына арнаған жолдауында: «жедел дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті; ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық мәдениетті бойында қалыптастырған; шығармашылығы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру» деп атап өткен болатын.
Бүгінде білім - қоғамның әлеуметтік-экономикалық, интеллектуалдық және рухани дамуының стратегиялық бағдары ғана емес, сонымен қатар біздің қоғамымыздың қауіпсіздігінің кепілі.
Оқытудағы жаңа технология аса қажетті педагогикалық мәселелердің шешімдерін табуға, ой еңбегін арттыруға, оқу процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. Жаңа технологияларды оқыту үрдісінде қолданудың негізгі ерекшелігі ол оқытушылар мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауға көп мүмкіндік береді және оны педагогикалық мақсатта пайдалану оқушылардың зердесіне, сезіміне, көзқарасына әсер ете отырып оның интеллектуалдық мүмкіншіліктерін арттыруға көмектеседі.
Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек.
Денені шынықтыру жаттығуларының орындалуы қозғалыс дайындығының деңгейі туралы мәлімет береді. Дегенмен, бұл бағдарламалар базалық, үлгілік сипатқа ие, сондықтан оларды әрбір педагог жергілікті жағдай мен салт-дәстүрлерге орай өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, өзгерте алады. Дене тәрбиесі мәселелерін шығармашылық тұрғыда шешуге, өзгермелі өмір жағдайында инновациялық процестер мен жаңашыл бағыттарды дер кезінде меңгере отырып, тәжірибеге сын көзбен қарап, дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пен дене мәдениетін меңгерген маман даярлаудың маңыздылығы артуда.
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу - бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру - бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, оқушылардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі біздің тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі.
Елімізде бәсекеге қабілетті білім - білім беру саласының ең басты міндеті болып отыр. Дамудың алдыңғы қатарындағы елдердің білім дәрежесімен теңесу - еліміздің біліми саясатының негізгі көздегені. Дамыған елу елдің қатарына енудің алғышарттарының бірі де осы сапалы да бәсекеге қабілетті білім. Сондықтан да еліміздегі мектептердегі білім берудің басты ұстанымдары мен міндеттері, әрекеттері, жолдары осы мақсатқа орайұйымдастырылады.
Мақсатқа жетудің түрлі жолдары бар. Солардың бірі де бірегейі оқытудың жаңа технологияларын пайдалану. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының (Астана, 2000 жыл) 18-бабының 8-тармағында: «Оқытудың жаңа технологияларын сынақтан өткізу, білім берудің жаңа мазмұнын енгізу үшін білім беру ұйымдарында эксперимент тәртібімен іске асырылатын білім беру бағдарламалары әзірлену мүмкіндігі», - атап көрсетілген [1] .
Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді.
Республикамыздағы білім беру саласында және әртүрлі қолдану салаларына байланысты жаңа бағыттағы спорт, дене тәрбиесі жүйесі бойынша мамандарға деген сұраныстардың артуы, оларды дайындаудағы білімділігі мен қабілеттілігі, біліктіліктің қазіргі талаптарға сай болуы өте үлкен маңызды жұмыстарды атқаруды талап етеді және болашақ педагогтардың кәсіби даярлығын, білім стандартына, мазмұнына сай жетілдіру мәселелері көкейкесті мәселе болып отыр. Көрсетілген міндеттерді толық жүзеге асыру дене тәрбиесі жүйесіне тікелей байланысты.
Дене тәрбиесін жүзеге асыру - денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық жұмыстардың бірі бола отырып, жеке тұлғаның денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-қуатын нығайту, дене мүшелерін гигиеналық негіздері мен дене- қозғалыс қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін- өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды.
Дене тәрбиесі сабағында оқытудың дәстүрлі емес құралдарын қолдану барсында балалардың дене тәрбиесін дамыту технологияларын жетілдіруге; дене тәрбиесі сабақтарында оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге, дене тәрбиесі арқылы жеке тұлғаның психофизиологиясын өзгеруге: өзін-өзі реттеуін қалыптастыру; дене тәрбиесі сабақтарын пәнаралық байланыс арқылы жетілдіру; дене қабілетін рухани құндылықтар арқылы дамыту; релаксация арқылы жеке тұлғаның психофизиологиялық қабілеттерін дамыту; психикалық қуат мүмкіндіктері мен дене тәрбиесін сабақтастырып дамытуға т. б. қол жеткізуге болады.
Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына жеткізетін білім. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр.
Жалпы білімнің жүйесі - қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі өзгеріп . Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша күрделене түседі.
Бүгінгі жаңа қоғамда мұғалімнің ішкі жан дүниесі де жаңаша, демек болашақ ұрпақтан үлкен үміт күтілуде. «Ойдағыдай тәрбиелеудің сыры оқушыға деген құрмет сезімде жатыр»деп Р. Эмерсон өзінше баға бере білген. Мектептегі басты тұлға ұстаз десек, білім саясаты ең алдымен ұстаздар қауымы арқылы жүзеге асырылады. Ал біздің келешектегі мақсатымыз - рухани жан дүниесі бай, жан-жақты жарасымды дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Білім ордасы - жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру, бірнеше ғасырлар бойы жиналып сақталған мұраларын келешек ұрпақ игілігіне жеткізе алатын мәдени ошақтар, ұлттық тәлім - тәрбие орталығына айналмақ. Ұлттық мектеп тағдыры қай қилы заман да да, қай ұлттың болсын көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды азаматтарын толғандырып келген ең өзекті мәселелердің біріне саналды.
Қазіргі таңда Қазақстан бүкіл әлемдік білім кеңестігіне ену табалдырығында. Өмір ағымына қарай білім беру жүйесінің моделі күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Елбасы Н. Ә. Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің екінші съезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі жас ұрпақ. Тәрбиеші оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелетін міндет өте ауыр» деген болатын. Осы ғылым мен білімнің негізін тереңдету нәтижесінде ғана еліміз өзінің елдігін басқа елдер алдында көрсете алады. Ал ел тағдыры оның келешекте кемелді ел болуы мектептің қандай негізде құрылуына байланысты болмақ.
«Біздің стратегиялық міндетіміз - бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан лайықты орын алу» деп елбасшымыз әңгіменің басын ашып айтқаны бар
Олардың білімді де, білікті, парасат пайымы мол, саналы да сарабдал азамат боп жетілуі тәлім мен тәрбие беретін мұғалімге тікелей байланысты.
Дене тәрбиесі дегеніміз адам денсаулығын сақтау мен нығайту және дененің дұрыс дамып қалыптасуына жеткізу.
Дене тәрбиесінін максаты - салауатты өмір сүру негіздерін білу және ұстану, өз еркімен дене шынықтыру және спортпен шұғылдану дағдыларын қалыптастыру.
- денсаулықты нығайтуға және дене шынықтыруды дұрыс дамытуға ықпал
жасау;
- табиғи қозғалтқыш қасиеттерді дамытып жетілдіру;
- дене шынықтыру мен жүйелі шұғылдануға тұрақты қызығушылық пен
қажеттілікті тәрбиелеу;
- табиғат күштерімен балалар денесін шынықтыру (күн, су, ауа)
- ақыл - ой және дене еңбегіне қабілеттілікті жетілдіру;
- гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.
Дене тәрбиесі - адамның дене мүшелерін шынықтырып, бала психикасының дамуына әсер ететін, адам ағзасының барлық жағынан жетілуіне, қимыл әрекеті мен дағдысының, білімнің қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған көп қырлы педогогикалық процесс. Дененің дамуы- тәрбиенің және біздің қоршаған ішкі, сыртқы ортаның әсерінен ағзаның биологиялық функцияларының және адам денесіндегі бұлшық ет тарамдары мен түрлерінің өзгеруі мен өсуі. Дене жетілуі- еңбекке қабілеттілігі, дене дамуының ең жоғары дәрежесіне жетуі. Ағзаның өсуі (сандық өзгеріс) оның құрылысы мен функциясының (сапалық өзгеріс) өзгерумен байланысты. Ағзада сандық және сапалық өзгерістердің жинақталуы жас шамасына қарай дамудың бір баспалдағынан екінші баспалдағына ауысуы болып табылады.
Дене тәрбиесінің мақсаты - балалардың денсаулығын нығайту, денесінің дұрыс дамуын қамтамасыз ету, қолайлы жағдай жасау.
4-5 жасқа дейін омыртқалар тез өсіп, иілістері толық қалыптасады. Бұл кезден бастап балалар мен ересек адамдардың омыртқа жотасында физиологиялық қалыпты 2 лордозы (мойын және бел омыртқа), 2 кифозы (кеуде және сегізкөз) иілістері түзіледі. Отырғанда салмақ бел омыртқа иілісіне көбірек түсіп, ол қисаяды, ал жатқанда мойын және бел омыртқаларының иілістері түзеледі. Бала омыртқасының сүйегінің қатаюы жылдам болғанымен, олардың диафиздерінде шеміршек қалың болады және омыртқа аралық шеміршектері биік келеді. Сегізкөз бен қүйымшақ сүйектері біте бастайды. Қыздарда 7-11, ер балаларда 7-13 жас арасында омыртқаның денесі мен эпифиздерінің арасында жұқа болса да, шеміршекті қабаты сақталады. Омыртқа аралық шеміршектер қалың болғандықтан омыртқалар әлі де өседі. Омыртқа эпифиздерінің сүйектенуі 18-20 жаста аяқталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz